РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 22-баптан қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.
1-бап. Осы Конституциялық заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Конституциялық заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;
2) қор биржасы – Орталықта қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;
3) лицензиялау – лицензияның болуын талап ететін қызметті Орталықтың аумағында жүзеге асыруға рұқсат берумен байланысты іс-шаралар кешені;
4) Орталықтың актісі – Орталықтың органы қабылдаған, Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының, және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін жазбаша ресми құжат;
5) Орталық қатысушылары – Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ Орталық аккредиттеген өзге де заңды тұлғалар;
6) Орталық қатысушысының немесе органының жұмыскері – Орталық қатысушысымен немесе органымен еңбек қатынастарында тұратын, міндеттеріне Орталық қатысушысының немесе органының негізгі міндеттерін және мақсаттарын іске асыру кіретін жеке тұлға;
7) Орталық қатысушысы немесе органы жұмыскерінің отбасы мүшелері – Орталық қатысушысы немесе органы жұмыскерінің жұбайы (зайыбы) және олардың он сегіз жасқа толмаған балалары;
8) Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімі – Орталықтың құрылған және қызметін тоқтатқан органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;
9) сәйкестендіру нөмірі – Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі нысанында қалыптастырылатын, Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімінде оларға қатысты мәліметтер туралы жазбалар жасауға мүмкіндік беретін бірегей нөмір.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 119-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 296-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.2-бап. Орталық қызметінің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары және оны реттеу
1. Орталықтың мақсаты жетекші халықаралық қаржылық қызметтер көрсету орталығын қалыптастыру болып табылады.
2. Орталықтың міндеттері:
1) қаржылық қызметтер көрсету саласына инвестициялау үшін тартымды орта жасау арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасында сақтандыру, банктік қызметтер көрсету, исламдық қаржыландыру нарығын, қаржылық технологияларды, электрондық коммерция мен инновациялық жобаларды дамыту;
4) озық халықаралық практикалар негізінде қаржылық және кәсіби қызметтер көрсетуді дамыту;
5) қаржы орталығы ретінде халықаралық танылуды иемдену болып табылады.
3. Орталықтың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) Орталық қатысушылары қызметінің тиімділігі;
2) Орталық және оның қатысушылары қызметінің ашықтығы;
3) Орталық қатысушыларының адалдығы;
4) Орталық қатысушыларының қаржылық қызметтер көрсетудегі кәсібилігі;
5) Орталық қатысушыларының қызметінде халықаралық стандарттар мен үздік халықаралық практикаларды қолдану.
4. Орталықты реттеу Орталықтың және оның қатысушыларының тәуелсіздігі қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2017 № 119-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3-бап. Орталықтың аумағында жүзеге асырылатын қызмет және оның қатысушылары
1. Заңды тұлғаларға қойылатын талаптар және оларды Орталықтың қатысушылары ретінде аккредиттеу тәртібі, олардың Орталықтың аумағында жүзеге асыруға жол берілетін қызметінің түрлері, лицензиялау тәртібі және Орталықтың қатысушыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ Орталықтың аумағында заңды тұлғаларды құру және тіркеу тәртібі, олардың ұйымдық-құқықтық нысандары Орталықтың актілерінде айқындалады.
1-1. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін қалыптастырылатын сәйкестендіру нөмірлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын сәйкестендіру нөмірлерімен тең танылады және қолданылады.
1-2. Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін, Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру тәртібін Орталықты Басқарушы айқындайды.
2. Орталықтың аумағында бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналымға жіберу, сатып алу және өтеу тәртібін Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті белгілейді.
Орналастырылуы және (немесе) айналымға жіберілуі қор биржасында жүзеге асырылатын өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналымға жіберу, сатып алу және өтеу тәртібін қор биржасы белгілейді.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.03.2017 № 52-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4-бап. Орталықтың қолданыстағы құқығы
1. Орталықтың қолданыстағы құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан:
1) осы Конституциялық заңнан;
2) осы Конституциялық заңмен берілген өкілеттіктер шегінде Орталықтың органдары қабылдайтын, Англия және Уэльс құқығының қағидаттарына, нормалары мен прецеденттеріне және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделуі мүмкін Орталықтың осы Конституциялық заңға қайшы келмейтін актілерінен;
3) осы Конституциялық заңмен және Орталықтың актілерімен реттелмеген бөлігінде қолданылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығынан тұрады.
2. Орталықтың актілерін әзірлеу, уәкілетті органдармен келісу, тіркеу, қолданысқа енгізу, жариялау, өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтату тәртібі Орталықтың актілерінде айқындалады.
3. Орталықтың органдары Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтын:
1) азаматтық-құқықтық қатынастарды;
2) азаматтық-процестік қатынастарды;
3) қаржылық қатынастарды;
4) әкімшілік рәсімдерді;
5) Орталық органдарының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқылы.
Орталықтың органдары осы Конституциялық заңда тікелей көзделген жағдайларда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген қатынастарды реттейтін актілерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды болғызбау мақсатында Орталықтың актілерінде Орталық қатысушылары үшін жекелеген шектеулер белгіленуі мүмкін.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Конституциялық заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 296-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.5-бап. Орталық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері және валюталық реттеу
1. Орталық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері шартта көзделген валютамен көрсетіледі және орындалады.
2. Қор биржасының сауда-саттығына қатысушылардың ақшалай міндеттемелері қор биржасының қағидаларында айқындалатын валюталармен көрсетіледі және орындалады.
3. Орталықтың аумағында қаржылық және кәсіби қызметтерді көрсетуге байланысты валюталық операцияларды жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Орталықтың актілерінде белгіленеді.
4. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, капитал қозғалысы операциялары солардың негізінде және (немесе) орындалуы үшін жүргізілетін валюталық шарттарды есептік тіркеу, шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беру талаптары, сондай-ақ жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету жөніндегі талаптар Орталық қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды.
Мәліметтер тізбесіне және Орталық қатысушыларының тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың оларды ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Орталық актілерінде айқындалады.
5. Орталықтың актілерінде Орталықтың қатысушыларына жүргізілетін операциялар туралы мәліметтер ұсыну бойынша қойылатын талаптар, сондай-ақ Орталықтың органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгіленеді.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 296-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.5-1-бап. Орталықтың инвестициялық резиденті
1. Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияны жүзеге асырған, сондай-ақ мынадай шарттарға сай келетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Орталықтың инвестициялық резиденті болып табылады:
Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін алғаш өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды;
Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адам болып табылмайды.
2. Инвестициялар тартуға бағытталған, инвестициялау көлемі мен құралдарын белгілейтін Орталық актісі Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы болып табылады. Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарымен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша қабылданады.
Ескерту. 5-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2019 № 296-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.6-бап. Орталықтың аумағындағы салық режимі
1. Осы бапта белгіленген алып қоюларды қоспағанда, Орталықтың аумағындағы салық режимі Салық кодексінде айқындалады.
2. Орталықтың органдары мен олардың ұйымдары Орталықтың актілерінде айқындалған шарттарды сақтаған кезде корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.
3. Орталық қатысушылары Орталықтың аумағында мынадай қаржылық қызметтерді көрсетуден алған кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады:
1) ислам банкінің банктік қызметтерін көрсету;
2) қайта сақтандыру қызметтерін көрсету және сақтандыру брокерлік қызметтерін көрсету;
3) инвестициялық қорлардың активтерін инвестициялық басқару, оларды есепке алу мен сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын шығаруды, орналастыруды, айналымға жіберуді, сатып алуды және өтеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету;
4) брокерлік және (немесе) дилерлік, андеррайтингтік қызметтерді көрсету;
5) Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалатын басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
4. Орталық қатысушылары Орталықтың органдарына, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушыларына көрсетілетін заңдық, аудиторлық, бухгалтерлік, консалтингтік қызметтерді көрсетуден алған кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының мақсаттары үшін корпоративтік табыс салығынан босатылуға жататын және салық салуға жататын кірістердің, сондай-ақ шегерімге жатқызылатын шығыстардың бөлек есебін жүргізу тәртібі Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалады.
6. Орталық қатысушысының немесе органының жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушысымен немесе Орталықтың органымен жасалған еңбек шарты бойынша Орталықтағы қызметтен түсетін кірістері бойынша жеке табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.
7. Жеке және заңды тұлғалар:
1) өткізу күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен;
2) Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың акцияларын немесе Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен;
3) осындай дивидендтерді немесе сыйақыларды есепке жазу күніне қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар түрінде;
4) Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың акциялары бойынша немесе Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қатысушы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері бойынша дивидендтер түрінде;
5) егер жеке тұлғалар Орталықтың инвестициялық резиденттері болып табылса және Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті деп танылса, Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден түсетін кірістері бойынша жеке және корпоративтік табыс салықтарын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында Орталықтың инвестициялық резиденті Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде бюджетке міндетті төлем төлейді.
8. Орталықтың органдары және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген қызметтерді көрсететін Орталық қатысушылары Орталықтың аумағында орналасқан объектілер бойынша мүлік салығын және жер салығын төлеуден босатылады.
8-1. Мыналар:
1) Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде бюджет қаражатын алуы;
2) Орталық органдарының бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған ақшаны Орталық әкімшілігінен алуы қосылған құн салығы салынатын өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
8-2. Орталық қатысушыларының осы баптың 3-тармағында көзделген көрсететін қызметтері қосылған құн салығынан босатылады.
8-3. Қазақстан Республикасы өткізу орны деп танылатын, бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстар, көрсеткен қызметтер, егер жұмыстар мен қызметтер Орталықтың органдарына және (немесе) олардың ұйымдарына орындалса және көрсетілсе, бейрезиденттен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.
9. Салықтық әкімшілендіру және Орталықтың органдарына және қатысушыларына салық салу мәселелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының Орталықтың органдарымен және қатысушыларымен өзара іс-қимылы Орталық органдарының және мемлекеттік кіріс органдарының бірлескен актілерінде айқындалады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 296-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.7-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалық режимі
1. Орталықта қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар келу визасын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келген кезде алады.
2. Орталық қатысушыларының немесе органдарының жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Орталықтың инвестициялық резиденттері және олардың отбасы мүшелері бес жылға дейін қолданылу мерзімімен келу визасын алады.
2-1. Орталықтың инвестициялық резиденттеріне визаларды беру, жою, қайта қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімін қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық әкімшілігінің өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.
3. Орталық әкімшілігінің өтінішхаты бойынша осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген адамдарға визалардың қолданылу мерзімін ұзарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс шықпай жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Орталықта қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарымен келісу бойынша Орталықтың органдары айқындайды.
5. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Малайзияның, Сингапур Республикасының және Монако Княздігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын елдердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзіммен визасыз келу құқығын алады.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2019 № 296-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.8-бап. Шетелдік жұмыс күшін тарту
1. Орталық қатысушылары және органдары Орталықта қызметін жүзеге асыру үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды рұқсат алмай тартуға құқылы.
Орталық қатысушылары және органдары тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасуға рұқсат алу міндетінен босатылады.
2. Орталық қатысушылары және органдары әрбір тартылған жұмыскер бойынша олардың жоғары біліктілігін растайтын құжаттарының болуы және оларды сақтауы міндетті, ал тартылған шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның Орталық қатысушысына немесе органына оларды ұсынуы міндетті.
Шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның жоғары біліктілігін растайтын құжаттардың тізбесін Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті айқындайды.
3. Орталықтың әкімшілігі Орталық қатысушылары және органдары тартқан шетелдік жұмыс күшінің есебін жүргізеді. Тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді Орталықтың әкімшілігі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын мәліметтердің құрамы, оларды ұсыну мерзімділігі мен тәртібі Орталық әкімшілігінің және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады.
Орталықтың қатысушылары және органдары Орталық актілеріне сәйкес Орталық әкімшілігіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер ұсынады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2019 № 296-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.1. Орталықтың органдары:
1) Орталықты басқару жөніндегі кеңес;
1-1) Орталықты Басқарушы;
2) Орталықтың әкімшілігі;
3) Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті;
4) Орталықтың соты;
5) Халықаралық төрелік орталығы болып табылады.
2. Орталықтың органдары осы Конституциялық заңмен және Орталықтың актілерімен өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз болады.
3. Орталық қатысушыларының қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастырудың және жүргізудің тәртібі осы Конституциялық заңда және Орталықтың актілерінде айқындалады.
4. Орталыққа бөлінген республикалық бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Орталықты Басқарушының және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2017 № 119-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).10-бап. Орталықты басқару жөніндегі кеңес
1. Орталықты басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері Орталық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындау және жетекші халықаралық қаржылық қызметтер көрсету орталығын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу болып табылады.
3. Кеңестің мынадай өкілеттіктері болады:
1) Орталықтың даму стратегиясын айқындайды;
2) Орталықтың қызметі туралы жылдық есепті бекітеді;
3) осы Конституциялық заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген шекте осы Конституциялық заңмен өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар түрінде Орталықтың актілерін қабылдайды;
4) Орталық органдарының құрылымын айқындайды;
5) Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің басшылығын тағайындайды;
6) Орталықтың мақсаты үшін өзге де органдарды құру, олардың нысанын, құзыретін және функцияларын айқындау, сондай-ақ оларды тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешімдерді қабылдайды;
7) Кеңес туралы ережеде айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.
4. Кеңес туралы ережені және оның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
1. Орталықты Басқарушыны Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
2. Орталықты Басқарушының өкілеттіктерін Кеңес айқындайды.
Ескерту. Конституциялық заң 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.12.2017 № 119-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Орталықтың әкімшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құратын, Орталық органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі, сондай-ақ олардың жұмыскерлері үшін жағдайды қамтамасыз ететін және өз құзыреті шегінде олардың мүдделерін білдіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден, сондай-ақ Орталықтың актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.
Орталықтың әкімшілігі осы тармақта көзделген қаражатты үнемдеу есебінен резервтер құруға құқылы. Резервтерді құру, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібі мен шарттары Орталықтың актілерінде айқындалады.
2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес бюджеттен Орталықтың әкімшілігі алған нысаналы аударым, оның ішінде осы бюджеттік қаражаттан үнемдеу болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, Орталықтың органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.
3. Директорлар кеңесі Орталық әкімшілігінің басқару органы болып табылады. Орталық әкімшілігінің ағымдағы қызметіне басшылықты төраға басқаратын басқарма жүзеге асырады.
Акционерлердің жалпы жиналысының (жалғыз акционердің), директорлар кеңесі мен басқарманың өкілеттіктерін, директорлар кеңесі мен басқарманың сандық құрамын, оларды сайлау тәртібін және мүшелерінің өкілеттік мерзімін, сондай-ақ директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшерін айқындау тәртібін Кеңес айқындайды.
4. Орталық әкімшілігінің мынадай өкілеттіктері болады:
1) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуді және Орталықтағы олармен байланысты қызметті қоспағанда, Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен келісу бойынша Кеңеске Орталықтың даму стратегиясын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) Кеңестің алдында Орталықтың бекітілген даму стратегиясының іске асырылуы туралы есеп береді және Кеңеске Орталықтың қызметі туралы жылдық есепті бекітуге ұсынады;
3) Кеңес айқындайтын негіздер бойынша және тәртіппен Орталық қатысушыларына қатысты шаралар қолданады;
4) Кеңес қаулыларының жобаларын әзірлейді, оларды Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен келіседі, оларды жария талқылауға шығарады және қабылдау үшін Кеңеске ұсынады;
5) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу саласына және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты емес мәселелер бойынша реттеу ережелері түрінде актілерді қабылдайды;
6) Орталықтың жылдық және орта мерзімді бюджеттерін дайындайды және бекітеді;
7) Кеңеске Орталықтың мақсаттары үшін қажетті қосалқы және өзге де органдарды құру, оларды тарату немесе қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
8) Орталықтың мақсатына қол жеткізу және оның операцияларын ұйымдастыру үшін басқа да халықаралық және өңірлік қаржы орталықтарымен, даму институттарымен және басқа да ұйымдармен байланыстар орнатады және олардың дамуын қамтамасыз етеді, осыған орай, Орталықтың басқа да органдарының өкілеттіктеріне жататындарды қоспағанда, кез келген келісімдерді, шарттарды, келісімшарттарды жасасады;
9) Орталық қатысушылары немесе органдары жұмыскерлерінің визалар алуына және Орталық қатысушыларына жұмыс күшін тартуға жәрдем көрсетеді;
10) Кеңес қаулыларында айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 119-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 296-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.12-бап. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті
1. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуді және Орталықтағы олармен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
2. Комитеттің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, сондай-ақ Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.
2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес Орталықтың әкімшілігі арқылы Комитет алған нысаналы аударым Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.
3. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті:
1) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуге және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты Орталықтың органдары актілерінің жобаларын әзірлейді, оларды жария талқылауға шығарады және қабылдау үшін Орталықтың тиісті актілерін қабылдауға жауапты органға ұсынады;
2) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу саласына және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты мәселелер бойынша реттеу ережелері түрінде актілерді қабылдайды;
3) Орталық қатысушыларын тіркеуді, аккредиттеуді және лицензиялауды жүзеге асырады;
4) Орталық қатысушыларының тізілімін жүргізеді;
5) Орталық қатысушыларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, оларға қатысты шаралар қабылдайды;
6) Кеңес қаулыларында айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.03.2017 № 52-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Осы баптың 4-тармағында көзделген дауларды сот қарауын Орталықтың соты ғана жүзеге асырады, оның мақсаты тараптардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Орталықтың қолданыстағы құқығының орындалуын қамтамасыз ету болады.
2. Орталықтың соты өз қызметінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді.
3. Орталықтың соты екі сатыдан: бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады.
3-1. Орталық сотының төрағасы мен судьяларын Орталықты Басқарушының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және босатады.
4. Орталықтың соты қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және мыналарға:
1) Орталық қатысушыларының, Орталық органдарының және (немесе) олардың шетелдік жұмыскерлерінің арасында туындайтын дауларды қарау мен шешуге;
2) Орталықта жүзеге асырылған және Орталықтың құқығына бағынысты кез келген операцияға қатысты дауларды қарау мен шешуге;
3) тараптардың келісімі бойынша Орталықтың сотына берілген дауларды қарау мен шешуге қатысты айрықша юрисдикцияға ие болады.
5. Орталықтың соты өз қызметінде Англияның және Уэльстің процестік қағидаттары мен нормаларына және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделуге тиіс болатын Кеңестің "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты туралы" қаулысын басшылыққа алады.
Кеңестің "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты туралы" қаулысында соттың құрамы, соттың лауазымды адамдарын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібі, судьяларға және соттың лауазымды адамдарына қойылатын біліктілік талаптары және Орталық сотының жұмыс істеуіне қатысты басқа да мәселелер айқындалады.
6. Орталықтың соты дауларды шешу кезінде Орталықтың қолданыстағы құқығын басшылыққа алады, сондай-ақ нақты даулар бойынша Орталық сотының заңды күшіне енген шешімдерін және жалпы құқықтың басқа да юрисдикциясы соттарының күшіне енген шешімдерін ескеруі мүмкін.
7. Орталықтың аппеляциялық сотының шешімдері түпкілікті болып табылады, шағым жасауға жатпайды және барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
8. Қазақстан Республикасында Орталық сотының шешімдерін орындау Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін орындау сияқты сол бір тәртіппен және сол бір шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте Орталық актілерінде айқындалған тәртіппен Орталық соты шешімдерінің қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қамтамасыз етілуге тиіс.
9. Орталықтың аумағында Қазақстан Республикасы соттарының шешімдерін орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Орталықтың соты Орталық актілерінің нормаларын түсіндіру бойынша айрықша құзыретке ие болады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2017 № 119-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 296-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.14-бап. Халықаралық төрелік орталығы
1. Халықаралық төрелік орталығы тараптар арасында төрелік келісім болған жағдайда дауларды қарайды.
2. Халықаралық төрелік орталығы Кеңестің "Халықаралық төрелік орталығы туралы" қаулысына сәйкес қалыптастырылады және жұмыс істейді.
3. Қазақстан Республикасында Халықаралық төрелік орталығының шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасындағы төреліктер шығарған төрелік шешімдерді тану және орындау сияқты сол бір тәртіппен және сол бір шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте Орталықтың актілерінде айқындалған тәртіппен Халықаралық төрелік орталығы шешімдерінің қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Орталықтың аумағында төреліктердің шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Орталықтың бүкіл аумағында Орталық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлық салаларында пайдаланылатын ағылшын тілі Орталықтың ресми тілі болып табылады.
16-бап. Орталық актілерінің тілі
Орталықтың актілері ағылшын тілінде әзірленеді және қабылданады. Орталықтың актілерін қазақ немесе орыс тіліне аударуға жол беріледі. Мұндай актілердің ресми аудармасын Орталық жүзеге асырады.
17-бап. Құжаттаманы жүргізу тілі
Орталықтың аумағында есептік-статистикалық, қаржылық, техникалық және өзге де құжаттаманы жүргізу ағылшын тілінде жүзеге асырылады.
18-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру тілі
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне Орталық органдарының жауаптары, оның ішінде оларға қоса берілетін құжаттар ағылшын тілінде немесе өтініш жасалған тіл қазақ немесе орыс тілі болған жағдайда, өтініш жасалған тілде жазылады.
Орталықта сот ісін жүргізу тараптардың өтініші бойынша қазақ немесе орыс тіліне аударыла отырып, ағылшын тілінде жүргізіледі.
1. Егер тараптардың келісімімен өзгеше айқындалмаса, Орталық қатысушыларының Орталықтың аумағында жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмілелері ағылшын тілінде жазылады.
2. Тараптарының бірі Орталықтың қатысушысы болып табылатын, жазбаша нысанда жасалатын мәмілелер ағылшын не қазақ немесе орыс тілдерінде жазылады.
Осы Конституциялық заңның 3-бабында, 4-бабының 2-тармағында, 5-бабының 3-тармағында, 6-бабында, 7-бабының 4-тармағында, 8-бабында, 9-бабының 3-тармағында, 11-бабының 3-тармағында, 13-бабының 5-тармағында және 14-бабының 2-тармағында көзделген Орталық актілерін Орталықтың органдары осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде әзірлеуге және қабылдауға тиіс.
22-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Конституциялық заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-баптың 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |