2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 13 маусымдағы № 159-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2012 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы

ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,

      2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыруға мүдделілікті ескере отырып,

      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына оның Жарғысына сәйкес жүктелген міндеттерді орындау кезінде құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудің маңыздылығын негізге ала отырып,

      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (бұдан әрі - ҰҚШҰ) берілетін Тараптардың құпия ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету тәртібін айқындау мақсатында,

      Келісімнің 13-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. Кіріспеде үшінші абзацтағы "Ұйымы" деген сөз "ұйымы (бұдан әрі - ҰҚШҰ)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1-бапта:

      - екінші абзацтағы "заңнамасы және осы Келісім белгілеген" деген сөздер "нормативтік құқықтық актілерінде және осы Келісімде белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      - үшінші абзацтағы "үлгілер" деген сөз "бейнелер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      - төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті органдар" - ынтымақтастық процесінде берілген (алынған) және/немесе пайда болған құпия ақпаратты алуға, беруге, сақтауға, пайдалануға және қорғауға Тараптар уәкілеттік берген мемлекеттік органдар және/немесе заңды тұлғалар (ұйымдар, тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдары);";

      - жетінші абзацтағы "құпия ақпараттарға енуге рұқсат етілу және/немесе жеке адамдардың енуге рұқсат етілу, ал уәкілетті органдардың осындай ақпаратты пайдалана отырып, жұмыстар жүргізу құқығын ресімдеу рәсімі" деген сөздер "жеке тұлғалардың құпия ақпаратқа қол жеткізуге, ал уәкілетті органдардың - осындай ақпаратты пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге құқығын және/немесе құқықтарын ресімдеудің Тараптар белгілеген рәсімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      - сегізінші абзацтағы "ақпараттарға ену" - құпия ақпараттарға енуге рұқсаты бар жеке адамды құпия ақпараттармен таныстырудың санкцияланған процесі" деген сөздер "ақпаратқа қол жеткізу" - құпия ақпаратқа тиісті рұқсаты бар жеке тұлғаның құпия ақпаратпен белгіленген тәртіпте санкцияланған танысуы және/немесе жұмыс істеуі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      - тоғызыншы абзацтағы "Келісімнің Тараптары мемлекеттерінде" деген сөздер "Келісім Тараптарының әрқайсысында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      - оныншы абзацтағы "ақпараттарды таратудың" деген сөздер "ақпаратпен жұмыс істеудің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      - он бірінші абзацтың соңындағы нүкте нүктелі үтірмен ауыстырылсын;

      - он бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

      "тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдары" - ҰҚШҰ Хатшылығы және Біріккен штабы.".

      3. 2-бапта:

      "осы Келісімге қоса берілген және оның ажырамас бөлігі және Тараптардың екі жақтық келісімі болып табылатын ҰҚШҰ шеңберіндегі құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы Келісімнің қатысушы мемлекеттері арасындағы сыртқы саясат, экономикалық, ғылыми-техникалық, әскери, әскери техникалық, барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру және өзге де ынтымақтастығын жүзеге асыру барысындағы құпиялылық тәртібін қамтамасыз ету Тәртібі талаптарына (әрі қарай - Тәртіп) сәйкес уәкілетті органдардың құпиялылық режимді қамтамасыз ету және құпия ақпараттарды сақтау жөніндегі барлық қажетті шараларды қолданады" деген сөздер "осы Келісімге қоса берілетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын ҰҚШҰ шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің Тараптары арасындағы сыртқы саясат, экономикалық, ғылыми - техникалық, әскери, әскери-техникалық, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында құпиялылық режимін қамтамасыз ету тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) талаптарына және екіжақты халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті органдардың құпиялылық режимін және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуі жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4. 3-бапта:

      - мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында мынадай құпиялылық дәрежелері және оларға сәйкес құпиялылық белгілері қолданылады: "Аса маңызды", "Өте құпия", "Құпия", олар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құпиялылық дәрежелері мен құпиялылық белгілеріне арақатынаста болады.";

      - бірінші абзац екінші абзац болып есептелсін;

      - екінші абзацтағы "салыстырылатынын" деген соз "арақатынаста болатынын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 4-бап мынадай редакцияда,жазылсын:

      "4-бап

      Тараптардың әрқайсысы өзінің құзыретті органын айқындайды және дипломатиялық арналар арқылы бұл туралы депозитарийді хабардар етеді, ол бұл жөнінде белгіленген тәртіппен басқа Тараптарға хабарлайды.

      Құзыретті орган өзгерген жағдайда Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар арқылы депозитарийге хабар береді, ол бұл туралы белгіленген тәртіппен басқа Тараптарды хабардар етеді.

      Құзыретті органдар өз құзыреттері шегінде тікелей өзара іс-қимыл жасайды.

      Құзыретті органдардың, сондай-ақ тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдарының құпия ақпаратты пайдалануды көздейтін өзара іс-қимылы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".

      6. 5-бапта:

      - үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқа Тараптан алынған құпия ақпаратты оны беру кезінде көзделген мақсатта ғана пайдалануға;";

      - төртінші абзацтағы "бермеуге міндеттенеді." деген сөздер "бермеуге;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      - төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "ҰҚШҰ-ға басқа мүше мемлекет ресімдеген құпия ақпаратқа рұқсатты тануға міндеттенеді.

      Тиісті құпиялылық дәрежесі бар құпия ақпаратқа рұқсат ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында немесе ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Шешімімен бекітілетін, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдарында құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық) белгіленген тәртіппен ресімделеді.";

      - бесінші — жетінші абзацтар тиісінше жетінші - тоғызыншы абзацтар болып есептелсін;

      - жетінші абзацтағы "ұлттық заңнамаға сәйкес ресімделген" деген сөздер алып тасталсын;

      - тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдарында құпия ақпаратпен жұмыс істеу және құпиялылық режимінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру тәртібі Нұсқаулықта айқындалады.".

      7. 6-бапта:

      - бесінші абзацтағы "Тараптардың уәкілетті органдары" деген сөздер "уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      - алтыншы абзацтағы "Тарап мемлекетінің" деген сөздер "Тараптың" деген сөзбен және "Тараптардың құзыретті органдары" деген сөздер "құзыретті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 7-бапта:

      - бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ынтымақтастық процесінде алынған немесе пайда болған құпия ақпарат Тараптар өздерінің құпия ақпаратына қатысты белгіленген талаптарға сәйкес есепке алынады және сақталады.";

      - жетінші абзацтағы "Тараптардың уәкілетті органдарының" деген сөздер "уәкілетті органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. 8-баптың бірінші абзацындағы "өз мемлекеттерінің" деген сөздер алып тасталып, "актілерімен" деген сөз "актілермен" деген сөзбен ауыстырылсын.

      10. 10-бапта:

      - бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құпия ақпаратты сакцияланбаған тарату кезінде, сакцияланбаған тарату мән-жайлары ескеріле отырып, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы, ал тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдарында - Нұсқаулық та қолданылады.";

      - мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Құпия ақпараттың сакцияланбаған таралуына жол берген адам осындай бұзушылықты жасаған кез келген жағдайда, өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің юрисдикциясында болады.";

      - екінші және үшінші абзацтар тиісінше үшінші және төртінші абзацтар болып есептелсін;

      - үшінші абзацтағы "Тараптардың құзыретті органдары" деген сөздер "құзыретті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. 14-бапта:

      - бірінші абзацтағы "мемлекетішілік" деген сөз "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      - екінші абзацта "мемлекетішілік" деген сөз алып тасталсын.

      12. Мынадай мазмұндағы 141-баппен толықтырылсын:

      "141-бап

      Осы Келісім халықаралық құқық субъектілерінің қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы шешімді ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі қабылдайды.".

      13. 16-баптағы "Келісімнің 5, 7, 10-баптарында" деген сөздер "Келісімде" деген сөзбен ауыстырылсын.

      14. 17-баптың бірінші абзацындағы "мемлекетішілік" деген сөз алып тасталсын.

      15. Келісімге Қосымшада:

      - атауындағы және кіріспедегі "келісімге қатысушы мемлекеттердің", "келісімге (одан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің" деген сөздер "келісім Тараптары", "келісім (бұдан әрі - Келісім) Тараптары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      - 1-тармақтағы "Тараптардың уәкілетті органдары" деген сөздер "уәкілетті органдар" деген сөздермен, сондай-ақ "енуіне рұқсат беруді" деген сөздер "қол жеткізуін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      - 2-тармақтағы "Тараптардың уәкілетті органдары" деген сөздер "уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      - 3-тармақтың екінші абзацында және 4-тармақтың төртінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      - 5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      - 8-тармақтағы "Тараптардың уәкілетті органдары" деген сөздер "уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы төртінші жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кейінірек орындаған Тараптар үшін Хаттама тиісті хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      2012 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол оның куәландырылған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа жібереді.

      Армения Республикасы үшін      Қырғыз Республикасы үшін

      Беларусь Республикасы үшін      Ресей Федерациясы үшін

      Қазақстан Республикасы үшін      Тәжікстан Республикасы үшін