Ескерту. Күші жойылды - ҚР 30.11.2017 № 111-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2017 жыл – 2 880 000 000 мың теңге;
2018 жыл – 2 880 000 000 мың теңге;
2019 жыл – 2 880 000 000 мың теңге.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 – 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VII, 164-құжат; 2016 ж., № 5, 33-құжат; № 16-17, 104-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |