2015 жылғы 27 шілдеде Женевада жасалған 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру
таралы Марракеш келісіміне Қазақстан республикасының
қосылуы туралы хаттама
Кіріспе
Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің (бұдан әрі «ДСҰ келісімі» деп аталатын) ХІІ бабына сәйкес берілген Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас кеңесі мақұлдауының негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі «ДСҰ» деп аталатын) және Қазақстан Республикасы (бұдан әрі «Қазақстан» деп аталатын)
2015 жылғы 23 маусымдағы WT/ACC/KAZ/93 құжатында ұсынылған Қазақстан Республикасының ДСҰ келісіміне қосылуы туралы Жұмыс тобының баяндамасын (бұдан әрі «Жұмыс тобының баяндамасы» деп аталатын) назарға ала отырып,
Қазақстанның ДСҰ келісіміне қосылуы туралы келіссөздердің нәтижелерін ескере отырып,
Төмендегілер туралы уағдаласады:
I БӨЛІМ – ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. 8-тармаққа сәйкес осы Хаттаманың күшіне енуімен Қазақстан көрсетілген Келісімнің ХІІ бабына сәйкес ДСҰ келісіміне қосылады және осылайша ДСҰ мүшесі болады.
2. Қазақстан қосылатын ДСҰ келісімі осы Хаттама күшіне енген күнге дейін күшіне енуі мүмкін осындай құқықтық құжаттармен енгізілген түзетулермен, түзетпелермен және өзге де өзгерістермен бірге көрсетілген Келісімге түсіндірме ескертпелерді қоса алғанда, ДСҰ келісімі болып табылады. Жұмыс тобы баяндамасының 1175-тармағында көрсетілген міндеттемелерді қамтитын осы Хаттама ДСҰ келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады.
3. Егер жұмыс тобы баяндамасының 1175-тармағында өзгеше көзделмесе, көрсетілген Келісім күшіне енген кезден басталатын уақыт кезеңі ішінде орындалуға тиіс ДСҰ келісіміне қосымша болып табылатын көпжақты сауда келісімдері жөніндегі міндеттемелерді Қазақстан Республикасы көрсетілген Келісімді ол күшіне енген күнінен бастап қабылдағандай орындайды.
4. Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімнің (бұдан әрі «ГАТС» деп аталатын) ІІ бабының 1-тармағына сәйкес келмейтін шараның осы Хаттамаға қоса берілетін ІІ баптан алып тастаулардың тізбесіне енгізілуі және ІІ баптан алып тастаулар бойынша ГАТС қосымшасының талаптарына сай болуы шартымен, Қазақстан Республикасы мұндай шараны сақтап қала алады.
II БӨЛІМ – ТІЗБЕЛЕР
5. Осы Хаттамаға Қосымшада берілген тізбелер 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісіміне (бұдан әрі «1994 жылғы ГАТТ» деп аталатын) қоса берілетін Басқаға беру мен міндеттемелер тізбесіне және Қазақстанға қатысты ГАТС-қа қоса берілетін Ерекше міндеттемелер тізбесіне айналады. Тізбелерде санамаланған басқаға беру мен міндеттемелер кезеңділігі тиісті тізбелердің тиісті бөліктерінде көрсетілгендей жүзеге асырылады.
6. 1994 жылғы ГАТТ ІІ бабының 6 (а) тармағындағы анықтаманың мақсаттары үшін осы Хаттамаға қоса берілетін Басқаға беру мен міндеттемелер тізбесіне қатысты күнге сәйкес келетін көрсетілген Келісімнің күндері осы Хаттаманың күшіне енген күні болып табылады.
III БӨЛІМ – ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7. Осы Хаттама қол қою немесе өзге тәсіл арқылы Қазақстанның қабылдауы үшін 2015 жылғы 31 қазанға немесе Бас кеңес айқындауы мүмкін неғұрлым кешірек күнге дейін ашық.
8. Осы Хаттама оны Қазақстан қабылдаған күнінен кейін отызыншы күні күшіне енеді.
9. Осы Хаттама ДСҰ Бас директорына сақтауға тапсырылады. ДСҰ Бас директоры 7-тармаққа сәйкес осы Хаттаманың расталған көшірмесін және Қазақстанның оны қабылдағаны туралы хабарламаны ДСҰ әрбір мүшесіне және Қазақстанға дереу ұсынады.
10. Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабының ережелеріне сәйкес тіркеледі.
2015 жылғы 27 шілдеде Женевада ағылшын, француз және испан тілдерінде жалғыз данада жасалды, әрі қоса берілетін Тізбеде осы тілдердің біреуінде ғана тең түпнұсқалы болып табылатындығы белгіленуі мүмкін жағдайды қоспағанда, әрбір мәтін тең түпнұсқалы болып табылады және Жұмыс тобының баяндамасы тек ағылшын тілінде ғана тең түпнұсқалы болып табылады.
Қазақстан Республикасы үшін Дүниежүзілік сауда ұйымы үшін
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Хаттаманың ағылшын, француз және испан тілдеріндегі мәтіні берілген.
Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне
өзгерістер енгізу туралы хаттама
Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелері,
Сауда рәсімдерін жеңілдету туралы келісімге сілтеме жасай отырып;
Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш Келісімінің («ДСҰ Келісімі») X бабының 1-бабына сәйкес қабылданған Бас Кеңестің WT/L/940 Шешімін назарға ала отырып;
Төмендегілер туралы осы келісім жасасты:
1. Осы Хаттама күшіне енгізілгеннен кейін 4-тармаққа сәйкес осы Хаттамаға Қосымшада көрсетілген Сауда рәсімдерін жеңілдету туралы келісімді Қорғау шаралары жөніндегі келісімнен кейін енгізу арқылы ДСҰ Келісімінің 1А Қосымшасына өзгерістер енгізіледі.
2. Басқа Мүшелердің келісімінсіз осы Хаттаманың кез келген ережелеріне қатысты ескертпелерге рұқсат етілмейді.
3. Осы Хаттама ДСҰ Мүшелерінің қабылдауы үшін ашық.
4. Осы Хаттама ДСҰ Келісімінің X бабы 3-тармағына сәйкес күшіне енеді.1
5. Осы Хаттаманың депозитарийі Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры болып табылады, ол әр Мүшеге осы Хаттаманың куәландырылған көшірмесін және 3-тармаққа сәйкес әрбір қабылдау туралы хабарламаны дереу жолдайды.
6. Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы 102-бабының ережелеріне сәйкес тіркеуге жатады.
Женевада 2014 ж. 27 қарашада ағылшын, француз және испан тілдерінде бір данада жасалған, барлық мәтіннің бірдей күші бар.
__________________
1ДСҰ Келісімінің Х.3 бабына сәйкес қабылдау туралы құжаттардың санын есептеу үшін ЕО өзіне және оған мүше мемлекеттерге қатысты қабылдау туралы құжат ДСҰ Мүшелері болып табылатын ЕО мүше мемлекеттердің санына тең Мүшелердің саны қабылдау туралы құжат ретінде есептеледі.
Ресми емес аударма, түпнұсқалы мәтін
ағылшын, француз және испан тілдерінде
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ МАРРАКЕШ КЕЛІСІМІНЕ
ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ХАТТАМАҒА ҚОСЫМША
САУДА РӘСІМДЕРІН ЖЕҢІЛДЕТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ
Кіріспе сөзбасы
Мүшелер,
Доха Министрлік декларациясына сәйкес басталған келіссөздерді назарға алып;
Доха Министрлік декларациясының 27-тармағында (WT/MIN (01)/DEC/1) және 2004 жылғы 1 тамызда Бас кеңес қабылдаған Доха жұмыс бағдарламасы шешімінің D қосымшасында (WT/L/579), сондай-ақ Гонконг министрліктер декларациясының 33-тармағында және Е қосымшасында (WT/MIN(05)/DEC) қамтылған қағидаттар мен мандатты еске салып және қайта растап;
Транзиттегі тауарларды қоса алғанда, тауарлардың қозғалысын, босатылуын және кедендік тазартылуын одан әрі жылдамдату мақсатында 1994 жылғы ГАТТ-тың V, VIII және X баптарының тиісті аспектілеріне айқындық енгізуге және жақсартуға ниет білдіріп;
Дамушы және, әсіресе, ең төмен дамыған мүше елдердің ерекше қажеттіліктерін растап және осы салада әлеует жасауда көмек және қолдау көрсетуді арттыруға ниет білдіріп;
Мүшелер арасындағы сауда рәсімдерін жеңілдету және кедендік қағидаларды сақтау мәселелері бойынша тиімді ынтымақтастық жасау қажеттілігін растай отырып;
Осымен төмендегілер туралы келіседі:
І БӨЛІМ
1-БАП: АҚПАРАТТЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
1. Жариялау
1.1 Әрбір мүше үкіметтерге, сауда субъектілеріне және басқа мүдделі тараптарға олармен танысуға мүмкіндік беру үшін келесі ақпаратты кемсітпейтін және оңай қол жетімді негізде шұғыл жариялауы тиіс:
а) импорт, экспорт және транзит рәсімдері (оның ішінде порттарда, әуежайларда рәсімдер және басқа да кіру пункттерінде қолданылатын рәсімдер), және қажетті нысандар мен құжаттар;
b) импортқа немесе экспортқа не оларға байланысты салынатын кез келген түрдегі баж бен салықтардың қолданылатын мөлшерлемелері;
с) үкіметтік органдар немесе үкіметтік органдар үшін импортқа, экспортқа немесе транзитке немесе оларға байланысты салатын төлемдер мен алымдар;
d) кедендік мақсаттар үшін тауарларды жіктеу немесе бағалау үшін қағидалар;
е) шығу тегіне қатысты жалпы қолданылатын заңдар, қағидалар немесе әкімшілік қаулылар;
f) импортқа, экспортқа немесе транзитке шектеулер немесе тыйым салулар;
g) импорт, экспорт немесе транзит ресми рәсімдерін бұзғаны үшін айыппұл санкциялары;
h) шағымдану немесе қайта қарау тәртібі;
i) кез келген елмен немесе елдермен импортқа, экспортқа немесе транзитке қатысты келісімдер немесе олардың бөлімдері; және
j) тарифтік квоталарды енгізуге байланысты рәсімдер.
1.2 2.2-тармақта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы ережелерде мүше тілінен басқа ақпаратты жариялау немесе ұсынуды талап ету ештеңе түсіндірілмеуі тиіс.
2. Интернеттегі қолжетімді ақпарат
2.1 Әрбір мүше Интернет арқылы мүмкіндігінше және қажеттілігіне қарай мынаны ұсынады және жаңартып отырады:
а) үкіметтерге, сауда субъектілеріне және басқа мүдделі тараптарға импорт, экспорт және транзит үшін қажетті қадамдар туралы ақпарат беріп отыратын импорт, экспорт және транзит рәсімдерінің, оның ішінде шағымдану немесе қайта қарау рәсімінің сипаттамасы1;
b) осы мүше аумағына әкелуге, аумағынан әкетуге аумағы арқылы транзитке қажетті нысандар мен құжаттар;
с) оның ақпараттық орталығы туралы байланыс ақпарат.
2.2 Мүмкін болған жағдайда 2.1 (а) тармағында көрсетілген сипаттама ДСҰ-ның ресми тілдерінің бірінде қолжетімді болуға тиіс.
2.3 Мүшелерге Интернетте саудамен байланысты тиісті заңнаманы қоса алғанда, саудамен байланысты қосымша ақпаратты және 1.1-тармақта көрсетілген өзге де ақпаратты жариялау ұсынылады.
_______________________
1 Әрбір мүше өзінің веб-сайтында осы сипаттаманың құқықтық шектеулері туралы жариялауға құқылы.
3. Ақпараттық орталықтар
3.1 Әрбір мүше қолда бар мүмкіндіктер шегінде 1.1-тармақта қамтылған мәселелер бойынша үкіметтердің, сауда субъектілерінің және басқа мүдделі тараптардың негізделген сұрауларына жауап беруі үшін, сондай-ақ 1.1 (а) тармақшада көрсетілген талап етілетін нысандар мен құжаттарды ұсынуы үшін бір немесе бірнеше ақпараттық орталықтардың жұмысын құрайды немесе қолдайды.
3.2 Кеден одағының мүшелері немесе өңірлік ықпалдастыруға қатысатын мүшелер жалпы рәсімдерге қатысты 3.1-тармақтың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін өңірлік деңгейде жалпы ақпараттық орталықтарды құруы немесе қолдауы мүмкін.
3.3 Мүшелерге сұрауларға жауап бергені және талап етілетін нысандар мен құжаттарды бергені үшін төлемді талап етпеу ұсынылады. Егер мұндайлар бар болса, мүшелер көрсетілген қызметтердің шамаланған құнына дейін төлемдер мен алымдар сомасын шектейді.
3.4 Ақпараттық орталықтар сұрауларға жауап береді және сұраудың сипатына және күрделілігіне байланысты өзгеруі мүмкін ақылға қонымды уақыт ішінде нысандар мен құжаттарды ұсынады, ол әрбір мүше белгілеген.
4. Хабарлама
Әрбір мүше 23-баптың 1.1-тармағына сәйкес Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі комитетке (бұдан әрі осы Келісімде «Комитет»):
а) 1.1 (а)-дан (j)-ға дейінгі тармақшаларда көрсетілген ақпарат жарияланған ресми орын (дар);
b) 2.1-тармағында көрсетілген сайттағы (сайттардағы) ресурстардың бірыңғай көрсеткіштері; және
с) 3.1-тармағында көрсетілген ақпараттық орталықтардың байланыс ақпараты туралы хабарлауға тиіс.
2-БАП: ПІКІР БІЛДІРУ МҮМКІНДІГІ, КҮШІНЕ ЕНГЕНГЕ ДЕЙІНГІ
АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР
1. Пікір білдіру мүмкіндігі және күшіне енгенге дейінгі ақпарат
1.1 Әрбір мүше мүмкіндігіне қарай өзінің заңнамасына және құқықтық жүйесіне сәйкес жаңа заңдар мен ережелердің жобаларына транзиттік тауарларды қоса алғанда, тауарлардың қозғалысына, шығаруы мен тазартылуына байланысты жаңа заңдар мен қағидалардың жобаларына түсініктемелер беру немесе қолданыстағы заңдар мен жалпы қолданылатын қағидаларға өзгерістер енгізу үшін сауда субъектілері мен басқа мүдделі тараптар үшін мүмкіндік пен тиісті уақыт мерзімімен қамтамасыз етеді.
1.2 Әрбір мүше мүмкіндігіне қарай және өзінің заңнамасына және құқықтық жүйесіне сәйкес транзиттік тауарларды қоса алғанда, тауарлардың қозғалысына, шығаруы мен тазартылуына қатысты жаңа немесе өзгертілген заңдар мен жалпы қолданылатын қағидалардың жариялануын немесе олар туралы ақпарат сауда субъектілері және басқа мүдделі тұлғалардың онымен танысуы үшін олар күшіне енгенге дейін мүмкіндігінше ерте өзге тәсілмен көпшілікке қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
1.3 Кеден баждары немесе тарифтері мөлшерлемесінің өзгерістері, жеңілдету әрекет ететін шаралар, тиімділігіне 1.1 немесе 1.2-тармақтарға сәйкес келу нәтижесінде нұқсан жасалатын шаралар, төтенше мән-жайлар жағдайында қолданылатын шаралар немесе ішкі заңнаманың және құқықтық жүйенің шамалы өзгерістері 1.1 және 1.2-тармақтардан алып тасталды.
2. Консультациялар
Мүшенің әрқайсысы тиісті жағдайларда өзінің шекаралық ведомстволары мен сауда субъектілерінің немесе өз аумағының шегіндегі басқа да мүдделі тараптардың арасында тұрақты консультациялар жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс.
3-БАП: АЛДЫН АЛА ШЕШІМДЕР
1. Әрбір мүше барлық қажетті ақпаратты қамтитын жазбаша сұрау берген өтініш берушіге ақылға қонымды мерзімде алдын ала шешімді береді. Егер мүше алдын ала шешім беруден бас тартса, ол осындай шешім қабылдау үшін тиісті фактілер мен негіздерді жазып, жазбаша түрде өтініш берушіге бұл туралы жедел хабарлауға тиіс.
2. Егер қосымшада көтерілген мәселе:
(a) бұрын кез келген үкімет органында, аппеляциялық сотта немесе сотта өтініш иесінің ісінде қаралуда болса; немесе
(b) бұрын кез келген апелляциялық сотта немесе сотта шешілген болса, мүше өтініш иесіне алдын ала шешім беруден бас тарта алады.
3. Алдын ала шешім ол берілгеннен кейін ақылға қонымды уақыт ішінде, егер осы шешімді қолдайтын заңдар, фактілер немесе мән-жайлар өзгерген жағдайда, қолданыста болады.
4. Мүше алдын ала шешімді қайтарып алған, өзгерткен немесе оның күшін жойған кезде, ол шешім қабылдау үшін тиісті фактілер мен негізді жазып, өтініш берушіге жазбаша хабарламаны ұсынуға тиіс. Мүше кері күш бар алдын ала шешімді қайтарып алған, өзгерткен немесе оның күшін жойған кезде, ол мұны алдын ала шешім толық болмаған, дұрыс емес, жалған немесе жаңылысқа алып келетін ақпаратқа негіздеген жағдайда ғана жасай алады.
5. Мүше берген алдын ала шешім оған өтініш жасаған өтініш берушіге қатысты мүше үшін міндетті болуға тиіс. Мүше өтініш беруші үшін де алдын ала шешімнің міндеттілігін көздеуі мүмкін.
6. Әрбір мүше кем дегенде:
(a) алдын ала шешімнің өтінішіне қойылатын талаптарды, оның ішінде ұсынылуға тиіс ақпарат пен форматты;
(b) ол алдын ала шешімді беретін уақыт кезеңін; және
(с) алдын ала шешімнің күші болатын уақыт ұзақтығын жариялауға тиіс.
7. Әрбір мүше өтініш берушінің жазбаша сұрауы бойынша алдын ала шешімді қайта қарауды2 немесе шешімді қайтарып алу, өзгерту немесе алдын ала шешімнің күшін жою туралы шешімді қайта қарауды жүзеге асыруға тиіс.
8. Әрбір мүше оның пікірінше, құпия коммерциялық ақпаратты қорғау қажеттілігін назарға ала отырып, басқа мүдделі тараптар үшін елеулі қызығушылық тудыратын алдын ала шешімдер бойынша кез келген ақпараттың жария қол жетімділігін жасауға ұмтылуға тиіс.
9. Анықтамалар және қолданылу аясы:
(a) Алдын ала шешім – бұл мүше әкелу кезінде:
(i) тауардың тарифтік жіктеліміне; және
(ii) тауардың шығу тегіне3 қатысты тауарға қатысты жүзеге асыратын рәсім көрсетілетін өтінімде көрсетілген тауарды әкелуге дейін мүше өтініш берушіге ұсынатын жазбаша шешім.
(b) (а) тармақшасында айқындалған алдын ала шешімдерге қосымша мүшелерге:
(i) белгілі бір фактілер жинағына сәйкес кедендік құнды анықтау үшін қолданылатын тиісті әдіс немесе өлшемшарттарды және олардың қолданысы;
(ii) жеңілдету немесе кеден бажынан босату үшін мүше талаптарының қолданылуы;
(iii) тарифтік квоталарды қоса алғанда, квоталар туралы мүше талаптарының қолданылуы; және
(iv) мүше оларға алдын ала шешім беруді орынды деп санайтын кез келген қосымша мәселелер бойынша алдын ала шешімдер беру ұсынылады.
(c) Өтініш беруші – экспорттаушы, импорттаушы немесе заңды себептері бар кез келген тұлға не оның өкілі.
(d) Мүше өтініш берушінің оның аумағында заңды өкілдігінің немесе тіркеудің болуын талап ете алады. Мүмкіндігіне қарай, мұндай талаптар шағын және орта кәсіпорындардың ерекше қажеттіліктеріне айрықша назар аудара отырып, алдын ала шешімді сұратуға құқығы бар тұлғалар санаттарын шектемеуі тиіс. Осы талаптар анық әрі транспарентті болуы және еркін немесе расталмаған кемсітушілік құралы болмауға тиіс.
_________________________
2 Осы тармаққа сәйкес: (a) қайта қарауды ресми тұлға, өкілдік, немесе шешімді берген орган, жоғары немесе тәуелсіз әкімшілік орган немесе сот билігінің органы шешім шығарылғанға дейін немесе одан кейін жүзеге асыруы мүмкін; және (b) мүше өтініш иесіне 4-баптың 1-тармағыу жүгінуге міндетті емес.
3 Тауардың шығу тегі туралы алдын ала шешім осы келісімнің және Шығу қағидалары жөніндегі келісімнің талаптарына жауап беретін Шығу қағидалары жөніндегі келісім мақсаттары үшін шығу тегін бағалау болуы мүмкін деп ұғынылады. Сондай-ақ, Шығу тегі қағидалары жөніндегі келісім шеңберінде шығу тегін бағалау екі келісімнің де талаптарына жауап беретін осы келісім мақсаттары үшін тауардың шығу тегі туралы алдын ала шешім болуы мүмкін. Мүшелер осы келісімнің талаптары орындалған жағдайда шығу тегін бағалауға қатысты Шығу тегі қағидалары бойынша келісімге сәйкес белгіленгендерге қосымша осы бап шеңберінде жекелеген шараларды белгілеуге міндетті емес.
4-БАП: АПЕЛЛЯЦИЯ НЕМЕСЕ ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША РӘСІМДЕР
1. Әрбір мүше кеден органдары әкімшілік шешімді4 берген кез келген тұлғаның өз аумағының шегінде:
(a) әкімшілік органның әкімшілік шағымдануына немесе шешім берген жоғары немесе тәуелсіз лауазымды адамды немесе офисті қайта қарауға;
және/немесе
(b) сотқа шағымдануға немесе шешімді қайта қарауға құқылы болуды көздейді.
2. Мүшенің заңнамасы әкімшілік шағымданудың немесе қайта қараудың сотқа шағымдануға немесе қайта қарауға дейін басталғанын талап етуі мүмкін.
3. Әрбір мүше оның шағымдану немесе қайта қарау рәсімдері кемсітпейтін негізде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
4. Әрбір мүше апелляция немесе қайта қарау бойынша шешім 1.1 (а) тармақшасына сәйкес немесе (і) оның заңнамасында көрсетілгендей белгілі бір кезеңдерде берілмеген; немесе (іі) себепсіз кешіктірілген жағдайларда өтініш иесінің одан әрі шағымдануға немесе әкімшілік органның немесе сот органының одан әрі қарауына немесе сот органына кез келген басқа өтініш беру, құқығымен қамтамасыз етеді5.
5. Әрбір мүше 1-тармақта көрсетілген тұлғаға қажет болған кезде шағымдану немесе қайта қарау рәсімдеріне жүгіне алатындай етіп әкімшілік шешім бойынша негіздеменің ұсынылатынына кепілдік береді.
6. Әрбір мүшеге осы бап ережелерін кеденнен басқа, тиісті шекаралық ведомство берген әкімшілік шешімге қатысты қолданылатындай ету ұсынылады.
_____________________
4 Осы баптағы әкімшілік шешім жекелеген жағдайда нақты адамның құқықтары мен міндеттеріне әсер ететін заңды күшпен шешуді білдіреді. Осы баптағы әкімшілік шешім 1994 жылғы ГАТТ келісімінің Х бабының мағынасы бойынша әкімшілік шараларды өтейтінін немесе мүшенің ұлттық заңнамасы мен құқықтық жүйесінде көзделгендей әкімшілік әрекеттің немесе шешімнің қабылданбауын білдіретінін түсіну тиіс. Мұндай қабылдамауды шешу үшін мүшелер 1 (а) тармақшасына сәйкес шағымдану немесе қайта қарау құқығы бойынша кеден органы әкімшілік шешімді дереу шығаруға бағыттау үшін сотқа өтініш білдіруді немесе балама әкімшілік тетікті сақтай алады.
5 Осы тармақта ештеңе мүшеге апелляция немесе қайта қарау бойынша әкімшілік үндемеуді оның заңдары мен қағидаларына сәйкес талап берушінің пайдасына шешім ретінде тануға кедергі келтірмейді.
5-БАП: ӘДІЛДІКТІ, КЕМСІТПЕУШІЛІКТІ ЖӘНЕ АШЫҚТЫҚТЫ
АРТТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚА ШАРАЛАР
1. Бақылауды немесе тексерулерді күшейту үшін хабарламалар
Мүше өз аумағының шегінде адамды жануарларды, өсімдіктерді қорғау үшін хабарламада немесе нұсқауда қамтылатын тамақ өнімдеріне, сусындар немесе азықтарға қатысты шекарада басқаруды немесе тексерулерді жақсарту мақсаттарында өзінің тиісті органдарына арналған хабарламаларды немесе нұсқауларды шығару жүйесін жасаған немесе ұстаған кезде, мынадай шаралар оларды шығару, тоқтату немесе тоқта тұру тәсіліне қатысты қолданылуға тиіс:
(a) мүше қажет болған кезде, тәуекел негізінде хабарлама немесе нұсқауды шығара алады;
(b) мүше хабарлама немесе нұсқаулар негізделетін санитарлық және фитосанитарлық жағдайлар қолданылатын кіру пункттеріне ғана тең қолданылатындай етіп хабарламаны немесе нұсқауды бере алады;
(c) мүше хабарламаны немесе нұсқауды осыған әкелген жағдайлар енді болмаған жағдайда немесе егер өзгерген жағдайлар сауданы шектеуді азайтатын тәсілмен шешілуі мүмкін болса, дереу тоқтатуға немесе тоқтата тұруға тиіс; және
(d) мүше хабарламаны немесе нұсқауды тоқтатуды немесе тоқтата тұруды шешкен кезде ол қажет болған жағдайда кемсітпейтін және жеңіл қолжетімді нысанда оны тоқтату немесе тоқтата тұру туралы хабарламаны жедел жариялауға немесе экспорттаушы мүшеге немесе импорттаушыға хабарлауға тиіс.
2. Кідірту
Мүше әкелу үшін мәлімделген тауарларды кеден немесе басқа құзыретті органдардың тексеруіне кідірткен жағдайда тасымалдаушыға немесе импорттаушыға жедел хабарлайды.
3. Сынау рәсімдері
3.1 Мүше сұрату бойынша, егер әкелу үшін мәлімделген тауарлардың бірінші сынау үлгілерінің нәтижесі теріс нәтиже көрсеткен жағдайда, екінші рет сынауға мүмкіндік беруі мүмкін.
3.2 Мүше сынау жүргізілуі мүмкін зертхананың атауы мен мекенжайын кемсітпейтін және жеңіл қолжетімді нысанда жариялайды немесе 3.1-тармаққа сәйкес мүмкіндік берілген жағдайда осы ақпаратты импорттаушыға ұсынады.
3.3 Мүше 3.1-тармаққа сәйкес екінші рет сынау жүргізілсе, тауарларды шығару және ресімдеу үшін оның нәтижесін қарайды және қажет болған кезде мұндай сынаудың нәтижелерін қабылдауы мүмкін.
6-БАП: ИМПОРТҚА ЖӘНЕ ЭКСПОРТҚА НЕМЕСЕ ОЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ
САЛЫНАТЫН АЛЫМДАР МЕН ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ АЙЫППҰЛДАР
1. Импортқа және экспортқа немесе олармен байланысты
салынатын алымдар мен төлемдер бойынша жалпы тәртіп
1.1 1-тармақтың ережелері тауарларды импорттау және экспорттау немесе олармен байланысты немесе 1994 жылғы ГАТТ Келісімінің ІІІ бабына жататын импорттық және экспорттық баж бен салықтардан басқа, мүшелермен алынатын барлық алымдар мен өзге де төлемдерге қолданылады.
1.2 Алымдар мен төлемдер бойынша ақпарат 1-бапқа сәйкес жариялануға жатады. Осы ақпарат қолданылатын төлемдер мен алымдарды, мұндай баж бен алымдардың дәйектемесі, жауапты орган және төлем қашан және қалай жүргізілуі тиіс екенін қамтуы тиіс.
1.3 Төтенше жағдайларды қоспағанда, жаңа немесе өзгертілген төлемдер мен алымдар туралы ақпаратты жариялау және оларды өндіріп алуды бастау аралығына ақылға қонымды уақыт кезеңі беріледі. Мұндай төлемдер мен алымдар олар жөнінде ақпарат жарияланғанға дейін қолданылмауы тиіс.
1.4 Әрбір мүше өз алымдары мен төлемдерін олардың санын және түрлерін мүмкіндік болса қысқарту мақсатында кезеңділікпен қайта қарап отыруы тиіс.
2. Импортқа және экспортқа немесе олармен байланысты
салынған кедендік ресімдеу үшін баждар мен алымдардың тәртібі
Кедендік ресімдеу үшін алымдар мен төлемдер:
(i) көрсетілген қызметтердің құнына жақын сомада немесе импорт немесе экспорт бойынша нақты операциямен байланысты шектелуі тиіс; және
(ii) олар тауарларды кедендік ресімдеумен тығыз байланысты көрсетілетін қызметтер үшін алынған жағдайда, нақты импорт немесе экспорт операциясымен байланысты болмауға тиіс.
3. Айыппұлдар салу тәртібі
3.1 3-тармақтың мақсаттары үшін «айыппұлдар» термині мүшенің кеден органы кеден заңдарын, ережелерді немесе мүшенің рәсімдік талаптарын бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарды білдіреді.
3.2 Әрбір мүше кеден заңнамасын, реттеу немесе рәсімдік талаптарды бұзған үшін айыппұлдар бұзғаны үшін жауапты тұлғаға (тұлғаларға) ғана оның заңдарына сәйкес салынуын қамтамасыз етеді.
3.3 Қолданылатын жаза істің жағдайларына және фактілерге байланысты болуға тиіс және бұзушылықтың деңгейі мен ауырлығы мөлшерлес болуға тиіс.
3.4 Әрбір мүше:
(a) айыппұлдар мен алымдарды бағалау мен алуда мүдделер қақтығысына; және
(b) 3.3-тармақпен келісілмейтін айыппұлды бағалау немесе алу үшін ынталандырулар жасауға жол бермеу үшін шараларды қабылдауын қамтамасыз етеді.
3.5 Әрбір мүше кеден заңнамасын, қағидаларды немесе рәсімдік талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салған кезде айыппұл салынатын тұлғаға (тұлғаларға) бұзушылықтың сипаттамасы және айыппұлдардың сомасы немесе мөлшері айқындалған тиісті заңнама, ереже немесе рәсім талаптары көрсетілген жазбаша нысанда дәйектеме ұсынылатынын қамтамасыз етеді.
3.6 Тұлға мүшенің кеден органына кедендік әкімшілендіру бұзушылығын анықтағанға дейін кеден заңнамасын, реттеу немесе рәсімдік талаптарды мүшенің кеден органына анықтағанға дейін іс жүргізу талаптарын бұзу мән-жайларын ерікті ашқан жағдайда, онда мүшеге мүмкін болған тұстарда бұл фактіні мүмкіндігінше осы адамға жаза белгілену кезінде әлеуетті жеңілдетуші фактор ретінде қарау ұсынылады.
3.7 Осы тармақтың ережелері 3.1-тармақта көрсетілген транзиттік тасымалдаулар үшін айыппұлдарға қатысты қолданылады.
7-БАП: ТАУАРЛАРДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ
1. Келгенге дейін өңдеу
1.1 Әрбір мүше тауарларды олардың келуі бойынша шығаруды жеделдету мақсатында тауарлар келгенге дейін өңдеуді бастау үшін импорт бойынша құжаттаманы және басқа қажетті ақпаратты, оның ішінде декларацияны ұсынуға мүмкіндік беретін рәсімдерді қабылдайды немесе жүзеге асырады.
1.2 Әрбір мүше тиісті жағдайларда жүк келгенге дейін мұндай құжаттарды өңдеу үшін құжаттардың электрондық форматта алдын ала ұсынылу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
2. Электрондық төлемдер
Әрбір мүше, жүзеге асырылу мүмкіндігіне қарай, кеденнің әкелу және әкету бойынша жинайтын бажды, салықтарды, алымдар мен комиссияларды электронды түрде төлеуге мүмкіндік беретін рәсімдерді қабылдауға немесе жүзеге асыруға тиіс.
3. Шығарылымды кедендік баждар, салықтар, алымдар мен комиссиялардан түпкілікті бөлу
3.1 Әрбір мүше кеден баждарын, салықтарды, алымдар мен төлемдерді түпкілікті анықтағанға дейін, егер мұндай анықтау әкелгенге дейін немесе әкелуі бойынша жасалмаса, немесе әкелгеннен кейін барынша жылдам жасалмаса және барлық басқа нормативтік талаптар орындалған жағдайда тауарларды шығаруға мүмкіндік беретін рәсімдерді қабылдайды немесе жүзеге асырады.
3.2 Мұндай шығару шарты ретінде мүше мыналарды:
(a) тауарларды әкелгенге дейін немесе әкелуі бойынша анықталған кеден баждарын, салықтарды, алымдар мен төлемдерді төлеуді және оның заңдарында немесе қағидаларында көзделген кепілгерлік, кепіл немесе басқа тиісті құрал түрінде әлі белгіленбеген кез келген сомаға кепілдікті; немесе
(b) оның заңдарында және қағидаларында көзделген кепілгерлік, кепіл немесе басқа тиісті құжат түріндегі кепілдікті талап етуі мүмкін.
3.3 Мұндай кепілдік соңғы нәтижесінде кепілдемемен өтелетін тауарлар үшін алынатын кеден баждарының, салықтардың, алымдар мен төлемдердің төленетініне кепілдік беру үшін мүшеден талап етілетін сомадан артық болмауы тиіс.
3.4 Ақшалай айыппұлдар немесе өсімпұлдар салуды талап ететін құқық бұзушылық анықталған жағдайда кепілдік салынуы мүмкін айыппұлдар мен өсімпұлдар үшін талап етілуі мүмкін.
3.5 3.2 және 3.4-тармақтарда көрсетілген кепілдік ол талап етілмеген жағдайда қайтарылуы тиіс.
3.6 ДСҰ шеңберіндегі құқықтармен және міндеттемелермен сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, осы ережелерде ештеңе мүшенің кез келген тәртіппен тауарларды зерттеу, кешіктіру, алу не тәркілеу немесе олармен жұмыс істеу құқығын қозғамайды.
4. Тәуекелдерді басқару
4.1 Әрбір мүше мүмкіндігінше кедендік бақылау үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысын қабылдайды немесе қолдайды.
4.2 Әрбір халықаралық сауданы мүше ерікті немесе негізсіз кемсітуді немесе жасырын шектеуді болдырмау үшін тәуекелдерді басқаруды әзірлейді және қолданады.
4.3 Әрбір мүше аса жоғары тәуекел тасымалдарына кедендік бақылауды және мүмкіндігінше шекаралық бақылаудың басқа тиісті шараларын жұмылдырады және тәуекел дәрежесі төмен жүктердің шығарылуын жылдамдатады. Мүше тәуекелдерді басқару шеңберінде мұндай бақылауға жататын жүктерді іріктеу негізінде де таңдай алады.
4.4 Әрбір мүше тәуекелдерді басқаруды іріктеудің тиісті өлшемшарттары арқылы тәуекелді бағалауға негіздейді. Мұндай іріктеу өлшемшарттары Үйлестірілген жүйе кодын, тауарлардың шығу тегі мен сипаттамасын, шыққан елін, тауар артылған елді, тауарлардың құнын, саудагерлер жазбаларының сақталуын және көлік құралдарының типін қамтуы мүмкін.
5. Кедендік ресімдеуден кейінгі аудит
5.1 Тауарлардың шығарылуын жылдамдату мақсатында, әрбір мүше кедендік және басқа да тиісті заңдар мен қағидалардың сақталуына кепілдік беру үшін кедендік ресімдеуден кейін аудитті қабылдайды немесе жүзеге асырады.
5.2 Әрбір мүше селективтіліктің тиісті іріктеу өлшемшарттарын қамтуы мүмкін тәуекелдерді бағалау негізінде кеденнен кейінгі аудит үшін адамды немесе жүкті таңдайды. Әрбір мүше кеденнен кейінгі аудитті ашықтық негізде жүргізеді. Адам аудит процесіне қатысқан және соңғы нәтижелерге қол жеткізілген жағдайда, мүше кідіртпей оның құжаттамасы тексеріліп жатқан адамды нәтижелер, оның құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ алынған нәтижелердің себептері туралы хабардар етеді.
5.3 Кеденнен кейінгі аудит кезінде алынған ақпарат одан әрі әкімшілік немесе сот істерінде пайдаланылуы мүмкін.
5.4 Мүшелер мүмкіндігінше кедендік аудиттен кейінгі нәтижелерді тәуекелдерді басқару жүйесінде қолдануда пайдалануы тиіс.
6. Шығарудың орташа уақытын жасау және жариялау
6.1 Мүшелерге Дүниежүзілік кеден ұйымының (бұдан әрі осы Келісімде «ДКҰ»6 уақытты зерттеуі сияқты құралдарды пайдалана отырып, келісілген тәртіппен тауарларды шығарудың орташа уақытын өлшеу және жариялау ұсынылады.
6.2 Мүшелерге Комитетпен шығарудың орташа уақытын өлшеудегі өз тәжірибесімен, оның ішінде тиімділікке әсер ету фактілерін зерттеу нәтижесінде анықталған шағын және кез келген әдіснамамен бөлісу ұсынылады.
7. Уәкілетті операторлар үшін сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі шаралар
7.1 Әрбір мүше одан әрі уәкілетті операторлар деп аталатын, белгілі бір өлшем шарттарға жауап беретін операторлар үшін 7.3-тармаққа сәйкес импорт, экспорт немесе транзит рәсімдерімен және формальдылықтарымен байланысты сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша қосымша шараларды көздейді. Бұдан басқа, мүше барлық операторлар үшін қолжетімді және жеке схема жасауды талап етпейтін кедендік рәсімдер арқылы сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша шараларды ұсынуы мүмкін.
7.2 Уәкілетті оператор ретінде көрсетілген біліктілік өлшем шарттар мүшенің заңдарында, қағидаларында немесе рәсімдерінде көрсетілген талаптарды сақтаумен немесе сақтамау тәуекелімен байланысты болуы тиіс.
(a) Жариялануы тиіс мұндай өлшемшарттар:
(i) кедендік және басқа байланысты заңдар мен қағидаларға сәйкес тиісті жазбаны;
(ii) қажетті ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін жазбалар жүйесін басқаруды;
(iii) төлем қабілеттілігін, оның ішінде орынды жерде жеткілікті қамтамасыз етуді немесе кепілдікті ұсынуды; және
(iv) жеткізу жүйесінің қауіпсіздігін қамтиды.
(b) Мұндай өлшемшарттар:
(i) тең жағдайлар басым болып келетін операторлардың арасында ерікті немесе негізсіз кемсітушілікке жол беріп немесе оны құрып, әзірлене немесе қолданыла алмайды; және
(ii) шағын және орта кәсіпорындардың қатысуын барынша жоғары дәрежеде шектей алмайды.
7.3 7.1-тармаққа сәйкес ұсынылатын сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі шаралар кем дегенде мынадай шаралардың үшеуін қамтуы тиіс7:
(a) құжаттама мен деректерге мүмкіндігінше төмен талаптар;
(b) жеке тексерулер мен сараптамалардың мүмкіндігінше төмен деңгейі;
(c) шығарудың мүмкіндігінше жылдам уақыты;
(d) баждар, салықтар, алымдар мен төлемдердің мерзімін ұзарту;
(e) кешенді кепілдіктерді немесе төмендетілген кепілдіктерді пайдалану;
(f) көрсетілген кезеңде импорттың немесе экспорттың барлық түрлеріне бірыңғай кедендік декларация; және
(g) уәкілетті оператордың үй-жайларында немесе кеденмен уәкілет берілген басқа орында тауарларды ресімдеу.
7.4 Мүшелерге мұндай стандарттар заңды мақсаттарды орындауға сәйкес келмейтін немесе тиімсіз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, мұндай стандарттар бар жерде халықаралық стандарттардың негізінде уәкілетті операторлардың схемаларын әзірлеу ұсынылады.
7.5 Операторларға ұсынылатын сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында мүшелер басқа мүшелерге уәкілетті операторлардың схемаларын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізу мүмкіндігін береді.
7.6 Мүшелер Комитет шеңберінде уәкілетті операторлардың қолданыстағы схемалары туралы тиісті ақпаратпен алмасуы тиіс.
8. Жылдамдатылған жеткізулер
8.1 Әрбір мүше бір мезгілде кедендік бақылауды қолдай отырып, өңдеудің мұндай түрін сұрауы мүмкін тұлғаларға әуе объектілерінде жүк жеткізілімдері бойынша түскен тауарлар бойынша жылдамдатылған шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін рәсімдерді қабылдайды немесе қолдайды8. Егер мүше кімнің сұрауын шектейтін өлшем шарттарды қолданса9, онда мүше жарияланған өлшем шарттарда өтініш берушіден
8.2-тармақта сипатталған өңдеу қолданысына сәйкестік үшін жағдайлар ретінде жылдам жеткізу үшін:
(a) өтініш беруші бөлінген объектіде орындалатын мұндай өңдеу үшін мүшенің талаптарын орындаған жағдайда жүкті жылдам өңдеумен байланысты кедендік шығындардың төленуін және барабар инфрақұрылымды қамтамасыз етуді;
(b) жылдамдатылған жеткізу келгенге дейін алдын ала шығару үшін қажетті ақпаратты ұсынуды;
(c) алымдар көлемі бойынша 8.2-тармақта сипатталған өңдеу ұсынудағы көрсетілген қызметтердің шамалас құнына дейін шектелуі тиіс;
(d) ішкі қауіпсіздікті, логистиканы және технологияны жүк артудан жеткізуге дейін қадағалауды пайдалана отырып, жылдамдатылған тасымалдауды бақылаудың жоғары деңгейін қолдауды;
(e) жүкті артудан жеткізуге дейін жылдамдатылған жіберуді қамтамасыз етуді;
(f) кеден органына тауарлар үшін барлық кеден бажы, салықтар, алымдар мен төлемдердің төленуі үшін жауапты болуды;
(g) кедендік және басқа тиісті заңдар мен қағидаларды сақтауда жақсы беделге ие болуды;
(h) 8.2-тармақта сипатталған өңдеуді ұсынуға арнайы жатқызылатын мүшенің заңдарын, қағидалары мен рәсімдік талаптарын тиімді қорғаумен тікелей байланысты өзге де жағдайларды сақтауды талап етуі мүмкін.
8.2 8.1 және 8.3 тармақтарға сәйкес, мүшелер:
(a) кейбір жүктер туралы ақпаратты бірыңғай ұсыну негізінде шығаруды қамтамасыз ету үшін барынша мүмкін дәрежеде 10-баптың 1-тармағына сәйкес жылдамдатылған тасымалдауларды шығару үшін қажетті құжаттаманы барынша азайтуы тиіс;
(b) шығару үшін қажетті ақпарат ұсынылған жағдайда келгеннен кейін дереу қалыпты жағдайларда шығаруға ұсынылатын жылдамдатылған жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс;
(c) мүшеге кірудің қосымша рәсімдердің орындалуын, оның ішінде өтініш пен ілеспе құжаттаманы және баж бен салықтардың төленуін талап етуге, сондай-ақ өңдеу құжаттары сияқты аз құнды тауарлармен шектелмеген жағдайда мұндай өңдеуді тауар түрі негізінде шектеуге болатынын растай отырып, кез келген салмағы немесе құны бар тауарды жеткізуге (а) және (b) тармақшаларындағы көзделген режимді қолдануға ұмтылуы тиіс; және
(d) кейбір белгіленген тауарлардан бөлек, олардан кеден бажы мен салықтар алынбайтын ең төмен құн мен декларацияланған көлемді мүмкіндігінше қамтамасыз етуі тиіс. 1994 жылғы ГАТТ Келісімінің ІІІ бабына сәйкес, импортқа қатысты қолданылатын қосымша құн салығы мен акциздер сияқты ішкі салықтар осы ережеге жатпайды.
8.3 8.1 және 8.2 тармақтардағы ештеңе мүшенің тауарларды зерттеу, кешіктіру, тәркілеу немесе әкелуден бас тарту немесе пост-кедендік аудитті, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып жүзеге асыру құқығын қозғамайды. Бұдан басқа, 8.1 және 8.2 тармақтардағы ештеңе мүшеге тауарды босату, қосымша ақпарат ұсыну және автоматты емес лицензиялық талаптарды орындау үшін шарт ретінде талап етуге кедергі жасамайды.
9. Тез бүлінетін тауарлар10
9.1 Тез бүлінетін тауарлардың алдын алуға болатын жоғалуына немесе бұзылуына жол бермеу мақсатында және барлық нормативтік талаптар орындалған жағдайда әрбір мүше тез бүлінетін тауарларды шығару үшін:
(a) қалыпты жағдайларда қысқа мерзімде; және
(b) кеден және басқа тиісті органдардың жұмыстан тыс жұмыс сағаттарында ерекше жағдайларда ұсынады.
9.2 Әрбір мүше талап етілуі мүмкін қандай да бір тексерулерді жоспарлау кезінде алдымен тез бүлінетін жүктерге көңіл бөледі.
9.3 Әрбір мүше босатылуын күту кезінде тез бүлінетін тауарларды тиісті сақтау орнын ұйымдастырады немесе импорттаушыға ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мүше импорттаушы ұйымдастырған кез келген сақтау орындары мақұлдануын немесе тиісті органымен тағайындалуын талап етуі мүмкін. Осы сақтау қоймаларына тауарлар қозғалысы, оның ішінде тауарларды ауыстыратын оператор үшін рұқсат беру қажет болған жерде тиісті органдардың рұқсат етілетін талаптарының мақұлдауына жатуы мүмкін. Мүше жүзеге асырылуы мүмкін және ұлттық заңнамаға сәйкес келетін импорттаушының өтініші бойынша осы сақтау объектілерінде шығару үшін қажетті қандай да бір рәсімдерді көздейді.
9.4 Тез бүлінетін тауарларды шығару едәуір кешіктірілген жағдайда және жазбаша сұрау бойынша импорттаушы мүше мүмкіндігінше кешіктіру себептері туралы хабарлама беруге тиіс.
___________________
6 Әрбір мүше өзінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес шығару уақытының орташа өлшемінің әдіснамасы мен қолдану аясын анықтауы мүмкін.
7 7.3 (а)-(g) тармақшаларда көрсетілген шара барлық операторлар үшін қол жетімді болса, уәкілетті операторларға ұсынылған болып саналады.
8 Мүше 8.2-тармақтағы қатынасты қамтамасыз ететін қолданыстағы рәсімге ие болса, осы ұсыныс мүшенің шығаруды жылдамдату бойынша жекелеген рәсімдердің енгізуін талап етпейді.
9 Ондай болған жағдайда мұндай қолданыс өлшемшарттары әуе жүк құралдарымен әкелінетін барлық тауарлар мен жүктерге қатысты жұмыс істеу үшін мүшенің талаптарына қосымша болуы тиіс.
10 Осы ереже мақсаттары үшін тез бүлінетін тауарлар – бұл өздерінің табиғи сипаттамаларына байланысты, әсіресе тиісті сақтау жағдайлары болмаған кезде тез бүлінетін тауарлар.
8-БАП: ШЕКАРАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
1. Әрбір мүше шекаралық бақылауға және тауарлар импортымен, экспортымен және транзитімен байланысты рәсімдерге жауапты оның органдары мен мекемелері бір-бірімен ынтымақтастық жасайтынына және сауданы жеңілдетуге жәрдемдесу мақсатында өз қызметін үйлестіретініне кепілдік береді.
2. Әрбір мүше шекара маңы саудасын жеңілдету үшін шекаралық өткелдердегі рәсімдерді үйлестіру мақсатында ортақ шекарасы бар басқа мүшелермен өзара пайдалы шарттарда мүмкіндігінше ынтымақтастық жасауға тиіс. Мұндай ынтымақтастық және үйлестіру мыналарды қамтуы мүмкін:
(a) жұмыс күндері мен сағаттарын теңестіру;
(b) рәсімдер мен формалдылықтарды теңестіру;
(c) ортақ объектілерді дамыту және бірлесіп пайдалану;
(d) бірлескен бақылау;
(e) шекаралық бекеттің бір бақылау аялдамасын жасау.
9-БАП: КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ БОЙЫНША ИМПОРТ ҮШІН АРНАЛҒАН ТАУАРЛАР
ҚОЗҒАЛЫСЫ
Әрбір мүше мүмкіндігіне қарай және барлық нормативтік талаптар орындалған жағдайда импортқа арналған тауарларға мүмкіндік беруі, тауарлар тазартылатын және шығарылатын өз аумағында рұқсаттаманың кедендік бекетінен басқа кедендік бақылаудың кеден бекетіне дейін оның аумағында қозғалуға мүмкіндік береді.
10-БАП: ИМПОРТПЕН, ЭКСПОРТПЕН ЖӘНЕ ТРАНЗИТПЕН БАЙЛАНЫСТЫ
ФОРМАЛЬДЫЛЫҚТАР
1. Формальдылықтар және құжаттамаға қойылатын талаптар
1.1 Импорттық, экспорттық және транзиттік формальдылықтардың санын және тармақталуын барынша азайту және импорт, экспорт пен транзит бойынша құжаттамаға талаптарды азайту мен жеңілдету мақсатына және саясаттың заңды мақсаттарын және мән-жайдың өзгеруі, тиісті жаңа ақпарат, бизнес-тәжірибелер, техника мен технологияның болуы, үздік халықаралық тәжірибелер және мүдделі тараптардан енгізулер сияқты басқа да факторларды назарға ала отырып, әрбір мүше мұндай формалдылықтар мен құжаттамаға қойылатын талаптарды қайта қарауға міндетті және зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, қажет болған жағдайда мұндай формалдылықтар мен құжаттамаға қойылатын талаптардың:
(a) қабылданғанын және/немесе тауарларды, әсіресе тез бүлінетін тауарларды тез шығару және ресімдеу мақсатында қолданылатынын;
(b) қабылданғанын және/немесе олар саудагерлер мен операторлар үшін уақыт пен құнды қысқартуға бағытталатындай етіп қолданылатынын;
(c) саясаттың мақсаты немесе мақсаттарын орындау үшін екі немесе одан да көп шаралар ақылға қонымды түрде қолжетімді болған кезде сауда үшін барынша шектемейтін шаралар таңдалғанын;
және
(d) егер олар енді талап етілмесе, осындай формальдылықтар және талаптардың қандай да бір бөлімдерін берілмейтінін қамтамасыз етуге міндетті.
1.2 Комитет тиісті жағдайларда мүшемен тиісті ақпарат және озық тәжірибе алмасу үшін рәсімдер әзірлейді.
2. Көшірмелерді қабылдау
2.1 Әрбір мүше қажет болған жағдайда импорт, экспорт немесе транзит бойынша формалдылықтарды сақтау үшін қажетті растаушы құжаттардың қағаз немесе электрондық көшірмелерін қабылдауға ұмтылуы тиіс.
2.2 Мүшенің мемлекеттік органында мұндай құжаттың түпнұсқасы болған жағдайда мүшенің кез келген басқа мекемесі түпнұсқалық құжаттың орнына түпнұсқасы бар мекемеден қағаз немесе электрондық көшірмені қабылдайды.
2.3 Мүше экспорттаушы мүшенің кедендік органдарында импорт үшін талап ретінде ұсынылатын экспорттық декларацияның түпнұсқасын немесе көшірмесін талап етуге құқылы емес11.
3. Халықаралық стандарттарды пайдалану
3.1 Мүшелерге осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың импорттық, экспорттық немесе транзиттік формалдылықтары үшін негіз ретінде тиісті халықаралық стандарттарды немесе олардың бөлімдерін пайдалану ұсынылады.
3.2 Мүшелерге өз ресурстары шеңберінде тиісті халықаралық ұйымдардың тиісті халықаралық стандарттарын дайындауға және кезеңдік түрде шолуға қатысу ұсынылады.
3.3 Комитет тиісті жағдайларда халықаралық стандарттарды енгізу үшін мүшелермен тиісті ақпарат және үздік практика алмасу рәсімін әзірлейді.
Комитет, сондай-ақ, тиісті халықаралық ұйымдарға халықаралық стандарттар бойынша өз жұмысын талқылауды ұсына алады. Қажет болған жағдайда Комитет мүшелер үшін ерекше маңызды болып табылатын нақты стандарттарды белгілей алады.
4. Бірыңғай терезе
4.1 Мүшелер қатысушы органдар немесе мекемелер үшін кірудің бірыңғай нүктесі арқылы тауарлар импорты, экспорты немесе транзиті үшін деректер бойынша құжаттаманы және/немесе талаптарды саудагерлерге ұсынуға мүмкіндік беретін бірыңғай терезе жасауға немесе сақтауға ұмтылады. Қатысушы органдар немесе мекемелер құжаттаманы және/немесе деректерді қарағаннан кейін нәтижелері өтініш берушілерге бірыңғай терезе арқылы уақтылы жеткізілуге тиіс.
4.2 Құжаттама және/немесе деректерге талаптар бірыңғай терезе арқылы алынған жағдайда, төтенше жағдайларды және қоғамға жарияланған басқа да шектеулерді қоспағанда, сол құжаттаманы және/немесе деректерге талаптарды қатысушы орган немесе мекемелер сұратпайды.
4.3 Мүшелер Комитетке бірыңғай терезе жұмысының егжей-тегжейлері туралы хабарлап отыруға тиіс.
4.4 Мүшелер бірыңғай терезені қолдау үшін ақпараттық технологияларды мүмкіндігінше пайдалануға тиіс.
5. Тиеп-жөнелту алдындағы инспекциялау
5.1 Мүшелер кедендік бағалау мен тарифтік жіктемеге қатысты тиеп-жөнелту алдындағы инспекциялауды қолдануды талап ете алмайды.
5.2 Мүшелердің құқықтарына зиян келтірмей, 5.1-тармақта қамтылмаған тиеп-жөнелту алдындағы инспекциялаудың басқа типтерін пайдалану, мүшелерге олардың пайдаланылуына қатысты жаңа талаптарды енгізбеу немесе қолданбау ұсынылады.12
6. Кедендік брокерлерді пайдалану
6.1 Қазіргі уақытта кедендік брокерлердің ерекше рөлін қолдайтын кейбір мүшелердің маңызды саяси мәселелеріне зиян келтірмей, осы Келісім күшіне енген сәттен бастап мүшелер кедендік брокерлердің міндетті пайдаланылуын енгізбеуге тиіс.
6.2 Әрбір мүше кедендік брокерлерді пайдалану жөніндегі өз шаралары туралы Комитетке хабарлайды және жариялайды. Олардың кез келген өзгерістері туралы хабарламалар және шұғыл жарияланымдар болуға тиіс.
6.3 Кедендік брокерлерді лицензиялауға қатысты, мүшелер ашық әрі объективтік болып табылатын қағидаларды қолданады.
7. Ортақ шекара рәсімдері және құжаттамаға қойылатын бірыңғай талаптар
7.1 Әрбір мүше 7.2-тармаққа сәйкес, тауарларды өзінің барлық аумағында шығару және ресімдеу үшін жалпы кедендік рәсімдерді және құжаттамаға қойылатын бірыңғай талаптарды қолдануға тиіс.
7.2 Осы бапта мүшеге:
(a) тауардың сипатына және түріне немесе олардың көлік құралдарына байланысты, өз рәсімдері мен құжаттамаға қойылатын талаптарын саралауға;
(b) тәуекелдерді басқаруға негізделген тауарлар үшін өз рәсімдері мен құжаттамаға қойылатын талаптарын саралауға;
(c) импорт бажы мен салықтарынан толық немесе ішінара босатуды қамтамасыз ету үшін құжаттамаға қойылатын талаптар мен өз рәсімдерін саралауға;
(d) электрондық беру немесе өңдеуді пайдалануға; немесе
(e) санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі келісімге сәйкес, құжаттамаға қойылатын талаптар мен өз рәсімдерін саралауға ешбір кедергі жасамауға тиіс.
8. Бас тартылған тауарлар
8.1 Импортталатын тауарлардан мүшенің құзырлы органы санитарлық немесе фитосанитарлық нормалардың немесе техникалық регламенттердің орындалмауын есепке ала отырып бас тартқан жағдайда мүше өз заңдары мен қағидаларын есепке ала отырып және оларға сәйкес, импорттаушыға қайта беруге немесе бас тартылған тауарды экспорттаушыға немесе экспорттаушы тағайындаған басқа тұлғаға қайтаруға мүмкіндік беруі тиіс.
8.2 8.1-тармаққа сәйкес мұндай мүмкіндік ұсынылған жағдайда және импорттаушы ақылға қонымды кезең ішінде оны пайдаланбаса, құзырлы орган талаптарға сәйкес келмейтін тауармен мәселені шешу үшін өзге әрекеттердің тәртібін қабылдауы мүмкін.
9. Тауарларды уақытша әкелу және әкелу мен әкетуді өңдеу
9.1 Тауарларды уақытша әкелу
Әрбір мүше өздерінің заңдарында мен қағидаларында көзделгендей, пайдаланылуына байланысты қалыпты ескіруі мен жоғалуын санамағанда, белгілі бір уақыт кезеңінде қайта экспортқа арналған және қандай да бір өзгерістерге төзбейтін нақты мақсаттар үшін оның кедендік аумағына әкелінген жағдайда, импорт баждары мен салықтарын төлеуден толық немесе ішінара босата отырып, оның кедендік аумағына тауарларды әкелуге мүмкіндік беруі тиіс.
9.2 Әкелу мен әкетуді өңдеу
(a) Әрбір мүше өздерінің заңдарында мен қағидаларында көзделгендей, жүктерді ішкі және сыртқы өңдеуге мүмкіндік береді. Сыртқы қайта өңдеу үшін рұқсат етілген тауарлар мүшенің заңдары мен қағидаларына сәйкес импорт баждары мен салықтарынан толық немесе ішінара босатыла отырып қайта импортталуы мүмкін.
(b) Осы бап мақсаттары үшін «әкелуді өңдеу» термині белгілі бір тауарлар өндіру, өңдеу немесе жөндеу және кейіннен әкету үшін арналған жағдайда олар мүшенің кеден аумағына әкелінуі, импорт баждары мен салықтардан толықтай немесе ішінара шартты түрде босатылуы немесе бажды қайтаруға құқылы болуы мүмкін кедендік рәсімді білдіреді.
(c) Осы бап мақсаттары үшін «әкетуді өңдеу» термині мүшенің кеден аумағында еркін айналыстағы тауарлар шетелде өндіру, өңдеу немесе жөндеу үшін уақытша экспортталып, кейіннен қайта импортталуы мүмкін кедендік рәсімді білдіреді.
______________________
11 Осы тармақта ештеңе мүшенің бақыланатын немесе реттелетін тауарларды әкелуге талап ретінде сертификаттар, рұқсаттар немесе лицензиялар сияқты құжаттарды талап ету құқығынан айырады.
12 Бұл тармақ Жөнелту алдындағы инспекциялау жөніндегі келісіммен қамтылған жөнелту алдындағы тексерулеріне жатады және санитариялық және фитосанитариялық мақсаттарда жөнелту алдындағы инспекциясын жоққа шығармайды.
11-БАП: ТРАНЗИТ ЕРКІНДІГІ
1. Мүшелер енгізген кез келген қағидалар немесе транзиттік тасымалдаумен байланысты формальдылықтар:
(а) егер олардың қабылдауын шарттаған мән-жайлар және мақсаттар болмаса немесе егер сауданы шамалы шектейтін өзгерген мән-жайлар немесе мақсаттар қолжетімді жолмен қарастырыла алса, сақталмауы тиіс;
(b) транзиттік тасымалдауды жасырын шектеуді көрсететін жолмен қолданылмауы тиіс.
2. Транзитке байланысты көтерілген әкімшілік шығындарға немесе ұсынылған қызметтердің құнымен шамалас тасымалдау үшін алымдар және төлемді қоспағанда, транзитке қатысты бекітілген кез келген алымдар немесе төлемдерді жинаумен транзиттік тасымалдар негізделе алмайды.
3. Мүшелер транзиттік тасымалдаулар бойынша кез келген ерікті шектеулерді немесе кез келген басқа ұқсас шараларды іздеуі, қабылдауы немесе қолдауы тиіс емес. Осы көлікті реттеуге қатысты әрекеттегі және болашақ ұлттық ережелер, екіжақты және көпжақты келісімдер үшін зиянсыз болып ДСҰ ережелеріне сәйкес келеді.
4. Әрбір мүше кез келген басқа мүшенің аумағы бойынша транзиттегі өнімдерге, осындай басқа мүшенің аумағынан өтпей шығарылған жерінен белгіленген жерге тасымалданса, осындай өнімдерге режимнен қолайсыздау болмайтын режим береді.
5. Мүшелерге, мүмкін болған жерде, транзиттік тасымалдау үшін нақты жеке инфрақұрылыммен (жолақтар, айлақтар және т.б) қамтамасыз ету ұсынылады.
6. Транзиттік тасымалдарға байланысты құжаттамаларға және кедендік бақылауға қойылатын формальдылықтар, талаптар мыналар:
(a) тауарларды анықтау; және
(b) транзиттік талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қажеттіден гөрі ауыртпалықты болмауға тиіс.
7. Тауарлар транзит рәсіміне орналастырылғаннан кейін және шығарылған жерінің нүктесінен мүше аумағына апаруға рұқсат берілгеннен кейін оларға мүше аумағындағы белгіленген орында өз транзитін аяқтағанға дейін кедендік төлемдерге салықтар немесе қажетсіз кідіртулерге немесе шектеулерге ұшырамайды.
8. Мүшелер Саудадағы техникалық кедергілер бойынша келісімнің мағынасына сәйкес жолдағы тауарларға техникалық регламенттерді және бағалау рәсімдерін қолданбауға тиіс.
9. Мүшелер тауарлар келгенге дейін транзиттік құжаттар мен деректердің алдын ала берілуі мен өңделуіне рұқсат береді және қамтамасыз етеді.
10. Егер транзиттік талаптар орындалса, мүше аумағының шегінен тыс шыққан жерде транзит кеденге жеткеннен кейін мекеме транзит операциясын дереу тоқтатуға тиіс.
11. Мүше кепілгерлік, депозит немесе транзиттік тасымалдау үшін ақшалай немесе ақшалай емес13 басқа да тиісті құрал түрінде кепілдікті талап етсе, мұндай кепілдіктер осындай жолдағы транзиттен туындайтын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін шектелуге тиіс.
12. Мүше өзінің транзитке қоятын талаптарының қанағаттандырылғанын белгілегеннен кейін кепілдік кідіріссіз босатылуға тиіс.
13. Әрбір мүше өзінің заңдары мен қағидаларына сәйкес дәл сол операторлар үшін бірнеше операцияны немесе келесі партиялар үшін кепілдіктерді қайтармай жаңартып отыруды қамтитын тегіс қамти алатын кепілдіктерге рұқсат береді.
14. Әрбір мүше кепілдікті белгілеу үшін өзі қолданатын, оның ішінде жалпы транзакция туралы тиісті ақпаратты және бұл қолданылатын жерде көп дүркін мәміленің кепілдігін жария етуге тиіс.
15. Әрбір мүше қаупі жоғары жағдайларда ғана немесе кедендік заңнама мен қағидаларды сақтауды кепілдіктерін пайдалану арқылы қамтамасыз ету мүмкін болмайтын жағдайларда транзиттік тасымалдау үшін кедендік сүйемелдеуді немесе кедендік экспортты пайдалануды талап ете алады. Кедендік сүйемелдеуге немесе кедендік экспортқа қолданылатын жалпы қағидалар 1-бапқа сәйкес жариялануға тиіс.
16. Транзиттің еркіндігін ұлғайту мақсатында мүшелер бір-бірімен ынтымақтастыққа және үйлестіруге ұмтылады. Мұндай ынтымақтастық және үйлестіру:
(a) алымдар;
(b) формальдылықтар мен құқықтық талаптар; және
(c) транзиттік режимдердің іс жүзінде жұмыс істеуі бойынша өзара түсіністікті қамтуы, бірақ онымен шектелмеуі мүмкін.
17. Әрбір мүше транзиттік операциялардың жақсы жұмыс істеуіне қатысты басқа мүшелердің барлық сұраныстары мен ұсыныстары жіберілетін ұлттық транзиттік үйлестірушіні тағайындауға ұмтылады.
____________________
13 Осы ережедегі ештеңе мүшенің көлік құралдары транзиттік тасымалдаудың кепілдігі ретінде қолданылуы мүмкін қолданыстағы рәсімдерді қолдау мүмкіндігін жоққа шығармауға тиіс.
12-БАП: КЕДЕНДІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
1. Сақтауға жәрдемдесу және ынтымақтастық шаралары
1.1 Импорттаушыларға тиісті мән-жайларда қателіктерді айыппұл қолданбай түзетуге мүмкіндік беру және оларды сақтамайтын сатушыларға барынша қатаң шаралар қолдануға бастамашылық жасау үшін сақтау шараларын қолдану үшін мүшелер сауда субьектілерінің сақтау ерікті түрде сақтауды көтермелеу жөніндегі өз міндеттемелері туралы білуін мүшелер сауда субъектілерінің сақтау қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы уағдаласады.14
1.2 Мүшелерге кедендік талаптарға сәйкестікті басқарудағы озық практика туралы, оның ішінде Комитет арқылы ақпарат алмасу ұсынылады. Мүшелерге техникалық басшылықта немесе сақтау және олардың тиімділігін арттыру шараларын қолдану мақсатында әлеуетті ұлғайту үшін көмек пен қолдауда ынтымақтасу ұсынылады.
2. Ақпарат алмасу
2.1 Сұрау бойынша және осы баптың ережелеріне сәйкес мүшелер декларацияның ашықтығына немесе нақтылығына күмәндануға жеткілікті негіз болған белгілі бір жағдайларда импорттық және экспорттық декларацияларды тексеру мақсатында 6.1 (b) және/немесе (c) тармақшасында мазмұндалған ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.
2.2 Әрбір мүше осындай ақпаратпен алмасу үшін өзінің байланыс пунктінің егжей-тегжейлері туралы Комитетке хабарлауға тиіс.
3. Тексеру
Мүше импорттың немесе экспорттың декларациясының тиісті тексеру рәсімдері жүргізілгеннен кейін және бар тиісті құжаттама тексерілгеннен кейін ғана ақпаратты сұратуы тиіс.
4. Сұрау салу
4.1 Сұрау салушы мүше сұрау салынатын мүшеге өзара келісілген ДСҰ тілінде немесе өзара келісілген басқа тілде қағаз немесе электрондық құралдар көмегімен мынадай жазбаша сұрау салуды ұсынады:
(а) бұл орынды және қолжетімді тиісті импорттық декларацияға сәйкес экспорттық декларацияның сериялық нөмірін қоса алғанда, проблеманың мазмұны;
(b) сұрау салушы мүше осы ақпаратқа немесе құжаттарға, сондай-ақ егер олар мәлім болса, сұрау салуға қатысы бар адамдардың аттары мен олардың байланыс деректерімен бірге, мақсаты;
(с) мұны сұрау салушы мүше талап еткенде, тиісті жағдайларда түпнұсқалықтың растамасы15;
(d) нақты ақпарат немесе сұралатын құжаттар;
(е) сұрау салатын бастамашылық кеңсенің тұлғасы;
(f) құпия ақпаратты және жеке деректерді жинау, қорғау, пайдалану, ашу, сақтау және жою құқығын реттейтін сұрау салынатын мүшенің ұлттық заңнамасын және құқықтық жүйесінің ережелеріне сілтемелер.
4.2 Егер сұрау салушы мүше 4.1-тармақшаның талаптарының біреуін орындай алмайтын жағдайда болса, ол мұны өзінің сұрауында көрсетуі тиіс.
5. Қорғау және құпиялылық
5.1 5.2-тармаққа сәйкес сұрау салушы мүше:
(a) сұрау салынатын мүше ұсынған барлық ақпараттар мен құжаттардың қатаң құпиялылығын сақтауы және 6.1 (b) немесе
6.1 (c)-тармақтарына сәйкес кем дегенде сұрау салынатын мүшенің ішкі заңнамасымен құқықтық жүйесіне сәйкес көзделген қорғау және құпиялылықтың сондай деңгейін ұсынуға;
(b) осы мәселемен тікелей айналысатын кеден органдарына ғана ақпарат пен құжаттарды беру және егер сұралып отырған мүше қайтадан жазбаша нысанда келіспесе, сұрау салуда көрсетілген мақсаттар үшін ғана ақпарат пен құжаттарды пайдалануы;
(с) сұрау салынатын мүшенің тікелей жазбаша рұқсатынсыз ақпаратты немесе құжаттарды жариялауға;
(d) кез келген осы мән-жайлардағы күдіктерді шешу үшін шешуші фактор ретінде сұрау салынатын мүшеден кез келген тексерілмеген ақпаратты немесе құжаттарды пайдаланбауы;
(e) құпия ақпараттың және жеке деректердің сақталуына және басқарылуына қатысты сұрау салған мүшеге жеткізілген әрбір жеке нақты жағдайда кез келген шарттарды сақтауы;
және
(f) сұрау салу бойынша, ұсынылған ақпарат және құжаттар нәтижесі ретінде осы іс бойынша алдын ала қабылданған кез келген шешімдер мен іс-қимылдар туралы сұрау салынатын мүшені хабардар етуі тиіс.
5.2 Сұрау салушы мүше ішкі заңнамасына сәйкес және құқықтық жүйесіне 5.1-тармағының кез келген тармақшасын сақтау жағдайында болмауы мүмкін. Егер солай болса, сұрау салушы мүше өз сұрауында оны көрсетуі тиіс.
5.3 Сұрау салушы 4-тармаққа сәйкес алынған кез келген сұрауға және ақпаратты тексеруге, кем дегенде, өзінің ұқсас ақпаратына сияқты сұрау салған мүшемен келісілген қорғау және құпиялылықтың деңгейінде қарастыру тиіс.
6. Ақпаратты ұсыну
6.1 Осы баптың ережелеріне сәйкес сұрау салынатын мүше кідіртпей:
(a) қағаз немесе электрондық құралдар арқылы жазбаша нысанда жауап беруі;
(b) сұрау салушы мүшеден талап етілетін қорғау және құпиялылық деңгейін сипаттамасымен тең осы қандай дәрежеде болуы мүмкін декларацияда немесе импорттық немесе экспорттық декларацияда айтылғандай нақты ақпаратты ұсынуы;
(c) егер келесі құжаттардағы ақпаратты немесе ол қолжетімді деңгейде импорттық немесе экспорттық декларацияны қолдауға берілген құжаттар талап етілсе: сұрау салушы мүшеден талап етілген қорғау және құпиялылық деңгейін сипаттамасымен бірге баспа немесе электрондық берілген түрде коммерциялық шот-фактура, орам қағаздары, шығу тегі сертификаты және коносамент ұсынуы;
(d) ұсынылған құжаттар шынайы көшірмелер болып табылатынын растауы;
(e) сұрауды салуға алған күннен бастап 90 күннің ішінде мүмкіндігіне қарай, ақпаратты ұсынуы немесе қандай да бір жолмен сұрау салуға жауап беруі тиіс.
6.2 Сұрау салынатын мүше өзінің ішкі заңнамасы мен құқықтық жүйесіне сәйкес, ақпаратты ұсынуға дейін нақты ақпарат сұрау салынатын мүшенің арнайы жазбаша рұқсатынсыз қылмыстық тергеуде, сот ісін өндіруде немесе кедендік сот өндірісінде дәлелдер ретінде қолданыла алмайтынына кепілдікті талап етуі мүмкін. Егер сұрау салынушы мүше осы талапты орындай алмаса, ол осыны сұрау салынатын мүшеге көрсетуі тиіс.
7. Мерзімін кешіктіру немесе сұрау салудан бас тарту
7.1 Сұрау салынатын мүше ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды кейінге қалдыруы немесе толық немесе ішінара бас тартуы мүмкін және оның себептері туралы сұрау салушы мүшеге келесі жағдайларда хабарлау тиіс:
(a) бұл сұрау салынатын мүшенің ішкі заңнамасында және құқықтық жүйесінде көрсетілген қоғамдық мүдделерге қарама-қайшы болғанда;
(b) оның ішкі заңнамасы және құқықтық жүйесі ақпараттың босатылуына жол бермейтін болғанда. Осындай жағдайда ол сұрау салынатын мүшені тиісті ерекше сілтеменің көшірмесімен қамтамасыз етуі тиіс;
(c) ақпаратты ұсыну заңдардың сақталуын қамтамасыз етуге кедергі жасаған немесе өзгеше жолмен жалғасқан әкімшілік немесе сот тергеуіне, қылмыстық қудалау немесе сот өндірісіне кедергі жасаған жағдайда;
(d) импорттаушының немесе экспорттаушының келісімі құпия ақпаратты немесе дербес деректерді жинауды, қорғауды, пайдалануды, жариялауды, ұстауды немесе жоюды реттейтін оның ішкі заңнамасы және құқықтық жүйесі бойынша талап етілген және келісім берілмеген жағдайда; немесе
(e) құжаттарды сақтау бойынша сұрау салынатын мүшенің заңды талабының мерзімі аяқталған кейін алынған ақпаратқа сұрау салынған жағдайда.
7.2. 4.2, 5.2, немесе 6.2 тармақтардың шарттарымен осындай сұрау салудың орындалуы сұрау салынатын мүшенің қалауы бойынша болуы тиіс.
8. Өзара келісім
Егер сұрау салушы мүше осындай сұрау салуды орындай алмайтын жағдайдамын деп есептесе, егер оны сұрау салынатын мүше жасаған болса немесе егер ол осы бапты әлі іске асырмаса, ол өз сұрау салуында осы фактіні көрсетуі тиіс. Осындай сұрау салу оны берген мүшенің қарауы бойынша орындалуы тиіс.
9. Әкімшілік ауыртпалық
9.1 Сұрау салушы мүше ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуларға берген жауаптар бойынша сұрау салынатын мүше үшін байланысты ресурстар мен қаржы салдарларын назарға алуы тиіс. Сұрау салушы мүше сұрау салуға жауап бергенде оның қаржы мүдделері және ақпаратты ұсынған кезде сұрау салушы мүшеге қажетті күштер арасындағы тепе-теңдікті қарастыруы тиіс.
9.2 Егер сұрау салушы мүше бір немесе бірнеше сұрау салынатын мүше(лер)ден ақпарат ұсыну туралы сұратуларының басқарылмайтын санын немесе өңдеуге қиын берілетін көлемде ақпарат алуға сұрау алса және белгілі бір уақыт ішінде мұндай сұратуларды қанағаттандыруға қабілетті болмаса, ол бір немесе бірнеше сұрау салынатын мүше(лер)ден өзінің ресурстық шектеулері шегінде практикалық шекті келісу мақсатында басымдықтарды анықтауды сұрауы мүмкін. Өзара келісілген тәсіл болмаған кезде осындай сұраулар өзінің басымдықтарының нәтижелері бойынша сұрау салынатын мүшенің қарастыруы бойынша болуы тиіс.
10. Шектеулер
Сұрау салушы мүше:
a) өзінің импорттық немесе экспорттық декларациялар форматын және рәсімдерді өзгертуге;
b) 6.1(с)-тармақта көрсетілгендей, импорттық немесе экспорттық декларацияда ұсынылғаннан, басқа құжаттарды ұсынуға;
c) ақпаратты алуға арналған сұрау салуларға бастамашылық етуге;
d) осындай ақпаратты сақтау мерзімін өзгертуге;
e) электрондық формат енгізілген кезде қағаз құжаттаманы енгізуге;
f) ақпаратты аударуға;
g) ақпараттың растығын тексеруге; немесе
h) жеке, мемлекеттік немесе жеке меншік кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпаратты ұсынуға міндетті емес.
11. Санкция берілмеген пайдалану немесе жариялау
11.1 Осы бапқа сәйкес алмасатын ақпаратты пайдалану немесе ашудың қандай да бір шарттары бұзылған жағдайда, ақпаратты алған сұрау салушы мүше ақпаратты ұсынған сұрау салушы мүшеге осындай санкция берілмеген қолданудың немесе ашудың егжей-тегжейлігін дереу мәлімдеуі тиіс және:
(a) бұзушылықты түзету үшін қажетті шараларды қабылдауы;
(b) болашақ бұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауы; және
(c) сұрау салынатын мүшеге (а) және (b) тармақшаларына сәйкес қабылданатын шаралар туралы хабарлауы тиіс.
11.2 сұрау салушы мүше 11.1 тармақта баяндалған шаралар қабылдағанға дейін бапқа сәйкес сұрау салушы мүше алдында өз міндеттемелерін тоқтата алады.
12. Екі жақты және өңірлік келісімдер
12.1 Осы бапта ештеңе мүшеге қауіпсіз және жылдам негізде қоса алғанда, мысалы, автоматты негізде немесе жүк келер алдында алдын ала кеден ақпараты мен деректерін бірлескен пайдалану немесе алмасу бойынша екі жақты, көп жақты немесе өңірлік келісімдерге қосылуына немесе оларды сақтауға кедергі келтірмейді.
12.2 Осы бапта ештеңе осындай екі жақты, көп жақты немесе өңірлік келісімдер бойынша мүшенің құқықтарына немесе міндеттемелеріне ықпал ету немесе оны өзгерту ретінде немесе осындай басқа келісімдер бойынша кеден ақпаратымен және деректерімен алмасуды реттеу ретінде түсіндірілмеуі тиіс.
_____________________
14 Осындай қызметте сақтамаудың жиілігін төмендету бойынша және сондықтан жүзеге асыру мақсаты үшін ақпаратпен айырбас қажеттіліктерін төмендету жалпы мақсаты бар.
15 Бұл 3-тармаққа сәйкес жүргізілген түпнұсқаны тексеру бойынша тиісті ақпаратты қамтуы мүмкін. Осындай ақпарат тексерісті жүргізетін мүше анықтаған қорғау және құпиялылық деңгейінің мәні болуы тиіс.
II БӨЛІМ
ДАМУШЫ МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ЕҢ ТӨМЕН ДАМЫҒАН МҮШЕ
МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ АРНАЛҒАН АЙРЫҚША ЖӘНЕ САРАЛАНҒАН РЕЖИМ ҚАҒИДАЛАРЫ
13-БАП: ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАР
1. Осы Келісімнің 1-бабынан бастап 12-бабында құралған қағидаларды дамушы және ең төмен дамыған мүше мемлекеттер 2004 жылғы шілдедегі Шекті келісімнің (WT/L/579) D Қосымшасында және 33-тармақта және Гонконгтың министрлер декларациясының Е-қосымшасында (WT/MIN(05)/DEC) келісілген жағдайларға негізделген.
2. Әлеуеттің16 қалыптасуын нығайту үшін көмек пен қолдау дамушы және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге олардың сипаты мен ауқымына сәйкес осы Келісімнің ережелерін іске асыру үшін көмектесу үшін беріледі. Осы Келісімнің ережелерін іске асыру ауқымы мен мерзімі дамушы және ең төмен дамыған қатысушы елдің әлеуеті іске асыруға байланысты болуы тиіс. Егер дамушы немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет қажетті әлеуетке ие болмауды жалғастырады, осы ережені (лерді) іске асыру әлеуеті іске асырылмағанына дейін талап етілмейді.
3. Ең төмен дамыған елдерге олардың жеке дамуына, қаржы және сауда қажеттіліктеріне немесе олардың әкімшілік және институционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес көлемде өздеріне міндеттемелерді алу талап етіледі.
4. Осы қағидалар ІІ бөлімде көрсетілген ережелердің негізінде қолданылуы тиіс.
___________________
16 Осы Келісімнің мақсаты үшін «Әлеуеттің16 қалыптасуын нығайту үшін көмек пен қолдау» техникалық, қаржылық нысанды немесе көмектің кез келген басқа өзара келісілген нысанын қабылдауы мүмкін.
14-БАП: НОРМАЛАРДЫҢ САНАТТАРЫ
1. Нормалардың үш санаты бар:
(a) А санаты дамушы елдің немесе ең төмен дамыған елдің осы Келісім күшіне енгеннен кейін немесе 15-бапта көзделгендей, күшіне енгеннен кейін бір жылдың ішінде ең төмен дамыған мүше мемлекеттің жағдайында іске асыру үшін белгілейтін ережелерді қамтиды.
(b) В санаты дамыған мүше мемлекеттің немесе ең төмен дамыған мүше мемлекеттер 16-бапта көзделгендей, осы Келісімің күшіне енуінен кейін ауыспалы уақыт мерзімінен кейінгі күнге іске асыру үшін белгілейтін ережелерді қамтиды.
(c) С санаты дамыған мүше мемлекеттің немесе ең төмен дамыған мүше мемлекеттің осы Келісімнің күшіне енуінен кейін ауыспалы уақыт кезеңінен кезеңінен кейін іске асыру үшін және 16-бапта көзделгендей, әлеуетін өсіру үшін әлеуетті өсіруге қолдау мен көмекті ұсыну арқылы іске асыру үшін әлеуетін алуды талап ететін ережелерді қамтиды.
2. Әрбір дамушы ел және ең төмен дамыған мүше мемлекеттер А, В және С санаттарының әрқайсысының шеңберінде қамтылатын ережелерді жеке негізде өздері айқындайды.
15-БАП: ХАБАРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ А САНАТЫН ҚОЛДАНУ
1. Осы келісім күшіне енгеннен кейін әрбір дамушы мүше мемлекет А санаты бойынша өз міндеттемелерін орындау тиіс. А санатында белгіленген осы міндеттемелер осылайша осы келісімнің ажырамас бөлігі болады.
2. Ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке осы келісім күшіне енгеннен кейін бір жылға дейінгі мерзімге А санатында белгілеген қағидалар туралы хабарлауы мүмкін. А санатында белгіленген, әрбір ең төмен дамыған мүше мемлекеттің міндеттемелері осылайша осы келісімнің ажырамас бөлігі болады.
16-БАП: В САНАТЫ МЕН С САНАТЫН ҚОЛДАНУ ҮШІН СОҢҒЫ КҮНДЕРДІ
ХАБАРЛАУ
1. Дамушы мүше мемлекет А санатында белгілемеген ережелерге қатысты, мүше осы бапта баяндалған рәсімге сәйкес іске асыруды кейінге қалдыруы мүмкін.
В санатының дамушы мүше мемлекеті
(a) осы келісім күшіне енгеннен кейін, әрбір дамушы мүше мемлекет Комитетке оның В санатында белгілеген ережелер және олардың тиісті бағдарлы жүзеге асыру мерзімдері туралы хабарлайды.17
(b) осы келісім күшіне енгеннен кейін, бір жылдан кешіктірмей, әрбір дамушы мүше мемлекет Комитетке оның В санатында белгілеген ережелерін іске асырудың соңғы күні туралы хабарлайды. Егер дамушы мүше мемлекет осы мерзімге дейін, өзінің соңғы күндері туралы хабарлау үшін қосымша уақыт талап етілетінін есептесе, мүше оның күндері туралы хабарлау үшін жеткілікті мерзімді Комитеттен сұрауы мүмкін.
С санатының дамушы мүше мемлекеті
(c) осы келісім күшіне енгеннен кейін, әрбір дамушы мүше мемлекет Комитетке оның С санатында белгілейтін ережелер және тиісті бағдарлы жүзеге асыру мерзімдері туралы хабарлайды. Ашықтық мақсаты үшін ұсынылған хабарландырулар мүшеге қолдану мақсатында18 талап етілетін әлеуетін күшейтуге көмек беру мен қолдау туралы ақпаратты қамтиды.
(d) осы Келісім күшіне енгеннен кейін бір жылдың ішінде дамушы мүше мемлекет және мүшенің тиісті доноры қазіргі кез келген тетіктерді, 22-баптың 1-тармағына сәйкес хабарландыруларды және жоғарыдағы (с) тармақшаға сәйкес ұсынылған ақпаратты назарға ала отыра, Комитетке сақталған немесе күшіне енген, солар бойынша С19 санатын енгізуді қамтамасыз ету үшін әлеуетті туғызуға көмек пен қолдау көрсету қажет болатын уағдаластықтар бойынша ақпаратты ұсынуы тиіс. Дамушы мүше мемлекет кідірмей осындай уағдаластықтар туралы Комитетке хабарлау тиіс. Комитет, сондай-ақ, мүше емес донорларға әрекеттегі немесе жасалған келісімдер туралы ақпаратты ұсынады.
(е) (d)-тармақта көзделген ақпаратты ұсынған күннен бастап 18 ай ішінде мүше доноры және тиісті дамушы мүше мемлекет Комитетке әлеуетін нығайтуда көмек көрсету мен қолдауда қол жеткізген прогресі туралы хабарлау тиіс. Әрбір дамушы мүше мемлекет сол уақытта іске асырудың соңғы мерзімдерінің өз тізімі туралы хабарлау тиіс.
2. Солар бойынша ең төмен дамыған мүше мемлекет А санатына анықтамаған ережелерге қатысты ең төмен дамыған мүше мемлекет осы бапта аталған үрдіске сәйкес іске асыруды кейінге қалдыра алады.
В санатының ең төмен дамыған мүше мемлекеті
(a) осы келісім күшіне енгеннен кейін бір жылдан кешіктірмей, ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке В санатының ережелері туралы хабарлайды және ең төмен дамыған мүше мемлекеттер үшін ең үлкен икемділігін назарға ала отыра, осы ережелерді іске асыру үшін тиісті болжамды күндерді хабарлай алады.
(b) жоғарыда (а) тармақшасына сәйкес көрсетілген хабарландыру күнінен кейін екі күннен кешіктірмей, әрбір ең төмен дамыған мүше мемлекет ережелердің белгілерін растау және оларды іске асыру күндері туралы хабарлау үшін Комитетке хабарлайды. Егер ең төмен дамыған мүше мемлекет осы мерзімге дейін өзінің соңғы күндері туралы хабарлау үшін қосымша уақыт талап етілетінін есептесе, мүше Комитеттен оның күндері туралы хабарлауға жеткілікті мерзімін ұзартуды сұратуы мүмкін.
С санатының ең төмен дамыған мүше мемлекеті
(c) осы келісім күшіне енгеннен кейін бір жылдан кейін донорлармен келісімнің анықтығын және жеңілдету мақсаттары үшін әрбір ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке ең төмен дамыған мүше мемлекеттер үшін ең үлкен икемділігін ескеріп, оның С санатында белгілеген ережелер туралы хабарлайды.
(d) жоғарыда (с) тармақшада көрсетілген күннен кейін бір жылдың ішінде ең төмен дамыған мүше мемлекет қолдану мақсатында20 мүшеге талап етілген әлеуетті қолдау мен көмек беру туралы хабарлайды.
(e) жоғарыда (d) тармақшаға сәйкес хабарландырудан кейін екі жылдан кешіктірмей, ең төменгі дамыған мүше мемлекет және мүшенің тиісті доноры Комитетке С21 санатын енгізуді қамтамасыз ету үшін әлеуетін туғызуға көмек пен қолдау көрсету қажет болатын, сақталған немесе жасалған уағдаластықтар туралы ескерту тиіс. Қатысатын ең төмен дамыған мемлекет Комитетке осындай уағдаластықтар туралы дереу хабарлау тиіс. Ең төмен дамыған мүше мемлекет сол уақытта көмек пен қолдау туралы уағдаластықтармен өтелген, С санатының тиісті міндеттемелерін іске асырудың бағдарлы мерзімдері турлы ескертуі тиіс. Комитет сондай-ақ қатыспайтын донорларға қазіргі немесе жасалған келісімдер туралы ақпаратты беруді ұсынады.
(f) (е) тармақта көзделген ақпаратты ұсынған күннен бастап 18 айдан кешіктірмей, мүшенің тиісті доноры мен тиісті ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке әлеуетін қалыптастыру үшін көмек пен қолдау көрсетуде қол жеткізген прогресі туралы мәлімдеуі тиіс. Әрбір ең төмен дамыған мүше мемлекет сол уақытта Комитетке іске асырудың соңғы күндерінің өз тізімі туралы ескертуі тиіс.
3. Донорлық қолдаудың болмауынан немесе әлеуетін күшейтуде көмек пен қолдау көрсетудегі прогрестің болмауынан, 1 және 2-тармақтарда белгіленген мерзімдер шеңберінде іске асырудың соңғы күндерін ұсынуда қиындықтарды кешірген дамушы мүше мемлекет және ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке осы мерзімдер аяқталғанға дейін неғұрлым ерте ескертуі тиіс. Мүшелер тартылған мүшелердің алдында тұрған айрықша жағдайлар мен ерекше проблемаларды назарға ала отыра, осындай қиындықтарды шешуге көмектесу үшін ынтымақтасуға келіседі. Комитет тиісті жағдайларда қиындықтарды жою бойынша шараларды, соның ішінде қажет кезде, өзінің соңғы күндері туралы тиісті мүшеге хабарлау бойынша мерзімдерін кеңейту жолымен қабылдайды.
4. 1 (b) немесе (е) тармақшаларда көзделген мерзім аяқталғанға дейін үш ай бойы немесе 2 (b) не болмаса (f) тармақшаларда ең төменгі дамыған мүше мемлекет жағдайында Хатшылық егер мүше ережелерді іске асырудың соңғы күні туралы ескертпесе, онда ол В немесе С санатында белгіленгендігі туралы еске салады. Егер мүше 3-тармаққа сүйенбесе немесе дамушы мүше мемлекет 1 (b) тармақшада немесе 2 (b) тармақшада ең төмен дамыған мүше мемлекет мерзімін ұзарту үшін және осы уақытқа дейін іске асырудың нақты күнін мәлімдемеген жағдайда, мүше 1 (b) не (е) тармақшаларда көзделген мерзімнен кейін бір жыл ішінде немесе 2 (b) не (f) тармақшада ең төмен дамыған ел жағдайында ережелерді іске асырады немесе 3-тармаққа сәйкес мерзімі ұзартылады.
5. 1, 2 немесе 3 тармақтарға сәйкес В санаты мен С санатының ережелерін іске асырудың соңғы мерзімдері туралы ескерткен күннен кейін 60 күннен кешіктірмей, Комитет 4-тармаққа сәйкес белгіленген кез келген мерзімін қоса алғанда, В санаты мен С санатының ережелерін іске асыру үшін әрбір мүшенің соңғы күндерінен құралған қосымшаларды назарға алады және осылайша осы қосымшаларды осы келісімнің ажырамас бөлігі етеді.
________________
17 Ұсынылған хабарлаулар өзіне мүше лайықты деп есептеген осындай қосымша ақпараттан тұрады. мүшелерге жүзеге асыруға жауапты ішкі мекеме немесе тұлға туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ұсынылады.
18 Мүшелер сонымен қатар ұлттық сауда рәсімдерін жеңілдетуді іске асыру бойынша жоспарлар мен жобалар туралы, ішкі орган немесе іске асыруға жауапты орган туралы, солармен мүше көмек көрсету үшін уағдаластықтар жасай алатын донорлар бойынша ақпараттарды қосуы мүмкін.
19 Осындай уағдаластықтар 9.3-тармаққа сәйкес екі жақты негізде немесе тиісті халықаралық ұйымдар арқылы жасалатын өзара келісілген жағдайларда болады.
20 Мүшелер сонымен қатар ұлттық сауда рәсімдерін жеңілдетуді іске асыру бойынша жоспарлар мен жобалар туралы, ішкі орган немесе іске асыруға жауапты орган туралы, солармен мүше көмек көрсету үшін уағдаластықтар жасай алатын донорлар бойынша ақпараттарды қосуы мүмкін.
21 Осындай уағдаластықтар 9.3-тармаққа сәйкес екі жақты негізде немесе тиісті халықаралық ұйымдар арқылы жасалатын өзара келісілген жағдайларда болады.
17-БАП: ЕРТЕ ЕСКЕРТУ ТЕТІГІ:
В ЖӘНЕ С САНАТТАРЫНДА ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ КҮНДЕРІН КЕҢЕЙТУ
1.
(a) 16-баптың 2 (b) немесе (f) тармақтарымен ең төмен дамыған мүше мемлекет жағдайында немесе 16-баптың 1 (b) немесе (е) тармақтарына сәйкес белгіленген соңғы күнімен, оның В санатында немесе С санатында белгілеген ережелерді іске асыруда өзін қиындықтарды кешіретін деп есептейтін дамушы мүше мемлекет немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке хабарлауы тиіс. Дамушы мүше мемлекет Комитетке іске асыру күні аяқталғанға дейін 120 күннен кешіктірмей хабарлайды. Ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке осы күнге дейін 90 күннен кешіктірмей хабарлайды.
(b) Комитетке хабарлау жаңа мерзімді қамтиды, оған дамушы мүше мемлекет немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет аталған ережелерді жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуды күтеді. Хабарландыру, сондай-ақ, іске асыруда күтілетін кешіктіру себептерін көрсету тиіс. Осындай себептер күтілетіннен ерте емес әлеуетін күшейтуде көмек пен қолдау қажеттілігінен немесе әлеуетін құруға көмектесу үшін қосымша көмек пен қолдаудан құралуы мүмкін.
2. Егер дамушы мүше мемлекеттің іске асыруға арналған қосымша уақытқа сұрауы 18 айдан аспаса немесе ең төмен дамыған ел қосымша уақыт үшін мүшенің сұрауымен 3 жылдан аспаса, сұратушы мүше Комитеттің ешбір кейінгі әрекетсіз қосымша уақытқа құқылы болады.
3. Егер дамушы мүше мемлекет немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет оған 2-тармақта көзделгенге қарағанда, ұзағырақ мерзімге бірінші ұзарту немесе екінші немесе кез келген кейінгі ұзарту қажет деп есептесе, онда ол Комитетке дамушы мүше мемлекеттерге қатысты 120 күннен кешіктірмей және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге қатысты 90 күннен кешіктірмей іске асырудың бастапқы соңғы күні немесе ұзарту салдарынан өзге сәтінің аяқталуына дейін 1 (b) тармағында сипатталған ақпаратты қамтыған ұзартуға өтінімді ұсыну тиіс.
4. Комитет сұрауды беретін мүшенің нақты жағдайларын назарға ала отыра, ұзартуға сұрауларды беруге тілектестікпен қарауы тиіс. Осы жағдайлар әлеуетін құруда көмек пен қолдауды алудағы қиындық пен кешіктірулерін қамтуы мүмкін.
18-БАП: В САНАТЫ МЕН С САНАТЫН ІСКЕ АСЫРУ
1. 13-баптың 2-тармағына сәйкес, егер дамушы мүше мемлекет немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет 16-бап немесе 17-баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген рәсімдерді орындағаннан кейін, ал сұралған кеңейту ұсынылмаса немесе егер дамушы мүше мемлекет немесе ең төмен дамыған мүше мемлекет қандай да бір түрде 17-бап бойынша берілген кеңейтуге кедергі келтіретін, болжанбаған жағдайларды бастан кешірсе, С санатына сәйкес оның ережені іске асыру қабілеттілігінің жетіспеушілігі жалғасатынын өзі бағаласа, осындай мүше Комитетке тиісті ережені жүзеге асыруға қабілетсіз екендігі туралы хабарлау тиіс.
2. Комитет дереу сарапшылар тобын және кез келген жағдайда Комитеттің тиісті дамушы мүше мемлекеттен немесе ең төмен дамыған мүше мемлекеттен хабарландыруды алғаннан кейін 60 күннен кешіктірмей құруы тиіс. Сарапшылар тобы осы мәселені зерделейді және ол құрылған күннен бастап 120 күн ішінде Комитет үшін ұсынымдарды жасайды.
3. Сарапшылар тобы сауда рәсімдерін жеңілдету және әлеуетті құруға көмек пен қолдау беру саласындағы жоғары білікті бес тәуелсіз адамнан тұрады. Сарапшылар тобының құрамы дамушы және дамыған мүше мемлекеттердің азаматтары арасында теңгерімді қамтамасыз етуі тиіс. Егер ең төмен дамыған мүше мемлекет тартылса, Сарапшылар тобы ең төмен дамыған мүше мемлекеттен ең кемінде бір азаматтан құралуы тиіс. Егер Комитет оны құрған күннен бастап 20 күн ішінде Сарапшылар тобының құрамы туралы келісе алмаса, Бас директор Комитет төрағасымен кеңес болған кезде осы тармақтың ережелеріне сәйкес Сарапшылар тобының құрамын айқындайды.
4. Сарапшылар тобы әлеуеті болмаған жағдайда мүшенің жеке бағалауын қарап және Комитетке ұсыным беруі тиіс. Ең төмен дамыған елге қатысты Сарапшылар тобының ұсынымдарын қарастырған кезде Комитет тиісті жағдайларда, іске асыру үшін тұрақты әлеуетін алуға ықпалын тигізетін шараларды қабылдайды.
5. Сарапшылар тобының ұсынымдарын алғаннан кейін Комитеттің бірінші отырысына дейін егер дамушы мүше мемлекет Комитетке өзінің тиісті ережелерді жүзеге асыруға қабілетсіздігі туралы хабарлаған кездегі сәттен бастап, мүше осы мәселе бойынша Дауларды шешу туралы уағдаластық шегінде істі қарауға жатпайды. Осы кездесуде Комитет Сарапшылар тобының ұсынымын қарастыру тиіс. Ең төмен дамыған мүше мемлекеттер үшін дауларды шешу туралы уағдаластықтар шеңберінде істі қарау Комитет ережелерді орындау туралы өзінің қабілетсіздігі жөнінде ескерткен күннен бастап Комитет осы мәселе бойынша шешім қабылдаған кездегі сәтке дейін немесе жоғарыда аталған Комитеттің бірінші отырысының күнінен кейін 24 айдың ішінде ненің ерте болғанына байланысты тиісті қамтамасыз етуге қолданылмауы тиіс.
6. Егер ең төмен дамыған мүше мемлекет С санатының міндеттемесін іске асыру қабілеттілігін жоғалтатын болса, ол Комитетке хабарлай алады және осы бапта баяндалған нұсқауларды сақтай алады.
19-БАП: В ЖӘНЕ С САНАТТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ АЛМАСУ
1. В және С санаттары бойынша ережелер туралы ескерткен, дамушы мүше мемлекет және ең төмен дамыған мүше мемлекет Комитетке хабарландыруды ұсыну арқылы осы санаттар арасындағы ережелерде орын алмасуы мүмкін. Егер мүше В санатынан С санатына ережелерді ауыстыруды ұсынса, мүше әлеуетті жасауға қажетті көмек пен қолдау туралы ақпаратты ұсынады.
2. Егер В санатынан С санатына алмасқан ережені іске асыру үшін қосымша уақыт қажет болса, мүше:
(a) автоматты ұзарту мүмкіндігін қоса алғанда, 17-баптың ережелерін пайдалануы; немесе
(b) мүшенің ережені іске асыру үшін және қажет кезде, 18-бап бойынша Сарапшылар тобының ұсынымдары мен қарастыру мүмкіндігін қоса алғанда әлеуетін қалыптастыруға көмек пен қолдау үшін қосымша уақытқа арналған өтінішін Комитеттің зерттеуіне сұрау беруі; немесе
(c) ең төмен дамыған мүше мемлекеттің жағдайында В санатына сәйкес көрсетілген бастапқы күннен кейін төрт жылдан астам іске асырудың кез келген жаңа күні Комитеттің мақұлдауын талап етеді. Бұдан басқа, ең төмен дамыған мүше мемлекет 17-бапқа сүйенуі тиіс. Әлеуетті құру бойынша көмек пен қолдау алмасатын ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге қажет екендігі түсінікті.
20-БАП: ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІ РЕТТЕЙТІН ЕРЕЖЕЛЕР МЕН РӘСІМДЕР ТУРАЛЫ
УАҒДАЛАСТЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІК КЕЗЕҢ
1. Осы келісім күшіне енгеннен кейін екі жыл кезең ағымында дауларды шешуді реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы Уағдаластықпен әзірленген және қолданылатын, 1994 жылғы ГАТТ келісімінің XXII мен XXIII баптарының ережелері мүшенің А санатында белгілеген кез келген ережеге қатысты дамушы мүше мемлекетке қарсы дауларды реттеуге қолданылмауы тиіс.
2. Осы келісім күшіне енгеннен кейін екі жыл ішінде дауларды шешуді реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы Уағдаластықпен әзірленген және қолданылатын, 1994 жылғы ГАТТ келісімінің XXII мен XXIII баптарының ережелері мүшенің А санатында белгілеген кез келген ережеге қатысты ең төмен дамыған елге қарсы дауларды реттеуге қолданылмауы тиіс.
3. Ең төмен дамыған мемлекет В немесе С санаттары бойынша ережелерді қолданғаннан кейін сегіз жыл ішінде Дауларды шешуді реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы уағдаластықпен әзірленген және қолданылатын, 1994 жылғы ГАТТ келісімінің XXII мен XXIII баптарының ережелері осы ережеге қатысты ең төмен дамыған мүше мемлекетке қарсы дауларды реттеуге қолданылмайды.
4. Дауларды шешуді реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы уағдаластықты қолдану бойынша жеңілдік кезеңіне қарамастан, 1994 жылғы ГАТТ Келісімінің XXII немесе XXIII баптарына сәйкес консультация жүргізуге сұрау салу алдында, мүше ең төмен дамыған мүше мемлекеттің ерекше жағдайына айрықша назар аудару тиіс. Осыған байланысты, мүшелер ең төмен дамыған мүше мемлекетке байланысты Дауларды шешуді реттейтін ережелер мен рәсімдер туралы уағдаластық шегінде мәселелерді бастамашылық етуде тиісті ұстамдылықты білдіреді.
5. Әрбір мүше сұрау бойынша, осы бапқа сәйкес көзделген жеңілдік мерзімі ішінде осы келісімді жүзеге асыруға байланысты кез келген мәселеге қатысты талқылау үшін басқа мүшелерге бара-бар мүмкіндікті қамтамасыз етуі тиіс.
21-БАП: ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТУДЕ КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
1. Донор мүшелер өзара келісілген жағдайда немесе екі жақты негізде немесе тиісті халықаралық ұйымдар арқылы дамушы елдер мен ең төмен дамыған мүше мемлекеттер үшін әлеуетті құруда көмек пен қолдауды ұсынуды жеңілдетуге келіседі. Мақсаты – осы Келісімнің І бөлімінің ережелерін іске асыру үшін дамушы және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге көмек беру.
2. Ең төмен дамыған мүше мемлекеттердің ерекше қажеттіліктерін ескеріп, атаулы көмек пен қолдау оларға өз міндеттемелерін жүзеге асыруға тұрақты әлеуетін жасауда көмек беру үшін ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге ұсынылуы тиіс. Даму мақсатында ынтымақтастықтың тиісті тетіктері арқылы және 3-тармақта көрсетілген әлеуетті жасауға техникалық көмек пен қолдаудың қағидаттарына сәйкес, даму бойынша әріптестер қазіргі даму басымдықтарының беделін түсірмеу үшін осы салада әлеуетті жасауға көмек пен қолдауды қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс.
3. Мүшелер осы келісімді жүзеге асыруға байланысты әлеуетін құруда көмек пен қолдау көрсетудің мынадай қағидаттарын қолдануға ұмтылады
(a) бұл орынды және мақсатты болған кезде алушы елдердің және өңірлердің жалпы даму тұжырымдамасын, жалғасатын реформалар мен техникалық жәрдем беру бағдарламаларын ескеру;
(b) бұл орынды және мақсатты болған кезде өңірлік және қосалқы өңірлік проблемаларды шешу бойынша шараларды қамтуға және өңірлік және қосалқы өңірлік интеграцияны дамытуға ықпалын тигізу;
(c) жеке сектордың сауда рәсімін жеңілдету реформасы бойынша ағымдағы қызметтің көмек көрсету жөніндегі шараларда ескерілуін қамтамасыз ету;
(d) ең үлкен тиімділікті және осы көмектен алынған нәтижені қамтамасыз ету үшін өңірлік экономикалық қоғамдастықтарды қоса алғанда, мүшелер арасында және мүшелер мен басқа тиісті мекемелер арасында үйлестіруге жәрдемдесу. Осы мақсатта:
(i) бірінші кезекте елде немесе өңірде үйлестіру, онда әріптес мүше мен донор арасында және екі жақты және көп жақты донорлар арасында көмек берілуі тиіс, техникалық көмекті тығыз үйлестіру мен әлеуетті күшейту бойынша араласу арқылы реформалау бойынша көмек беру мен сәйкессіздік бағдарламаларында параллелизм мен қайталауды болдырмауға тырысу тиіс;
(ii) ең төмен дамыған мүше мемлекеттер үшін, ең төмен дамыған елдердің саудасына байланысты көмек үшін Кеңейтілген кешенді шекті бағдарлама үйлестірудің осы үрдісінің бөлігі болуы тиіс; және
(iii) Мүшелер елордаларда және Женевада сауда мен дамыту бойынша олардың лауазымды тұлғалары арасында ішкі үйлестіруге және осы келісімді іске асыру мен техникалық көмек беруді жәрдемдеседі.
(e) енгізу бойынша әрекетті үйлестіру және мониторингі үшін дөңгелек үстелдер мен консультативтік топтар секілді елдегі қолданыстағы және өңірлік үйлестіру құрылымдарын пайдалануды көтермелеу; және
(f) дамушы мүше мемлекеттерді басқа дамушы және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге әлеуетін өсіруді жүзеге асыруға көтермелеу және мүмкін болған жерде осындай шараларды қолдау туралы мәселені қарастыру.
4. Комитет:
(a) ережелерді іске асыруға қатысты немесе осы келісімнің ережелерінің қосалқы бөлімдеріне қатысты кез келген проблеманы талқылау;
(b) әлеуетін құруда сайма-сай көмекті және қолдауды алмайтын кез келген дамушы немесе ең төмен дамыған мүше мемлекетті қоса алғанда, келісімді жүзеге асыруды қолдау үшін әлеуетін жасауға көмек пен қолдау көрсету прогресіне шолу жасау;
(c) проблемалар мен табыстарды қоса алғанда, әлеуетін нығайтуда және бағдарламаларды іске асыруда ағымдағы көмек пен қолдау туралы тәжірибемен және ақпаратпен алмасу;
(d) 22-бапта аталған донорлардың хабарландыруларын қарастыру; және
(е) 2-тармақтың жұмысын қарастыру үшін кем дегенде жылына бір арнайы сессияны өткізуі тиіс.
22-БАП: КОМИТЕТТІҢ ҚАРАУЫНА ҰСЫНУ ҮШІН ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУҒА
АРНАЛҒАН КӨМЕК ПЕН ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
1. І Бөлімді іске асыру үшін әлеуетін нығайтуда көмек пен қолдау көрсеткен кезде дамушы мүше мемлекеттің және ең төмен дамыған мүше мемлекеттердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін дамушы мүше мемлекетке және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге көмек көрсететін әрбір мүше доноры осы келісімді іске асырып, осы келісімнің күшіне енуі бойынша және жыл сайын осыдан кейін алдағы 12 ай ішінде көрсетілген, әлеуетін нығайтуда өзінің көмегі мен қолдауы туралы мынадай ақпаратты және мүмкін болған жерде келесі 12 айда22 ненің көрсетілетіні туралы Комитетке ұсынады:
(a) әлеуетін күшейтуде көмек пен қолдауды сипаттау;
(b) көзделген/бөлінген жағдайы мен көлемі;
(c) көмек пен қолдау көрсету рәсімдері;
(d) бенефициар мүше немесе қажет кезде, өңір; және
(e) көмек пен қолдауды көрсететін, мүшенің енгізу агенттігі.
Ақпарат 1-Қосымшада көрсетілген нысанда берілуі тиіс. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүшелерінің жағдайында (бұдан әрі осы келісімде – «ЭЫДҰ»), берілген ақпарат ЭЫДҰ кредиторларының есептілік жүйесінен алынған тиісті ақпаратқа сүйенуі мүмкін. Өздерін әлеуетті құруда көмек пен қолдауды қамтамасыз ету жағдайында екенін жариялаған, дамушы мүше мемлекеттерге жоғарыдағы ақпаратты беру ұсынылады.
2. Дамушы мүше мемлекеттерге және ең төмен дамыған мүше мемлекеттерге көмек көрсететін мүше мемлекеттер Комитетке мынаны ұсыну тиіс:
(a) мүмкін болған жерде, қолдау мен көмек көрсетілетін елдің немесе өңірдің ішінде осындай байланыс нүктелері туралы ақпаратты қоса алғанда, осы келісімнің І бөлімін жүзеге асыруға байланысты әлеуетін құру үшін көмек пен қолдау көрсетуге жауапты олардың органдарының байланыс пунктері; және
(b) әлеуетті өсіру үшін көмек пен қолдау туралы сұраумен бірге процесс пен тетіктер туралы ақпарат.
Өздерін көмек пен қолдау көрсету жағдайында деп жариялаған, дамушы мүше мемлекеттерге жоғарыдағы ақпаратты беру ұсынылады.
3. Сауда рәсімдерін жеңілдету және әлеуетін дамыту үшін қолдау бойынша көмекті пайдалануға ниет білдірген дамушы мүше мемлекеттер мен ең төмен дамыған мүше мемлекеттер Комитетке осындай көмек пен қолдау басымдықтарын үйлестіруге және белгілеуге жауапты кеңсенің (лердің) байланыс нүктесі (лері) туралы ақпаратты ұсынады.
4. Мүшелер интернет сілтеме арқылы 2 және 3-тармақтарда көрсетілген ақпаратты ұсына алады және қажет болған кезде ақпаратты жаңарту тиіс. Хатшылық барлық осындай ақпаратты көпшілікке қолжетімді етуі тиіс.
5. Комитет тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдарға (мысалы, Халықаралық валюта қоры, ЭЫДҰ, Сауда және даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Конференциясы, Дүниежүзілік кеден ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Өңірлік комиссиясы, Бүкіл әлемдік банк, немесе олардың қосалқы органдары және өңірлік даму банктері) және басқа ынтымақтастық мекемелеріне 1, 2 және 4-тармақтарда көрсетілген ақпаратты ұсынуы тиіс.
________________________
22 Ұсынылатын ақпарат әлеуетін күшейтуде сұраныспен басқарылатын көмек пен қолдау көрсету сипатын көрсетеді.
III БӨЛІМ
23-БАП: ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МЕХАНИЗМДЕР
1. Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі комитет
1.1. Осымен Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі комитет құрылады.
1.2. Комитет барлық мүшелердің қатысуына ашық болуы және өзінің Төрағасын сайлауға тиіс. Комитет қажеттілігіне қарай және осы Келісімнің тиісті ережелерін ескеріп, алайда мүшелерге осы Келісімнің атқаратын жұмысына байланысты кез келген мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігін ұсыну немесе оның мақсаттарын іске асыру мақсатында бір жылда кемінде бір рет жиналуға тиіс. Комитет осы Келісімге сәйкес немесе мүшелердің оған жүктеген осындай міндеттерін жүзеге асыруға тиіс.
1.3. Комитет қажет болған жағдайда қосалқы органдарды құра алады. Барлық осы органдар Комитет алдында есепті.
1.4. Комитет мүшелердің тиісті ақпаратпен және тиісті жағдайларда озық тәжірибемен алмасуы үшін рәсімдерді әзірлейді.
1.5. Комитет осы Келісімді іске асыру мен жүзеге асыру үшін ең үздік бар кеңестерді қамтамасыз ету мақсатында және күштердің қажетсіз қайталануын болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында, ДКО секілді сауда рәсімдерін жеңілдету саласында басқа халықаралық ұйымдармен тығыз байланысты ұстану тиіс. Ол үшін Комитет осындай ұйымдардың өкілдерін немесе олардың қосалқы органдарын:
(a) Комитет отырыстарына қатысуға; және
(b) осы Келісімді жүзеге асыруға байланысты нақты мәселелерді талқылауға шақырта алады.
1.6. Комитет осы Келісім күшіне енген сәтінен бастап және содан кейін мерзімді түрде оның қолданысы мен жүзеге асырылуын қарастырады.
1.7. Мүшелерге Комитет алдына осы Келісімді іске асыру мен қолдану туралы мәселелерге байланысты сұрақтарды қою ұсынылады.
1.8. Комитет қысқа мерзімде өзара қанағаттанарлық шешімге қол жеткізу мақсатында осы Келісімге сәйкес белгілі проблемалар бойынша мүшелер арасында әрбір жеке жағдайда пікір сайыстарды қолдауы және ықпал етуі тиіс.
2. Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі ұлттық комитет
Әрбір мүше сауда рәсімдерін жеңілдету жөнінде ұлттық комитеттің жұмысын құрады және/немесе қамтамасыз етеді немесе отандық үйлестіруді жеңілдету үшін және осы Келісім ережелерін орындау үшін қолданыстағы тетікті тағайындайды.
24-БАП: ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін «мүше» термині осы мүшенің құзыретті органын қамтиды.
2. Осы Келісімнің барлық ережелері барлық мүшелер үшін міндетті болып табылады.
3. Мүшелер осы келісім күшіне енген күнінен бастап іске асыруға тиіс. 2-бөлімнің ережелерін пайдалануды шешетін дамушы мүше мемлекеттер және ең төмен дамыған мүше мемлекеттер ІІ-бөлімге сәйкес осы келісімді іске асыратын болады.
4. Осы келісім күшіне енгеннен кейін қабылдайтын мүше осы келісім күшіне енген күннен бастап тиісті кезеңді есептеп қойып, В және С санаттарындағы міндеттемелерді іске асыратын болады.
5. Кеден одағының немесе өңірлік экономикалық бірлестіктің мүшелері осы келісімге сәйкес олардың міндеттемелерін іске асыруға жәрдемдесу үшін, оның ішінде өңірлік органдарды құру және пайдалану арқылы өңірлік тәсілдемелерді қабылдауы мүмкін.
6. 1А қосымшаға Түсіндірме ескертпенің әрекетіне қарамастан, қайсысы осы Келісімде 1994 ГАТТ бойынша мүшелердің төмендетуші міндеті ретінде түсіндірілмеуі мүмкін. Одан басқа, осы келісімде ешбірі саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім бойынша және санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі келісім бойынша мүшелердің төмендетуші құқықтары мен міндеттері ретінде түсіндірілмеуі мүмкін.
7. 1994 жылғы ГАТТ келісіміне сәйкес барлық ерекшеліктер мен алулар23 осы келісімнің ережелеріне қолданылуы тиіс. 1994 жылғы ГАТТ-қа қолданылатын алып тастаулар немесе ДСҰ құру туралы Марракеш Келісімінің IX:3 және X:4 баптарына сәйкес ұсынылатын оның кез келген бөлігі және осы келісім күшіне енген күндегі оған кез келген өзгерістер осы келісімнің ережелеріне қолданылуы тиіс.
8. 1994 жылғы ГАТТ келісімінің XXII және XXIII баптарының ережелері олар Дауларды шешу туралы уағдаластықта қалай әзірленгені және қолданылатыны осы келісімде арнайы қарастырылған жағдайларды қоспағанда, осы келісім шеңберінде консультацияларға және дауларды реттеуге қолданылады.
9. Ескертулер қалған мүшелердің келісімінсіз осы келісімнің кез келген ережелеріне қатысты енгізілмеуі мүмкін.
10. Дамушы елдер мен ең аз дамыған елдердің 15-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес осы келісімге қосымшадағы А санатындағы міндеттемелері осы келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.
11. Дамушы және ең аз дамыған елдердің Комитет назарға алған және осы келісімге қосымшадағы В және С санаттарының міндеттемелері 16-баптың 5-тармағына сәйкес осы келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.
___________________
23 Бұл 1994 жылғы ГАТТ Келісімінің V:7 және X:1 баптарынан және 1994 жылғы ГАТТ Келісімінің VIII бабының қосымша жазбасынан құралады
1-ҚОСЫМША: 22-БАПТЫҢ 1-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС ХАБАРЛАНДЫРУ НЫСАНЫ
Донор мүше:
Хабарландырумен өтелетін кезең:
Әлеуетін күшейту жөніндегі ресурстардың, техникалық және қаржылық көмектің сипаттамасы |
Жағдайы мен көлемі міндеттеме/ игерілген ретінде қабылданған |
Бенефициар ел/ Өңір (қажеттігіне қарай) |
Көмек беруші мүшенің атқарушы органы |
Көмекті төлеуге арналған рәсімдер |