2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 9 қазандағы № 265-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 9 қарашада Петропавлда жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

      2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге 3-қосымшадағы Шекара маңындағы аумақтарда тұратын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту үшін жарамды құжаттар тізбесінде Қазақстан Республикасы азаматтары үшін 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және оның шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген құжат.

      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және оның шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген құжат.".

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 30 (отыз) күн өткеннен кейін уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2018 жылғы 9 қарашада Петропавл қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін