Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 5 мамырдағы № 59-VІ ҚРЗ.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 6 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      267-бапта:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көмірсутектерді және өзге де қауіпті заттарды Каспий теңізі акваториясында танкермен тасымалдау үшін қосарлы корпусты танкерлер пайдаланылады.";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Су объектілеріне кемелерден мұнайды, зиянды заттар мен құрамында олар бар суларды, тамақ қалдықтарын, тұрмыстық қоқысты және пластмассалардың барлық түрлерін тастауға тыйым салынады.".

      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат):

      1) мазмұнында 561-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "561-бап. Жылжымалы темiржол составын және қалалық рельсті көлiкті мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану";

      2) 561-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"561-бап. Жылжымалы теміржол составын және қалалық рельсті көлікті мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану

      1. Жылжымалы теміржол составын және қалалық рельсті көлікті мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану -

      жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат):

      1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қалалық рельсті көлік – қала шекарасындағы және қала маңы аймағындағы жолдармен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);";

      2) 8-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауды ұйымдастыруды қалалық рельсті көлік орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.";

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      3) 9-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қалалық рельсті көлік болған кезде жергілікті атқарушы орган Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын бекітеді.";

      4) 11-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қалалық рельсті көлік болған кезде жергілікті атқарушы орган Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау қағидаларын бекітеді.";

      5) 21-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жүктер мен көлiк объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ теміржол, әуе көлiгiнде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрттердің салдарын жоюды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.";

      "Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрттердің салдарын жоюды жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртiппен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.";

      6) 25-баптың екінші бөлігінің 28) тармақшасындағы "қолдануды қамтиды" деген сөздер "қолдануды" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:

      "30) жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды қамтиды.

      Уәкілетті мемлекеттік орган жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру кезінде жай-күйі жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай келмейтін қалалық рельсті көлік объектілерін пайдалануды тоқтата тұрады.

      Қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.".

      4. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      7-баптың бірінші бөлігінің 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен шығаруға міндетті.

      Көрсетілетін қызметтері табиғи монополиялар саласына жатқызылатын кірме жолды иеліктен шығарған жағдайда, осы кірме жолдың иесі тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алудың шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, жұмыс істеп тұрған тұтынушыға үшінші тұлғалар алдында оны сатып алудың басым құқығын беруге міндетті.

      Жұмыс істеп тұрған тұтынушылар екі және одан көп болған кезде басым құқық тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алудың шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, соңғы 12 айда көрсетілетін қызметтердің көбірек көлемін (мың вагон/км, вагон/сағат) алған тұтынушыға беріледі;".

      5. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) вагондарды беру-алып кету – маневрлік локомотивпен вагондардың:

      станциялық жолдардан – тиеу, түсіру (жүктен босату) орындарына, кірме жолдарға;

      кірме жолдарда – контрагенттің қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары мен тиеу, түсіру (жүктен босату) орындары арасында орнын ауыстыру;";

      2) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 34-30) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-30) Мемлекеттік жылжымалы состав тізілімін жүргізу;";

      3) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері магистральдық, станциялық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне хабарлауға міндетті.

      Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпаратты оқиға болған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей телефон немесе факсимильдік байланыс арқылы береді. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат оқиға болған кезден бастап бір тәуліктен кешіктірілмей Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жазбаша нысанда беріледі.";

      4) 31-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Теміржолдардың, көпірлердің және тоннельдердің қызметтер көрсету үшін жабық жекелеген учаскелері бойынша жылжымалы составтың жүруіне тыйым салынады.";

      5) 45-баптың тақырыбындағы "беру және алып/кету" деген сөздер "беру-алып кету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 56-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес келуге, жылжымалы составты магистральдық жолдарда рұқсат етiлетiн техникалық жүктеме нормасымен өткiзудi қамтамасыз етуге тиiс.";

      7) 57-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуын келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      8) 58-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "жылжымалы составты берудi және оны алып кетудi" деген сөздер "вагондарды беруді-алып кетуді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 85-бапта:

      тақырыптағы "берудi, олардан алып кетудi" деген сөздер "беруді-алып кетуді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "кiрме жолдарға беру және олардан алып кету" деген сөздер "беру-алып кету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "берудi, алып кетудi", "процентi" деген сөздер тиісінше "беруді-алып кетуді", "пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "беру, алып кету" деген сөздер "беру-алып кету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 88-1-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тасымалдау процесіне қатысушылар және жылжымалы теміржол составының иелері жылжымалы теміржол составына, сондай-ақ магистральдық, станциялық, кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпаратты Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларында белгіленген нысан бойынша жөндеу аяқталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға береді.";

      11) 88-4-баптың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) темiржол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн, оның ішінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, олардың:".

      6. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "39-1) порт құралдары – халықаралық рейстер жасайтын кемеге қызмет көрсететін теңіз терминалдары, сондай-ақ тоқтап тұру аудандарын, күту орындарын, теңіз портына кіреберістерді қоса алғанда, теңіз портының акваториясы;";

      60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "60) шетелдік сыныптау қоғамы – кемелердi техникалық байқауды, куәландыруды және сыныптауды, сондай-ақ теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыруды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған тәртiппен уәкілетті орган таныған шетелдік ұйым.";

      2) 4-баптың 3-тармағында:

      32), 55-3) және 55-7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын мемлекеттiк бақылау және қадағалау, оларды бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдану;";

      "55-3) кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту;";

      "55-7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде шетелдік сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау;";

      55-29) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 55-35), 55-36), 55-37) және 55-38) тармақшалармен толықтырылсын:

      "55-35) порт құралдарын күзетуді бағалау туралы есеп пен порт құралдарын күзету жоспарын және оларға түзетулерді мақұлдау;

      55-36) кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту;

      55-37) порт құралдарын күзетуге бағалау жүргізу және порт құралдарын күзету жоспарын әзірлеу үшін уәкілетті ұйымды айқындау;

      55-38) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін бекіту;";

      3) 8-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің қауіпсіздігін навигациялық қамтамасыз етуді республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын навигациялық орталық жүзеге асырады.";

      4) 8-3-баптың 7-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар жергілікті атқарушы органға шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімдерін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.";

      5) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кеме кiтаптарында шағын көлемді кемелер тiркеледi.

      Массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.

      2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер шағын көлемді кеме иесінің өтінішінсіз кеме кітабынан алып тасталуға жатады.".

      7. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-2) қоғамдық көлік – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын, көпшілік пайдаланатын көлік, сондай-ақ такси;";

      2) 13-бапта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) осы Заңның 19-4-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;";

      23-17) тармақша алып тасталсын;

      3) 19-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Тариф республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен маршруттың түріне, жол жүру билетінің түріне, төлем тәсіліне, сондай-ақ тасымалдау қашықтығына немесе жүріп өткен аялдама пункттерінің санына қарай сараланады.";

      4) 19-6-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы "қағидасында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының жүріп өтуінің белгіленген талаптарының", "параметрлерге" деген сөздер тиісінше ", Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген талаптардың", "өлшемдерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 20-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде қоғамдық көлікте жол жүргені үшін тасымалдаушы өкілінің талап етуі бойынша жол жүру құжатын (билетін) көрсетуге;".

      8. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 1-баптың 25) және 29) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) қарап тексеру – Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің объектiнi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан уәкiлеттi органның тексеруi;";

      "29) мемлекеттiк көлiктiк бақылау және қадағалау (бұдан әрi – көлiктiк бақылау және қадағалау) – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргізетiн iс-шаралар жиынтығы;";

      2) 9-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 26-30) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-30) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін бекіту;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) көлік оқиғасы туралы уәкілетті органды құлақтандыру, кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексерулерді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу үшін қажетті ақпаратты және дәлелдемелерді жинау;";

      3) 15-4-баптың 6-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар жергілікті атқарушы органға шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімдерін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі Кеме жүргiзушiлердi шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.";

      4) 17-бапта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру арқылы жүзеге асырылады. Диплом беру кезінде кәсіби диплом алу үшін тиісті білімі бар, аумақтық бөлімшеге мынадай құжаттарды:

      белгіленген нысандағы өтiнiштi;

      жеке басын куәландыратын құжатты;

      жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжатты (дипломды);

      жүзу өтiлiн растайтын құжатты;

      кемеде жұмыс істеуге жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысын;

      өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі фотосуретті ұсынған адамдар жіберіледі.

      Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді және оларды аттестаттауды аумақтық бөлімше диплом беруді және аттестаттауды өткізу туралы өтініш берілген күннен бастап жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады;";

      5) 23-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) кемеге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;";

      6) 26-бапта:

      4-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Егер кеме оқиға салдарынан немесе басқа себеппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне немесе кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалса, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жатады.

      Массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.

      2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер шағын көлемді кеме иесінің өтінішінсіз кеме кітабынан алып тасталуға жатады.";

      7) 28-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді.".

      9. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат):

      1) 8-баптың 3) тармақшасының бесінші абзацындағы "тәртібін бекітеді" деген сөздер "тәртібін" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағының қала құрылысын игеру схемаларын;

      Астана қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекітеді;";

      2) 9-бап мынадай мазмұндағы 38), 39) және 40) тармақшалармен толықтырылсын:

      "38) Астана қаласы аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;

      39) астананың және қала маңы аймағының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің жобаларын (мемлекеттік нормативтік құжаттарды) келіседі;

      40) астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді.";

      3) 12-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      10. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат):

      6-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды;";

      2-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;";

      3-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;";

      4-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;".

      11. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат):

      1) 2-бапта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі (бұдан әрі – шекаралық кеңістік) – Мемлекеттік шекара және Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) және ішкі сулары бар шекаралық аймақтың сыртқы шектеріне дейін оған шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының аумағы, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардың аумағы, шектерінде уәкілетті органдар шекаралық қызметті жүзеге асыратын континенттік қайраң және олардың үстіндегі әуе кеңістігі;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орын – айрықша жағдайларда адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын, өткізу пункті болып табылмайтын аумақ (акватория);";

      2) 14-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Адамның теміржол көлігі құралымен:

      Қазақстан Республикасының аумағынан шет мемлекеттің аумағы арқылы Қазақстан Республикасы аумағының екінші бөлігіне транзитпен;

      шет мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы осы шет мемлекет аумағының екінші бөлігіне транзитпен жүріп өту кезінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтуі Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу болып табылмайды.

      Көрсетілген жағдайларда шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлері жүргізілмейді.

      Теміржол көлігі құралдарының аялдамай жүруін қамтамасыз ету, жолаушыларды түсіруді (отырғызуды), жүктер мен тауарларды түсіруді (тиеуді) жүзеге асыруға тыйымның сақталуын бақылау көлік ұйымының (жолаушыларды, жүктер мен тауарларды тасымалдаушының) міндеттері болып табылады.";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Адамдар мен көлік құралдары Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға дейін немесе кері бағытта жүрген кезде:";

      3) 19-бапта:

      1-тармақ "өткізу пункттерiнде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда" деген сөздермен толықтырылсын;

      5, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды өткізген кезде Мемлекеттік шекара ретінде паспорттық бақылау сызығы қолданылады.";

      "9. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу шекаралық бақылау рәсімі біткеннен кейін және өткізу пункті, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орын шегінен адам, көлік құралы шыққан немесе жүктер мен тауарлар әкетілген кезде аяқталды деп есептеледі.

      10. Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген не кіруі шектелген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салу туралы шешім қабылданған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге жатпайды. Өткізу пунктіне немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келген және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу үшін негіздері жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өздері қайдан келсе, сол елге немесе өзі азаматы болып табылатын елге қайтарылады.";

      4) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

"22-1-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізу

      Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып:

      1) техникалық сипаттамалары бойынша теңіз өткізу пункттеріне кіруді жүзеге асыра алмайтын, континенттік қайраңда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған кемелерге;

      2) өздерінің салмақтық және (немесе) габариттік өлшемдері бойынша рұқсат етілген нормалардан асатын және автомобиль өткізу пункті арқылы жүріп өте алмайтын, жүгі бар немесе жүгі жоқ автокөлік құралдарына қатысты жүзеге асырады. Осы санаттағы көлік құралдарын өткізу тікелей өткізу пунктіне іргелес жатқан жергілікті жердің учаскесінде жүзеге асырылады;

      3) өткізу пунктінің инфрақұрылымы белгіленген бақылау түрлерін жүргізу үшін қажетті уақытқа теміржол көлігі құралдарының аялдау мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін не өткізу пунктін ашу экономикалық жағынан орынсыз болған жағдайларда, теміржол көлігі құралдарына қатысты жүзеге асырады. Осы санаттағы көлік құралдарын өткізу қажетті инфрақұрылымы бар, өткізу пунктіне жақын станцияда не жүру жолында жүзеге асырылады;

      4) Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастығының халықаралық орталықтары шегінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты жүзеге асырады.";

      5) 23-бапта:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту ниеті бар адамдарға қатысты ақпаратты, оның ішінде көлік ұйымдарының ақпараттық дерекқорын пайдалана отырып алдын ала тексеруді;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулері бар адамдарды анықтау мақсатында құжаттарды және адамдарды тексеруді, оның ішінде биометриялық дербес деректерді өңдеу арқылы тексеруді, сондай-ақ адамдарға сауалнама жүргізуді;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Заңның 19-бабының 1-тармағында және 22 мен 22-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өткізу пункттерінен тыс жерде шекаралық бақылау жүргізуге жол берілмейді.";

      6) 30-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік шекараны өткізу пункттерiнен тыс жерде немесе өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда оны кесіп өтудiң белгіленген тәртібін бұза отырып, кез келген тәсілмен кесіп өткен немесе кесіп өтуге әрекеттенуші адамдар;";

      7) 31-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы тараудың күші Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға және жүру жолында шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу кезінде теміржол көлігі құралына қолданылады және олар аяқталғаннан кейін тоқтатылады.";

      8) 55-бап мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарды айқындайды;

      10-2) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен аялдамай жүріп өтетін теміржол көлігі құралдарына қатысты Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерінен өтуден босату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша айқындайды;

      10-3) жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу тәртібін айқындайды;";

      9) 66-баптың 4), 5) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) адамдардың және көлік құралдарының белгіленген өткізу пункттерінен немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардан тыс жерде Мемлекеттік шекараны кесіп өту, сондай-ақ өткізу пункттерінде немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда заңсыз кесіп өту әрекеттерінің алдын алуға және жолын кесуге, Мемлекеттік шекараны бұзушыларды және шекаралық кеңістікте өзге де құқық бұзушыларды анықтауға және ұстауға;

      5) тиісінше ресімделген құжаттар болған кезде және белгіленген бақылау түрлерінен өткен кезде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;";

      "11) шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған кезеңде жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен өзге де адамдардың жеке басы анықталғанға дейiн оларды өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда қалдыра отырып, өткізбеуге;";

      10) 67-баптың 1-тармағының 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) мемлекеттік кіріс органдары жоқ өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты немесе қолмен тексеру режимінде радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;".

2-бап.

      1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 11) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 5) тармақшасының төртінші абзацы және 8-тармағы 6) тармақшасының жетінші абзацы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. НАЗАРБАЕВ