Волонтерлік қызмет туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 42-VІ ҚРЗ.

Жаңартылған

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң волонтерлік қызметтің құқықтық негіздерін, мақсаттары мен міндеттерін, қағидаттарын, нысандары мен түрлерін, сондай-ақ оны қолдау шараларын белгілейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) волонтер – волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      2) волонтерлер тобы – осы Заңда белгіленген нормалар қолданылатын, волонтерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;

      3) волонтерлік акция – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шара;

      4) волонтерлік бағдарлама (жоба) – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер көрсетіле отырып, әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі шаралар кешені;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) волонтерлік қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделерінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган – мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы саласындағы орталық атқарушы орган;

      7) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі – волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер мен ұйымдастырушылар, волонтерлік бағдарламалар (жобалар), волонтерлік акциялар, олардың өткізілу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы мәліметтер қамтылған деректер тізілімі;

      8) волонтерлік қызметті ұйымдастырушы – волонтерлерді өзі дербес не волонтерлік ұйымдар арқылы тартатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар;

      9) волонтерлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-бапты 10) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы

      Осы Заңда көзделген нысандар мен түрлерде өтеусіз негізде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы қоғамдық пайдалы қызметті ерікті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заңның реттеу нысанасы болып табылады.

3-бап. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

4-бап. Волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері, негіздері

      1. Волонтерлік қызметтің мақсаттары:

      1) жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттар;

      2) қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады.

      2. Волонтерлік қызметтің міндеттеріне:

      1) қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу;

      2) волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау;

      3) халықтың әртүрлі нысаналы топтарымен және санаттарымен өзара іс-қимыл жасауда волонтерлік қызметтің рөлін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;

      4) волонтерлерге консультация беруді, ақпарат беруді және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) волонтерлер топтарын – жоба іс-шараларын орындаушыларды жасақтау;

      6) волонтерлік қызметке оқытуды ұйымдастыру жатады.

      3. Волонтерлік қызмет саяси партияларды және діни бірлестіктерді қолдауға бағытталмайды.

      4. Кез келген нысандар мен көріністердегі терроризмді, экстремизмді және сепаратизмді көздейтін волонтерлік қызметке тыйым салынады.

      5. Әскерилендірілген құрылымы, нысаны, арнаулы айырым белгілері, әнұрандары, жалаулары, жалаушалары, ішкі тәртіп пен басқарудың ерекше жағдайлары, қаруы, соның ішінде имитациялық қаруы бар әскерилендірілген құралымдар үлгісі бойынша волонтерлік ұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағында құруға тыйым салынады.

5-бап. Волонтерлік қызметтің қағидаттары

      1. Волонтерлік қызмет:

      1) волонтерлер қызметінің өтеусіздігі, еріктілігі, тең құқықтылығы мен заңдылығы;

      2) осы Заңда белгіленген волонтерлік қызметтің мақсаттарын, нысандарын, түрлері мен әдістерін айқындаудағы, бағыттарын таңдаудағы еркіндік;

      3) волонтерлік қызмет туралы ақпараттың жариялылығы және жалпыға бірдей қолжетімділігі;

      4) волонтерлік қызметке қатысушы адамдардың ынтымағы, адалдығы мен ынтымақтастығы;

      5) өмір мен денсаулық қауіпсіздігі;

      6) осы саладағы тең құқылы және өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Волонтерлік қызмет мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы бойынша қызметін алмастырмайды.

6-бап. Волонтерлік қызметтің нысандары мен түрлері

      1. Волонтерлік қызмет:

      1) жеке-дара волонтерлік қызмет;

      2) волонтерлер тобы құрамындағы волонтерлік қызмет;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақты 2-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) волонтерлік ұйым арқылы волонтерлік қызмет нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Волонтерлік қызметтің негізгі түрлері:

      1) әлеуметтік көмек, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетуге қатысу;

      2) қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу;

      3) дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу;

      4) орталық және жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайлардың алдын алуға және салдарларын жоюға жәрдем көрсету;

      5) хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу;

      6) қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу;

      7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу;

      8) білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу;

      9) дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;

      10) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

      11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу;

      12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу;

      13) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-бапты 3-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тарауды 6-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің волонтерлік қызмет саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

      2) өзіне Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

8-бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының волонтерлік қызмет саласындағы құзыреті

      1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

      1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) волонтерлік қызметті қолдау мен ынталандыру тетіктерін әзірлейді;

      3) волонтерлік қызмет саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға жәрдемдеседі;

      4) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту тәртібі жөнінде ұсынымдар әзірлейді;

      5) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады;

      7) волонтерлік қызмет практикасын талдайды, жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімдерін жүргізеді;

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Орталық атқарушы органдар өздерінің интернет-ресурстарында волонтерлік қызметті есепке алу тізілімдерін орналастырады.

9-бап. Волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган:

      1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-бапты 1-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту тәртібі жөнінде ұсынымдар әзірлейді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-бапты 7-1), 7-2) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

      1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асырады;

      4) волонтерлік қызмет практикасын талдауды, жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;

      5) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

      1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асырады;

      4) волонтерлік қызмет практикасын талдауды, жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;

      5) волонтерлік қызмет жүйесін дамыту жөнінде шаралар қолданады;

      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

11-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының волонтерлік қызмет саласындағы өкілеттіктері

      Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының волонтерлік қызмет саласындағы өкілеттіктеріне:

      1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

      2) жастардың жаппай волонтерлік акцияларын қолдауды жүзеге асыру;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) волонтерлік ұйымдардың ақпараттық жүйесінде волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және акциялар туралы ақпаратты орналастыру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктер жатады.

3-тарау. ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

12-бап. Волонтер

      1. Волонтерлік қызметті он сегіз жасқа толған жеке тұлғалар жүзеге асыра алады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Он сегіз жасқа толмаған жеке тұлғалар волонтерлік қызметті олардың денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жағдайда жүзеге асырады. Он төрт жасқа толмаған жеке тұлғалар волонтерлік қызметке ата-анасының (өзге де заңды өкілдерінің) жазбаша келісімімен немесе олармен бірге ілесіп жүруімен қатысады. Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге он сегіз жастан асқан волонтерлер ғана жіберіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      12-бапты 2-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Волонтердің:

      1) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, волонтерлік қызметті жүзеге асыруға өзінің қатысуын еркін таңдауға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) егер волонтер мен волонтерлік ұйым арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартта өзгеше көзделмесе және бұл жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына тікелей зиян келтіруге, мүліктік нұқсанның туындауына алып келмесе, волонтерлік қызметті кез келген уақытта еркін тоқтатуға;

      3) волонтерлік қызметтің мақсаттары, міндеттері және мазмұны туралы, волонтерлік қызметті ұйымдастырушы туралы, волонтерлік ұйым, оның басшылығы, қызметінің қағидаттары туралы және ұйымдық құрылысы туралы анық ақпарат алуға;

      4) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) орындауға және волонтерлік акциялар мен волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырылатын, бастама жасалатын немесе ұсынылатын өзге де іс-шараларды өткізуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) волонтермен жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық шартта көзделген жағдайда, арнаулы киім алуға және жол жүруге, тұруға, тамақтануға, қажетті жеке қорғаныш құралдарын, құрал-саймандарды сатып алуға арналған шығыстарды және қауіпті, зиянды және қолайсыз өндірістік факторлармен байланысты жұмыстарды орындау кезіндегі өзге де шығындарды өтетуге;

      6) волонтерлік қызметті ұйымдастырушыдан және волонтерлік ұйымнан ұсыным хаттарды алуға;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізілген жағдайда, ақпараттық ресурстарға өзі жүзеге асырған волонтерлік қызмет туралы, оның жүзеге асырылу орны мен сағат саны, көтермелеулер, өзі алған қосымша дайындық, қолдау және көтермелеу шараларын алу құқығы туралы мәліметтерді, өзге де мәліметтерді енгізуге;

      8) волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт ұйымдарына және табиғат қорғау мен орман мекемелерінің аумағына осы ұйымдардың басшылығымен келісу бойынша кіруге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге қатысуға құқығы бар.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақты 10), 11), 12) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Волонтер:

      1) волонтерлерді үйлестірушіден алған тапсырмаларды адал орындауға, ал аяқталған соң олардың орындалғаны туралы волонтерлерді үйлестірушіні хабардар етуге;

      2) азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға, волонтерлік қызметті ұйымдастырушының өз құзыретіне сәйкес берген өкімдерін орындауға;

      3) волонтерлік қызметті қауіпсіз орындау қағидаттарын сақтауға, өзінің қызметімен үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге;

      4) волонтерлік қызмет процесінде волонтер қол жеткізетін ақпараттың құпиялығын сақтауға;

      5) волонтерлік қызметті жүзеге асыру бойынша өз міндеттерін орындауды волонтерлерді үйлестірушінің келісімінсіз өзге адамдарға бермеуге;

      6) волонтерлік қызметті жүзеге асыру процесінде өзіне берілген материалдық ресурстар мен жабдыққа ұқыпты қарауға және жұмыс аяқталғаннан кейін оларды қайтаруға;

      7) мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының өкілеттіктерінің іске асырылуына кедергі келтірмеуге міндетті.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      12-бапты 5-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Волонтерлерді үйлестіруші

      1. Волонтерлерді үйлестірушіні волонтерлік қызметті ұйымдастырушы немесе волонтерлік бағдарламаны (жобаны) немесе волонтерлік акцияны іске асыруға жауапты волонтерлік ұйым тағайындайды не волонтерлер тобының құрамына кіретін волонтерлер өздерінің арасынан сайлайды.

      2. Волонтерлерді үйлестіруші волонтерлерге нұсқау береді, олардың арасында жұмысты бөледі, әр волонтердің жұмыс орны мен көлемін айқындайды, оның жұмысты орындауын бақылайды.

      3. Волонтерлерді үйлестіруші мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, волонтерлік қызметтің өзге де ұйымдастырушыларымен және өзге де волонтерлік ұйымдармен, сондай-ақ волонтерлер топтарымен өзара іс-қимыл жасайды.

      4. Волонтерлерді үйлестіруші жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне және жазатайым оқиғалардан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге волонтерлерді оқытуды қамтамасыз етеді.

14-бап. Волонтерлік ұйым

      1. Волонтерлік ұйым волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) әзірлейді және іске асырады және волонтерлік қызметті ұйымдастырушымен, басқа да волонтерлік ұйымдармен бірлесіп немесе волонтерлерді өзі дербес тарта отырып, волонтерлік акциялар өткізеді.

      2. Волонтерлік бағдарламаның (жобаның) мақсаты волонтерлерді пайдалана отырып іске асырылатын әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін бекіту болып табылады.

      3. Волонтерлік бағдарламаның (жобаның) негізгі міндеттері:

      1) волонтерлік қызметті дамыту;

      2) азаматтардың және волонтерлік ұйымдардың волонтерлік белсенділігін ынталандыру жүйесін дамыту;

      3) волонтерлерді және волонтерлерді үйлестірушілерді даярлау жүйесін жетілдіру;

      4) волонтерлік еңбекті пайдаланатын әртүрлі волонтерлік ұйымдар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар арасында әріптестік өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру болып табылады.

      4. Волонтерлік ұйым қызметін осы Заңның 13-бабына сәйкес жүзеге асыратын волонтерлерді үйлестірушіні тағайындайды.

      5. Волонтерлік ұйымның волонтерлерді арнайы семинарлар, тыңдаулар, жұмыс кездесулерін, волонтерлердің слеттерін өткізуге оқыту үшін білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды тартуға құқығы бар.

      6. Волонтерлік ұйым өзі белгілеген тәртіппен волонтерлерді көтермелеуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу және (немесе) наградтау үшін анағұрлым ерекшеленген волонтерлердің кандидатураларын волонтерлік қызметті ұйымдастырушыға, сондай-ақ волонтерлік қызметті ұйымдастырушылар болып табылмайтын мемлекеттік органдарға ұсынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Волонтермен жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық шартта көзделген жағдайларда, волонтерлік ұйым волонтерге арнаулы киім береді және оның нақты тұратын жерінен жол жүруіне, тұруына, тамақтануына, қажетті жеке қорғаныш құралдарын, құрал-саймандарды сатып алуға арналған шығыстарын және қауіпті, зиянды және қолайсыз өндірістік факторлармен байланысты жұмыстарды орындау кезіндегі өзге де шығындарын өтейді.

      8. Волонтерлік ұйым Волонтердің әдеп кодексін әзірлейді және бекітеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-бапты 9-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушы

      1. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушы:

      1) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруды және волонтерлік акцияларды өткізуді ұйымдастырады;

      2) волонтерлік қызметті қолдау мен ынталандырудың мемлекеттік бағдарламаларын, егер бұл осы бағдарламаларда көзделсе, іске асыруға қатысады;

      3) волонтерлік ұйымға және (немесе) волонтерге жоспарланатын және жүзеге асырылатын волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялар, оларға қатысушылардың саны, олардың өткізілу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы ақпаратты, соның ішінде өздерінің интернет-ресурстарына орналастыру арқылы береді;

      4) волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін волонтерге жағдай жасайды;

      5) волонтерлік ұйымға және (немесе) волонтерге ұсыным хат береді.

16-бап. Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі

      1. Волонтерлік қызметті ұйымдастыруды ретке келтіру мақсатында Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі жүргізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Волонтерлік қызметті есепке алу хабарламалық сипатта болады.

      3. Волонтерлік қызмет туралы мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.

17-бап. Волонтерлік қызметті қолдау және қаржылық қамтамасыз ету

      1. Волонтерлік қызметті қолдау шаралары қайырымдылық көмек түрінде мынадай нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      2) мүліктік қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қолдау нысандары.

      2. Волонтерлік қызметті қаржылық қамтамасыз ету жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншікті немесе тартылған қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      17-бапты 3, 4-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

18-бап. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.

19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев