Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 490-V ҚРЗ

Қолданыстағы
      

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, ст. 84; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат):
      1) 159-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында жер қорының сапалық және сандық жай-күйіне базалық (бастапқы), жедел, кезеңдік байқаулар, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізілетін байқаулар жүйесін білдіреді.".
      2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
      61-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ормандардың мемлекеттік мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.".
      3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
      60-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Су объектiлерiнің мемлекеттік мониторингi теріс процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды салдарларын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында олардың жай-күйiнің гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштерін тұрақты байқаулар жүйесін, алынған ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізуді білдіреді.
      3. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн уәкiлеттi орган бiрлесiп әзiрленген әдiстеме бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органмен бiрлесiп жүзеге асырады.".
      4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат):
      1) 137-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттік экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі) – табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйінің өзгеруін бағалау, болжау және бақылау мақсатында, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, олардың жай-күйін байқаудың кешенді жүйесі.";
      2) 142-баптың 3, 4, 5 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында жер қорының сапалық және сандық жай-күйіне базалық (бастапқы), жедел, кезеңдік байқаулар, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізілген байқаулар жүйесін білдіреді.
      4. Су объектiлерi мониторингi теріс процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды салдарларын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында олардың жай-күйiнің гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштерін тұрақты байқаулар жүйесін, алынған ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізуді білдіреді.
      5. Жер қойнауы мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, теріс процестер салдарларын бағалау, олардың алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді. Жер қойнауы мониторингінің деректері Жер қойнауының мемлекеттік кадастрында жинақталады.";
      "8. Орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi. Орман мониторингiнің деректері Мемлекеттік орман кадастрында жинақталады.";
      3) 143-баптың 3, 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. "Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенiнiң мониторингi – "Байқоңыр" кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн байқау жүйесi, оның жұмыс істеуін ұйымдастыруды ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
      "8. Ғарыштық мониторинг – Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн байқау жүйесi, оның жұмыс істеуін ұйымдастыруды ғарыш қызметі саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      9. Осы баптың 2, 4, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген мониторингтің арнайы түрлерiн ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.".
      5. "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
      1) 5-баптың 3-тармағының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) есiрткiнің, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына қарсы күресті, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып үйлестіреді;";
      2) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Есiрткiнің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды ұйымдастыру, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".
      6. "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
      4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) тығыздығы мен дәлдiгi мемлекеттiк топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды қамтамасыз ететiн, барлық кластағы мемлекеттiк астрономиялық-геодезиялық, спутниктік геодезиялық және нивелирлiк желiлердi, iргелi және бiрiншi класты гравиметриялық желiнi жасауды, дамытуды, зерттеудi, қалпына келтiрудi және техникалық пайдалануды қамтамасыз етуді;".
      7. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат, № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат):
      120-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, теріс процестердің салдарларын бағалау, олардың алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтаудың деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді.".
      8. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар);
      134-баптың 2-тармағында:
      21) тармақша алып тасталсын;
      25) тармақшадағы "асыру саласында жүзеге асырады." деген сөздер "асыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мындай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
      "27) азаматтық қорғаныстың арнаулы инженерлік іс-шараларын орындау саласында жүзеге асырады.".
      9. "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
      1-бапта:
      3), 6, 9), 15) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары – ғарыш жүйелерін құруды, пайдалануды және дамытуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;";
      "6) ғарыш кеңістігі — әуе кеңістігінен тыс жайылған кеңістік;";
      "9) ғарыш қызметі саласындағы жоба – ғарыш қызметін жүзеге асыруға бағытталған ғарыш техникасы мен технологияларын жасау, пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;";
      "15) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі – жаһандық навигациялық спутниктік жүйе пайдаланушыларын координаттық-уақыттық параметрлерді, оның ішінде географиялық координаттар мен биіктіктерді, қозғалыс жылдамдығы мен бағытын, уақытты айқындау дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін қосымша ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған техникалық және бағдарламалық құралдар кешені;";
      "17) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау – ғарыш кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін байқау мен өлшеу арқылы Жер беті мен қойнауы туралы ақпарат алу процесі;".
      мынадай мазмұндағы 4-1), 17-1), 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) ғарыш жүйесін техникалық пайдалану – конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасына сәйкес ғарыш жүйесінің құрамдас бөліктерін, оларды сақтандыруды қоса алғанда, жұмыс күйінде ұстап тұру мақсатында техникалық операцияларды орындау процесі;";
      "17-1) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректері – Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратынан тікелей алынған бастапқы деректер, сондай-ақ оларды алдын ала өңдеу (радиометриялық және геометриялық түзетулер) нәтижесінде алынған материалдар;
      17-2) кеңістіктік деректер – орналасқан жері мен өзіне неғұрлым тән қасиеттерінің сипаттамасын қамтитын объектілер туралы деректер жиынтығы;
      17-3) кеңістіктік деректер инфрақұрылымы – заңды және жеке тұлғалардың оларға қолжетімдігін қамтамасыз ету негізінде кеңістіктік деректерді жинау, өңдеу, сақтау, тарату және пайдалану үшін қажетті ақпараттық ресурстар мен аппараттық-бағдарламалық құралдар жүйесі;";
      2) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау;";
      3) 5-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;";
      4) 6-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ғылыми, ғылыми-технологиялық және тәжірибелік-эксперименттік базалар;";
      8-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындайды;";
      9-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындар нормативтерін әзірлейді және бекітеді;";
      20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін белгілейді;
      21) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін айқындайды;";
      22) тармақша алып тасталсын;
      7) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
      Осы Заңның 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жеке және заңды тұлғалардың ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметі, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.";
      8) 14-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер ғарыш қызметін ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етуге және ғарыш техникасы мен технологияларының жаңа үлгілерін әзірлеуге бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және ғарыштық эксперименттерді қамтиды.";
      9) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "15-бап. Ғарыш жүйелері мен ғарыш зымыран кешендерін құру
      Ғарыш жүйелерін және ғарыш зымыран кешендерін құру ғарыш жүйелері мен ғарыш зымыран кешендерінің, олардың құрамдас бөліктерінің ғылыми зерттеулерін және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, оларды жобалауды, жасауды, монтаждауды, салуды, сынақтан өткізуді, сондай-ақ пайдалануға беруді қамтиды.";
      10) 16-баптың 3 және 4-тармақтары алып тасталсын;
      11) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп айқындайтын тәртіппен ғарыш түсірілімдерін жоспарлайды, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алады, өңдейді және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына таратады.";
      12) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында спутниктік навигациялық қызметтерді уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп айқындайтын тәртіппен ұйымдастырады және ұсынады.";
      13) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
      "3-1-тарау. Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары
      19-1-бап. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы
      1. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ғарыштық байланыс жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам.
      2. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторының өкілеттіктері:
      1) ғарыштық байланыс жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді;
      2) байланыс, оның ішінде ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтерді, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділік қызметтерін көрсетеді;
      3) байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының ғарыш аппараттары транспондерлерін резервке қою, сондай-ақ ұлттық ғарыш аппараттарының қамту аймақтарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кеңейту мақсатында шетелдік ғарыштық байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасайды;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
      19-2-бап. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы
      1. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы – Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға.
      2. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторының өкілеттіктері:
      1) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді;
      2) ғарыштық түсірілімдерді жоспарлайды және Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ұсыну бойынша қызмет көрсетеді;
      3) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау және спутниктік навигация деректері негізінде кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құрады және дамытады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
      19-3-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы
      1. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы – дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға.
      2. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторының өкілеттіктері:
      1) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің техникалық пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
      2) Қазақстан Республикасының барлық аумағында жеке және (немесе) заңды тұлғаларға дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметтерін көрсетеді;
      3) жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің навигациялық өрісінің тұтастығын бақылауды жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.";
      14) 21-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ғарыштық зерттеулердің ғылыми-технологиялық және тәжірибелік-эксперименттік базасы;";
      15) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ғарыш аппараттарын өндіруді өздерінің өндірістік мүмкіндіктері шегінде, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы мен құрастыру-сынау кешені жүзеге асырады.".
      16) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы баптың 1 немесе 2-тармақтарында көзделген біржолғы өтемақыны төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.".
      10. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат):
      12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "52-1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және олардың салдарларын бағалау үшін Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланады;".

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 
Президенті
Н. Назарбаев