1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат):
997-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«997-бап. Автордың қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель,
өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы алуға құқығы
Авторға қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы төлеу мөлшерi, шарттары және тәртiбi автор мен жұмыс берушi арасындағы келiсiмде айқындалады. Егер автор мен жұмыс берушiнiң қызметтiк өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi жасаудағы үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, авторға сыйақы төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.».
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«108-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға
арналған шығыстар бойынша шегерім
Тіркелген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға арналған шығыстардан және күрделі сипаттағы басқа да шығыстардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап-компаниялардан оларды одан әрі коммерцияландыруға бағытталған лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстары шегерімдерге жатады.
Осындай шығыстарды шегерімдерге жатқызуға іс жүзінде орындалған ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмысқа арналған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдап алу актілері немесе уәкілетті мемлекеттік орган заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеген лицензиялық шарт немесе басқаға беру шарты негіз болып табылады.»;
2) 133-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті орган берген өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаты бар өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап- компаниялардан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстардың (шығындардың) осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылған сомасының елу пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижесін енгізу туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталған көрсетiлген жұмыстардың нәтижесi және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері Қазақстан Республикасының аумағында енгiзiлген жағдайда салық кезеңінде қолданылады.».
3. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
12-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Автордың өзi жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған селекциялық жетiстiктi патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде пайдаланғаны үшiн патент иеленушіден сыйақы алуға құқығы бар. Сыйақы төлеу мөлшерi мен шарттары патент иеленушi мен автор арасында жасалған келісімде айқындалады. Келісім болмаған жағдайда авторға сыйақы төлеу мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.».
4. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
10-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Авторға қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін сыйақы төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі автор мен жұмыс беруші арасындағы келісімде айқындалады. Егер автор мен жұмыс берушiнiң қызметтiк өнертабыстарды, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi жасаудағы үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, авторға сыйақы төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.».
5. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат):
9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген топология үшiн авторға сыйақы төлеу мөлшерi, шарттары және тәртiбi автор мен жұмыс берушi арасындағы келiсiмде айқындалады. Егер автор мен жұмыс берушiнiң топология жасаудағы үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, авторға сыйақы төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.».
6. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Гранттық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми ұйымдардың және олардың ұжымдарының, ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бөлінеді.».
РҚАО-ның ескертпесі!
2-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев