Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 30 қарашадағы № 196-VІ ҚРЗ.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

      2019 жыл – 2 700 000 000 мың теңге;

      2020 жыл – 2 300 000 000 мың теңге;

      2021 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 13.04.2019 № 245-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 – 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 20, 95-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ