Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 маусымдағы № 69-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):

      57-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жұмыскер келісімшарт бойынша əскери қызметке, құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген кезде жұмыскер тиісті құжатты үш күн мерзімнен кешіктірмей көрсеткен күннен бастап тоқтатылуға жатады.".

      2. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      1-6) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-7), 1-8), 1-9), 1-10) жəне 1-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-7) əскери жолаушылар – əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының тізбесімен айқындалған адамдар;

      1-8) əскери жүктер – уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен тасымалданатын қару-жарақтың, əскери техниканың, оқ-дəрінің жəне басқа да материалдық-техникалық мүліктің барлық түрі;

      1-9) əскери тариф – əскери жүктерді республикаішілік тасымалдауға қолданылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бекітілетін тариф;

      1-10) əскери тасымалдар – уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылар орындайтын, əскерлерді, əскери жүктерді жəне əскери жолаушыларды тасымалдау;

      1-11) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) – жүкті межелі пунктке дейін жеткізу үшін аралас тасымалдар операторының жүкті өз иелігіне қабылдағанын куəландыратын құжат;";

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уəкілетті мемлекеттік орган меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылардың əскери тасымалдарды орындау жəне ресімдеу қағидаларын, оның ішінде көлік түрлеріне əскери тарифтерді қолдану тəртібін əзірлейді жəне бекітеді.";

      3) 10-бап мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Əскери жүктерді республикаішілік тасымалдауға əскери тарифтер қолданылады, ал əскери жүктерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тасымалдауға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сəйкес тарифтер қолданылады.

      Əскери жолаушыларды жəне багажбен жəне жүк-багажбен тасымалданатын əскери жүктерді көлік түрлерінде тасымалдау жолаушыларды, багажды жəне жүк-багажды тасымалдауға қолданылатын тарифтер бойынша орындалады.".

      3. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 2-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; 2017 жылғы 20 сəуірде "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 18 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 8-баптың 1-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарын тiкелей iске асырады;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін ұйымдастыру жəне оларға жүктелген міндеттерді іске асыру мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;";

      2) 12-бапта:

      16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті жəне жауынгерлік қызметті ұйымдастыруға жəне атқаруға;";

      мынадай мазмұндағы 20-2) жəне 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20-2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік жұмысын психологиялық-əлеуметтік қамтамасыз етуді жүзеге асыруға;";

      "22-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау жəне ілгерілету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;";

      3) 13-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттік органдармен – бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен келісімдерде белгіленген тəртіппен берілетін электрондық ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардан, əскери құралымдардан, бөлiмдер мен ұйымдардан өтеусiз жəне коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып алу;";

      4) 17-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік органдарының əскери қызметшілері əскери қызметін "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7, 10 (11-тармағын қоспағанда), 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30 (8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50, 75, 77 (4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда) жəне 85 (4-2-тармағын қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес өткереді.".

      4. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 жылғы 20 сəуірде "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 18 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жəне əскери қызметшілер қатысатын тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне байланысты қатынастарды реттейді.";

      2) 13-баптың 8-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе əскери қызметшісінің отбасы мүшелері, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, əскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің отбасы мүшелері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері;";

      3) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, осы Заңның 98-1 жəне 99-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiледi.";

      4) 77-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжай тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы шешімі негізінде беріледі.

      Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй комиссиялары қызметінің тəртібін уəкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.";

      5) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "99-бап. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан əскери қызметшілерге берілетін қызметтік тұрғынжайлардың құқықтық режимі

      1. Тұрғын үйге мұқтаж əскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі əскери қызмешілерді, курсанттар мен кадеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери қызметшілерін қоспағанда) мен олардың отбасы мүшелері – зайыбы (жұбайы); ерлі-зайыптылардың ортақ немесе олардың біреуінің кəмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары; күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында білім алатын жиырма үш жасқа толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары жəне жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейін мүгедек болған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) мүгедек балалары жəне жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; əскери қызметшінің асырауындағы ата-анасы – əскери қызмет өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Əскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сəйкес Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.

      Əскери қызметші (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа) мен оның отбасы мүшелеріне қызметтік тұрғынжай осы Заңда белгіленген мөлшерде беріледі.

      Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйге мұқтаж əскери қызметшіге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, курсанттар мен кадеттерді қоспағанда), ал осы Заңда көзделген жағдайларда оның отбасы мүшелеріне олардың баянаты (өтініші) бойынша Əскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сəйкес тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі əскери қызметшілерінің (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден басқа) тұрғынжайға құқығын іске асыру осы Заңның 13-1-тарауында көзделген тəртіппен жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғынжаймен қамтамасыз етілген əскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден басқа) оны осы Заңда көзделген тəртіппен жекешелендіреді.

      3. Əскери қызметшінің жəне онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген өзге де тұрғын жайы болмаған жағдайда, əскери қызметші тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбелер бойынша əскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы жəне өзге де жабық объектілердегі тұрғынжайларды күтіп-ұстау жəне орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.

      5. Əскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшілердің (қаза табуы (қайтыс болуы) əскери қызметші құқыққа қайшы əрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерден) масаңдануы не өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен дəлелденген жағдайлардан басқа кезде) отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғын үй берілмейінше, тұрып жатқан тұрғынжайларынан шығарылмайды. Тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін оларға Əскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сəйкес тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.

      6. Шетелге əскери қызмет өткеру үшін жіберілген əскери қызметшінің тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайы шетелде болатын барлық уақытына сақталады.";

      6) 101-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

      7) 101-1-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты қызметтен шығарылған кезде қызметтен шығарылған күнге төленген айырма шегеріле отырып, өздерін тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтің бүкіл кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.";

      8) 101-8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызмет өткеру кезінде қаза тапқан қызметкерінің отбасына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адамның қызмет өткеру кезеңінде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдері шегеріле отырып, мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның ресми сайтында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сəйкес, қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жаңа тұрғын үйді сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейтілген, ол қаза тапқан кездегі отбасы құрамына пайдалы алаң нормасы сəйкес келетін сатып алу құнына тең мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі.".

      5. "Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) əскери мақсаттағы жұмыстар – заттай нəтижесі бар, қорғаныс объектілерін жəне əскери мүлікті салуға, күрделі жөндеуге жəне жаңғыртуға, жаңа қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық жəне геоақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін жасауға байланысты қызмет, сондай-ақ əскери мүлікке немесе мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми-зерттеу, тəжірибелік- конструкторлық жəне басқа да жұмыстар;

      2) əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық беруші (бұдан əрі – жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы жұмыстарды орындау жəне əскери мақсаттағы қызметтерді көрсету мүмкіндіктері бар заңды тұлға;

      3) əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер – заттай нəтижесі жоқ, пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін сынауға, пайдалануға, қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге, кəдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жоюға байланысты қызмет, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми жəне өзге де қызмет;

      4) əскери мақсаттағы тауарлар (өнім) – қару-жарақ, əскери жəне арнайы техника, оқ-дəрі, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдық, сондай-ақ оларға жинақтауыштар;

      5) əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндіруші (бұдан əрі – отандық тауар өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жəне неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) дайындау үшін қажетті өндірістік қуаттары бар заңды тұлға;

      6) қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс беруші (бұдан əрі – мемлекеттік тапсырыс беруші) – əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді əзірлеуге, зерттеуге, өндіруге, беруге арналған тапсырыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      7) қорғаныстық тапсырысты басты орындаушылар (бұдан əрі – басты орындаушылар) – қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар жəне уəкілетті ұйым;

      8) қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар (бұдан əрі – операторлар) – қорғаныстық тапсырысты орындау немесе қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар;

      9) қорғаныстық тапсырысты орындаушы (бұдан əрі – орындаушы) – оператормен, уəкілетті ұйыммен жəне (немесе) мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      10) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім) – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ мемлекеттiк тапсырыс берушiлер əскери мақсаттағы тауарлар (өнім) ретiнде пайдалануы не кейiннен бейiнін өзгертіп пайдалануы мүмкін өнiм мен технологиялар;

      11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс (бұдан əрі – қорғаныстық тапсырыс) – қорғаныс мұқтажы, мемлекеттегі əскери қауіпсіздікті жəне құқықтық тəртіпті, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесі (номенклатурасы) мен көлемін бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;

      12) уəкілетті орган – қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      13) уəкілетті ұйым – əскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде отандық тауар өндірушілер жəне жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын көрсетілген тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды қоспағанда, жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.";

      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Қорғаныстық тапсырыстың құрамы

      1. Қорғаныстық тапсырыстың құрамына:

      1) қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықты өндіру жəне беру;

      2) мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулер, мемлекеттік тапсырыс берушілердің жарақтандыруындағы қару-жарақтың, əскери жəне арнайы техниканың, техникалық құралдардың, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықтың тəжірибелік үлгілерін əзірлеу, оларды жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

      3) қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықты жөндеу, жаңғырту жəне оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету;

      4) пайдаланылмайтын əскери мүлікті қатерсіздендіру;

      5) пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін, сондай-ақ оларға жинақтауыштарды кəдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жою, қайта өңдеу, өткізу;

      6) əскери, арнайы объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасын əзірлеу, оларды салу жəне жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп-ұстау жəне пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтер;

      7) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері жəне арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін əскери жəне арнаулы киім нысанын, айырым белгілері мен жеке қорғану құралдарын өндіру кіреді.

      2. Қорғаныстық тапсырыс:

      1) берілетін əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстармен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) жəне көлемін, сондай-ақ оларды беру, орындау, көрсету мерзімдерін;

      2) қорғаныстық тапсырыстың, сондай-ақ өткізу бөлімдері, кезеңдері бойынша болжамды жалпы құнын (бағасын);

      3) мемлекеттік тапсырыс берушілердің тізбесін;

      4) басты орындаушылардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін орындаушылардың тізбесін қамтуға тиіс;";

      3) 4-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Басты орындаушыларды уəкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Операторлардың орындаушыларды таңдауы мемлекеттік тапсырыс берушілермен (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) келісу бойынша қорғаныстық тапсырысты орналастыру кезінде тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер арасынан өндірістің, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қорғаудың қажетті жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндіктері, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіру жəне əскери мақсаттағы жұмыстарды, əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қабілеті негізге алына отырып жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының орындаушыларды таңдауы уəкілетті органмен келісу бойынша қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жəне (немесе) уəкілетті ұйым арасынан өндірістің, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қорғаудың қажетті жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндіктері, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіру жəне əскери мақсаттағы жұмыстарды, əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қабілеті негізге алына отырып жүргізіледі.

      3. Операторлардың отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер арасынан орындаушыны айқындауы мүмкін болмаған жағдайда, əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) беру (импорттау) жəне əскери мақсаттағы жұмыстарды, əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндіктері негізге алына отырып, уəкілетті ұйым басты орындаушы деп танылады.

      Арнаулы мемлекеттік органдардың отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жəне (немесе) уəкілетті ұйым арасынан орындаушыны айқындауы мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы шетелдік заңды тұлғалар арасынан айқындалады.";

      4) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша берілетiн əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасы нормативтiк жəне техникалық құжаттаманың талаптарына жəне шарт талаптарына сəйкес келуге тиiс.";

      5) 6-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шекте мемлекеттік тапсырыс беруші берілетін əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау үшiн қорғаныстық тапсырысты орындайтын ұйымдарға өз өкiлдерiн жiберуге құқылы.

      3. Қорғаныстық тапсырыста көзделген əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.";

      6) 7-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) операторларды айқындайды;";

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады жəне бекітілген қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын басты орындаушыларға жеткізеді;";

      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) жəне 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      3-2) басқа да мемлекеттік тапсырыс берушілермен келісу бойынша отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін əзірлейді жəне бекітеді;";

      "4-1) қорғаныстық тапсырыс шеңберінде басты орындаушылардың қызметін үйлестіреді жəне бақылайды;";

      7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде операторлардың, уəкілетті ұйымның жəне орындаушылардың функциялары

      1. Операторлар қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тəртіппен отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне енгізілген ұйымдар арасынан орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады;

      2) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;

      3) мемлекеттік тапсырыс берушімен қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасасады;

      4) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастырады жəне жүргізеді;

      5) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне енгізілген орындаушылармен жасалған шарттар негізінде қорғаныстық тапсырысты уақтылы жəне тиісінше орындау жөнінде шаралар қолданады;

      6) уəкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;

      7) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға жəне оған аванс беруге ғана пайдаланады;

      8) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды.

      2. Уəкілетті ұйым:

      1) əскери қауіпсіздікті, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын, қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде көрсетілген тауарларды өндіру үшін сатып алынатын көрсетілген тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды қоспағанда, жүзеге асырады;

      2) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;

      3) пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жоюды жүзеге асырады;

      4) пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін, оның ішінде оларды кəдеге жарату жəне қайта өңдеу өнімдерін өткізуді (экспорттауды) жүзеге асырады;

      5) пайдаланылмайтын əскери мүлікке жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүл- кіне бағалаудың жүргізілуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік тапсырыс берушімен қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасасады;

      7) уəкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;

      8) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға жəне оған аванс беруге ғана пайдаланады;

      9) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды.

      3. Орындаушылар:

      1) мемлекеттік тапсырыс берушілердің жəне уəкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;

      2) əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) берудің, сондай-ақ орындалған əскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілген əскери мақсаттағы қызметтердің оператормен жасалған шарт талаптарына сəйкестігін қамтамасыз етеді;

      3) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;

      4) қорғаныстық тапсырыс бойынша берілетін тауарларды (өнімді) өндіру үшін қажетті əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды жүзеге асырады;

      5) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға жəне оған аванс беруге ғана пайдаланады;

      6) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды.".

      6. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) арнаулы тасымалдар – уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен мемлекет мұқтажына арналған арнаулы жүктердi жəне жолаушылардың жекелеген санаттарын тасымалдау;";

      мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-2) ерекше маңызды тасымалдар – Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын теміржолмен тасымалдау кезінде теміржол жылжымалы құрамымен тасымалдауға, сондай-ақ олардың жүру маршруттарына (қатынастарына) уəкілетті орган беретін мəртебе;";

      64-2) жəне 65) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64-2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын жəне магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ əскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      65) Ұлттық теміржол компаниясы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, дамудың жалпы бағыттарын айқындайтын жəне Ұлттық инфрақұрылым операторы, ұлттық тасымалдаушылар жəне теміржол көлігі саласында қызметін жүзеге асыратын өзге де үлестес заңды тұлғалар қызметінің бағыттарын, оның ішінде əскери тасымалдарды жан-жақты қамтамасыз ету бойынша үйлестіруді қамтамасыз ететін акционерлік қоғам;";

      2) 8-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдер, шарттар (келісімшарттар) шеңберінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге əскери тасымалдарды акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға (экспедитор) орындайды.";

      3) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";

      4) 15-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Ұлттық тасымалдаушылар Ұлттық инфрақұрылым операторымен жəне тасымалдау процесіне басқа да қатысушылармен өзара іс-қимыл жасай отырып, əскери тасымалдарды бірінші кезектегі тəртіппен қамтамасыз етуге жəне орындауға міндетті.";

      5) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Əлеуметтік, табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жəне соғыс жағдайы енгiзiлген кезде тасымалдаушының шарттық қатынастары əлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды (анықтауды, жолын кесуді) жəне оларды жоюды өз құзыретіне қарай жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті жер комендантының ұсынуы бойынша уəкілетті органның шешімдері негізінде тоқтатыла тұруы мүмкiн.";

      6) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Əскери тасымалдарды ұйымдастыру туралы шарттарды қоспағанда, жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдаудың көлемдері, мерзімдері, сапасы, көлік құралдарын беру жəне жүктерді тасымалдауға ұсыну талаптары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың осы Заңда жəне тасымалдау қағидаларында көзделмеген өзге де талаптары айқындалады.";

      7) 56-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне бекітіліп берілген кірме жолдарды, олардың құрылыстары мен құрылғыларын техникалық күтіп-ұстауды жəне жөндеуді Ұлттық инфрақұрылым операторы шарттық негізде жүзеге асырады.";

      8) 88-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы, оның ішінде əскери тасымалдарды орындау кезінде, осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа, мынадай:";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тасымалдаушыны вагондарды, контейнерлердi пайдаланбайтыны туралы – тиейтiн күнге дейін кемінде жеті тəулiк бұрын, ал əскери тасымалдар бойынша тиейтін күні хабардар еткен жағдайларда жауапкершіліктен босатылады.".

      7. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 31-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "31-3) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыретіне:

      1) теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      2) жүзуге тыйым салынған жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын əзірлеу жəне бекіту;

      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əскери-теңіз Күштерінің гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі туралы ережені əзірлеу жəне бекіту;

      4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлеу жатады.";

      2) мынадай мазмұндағы 8-5-баппен толықтырылсын:

      "8-5-бап. Жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар

      1. Оқу-жаттығулар өткізуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауды жəне қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жəне күзету іс-шараларын жүргізу кезінде ішкі теңіз суларында жəне аумақтық теңізде жүзу, зəкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зəкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы жəне қонуы (су бетіне қонуы) жəне басқа да қызмет үшін шектелген жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгіленуі мүмкін.

      2. Жүзуге тыйым салынған аудандарда бүкіл кеме мен жүзу құралының жүзуіне тыйым салынады. Жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу жəне оларды жүзу үшін ашу туралы шешімді мүдделі мемлекеттік органдардың жəне ұйымдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды.

      Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу жəне оларды жүзу үшін ашу туралы шешімді – республикалық жедел штабтың басшысы, ал күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қабылдайды.

      3. Жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгілі бір мерзімге белгіленеді. Жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды. Көрсетілген шешім мүдделі мемлекеттік органдарды бұл туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.";

      3) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-бап. Навигациялық жағдай құралдары қолданылатын аймақтағы құрылыс

      Каспий теңізінің жағалауында жəне қазақстандық секторында теңiз жолдары навигациялық жағдайының құралдары қолданылатын аймақта гидрографиялық құрылыстар салу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.".

      8. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):

      16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) аумақтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу;".

      9. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат):

      1) 1-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған əскери стандарт – белгілі бір жəне арнайы пайдалану мақсатында əскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттармен сипаттамаларды белгілейтін, қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұратын нормативтік-техникалық құжат;";

      2) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған əскери стандарттарды əзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою жəне қолданысқа енгізу тəртібін айқындайды.".

      10. "Қазақстан Республикасының қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-II, 104-құжат; № 22- І, 140-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық персонал – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

      2) арнаулы əскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік жəне химиялық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық қауіпсіздік əскери бөлімдері мен бөлімшелері;

      3) арнаулы құралымдар – жұмылдыру жарияланған кезде өнеркəсіпті, ауыл шаруашылығын, көлікті, көлік инфрақұрылымы мен байланыс объектілерін күзету жəне оларды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ төтенше жағдайларды оқшаулау жəне жою үшін мемлекеттік органдар жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдар қорғаныс жүйесінде құратын құралымдар;

      4) аумақты жедел жабдықтау – қорғаныс мақсатында міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен жəне энергиямен жабдықтауды дайындауға жəне ұдайы əзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;

      5) аумақтық əскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы əкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасы шегінде тиісті міндеттерді орындауға арналған, аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелері (құралымдары);

      6) аумақтық əскерлерді арнайы өрістету – төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою кезінде жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда іс-шараларды орындау жөніндегі арнаулы əскери жиындарға əскери міндеттілерді шақыру жолымен аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелерін (құралымдарын) жасақтау;

      7) аумақтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін жəне коммуникацияларын қарсыластың əрекеттерінен, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу жəне қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы;

      8) əскери атташе аппараты – шет мемлекетте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесін білдіретін əскери қызметшілер болып табылатын қорғаныс мəселелері жөніндегі атташе (əскери атташе), оның орынбасарлары мен көмекшілері;

      9) əскери басқару органдары – стратегиялық, жедел- стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық жəне жергілікті əскери басқару органдары;

      10) əскери бөлім – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын, шартты жəне (немесе) нақты атау берілетін республикалық мемлекеттік мекеме;

      11) əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйесі – бейбіт кезде жəне соғыс уақытында əскерлерді (күштерді) басқару мақсатында шешімдер қабылдау, міндеттерді жоспарлау, белгілеп алу жəне оларды əскерлерге (күштерге) жеткізу, олардың орындалуын бақылау үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге, таратуға, беруге жəне ұсынуға арналған жүйе;

      12) əскери мүлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, əскери техниканың барлық түрі, оқ-дəрі, арнайы құралдар жəне басқа да мүлік;

      13) əскери техника – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар жарақтандырылатын қару, жауынгерлік машиналар, аспаптар жəне басқа да техникалық құралдар;

      14) əскерлер түрі – өзіне ғана тəн негізгі қаруы мен əскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тəсілдері бар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;

      15) басқа да əскерлер мен əскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, əскери қарсы барлау жəне əскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің əскери- тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдарымен əскери бөлімдері, əскери прокуратура органдары;

      16) жабдықтау нормалары – бейбіт кезде немесе соғыс уақытында əскери қызметшілерге, бөлімшелерге, əскери бөлімдерге (корабльдерге) жəне құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;

      17) жауынгерлік əзірлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың өздеріне жүктелген міндеттерді белгіленген мерзімдерде орындауға дайындығының дəрежесін айқындайтын жағдай;

      18) жауынгерлік қабілеттілік – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскерлерінің (күштерінің) мақсатқа сай жауынгерлік (əскери, арнайы) іс-қимылдар жүргізуіне жəне өздерінің жауынгерлік мүмкіншіліктерін іске асыруына мүмкіндік беретін жай-күйі;

      19) жауынгерлік міндет – ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;

      20) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары жəне Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;

      21) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары – Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес барлау жəне жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері;

      22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан əрі – Қарулы Күштер) – қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болғызбау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құратын жəне ұстайтын, мемлекеттің əскери ұйымының негізі;

      23) қару-жарақ – əртүрлі қару, оқ-дəрі түрлерінің кешені, оларды қолдануды қамтамасыз ететін тасығыштары мен құралдары;

      24) қару-жараққа жəне əскери техникаға жинақтауыштар – жиынтықтағанда қару-жарақ пен əскери техниканың конструктивтік тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер жəне қару-жарақ пен əскери техникаға қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар;

      25) Қарулы Күштердің арнаулы операциялары – Қарулы Күштердің əскерлерін бейбіт кезде жəне соғыс уақытында қолданудың ерекше нысаны;

      26) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ (бұдан əрі – тыйым салынған аймақ) – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың оқ-дəрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына тікелей шектесіп жатқан аумақ;

      27) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан əрі – тыйым салынған аудан) – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың оқ-дəрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген аумақ;

      28) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қару-жарағы мен əскери техникасының кадастры – жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен əскери техника, олардың сапалық сипаттамасы, мақсаты, дайындаушы кəсіпорын, дайындалған, қарулануға қабылданған жəне қаруланудан шығарылған күні туралы деректер негізінде кезең-кезеңмен жасалатын мəліметтердің жүйеленген жинағы;

      29) Қарулы Күштердің түрі – мемлекеттің белгілі бір салада (құрлықта, теңізде, əуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;

      30) қорғаныс – əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына қолсұғылмаушылықты қарулы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі саяси, əскери, экономикалық, ақпараттық, экологиялық, əлеуметтік-құқықтық жəне өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;

      31) қорғаныс объектілері – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығымен бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;

      32) қорғаныстық зерттеулер – мемлекеттің əскери ұйымын, əскери өнерді дамыту, қару-жарақ пен əскери техниканы жаңғырту, олардың жаңа түрлерін əзірлеу жəне енгізу, Қарулы Күштердің, аумақтық қорғаныстың құрылысы мен оларды қамтамасыз ету мəселелерін шешуге бағытталған, стратегиялық, қолданбалы, талдамалық жəне əлеуметтік зерттеулерді қамтитын қорғаныс жəне əскери қауіпсіздік саласындағы зерттеулер;

      33) қорғаныстық-өнеркəсіптік кешен – Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары үшін əскери жəне арнайы техниканы, амуницияны, оқ-дəрі мен өзге де əскери мүлікті əзірлеуді, өндіруді, сақтауды, қарулануға беруді, жөндеуді жəне қалпына келтіруді, сондай-ақ əскери жəне арнайы техниканы, амуницияны, оқ-дəрі мен өзге де əскери мүлікті экспорттауды орындайтын кəсіпорындар мен ұйымдар кешені;

      34) материалдық запастар – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын əскери мүліктің белгілі бір саны;

      35) материалдық-техникалық қамтамасыз ету – Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды қаружарақпен, əскери техникамен, оқ-дəрімен жəне басқа да мүлікпен қамтамасыз ету, оларды жөндеу жəне қалпына келтіру, Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жауынгерлік əзірлікте ұстап тұру жəне ұрысқа қолдану үшін олардың материалдық, медициналық, көліктік, тұрмыстық жəне өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;

      36) мемлекеттің əскери ұйымы – бірлескен қызметі Қазақстан Республикасының əскери қауіпсіздігін жəне қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне қорғаныстық-өнеркəсіптік кешеннің жиынтығы;

      37) мүлікті кəдеге жарату – пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін олардың ұрысқа тəн қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ олардың компоненттерін кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу;

      38) мүлікті көму – одан əрі пайдалануға жатпайтын пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуін болғызбау мақсатында арнайы белгіленген орындарда оқшаулау;

      39) мүлікті қайта өңдеу – пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін тауарларды немесе өзге де өнімді өндіруде (дайындауда) одан əрі пайдаланылатын шикізатты немесе өзге де материалдарды ала отырып, оларды тікелей мақсаты бойынша пайдалануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ олармен жұмыс істеуді жеңілдету, олардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қасиеттерін өзгерту;

      40) мүлікті құртып жіберу – пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін толығымен жойып жіберу;

      41) пайдаланылмайтын əскери мүлік – қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы басы артық жəне олар қолданбайтын мүлік;

      42) соғыс жағдайы – мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары нақты басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (нақты тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;

      43) соғыс қатері – орын алған қайшылықтарды əскери-күш қолдану əдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы соғыс қақтығысын (соғысты) бастауға нақты қалыптасқан ниет;

      44) соғыс қаупі – саяси жəне өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы əскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін көздейтін тұрақсыздық факторы;

      45) соғыс қимылдары – агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрі қолданылатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені;

      46) соғыс уақыты – соғыс жағдайы жарияланған немесе соғыс қимылдары іс жүзінде басталған кезден бастап соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланған кезге дейінгі, бірақ олардың іс жүзінде тоқтатылуынан бұрынғы кезең;

      47) тыл – Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды тыл жəне материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын əскери бөлімдер;

      48) ұрыс қимылдары – тиісті əскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі əскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің ұйымдасқан іс-қимылдары.";

      2) 4-бапта:

      1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəлiметтердiң қорғалуын ұйымдастыруды жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне бекiтiліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.";

      3) 5-баптың 2-тармағының 2), 3) жəне 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Əскери доктринасын, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды бекiтеді;

      3) Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды қолдану жоспарын, қорғаныс мүддесінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын, сондай-ақ мемлекеттің жұмылдыру жоспарын бекiтедi;";

      "5) Қарулы Күштердің құрылымын, штат санының лимитін бекітеді;";

      4) 7-бапта:

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша əскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;";

      15), 17), 19) жəне 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың санаттары мен санын айқындайды;";

      "17) мемлекеттің азаматтық жəне аумақтық қорғанысын жоспарлауды жəне оларға жалпы басшылықты жүзеге асырады;";

      "19) пайдаланылмайтын əскери мүлікті берудің, өткізудің, құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жоюдың, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің тəртібiн белгілейді;

      20) əскери, əскери-техникалық жəне əскери-экономикалық ынтымақтастық мəселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу жəне үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдерді қабылдайды;";

      мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі əскери-саяси ахуалдың кез келген жағдайында мемлекеттің əскери ұйымының орнықты жұмыс істеуін ұйымдастырады.

      Соғыс уақытында жəне соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) экономиканы соғыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу немесе соғыс жағдайы режиміне көшіруді;

      2) Қарулы Күштер мен арнаулы мемлекеттік органдар үшін резервтер дайындауды, адами жəне материалдық ресурстарды жұмылдыруды;

      3) Қарулы Күштерді жəне арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы күрес жүргізу үшін күштермен жəне құралдармен қамтамасыз етуді;

      4) ақпараттық қауіпсіздікті жəне тайталасты ұйымдастыруды жүзеге асырады.";

      5) 9-бап мынадай мазмұндағы 6-1) жəне 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) аумақтық қорғаныстың əскери бөлімінің, құралымының бірінші басшысын қамтамасыз етуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан əрі – Қорғаныс министрлігі) бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық əскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді;";

      "7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес облыстың жəне қаланың қорғаныс кеңестерін құрады;";

      6) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың республикалық мемлекеттік мекемелері алдында жеке жəне заңды тұлғалардың тамақтандыруды жəне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында олардың басшылары тиісті мемлекеттік органның басшысы айқындаған тəртіппен, тамақтандыруды немесе монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын жəне олардағы əскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беруді жүзеге асырады.";

      7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау

      1. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету мемлекеттің əскери ұйымының проблемаларын жан-жақты зерттеуге, елдің қорғаныс қабілеттілігін арттыру міндеттерін ғылыми əдістермен шешуге, тəжірибелік-конструкторлық, оның ішінде қосарланған мақсаттағы жұмыстарды орындауға, сондай-ақ ұлттық əскери-ғылыми əлеуетті дамытуға бағытталған.

      2. Қазақстан Республикасының ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныстық зерттеулерді жүзеге асырады.

      3. Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тəртібін Қорғаныс министрлігі айқындайды.

      4. Əскери, əскери-ғылыми кадрларды даярлау жəне қайта даярлау Қазақстан Республикасының əскери оқу орындарында, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде шетелдік білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.";

      8) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қарулы Күштер құрамының бiр бөлiгі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес бiрiккен (ұжымдық) əскерлерге (күштерге) кiруi немесе бiрiккен қолбасшылық қарамағында болуы мүмкiн.";

      9) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Қарулы Күштердің жалпы құрамы

      Қарулы Күштер əскери басқару органдарын, Қарулы Күштер түрлерiн, əскерлер түрін, арнаулы əскерлердi, материалдық-техникалық қамтамасыз ету əскерлерін, аумақтық əскерлерді, əскери оқу орындарын, əскери-ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарды қамтиды.

      Қарулы Күштердің арнаулы əскерлерінің құрамына Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік, геоақпараттық жəне гидрометеорологиялық қамтамасыз ету, барлау, радиациялық, химиялық жəне биологиялық қорғау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық тайталас əскери бөлімдері мен бөлімшелері, əскери полиция кіреді.

      Жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштердің құрамына Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, Ұлттық ұлан жəне азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары, сондай-ақ арнаулы құралымдар кiредi. Басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды, арнаулы құралымдарды Қарулы Күштердің құрамына беру мүдделі мемлекеттік органмен немесе ұйыммен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.";

      10) 21-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы соғыс уақытында жəне соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының əскери-саяси басшылығының жоғары органы болып табылады, мемлекеттің əскери ұйымын басқаруды, қорғаныс жөніндегі міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының орталық жəне жергілікті атқарушы органдарының қызметін бақылауды жəне үйлестіруді жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы Қарулы Күштердi басқаруды өзінің жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бейбіт кезде Қорғаныс министрлігінің ведомствосы болып табылады.";

      11) 22-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қарулы Күштердi əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган болып табылады.";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қарулы Күштердің, Қорғаныс министрлігінің жəне Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қорғаныс министрлігінің құрылымын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жəне Қорғаныс министрлігі мен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің құрылымын жəне штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді əзірлейді жəне бекітеді, əскери басқару органдарының штаттарын жəне штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) жəне 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) экономиканы, мемлекеттік органдарды жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдарды жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады;

      5-2) Қарулы Күштерді топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      5-3) Қарулы Күштерді навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;";

      7) жəне 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қорғаныстық зерттеулерге, əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;";

      "13) əскери қызмет өткеру, қорғаныс жəне Қарулы Күштер мəселелерi бойынша өз құзыретi шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды жəне олардың орындалуын бақылайды;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікке мониторингті жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) Қарулы Күштерде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) жəне 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) Қарулы Күштердің кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлейді жəне бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      16-2) Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) пайдаланылмайтын əскери мүлікті берудің, өткізудің, құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жоюдың, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің тəртібіне сəйкес пайдаланылмайтын əскери мүлікке иелік етеді;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) жəне 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17-1) қарулануды бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын байқайды;

      17-2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы шығару қағидаларын бекітеді;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) əскери атташе аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9), 26-10), 26-11), 26-12), 26-13), 26-14), 26-15), 26-16), 26-17), 26-18), 26-19), 26-20), 26-21) жəне 26-22) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-1) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қарулы Күштер əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;

      26-2) Қарулы Күштердің əскери қалашықтары мен оқу орталықтары аумағында орналасқан объектілерде ветерина- рия жəне санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      26-3) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қарулы Күштердің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уəкілетті органға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;

      26-4) əскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қарулы Күштерде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-5) аумақтық əскерлер туралы ережені, аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып аумақтық əскерлерге басшылықты жүзеге асырады, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша ақпарат беру тəртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      26-6) Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-7) Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-8) Қарулы Күштердегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-9) Қарулы Күштерде жұмылдыру, жедел жəне жауынгерлік дайындық, шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;

      26-10) Қарулы Күштердің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;

      26-11) қару мен оқ-дəрінің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қарулы Күштердің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-12) Қарулы Күштерде əскери-тарихи жəне мəдени жұмысты ұйымдастырады;

      26-13) бастапқы əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-14) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-15) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-16) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-17) Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-18) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери интернатурадағы дайындық қағидаларын жəне мамандықтар тізбесін əзірлейді жəне бекітеді;

      26-19) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді;

      26-20) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери оқу орындары мен əскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-21) шетелдік əскери оқу орындарында даярлау үшін Қарулы Күштердің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

      26-22) Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.";

      12) 23-баптың 1-тармағында:

      1), 2) жəне 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды;

      2) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын əзірлейді, əскерлерді жоспарлауды, дайындауды жəне жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады;";

      "6) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) қорғаныс мүддесінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын əзірлейді;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) аумақтық қорғаныс жоспарларын əзірлеуді, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіреді;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) Қарулы Күштерге əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк жəне моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында əскерлерді моральдық-психологиялық жəне идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;";

      13) мынадай мазмұндағы 23-1 жəне 23-2-баптармен толықтырылсын:

      "23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері

      Қарулы Күштердің түрлері:

      1) Қарулы Күштерді қолдануды стратегиялық жоспарлау шеңберінде Қарулы Күштердің түрін жедел-стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады;

      2) əскери басқару органдарының, əскерлер (күштер) түрінің жауынгерлік, жұмылдыру əзірлігін жəне жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;

      3) əскери басқару органдарын, əскерлер (күштер) түрін дайындауды ұйымдастырады;

      4) əскерлердің моральдық-психологиялық дайындығын, əскерлер (күштер) түрінде əскери тəртіптің жəне құқық тəртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      5) əскерлер (күштер) түрінде алға қойылған міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      23-2-бап. Əскери атташелер аппараты

      1. Əскери атташелер аппараты Қарулы Күштердің қарамағында жəне штат санында болады.

      2. Шет мемлекетте əскери атташелер аппаратында əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитет, еңбекке ақы төлеу жəне оның шарттары, əлеуметтік қамсыздандыру жəне медициналық қамтамасыз ету мəселелерінде дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.

      3. Əскери атташелер аппаратының қызметін қаржыландыру қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен, теңестірілген лауазымдар бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде жəне тəртіппен жүзеге асырылады.

      4. Əскери атташелер аппараты əскери қызметшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелер персоналына теңестіру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жəне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірлескен шешімімен жүзеге асырылады.";

      14) 24-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қарулы Күштердiң спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге жəне осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын тəртіппен пайдалануға құқылы.

      Қарулы Күштердің мəдениет, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру, беру, тарату жəне (немесе) онымен жабдықтау саласында, сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге құқылы. Осындай көрсетілетін қызметтердi өткізуден түсетін кірістер Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын тəртіппен бюджетке есепке жатқызылуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердiң мəдениет аясында жəне спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемесiнің бірінші басшысының ұсынысы негізінде ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекітеді.

      4. Қорғаныс министрлігі ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жанынан олар орналасқан жерден тыс, уəкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құруы мүмкін.

      Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген өкілеттіктердің бір бөлігін орындайды.";

      15) 26-баптың 2-тармағының 5) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мəселелерi бойынша нұсқауларын уəкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен айқындалған тəртіппен орындайды;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қарулы Күштермен бірлескен жедел жəне жұмылдыру дайындығына тартылады.";

      16) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Аумақтық қорғаныс

      1. Аумақтық қорғанысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымдастырады.

      2. Аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауға жəне орындауға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары тартылады.

      3. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде, соғыс уақытында аумақтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады.

      4. Аумақтық қорғаныстың жалпы міндеттерін жəне оны ұйымдастыру жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      5. Аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін жергілікті атқарушы органдар аумақтық əскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді.

      6. Төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою мақсатында аумақтық əскерлерді арнайы өрістету жүзеге асырылады.

      7. Аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдар арнаулы құралымдарды құрады.".

      11. "Əскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат):

      1) 4-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы əскери полиция органдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады, ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды жүргізу туралы шешімдер қабылдайды, құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      2) 5-бапта:

      бірінші бөлікте:

      7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тиісті құжаттарды жəне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;";

      екінші бөліктің 2) тармақшасындағы "іс жүргізу болып табылады." деген сөздер "іс жүргізу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен жəне шектерде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілерін, оның ішінде қару-жарақты, арнайы құралдарды, қауіпсіздік жүйелерін жəне өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып күзету, сондай-ақ көрсетілген объектілерде рұқсаттамалық жəне объектішілік режимдерді қамтамасыз ету болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріндегі тəуліктік наряд қызметін, ішкі жəне гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыру да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының міндеті болып табылады.";

      3) 7 жəне 7-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының əскери полиция органдарының өкілеттіктері

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының əскери полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу бөлiгiндегi өкiлеттiктері азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен əскери бөлімдерінің əскери қызметшiлерiне қолданылады.

      7-1-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының өкілеттіктері

      1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу бөлігіндегі өкілеттіктері арнаулы мемлекеттік органдардың əскери қызметшілері мен қызметкерлеріне қолданылады.

      2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін өкілеттіктері шегінде жəне заңда белгіленген тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын тоқтатып кідіртуге, тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақаулар мен жағдайлар болған кезде оларды пайдалануға тыйым салуға, тораптары мен агрегаттарының нөмірлері не мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жасырылған, қолдан жасалған, өзгертілген, сол сияқты көлік құралдарының таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сəйкес келмеген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға, алкогольдік, есiрткiлік жəне уытқұмарлық масаң күйдегi адамдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының көлiк құралдарын басқарудан шеттетуге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен жəне жағдайларда оларды медициналық зерттеп-қарауға жіберуге құқылы.";

      4) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріндегі тəуліктік наряд қызметін, ішкі жəне гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыруға құқылы.";

      5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      "9-1-бап. Уəкілетті органдардың құзыреті

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын;

      2) əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдарымен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын;

      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тəртібі қағидаларын;

      4) əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын;

      5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау тəртібі қағидаларын;

      6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;

      7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын;

      8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары əскери қызметшілерінің қызметтік əдеп қағидаларын;

      9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын;

      10) анықтау, тергеу органдарынан жəне соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен əскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.

      2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті:

      1) əскери қызметшілердің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын;

      2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.";

      6) 12-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "ұстауға құқығы бар." деген сөздер "ұстағанда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз сақтау, қаруды, оқ-дəріні, жарылғыш заттарды ұрлау жəне жоғалту, сондай-ақ əскери қызметшілерді іздестіру фактілерінің алдын алуға жəне оларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізгенде құқығы бар.";

      7) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Əскери қызмет өткеруді немесе құрылымына əскери полиция кіретін тиісті органдарда қызмет өткеруді регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда адамдар əскери полиция органдарына қызметке қабылданбайды.".

      12. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 жылғы 20 сəуірде "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 18 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      мынадай мазмұндағы 9-2 жəне 23-1-баптармен толықтырылсын:

      "9-2-бап. Əскери басқару органдарының құзыреті

      Əскери басқару органдары:

      1) əскерлерде тəрбие, əлеуметтік-құқықтық жəне насихат жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      2) құқық бұзушылық профилактикасы мəселелері бойынша азаматтармен жəне ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, оларды көтермелеу түрлері мен тəртібін айқындайды;

      3) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша əскери басқару органдарында ведомствоаралық комиссияларды құрады;

      4) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;

      5) жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін жəне əскери тəртіпті нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      6) əскери полиция органдарына өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар фактілері туралы хабарлайды;

      7) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қолданады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      "23-1-бап. Əскери қызметшілерге қатысты қолданылатын құқық бұзушылық профилактикасы шаралары

      1. Əскери басқару органдары əскери қызметшілерге қатысты қауіп-қатер тобында тұрған əскери қызметшілерді қорғау (бақылау) жөніндегі шараларды, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға мойын ұсынушылық мінез-құлыққа, құқыққа қайшы мінез-құлыққа төзбеушілікке бағдарланған, жалпы жəне құқықтық мəдениетті арттыратын адамгершілік қасиеттерін əскери қызметшілердің бойына сіңіру жолымен криминогендік факторларды болғызбайтын идеологиялық шараларды қолдану арқылы іске асырылатын құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шараларын қолданады.

      2. Мыналар:

      1) əскери қызметшілердің жəне өзге де адамдардың хабарламалары немесе арыздары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;

      2) құқық бұзушылықты жасау не жасауға əрекеттену фактісін тікелей байқап қалу;

      3) мемлекеттік органдардан жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар əскери қызметшілерге қатысты құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шараларын қолдану үшін негіздер болып табылады.

      3. Осы бапта көзделген құқық бұзушылық профилактикасы шараларын əскери басқару органдарының қолдануы үшін құқық бұзушылықтардың мəн-жайларын анықтау туралы, сондай-ақ қолданылған шаралардың нəтижелері туралы олар бір тəулік ішінде тиісті əскери полиция органдарына хабарлайды.".

      13. "Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 63-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "63-3) мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органы – мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;";

      2) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұшу қауіпсіздігі мəселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүргізу тəртібін мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган айқындайды.";

      3) 15-бапта:

      12), 18) жəне 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;";

      "18) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;";

      "21) ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады жəне жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 28-1), 28-2), 28-3), 28-4), 28-5) жəне 28-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "28-1) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автомобиль жəне электр-газ техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;

      28-2) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автокөліктің, ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының жəне жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;

      28-3) мемлекеттік авиацияның ұшуын əуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының атқарым нормаларын (қызмет ету мерзімдерін) əзірлейді жəне бекітеді;

      28-4) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету жəне басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;

      28-5) Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағармай материалдарының жəне арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;

      28-6) Мемлекеттік авиацияда əуе тасымалдарын ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;";

      4) 58-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органының əскери қызметшілеріне олардың жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган қызметтік куəліктер береді.

      Қызметтік куəлікті беру, пайдалану тəртібін жəне оның сипаттамасын мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті органның басшысы бекітеді.

      Мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органы əскери қызметшісінің қызметтік куəлігі оның мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін тексерулерге жəне авиациялық оқиғаларды тергеп-тексерулерге қатысу құқығын растайды.";

      5) 66-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік авиация мүддесінде пайдаланылатын сыныпталмайтын əуеайлақты, уақытша əуеайлақтар мен қону алаңдарын əуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), автомобиль жолдарының əуеайлақтық учаскелерін пайдаланудың жарамдылық нормаларына жəне мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарына (тікұшақ айлақтарына) қойылатын тактикалық-техникалық талаптарға сəйкес пайдалануға рұқсат етіледі.".

      14. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) мемлекеттік мүлік тізілімі – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті жəне мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;";

      2) 100-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен əскери техниканы өткізу жөніндегі жабық тендерлерді қоспағанда, аукцион мен тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы пайдаланыла отырып, электрондық нысанда өткізіледі.";

      3) 134-баптың 2-тармағының 20-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1) қаруды, əскери техниканы жəне өзге де пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жою, қорғаныс объектілерін жалға беру, пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін өткізу (оның ішінде экспорттау), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының мұқтаждары үшін қаруды, əскери техниканы, оқ-дəріні, оларға қосалқы жəне жинақтауыш бұйымдарын, өнімді, жабдықты, қосарланып қолданылатын технологияларды сатып алу (оның ішінде импорттау);".

      15. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7- I, 49-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) жəне 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сəйкес оқуға жіберілген қызметкер;";

      "9-1) еңбек сіңірген жылдары – қызметкердің күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы;";

      11) жəне 16-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      11) курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;";

      "16-1) тыңдаушы – қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;";

      2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Арнаулы мемлекеттік органдардың жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін, олардың ережесі мен құрамын арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.";

      3) 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы мемлекеттік органдардың əскери қызметшілері осы Заңның 7, 10 (11-тармағын қоспағанда), 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30 (8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50, 75, 77 (4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда) жəне 85 (4-2-тармағын қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес қызмет өткереді.";

      4) 7-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын" деген сөздер "курсанттарды, тыңдаушыларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Əскери немесе құқық қорғау қызметін өткерген азамат арнаулы мемлекеттік органға қызметке кірген кезде əскери немесе құқық қорғау қызметінен шығарылған күнінен бастап арнаулы мемлекеттік органға қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан аспаса, оның көрсетілген кезеңде өзге де жеке жəне заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда қызметте болуы үзіліссіз деп есептеледі.";

      5) 8-баптың 14-тармағындағы "Арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын" деген сөздер "Курсанттарды, тыңдаушыларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 9-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызметті өткеру туралы келісімшарт:

      1) үш жылға;

      2) бес жылға;

      3) он жылға;

      4) қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;

      5) курсанттар, тыңдаушылар үшін – арнаулы (əскери) оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бiтiргеннен кейiн күнтізбелік есептеумен он жыл қызметке;

      6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер үшін – арнаулы (əскери) оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейін күнтізбелік есептеумен бес жыл қызметке жасалуы мүмкін.

      Қызметкер жүктілікке жəне баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болған уақытта қолданыстағы келісімшарттың мерзімі өткен жағдайда, қызметкер демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде осы Заңда айқындалатын тəртіппен жаңа келісімшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады.";

      7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Қызметкерлерді білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу, қабылдау жəне жіберу

      1. Арнаулы (əскери) оқу орындарына немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға түсуге:

      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:

      əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған Қазақстан Республикасы азаматтарының;

      əскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының жəне əскерге шақыру бойынша мерзімді əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;

      келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілердің не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлердің оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толғанға дейін;

      2) қысқартылған оқу мерзімімен жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, əскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толғанға дейін;

      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша офицерлік құрам қатарынан жоғары білімі бар қызметкерлер мен əскери қызметшілердің құқығы бар.

      2. Арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне кадр органдарының жіберуі бойынша оқуға түсуге құқығы бар.

      3. Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын арнаулы (əскери) оқу орындарына қабылдау тəртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілейді.

      4. Халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу жəне жіберу тəртібі арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен белгіленеді.

      5. Курсанттың, тыңдаушының қызметтік міндеттерді атқарудың басталуы болып олардың арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған күні есептеледі.

      6. Əскери қызмет өткермеген азаматтар арнаулы (əскери) оқу орындарына қабылданған немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде қызметкерлер мəртебесiне ие болады жəне олар он сегіз жасқа толғаннан кейiн, бiрақ кемiнде бiрiншi курсты бітірген соң қызмет өткеру туралы келiсімшарт жасасады.

      7. Қызметкерлер арнаулы (əскери) оқу орындарына қабылданған не шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде қызмет өткеру туралы жаңа келiсімшарт жасасады.

      8. Əскери қызмет өткерген, сондай-ақ келісімшарт, əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген азаматтар арнаулы (əскери) оқу орындарына қабылданған немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде курсант, тыңдаушы лауазымына тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қызмет өткеру туралы келiсімшарт жасасады.

      9. Арнаулы (əскери) оқу орындарына оқуға түскен немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген азаматтар оқу мерзіміне жəне сонымен бір мезгілде оқуды бітіргеннен кейін қызметкерлер лауазымдарында күнтізбелік есептеумен он жылға арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.

      10. Келісімшартта тараптардың (оқуға түсуші азаматтың жəне арнаулы мемлекеттік органның лауазымды адамының) өзара міндеттемелері мен жауапкершілігі белгіленеді жəне оқуды бітіргеннен кейін арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті одан əрі өткеру шарттары мен мерзімдері көзделеді.

      11. Осы Заңда белгiленген тəртiппен қызмет өткеру туралы келiсiмшарт жасасудан бас тартқан қызметкерлер арнаулы (əскери) оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберуге жатады.

      12. Қызметкерлердің арнаулы (əскери) оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқу уақыты мерзімді əскери қызмет өткеру мерзіміне теңестіріледі.

      Арнаулы (əскери) оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберілген, сондай-ақ қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасудан бас тартқан қызметкерлер, егер олар əскерге шақыру бойынша əскери қызметтің белгіленген мерзiмін өткермесе, тұрғылықты жерi бойынша əскери есепке қоюға жiберіледi жəне кейiннен жалпы негіздерде əскери қызметке шақырылады.

      Бұл ретте арнаулы (əскери) оқу орындарынан жəне шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгерімсіздігі үшін, теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген қызметкерлер өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi.

      Арнаулы (əскери) оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгерімсіздігі үшін, теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.

      Оқытуға кететін шығындар сомасы қызмет өткеру туралы келісімшартта жəне (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен білім беру қызметтерін көрсетуге жасалған шарттарда (келісімшарттарда) айқындалады.

      13. Қызметкер арнаулы (əскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бiтіргеннен кейiн қызмет өткеруден бас тартқан жəне осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 5), 6), 7), 11), 12) жəне 13) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, ол өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi.

      Өтеуге жататын сома келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін əрбір толық өткермеген айға пропорционалды түрде есептеледі.

      14. Шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартта (келісімшартта), егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, тараптардың ұлттық заңнамасына сəйкес білім алушылар үшін көзделген тараптардың (орындаушының жəне тапсырыс берушінің) өзара міндеттемелері мен құқықтары, қызметкерлердің құқықтарымен міндеттері, оқуға ақы төлеу мөлшері мен тəртібі, оқу мерзімдері жəне тұру жағдайлары, оқыту, ақшалай, заттай жəне өзге де ризықпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету жəне сақтандыру мəселелері белгіленеді.";

      8) 13-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары" деген сөздер "курсанттар, тыңдаушылар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қызметкерлердiң өздерiне қатысты қабылданатын шешiмдер мен əрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға жəне (немесе) сотқа өздерінің құқықтарының бұзылғаны туралы білген күннен бастап үш айдан кешіктірмей шағым жасауға құқығы бар.";

      10) 17-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жеке iсiне енгiзiлгенге дейiн өздерiнiң қызметтік жұмысы туралы пiкiрлермен жəне басқа да құжаттармен, жеке iс материалдарымен (мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ өздерiнiң жазбаша түсiнiктемелерiн жəне басқа да құжаттар мен материалдарды жеке iске қосуға;";

      11) 18-баптың 1-тармағының 4) жəне 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдар ішкі қызмет жарғысының талаптарын, сондай-ақ қызмет жəне еңбек тəртібін сақтауға;";

      "14) тікелей басшысына:

      шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;

      егер өздеріне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті жəне (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша нысанда дереу хабарлауға;";

      12) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметкерлердiң əрекеттеріне (əрекетсiздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен жоғары тұрған лауазымды адамдарға жəне (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.";

      13) 23-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдардың, жиырма жəне одан көп еңбек сіңірген жылдары болған кезде, ерекше салтанатты жəне салтанатты арнаулы киім нысанын кию құқығы сақталады.";

      14) 24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Арнаулы мемлекеттік органдардың кадр құрамына қатысты жеке істер жүргізіледі, оларды ресімдеу, есепке алуды жүргізу жəне сақтау тəртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.";

      15) 26-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқу мерзімі бес жыл жəне одан көп болатын арнаулы (əскери) оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер үшін лейтенант арнаулы атағында еңбек сіңіру мерзімі бір жыл болып белгіленеді.";

      16) 27-бапта:

      4-тармақтың 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнын немесе арнаулы мемлекеттік органдардың жіберуі бойынша шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген немесе оқу мерзімі кемінде алты ай болатын қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған қызметкерге;

      2) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, тиісті мамандығына ұқсас жоғары кəсіптік білімі бар жəне штатпен офицерлік құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген қызметкерге тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. "Кіші сержант" арнаулы атағы əскери атағы жоқ, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматқа штатпен сержанттық құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген кезде, тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілген кезде беріледі.";

      9-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрынғы сыныптық шенде, арнаулы немесе əскери атақта болу мерзiмi кезектi арнаулы атақты беру үшiн еңбек сiңiру мерзiміне есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бір арнаулы мемлекеттік органның ішінде қызмет бойынша ауыстырылған қызметкерлер мен əскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      17) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:

      "27-1-бап. Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы

      Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы:

      генерал-майор қызметкерге жоғары офицерлік құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник атағында болғанына үш жыл өткеннен кейін жəне жоғары офицерлік құрамның лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;

      генерал-лейтенант кемінде үш жыл генерал-майор арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін;

      генерал-полковник кемінде үш жыл генерал-лейтенант арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.";

      18) 29-бап алып тасталсын;

      19) 30-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметкер арнаулы атағы сəйкес келуге тиіс лауазымға тағайындалады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1 жəне 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      1-2. Арнаулы мемлекеттік органдардағы типтік емес лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін осы органдардың бірінші басшылары бекітеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Офицерлік құрамның атағы бар, жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуға арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қызметкер бұрын атқарған лауазымынан босатылады жəне арнаулы (əскери) оқу орнының магистранты не докторанты немесе адъюнкті лауазымына тағайындалады.

      Офицерлік құрамның атағы жоқ, жоғары жəне қосымша білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қызметкер бұрын атқарған лауазымынан босатылады жəне арнаулы (əскери) оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.

      Жоғары жəне қосымша білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін Қазақстан Республикасының азаматы арнаулы (əскери) оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.

      Арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған кезде тыңдаушының (Қазақстан Республикасы азаматының) бұрын өзіне берiлген атағы сақталады.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Арнаулы (əскери) оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер қажетті бiлiм деңгейi бар адамдар алмастыруға жататын жəне Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетін арнаулы мемлекеттік органдағы лауазымдар жəне оларға сəйкес келетiн арнаулы атақтар тiзбесiнде (бұдан əрі – лауазымдар тiзбесi) көзделген офицерлік құрам лауазымдарына тағайындалады.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бір сатыдан төмен емес лауазымға уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша қызметкердің келісімінсіз жүргізіледі.";

      20) 31-бапта:

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бiр арнаулы мемлекеттік органнан басқасына не Қарулы Күштерден, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардан құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген арнаулы мемлекеттік органға ауыстырылған;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға сəйкес жүзеге асырылатын бөлімшенің тұрақты орналасу пункті өзгерген, сондай-ақ бөлімшенің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан тең немесе жоғары тұрған лауазымға тағайындалған кезде қызметкерді ауыстыру арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы осы құқықты берген уəкілетті басшының шешімімен оның келісімінсіз жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қызметкерлерді ауыстыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.";

      21) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда жəне мерзімдерге қызметкерді уəкілетті басшының қарамағына жіберуге жол беріледі.

      Қарамағында болу мерзіміне демалыстарда, əскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдер есептелмейді.";

      22) 40-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жыл сайынғы негізгі демалыстар қызметкерлерге оларды пайдалану кезеңдері, сондай-ақ бөлімшені жауынгерлік əзірлікте ұстау ескеріле отырып жəне уəкілетті басшы бекіткен жəне барлық қызметкердің назарына жеткізілген демалыстар графигіне сəйкес жылдың кез келген мезгілінде беріледі. Демалыстар графигі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлер санаттары ескеріле отырып, əрбір күнтізбелік жылға жасалады жəне барлық қызметкердің назарына жеткізіледі.";

      5 жəне 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Толық емес тəуліктердің санын дөңгелектеу ұлғайту жағына қарай жүргізіледі. Қызметкерді қызметтен уақтылы шығару (арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамы тізімдерінен алып тастау) мүмкін болмаған жағдайда, оны қызметтен шығару күні жыл сайынғы демалыстың пайдаланылмаған уақытына есеп айырысу жүргізіліп, ол қызметкерге беріледі. Мерзімінен бұрын (келісімшарт мерзімі өткенге дейін) қызметтен шығару кезінде, егер демалыстар графигіне сəйкес демалыс бұрын пайдаланылмаса, қызметкердің жыл сайынғы демалыс ұзақтығы осындай тəртіппен есептеледі.

      6. Арнаулы (əскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген қызметкерлерге жыл сайынғы демалыс көрсетілген оқу орнын бітіргеннен кейін беріледі.";

      23) 41-баптың 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) зайыбының (жұбайының), жақын туыстарының, зайыбының (жұбайының) жақын туыстарының денсаулық жағдайы ауыр болған немесе қаза тапқан (қайтыс болған);

      2) жақын туыстары, зайыбының (жұбайының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тап болған;";

      24) 43-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Ұрыс қимылдарына, терроризмге қарсы жəне бітімгершілік операцияларға қатысатын (қатысқан) қызметкерлерге ұзақтығы екі апта қосымша демалыс беріледі, ол жыл сайынғы демалысқа қосылады.";

      25) 44-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға каникулдық демалыстар халықаралық шарттарға жəне оқуға арналған келісімшарттарға сəйкес беріледі.";

      26) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:

      "46-1-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс

      Қызметкерге баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тəртіппен бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріледі.";

      27) 49-баптың 1-тармағында:

      5) жəне 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) арнаулы (əскери) оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілген кезде;

      6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) атқаратын лауазымына сəйкес келмеуіне байланысты қызметтен шығару туралы аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша;";

      28) 50-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шекті жасқа толған қызметкерлер осы Заңда белгіленген тəртіппен запасқа немесе отставкаға шығарылуға жатады.

      Жоғары кəсіби даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тəжірибесі бар жəне денсаулық жағдайы бойынша қызметті өткеруге жарамды қызметкерлерге арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары олармен жаңа келісімшарт жасасу арқылы қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.

      Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қызметкердi осы Заңда көзделген негiздер бойынша арнаулы мемлекеттік органдардан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.";

      29) 51-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған адамдардың қызметтен шығару туралы шешімге тиісті бұйрықтан үзінді көшірмемен жазбаша танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей сотқа шағым жасауға құқығы бар.";

      9, 10 жəне 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Арнаулы (əскери) оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілуіне байланысты қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар əскерге шақырылушыларды немесе əскери міндеттілерді əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті əскери басқару органдарына жіберіледі. Бұл ретте əскерге шақыру бойынша қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген курсанттар, тыңдаушылар əскерге шақыру бойынша əскери қызмет мерзімі өткенге дейін жалпы негіздерде əскери қызметке одан əрі шақырылады.

      10. Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуына байланысты қызметкерлерді қызметтен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару туралы тиісті Жарлығы күшіне енген күннен бастап немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен уəкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеген күннен бастап уəкілетті басшының шешімімен жүргізіледі.";

      "12. Қызметкердің келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығару осы Заңға сəйкес арнаулы мемлекеттік органның Жоғары аттестаттау комиссиясының немесе аттестаттау комиссиясының жоспардан тыс отырысында осы фактілерді қарағаннан кейін жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша атқаратын лауазымына сəйкес келмеуіне байланысты қызметтен шығару уəкілетті басшының бұйрығымен жүргізіледі.";

      14-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді, оларды жеткізгіштерді жария етуге немесе жоғалтуға əкеп соққан, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптарды бұзу;";

      30) 54-баптың 2-тармағындағы "арнайы (əскери) оқу орындарының курсанттарынан" деген сөздер "курсанттардан, тыңдаушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 55-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) қызметкерлерге орын алған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар əзірлеу.";

      32) 56-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аттестаттауға жататын қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалған жағдайда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік тілді білуіне аттестаттық тестілеу жəне психологиялық-əлеуметтік зерттеулер жүргізу;";

      33) мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:

      "56-1-бап. Қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттау

      1. Жоспардан тыс аттестаттау Жоғары аттестаттау комиссиясының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін – арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша, басқа қызметкерлер үшін уəкілетті басшының шешімі бойынша өткізіледі.

      2. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу негіздері:

      1) қызметкерді кадр резервіне қабылдау туралы;

      2) қызметкерді төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы;

      3) қызметкерді келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығару туралы мəселелерді шешу болып табылады.

      Қызметкерді кадр резервіне қабылдау туралы мəселені шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жоспарлы аттестаттауды өткізудің белгіленген мерзімінің кемінде үштен бірі өткен соң өткізілуге тиіс.";

      34) 57-бапта:

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аттестатталушының тікелей басшысы аттестатталатын қызметкердің кəсіби, іскерлік жəне жеке басының қасиеттерін жан-жақты зерделеп, атқарып отырған лауазымы бойынша жұмысының нақты көрсеткіштерін объективті түрде талдап жəне бағалап, оған мінездеме беруге жəне аттестаттау бойынша алдын ала тұжырымдар мен ұсынымдар жасауға міндетті.";

      7-тармақтың екінші бөлігінде:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ауыстыру себебін көрсете отырып, тең лауазымға ауыстыру туралы;";

      алтыншы абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10 жəне 11-тармақтармен толықтырылсын:

      "10. Дəлелсіз себеппен аттестаттау комиссиясының отырысына екі рет келмеген қызметкерлер осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтен шығарылуға ұсынылады.

      11. Кезекті (жоспардан тыс) аттестаттаудан өтпеген жəне (немесе) өзге, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда қызметті жалғастырудан бас тартқан қызметкерлер осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтен шығарылуға жатады.";

      35) 58-баптың 2, 3 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аттестаттау комиссиясының құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс. Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері аттестаттауға жататын қызметкерлерге қарағанда тең немесе жоғары тұрған лауазымды атқаруға тиіс. Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. Аттестаттау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда отырыс өткізілмейді.

      3. Жоғары аттестаттау комиссиясының төрағасы болып арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бірінші орынбасары немесе орынбасары тағайындалады.

      4. Аттестаттау комиссиясының құрамына – органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жəне өзге де қызметкерлер, ал Жоғары аттестаттау комиссиясына арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарлары жəне басқа да лауазымды адамдар енгізіледі. Аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшысы жалпы негіздерде аттестаттаудан өтеді. Аттестаттау комиссиясының аттестаттауға жататын мүшелері өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.";

      36) 59 жəне 60-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары

      1. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарын уəкілетті басшы бекітеді.

      Жоғары аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.

      2. Уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары қызметкерді кадр резервіне қабылдауға, тең лауазымға тағайындауға, қызметкердің лауазымын төмендетуге немесе оны қызметтен шығаруға негіздер болып табылады.

      60-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына шағым жасау

      1. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына қызметкер танысқан күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей уəкілетті басшының немесе арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының алдында шағым жасай алады.

      2. Уəкілетті басшы немесе арнаулы мемлекеттік органның басшысы қызметкерді аттестаттаудан өткізу тəртібінің бұзылғаны туралы анық мəліметтерді алған жағдайда, өткізілген аттестаттау нəтижелерінің күшін жоюға жəне қажет болған кезде, оны қайтадан өткізуді тағайындауға құқылы.";

      37) 65-бапта:

      21-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Баяндаудан кейін уəкілетті лауазымды адам өзіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерді қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен таныстырып, қызметтік тергеп-тексеру тұжырымдарымен жəне ұсыныстарымен оның келісетінін немесе келіспейтінін міндетті түрде көрсете отырып, қолын қойғызып алуға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкер осы тармаққа сəйкес қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, уəкілетті лауазымды адам акт жасайды.";

      22-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен, егер бұл мемлекеттiк құпияларды жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етпеу талаптарына қайшы келмесе, танысуға құқылы.";

      38) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібі

      1. Тəртіптік комиссия теріс қылық жасаудың мəн-жайларын жан-жақты, толық жəне объективті түрде анықтау жəне оны жасаған адамды жазалау шарасы туралы ұсынымдар шығару мақсатында, қызметкердің теріс қылығына қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау жəне фактілерді зерттеу үшін арнаулы мемлекеттік органдарда құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Тəртіптік комиссияның мүшелері бөлімшенің жеке құрамының жиналыстарында неғұрлым тəжірибелі жəне беделге ие офицерлер арасынан ашық дауыс беру арқылы сайланады. Тəртіптік комиссия мүшелерінің саны тақ болуға жəне кемінде үш адам болуға тиіс, олардың біреуі төраға болып табылады.

      3. Тəртіптік комиссияның құрамы уəкілетті басшының бұйрығымен бекітіледі. Тəртіптік комиссияның төрағасы болып уəкілетті басшы орынбасарларының біреуі тағайындалады. Бөлімшенің кадр аппаратының өкілі хатшы болып тағайындалады. Тəртіптік комиссияның хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      4. Уəкілетті басшылар мен олардың орынбасарларының теріс қылықтары арнаулы мемлекеттік органның тəртіптік комиссияларында қаралады. Жоғары офицерлердің теріс қылықтары – жоғары офицерлер қатарынан ғана тұратын тəртіптік комиссияда, аға офицерлердің теріс қылықтары аға офицерлер қатарынан тұратын тəртіптік комиссияда қаралады.

      5. Тəртіптік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Тəртіптік комиссияның отырыстары тəртіптік комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі, бірақ кемінде үш адам болған кезде құқықты болады. Тəртіптік комиссияның мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.

      6. Тəртiптiк комиссияның мүшелерi отырыстың өткiзiлетiн күнi, орны, оның күн тəртiбi туралы отырысқа дейiн хабардар етiлуге жəне отырыс материалдарымен таныстырылуға тиiс.

      7. Тəртiптiк комиссияның мүшесi өз бастығының, жақын туысының немесе жекжатының терiс қылығына қатысты, сондай-ақ егер тəртiптiк комиссия мүшесiнiң тиiстi шешiм қабылдауға тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi бар деп пайымдауға негіздер болса, қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарауға жəне фактілердi зерттеуге қатысуға құқылы емес.

      8. Тəртiптiк комиссияның мүшелерiне қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарау барысында өздеріне белгiлi болған мəлiметтердi жария етуге тыйым салынады.

      9. Тəртiптiк комиссияның отырысына өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген қызметкердің қатысуы мiндеттi.

      Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкер тəртіптік комиссияның отырысына дəлелсіз себеппен келмеген жағдайда, бұл факт тəртіптік комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.

      Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкердің тəртіптік комиссияның отырысына дəлелсіз себеппен келмеуі жаза қолдану туралы шешім қабылдау үшін кедергі болмайды.

      10. Тəртiптiк комиссия терiс қылыққа қатысты қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарайды жəне фактілердi зерттейдi. Тəртiптiк комиссия өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген қызметкердiң жəне қызметтiк тергеп-тексеруді жүргiзген уəкілетті лауазымды адамдардың түсiнiктемелерiн тыңдауы мүмкiн.

      Қажет болған кезде, тəртiптiк комиссияның куəлар мен мамандарды тыңдауға, терiс қылыққа (оқиғаға) қатысты материалдарды сұратуға жəне кез келген фактіні зерттеуге құқығы бар.

      11. Тəртiптiк комиссияның ұсыныстары тəртіптік комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Тəртiптiк комиссияның мүшелерi өз пiкiрiн айқын айтуға жəне дауыс беру кезiнде қалыс қалмауға мiндеттi.

      Дауыстар тең болған кезде төрағаның даусы шешушi болып табылады.

      12. Тəртiптiк комиссия қызметтiк тергеп-тексеру материалдары келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде басшыға қызметкердің тəртiптiк жауаптылығы туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi.

      Тəртіптік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тəртіптік комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшы қол қояды.";

      39) 67-баптың 5, 6, 7, 8 жəне 9-тармақтары алып тасталсын;

      40) 68-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қызметтегi, кəсіби-қызметтік даярлықты жəне тəрбие процесін ұйымдастырудағы олқылықтары үшiн арнаулы (əскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітіргеннен кейiн қызмет өткеру үшiн келген қызметкерлерге тəртiптiк жауаптылық шараларын лауазымға кiрiскеннен кейiн кемiнде алты ай өткен соң қолдануға рұқсат етіледі.";

      41) 73-бапта:

      1-тармақтағы "арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарынан" деген сөздер "курсанттардан, тыңдаушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметкерлер қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып жəне арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тəртіппен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін нормалар бойынша мемлекет есебінен арнаулы киім нысанымен жəне басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.";

      екінші бөліктегі "арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарынан" деген сөздер "курсанттардан, тыңдаушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігіндегі "арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарынан" деген сөздер "курсанттардан, тыңдаушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6 жəне 7-тармақтардағы "арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарынан" деген сөздер "курсанттардан, тыңдаушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42) 74-баптағы "арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарынан" деген сөздер "курсанттардан, тыңдаушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43) 77-бапта:

      тақырыптағы, 1, 2 жəне 3-тармақтарындағы, 4-тармағының бірінші бөлігіндегі, 5-тармағындағы "Арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын", "Арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары", "арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары", "Арнаулы (əскери) оқу орындарының бiрiншi жəне екiншi курстар курсанттарына", "Арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары", "Арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарына" деген сөздер тиісінше "Курсанттарды, тыңдаушыларды", "Курсанттар, тыңдаушылар", "курсанттар, тыңдаушылар", "Бірінші жəне екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына", "Курсанттар, тыңдаушылар", "Курсанттарға, тыңдаушыларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармағындағы, 7-тармағының бірінші бөлігіндегі, 8-тармағының бірінші бөлігіндегі "Арнаулы (əскери) оқу орнының курсанты", "Арнаулы (əскери) оқу орнының курсантына", "Арнаулы (əскери) оқу орнының курсанты" деген сөздер тиісінше "Курсант, тыңдаушы", "Курсантқа, тыңдаушыға", "Курсант, тыңдаушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44) 78-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарынан" деген сөздер "курсанттардан, тыңдаушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 79-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарынан" деген сөздер "курсанттардан, тыңдаушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 80-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткерген кезеңде алған жарақаты (контузиясы), ауруы салдарынан қызметтен шығарылғаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның мұрагерлерiне қаза тапқан күнi немесе қызметтен шығарылған күні соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай жабдықталым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі.";

      47) 84-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкі республикалық мүлік болып табылады жəне жедел басқару құқығында болады.";

      48) 85-баптың 5-тармағындағы "арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын" деген сөздер "курсанттарды, тыңдаушыларды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан офицерлер жəне сержанттар (старшиналар) құрамдарының əскери қызметшісі;

      2) ауыспалы құрам – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан əрі – Қарулы Күштер) штат санына кірмейтін əскери оқу орындарында білім алып жатқан Қарулы Күштер əскери қызметшілерінің санаты;

      3) əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер – осы Заңда айқындалатын мерзімге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарына (бұдан əрі – Қарулы күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар) əскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;

      4) əскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды əскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру;

      5) əскерге шақыру жасына дейінгілер – əскери есепке алынғанға дейін əскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;

      6) əскерге шақырылушылар – жергілікті əскери басқару органдарының əскерге шақыру учаскелеріне тіркелген жəне мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;

      7) əскери атақ – əскери қызметшіге жəне əскери міндеттіге берілетін əскери айырым белгісі;

      8) əскери билет – азаматтың əскери қызметке тиесілігін жəне əскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке есептік-əскери құжаты;

      9) əскери бөлімнің штаты – жеке құрамның құрамын, ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын, санын жəне қару-жарақ кадастрына сəйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен əскери техника санын айқындайтын құжат;

      10) əскери есепке алу – əскерге шақырылушылар, əскери қызметшілер мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық жəне сапалық деректерді есепке алу жəне талдау жүйесі;

      11) əскери жиындар – əскери міндеттілер мен азаматтардың əскери білім алуы жəне оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда əскери басқару органдары, уəкілетті мемлекеттік органдар əскери даярлық бойынша өткізетін іс-шаралар.

      Əскери жиындар:

      оқу-жаттығу жиындары – əскери міндеттілерді, əскери оқу орындарына түскен кезде əскерге шақырылушыларды жəне əскери кафедралардың студенттерін даярлау жəне қайта даярлау мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;

      тексеру жиындары – соғыс уақытының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымында міндеттерді орындауға арналған, əскери бөлімдердің əзірлігін тексеру мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;

      арнайы жиындар – төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін əскери жиындар түрі болып бөлінеді;

      12) əскери интерн – əскери интернатурада білім алып жатқан əскери қызметші;

      13) əскери интернатура – жоғары əскери оқу орнының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын, клиникалық практикаға рұқсат алу үшін əскери қызметшілерді базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;

      14) əскери кафедра – запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша азаматтарды əскери даярлауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнының жанындағы кафедра;

      15) əскери киім нысаны – Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, əскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілігін айқындайтын, ерекшелік жəне айырым белгілері бар нысанды киім (киім-кешек) жəне жабдық;

      16) əскери қызмет – егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты əскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;

      17) əскери қызмет мерзімі – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметші мəртебесінде əскери қызмет өткерудің бүкіл кезеңі;

      18) əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт – уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азаматтың əскери қызметті өткеру кезеңіне тараптардың құқықтарын, міндеттерін жəне жауапкершілігін белгілейтін ерікті түрде əскери қызмет өткеру туралы шарт;

      19) əскери қызметтен шығару – əскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздер бойынша запасқа қойып немесе отставкаға шығара отырып, əскери бөлімнің тізімдерінен алып тастау;

      20) əскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

      21) əскери лауазым – əскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер жүктелген Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар мемлекеттік мекемесінің штаттық бірлігі;

      22) əскери міндеттілер – əскери есепте тұратын жəне əскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

      23) əскери міндеттілер запасы (бұдан əрі – запас) – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті əскери басқару органдарында əскери есепте тұратын, соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды толық жасақтау, жұмылдыра өрістету жəне олардың шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын, осы Заңда белгіленген жастағы əскери міндеттілер;

      24) əскери міндеттілік – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті;

      25) əскери оқу орны – Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына ведомстволық бағынысты жəне əртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      26) бастапқы əскери жəне технологиялық даярлық – орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын əскери іс негіздері, робот техникасы жəне ІТ-технологиялар бойынша міндетті оқыту пəні (оқу пəні);

      27) далалық шығу – далалық жағдайларда жауынгерлік, жұмылдыру жəне жедел дайындық бағдарламалары бойынша сабақтар, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мүддесінде арнайы далалық жұмыстарды орындау;

      28) докторант – докторантурада білім алып жатқан əскери қызметші;

      29) еңбек сіңірген жылдары – азаматтың əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы қызметте, фельдъегерлік қызметте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қызметте болуының күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын ұзақтығы;

      30) жалпыға бірдей əскери оқыту – Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс жағдайы енгізілген кезеңде əскери даярлыққа міндетті оқыту;

      31) жеке құрам – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;

      32) кадет – техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында білім алып жатқан əскери қызметші;

      33) келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер – осы Заңда айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға əскери қызметке ерікті түрде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;

      34) курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында немесе шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан, оны бітіргеннен кейін офицерлік құрамның бірінші əскери атағы берілетін əскери қызметші;

      35) курстық даярлық – халықаралық шарттарға немесе шақыруларға сəйкес шет мемлекеттердің əскери оқу орындарында, оқу орталықтарында немесе білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын, Қарулы Күштердің əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қосымша білім беру нысаны;

      36) қолданыстағы резерв – барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындайтын əскери қызметшілер;

      37) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы – əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді өтеусіз, өтеулі негіздерде оқыту мақсатында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша, сондай-ақ шаруашылық қызметі негізінде көлік құралдарын басқару бойынша жəне техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша азаматтарды даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйым;

      38) магистрант – магистратурада білім алып жатқан əскери қызметші;

      39) мерзімді əскери қызмет – ер азаматтарды осы Заңда айқындалған тəртіппен Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға қатардағы жəне сержанттық құрамдардың əскери лауазымдарына шақыруға негізделген əскери қызмет;

      40) отставка – əскери қызметтен шығарылған немесе əскери есептен алып тасталған, запаста болудың шекті жасына толған адамдардың не əскери есептен алып тасталып, əскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардың жағдайы;

      41) офицерлер – офицерлік құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер;

      42) психофизиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер – Қазақстан Республикасының əскери қызметшілері мен азаматтарының жеке психологиялық жəне психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған, тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдарда əскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде жүзеге асырылатын тексеру іс-шараларының жиынтығы;

      43) ротация – əскери қызметшілерді Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы тең жəне өзге де лауазымдарға ауыстыру;

      44) сарбаздар (матростар) – сарбаздар (матростар) құрамының əскери лауазымдарын атқаратын əскери қызметшілер;

      45) сержанттар (старшиналар) – сержанттық (старшиналық) лауазымдарды атқаратын əскери қызметшілер;

      46) тəрбиеленушілер – əскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары;

      47) теңізге шығу – міндеттерді орындау үшін корабльдер мен кемелер экипаждарының, əскери қызметшілердің ашық теңізге шығуы;

      48) уəкілетті лауазымды адам – Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан əрі – Əскери қызмет өткеру қағидалары) белгіленген тəртіппен əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу құқығы берілген лауазымды адам;

      49) уəкілетті орган – құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;

      50) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда мемлекеттік мекемелерді жəне олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлермен əскери құралымдардың құрамы мен штат санын өзгерту бойынша жүргізілетін іс-шаралар;

      51) ұлан – негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, əскери оқу орнының бірінші немесе екінші курсында білім алып жатқан адам.";

      2) 2-баптың 1-тармағындағы "Қарулы Күштердегі" деген сөздер "Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-баптың төртінші бөлігіндегі "Қарулы Күштердегі" деген сөздер "Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-бапта:

      1-тармақта:

      үшінші бөлікте:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түскендер, егер бұған дейін олар əскери қызметшілер болып табылмаса – əскери оқу орындары үшін, ұландарды қоспағанда, оқу құрамының тізімдеріне қабылдау туралы əскери оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік əскери оқу орнына түскен кезде – уəкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;";

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын аяқтаған ұландар əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру жəне ауыспалы құрамның кадеті əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азамат əскери қызметтен шығарылуға (əскери жиындардың аяқталуына) байланысты əскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстырылған жағдайда əскери қызметші мəртебесін жоғалтады.";

      3-тармақтың 5) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан;

      6) далалық шығуда (теңізге шығуда) болған оқу-жаттығуларға немесе корабльдердің жорықтарына қатысқан;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Əскери қызметшілерге олардың мəртебесін куəландыру үшін уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жеке нөмірлері бар жетондар, əскери қызметшінің жеке куəліктері (əскери билеттер) жəне (немесе) қызметтік куəліктер беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдарының жедел-іздестіру жəне барлау қызметін жүзеге асыруға уəкілеттік берілген офицерлік құрамының əскери қызметшілеріне олардың жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі əскери барлау органдарының қызметтік куəліктері беріледі.

      Қызметтік куəлікті беру, пайдалану тəртібін жəне оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органы əскери қызметшісінің қызметтік куəлігі оның қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес оған берілген өзге де өкілеттіктерін растайды.

      7. Заңнамалық тұрғыдан бекітіп берілген міндеттерді орындау мақсатында əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының əскери қызметшілері мен қызметкерлеріне өздерінің жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін қызметтік куəліктер мен жетондар беріледі.

      Қызметтік куəліктер мен жетонды беру, пайдалану тəртібін жəне олардың сипаттамасын уəкілетті органның басшысы айқындайды.

      Əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының əскери қызметшілері мен қызметкерлерінің қызметтік куəлігі олардың қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес əскери қызметшілер мен қызметкерлерге берілген өзге де өкілеттіктерді растайды.";

      5) 6-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде уəкілетті органдардың бірінші басшылары көздеген тəртіппен мемлекет есебінен ақшалай ризықпен қамтамасыз етілуге;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) өздерінің құқықтарының бұзылғаны туралы білген күннен бастап өздеріне қатысты қабылданатын шешімдер мен əрекеттерге үш айдан кешіктірмей жоғары тұрған лауазымды адамдарға жəне (немесе) сотқа шағым жасауға;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен, уəкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша əскери оқу орындарына түсуге, курстық даярлаудан, кəсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан жəне біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына əскери емес мамандықтар бойынша түсуге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа);";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Əскери қызметшілердің өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.";

      6) 7-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде өзін ротациялау туралы уəкілетті орган басшысының шешімін орындауға;";

      4) тармақшадағы "Қарулы Күштердің" деген сөздер "Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) əскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауға;";

      2-тармақтағы "Қарулы Күштер" деген сөздер "Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Əскери қызметшілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.";

      7) 8-баптың 8) тармақшасындағы "атқаруға құқылы емес." деген сөздер "атқаруға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) уəкілетті басшының жіберуі бойынша мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куəландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқылы емес.

      Куəландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару əскери қызметтен шығаруға алып келеді.";

      8) 9-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтарды əскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы азаматтармен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілермен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауды;";

      9) 12-бапта:

      тақырып, 1, 2, 3, 4, 5 жəне 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау

      1. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау Қарулы Күштердің қажеттілігіне сəйкес өтеусіз негізде жəне оқуға арналған шығыстар толық немесе ішінара өтеле отырып, өтеулі негізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында жүргізіледі.

      Оқуға арналған шығыстарды ішінара өтеу кезінде оқу-жаттығу атыстарын өткізу жəне жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан əрі – Қорғаныс министрлігі) есебінен жүзеге асырылады.

      2. Өтеусіз негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі, даярлықты бітіргеннен кейін мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын немесе жұмылдыру резервіне алынатын азаматтар тартылады. Кіші мамандарды даярлауға бөлінген тапсырысты Қорғаныс министрлігі қалыптастырады.

      3. Өтеулі негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға:

      денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды əскери міндеттілер;

      денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, соның ішінде əскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі əскерге шақырылушылар тартылады.

      4. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру тəртібін, сондай-ақ оқу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.

      5. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша білім алатын əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің санын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жұмылдыру ресурстарына не кіші мамандарға қажеттілікті негізге ала отырып айқындайды.

      6. Əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді əскери- техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқытудың басталуы мен аяқталуы болып Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы басшысының оқуға қабылдау жəне оны бітіру туралы бұйрықтары шыққан күн есептеледі.

      Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқып жатқан азаматтар оқу кезеңінде əскери қызметші мəртебесіне ие болмайды.";

      7, 8, 9 жəне 10-тармақтар алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқу кезеңінде əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы кезеңде олар, заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарып жіберілмейді.";

      10) 13-баптың 1-тармағындағы "Қарулы Күштердің" деген сөздер "Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 15-баптың 4-тармағындағы "Қарулы Күштерде" деген сөздер "Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 16-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтарды əскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жəне медициналық куəландыруды Қорғаныс министрлігі бекітетін Əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушыларды əскери есепке алу қағидаларына жəне Қарулы Күштерде əскери-дəрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сəйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың əкімдері ұйымдастырады жəне қамтамасыз етеді.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық (əскери-дəрігерлік) комиссия əскери қызметке жарамсыз деп танып, əскери есептен алып тасталған азаматтар əскери есепке қабылданбайды.";

      6-тармақта:

      бірінші бөліктің 1), 2), 3), 4) жəне 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) комиссия төрағасы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;

      2) комиссия мүшелері:

      ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті əскери басқару органының өкілі;

      ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі; мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы;

      хатшы.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Азаматтарды əскерге шақыру пункттеріне (учаскелеріне) тіркеу графигін жергілікті атқарушы органның басшысы бекітеді.";

      13) 17-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімдері, сондай-ақ əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) əскерге шақыру жасына дейінгілерді тіркеген жəне азаматтарды əскери қызметке шақырған кезде азаматтарды басқа жергілікті жерлерден облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың əскерге шақыру (жиын) пункттеріне жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы уəкілетті орган жергілікті əскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мəліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы жеті жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.";

      14) 18-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) əскери оқу орындары кадеттерінің, курсанттарының, адъюнкттерінің, магистранттарымен докторанттарының, əскери интерндерінің əскери қызметі жəне оқуы жатады.";

      15) 20-бапта:

      төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сержанттар (старшиналар) құрамына:

      кіші сержанттарға – бір жыл;

      сержанттарға – екі жыл;

      аға сержанттарға – үш жыл;

      3-сыныпты сержанттарға – төрт жыл;

      2-сыныпты сержанттарға – бес жыл;

      1-сыныпты сержанттарға – алты жыл;";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сарбаздар (матростар) құрамына, жоғары сержанттық құрамға, полковниктерге (бірінші дəрежелі капитандарға) жəне жоғары офицерлік құрамға əскери атақтарындағы еңбек сіңірген жылдары белгіленбейді.";

      алтыншы бөліктегі "Қарулы Күштердегі" деген сөздер "Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 21-бапта:

      1-тармақтағы "Қарулы Күштердің" деген сөздер "Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Қарулы Күштердегі" деген сөздер "Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Əскери қызметшiлерді жасақтау, əскери лауазымдарға тағайындау, орнын ауыстыру, əскери лауазымдарынан босату, мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстыру жəне қызметтен шығару Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес жүргiзіледi.

      Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға тағайындалатын Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:

      "4-2. Оқудың үшінші курсына ауыстырылған ұлан, сондай-ақ жалпы орта білім беру базасындағы азамат немесе техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына қабылданған əскери қызметші Қарулы Күштердің кадеті не курсанты немесе əскери интерні ауыспалы құрамының əскери лауазымына тиісінше тағайындалады.

      Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып білім алушыларды қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнына келісімшарт бойынша қабылданған əскери қызметші бұрын атқарған əскери лауазымынан босатылады жəне Қарулы Күштердің магистранты не докторанты немесе адъюнкті ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындалады.";

      5-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      4) жəне 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсiздігі мүддесінде жұмыстарды орындау мақсатында мемлекеттік органдарға, халықаралық жəне басқа да ұйымдарға iссапарға жiберілуіне байланысты уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;";

      "6) шетелге қызметке, оқуға жіберілген əскери қызметші жұбайымен (əскери қызметші зайыбымен) бірге болған кезде уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8), 9) жəне 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) əскери тағылымдама аяқталғанға дейін – оқып жатқан елдің заңнамасына сəйкес оқу бағдарламасы əскери тағылымдаманы көздейтін шет мемлекеттің жоғары əскери оқу орнын бітіруіне байланысты офицерлік құрамның "лейтенант" бірінші əскери атағы берілген əскери қызметшілер уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған;

      9) оқу уақытында – күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына жіберілген жəне түскен əскери қызметшілер командирдің (бастықтың) қарамағында болған;

      10) жиындар өткізу уақытында – əскери жиындар кезеңінде уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған жағдайларда, əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткереді.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Əскери лауазымдарда болу мерзімдері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.

      7. Əскери қызметші жыл сайынғы негізгі демалыстарда, əскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдер қарамағында болу мерзіміне есептелмейді.";

      17) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Басқа жергілікті жерге ауыстыруға байланысты ротациялауға мүгедек зайыбы (жұбайы) бар, мүгедек балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған мүгедек балалары бар немесе асырауында қартайған ата-анасы болатын адамдар жатпайды. Көрсетілген мəн-жайлар Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тəртіппен актімен расталуы тиіс.";

      18) 22-1-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "Қарулы Күштердің" деген сөздер "Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Əскери прокуратура органдарының əскери қызметшілері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде уəкілетті орган басшысының шешімі бойынша аттестаттау кезінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.";

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Қарулы Күштердің" деген сөздер "Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 23-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктегі "Қарулы Күштердің" деген сөздер "Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал əскери киiм нысанының жекелеген заттарын киіп жүру жəне айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн уəкілетті органдардың бiріншi басшылары белгілейдi.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 13) жəне 14) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда күнтізбелік есептеумен жиырма бес жəне одан көп жыл мінсіз қызмет еткен азаматтарға запасқа немесе отставкаға шығарылған кезде əскери киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі.";

      20) 24-баптың 2-тармағында:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Əскери қызметші жұбайының (əскери қызметші зайыбының) одан əрі əскери қызмет өткеруіне (оқуға түсуіне) байланысты шетелге кеткен əскери қызметшілердің шетелде болу уақыты еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік қызмет, соның ішінде құқық қорғау қызметі өтіліне мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органда əскери лауазымға уақытша тағайындалған кезеңдегі уақыт, сондай-ақ олардың бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысу уақыты есептеледі.

      Мемлекеттік қызметке кірген адамдар үшін əскери қызмет өткеру уақыты мен əскери лауазымға тағайындалу кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.";

      21) 25-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) майорға (үшіншi дəрежелi капитанға) дейiнгіні қоса алғанда, аға сержанттық құрамның жəне офицерлік құрамның əскери қызметшілеріне – қырық жеті жас;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) подполковниктерге – қырық сегіз жас;";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шекті жасқа толған əскери қызметшіге баянаты бойынша уəкілетті органның басшысы:

      1) ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы, магистр немесе доктор дəрежесі болған жəне ол əскери оқу орындарында, əскери кафедраларда оқытушылық немесе ғылыми қызметті жүзеге асырған;

      2) денсаулық жағдайы бойынша əскери қызмет өткеруге жарамды, емдеу қызметін жүзеге асыратын медицина персоналы лауазымында немесе мемлекеттік авиацияда ұшу құрамының лауазымында не əскери прокуратура органдары офицерлік құрамының лауазымында əскери қызмет өткерген, жоғары кəсіби даярлығы, атқаратын лауазымында жұмыс тəжірибесі болған жағдайларда, онымен жаңа келісімшарт жасасу арқылы əскери қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартады.";

      22) 26-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      6), 7), 9), 10) жəне 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына ауысуды қоспағанда, мемлекеттік органдарға немесе мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік қызметке ауысу;

      7) əскери қызметшіге қатысты келісімшарт талаптарын елеулі жəне (немесе ) жүйелі түрде (екі жəне одан көп рет) бұзу;";

      "9) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайлану немесе тағайындалу;

      10) судья лауазымына сайлану немесе тағайындалу;

      11) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;";

      13) тармақшада:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куəландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару;";

      алтыншы абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "осы Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;";

      тоғызыншы абзац алып тасталсын;

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "арнаулы мемлекеттік орган немесе ішкі істер органы əскери қызметшісінің қатарынан үш жəне одан көп сағат бойы дəлелсіз себептермен қызметте болмауы;";

      он бірінші абзац алып тасталсын;

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайлар;";

      мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншік құқығымен тиесілі үлестерін, акцияларын (акциясын) жəне пайдалану кіріс алуға əкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;";

      14) тармақшадағы "қызметіне сай келмеу əскери қызметшілерді қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады." деген сөздер "анықталған қызметіне сай келмеу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ əскери интерндерді, магистранттарды, докторанттарды жəне адъюнкттерді жоғары əскери оқу орындарынан шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, əскери оқу орнынан шығарып жіберу əскери қызметшілерді əскери қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Əскерге шақыру бойынша əскери қызметшiлер – осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 4), 9), 10) жəне 11) тармақшаларында, 13) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарында көзделген негіздер бойынша, ал офицерлік құрамның əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілер осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасында жəне 13) тармақшасының екінші абзацында да көзделген негіздер бойынша əскери қызметтен шығарылады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы жəне 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған немесе көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген əскери қызметшілерге əскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу жəрдемақысы:

      1) келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге: əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 10 жылдан аз болғандарға – үш айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;

      əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 10 жылдан 20 жылға дейін болғандарға – бес айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;

      əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 20 жылдан 30 жылға дейін болғандарға – жиырма айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;

      əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 30 жылдан астам болғандарға – отыз айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде төленеді;

      келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бір жылдан аз қызмет өткерген немесе оқыған жəне келісімшарт бойынша əскери қызметтен шығарылған немесе əскери оқу орындарынан шығарып жіберілген, осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сəйкес келісімшарт бойынша əскери қызметке кірген сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының əскери қызметшілері, мерзімді қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген, жиырма алты жасқа толмаған, бірақ он сегіз жастан кіші емес əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери бөлімдерге жіберіледі.

      Бұрын мерзімді қызмет өткермеген, он сегіз жасқа толмаған, бір жылдан аз оқыған жəне шығарып жіберілген əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери қызметке шақыруға əскерге шақырылушыларды əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті əскери басқару органдарына жіберіледі.

      Əскери оқу орнынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер үшін əскери қызметшілер мəртебесінде əскери оқу орындарында оқу уақыты мерзімді қызмет мерзіміне есептеледі.

      Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату салдарынан əскери оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан əскери қызметші əскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.

      Əскери оқу орнына қайта қабылдау Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сəйкес, оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

      Əскери оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық айға пропорционалды түрде өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.

      Əскери оқу орындарында əскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тəртібін уəкілетті органның бірінші басшысы айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Əскери қызметтен шығарылған адамдар қызметтен шығару туралы шешімге тиісті бұйрықтан үзінді көшірмемен танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жоғары тұрған қолбасшылыққа не сотқа шағым жасауға құқылы.";

      23) 27-бапта:

      1-тармақтағы "Қарулы Күштерді" деген сөздер "Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде – жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы, ал мерзімді əскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.";

      24) 28-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың əскерге шақыру комиссиялары жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша əскерге шақыруды жүргізу кезеңiнде мынадай құрамда құрылады:

      1) комиссия төрағасы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;

      2) комиссия мүшелері:

      ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті əскери басқару органының бастығы;

      ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;

      ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары – медициналық комиссия төрағасы;

      хатшы.

      Əскерге шақыру комиссияларының құрамына мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзге де өкiлдерi кiруi мүмкiн. Əскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді.

      Азаматтарды əскери қызметке шақыруды жүргізу графигін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.

      Əскерге шақыру комиссиясының мүшелері азаматтарды мерзімді əскери қызметке заңсыз шақырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.";

      2-тармақтың 3) жəне 4) тармақшалары алып тасталсын;

      3-тармақтың бірінші жəне екінші бөліктері алып тасталсын;

      25) 29-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтардың əскери қызметке жарамдылық дəрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалалармен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде медициналық комиссиялар құрылады, олар:

      1) əскерге шақыру жасына дейінгілерді;

      2) əскерге шақырылушыларды;

      3) əскери жиындарға шақырылатын əскери міндеттілерді;

      4) əскери оқу орындарына, əскери кафедраларға, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куəландырудан өткiзеді.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      26) 31-баптың екінші бөлігіндегі "Қарулы Күштердi" деген сөздер "Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Əскери мiндеттілердi əскери жиындарға шақыру

      Əскери мiндеттiлер:

      1) орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізiнде;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізетін жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс дайындығы жөніндегі іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана əкімдігінің қаулысы негізінде əскери жиындарға шақырылады.";

      28) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;";

      29) 37-бапта:

      1-тармақтағы "Қарулы Күштердiң" деген сөздер "Қарулы Күштердiң, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "Қарулы Күштерде" деген сөздер "Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімі бар жəне алты ай қызмет өткерген мерзiмдi əскери қызметтегі əскери қызметшілер Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.

      Ұлан оқудың үшінші курсына ауысқан кезде əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Офицерлік құрамды əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілер əскери қызмет мерзімі өткеннен кейін Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.";

      30) 38-бапта:

      1 жəне 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;

      2) қажетті жеке, моральдық жəне кəсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды болуға;

      3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға жəне əскери қызметте болудың шекті жасына толуға:

      келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретіндер немесе сарбаздар (матростар) құрамының жəне кіші сержанттық құрамның лауазымдарына тағайындалу үшін – он бес жас;

      кіші офицерлік жəне аға сержанттық құрамдардың лауазымдарына тағайындалу үшін – он жас;

      аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның лауазымдарына – бес жас қалғанға дейін;

      4) əйелдерді қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.

      Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар əскери қызмет өткеруге байланысты заңдармен белгіленген шектеулерді жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.

      2. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке:

      1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабілеті шектеулi деп таныған;

      2) əскери-дəрiгерлiк комиссияның қорытындысына сəйкес əскери қызметміндеттерін орындауға кедергі келтiретін ауруы бар;

      3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;

      4) əскери қызметшінің əскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;

      5) заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      6) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

      7) əскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тəртібімен əкімшілік жаза қолданылған;

      8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      9) тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куəландырудан өтпеген;

      10) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

      11) мемлекеттік немесе əскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан жəне əділет органдарынан терiс уəждер бойынша шығарылған;

      12) арнайы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, əжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) жəне оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған;

      13) уəкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;

      14) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;

      15) өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан адам қабылданбайды.

      Əскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.

      Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін кезде азамат жəне оның зайыбы (жұбайы) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мəліметтерді ұсынуға міндетті.";

      31) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі, сондай-ақ шығарып жіберу жəне қайта қабылдау. Əскери оқу орындарында білім алып жатқан азаматтармен əскери қызмет өткеру туралы келiсімшарттар жасасу

      1. Жалпы орта білім беру базасында жоғары, техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге:

      1) əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма екі жастан аспаған азаматтардың;

      2) əскери қызмет өткерген азаматтардың жəне мерзiмдi əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;

      3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісiмшарт бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшiлердің құқығы бар.

      Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі уəкілетті орган бекітетін Əскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      Кадеттер, курсанттар құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда:

      жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;

      əскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдары түлектерінің;

      қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе əскери қызмет өткерген кезеңде мүгедек болып қалған əскери қызметшілер балаларының;

      "Алтын белгі" белгісімен наградталған адамдардың;

      тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградтталған жеңімпаздарының артықшылықты құқығы бар.

      Шетелдік əскери оқу орындарына оқуға жіберілген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сəйкес білім алады.

      2. Негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтардың құқығы бар.

      3. Əскери-дəрігерлік комиссияның оң қорытындысы негізінде қайта қабылданған адамдарды қоспағанда, егер шығарып жіберілген күнінен бастап бір жыл өтпесе, адамның əскери оқу орнына қайта қабылдануына рұқсат берілуі мүмкін.

      4. Əскери қызметтен теріс себептермен шығарылған адам əскери оқу орнына қайта қабылданбайды.

      5. Жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын əскери оқу орындарының түлектеріне "лейтенант" əскери атағы беріледі.

      Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарын бітіргеннен кейін əскери қызметшілерге "кіші сержант" əскери атағы беріледi.

      Əскери-медициналық факультеттің курсанттарына "медицина қызметінің лейтенанты" əскери атағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды бітіргеннен кейін беріледі.

      Əскери интернатура бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыратын əскери қызметшілер ауыспалы құрамның əскери интерні əскери лауазымында əскери қызмет өткереді.";

      32) 39-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі жəне 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге өздерінің кадр органдарының жіберуі бойынша əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға рұқсаты болған кезде Қарулы Күштердің азаматтық персонал адамдарының құқығы бар. Бұл ретте Қарулы Күштердің азаматтық персонал адамдары қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып қана білім алады.";

      "4. Магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалған əскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сəйкес ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.";

      33) 40-баптың 1-тармағының 1), 5) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) үш жылға – келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін;";

      "5) курсанттар, кадеттер жəне əскери интерндер үшін – əскери оқу орнындағы оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейiн əскери қызметтің он жылына (ұшу құрамының курсанттары үшін – оны бітіргеннен кейін əскери қызметтің он бес жылына);

      6) тыңдаушылар, магистранттар, докторанттар, адъюнкттер үшін – оқу мерзіміне жəне əскери оқу орнын бітіргеннен кейін əскери қызметтің бес жылына не əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалады.";

      34) 41-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) запасқа алына отырып, əскери қызметтен жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) арнаулы мемлекеттік органдардың:

      қатардағы жəне сержанттық құрам қатарынан;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен;

      теріс себептер бойынша;

      келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығарылған қызметкерлері;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеулі негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқудан өткен адамдар запасқа алынды деп есептеледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мерзiмдi əскери қызметке шақырудан босатылған жəне жиырма жеті жасқа толуына байланысты əскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуімен əскери қызмет өткермеген адамдарды, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде оқудан өткен азаматтарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi əскери басқару органдары запастағы "қатардағы жауынгер" ("матрос") əскери атағын бере отырып, запасқа алады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлер өздерінің арнаулы атағына тең запастағы əскери атақ беріле отырып, запасқа алынып, жергiлiктi əскери басқару органдарына есепке алуға жіберіледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болуы барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындау кезінде əскери қызмет өткеруді қамтиды. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болу тəртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.";

      35) 44-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Əскери жиындар кезеңіндегі əскери міндеттілерді қоспағанда, əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.

      Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.

      Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілердің, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.

      Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін қызмет өтіліне:

      1) еңбек сіңірген жылдары;

      2) мемлекеттік қызметте болу уақыты;

      3) əскери қызметке кірер алдында соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе сəйкес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты кіреді.

      Келісімшарт бойынша əскери қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларымен əскери атақтары бойынша айлық ақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерінен жəне тиісті арнаулы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.

      Əскери қызметшілерге ақшалай ризық:

      1) дəлелсіз себептермен əскери қызметте болмаған;

      2) осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 6), 8) жəне 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткерген;

      3) қамақта болған кезеңдерде;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.

      Ақшалай ризықты, жəрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тəртібін уəкілетті органдар белгілейді.";

      5-тармақта:

      үшінші жəне төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарына жəне жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде əскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету жөніндегі шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тəртібі мен шарттарына сəйкес көрсетілген медициналық қызметтерді қоспағанда, емделуге жұмсалған қаражатты əскери қызметшілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде құрылымында олар əскери қызмет өткеретін уəкілетті орган өтейді.";

      бесінші бөліктегі "Қарулы Күштердің" деген сөздер "Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:

      бірінші бөліктің 9) жəне 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) күзету бойынша əскери эшелон, қарауыл құрамында барған жəне əскери жүкпен қабылдау орнына дейін жəне кері қайтқанда ілесіп жүрген кезде;";

      "11) гауптвахтаға жапқан кезде;";

      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші жəне сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен жалпы əскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді.

      Оқу-жаттығу жиындары кезеңінде əскери кафедралардың студенттері, əскери оқу орындарына түскен кезінде əскерге шақырылушылар, сондай-ақ "Жас ұлан" республикалық мектептеріне оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген жəне казармалық жағдайда тұратын кандидаттар тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

      Тамақтандыруды ұйымдастыру тəртібін уəкілетті органның басшысы айқындайды.

      Ұдайы жауынгерлік əзірліктегі əскери бөлімдерде взвод (топ, есептоп) жəне рота (батарея, жеке взвод, 4-дəрежелі корабль) бөлімшелеріндегі офицерлік құрам лауазымдарындағы, сондай-ақ қатардағы жəне сержанттық құрамдар лауазымдарындағы Қарулы Күштердің əскери қызметшілері қызмет уақытының регламентінде белгіленген жұмыс күндері мемлекет есебінен тамақтандырумен (түскі аспен) қамтамасыз етіледі.

      Осы тармақта көрсетілген əскери бөлімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уəкілетті орган айқындаған тəртіппен əскери қызметшілердің:

      1) əскери қызметке, əскери жиындарға шақырылған;

      2) басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында жаңа қызмет орнына ауысқан;

      3) уəкілетті орган жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;

      4) əскери-медициналық бөлімшелер Қазақстан Республикасының шегінде стационарлық емдеу орнына, оның ішінде əскери-дəрігерлік (ұшу) комиссиядан өту үшін жіберген жəне кері қайтқан;

      5) қызметтік іссапармен жол жүрген жəне кері қайтқан;

      6) оқу-жаттығуларға, далалық шығуға (теңізге шығуға), əскерлер парадтарына жол жүрген жəне кері қайтқан;

      7) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан жəне кері қайтқан;

      8) ұрыс қимылдарына, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттерді орындауға қатысқан;

      9) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан;

      10) терроризмге қарсы операцияларға қатысқан;

      11) əскери жүктерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерден тұратын құжаттарды, бұйымдарды жəне əскери жүктерді күзету жəне ілесіп жүру бойынша қарауыл құрамында қабылдау (тапсыру) орындарына дейін барған жəне кері қайтқан;

      12) мыналармен:

      əскери шақырылғандар, əскери міндеттілер бар командалармен;

      қамаққа алынған, ұсталған əскери қызметшілермен, əскери міндеттілермен;

      қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің мəйіті салынған табытпен жерлеу орнына дейін ілесіп жүрген жəне кері қайтқан жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.

      Əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уəкілетті органның басшысы белгілеген тəртіппен əуе көлігімен ішкі жəне халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.

      Курсанттарды, кадеттерді жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді қоспағанда, əскери қызметшілердің басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде өз мүлкін теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстардың уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен автомобиль жолының əрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде мемлекет есебінен өтелуіне құқығы бар.

      Курсанттарды, кадеттерді жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді қоспағанда, əскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде əскери бөлім немесе бөлімше құрамында) ауысқан кезде оларға, əскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай жабдықталым жəне əрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай жабдықталымның жартысы мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді.";

      36) 46-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші жəне екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі, оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына қарай күнтізбелік есептеумен белгіленеді:

      1) кемінде он жыл – 30 тəулік;

      2) он жылдан он бес жылға дейін – 35 тəулік;

      3) он бес жылдан жиырма жылға дейін – 40 тəулік;

      4) жиырма жəне одан көп жыл – 45 тəулік.

      Ұшу жұмыстарында, корабльдік қызметте болатын, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқаратын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілейтін тізбе бойынша жергілікті жерлерде қызмет өткеретін əскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тəулік демалыс беріледі.";

      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге (əскери интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, адъюнкттерге) жазғы каникулдық демалыс берумен, жыл сайынғы негізгі демалыс беріле отырып, екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлеу жүргізіледі.

      Əскери интерндердің, магистранттардың, докторанттардың, адъюнкттердің жазғы жəне қысқы каникулдық демалысының жиынтығы жыл сайынғы негізгі демалысқа теңестіріледі.

      Келісімшарт бойынша əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, ол сауықтыруға арналған жəрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына пропорционалды түрде өтеуге міндетті.";

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа, əскери қызметшіге оның баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде айқындалатын тəртіппен бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс беріледі.";

      екінші жəне үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жыл сайынғы негізгі жəне қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы тиісті жылға 60 тəуліктен аспауға тиіс, бұл ретте демалыс орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі. Демалыс орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақытты беру тəртібі Əскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленеді.

      Келісімшарт бойынша əскери қызметшінің демалысы қызмет мүддесі ескеріле отырып, бөліктерге бөлінуі мүмкін.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Əскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа) оқуға түсу емтихандарына дайындалу жəне тапсыру үшін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде оқу жоспарында айқындалған мерзімге оқу демалыстары беріледі, ал ғылым кандидаты, докторы ғылыми дəрежелерінің, философия докторы (PhD) жəне бейіні бойынша доктор дəрежелерінің ізденушілері болып табылатын əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.";

      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Демалыстың өткен жылы пайдаланылмаған бөлігі əскери қызметшіге оның баянаты бойынша ағымдағы жылы бөлек беріледі не жыл сайынғы негізгі ақы төленетін демалысына қосылады.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Əскери қызметшілердің жұмыс істейтін əйелдеріне (күйеулеріне) жыл сайынғы демалыстар жұмыс берушімен келісу бойынша олардың күйеулерінің (əйелдерінің) кезекті демалысымен бір мезгілде берілуі мүмкін. Бұл ретте демалыс ұзақтығы жұмыс берушімен келісу бойынша жалақы сақталмайтын қосымша демалыс беру есебінен күйеуінің (əйелінің) демалыс ұзақтығына тең болуы мүмкін.";

      37) 48-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-бап. Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының тəрбиеленушілерін, ұландарын, кадеттері мен курсанттарын əлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері";

      бірінші, екінші, үшінші жəне бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілер, əскери оқу орындарының курсанттары, кадеттері, тəрбиеленушілері мен ұландары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша заттай мүлікпен, тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

      Демалысқа, каникулға кеткен кезде оларға демалыс, каникул өткізу орнына дейін бару кезеңіне азық-түлік үлесі беріледі.

      Қысқа мерзiмдi демалысқа барған жəне керi қайтқан кезде мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерге, каникулдық демалысқа жəне тағылымдамаға барған кезде, сондай-ақ керi қайтқанда əскери оқу орындарының курсанттарына, кадеттеріне темiржол, автомобиль жəне ішкі су көлiгiмен мемлекет есебiнен жол жүру құқығы берiледi. Шетелдік əскери оқу орындарында білім алып жатқан курсанттарға да оқуға жіберілген жəне каникулдық демалысқа барған кезде жəне керi қайтқанда əуе көлігімен мемлекет есебiнен жол жүру құқығы берiледi.";

      "Мерзімді əскери қызмет өткерген жəне əскери оқу орнында оқыған кезде тұру үшін əскери қызметшілер казармаларға орналастырылады. Курсанттарға, кадеттерге жəне ұландарға да əскери оқу орнында оқу уақытына жатақхана берілуі мүмкін.";

      38) 51-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтыну салдарынан;";

      39) 52-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Курсанттардың, кадеттердің жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоспағанда, əскери қызметшілердің өздерімен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелеріне:

      əскери қызметші басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында ауысқан;

      уəкілетті орган əскери қызметшіні əскери бөлім тізімдерінен алып тастап, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;

      Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша қызметтен шығаруды қоспағанда, əскери қызметші əскери қызметтен шығарылған жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығы беріледі.";

      40) 53-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "Қарулы Күштердің" деген сөздер "Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) 54-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Əскери қызметшілердің əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жоғары тұрған лауазымды адамдарға жəне (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.";

      42) 55-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер мұндай əскери қызметшілерге осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін кезекті əскери атақтар берілсе, онда əскери қызметте болудың шекті жастары осы Заңның 25-бабына сəйкес белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. "Подполковник" əскери атағы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жəне 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген əскери қызметшілер шекті жасқа – қырық жеті жасқа толғаннан кейін қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейінгі мерзімге осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған əскери қызмет өткеру туралы келісімшарттардың күші əскери қызметшілер осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген шекті жастарға толғанға дейін қолданылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Əскери қызмет кезеңіне ғана қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету бөлігінде осы Заңның күші əскери қызметмерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған, көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттерден, курсанттардан жəне əскери жиындар кезеңінде əскери міндеттілерден басқа) қолданылады.

      Тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төлеу əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған, көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген əскери қызметшілерге олар тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттерден, курсанттардан жəне əскери жиындар кезеңінде əскери міндеттілерден басқа) жүргізіледі.";

      8-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші жəне екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жəне одан көп жыл болған келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге əскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде:

      еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін болғандарға – төрт айлық ақшалай жабдықталым;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығу кезінде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.".

      17. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы, өкілеттіктері жəне қызмет ету тəртібі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітетін ережеде айқындалады.";

      2) 55-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 56-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жедел қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;";

      4) 67-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ұшуды жəне корабль жүргізуді əуежайлық (əуеайлақтық) қамтамасыз ету құқығы беріледі.".

      18. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар):

      1) 10-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Ведомствоның білім беру ұйымдары";

      1-тармақтағы "Уəкілетті органның білім беру ұйымдары" деген сөздер "Ведомствоның білім беру ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші абзацындағы "Уəкілетті органның білім беру ұйымдарының" деген сөздер "Ведомствоның білім беру ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 12-бапта:

      1-тармақта:

      70-27) тармақшадағы "уəкілетті органның білім беру ұйымдарының" деген сөздер "ведомствоның білім беру ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 70-33), 70-34), 70-35) жəне 70-36) тармақшалармен толықтырылсын:

      "70-33) зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      70-34) өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      70-35) Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын бекітеді;

      70-36) уəкілетті органның жедел резервін ұстауды қамтамасыз етеді;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уəкілетті орган ведомствосының жалауы мен рəмізі болады. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдарының жалаулары болады.

      Уəкілетті орган ведомствосының жалауы мен рəмізінің, ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдары жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";

      3) 22-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацы алып тасталсын;

      4) 27-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аттестаттауды уəкілетті орган белгілеген тəртіппен құрылатын аттестаттау комиссиялары өткізеді.";

      5) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары

      1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрттің алдын алуды жəне оны сөндіруді, авариялық-құтқару жəне кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары ведомстводан, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінен, мемлекеттік мекемелерінен жəне білім беру ұйымдарынан тұрады.";

      6) 60-баптың 2-тармағындағы "уəкілетті органның білім беру ұйымдарын" деген сөздер "ведомствоның білім беру ұйымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 9-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 16-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін, тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.";

      3) 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа əскерлері мен əскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері əскери полиция органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.";

      4) 74-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "В", "С" санаттарындағы, сондай-ақ "С1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар тапсыруға он жеті жасқа толған жəне жергілікті əскери басқару органдарының жолдамалары бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін тиісті даярлаудан өткен, жүргізушілік жұмыс өтілі жəне "С1" санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі жоқ адамдар жіберіледі.

      Аталған адамдарға ұлттық жүргізуші куəліктері олар он сегіз жасқа толғанда беріледі.".

      20. "Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19- II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" жəне "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      28-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уəкілетті ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде қару-жарақтың, əскери техника мен жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттардың жəне олар қолданылып жасалатын бұйымдардың айналымы саласындағы қызметті лицензиясы болмай жүзеге асыруына жол беріледі.".

2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16-тармағы 35) тармақшасының отызыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев