Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 393-VI ҚРЗ

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар, 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 12, 61, 63-құжаттар; № 14, 68, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):

      63-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны бірінші басшы не аппарат басшысы мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.".

      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 108-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44, 46-құжаттар; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-баптың 42) тармағындағы "124 (жас балаларды азғындық жолға түсіру) – баптарында" деген сөздер "124 (жас балаларды азғындық жолға түсіру), 134 (кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту), 144 (кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту)-баптарында, 312-баптың (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту) екінші және үшінші бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 46-бапта:

      бесінші бөлікте:

      2) тармақтағы "сотталған адамдарға;" деген сөздер "сотталған адамдарға өтеу тағайындалады." деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде бас бостандығынан айыруды өтеу, қылмысты кәмелетке толмаған жаста жасаған адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға тағайындалмайды;";

      3) тармақ "алғаш рет сотталған еркектерге;" деген сөздерден кейін "қылмысты кәмелетке толмаған жаста жасаған адамдарды, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған еркектерді қоспағанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға;" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 50-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 132-бабының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде, 133-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады.";

      4) 55-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "8. Осы баптың ережелері кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға, мұндай қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, қолданылмайды.";

      5) 73-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты, мұндай қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, қолданылмайды.";

      6) 93-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеуді және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділік пен сексуалдық артықшылық беруінің бұзылуын емдеуді тағайындауы мүмкін.";

      7) 120-бапта:

      үшінші бөліктің 6) тармағы алып тасталсын;

      3-1-бөлікте:

      2) тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) оларды қылмыстық топ жасаса, –";

      екінші абзацтағы "он екі" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-2-бөлікте:

      2) тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын;

      "3) кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаса, –";

      төртінші бөліктің бірінші абзацында:

      "2) тармағында" деген сөздер "3) тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жасалса" деген сөзден кейін "не абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 121-бапта:

      үшінші бөліктің 6) тармағы алып тасталсын;

      3-1-бөлікте:

      2) тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) оларды қылмыстық топ жасаса, –";

      екінші абзацтағы "он екі" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-2-бөлікте:

      2) тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) оларды кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаса, –";

      төртінші бөліктің бірінші абзацында:

      "2) тармағында" деген сөздер "3) тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жасалса" деген сөзден кейін "не абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 122-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "бес жылға" деген сөздердің алдынан "белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "он" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "он" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 123-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      11) 124-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "жеті жылдан он екі" деген сөздер "он жылдан он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "он жылдан он бес" деген сөздер "он екі жылдан он жеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 134-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "тәркіленіп," деген сөзден кейін "белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "тәркіленіп," деген сөзден кейін "белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацы "тәркіленіп," деген сөзден кейін "белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "ал 2) тармақта көзделген жағдайларда" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 144-бапта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

      1) ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған;

      2) көрінеу жас балаға қатысты жасалған;

      3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

      4) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      14) 312-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы "тәркіленіп," деген сөзден кейін "белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып," деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 52-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағындағы "қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарауды – сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен жүзеге асырады." деген сөздер "қылмыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:

      "6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарауды сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен жүзеге асырады.";

      2) 187-баптың екінші бөлігіндегі "143 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "143 (екінші және үшінші бөліктерінде), 144" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 191-баптың он алтыншы бөлігіндегі "144," деген цифрлар алып тасталсын;

      4) 321-баптың төртінші бөлігінің 5) тармағындағы "қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды." деген сөздер "қылмыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:

      "6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды.";

      5) 631-бапта:

      бірінші бөліктің 5) тармағындағы "қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды." деген сөздер "қылмыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:

      "6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.";

      екінші бөліктің 5) тармағындағы "туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісін алқабилер қатысатын сотқа қаратуға құқығы бар." деген сөздер "қылмыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:

      "6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісін алқабилер қатысатын сотқа қаратуға құқығы бар.".

      4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 26-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды;";

      2) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтық қызметке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.";

      3) 52-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Жұмыскермен еңбек шарты:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының – квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының, оның орынбасарының, алқалы басқару органы мүшесінің шет мемлекеттің азаматтығы болған;

      2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің жұмыскері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзуға жатады.";

      4) 53-бап мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:

      "11. Осы Кодекстің 52-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының немесе Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарының ұсынуы негізінде жүргізіледі.

      12. Осы Кодекстің 52-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу:

      1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі;

      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе қылмыстық қудалау органының прокурор бекіткен қаулысы негізінде жүргізіледі.";

      5) 54-баптың 1-тармағы "тармақшаларында" деген сөзден кейін ", 1-1-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-І, 125-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат):

      6-баптың бірінші бөлігіндегі "бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 23, 108-құжат):

      24-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары не аппараттардың басшылары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.".

      7. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2017 ж., № 12, 37-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 21-22, 91-құжат):

      1) 9-баптың 2-тармағының сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыртқы істер министрлігінде басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жүргізеді.";

      2) 11-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы," деген сөздер алып тасталсын.

      8. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 49-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-ІІ, 124-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат):

      27-1-баптың 5-тармағындағы "өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады" деген сөздер "монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-ІІ, 129-құжат; 2018 ж., № 2, 5-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 14, 74-құжат):

      38-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "жауапты хатшысының, бас бухгалтердің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамның", "басшының, жауапты хатшының, бас бухгалтердің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамның, мемлекеттік аудит объектісі" деген сөздер тиісінше "аппараты басшысының, бас бухгалтерінің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының", "мемлекеттік аудит объектісі басшысының, аппараты басшысының, бас бухгалтерінің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 14, 73-құжат; № 19-20, 81-құжат):

      1) 5-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады, аппарат басшысына, ал сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын немесе аппарат басшысы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органда мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады.";

      3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Орталық мемлекеттік органдар аппараттары және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері

      1. Орталық мемлекеттік органдардың аппараттарын тиісті орталық мемлекеттік органның басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын аппарат басшылары басқарады.

      2. Орталық мемлекеттік органдар аппараттары басшыларының өкілеттіктеріне:

      1) мемлекеттік органға жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастыру;

      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;

      3) мемлекеттік органның, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      4) тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілген, орталық мемлекеттік органның штат саны лимиті шегінде мемлекеттік органның штат санын орталық мемлекеттік органның басшысымен келісілгеннен кейін бекіту;

      5) орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      6) қажет болған кезде мемлекеттік органның перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекіту, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      7) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органның басшысымен келісу бойынша орталық мемлекеттік органның басшысы немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органның департаменттері мен дербес басқармаларының басшылары лауазымдарына тағайындау және лауазымдарынан босату;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын орталық мемлекеттік орган басшысының тағайындауларын келісу;

      9) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындау;

      10) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органның басшысымен келісу бойынша аумақтық бөлімшелердің басшылары лауазымдарына тағайындау және лауазымдарынан босату;

      11) осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған лауазымды адамдарды, сондай-ақ еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органның жұмыскерлері лауазымдарына тағайындау және лауазымдарынан босату;

      12) мемлекеттік органның тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;

      13) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      14) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешу;

      15) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешу;

      16) мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алу саласындағы жалпы басшылықты жүзеге асыру;

      17) орталық мемлекеттік органның бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз ету, бюджеттік өтінімді орталық мемлекеттік органның басшысына ұсыну, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындау;

      18) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      19) мемлекеттік органның мемлекеттік саяси қызметшілері қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылау;

      20) аппарат басшысына жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

      Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін аппарат басшысы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.

      3. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

      4. Орталық мемлекеттік органдар аппараттарының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшыларына орталық мемлекеттік органдар (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары) бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының міндеттерін жүктеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар аппараттары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының міндеттерін орталық мемлекеттік органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының) бірінші басшыларына және олардың орынбасарларына жүктеуге жол берілмейді.

      5. Құқық қорғау органдарының аппараттары басшыларының өкілеттіктерін олардың бірінші басшылары айқындайды.

      6. Орталық мемлекеттік органдар аппараттарының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лауазымдық өкілеттіктердің орындалуына дербес жауапты болады.";

      4) 15-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 6) тармақшаларындағы "уәкілетті комиссия айқындайтын" және "уәкілетті комиссия айқындайтын," деген сөздер алып тасталсын;

      5) 23-баптың бірінші бөлігіндегі "және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарынан босатуды" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Хатшысының – Жоғары Сот Кеңесі Аппараты басшысының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы жүргізеді.";

      7) 41-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі "ротациялау деп" деген сөздерден кейін "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына не" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 54-баптың 4-тармағындағы "жауапты хатшының," деген сөздер алып тасталсын;

      9) 59-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) шет мемлекеттің азаматтығы болған;";

      10) 60-баптың 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "жауапты хатшы," деген сөздер алып тасталсын;

      11) 61-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) шет мемлекет азаматтығының болуы;".

      11. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-ІІ, 171-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 14, 68-құжат):

      21-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.".

      12. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 15, 49-құжат):

      2-бапта:

      1-тармақтың үшінші абзацындағы "2021" деген цифрлар "2022" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ