Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 маусымдағы № 60-VII ҚРЗ.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) мазмұны алып тасталсын;

      2) 45-бапта:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерін өзгертуге жол берілмейді.";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.";

      9-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамын жыл сайын сырғымалы негізде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды.";

      3) 52-бапта:

      1-тармақта:

      5) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Бірыңғай жер салығы облыстық маңызы бар қала бюджетіне түсетін салықтық түсім болып табылады.";

      3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

      3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.";

      4) 52-1-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) бірыңғай жер салығы;";

      "4-1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

      3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.";

      5) 75-баптың 2-тармағында:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қол қойылған күннен бастап қаржы жылының соңына дейін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының жекелеген шешімдерімен бекітуге жол беріледі.";

      6) 111-бапта:

      3-тармақ 6) тармақшасындағы "көзделген жағдайларда жүзеге асырылады." деген сөздер "көзделген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін түзету, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемдегі қаражат бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда жергілікті қоғамдастық жиналысымен міндетті түрде келісіле отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей жүзеге асырылады.";

      7) 130-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:

      1) әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы және өңірдің салық-бюджет саясатының тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндамасын;

      3) әкімнің не оны алмастыратын адамның облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;

      4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізілуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын;

      5) мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын тыңдайды.";

      8) 132-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:

      1) әкімнің не оны алмастыратын адамның аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;

      2) облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;

      3) әкімнің не оны алмастыратын адамның ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;

      4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) даму бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізілуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын;

      5) мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын;

      6) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын тыңдайды.".

      2. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2 және 3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң санаттары

      1. Қазақстан Республикасының аумағы республикалық және жергiлiктi мүдделерді оңтайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру үшін негiзгi екi санатқа – өңірлерге және елдi мекендерге бөлiнедi.

      2. Өңір – Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын, бiрнеше елдi мекен кіретін Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi.

      Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ өңірлер болып табылады.

      Облыс облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардан тұрады.

      Аудан халқының жалпы саны 300 мың адамнан аспайтын аудандық маңызы бар қалалардан, ауылдардан, кенттерден, ауылдық округтерден тұрады.

      Ауылдық округ халқының жалпы саны кемінде 500 адам болатын екі және одан көп ауылдық елді мекендерден тұрады.

      3. Елдi мекен – Қазақстан Республикасы аумағының халық жинақы орналасқан, халық саны кемiнде 50 адам болатын, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есепке алынған және тiркелген әрі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.

      Халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгiзiледi.

      4. Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және ауылдық елдi мекендерге бөлiнедi:

      1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығындағы кенттер қалалық елдi мекендерге жатады;

      2) өздерінің әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан, барлық басқа елдi мекендер ауылдық елді мекендерге жатады.

      5. Елдi мекендердің құрамдас бөліктері болады.

      Шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер елді мекендердің құрамдас бөліктері болып табылады.

      Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады. Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан олардағы халық саны 400 мың адамнан асқан кезде құрылады. Қаладағы аудан халқының саны 200 мың адамнан кем болмауға тиіс.

      3-бап. Елдi мекендердiң санаттары

      Елдi мекендер мыналарға бөлінеді:

      1) республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады;

      2) облыстық маңызы бар қалалар, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады;

      3) аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер жатады;

      4) кенттер, оларға халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер жатады.

      Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;

      5) ауылдар – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.";

      2) 11-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;";

      3) 12-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "ат қою және олардың атын өзгерту" деген сөздер "атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдары:

      кенттер мен ауылдардың басқару органдарының пікірін ескере отырып, осы елді мекендердің шекараларын белгілейді және өзгертеді;

      облыстық өкілді және атқарушы органдарға ауылдық округтердің шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

      тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық өкілді және атқарушы органдарға ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;";

      5) 14-баптың екінші бөлігінде:

      1) тармақшадағы "аудандық өкілді" деген сөздер "аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкілді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:

      "аудандық" деген сөзден кейін "(облыстық маңызы бар қала)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ат қою және олардың атын өзгерту" деген сөздер "атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша "аудандық" деген сөзден кейін "(облыстық маңызы бар қала)" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 3-бөлім мынадай мазмұндағы 14-2-баппен толықтырылсын:

      "14-2-бап. Елді мекендердің санаттарын өзгерту тәртібі

      1. Қала мәртебесін өзгерту бес жыл ішінде осы Заңның 3-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

      2. Ауыл, кент мәртебесін өзгерту үш жыл ішінде осы Заңның 3-бабының 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

      3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, үш жыл ішінде осы Заңның 2-бабының 2-тармағы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ауылдық округ таратылады, ал оның ауылдық елді мекендері жақын маңдағы ауылдық округтерге немесе өзге де елді мекендерге қосылады.

      4. Елді мекеннің санатын өзгерту рәсімі осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      7) 16-бапта:

      мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "Өңір шегінде әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу үшін мыналар қажет:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті қоғамдастық жиынының шешілетін мәселенің мәніне қатысты хаттамалары;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 3-бабының 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін елді мекендер таратылған кезде ғылыми сараптама актісін ұсыну талап етілмейді.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 14) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 8-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мәслихат хатшысын сайлайды және лауазымынан босатады және оның есептерiн тыңдайды;";

      3) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәслихаттың кезектi сессиясы жылына төрт реттен сиретпей шақырылады және оны мәслихат хатшысы жүргiзедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат хатшысы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия кезектен тыс сессияны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкiн.";

      4) 11-баптың 2, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат хатшысы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат хатшысы жүргiзедi.";

      "6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Жабық сессиялар өткiзуге, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, мәслихат хатшысының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiмен жол беріледi.

      7. Мәслихат хатшысының шақыруы бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың қарауына жататын мәселелер бойынша ақпарат беру үшiн мәслихат сессиясына келуге мiндеттi.";

      5) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат хатшысына ұсыныстар енгiзуге;";

      6) 15-бапта:

      1-тармақтағы "егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса," деген сөздер "мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы болған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      7) 18-бап алып тасталсын;

      8) 19-бапта:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;

      1-2) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы уақытша жүзеге асырады.

      Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде мәслихат депутаттарының дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат хатшысы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.";

      9) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:

      "19-1-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы

      1. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасын мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен мәслихат сайлайды және лауазымынан босатады.

      Егер мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.

      2. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы:

      1) тұрақты комиссияның отырысын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді және тұрақты комиссия отырысында қабылданған қаулыларға, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды тұрақты комиссия қызметінің мәселелері жөніндегі қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

      3) тұрақты комиссия депутаттарының сауалдары мен тұрақты комиссияның атына келіп түскен депутаттық жолданымдардың қаралуын бақылайды;

      4) мәслихаттың тұрақты комиссиясының қаулыларын мәслихаттың интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;

      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

      3. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы болмаған кезде мәслихат хатшысының шешімі бойынша оның өкілеттігін мәслихаттың басқа тұрақты комиссиясының төрағасы немесе мәслихаттың осы тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылатын депутат уақытша жүзеге асырады.

      4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болуы мүмкін.

      Тұрақты комиссиялардың тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағаларының санын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты айқындайды және ол екіден аспауға тиіс.

      Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының тұрақты комиссиясының тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы мәслихаттың өкілеттігі мерзіміне сайланады және қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.

      Бір саяси партияның мүшелері болып табылатын депутаттар облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының тұрақты комиссияларының тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағалары бола алмайды.

      5. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының тұрақты комиссияларының бірінің тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының тұрақты комиссиясының тұрақты негізде жұмыс істейтін басқа төрағасы немесе мәслихат хатшысының шешімі бойынша мәслихаттың осы тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылатын депутат уақытша жүзеге асырады.";

      10) 21-бапта:

      1-тармақта:

      1) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сайлауға және мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;";

      "9) жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарына қатысуға;";

      мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) мәслихат сессиясында азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерін жария етуге;

      11) мәслихаттардың құрылатын тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының құрамына кандидатураларды, оның ішінде өзінің жеке кандидатурасын ұсынуға;

      12) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша өз пікірін білдіруге;

      13) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ мәслихат сессиясы мен отырысына төрағалық етушіге сұрақтар қоюға;

      14) мәслихаттардың өзі құрамына сайланған тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары сессиясының және отырысының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ олар талқылайтын мәселелерді қарау және олардың мәні бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге;

      15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін орындауын тексеру қажеттілігі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізуге;

      16) мәслихат қабылдайтын актілердің жобаларына түзетулер енгізуге;

      17) мәслихат құрған, сайлаған немесе бекіткен органдардың құрамына, сондай-ақ мәслихат сайлаған немесе бекіткен лауазымды адамдарға сенім білдіру туралы мәселе көтеруге;

      18) осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына және мәслихат регламентіне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.";

      2-тармақ 4) тармақшасындағы "бөліністе тұруға міндетті." деген сөздер "бірлікте тұруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) қоғамдық пікірді, азаматтардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың қажеттіліктері мен сұраныстарын зерделеуге, олар туралы мәслихат пен оның органдарына хабарлауға, оларды қанағаттандыру үшін ұсыныстар енгізуге және өзге де шаралар қабылдауға;

      6) мәслихат хатшысына не өзі мүшесі болып табылатын тұрақты комиссияның төрағасына отырысқа келе алмайтыны туралы алдын ала хабарлауға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының жалпы отырыстарында немесе мәслихат органдарының отырыстарында қатарынан екі және одан көп рет дәлелсіз себептермен болмаған жағдайда, мәслихат хатшысы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) басшы органына хабарлама хат жібереді.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мәслихат депутаты азаматтардың құқықтарының бұзылуы немесе заңдылықты өзге де бұзушылықтар анықталған кезде бұзушылықты тоқтатуды талап етуге, ал қажет болған жағдайларда тиісті органдарға және лауазымды адамдарға бұзушылықтың жолын кесу талабымен жүгінуге құқылы.";

      11) 21-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Депутаттық сауалға берілетін жауапқа осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдар немесе атына сауал жіберілген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қоюға тиіс.";

      12) 21-2-баптың 2-тармағындағы "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) мынадай мазмұндағы 21-3-баппен толықтырылсын:

      "21-3-бап. Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру

      1. Мәслихаттар депутаттарының тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттырудан өтуге құқығы бар.

      2. Мәслихаттар депутаттарының біліктілігін арттырудан өту кезеңділігі сайланған депутат өкілеттігінің алғашқы екі жылы ішінде бес жылда бір рет болады.

      3. Мәслихаттар депутаттарының біліктілігін арттыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында жүзеге асырылады.

      4. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлайды.";

      14) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу

      Депутат тиісті мәслихаттың регламентінде айқындалған тәртіппен, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында және мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру кезеңінде оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, мәслихат сессиялары, тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін, біліктілікті арттырудан өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.";

      15) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-5-тармақпен толықтырылсын:

      "1-5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды ұйымдастырады.";

      16) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 32) және 33) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды ұйымдастырады;

      33) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.";

      17) 33-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мыналарды:

      шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларын;";

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Облыстық маңызы бар қала әкімі жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеуді жүргізеді.";

      18) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеуді жүргізеді;";

      19) 38-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Әкім аппараты ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде құрылады.

      Әкім аппараты халқының саны кемінде 500 адам болатын ауылдарда, ауылдық округтерде құрылады.

      Халқының саны кемінде 250 адам болатын ауылдарда әкім аппаратын құруға мынадай талаптардың біріне сәйкес келген кезде:

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 25 километрге дейінгі қашықтықта орналасса;

      50 километр радиуста тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басқа елді мекені болмаса, жол беріледі.";

      20) 39-3-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысының жиырма бес адамға дейінгі мөлшердегі құрамын айқындау;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізуге жол беріледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әзірлейді және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары бекітеді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      8-тармақтың бірінші бөлігіндегі "көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын" деген сөздер "шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жергілікті қоғамдастық жиыны осы аумақта тұратын және оған қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.".

      4. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      9-баптың 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жер учаскесін мемлекет мұқтаждығы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;".

      5. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 35-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "мәслихат сессиясының төрағасы және" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 35-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту немесе нақтылау туралы мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдеріне;".

      2-бап.

      1. Осы Заң, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 3-тармағы 9) тармақшасының он үшінші – он жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 8) тармақшасы он бірінші абзацының қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "5. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.".

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ