Бiр жағынан, Қазақстан Республикасы мен екiншi жағынан, Еуропалық Қоғамдастықтардың және оларға мүше мемлекеттердiң арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келісімге Тоқыма бұйымдарымен сауда жөніндегі екі жақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын ескере отырып, Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ережелерінің күшін тоқымамен екі жақты саудаға қолдануға қатысты хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 90-V Заңы

Қолданыстағы

      2008 жылғы 5 қарашада Брюссельде жасалған Бiр жағынан, Қазақстан Республикасы мен екiншi жағынан, Еуропалық Қоғамдастықтардың және оларға мүше мемлекеттердiң арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келісімге Тоқыма бұйымдарымен сауда жөнiндегi екi жақты келiсiмнiң қолданылу мерзiмiнiң аяқталуын ескере отырып, Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiм ережелерiнiң күшін тоқымамен екі жақты саудаға қолдануға қатысты хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.НАЗАРБАЕВ

ТОҚЫМА САУДАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕКІ ЖАҚТЫ КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНУ
МЕРЗІМІНІҢ АЯҚТАЛУЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ТОҚЫМАНЫҢ ЕКІ ЖАҚТЫ
САУДАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ЕРЕЖЕЛЕРІ КҮШІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ БІР ТАРАПТАН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ЕКІНШІ ТАРАПТАН ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ ПЕН
ОНЫҢ МҮШЕ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ
ХАТТАМА

(2013 жылғы 21 мамырда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2013 ж., N 4, 34-құжат)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
      бір тараптан және
      ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ
      екінші тараптан,
      мыналарды ескере отырып,
      1. Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық қоғамдастық пен оның мүше елдері арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - ӘЫК) 1995 жылы қол қойылды және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енді.
      2. ӘЫК қағидаттары басқа тауарлардың саудасы үшін қолданылатынына, сондай-ақ тоқыма өнімдері саудасында да ресмилікпен қолданылғанына кепілдік беру үшін келіссөздер жүргізілді.
      3. ӘЫК-ге тиісті өзгерістер қабылдануы тиіс,
      ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ:

1-бап

      ӘЫК мынадай түрде өзгертілді:
      1) 11-баптағы 16-бапқа сілтеме алынып тасталады;
      2) 16-бап алынып тасталады.

2-бап

      Хаттама ӘЫК-нің ажырамас бөлігін құрайды.

3-бап

      Осы хаттама Тараптар бір біріне қажетті мемлекетішілік рәсімдердің өткізілгенін аяқталғаны туралы хабардар еткен күннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.

4-бап

      Осы хаттама әрқайсысы болгар, чех, дат, нидерланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгр, итальян, латыш, литва, мальти, польяк, португал, румын, словак, словен, испан, швед, қазақ және орыс тілдерінде олардың орындалған әрқайсысының мәтіні бірдей күшке ие.

      2008 жылғы 5 қарашада Брюссель қаласында жасалған Тоқыма саудасы жөніндегі екі жақты келісімнің қолдану мерзімінің аяқталуын ескере отырып, Тоқыманың екі жақты саудасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ережелері күшінің қолдануына қатысты бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық қоғамдастық пен оның мүше елдері арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                        Б. Пискорский   

      Жоғарыда құжаттардың ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі нұсқалары орыс және қазақ тілдеріне аударылған нұсқалармен сай келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық даму және сауда
      Вице-министрі                            Т. Жақсылықов

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың болгар, чех, дат, нидерланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгр, итальян, латыш, литва, мальти, польяк, португал, румын, словак, словен, испан, швед тілдеріндегі нұсқалары берілген.