Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 391-VI ҚРЗ.

Жаңартылған

Баспасөз релизі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз.

      1-бап. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 12, 61, 63-құжаттар; № 14, 68, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) мазмұнында:

      40-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Жедел-іздестіру қызметін, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің шығыстарын сыныптау";

      41-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      65-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері";

      мынадай мазмұндағы 70-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв";

      2) 3-баптың 1-тармағында:

      12-5) тармақшадағы ", шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды" деген сөздер алып тасталсын;

      30) тармақшадағы ", үкіметтік" деген сөз алып тасталсын;

      3) 19-баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 20-баптың 2-1-тармағы алып тасталсын;

      5) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт кесімді баға кезінде мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжамды түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде жоспарланады.

      Кесімді баға мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен айқындалады.

      Кесімді баға осы баптың 2-тармағында көзделген заңда белгіленеді.";

      6) 33-баптың 3-тармағының алтыншы бөлігіндегі "сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 34-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құны тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен белгіленеді.";

      8) 40-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Жедел-іздестіру қызметін, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің шығыстарын сыныптау";

      бірінші абзацтағы "мемлекеттік органдар" деген сөздер "арнаулы мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға арналған шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, күрделі шығыстарды және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған шығыстарды қоспағанда, мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға бағытталған бір функционалдық топ бойынша, бір бюджеттік бағдарлама бойынша сыныпталады.";

      9) 41-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын олардың ұйымдарына" деген сөздер "олардың ұйымдарына, "Елбасы Академиясы" корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі.";

      10) 41-1-бап алып тасталсын;

      11) 50-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;";

      12) 52-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;";

      13) 53-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік органның штат санының лимиттері қысқартылған кезде мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері мемлекеттік органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады.";

      14) 54-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері қысқартылған кезде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады.";

      15) 55-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері қысқартылған кезде республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады.";

      16) 56-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандық бюджеттен (облыстық маңызы бар қаланың бюджетінен) қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері қысқартылған кезде аудандық бюджеттен (облыстық маңызы бар қаланың бюджетінен) қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері аудандық бюджеттен (облыстық маңызы бар қаланың бюджетінен) қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады.";

      17) 56-1-бапта:

      1-тармақтың 18) тармақшасындағы "және үкіметтік" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарының штат санының лимиттері қысқартылған кезде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарының қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарында тиісті және кейінгі жылдарға сақталады.";

      18) 57-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын уақтылы әрі сапалы әзірлеуді және бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      2. Республикалық бюджеттік комиссия, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік комиссиялары (бұдан әрі – ведомстволық бюджеттік комиссиялар) өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары ведомстволық бюджеттік комиссияларды құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.";

      19) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті

      1. Республикалық бюджеттік комиссияның, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттік комиссияларының құзыретіне мыналар кіреді:

      1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының басым мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      5) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      6) бюджеттерді нақтылау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      7) бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      8) бюджеттерді түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      9) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер.

      2. Ведомстволық бюджеттік комиссиялардың құзыретіне мыналар кіреді:

      1) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасы немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімі және оған есеп-қисаптар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) осы Кодексте, сондай-ақ ведомстволық бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер.";

      20) 61-баптың 1-1-тармағы 1) тармақшасының он бірінші абзацы алып тасталсын;

      21) 65-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері

      1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.

      2. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық нәтижесін бағалау негізінде айқындалады.

      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау негізінде айқындалады.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері аумақтарды дамыту бағдарламалары және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер негізінде айқындалады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстары лимитінің құрамында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимитін айқындайды.

      Шығыстардың лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысы ескеріле отырып айқындалады.

      Тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысы ескеріле отырып айқындалған лимиттер ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізіледі.

      3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      22) 66-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін:

      ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ведомстволық бюджеттік комиссия мақұлдаған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;

      стратегиялық жоспарлар жобаларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттіліктің есеп-қисабын;

      ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсыныстары бар стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

      2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.";

      23) 67-бапта:

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Бюджеттік өтінім бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері негізінде және шегінде жасалады.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстарды ұлғайту жөніндегі жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі базалық шығыстарының қаражатын қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады.";

      6-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 65-1-бабы 2-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес лимиттері айқындалған ағымдағы әкімшілік шығыстарын және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша базалық шығыстарды қоспағанда, мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық нәтижесін бағалау кіреді.

      Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсері тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тәртіппен айқындалады.";

      24) 68-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

      1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, нысаналы индикаторларға қол жеткізу дәрежесі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы тұрғысынан;

      2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелердің көрсеткіштерін таңдау дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындылар қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару үшін және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.

      Стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындының нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды және осы Кодекстің 66-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.

      2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының дерекқоры да пайдаланылады;

      2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық жоспардың мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан;

      3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген материалдарды қарау қорытындысы бойынша бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылары стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары және Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей республикалық бюджеттің жобасына енгізеді.";

      5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттік өтінімдерді;";

      25) мынадай мазмұндағы 70-1-баппен толықтырылсын:

      "70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын қаржыландыру үшін жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналған республикалық бюджеттің құрамында қалыптастырылады.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының жоспарланған көлемінің екі пайызына дейінгі мөлшерде жоспарланады.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілендіретін жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      26) 71-баптың 3-тармағында:

      сегізінші абзацтағы "арнайы резерв мөлшерін бөле отырып," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің мөлшері;";

      он төртінші абзац алып тасталсын;

      27) 73-1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы "шығындардың" деген сөзден кейін ", таза бюджеттік кредиттеудің" деген сөздермен толықтырылсын;

      28) 74-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:

      2), 2-1) және 3-2) тармақшалар алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) республикалық бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.

      Түсіндірме жазбаға Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізілген ұсынымдарын ескеру туралы ақпарат та енгізіледі.

      Түсіндірме жазбаға мемлекеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджеттік инвестициялар, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар тізбесі қоса беріледі;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:

      орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерін бағалауды;

      мыналар:

      ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасы;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы;

      есепті екі қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуының және қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасы, сондай-ақ жоспарлы кезеңге жоспарланған бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражатының көлемінен ауытқуы туралы мәліметтер (себептері, салдары);

      республикалық бюджет жобасында жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік кредиттер беруге бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті екі қаржы жылындағы қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері туралы мәліметтер;

      алдыңғы қаржы жылдарында республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстар көрсетіле отырып, жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген басталған (жалғасып жатқан) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.";

      29) 75-баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде:

      2-1) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің:

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      мыналар:

      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;

      ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасы;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.";

      30) 79-баптың 2-тармағында:

      екінші бөлікте:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;";

      5-1) тармақша алып тасталсын;

      үшінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;";

      31) 97-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтар квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдаған шешім бойынша бюджетке қайтарылуы мүмкін.

      Квазимемлекеттік сектор субъектісі алдыңғы бюджеттік инвестициялар қорытындысы бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу қаражатын пайдаланбаған және (немесе) үнемдеу қаражаты бюджетке қайтарылмаған жағдайда, жаңа мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу сомалары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқызылған тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражат тиісті бюджет кірісіне аударуға жатады.";

      32) 106-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      33) 111-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-3) жергілікті атқарушы орган резервтері қаражатының жалпы көлемдерін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттарын ұлғайту үшін резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған;

      2-4) осы тармақтың 1) және 2-2) тармақшаларында көзделген жергілікті бюджетті түзету кезінде бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;";

      34) 129-баптың 3-тармағындағы "тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті баптарының" деген сөздер "тиісті облыстық мәслихаттың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешімі тармақтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 131-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігіндегі "аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет баптарының" деген сөздер "аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық бюджет (облыстық маңызы бар қала бюджеті) туралы шешімі тармақтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 131-1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігіндегі "тиісті қаржы жылына арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері баптарының" деген сөздер "аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті қаржы жылына арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері туралы шешімі тармақтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 153-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бюджет процесін жетілдіру мақсатында орталық мемлекеттік органдар техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, салынуы үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша көзделетін, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мен іске асырудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленгеннен өзгеше тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (енгізуді) жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте мұндай жобаларды жоспарлау тәртібін пилоттық жобаларды іске асыруға (енгізуге) бастамашы болған тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.

      Мұндай жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      38) 154-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "және үкіметтік" деген сөздер алып тасталсын;

      39) 156-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "және үкіметтік" деген сөздер алып тасталсын;

      40) 209-баптың 1-тармағындағы "және үкіметтік" деген сөздер алып тасталсын.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Осы Заң, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ