Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мүлікті жария еткені үшін алым – осы Заңда белгіленген, мүлікті жария етуді өткізгені үшін бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлем;

      2) мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі;

      3) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті (ақшаны қоспағанда) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия;

      4) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

      5) тиісті емес тұлға (бұдан әрі – басқа тұлға) – алған кірістерін жасыру мақсатында жария ету субъектісінің кірістерінен сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде әрекет еткен тұлға;

      6) мүлікті жария ету туралы декларация (бұдан әрі – арнайы декларация) – жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарына қағаз жеткізгіште тапсыратын декларациясы.

      Жария ету субъектілері арнайы декларацияны мемлекеттік кіріс органына:

      1) келу тәртібімен;

      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынуға құқылы.

      Арнайы декларацияны тапсыру тәсіліне қарай:

      1) келу тәртібімен – мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны алған күн;

      2) пошта арқылы – мемлекеттік кіріс органының пошталық хат-хабарды қабылдағаны туралы белгі қойылған күн мемлекеттік кіріс органына ұсынған күн болып табылады.

      Арнайы декларацияның нысанын, оның ішінде онда көрсетілуге жататын мәліметтерді, оны толтыру тәртібін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылық етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.

      Бұл ретте жария ету субъектісі осы Заңда белгіленген арнайы декларацияны тапсыру тәртібін, шарттарын және мерзімдерін, сондай-ақ жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органы себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

      Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледі.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады.

      2. Осы Заңның күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге заңды күшіне енген, орындалмаған:

      1) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190, 191, 193 (1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң осы тармақшада көрсетілген баптарында көзделген қылмыстарды жасау жолымен сатып алынған мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасауда олар кінәлі деп танылған соттың үкімі;

      2) 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118, 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) қаулысы бар тұлғаларға қолданылмайды.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-бап. Мүлікті жария ету ерекшеліктері

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мынадай мүлік:

      1) ақша;

      2) бағалы қағаздар;

      3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);

      4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

      5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

      6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

      Бұл ретте осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан, жария ету субъектісімен өзіне тиесілі материалдық және қаржылық құралдарын ұстау немесе уақытша сақтау бойынша шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері бар басқа да ұйымдарға мүлікті (трасты) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік те жария етілуге жатады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген:

      1) жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстарды жасау;

      2) экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау;

      3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу;

      4) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды.

      3. Сонымен қатар:

      1) сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік;

      3) кредиттер ретiнде алынған ақша;

      4) мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік;

      5) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.

      4. Осы Заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Мүлiктi жария ету мерзiмi

      Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

      Өзге де мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және жария ету мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-бап. Осы Заңмен ұсынылатын кепілдіктер

      1. Жария ету субъектілері:

      1) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды не ұйымдасқан топ және (немесе) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды қоспағанда, егер бұл әрекеттер жария етілген мүлікті сатып алуға (сатып алу көздерін қалыптастыруға), пайдалануға не оған билік етуге байланысты болса, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (тыйым салынған қызмет түрлерінен басқа), 191, 193 (1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қылмыстарды жасау арқылы алынған ақшаны немесе мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221 және 222-баптары бойынша қылмыстық жауаптылықтан;

      2) егер бұл әрекеттер жария етілген мүлікті сатып алуға (сатып алу көздерін қалыптастыруға), пайдалануға не оған билік етуге байланысты болса, 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 357-1-баптары бойынша әкімшілік жауаптылықтан;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) жеке тұлғаның кірістері және мүлкі туралы декларацияны, оның ішінде жұбайының (зайыбының) тапсырмағаны немесе осындай декларациялардағы мәліметтерді толық емес, анық емес түрде бергені, оның ішінде жұбайының (зайыбының) бергені үшін тәртiптiк жауапкершіліктен босатылады.

      2. Мүлікті жария ету фактісі, сондай-ақ осы Заңға сәйкес мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттарда бар мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу, жария ету субъектісіне және (немесе) басқа да адамға, жұбайына (зайыбына) қатысты тәртіптік іс жүргізу үшін негіз ретінде пайдаланыла алмайды.

      3. Мүлікті жария ету фактісі, сондай-ақ осы Заңға сәйкес мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттарда бар мәліметтер, егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс шеңберінде және (немесе) тәртіптік теріс қылықта осы баптың 1-тармағында көрсетілген құқық бұзушылықты жасауда жария ету субъектісінің кінәлі екендігіне дәлелдемелер ретінде пайдаланыла алмайды.

      4. Жария ету субъектісі құжаттардың көшірмелерін және (немесе) оларды дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қоса тіркеу үшін мүлікті жария ету фактісіне байланысты мәліметтерді ұсынуға құқылы. Осы дәлелдемелерді қоса тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.

      5. Мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттардағы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып танылады. Мұндай мәліметтер мен құжаттардың сақталу және оларға қолжетімділік режимін тек мүлікті жария етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, ұйымдар ғана қамтамасыз етеді. Мүлікті жария етуді жүзеге асырмайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар мұндай мәліметтер мен құжаттарға рұқсат алуға құқылы емес. Мұндай мәліметтер мен құжаттар жария ету субъектісінің өзінің сұрау салуы бойынша не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда ғана талап етілуі мүмкін.

      6. Арнайы декларациядағы мәліметтердің құпиялылығына осы Заңда көзделген кепілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган арнайы декларациялар мен құжаттардың және (немесе) арнайы декларацияға қоса берілетін мәліметтердің орталықтандырылған сақталуын жүзеге асырады.

      7. Мүлікті жария ету рәсімін өткізуге байланысты ақпаратты, сондай-ақ мәліметтерді алған және (немесе) өздеріне белгілі болған мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері, оның ішінде комиссия мүшелері мұндай мәліметтер мен ақпараттарды, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген органдар мен ұйымдарда жұмыс істеу кезеңінде, сонымен қатар өздері жұмыстан шығарылғаннан кейін де таратуға құқылы емес.

      Жария ету рәсімін өткізу шеңберінде алынған мәліметтерді жоғалту, не мұндай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      8. Мүлікті жария еткен жария ету субъектісіне қатысты осы баптың 1-тармағында көзделген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар, тәртіптік теріс қылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс және тәртіптік іс қозғалмайды, ал қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу және тәртіптік іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатылуға жатады.

      9. Осы Заңда көзделген кепілдіктер тек жария етілген мүлік шегінде ғана ұсынылады және жария ету субъектісі және (немесе) басқа тұлға 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін жасаған әрекеттерге қолданылады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-бап. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым

      1. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):

      1) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – ақшаны;

      2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi немесе эмитенттері шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздарды немесе шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк) жария еткен кезде өндіріліп алынады.

      2. Алым:

      1) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен жария етілетін ақша сомасының;

      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрған, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген, арнайы декларацияда көрсетілген мүлік құнының он пайызы мөлшерінде төленеді.

      3. Мынадай:

      1) мемлекеттік кіріс органдары арнайы декларацияны қабылдаудан бас тартқан;

      2) жария еткені үшін алымды төлеу бойынша міндеттемелер болмаған жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргізілмейді.

      Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жария ету субъектісінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-бап. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі жөніндегі жалпы ережелер

      1. Егер осы Заңның 10-бабында өзгеше белгіленбесе, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:

      1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

      2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;

      3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;

      4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды жария ету субъектілері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша комиссияға ұсынады.

      3. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті жария ету мерзімі ішінде жария ету субъектілерінің құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы нақ сол бір жылжымайтын мүлікке қайтадан өтініш беруге құқығы жоқ.

      4. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттар себептері көрсетіле отырып, мынадай:

      1) осы Заңда белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған;

      2) ұсынылған құжаттарда өшіріп тазарту мен түзетулер болған;

      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай құжаттарға қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады.

      Жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негіз болған себептер жойылған кезде осы Заңда белгіленген құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету мерзімі ішінде жария ету субъектісі қайтадан өтініш беруге құқылы.

      5. Өтінішті комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      6. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүлікті тізілімге енгізу тәртібін және оның нысанын, комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      7. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған кезде комиссия осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімде:

      1) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім шығарады;

      2) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді жария ету субъектісіне береді;

      3) мәліметтерді жария етілген мүліктің тізіліміне енгізеді.

      8. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік осы Заңның 2, 3 және 7-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде осындай мүлікті жария етуден бас тартуды комиссия шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады.

      9. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік комиссия жария ету туралы шешім шығарған күннен бастап жария етілген болып саналады.

      10. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік жария етілген жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдар жария ету субъектісінің өтініші негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттарды ресімдейді.

      11. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлік бойынша ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.

      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлікті ресімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

      12. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлік, жария ету субъектісі туралы ақпаратты комиссия жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға ұсынады.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8-бап. Ақшаны жария етудi ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, осындай банктердiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарын қоспағанда (бұдан әрі – екiншi деңгейдегi банктер), Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке ағымдағы банктік шот (бұдан әрі – ағымдағы шот) ашады.

      2. Ақша мынадай тәртіппен:

      1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ашылған ағымдағы шотқа салу (аудару) және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады.

      Шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды;

      2) екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салмай (аудармай) – жария етілетін ақшаның сомасынан алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады.

      Бұл ретте алым мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырғанға дейін төленуге тиіс.

      3. Жария етілетін ақшаны ағымдағы шотқа енгізген (аударған) кезде екiншi деңгейдегi банк, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді.

      4. Ағымдағы шотқа ақша енгізілгенін (аударылғанын) растау туралы анықтаманың көшірмесі немесе осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда – алым төленгені туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген арнайы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы қабылдаған күннен бастап ақша жария етілді деп саналады.

      5. Жария ету субъектілері өз қалауы бойынша жария етілген ақшаларға, оның ішінде:

      1) қазақстандық қор биржасында орналастырылған бағалы қағаздарға;

      2) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында орналасқан қаржы құралдарына;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге де активтерге инвестициялау жолымен оларға билік етуге құқылы.

      6. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.

      Ақшаны жария ету рәсімімен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету

      1. Жария ету субъектісінің Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлкі (ақшадан басқа) мынадай:

      1) осы Заңда белгіленген тәртіппен алымды төлеу;

      2) жария етілетін мүліктің атауын, оның құнын және орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру шарттарының жиынтығы сақталған кезде жария етуге жатады.

      Бұл ретте төленген алым арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің құнынан есептелген алым мөлшеріне міндетті түрде сәйкес болуға тиіс.

      2. Арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) жария ету субъектісінің мүлікке не басқа тұлғаның мүлікті жария ету субъектісіне бергенге дейінгі оған меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) арнайы декларацияға қоса беріледі.

      Бағалы қағаздарды, қатысу үлесін жария еткен жағдайда жария ету субъектісі меншік құқығын растайтын шет мемлекеттің тиісті органы немесе ұйымы берген өзге де құжатты ұсынуы мүмкін;

      3) шет мемлекеттің қолданатын құқығына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған, басқа тұлғадан жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікке меншік құқығын өтеусіз немесе өзге де нысанда беру туралы шарттың немесе өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер арнайы декларацияға қоса беріледі.

      Арнайы декларацияға қоса берілетін құжаттар және (немесе) мәліметтер қазақ немесе орыс тілінде ресімделген болуға немесе нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болуға тиіс.

      3. Осы бапта көрсетілген мүлік жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілді деп саналады.

      4. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.

      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ету рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-бап. Басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету

      1. Осы баптың қағидалары бойынша жария ету субъектісі басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ету жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыруы арқылы жүргізіледі.

      3. Арнайы декларацияға арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер қоса беріледі.

      4. Басқа тұлғаға ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке (ақшадан басқа) жария ету субъектісінің меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.

      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлік жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілді деп саналады.

      6. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.

      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария етудің рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-1-бап. Жария ету субъектісіне салықтық рақымшылық жасау

      1. Салықтық рақымшылық жасау жария етілген ақшаны, жария етілген мүлікті (құрылысты) сатып алу үшін қаражатты қалыптастыру көзі болып табылатын жария ету субъектісінің кірісіне, сондай-ақ мүлікті жария еткенге дейін пайдаланудан (билік етуден) түскен кірістерге (бұдан әрі – жария ету субъектісінің кірісі) осы Заңда көзделген тәртіппен жария ету субъектісі мүлікті жария ету кезінде қолданылады.

      2. Салықтық рақымшылық жасау деп осы Заңмен белгіленген тәртіппен мүлік пен ақшаны жария еткен жағдайда – жария ету субъектісінің 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде алған кірісі жөнінде жеке табыс салығы бойынша жария ету субъектісінің салық міндеттемесін тоқтату түсініледі.

      3. Салықтық рақымшылық жасауға жататын жеке табыс салығының мөлшері:

      1) өтініште немесе арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің (ақшадан басқа) құнының;

      2) арнайы декларацияда көрсетілген ақша сомасының;

      3) мүлікті жария еткенге дейін оны пайдаланудан (мүлікке билік етуден) алынған кіріс мөлшерінің он пайызы мөлшерінде айқындалады.

      4. Жария ету субъектісінің салық міндеттемесі осы бапта белгіленген шарттар сақталған кезде тоқтатылуға жатады.

      5. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.

      Салықтық рақымшылық жасау рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

      Ескерту. Заң 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11-бап. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүліктi жария ету

      Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

12-бап. Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдаудың ерекшелiктерi

      Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

13-бап. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілерін жауаптылықтан босату

      Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-бап. Қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту, қылмыстық істерді және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істерді тоқтату

      Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-1-бап. Мүлікті репатриациялау

      Осы Заңда көзделген кепілдіктерді беру, егер тиісті мүлік оны жария еткен күні:

      1) ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымы орындалмайтын және (немесе) толық дәрежеде орындалмайтын;

      2) салық салу мақсаттары үшін ақпарат алмасу жөніндегі нормаларды қамтитын халықаралық шарт жасалмаған мемлекетте (аумақта) орналасқан жағдайларды қоспағанда, арнайы декларацияда көрсетілген мүлікті Қазақстан Республикасының аумағына қайтару фактісіне байланысты болмайды.

      Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

15-бап. Осы Заңда белгіленген талаптарды бұзғаны үшiн жауаптылық

      1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің осы Заңда белгіленген талаптар мен кепілдіктерді бұзуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығына әкеп соғады.

      2. Жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген талаптар мен шарттарды бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүлікті және (немесе) кірісті жария ету нәтижелерін жоюға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

16-бап. Комиссия қабылдаған шешімдерге қатысты құқық мирасқорлығы және өкілдік

      Комиссияның мүдделерін, оның ішінде комиссия қызметінің тоқтатылған кезінен бастап мүдделерін білдіруді жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      Құқық мирасқорына мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы комиссия шешім шығарған мүлікке қатысты талапкер немесе жауапкер болу өкілеттіктері ауысады.

17-бап. Шағым жасау тәртібі

      Комиссияның, мемлекеттік кіріс органының шешімдеріне, сондай-ақ мүлiктi жария етуді өткізу кезіндегі өзге де әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

17-1-бап. Арнайы ережелер

      Осы Заңның ережелері, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жария етуге (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттемелерді, сондай-ақ "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының және оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актілердің ережелерін қоса алғанда, ешқандай түрде ешқандай да ерекшеліктерді көздемейді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген Қазақстан Республикасының міндеттемелерін қозғамайды және шектемейді.

      Ескерту. Заң 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев.


  "Қазақстан Республикасының азаматтарына,
оралмандарға және Қазақстан Республикасында
тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың
мүлікті жария етуіне байланысты
рақымшылық жасау туралы" Қазақстан
Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 213-V Заңына 1-қосымша

      __________________________

      (өтініш берілетін орган)

      __________________________

Мүлікті жария етуді өткізуге арналған
ӨТІНІШ

      (екі данада толтырылады)

      Т.А.Ә._________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ЖСН____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тұрғылықты жері________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат:

      түрі _____________________, сериясы ___________________________

      № _________ берілген күні _____________________________________

      _____________________________берген.

Жария етілетін мүліктің тізбесі

Мүліктің құны

(мың теңге)

Орналасқан мекен-жайы










Мүліктің жиынтық құны




      Өтінішке мынадай құжаттарды (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) қоса беремін:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (күні, айы, жылы) (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә.)__________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ә. және қолы)__________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (орган басшысының Т.А.Ә. және қолы)

      М.О. Өтініш қабылдаған күн:

      20 ___ жылғы "____" _________

  "Қазақстан Республикасының азаматтарына,
оралмандарға және Қазақстан Республикасында
тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың
мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық
жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы
Қазақстан Республикасының Заңына
2-қосымша

Жария ету үшін ағымдағы банктік шотқа ақша
енгізілгенін/аударылғанын растау туралы
АНЫҚТАМА

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Анықтама берілген күн 20___жылғы "___"_________

      Банк/Ұлттық пошта операторы _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (банктің/Ұлттық пошта операторының толық атауы)

      жария ету субъектісі ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжат

      _____________________________________________________________________

      (№, кім және қашан берген), тұрғылықты жері, ЖСН)

      20____ жылғы "___" ___________ ағымдағы банктік шотқа _______________

      _____________________________________________________________________

      (цифрлармен және толық жазылады, валютаның түрі)

      сомасында ақша енгізгенін/аударғанын куәландырады.

      Т.А.Ә./Қолы _________________________________________________________

      (Банктің/Ұлттық пошта операторының уәкілетті адамы)

      Мөр бедері (болған жағдайда)_________________________________________

      (Банктің/Ұлттық пошта операторының)