2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 221-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      ПРЕСС-РЕЛИЗ

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы 2018 жылғы 14 мамырда Сочиде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың 8-бабының 1-тармағына "Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін қолдана бастаған күннен бастап үш жылдық кезеңге" деген сөздер "2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған мерзімге" деген сөздермен ауыстырыла отырып, өзгеріс енгізілсін.

2-бап

      Осы Хаттама 2018 жылғы 12 тамыздан бастап уақытша қолданылады және депозитарий осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама заңнамасында халықаралық шарттарды уақытша қолдану мүмкіндігі көзделмейтін мүше мемлекет үшін осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осындай мүше мемлекет орындаған күннен бастап және 2018 жылғы 12 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Заңнамасында халықаралық шарттарды уақытша қолдану мүмкіндігі көзделмейтін мүше мемлекетке қатысты осы Хаттаманы Қырғыз Республикасы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осындай мүше мемлекет орындағаннан кейінгі айдың 1-ші күнінен бастап қолданады және ол 2018 жылғы 12 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      2018 жылғы 14 мамырда Сочи қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

Армения
Республикасы
үшін

Беларусь
Республикасы
үшін

Қазақстан
Республикасы
үшін

Қырғыз
Республикасы
үшін

Ресей
Федерациясы
үшін

      Осымен, аталған мәтіннің 2018 жылғы 14 мамырда Сочи қаласында, мыналар:

      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-министрі Н.В. Пашинян;

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті A. Г. Лукашенко;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С.Ш. Жээнбеков;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті B. В. Путин қол қойған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманың толық және тең түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.

      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның
Құқық департаментінің
директоры
В.И. Тараскин

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
бірінші вице-министрі
Р. Дәленов