2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 312-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы 2018 жылғы 14 мамырда Сочиде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың 1-бабының үшінші абзацын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасасты:

1-бап

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға 1-қосымшаның 37-тармағының үшінші абзацындағы "24" деген цифрлар "48" деген цифрлармен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді. Осы Хаттаманың күші 2017 жылғы 12 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Осы Хаттама заңнамасында халықаралық шарттарды уақытша қолдану мүмкіндігі көзделмейтін мүше мемлекет үшін осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осындай мүше мемлекеттің орындағаны туралы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап қолданылады.

      2018 жылғы 14 мамырда Сочи қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения
Республикасы
үшін

Беларусь
Республикасы

үшін

Қазақстан
Республикасы

үшін

Қырғыз
Республикасы

үшін

Ресей
Федерациясы

үшін

      Аталған хаттама 2018 жылғы 14 мамырда Сочи қаласында:

      Армения Республикасы үшін Армения Республикасының Премьер-министрі Н. В. Пашинян;

      Беларусь Республикасы үшін Беларусь Республикасының Президенті А. Г. Лукашенко;

      Қазақстан Республикасы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев;

      Қырғыз Республикасы үшін Қырғыз Республикасының Президенті С. Ш. Жээнбеков;

      Ресей Федерациясы үшін Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путин қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманың толық және тең түпнұсқалық көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.

      Хаттаманың түпнұсқасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясының
      Құқық департаментінің директоры В. И. Тараскин