Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 380-VI ҚРЗ

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-II, 124-құжат; 2020 ж., № 14, 68-құжат; 2020 жылғы 10 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      2-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-4) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы – реттеуші электр қуаты бар генерациялайтын қондырғы;";

      мынадай мазмұндағы 2-5), 2-6), 2-7), 2-8), 2-9), 2-10) және 2-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-5) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттық) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;

      2-6) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттыққа қатысушы) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған заңды тұлға;

      2-7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға;

      2-8) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған тариф;

      2-9) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;

      2-10) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізген тендердің қорытындылары бойынша айқындалған тариф;

      2-11) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы – жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес шартты тұтынушылар не басым шартты тұтынушылар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес айқындайтын баға;";

      6) тармақшадағы "реттеу және" деген сөздер алып тасталсын;

      15-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-2) көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы – электрмен жабдықтау немесе тұтыну, сондай-ақ нормативтік-техникалық ысыраптарды жабу мақсатында электр энергиясын сатып алатын заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 15-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-3) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;";

      18) тармақшада:

      "оралымды" деген сөз "реттеуші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "құрылымының дайындығын" деген сөздер "құрылымын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-2) реттеуші электр қуаты – оның шегінде электр станциясы берілген параметрмен жұмыс істей алатын, қолда бар электр қуатының диапазоны (үлесі);";

      мынадай мазмұндағы 22-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-3) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      23-1) тармақшадағы "жеті жылға тең мерзімге" деген сөздер "әрбір жеті жыл сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын жүйелік операторға, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау бойынша көрсетілетін қызмет;";

      31-2) тармақша "жеңімпаздары" деген сөзден кейін ", сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары" деген сөздермен толықтырылсын;

      31-4) және 33-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – уәкілетті орган мен энергия өндіруші ұйым арасында генерациялайтын қондырғыларды жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім негізінде айқындалған тариф;";

      "33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф – уәкілетті орган әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйым өндіретін электр энергиясы құнының электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын пайда нормасынан тұратын ақшалай мәні;";

      50) тармақшадағы "қажеттіліктері және (немесе)" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушыларға, жылу энергиясын тұтынушыларға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:

      "52) энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясының босату бағасы – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымның электр энергиясына арналған шекті тарифінен аспайтын электр энергиясын сату бағасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақының сомасы;";

      2) 5-бапта:

      70-9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-9) электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 70-41), 70-42) және 70-43) тармақшалармен толықтырылсын:

      "70-41) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70-42) электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      70-43) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 6-бапта:

      10-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуына мониторингті жүзеге асырады.";

      10-1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тұтынушыларға электр энергиясын беру өздері арқылы қамтамасыз етілетін бұрыннан бар электр беру желілері мен кіші станцияларға қосымша қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Тұтынушының өзі тұтынатын электр қуатын ұлғайтуы қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалауға және салуға негіз болып табылады.";

      5) 10-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы "және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) аукциондық сауда-саттық жеңімпазымен осы Заңның 15-8-бабында көрсетілген мерзімге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;

      8) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылы электр қуаты нарығындағы қызмет шеңберінде оң қаржылық нәтиженің қорытындылары бойынша пайда болған қаражатты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы жылға бағаны төмендетуге жұмсайды.";

      7) 12-бапта:

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушылар мен электр энергиясын нетто-тұтынушыларды қоспағанда, электр энергиясын өндіруге және беруге қатысушылар:";

      3-тармақтың 1) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) спот-сауда-саттықта (күнтізбелік айда өздері өндіретін электр энергиясы көлемдерінің он пайызынан аспайтын) өткізу жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясының босату бағасынан және теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр энергиясын өткізуді жүзеге асыруға;";

      "10) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асыруға (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлердің жеңімпаздары, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті пайдаланады);";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Электр энергиясын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясының босату бағасынан және (немесе) теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтен асыра отырып өткізген жағдайда, энергия өндіруші ұйым спот-сауда-саттықта (күнтізбелік айда өздері өндіретін электр энергиясы көлемдерінің он пайызынан аспайтын) электр энергиясын өткізу нәтижесінде алынған соманы қоспағанда, асып кеткен соманы көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілерін қайтаруға міндетті.";

      8) 12-1-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын оның босату бағасынан аспайтындай етіп өткізеді.";

      үшінші бөліктегі "жеті жылға тең мерзімге" деген сөздер "әрбір жеті жыл сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Түзету электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланылатын көмірге, газға, құрамында күкірт бар шикізатқа, мұнай өнімдеріне, электр энергиясын өндіру процесінде технологиялық мұқтаждар үшін пайдаланылатын суға баға құнының және (немесе) көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің (бағалардың) өзгеруіне байланысты энергия өндіруші ұйымның уәкілетті органға өтініш жасауы негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.

      Егер энергия өндіруші ұйым жоғарыда аталған шығындарға байланысты залал шеккен жағдайда, уәкілетті орган шекті тарифтерді түзету кезінде алты айдан аспайтын кезеңдегі шеккен шығындарды ескереді.

      Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті тариф алдағы жылдың электр энергиясын өндіруге арналған болжамды шығындар негізінде айқындалады және жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін бекітілген электр энергиясына арналған шекті тарифтердің қолданылу мерзіміне бекітіледі.

      Осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген есептің қорытындылары бойынша уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына арналған шекті тарифтің деңгейін қайта қарайды.";

      9) 13-бапта:

      1-тармақтағы "бөлшек" деген сөз "көтерме және бөлшек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға);";

      "3-2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша осы баптың 13-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйым ол туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырған, меншікті генерациялайтын қондырғылардың желіге жіберу үшін бос электр қуаты болған кезде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарты бар, көтерме сауда нарығында электр энергиясын жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тартуға немесе жалтаруға, сондай-ақ электр энергиясын өндіру көлемін негізсіз, оның ішінде сағаттық қысқартуға не тұтынушылардың сұранысы мен тапсырыстары бар электр энергиясын өндіруді тоқтатуға тыйым салынады.

      Бұл ретте шарт жасасудан бас тарту немесе жалтару, сондай-ақ электр энергиясын өндіруді қысқарту не тоқтату мынадай жағдайлардың бірінде, егер:

      энергия өндіруші ұйымда тұтынушы өтініш жасаған кезде электр энергиясын өндірудің, берудің жүйелік оператор растаған техникалық мүмкіндігі болмаса;

      энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасында қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетсе;

      энергия өндіруші ұйым Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолда бар қуаттың он пайызынан аспайтын мөлшерде электр қуаты резервінің қажетті шамасын ұстап тұрса;

      көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы өтініш жасау кезінде төлем қабілеттілігін растамаса, негізді болып есептеледі;";

      мынадай мазмұндағы 3-5, 3-6 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-5. Энергия өндіруші ұйымдар жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәуліктеріне берілген генерацияның жұмыс электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға міндетті.

      3-6. Жүйелік оператор, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар энергия өндіруші ұйымдардан, сондай-ақ негізгі қызмет түрлеріне осы қызметті көрсету жататын бейрезидент-ұйымдардан электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алуды жасалған шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша жүзеге асырады.

      Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау үшін пайдаланылады және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет болып табылмайды.

      Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы жасалған екіжақты шарттарға сәйкес белгіленеді.";

      "6-2. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, жүйелік операторда және қажет болған кезде өңірлік электр желісі компаниясында орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелері болуы міндетті.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Энергия өндiрушi ұйымдар – гидроэлектр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына сатуға мiндеттi.";

      мынадай мазмұндағы 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:

      "12. Энергия беруші ұйымдар меншікті электр беру желілері мен кіші станциялардың өткізу қабілеті туралы ақпаратты ай сайын өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

      13. Энергия өндіруші ұйымдар меншікті генерациялайтын қондырғылардың орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға келісімшарт жасалған, жоспарланатын және желіге жіберу үшін бос электр қуаты туралы әрбір күнге арналған ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.";

      10) 15-1-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарын қоса алғанда, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың қолда бар реттеуші электр қуатының көлемі;

      7) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жүйелік оператор айқындайтын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі үшін немесе оның қандай да бір аймағы үшін реттеуші электр қуатының талап етілетін көлемі және тапшылығы.";

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Егер электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған бекітілген болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның қандай да бір аймағында болжамның соңғы үш жылы ішінде реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығы 100 мегаваттан асқан жағдайда, уәкілетті орган генерацияның маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғылардың көлемдерін, пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды және Тізілімге енгізілген тұтынушыларға реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарлама жібереді.";

      11) 15-3-бапта:

      3-1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф өткізілген тендер қорытындылары бойынша айқындалады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады;";

      2-1) тармақшадағы "1 – 3) тармақшаларына" деген сөздер "1 және 2) тармақшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "1), 2) және 3)" деген сөздер "1), 1-1), 2), 2-1) және 3)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;";

      8-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны осы Заңның 10-3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасын ескере отырып, жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға есептейді.";

      үшінші бөлікте:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бірыңғай сатып алушы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлер жеңімпаздарымен, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді уәкілетті органмен жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;";

      4) тармақшадағы "сұраныстың негізінде жүзеге асырады." деген сөздер "сұраныстың;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылға электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушының қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған оң қаржылық нәтиженің негізінде жүзеге асырады.

      Қаржылық нәтиже:

      бірыңғай сатып алушының тиісті жылға бағаны бекіту кезінде ескерілген шығындардан аспайтын іс жүзінде шеккен операциялық шығындары;

      уәкілетті органның тапсырысы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған жабылмаған шығындар;

      есептік корпоративтік табыс салығы шегеріле отырып, бірыңғай сатып алушының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу жөніндегі қызметінің жалпы нәтижесі және электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсету негізге алынып қалыптастырылады.";".

      12) 15-4-баптың 7-тармағының бірінші бөлігіндегі "белгілеген" деген сөз "айқындаған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 15-5-бапта:

      6-тармақта:

      бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Заңның 15-1-бабының 8 немесе 9-тармағында көрсетілген жағдайда, Тізілімге енгізілген тұтынушылар болжамды тапшылық туындаған кезге есептелген, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі жалпы жоғары жүктемеге өздерінің жоғары жүктеме үлесіне пропорционал түрде тапшылықты жабу үшін электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын құруға мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыру арқылы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қатысуға міндетті:

      1) электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге бекітілген болжамды теңгерімінде ескерілмеген, істен шыққан электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын реконструкциялауды қоса алғанда, жаңа электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын салу;";

      2) тармақша "қуатын" деген сөзден кейін "және (немесе) реттеуші электр қуатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша алып тасталсын;

      7-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "1) – 3) тармақшаларында" деген сөздер "1) және 2) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қағидаларына сәйкес электр қуатын" деген сөздерден кейін "және реттеуші электр қуатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "электр қуатын" деген сөздерден кейін ", оның ішінде реттеуші электр қуатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақта:

      бірінші абзац "электр қуатын" деген сөздерден кейін ", оның ішінде реттеуші электр қуатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) электр қуаты уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу, сондай-ақ уәкілетті орган аукциондық сауда-саттық өткізу тетігін қолданбай енгізілген;";

      9-тармақтағы "1) – 3) тармақшаларында" деген сөздер "1) және 2) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ "электр қуатының" деген сөздерден кейін "және (немесе) реттеуші электр қуатының" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтағы "1) – 3) тармақшаларында" деген сөздер "1) және 2) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақта:

      екінші бөлік "сатып алатын электр қуатының" деген сөздерден кейін "және (немесе) реттеуші электр қуатының" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектісімен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлер жеңімпаздарымен, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен жасалған дәл сол кезеңге белгіленеді.";

      13-тармақ "орындау жолымен электр қуатын" деген сөздерден кейін "немесе реттеуші электр қуатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған кезде бір тұлғалар тобына кіретін, бірақ Тізілімге енгізілмеген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушыларға осы баптың және осы Заңның 15-3, 15-4, 15-6 және 15-8-баптарының тұлғалар тобы үшін белгіленген ережелері қолданылмайды.";

      14) 15-7-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Заңды тұлға осы бапта көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген және құжаттар болған кезде, сондай-ақ заңды тұлға аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда электр станцияларының тізбесіне енгізіледі.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін заңды тұлға жиынтығында мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:";

      3-тармақтағы "энергия өндіруші ұйым" деген сөздер "заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) мынадай мазмұндағы 15-8-баппен толықтырылсын:

      "15-8-бап. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

      1. Осы Заңның 15-1-бабының 9-тармағында көрсетілген жағдайда уәкілетті орган генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарында, оның ішінде реттеуші электр қуатының болжанатын тапшылығын жабу үшін енгізілетін қуаттардың көлемдерін және осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген, уәкілетті органмен жасалған электр қуатын құруға арналған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құрған немесе құратын реттеуші электр қуатының көлемдерін ескереді.

      2. Генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын іске асыру мақсатында уәкілетті орган жобаларды іріктеуді жүргізеді.

      3. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеу (реттілікпен басымдық тәртібімен):

      1) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарына енгізілген және жүйелік оператор әзірлеген техникалық тапсырма негізінде уәкілетті органның тапсырысы бойынша бірыңғай сатып алушы дайындаған алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері бар алаңдар;

      2) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың алаңдары;

      3) алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері жоқ алаңдар арасында аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу арқылы жүргізіледі.

      Бұл ретте аукциондық сауда-саттықтар осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген, уәкілетті органмен жасалған реттеуші электр қуатын құруға арналған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын генерациялайтын қондырғыларға қатысты өткізілмейді.

      4. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар:

      1) реттеуші электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағында 2022 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылады және пайдалануға беріледі;

      2) генерациялайтын қондырғыларды автоматты реттеуге қосылады;

      3) олардың осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес айқындалатын реттеу диапазоны болады.

      Қарсы реттеуші гидроэлектр станциясының типі бойынша генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыны салу кезінде оның жұмыс істеу режимі өзен арнасы бойымен жоғары орналасқан, жұмыс істеп тұрған гидроэлектр станциясының жұмыс істеу режиміне тікелей байланысты жасалады.

      Өтініш беруші тіркелуге рұқсат алғаннан кейін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы өтініш берушілерді электрондық жүйеде тіркеуді жүргізеді.

      Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелу үшін өтініш беруші онлайн-тіркеуден өту үшін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсына өтініш жасайды және оның атына электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жарғының көшірмесі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;

      4) өкілге сенімхат (мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);

      5) заңды тұлғаның деректемелері (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы) туралы ақпарат.

      5. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) аукциондық сауда-саттықтың құжаттамасы осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес бірыңғай сатып алушы дайындаған алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме негізінде әзірленеді. Алдын ала техникалық-экономикалық негіздемеде орналастыру орны, ұлттық электр желілеріне қосылу нүктесі, жобаны іске асырудың болжамды құны, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың он бес жылға тең мерзімі, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеуші электр қуаты тапшылығының аймағы, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін техникалық, технологиялық және пайдалану сипаттамалары қамтылуға тиіс;

      2) уәкілетті орган генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салуға жер учаскелерін резервке қою қажеттілігі туралы ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары салуға жоспарланатын генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін алдын ала техникалық-экономикалық негіздемеде айқындалған жер учаскелерін резервке қоюды Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарына жер учаскесіне құқықтар берілген кезге дейін жүзеге асырады және тиісті ақпаратты уәкілетті органға жібереді;

      4) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін алты айдан кешіктірмей аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды;

      5) өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, уәкілетті органға құрылтай құжаттарының көшірмелерін, осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қаржы ресурстарының бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынады;

      6) уәкілетті орган комиссияны қалыптастырады, ол аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, өтініш беруші ұсынған құжаттардың бар-жоғын және осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттар осы тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде өтініш беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алады;

      7) комиссия құжаттарды тексергеннен кейін уәкілетті орган ақпаратты және тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді.

      Электр энергиясын өндіру үшін тауарлық газды аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін пайдаланатын, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салынған жағдайда:

      газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес тауарлық газды көтерме саудада өткізудің көлемі мен шекті бағаларын айқындайды;

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес магистральдық газ құбыржолына және (немесе) газ тарату жүйесіне қосуға техникалық шарттар беріледі.

      6. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) аукциондық сауда-саттықтың құжаттамасы осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленеді. Құжаттамада инфрақұрылым салуға жұмсалған шығындар шегеріле отырып, ұқсас жобалардың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ұқсас жобалардың аукциондық сауда-саттығының нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың он бес жылға тең мерзімі, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеуші электр қуаты тапшылығының аймағы қамтылуға тиіс;

      2) өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға құрылтай құжаттарының көшірмелерін, осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қаржы ресурстарының бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынады;

      3) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің уәкілетті орган аукциондық сауда-саттық өткізуді жариялаған аймағында болуға тиіс;

      4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр энергиясын өндіру үшін судың гидродинамикалық энергиясы және (немесе) газ пайдаланылатын жобаларды іске асыруға міндетті;

      5) уәкілетті орган комиссияны қалыптастырады, ол аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, өтініш беруші ұсынған құжаттардың бар-жоғын және осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттар осы тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде өтініш беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алады;

      6) комиссия құжаттарды тексергеннен кейін уәкілетті орган ақпаратты және тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді;

      7) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін алты айдан кешіктірмей, аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      7. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) аукциондық сауда-саттықтың құжаттамасы осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленеді. Құжаттамада осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ұқсас жобалардың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) ұқсас жобалардың аукциондық сауда-саттығының нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке болжамды жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың он бес жылға тең мерзімі, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеуші электр қуаты тапшылығының аймағы қамтылуға тиіс;

      2) өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға құрылтай құжаттарының көшірмелерін, осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қаржы ресурстарының бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынады;

      3) уәкілетті орган комиссияны қалыптастырады, ол аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, өтініш беруші ұсынған құжаттардың бар-жоғын және осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттар осы тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде өтініш беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алады;

      4) комиссия құжаттарды тексергеннен кейін уәкілетті орган ақпаратты және тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді;

      5) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін алты айдан кешіктірмей, аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      8. Бірыңғай сатып алушы аукциондық сауда-саттық қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде аукциондық сауда-саттық жеңімпазына электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.

      Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген шартқа аукциондық сауда-саттықтың нәтижесі бойынша айқындалған, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф бойынша өзінің бірінші аттестатталу күнінен бастап он бес жылға тең мерзімге қол қояды.

      Бұл ретте генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, аукциондық сауда-саттық жеңімпазының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі ұлғаю жағына қарай түзетілуге жатпайды.

      Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы осы Заңның 5-бабының 70-37) тармақшасына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр қуатын реттеу бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартты жыл сайын жасасуға міндетті.

      Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы және электр қуатын реттеу бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауаптылық, электр қуаты нарығының осы Заңның 5-бабының 42) тармақшасына сәйкес айқындалатын тетіктерін пайдалану арқылы туындайды.

      Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың шарттық электр қуаты пайдалануға берілген күнінен бастап жүйелік оператордың жыл сайынғы аттестаттауына жатады.

      Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды жүргізу нәтижесінде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша іс жүзінде көрсетілген қызметтерді есептеу кезінде қабылданатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.

      9. Аукциондық сауда-саттық:

      1) аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар екеуден аз болған;

      2) аукциондық сауда-саттыққа барлық қатысушылар ұсынған құжаттар осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарының және осы Заңның 5-бабы 70-41) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.

      Аукциондық сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда уәкілетті орган осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған алаңдар арасында қайтадан аукциондық сауда-саттық өткізуге құқылы.

      10. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары аукциондық сауда-саттық өткізуге негіз болған алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге жұмсалған шығындарды бірыңғай сатып алушыға өтейді.

      11. Уәкілетті орган аукциондық сауда-саттық жеңімпазын электр станцияларының тізбесіне қосады.

      12. Аукциондық сауда-саттық шеңберінде енгізілген генерациялайтын қондырғылар осы Заңның 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес айқындалатын реттеу диапазонын сақтауға міндетті.";

      16) 17-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Электр энергиясын сатып алу-сату, беру шарттары бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда, осы арқылы келтірілген нақты залалды міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап өтейді.";

      17) 20-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жүйелік авариялардың алдын алу немесе оларды жою үшін жүйелік оператор меншік нысанына қарамастан, кез келген энергия өндіруші ұйымдардың резервтерін (генерацияланатын қуатты жүктеуге де, жүктен босатуға да) және тұтынушылардың дербес қоректену көздерін іске қосады.

      3. Авариялық бұзушылықтардың алдын алу немесе оларды жою үшін гидроэлектр станцияларының генерацияланатын қуатын өзгерту қажет болған кезде жүйелік оператордың гидроэлектр станцияларының реттеушілік қабілетін пайдалану үшін гидротораптар арқылы суды шығындаудың бекітілген графиктеріне өзгерістерді жедел енгізуге құқығы бар.";

      18) 25-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, осы Заңның 13-бабының 6-2-тармағында белгіленген талапқа сәйкес келуге тиіс.".

      2. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2020 жылғы 10 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      2) тармақшаның бірінші абзацы "энергиясын" деген сөзден кейін "және тасқындық электр энергиясын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшада "энергиясын" деген сөзден кейін "және тасқындық электр энергиясын" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақша "энергиясын" деген сөзден кейін "және тасқындық электр энергиясын" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы – осы Заңға сәйкес шартты тұтынушылар не басым шартты тұтынушылар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы айқындайтын баға;";

      6) тармақша "шығындары," деген сөзден кейін "тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындар," деген сөздермен толықтырылсын;

      8-1) тармақша "энергиясын" деген сөзден кейін ", тасқындық электр энергиясы" деген сөздермен толықтырылсын";

      мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-4) тасқындық электр энергиясы – Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және осы Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;";

      14) тармақшадағы "тұтынуға" деген сөз "және тасқындық электр энергиясын тұтынуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) қаржы-есеп айырысу орталығының оның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатудан түсетін кірістерінің жеткіліксіз болуы салдарынан жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың алдындағы міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;

      8-2) қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекітеді;";

      3) 6-бапта:

      7) тармақша "пайдаланылуына" деген сөзден кейін "және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) тармақшада:

      "энергиясын" деген сөзден кейін "және тасқындық электр энергиясын" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ұйымдармен" деген сөзден кейін "тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 7-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн салу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерiн резервке қояды және бередi;";

      5) 7-1-бапта:

      1-тармақтағы "айқындалған," деген сөз "айқындалған тасқындық электр энергиясының және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасы "энергиясын" деген сөзден кейін "және тасқындық электр энергиясын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1-тармақтың екінші бөлігі "энергиясын" деген сөзден кейін "және тасқындық электр энергиясын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-3) осы Заңда белгіленген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдардан (гидроэлектр станцияларынан) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне олар берген тасқындық электр энергиясын электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен шекті тариф бойынша сатып алуға;";

      2) тармақшада "энергиясын" деген сөзден кейін "және тасқындық электр энергиясын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшадағы "жариялауға міндетті." деген сөздер "жариялауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) осы Заңның 6-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын шартты тұтынушылар, басым шартты тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын босату көлемдері негізінде алдағы жылға жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақыны айқындауға міндетті.

      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады;

      5) 2021 жылға жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақының есебі мен шамасын өзінің интернет-ресурсында 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жариялауға міндетті. Кейіннен алдағы жылға 20 қарашадан кешіктірмей жариялауға міндетті.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және бұрын басталуына қарай Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын босату жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап не сатып алу-сату шартына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап он бес жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-2. 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және бұрын басталуына қарай Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын босату жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап не сатып алу-сату шартына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап жиырма жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.

      4-3. Қаржы-есеп айырысу орталығы және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялар) жыл сайын ағымдағы жылғы 31 қаңтарға дейін уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес тасқындық электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады.";

      8-тармақтың бірінші сөйлемі "өндіруші ұйымдарды" деген сөздерден кейін "және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 9-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі "шығындарды" деген сөзден кейін "энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және желіге жіберетін тасқындық электр энергиясының көлемін ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1-тармақтың 1) тармақшасы "энергиясы" деген сөзден кейін "және тасқындық электр энергиясы" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігінде:

      "сатудан" деген сөз "және тасқындық электр энергиясын сатудан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өтеу" деген сөзден кейін "және тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындарды өтеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтағы "шығындарын" деген сөзден кейін "және тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-1-тармақтағы "жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерi өндiрген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары электр энергиясына шектi тарифтiң шамасын айқындау кезiнде" деген сөздер "тасқындық электр энергиясын қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерi өндiрген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары осы Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар мен тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) (суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде және тасқындық электр энергиясы көлемінде) электр энергиясын беру кезінде энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.".

      2-бап.

      Осы Заң 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының отызыншы және отыз үшінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші және сегізінші абзацтарын, 8) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ