ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2021 жыл – 2 700 000 000 мың теңге;
2022 жыл – 2 400 000 000 мың теңге;
2023 жыл – 2 200 000 000 мың теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталсын.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 23, 93-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2020 жылғы 5 қарашада жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |