2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 қарашадағы № 53-V Заңы

Қолданыстағы

      2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербургте жасалған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. НАЗАРБАЕВ

2008 жылғы 25 қаңтардағы
Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және
өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімнің 42-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) осы Хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Келісімде белгіленген тәртіппен шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және депозитарий осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
      2011 жылғы 18 қазандағы Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалған.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

          Беларусь               Қазақстан                 Ресей
      Республикасының         Республикасының          Федерациясының
       Үкіметі үшін            Үкіметі үшін             Үкіметі үшін

2008 жылғы 25 қаңтардағы      
Үшiншi елдерге қатысты арнайы қорғау,
демпингке қарсы және өтемақы шараларын
қолдану туралы келiсiмге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттамаға
қосымша               

Келісімге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 

      1. Кіріспедегі «Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «үшiншi елдердiң кеден аумағынан шығарылатын» және «тауарлардың импортына» деген сөздер тиісінше «шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізуге және қолдануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Тараптар мемлекеттерiнiң кедендік аумағына» деген сөздер «Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақтағы «инвестицияларды және валюталық бақылауды» деген сөздер «инвестицияларды, валюталық және экспорттық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:

«1-1-бап
Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары бойынша
Кеден одағының құқықтық базасы

      1. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары бойынша Кеден одағының құқықтық базасы:
      1) осы Келісімнен және Тараптар мемлекеттерінің Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде жасалған және осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін бөлігінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарынан;
      2) осы Келісімге және (немесе) Тараптар мемлекеттерінің Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде жасалған халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын Кеден одағы органдарының шешімдерінен тұрады.».
      4. 2 және 3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«2-бап
Негізгі терминдер

      Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер мыналарды білдіреді:
      «ұқсас тауар» – тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толықтай сәйкес келетін тауар не мұндай тауар жоқ болғанда тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар;
      «демпингке қарсы шара» – демпингке қарсы баж, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы баж енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл шарасы;
      «демпингке қарсы баж» – демпингке қарсы шараны енгізу кезінде қолданылатын және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
      «демпингтік маржа» – тауардың экспорттық бағасын шегергенде мұндай тауардың оның экспорттық бағасына қалыпты құнының пайызымен көрсетілген қатынасы не тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасының арасындағы абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген айырмасы;
      «импорттық квота» – тауардың санына және (немесе) құнына қатысты оның Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортын шектеу;
      «шет мемлекет» – осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекет (мемлекеттердің бірлестігі), сондай-ақ Кеден одағының комиссиясы бекітетін Әлем елдерінің жіктеуішіне енгізілген аумақ;
      «өтемақы шарасы» – Кеден одағы комиссиясының шешiмi бойынша өтемақы бажын, оның iшiнде алдын ала өтемақы бажын енгізу не субсидиялаушы шет мемлекеттiң уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған мiндеттемелерді мақұлдау арқылы қолданылатын Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына экспорттаушы шет мемлекеттiң ерекше субсидия әсерiн бейтараптандыру шарасы;
      «өтемақы бажы» – өтемақы шарасын енгізу кезінде қолданылатын және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
      «Тараптар мемлекеттерiнiң экономикасы саласына материалдық залал» - атап айтқанда Тараптар мемлекеттерiнде ұқсас тауар өндiрiсi көлемiнiң және Тараптар мемлекеттерiнiң нарығында оны өткiзу көлемiнiң қысқаруымен, мұндай тауар өндiрiсi рентабельдiлiгiнiң төмендеуiмен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақының деңгейiне және Тараптар мемлекеттерi экономикасының осы саласына инвестициялардың деңгейiне келеңсiз әсер етумен байқалатын Тараптар мемлекеттерi экономикасының дәлелдермен расталған нашарлауы;
      «тікелей бәсекелес тауар» – өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде сатып алушы оны ауыстыратындай не ауыстыруға дайын болатындай басқа да негізгі қасиеттері бойынша тергеу (қайта тергеу) объектісі  болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толық сай келетін тауар;
      «сауданың кәдімгі барысы» – өндірістің орташа өлшемді шығындарына және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығындарға негізделе отырып айқындалатын соған ұқсас тауардың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша экспорттаушы шет мемлекеттің нарығындағы соған ұқсас тауарды сатып алу-сату;
      «Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласы» – Тараптар мемлекеттерінде ұқсас тауардың (демпингке қарсы және өтемақылық тергеу мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау тергеуі мақсаттары үшін) барлық өндірушілері не олардың Тараптар мемлекеттеріндегі өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі тиісінше ұқсас тауардың не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың елеулі бөлігін, бірақ кемінде 25 пайызын құрайтын кейбіреулері;
      «арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын (оның ішінде алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын) төлеушілер» – Кеден одағының Кеден кодексіне, Тараптар мемлекеттерінің халықаралық шарттарына және (немесе) Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына шет мемлекеттерден әкелінетін, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары (оның ішінде алдын ала арнайы, алдын ала демпингтік және алдын ала өтемақы баждары) қолданылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары мен салық төлеу жөніндегі міндет жүктелген декларант немесе өзге тұлғалар;
      «алдыңғы кезең» – қажетті статистикалық деректері бар тергеуді жүргізу туралы өтініш берілген күннің тікелей алдындағы 3 күнтізбелік жыл;
      «байланысты тұлғалар» – төменде келтірілген бір немесе бірнеше өлшемдерге сай келетін тұлғалар:
      осы тұлғалардың әрқайсысы басқа тұлғаның қатысуымен құрылған ұйымның қызметкері немесе басшысы болып табылады;
      тұлғалар іскер әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, кіріс алу мақсатында іс-әрекет жасайды және бірлескен қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтереді;
      тұлғалар бір ұйымның жұмыс берушілері және жұмыскерлері болып табылады;
      қандай да бір тұлға дауыс беретін акциялардың 5 және одан да көп пайызының немесе екі тұлғаның үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленеді, бақылайды немесе атаулы ұстаушысы болып табылады;
      тұлғалардың біреуі екінші тұлғаны тікелей немесе жанама  түрде бақылайды;
      екі тұлғаны да үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
      екі тұлға бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
      тұлғалар неке қатынастарында, туыстық немесе бала асыраушы немесе асырап алынған, сондай-ақ қамқоршы және қамқорлықтағы қатынастарда болады.
      Бұл ретте тікелей бақылау деп мынадай:
      - оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;
      - заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;
      - заңды тұлғаның жарғылық (қоймалық) капиталын (қорын) құрайтын акцияларға (үлестерге) тиесілі дауыстардың жалпы санының
5 пайызынан астамына иелік ету іс-қимылдарының бірі немесе бірнешеуі арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындауы мүмкіндігі түсініледі;
      Жеке немесе заңды тұлға арқылы не арасында тікелей бақылау бар бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындауы мүмкіндігі жанама бақылау деп түсініледі.
      «Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына елеулі залал» – Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесуші тауарды өндірумен байланысты жағдайдың жалпы нашарлауынан көрінетін және әдетте, алдыңғы кезең ішінде айқындалатын Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының өндірістік, сауда және қаржы жағдайының елеулі нашарлауы;
      «арнайы қорғау шарасы» – импорттық квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша қолданылатын Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауардың өскен импортын шектеу жөніндегі шара;
      «арнайы баж» – арнайы қорғау шарасын енгізген кезде қолданылатын және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
      «субсидияланатын импорт» – өндірілуі, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде экспорттаушы шет мемлекеттің ерекше субсидиясы пайдаланылған тауардың Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импорты;
      «субсидиялаушы орган» – экспорттаушы шет мемлекеттің мемлекеттік органы немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы не тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін-өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актіге сәйкес немесе нақты мән-жағдайларға орай тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін-өзі басқару органы уәкілеттік берген тұлға;
      «Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына материалдық залал келтіру қауіпі» – Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына материалдық залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;
      «Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына елеулі залал келтіру қауіпі» – Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына елеулі залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;
      «экспорттық баға» – Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауардың импорты кезінде шетел өндірушілерімен немесе экспорттаушыларымен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушылар төлеген немесе төлеуге тиіс баға.

3-бап
Тергеу

      1. Тауарлардың импорты кезінде арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу алдында осы Келісімге сәйкес өткізілетін тергеу болады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тергеу:
      Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына өспелі импорттың және осыған байланысты Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына елеулі залалдың немесе оны келтіру қауіпінің болуын;
      Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына демпингтік немесе субсидияланатын импорттың болуын және осыған байланысты Тараптар мемлекеттері экономикасының саласына материалдық залалдың немесе оны келтіру не Тараптар мемлекеттері экономикасының саласын құрудың баяулауы қауіпінің болуын анықтау мақсатында жүргізіледі.
      3. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу және қолдануды қоса алғанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу және қолдану туралы, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарастыру немесе күшін жою туралы не осы Келісімнің 40-бабының ережелеріне сәйкес шара қолданбау туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.
      4. Тергеу жүргізуге жауапты органды (бұдан әрі – тергеу жүргізетін орган) Кеден одағының комиссиясы айқындайды.
      5. Тергеу жүргізетін орган өзіне осы Келісімде және осы Келісімге және (немесе) Кеден одағын қалыптастыру аясында жасалған Тараптардың өзге халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын Кеден одағы органдарының шешімдерінде берілетін өкілеттіктер шеңберінде әрекет етеді.
      6. Тергеу жүргізетін орган тергеу нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясына арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу мен қолданудың немесе арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарастыру немесе күшін жоюдың орындылығы туралы ұсынысы бар, Кеден одағы комиссиясының тиісті шешімінің жобасы қоса берілген баяндаманы ұсынады.
      7. Осы Келісімнің 614 және 24-баптарында көзделген жағдайларда тергеу жүргізетін орган тергеу аяқталғанға дейін Кеден одағының комиссиясына алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу мен қолданудың орындылығы туралы ұсынысы бар баяндаманы ұсынады.
      8. Тергеуге қатысты дәлелдемелер, мәліметтер мен хат алмасулар тергеу жүргізетін органға орыс тілінде ұсынылуға тиіс, ал шетел тілінде жасалған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған аудармасы растала отырып, орыс тіліне аударылуға тиіс.».
      5. 4-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «құзыретті орган жүргізген» деген сөздер алып тасталсын;
      «импорттаушы» деген сөзден кейінгі «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақта:
      «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «бірыңғай преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы елдерден» деген сөздер «тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушы дамушы елдерін» деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. 5-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «Тергеу барысында» деген сөздерден кейінгі «құзыретті орган Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 1-тармақшада қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді, «Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағында» деген сөздер алып тасталсын;
      в) қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді;
      г) 3-тармақшада «Тараптар мемлекеттерінде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың бағасымен салыстыру бойынша» деген сөздер «Тараптар мемлекеттерінде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар бағасының деңгейімен салыстырғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      д) 4-тармақшада «Тараптар мемлекеттерінде, Тараптар  мемлекеттерінің нарығында өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды сату» деген сөздер «Тараптар мемлекеттерінде шығарылатын ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды Тараптар мемлекеттерінің нарығында сату» деген сөздермен ауыстырылсын;
      е) 2-тармақтағы «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      е ) 3-тармақта:
      «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Көрсетілген залалды» деген сөздерден кейінгі «құзыретті орган» деген сөздер алып тасталсын;
      «импорт салдарынан» деген сөздерден кейінгі «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«6-бап
Алдын ала арнайы бажды енгізу

      1. Арнайы қорғау шарасын қолдануды кешіктіру Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына кейіннен жою қиынға соғатын елеулі залал келтіруі мүмкін сындарлы мән-жайларда Кеден одағының комиссиясы тиісті тергеу аяқталғанға дейін тергеу жүргізетін органның алдын ала қорытындысының негізінде 200 күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы бажды енгізу және қолдану туралы шешім қабылдай алады, оған сәйкес тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының өсуі Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына елеулі залал келтіргеніне немесе келтіретініне айқын дәлелдемелер бар. Тергеу жүргізген органның түпкілікті қорытындысын алу мақсатында тергеу жалғастырылуы тиіс.
      2. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушы шет мемлекеттiң уәкiлеттi органын, сондай-ақ басқа да оған белгiлi мүдделi тұлғаларды алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкіндігі туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.
      3. Экспорттаушы шет мемлекеттiң уәкiлеттi органының алдын ала арнайы бажды енгiзу мәселесi бойынша консультациялар өткiзу туралы сұрау салуы бойынша мұндай консультациялар Кеден одағының комиссиясы алдын ала арнайы бажды енгiзу туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн басталуға тиiс.
      4. Егер тергеу нәтижелерi бойынша арнайы қорғау шараларын енгiзу үшiн негiздер жоқ екені анықталса, алдын ала арнайы баж сомасы осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында белгiленген тәртiппен төлеушiге қайтарылуға тиiс.
      5. Егер тергеу нәтижелері бойынша арнайы қорғау баж шарасын (оның ішінде импорт квотасын енгізу арқылы) қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзіміне есептеледі, ал тергеу нәтижелері бойынша қабылданған арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала арнайы баж сомасы осы баптың 6 және 7-тармақтарының ережелерін ескере отырып, осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
      6. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж  мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала арнайы баж сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
      Арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомаларынан асатын алдын ала арнайы баж сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.
      7. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж  мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баж бен алдын ала арнайы баж сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды.»;
      8. 7-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «құзыретті органның» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер арнайы қорғау шарасы импорттық квотаны белгiлеу арқылы қолданылса, мұндай импорттық квотаның мөлшері Тараптар мемлекеттерiнiң экономикасы саласына елеулi залалды немесе мұндай залалды келтiру қаупiн жою үшiн импорттық квотаның аз мөлшерiн белгiлеу қажеттiлiгi жағдайларын қоспағанда, алдыңғы кезеңде жүргізілген тергеу объектiсi болып табылатын тауар импортының (сан немесе құн түрінде көрсетілген) орташа жылдық көлемiнен төмен болмауы тиiс.
      3. Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асыруға мүдделі экспорттаушы шет мемлекеттер арасындағы импорттық квотаны бөлу кезінде олардың арасында импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу үшін мүмкіндік беріледі.
      в) 4-тармақта:
      «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді;
      мынадай мазмұндағы жаңа екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте осы тауардың саудасы барысына ықпал етуі мүмкін немесе ықпал ете алатын кез келген ерекше факторлар есепке алынады.»;
      г) 5-тармақта:
      мемлекеттік тілдегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді;
      «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың ережелері тергеу жүргізетін орган Тараптар мемлекеттері экономикасының саласына елеулі залалдың болуын анықтаған жағдайда ғана қолданылады.»;
      д) 6-тармақтағы «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      е) 7, 8 және 9-тармақтар алып тасталсын.
      9. 8-бапта:
      а) 2-тармақтың бірінші абзацында «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен, «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 3-тармақтағы «құзыретті органның» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 4-тармақта:
      бірінші абзацта «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. 9-баптың 1-тармағында:
      «құзыретті орган жүргізген» деген сөздер алып тасталсын;
      «нәтижелері бойынша» деген сөздерден кейін «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. 10-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 және 3-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жеке мәмілелер бойынша тауарлардың экспорттық бағаларының жеке мәмілелері бойынша тауарлардың қалыпты құнымен;
      3) сатып алушыларға, өңірге немесе тауарды жеткізу кезеңіне байланысты тауардың бағасында елеулі ерекшеліктер болған жағдайда тауардың жеке мәмілелер бойынша экспорттық бағаларымен тауардың орташа өлшенген қалыпты құнымен»;
      б) 3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы жаңа үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Тергеу жүргізетін орган жоғарыда аталған факторлар ескерілген түзетулер тауардың қалыпты құнымен экспорттық бағаны салыстыру нәтижесін бұрмалай отырып, бір-бірін қайталамайтындығына көз жеткізеді.»;
      үшінші абзац төртінші абзац болып есептелсін;
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 4-тармақтағы «үшінші елге» деген сөздер «басқа шет мемлекетке» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 5-тармақта:
      «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «мемлекеттерінің» деген сөздерден кейін «бірыңғай» деген сөзбен толықтырылсын;
      д) 6-тармақтың үшінші абзацындағы және 7-тармақтағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      е) 8-тармақта:
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа екінші, үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың ережелерінде белгіленген жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеу мақсаты үшін мүдделі тұлғаларды іріктеуді тергеу объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың, өндірушілердің және импорттаушылардың консультациясы негізінде және олардың келісімімен тергеу жүргізетін орган жүзеге асырады.
      Егер тергеу жүргізетін орган осы тармақтың ережелеріне сәйкес шектеуді пайдаланса, шетелдік экспорттаушылар және (немесе) шетелдік өндірушілер санының көптігінен тергеу жүргізу органының тиісті тергеу жүргізу мерзімін бұзуға әкелуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, бастапқыда таңдалмаған, бірақ қажетті мәліметтерді қараудың белгіленген мерзімінде оларды ұсынған әрбір шетелдік экспорттаушыға немесе шетелдік өндірушіге қатысты жеке демпингтік маржаны айқындайды.
      Осындай шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) шетелдік өндірушілердің ерікті түрде ұсынған жауаптарын тергеу жүргізетін орган қайтармауға тиіс.
      e) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Егер тергеуді жүргізетін орган осы баптың 8-тармағына сәйкес жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеуді пайдаланса, жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалмаған, бірақ тергеу барысында осы үшін белгіленген мерзімде қажетті мәліметтерді ұсынған демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты есептелген демпингтік маржаның мөлшері жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалған демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты айқындалған орташа өлшемді демпингтік маржаның мөлшерінен аспауы тиіс».
      ж) 10-тармақта:
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «кез келген» деген сөздер алып тасталсын;
      з) 11-тармақта:
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. 11-бапта:
      а) 1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын, «ішкі нарығында» деген сөздерден кейін «осындай шет мемлекеттің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацта «мақсаттары үшін» деген сөздерден кейін «осындай шет мемлекеттің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен» деген сөздермен толықтырылсын;
      б) 2-тармақтағы «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 4-тармақта:
      «үшінші елге» деген сөздер «басқа шет мемлекетке» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 8-тармақтағы «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      д) 9-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа сөйлеммен толықтырылсын:
      «Мұндай түзетулер өндірісті ұйымдастыру кезеңінің аяғындағы, ал егер өндірісті ұйымдастыру кезеңі тергеу кезеңінен асып кеткен болса, тергеу жүргізу кезеңіне келетін өндірісті ұйымдастырудың барынша кеш кезеңі үшін шығындарды көрсетуге тиіс»;
      е) 11-тармақта:
      бірінші абзацтағы «үшінші елде есептелген ұқсас тауар құнынан (көрсетілген экспорттаушы шет мемлекетпен тергеу мақсаттары үшін салыстырылатын)» деген сөздер «шет мемлекетте есептелген ұқсас тауарлар құнына (көрсетілген экспорттаушы шет мемлекетпен тергеу мақсаттары үшін салыстырылатын)» деген сөздермен, «мұндай үшінші елден басқа елдерге» деген сөздер «мұндай шет мемлекеттерден басқа шет мемлекеттерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
      13. 12-баптың 2-тармағында:
      «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «импорттаушы мемлекеттердің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      14. 13-бапта:
      а) 3-тармақтың бірінші абзацындағы «тергеу» деген сөзден кейін «жүргізу барысындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
      б) 4-тармақтағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 5-тармақтың бірінші абзацындағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 6-тармақтың бірінші абзацындағы «Тараптар мемлекеттерiнiң» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен, «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      д) 8-тармақтағы «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      е) 9-тармақтың бірінші абзацындағы «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      e) 11-тармақтың бірінші абзацындағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      ж) 12-тармақтағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. 14-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «баяндаманың» деген сөз «тергеу жүргізетін орган баяндамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 6-тармақта:
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «кеден органдары алдын ала демпингке қарсы бажды өндіріп алған Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында кеден төлемдерін қайтару үшін белгіленген» деген сөздер «осы Келісімнің 28-1-бабының
6-тармағында айқындалған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Егер тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы шара қолдану  туралы шешім қабылданса, тергеу нәтижелері бойынша қабылданған, демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы баптың 8 және 9-тармақтарындағы ережелерді ескере отырып, осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
      8. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж  мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген алдын ала демпингке қарсы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
      Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баждың сомасынан асатын алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.
      9. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж  мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, демпингке қарсы баж бен алдын ала демпингке қарсы баж сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды»;
      г) мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеуді бір мезгілде жалғастырған жағдайда қолданылады.».
      16. 15-бапта:
      а) атауындағы «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 1-тармақтың бірінші абзацындағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын, «кеден аумағына» деген сөздерден кейін «алдын ала демпингке қарсы баж немесе» деген сөздермен толықтырылсын, «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөзбен ауыстырылсын, «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын, «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын, «қорытындыға келсе және» деген сөздерден кейін «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен толықтырылсын;
      в) 2-тармақта:
      «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «онымен» деген сөз «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 3-тармақта:
      бірінші абзацтағы «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын, «Құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын, «оны» деген сөз «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын, «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      д) мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Тергеу жүргізетін орган баға міндеттемелерін қабылдаған әрбір экспорттаушыға тиісті сұрауды алған жағдайда оны мүдделі тұлғаларға ұсыну мүмкіндігі болу үшін олардың құпия емес нұсқасын беру туралы сұрауды жібереді.»;
      е) 4-тармақта:
      «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      e) 5-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы баға міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын, «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын, «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөзбен ауыстырылсын, «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      ж) 6-тармақта:
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «олардың шарттарына» деген сөздерден кейін «және осы Келісімнің ережелеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      з) 7-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын, «сұрай алады» деген сөздер «сұрауға құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын, «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «Сұрау салынатын мәліметтерді құзыретті орган белгілеген мерзімде бермеу» деген сөздер «Сұрау салынатын мәліметтерді тергеу жүргізетін орган белгілеген мерзімде бермеу» деген сөздермен ауыстырылсын, «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      и) 8-тармақта:
      бірінші абзацтағы «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын, «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын, «түпкілікті» деген сөз алып тасталсын;
      екінші абзацтағы «ерікті міндеттемелерді» деген сөз «баға міндеттемелерін» деген сөзбен ауыстырылсын;
      к) мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы Кеден одағы комиссиясының шешімінде осы баптың 8-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін алдын ала демпингке қарсы баж немесе демпингке қарсы баж ставкасы айқындалуы тиіс.».
      17. 16-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «ерікті» деген сөз «баға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақтың екінші абзацындағы «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеден одағының комиссиясы жеке демпингтік маржа есептелген демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың әрбір экспорттаушысы немесе өндірушісі жеткізетін тауарға қатысты демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерін белгілейді.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген демпингке қарсы баж  мөлшерлемесінің жеке мөлшерін белгілеуден басқа, Кеден одағының комиссиясы тергеу барысында есептелген ең жоғарғы демпингтік маржа негізінде жеке демпингтік маржа есептемеген экспорттаушы шет мемлекеттен тауардың басқа барлық экспорттаушылары немесе өндірушілері әкелетін тауарға демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесін белгілейді.».
      18. 17-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «құзыретті органның» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 3-тармақта:
      бірінші абзацта «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілетін қайта тергеу аяқталғанға дейін демпингке қарсы шараны қолдану Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша ұзартылады. Алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте тиісті демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылатын мерзім ішінде әрекет ету мерзімі қайта тергеу жүргізуге байланысты ұзартылатын, демпингке қарсы шараларды қолданумен байланысты белгіленген демпингке қарсы баж мөлшерлемелері бойынша демпингке қарсы баждар төленеді.
      Егер демпингке қарсы шараның қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы шараны қолдану үшін негіз жоқ деп белгілеген болса, демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждар алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж сомалары осы Келісімнің 28-1 бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.
      Егер демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты тергеу жүргізетін орган қайта тергеу нәтижелері бойынша демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігін анықтаса, Кеден одағы комиссиясы демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзартады. Демпингке қарсы шараны ұзарту туралы Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енген күннен бастап демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баждар сомаларын осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.»;
      в) 4-тармақтың бірінші абзацындағы «Құзыретті органның» деген сөздер «Тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын, «баждың мөлшерлемесін» деген сөздер «баж мөлшерлемесінің көлемін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 5-тармақта:
      екінші абзацтағы «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын, «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Кеден одағының комиссиясы тиісті қайта тергеу басталғаннан кейін демпингке қарсы бажды алу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша, атап айтқанда, осы экспорттаушы немесе өндіруші жүзеге асыратын тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуден осындай баждарды төлеу бойынша міндеттемелерді қабылдау нысанында шаралар қабылдай алады.».
      19. 18-бапта:
      а) 1-тармақтағы «ерікті міндеттемелерді» деген сөздер «баға міндеттемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақтағы «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 3-тармақтың 3-тармақшасындағы «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу кезеңінде Кеден одағының комиссиясы экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағынан импортталатын, демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы бажды енгізуі мүмкін.
      6. Егер осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеудің нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы шарадан айналып өтуді  анықтамаса, осы бапқа сәйкес және алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіпте төленген демпингке қарсы баж сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіпте төлеушіге қайтарылуға тиіс.
      7. Демпингке қарсы шара осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу нәтижелері бойынша осы Келісімге сәйкес қолданылатын демпингке қарсы шарадан айналып өту белгіленген жағдайда Кеден одағының Комиссиясы демпингтік импорттың мәні болып табылған тауардың экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын  құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Кеден одағы комиссиясының осы тармақта көрсетілген демпингке қарсы шараны енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды, демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте төленген сома осы Келісімнің 28-1-бабы 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.».
      20. 19-бапта:
      «импортталған» деген сөз «импортталатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «нәтижелері бойынша Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «нәтижелері бойынша Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      21. 23-бапта:
      а) мынадай мазмұндағы жаңа 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Тараптар мемлекеттері экономикасының саласына залал оны  тексеру барысындағы тергеу кезеңінде кезеңде айқындалады.»;
      б) 3-тармақтағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 4-тармақтың бірінші абзацындағы «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын, «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 5-тармақтың бірінші абзацындағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      д) 8-тармақтың бірінші абзацындағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      е) 9-тармақта:
      «құзыретті орган,» деген сөздер алып тасталсын;
      «бұл орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      e) 10-тармақтағы «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      ж) 11-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      22. 24-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «құзыретті орган алдын ала» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясы алдын ала» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «баяндама негізінде» деген сөздерден кейін «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен толықтырылсын;
      б) 4-тармақтағы «кеден төлемдерді қайтару үшін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасымен, алдын ала өтемақы бажы алынған кеден органдар белгілеген» деген сөздер «осы Келісімге 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер тергеу нәтижелері бойынша өтемақы шараларын қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала өтемақы бажының сомалары тергеу нәтижелері бойынша қабылданған өтемақы шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап, осы баптың 6 және 7-тармақтарындағы ережелерді есепке ала отырып, осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіпте есептелуге және бөлінуге тиіс.
      6. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажының  мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының анағұрлым төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылған жағдайда өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажының сомасына сәйкес келетін алдын ала өтемақы бажының сомасы осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіпте есептелуге және бөлінуге тиіс.
      Өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажының сомасынан асатын алдын ала өтемақы бажының сомасы осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.
      7. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажының  мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының анағұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылған жағдайда өтемақы бажы мен алдын ала өтемақы бажы сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды.».
      23. 25-бапта:
      а) 1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Тергеуді құзыретті орган» деген сөздер «Тергеуді Кеден одағы комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын, «олардың» деген сөз «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «;» белгісі «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақта:
      «Құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «осымен» деген сөз «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Кеден одағы комиссиясы тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының ерікті міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді экспорттаушы шет мемлекеттің уәкілетті органы осы баптың 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген міндеттемелерді экспорттаушылар қабылдауға келісім алғанға дейін қабылдамайды.»;
      в) 3-тармақта:
      «Құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «ол» деген сөз «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 4 және 5-тармақтардағы «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      д) 6-тармақта:
      «Құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      е) 7-тармақта:
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      e) 8-тармақта:
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «олардың шартына» деген сөздерден кейін «және осы Келісімнің ережелеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      ж) 9-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын, «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта «бермеу» деген сөз «ұсынбау» деген сөзбен ауыстырылсын, «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      з) 10-тармақта:
      бірінші абзацтағы «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын, «түпкілікті» деген сөз алып тасталсын;
      екінші абзацтағы «Экспорттаушы шет мемлекет немесе экспорттаушы» деген сөздер «Экспорттаушы шет мемлекетке немесе экспорттаушыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      и) 11-тармақта:
      «Құзыретті органның» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «өтемақы бажының» деген сөздердің алдындағы «түпкілікті» деген сөз алып тасталсын.
      24. 26-бапта:
      а) 1-тармақта «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 3-тармақта:
      бірінші абзацтағы «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жекелеген экспорттаушылар жеткізетін тауарларға қатысты Кеден одағының комиссиясы өтемақы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерін белгілеуі мүмкін.»;
      в) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Өтемақы баж мөлшерлемесін айқындаған кезде экономикалық мүдделеріне өтемақы бажының енгізілуі ықпал етуі мүмкін Тараптар мемлекеттері тұтынушыларының тергеу жүргізетін органға жазбаша түрде түскен пікірі есепке алынады.
      25. 27-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «Өтемақы шарасын» деген сөздерден кейін «Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      б) 3-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Құзыретті орган» деген сөздер алып тасталсын, «өтемақы шарасының» деген сөздер «Өтемақы шарасының» деген сөздермен ауыстырылсын, «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілетін қайта тергеу аяқталғанға дейін өтемақы шарасын қолдану Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша ұзартылады. Тиісті өтемақы шарасын қолдануға ұзартылатын мерзім ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен қолданылу мерзімі қайта тергеу жүргізуге байланысты ұзартылатын өтемақы шарасын қолдануға байланысты белгіленген өтемақы баждарының мөлшерлемелері бойынша өтемақы баждары төленеді.
      Егер тергеу жүргізетін орган өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеудің нәтижелері бойынша өтемақы шарасын қолдануға негіз жоқ деп анықтаса, өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзімнің ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіпте алынатын өтемақы бажының сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіпте төлеушіге қайтарылуға тиіс.
      Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импортты жаңарту не жалғастыру және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі анықталған жағдайда Кеден одағының комиссиясы өтемақы шарасының қолданылуын ұзартады. Кеден одағы комиссиясының өтемақы шарасын ұзарту туралы шешімі күшіне енген күннен бастап өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзімінің ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын өтемақы баждарының сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
      в) 4-тармақтың бірінші абзацындағы «Құзыретті органның» деген сөздер «Тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын, «жеке өтемақы бажының мөлшерлемелерінің көлемін» деген сөздер «жеке өтемақы бажының мөлшерлемелері көлемін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Қайта тергеу өтемақы шарасы қолданылатын, бірақ ынтымақтастықтан бас тартудан өзге себептер бойынша тергеу жүргізілмеген экспорттаушы үшін өтемақы бажының жеке мөлшерлемесі көлемін белгілеу мақсатында жүргізілуі мүмкін. Мұндай қайта тергеуді көрсетілген экспорттаушының өтініші бойынша тергеу жүргізетін орган бастауы мүмкін.».
      26. 28-бапта:
      а) 2-тармақта «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізуші органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 4, 5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы бапқа сәйкес жүргізілетін қайта тергеу кезеңіне Кеден одағы комиссиясы алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын субсидияланатын импорттың мәні болып табылған тауардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына экспорттаушы шет мемлекеттен импортталатын құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын тауардың және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына өтемақы бажын енгізуі мүмкін.
      5. Егер тергеу жүргізетін орган осы бапқа сәйкес қайта жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша осы бапқа сәйкес төленген өтемақы шарасын айналып өтуді белгілемесе, алдын ала өтемақы баждарын  алу үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы бажының сомасы осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.
      6. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу нәтижелері бойынша  осы Келісімге сәйкес қолданылатын өтемақы шарасын айналып өту анықталған жағдайда өтемақы шарасы Кеден одағының комиссиясы субсидияланатын импорттың мәні болып табылған тауардың экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылады. Осы тармақта көрсетілген өтемақы шарасын енгізу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енген кезден бастап алдын ала өтемақы баждарын, өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен төленген сомалар осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
      27. Мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:

«28-1 бап
Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу (өндіріп алу) аудару, бөлу және қайтару

      1. Осы бапта пайдаланылатын терминдер Кеден одағының Кеден кодексінде және 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, баламалы әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімде айқындалған мәндерде қолданылады.
      2. Кеден одағының комиссиясы кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес талаптары арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты шектеулерді сақтауды көздейтін кедендік рәсімдерге тауарларды орналастыру кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы бажын енгізу арқылы арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда осы бапта белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, әкелінетін кеден баждары үшін көзделген тәртіпте арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жүргізіледі.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу, бұл баждарды төлеу бойынша міндеттердің пайда болуы мен тоқтатылуы, олардың төлену мерзімін және тәртібін анықтау осы бапта белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, әкелінетін кедендік баждар үшін Кеден одағының Кеден кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп төлеу нысандарында өзгерту жүргізілмейді.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын белгіленген мерзімде төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда оларды өндіріп алу кеден органы кедендік баждарды, өсімпұлды есептей отырып, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын әкелінетін кедендік баждар үшін Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте өсімпұлды есептеу, төлеу, өндіріп алу және қайтару тәртібі әкелінетін кедендік баждарды төлемеу және толық төлемеуге байланысты төленетін, өндіріп алынатын өсімпұлдар үшін бекітілген тәртіпке ұқсас.
      Осы тармақтың ережелері алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын есептеу, төлеу және өндіріп алуға қолданылады.
      3. Кеден одағы комиссиясының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану туралы шешімінің күшіне енген күнінен бастап арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының (алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы және алдын ала өтемақы баждарын қоспағанда) сомалары Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты төлеу міндеті осы шараны қолдануды бастаған күннен туындады, олар 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімде айқындалған тәртіппен және нормативтер бойынша Тараптар мемлекеттерінің бюджетіне есептелуге және бөлінуге тиіс.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, оның ішінде осы баждарды өндіріп алу кезінде Кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес оларға төленуге тиіс сол Тарап мемлекетінің уәкілетті органының бірыңғай шотына ұлттық валютада есепке жатқызылуы тиіс.
      Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары:
      - арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждарының түсімдері (қайтарымдары) сомаларын;
      - басқа Тараптар мемлекеттерінің шетелдік валютасында шоттарға аударылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының бөлінген сомаларын;
      - Тарап мемлекетінің бюджетіне осы Тарап мемлекетінің есепке алынған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түсетін түсімдерінің сомаларын;
      - басқа Тараптар мемлекеттерінен Тарап мемлекетінің бюджетіне түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын оқшау ескереді.
      Жоғарыда көрсетілген түсімдер әрбір Тарап бюджетінің атқарылу туралы есептерінде оқшау көрсетіледі.
      Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органының бірыңғай шотына Тараптар мемлекеттерінің күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде түскен арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждарының сомасы есептік жылдың бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.
      Тараптар мемлекеттерінің күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күні үшін бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасы сол Тарап мемлекетінің бюджетіне және басқа Тараптар мемлекеттерінің шетелдік валютадағы шоттарына Тарап мемлекетінің ағымдағы жылдың екінші жұмыс күнінен кешіктірілмей аударылады, сондай-ақ есептік жылдың бюджеттің атқарылуы туралы есебінде көрсетіледі.
      Тараптар мемлекеттерінің бюджетіне басқа Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарынан күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен кірістер ағымдағы жыл бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеушілер Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес төленуге жататын жеке есеп-айырысу (төлемдік) құжаттар (нұсқаулықтар) бойынша Тарап мемлекеттерінің уәкілетті органының бірыңғай шотына төлейді.
      Арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждары, салықтар және алымдар, сондай-ақ басқа да төлемдерді төлеу есебіне жатқызылмайды.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне Кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес төленуге тиіс. Тарап мемлекетінің уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен салықтар және алымдар, сондай-ақ өзге төлемдер (Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкетілетін, шикі мұнайға және мұнайдан (мұнай өнімдерінен) шығарылатын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты әкелінетін кеден баждарын, сондай-ақ әкетілетін кеден баждарын қоспағанда) жатқызылуы мүмкін.
      Уәкілетті органның бірыңғай шотындағы ақшалай қаражатты сот актілерінің орындалу тәртібінде немесе қандай да бір өзге тәсілмен өндіріп алу мүмкін емес.
      4. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын кедендік органдары алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы алынатын Тарап мемлекетінің заңнамасында айқындалған шотына ұлттық валютада төлейді (өндіріп алады).
      5. Осы Келісімде белгіленген жағдайларда алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының төленген (өндіріп алынған), сомалары, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін алу үшін белгіленген тәртіппен төленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары Кеден одағы комиссиясының арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану (құрамдас бөліктерге және (немесе) туындыларға ұзарту, қолдану) туралы тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап 30 жұмыс күннен кешіктірілмей арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына есепке алуға және олар төленген сол Тарап мемлекетінің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызылуға тиіс.
      6. Төлеушіге алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының сомаларын қайтару осы Келісімде айқындалған жағдайларда, алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы бажы төленген (өндіріліп алынған) Тарап мемлекетінің заңнамасында белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      7. Төлеушіге артық төленген (өндіріп алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын қайтару есепті күні орындауға ұлттық (орталық) банк қабылдамаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтару сомаларын ескере отырып, уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен және есеп беретін күні есепке жатқызатын уәкілетті органның бірыңғай шотынан ағымдағы күні арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары шегінде жүргізіледі.
      Төлеушіге Қазақстан Республикасының уәкілетті органының бірыңғай шотынан артық төленген (өндіріп алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын қайтару есеп беретін күні Қазақстан Республикасының уәкілетті органының бірыңғай шотына қайтаруды жүзеге асыру күні түскен (есепке алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары шегінде жүзеге асырылады.
      Ағымдағы күнді қайтаруға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының қайтарылатын сомасын айқындау келіп түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын Тараптар мемлекеттерінің бюджеттері арасында бөлгенге дейін жүзеге асырылады.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтаруды жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарына сәйкес қайтаруды Тарап мемлекеті келесі жұмыс күндері жүзеге асырады. Төлеушіге арнайы демпингке қарсы, өтемақы баждары уақтылы қайтарылмағаны үшін өсімпұлдар (пайыздар) төлеушіге осы Тарап мемлекетінің бюджетінен төленеді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының құрамына енгізілмейді.
      8. Осы бапта арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есептеу және Тараптардың арасында бөлу тәртібі өсімпұлдарға да қатысты қолданылады.
      9. Тарап мемлекетінің уәкілетті органының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын Тараптар мемлекеттері арасында бөлу уәкілетті органның бірыңғай шотына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы есептелген есеп берілген күннен кейін Тарап мемлекетінің келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
      Тараптар мемлекеттерінің бюджеттеріне бөлуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының жалпы сомасы есеп берілетін күні ұлттық (орталық) банктің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының қайтару сомасын есептеуге арналған есеп айырысу (төлем) құжаттарын (нұсқаулықтарын) орындауға қабылдамауын ескере отырып, есеп берілетін күні түскен (есепке алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасынан ағымдағы күні төлеушіге қайтарылуға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын шегеру жолымен айқындалады.
      10. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын Тараптар мемлекеттеріне аударуды Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары шетелдік валютамен басқа Тараптар мемлекеттерінің шотына уәкілетті органның бірыңғай шотына есептеу күнінен кейін Тарап мемлекетіндегі келесі жұмыс күні жүзеге асырады.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын Тараптар мемлекеттеріне аударуға арналған есеп айырысу (төлем) құжаты (нұсқаулық) уәкілетті орган ұлттық (орталық) банкке Тараптардың басқа мемлекеттерінің шетелдік валюта шотына одан әрі жіберу үшін Тарап мемлекетінің уәкілетті органның арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есептеу күнінен кейінгі жұмыс күні жергілікті 14  сағатқа дейін Тараптар мемлекеттеріне жіберуге тиіс. Аударуға көрсетілген есептік (төлемдік) құжатта (нұсқаулықта) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары үшін күн және Тараптар мемлекеттерінің бюджеттері арасында ұлттық валютада бөлуге жататын сома көрсетіледі.
      11. Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары арасында осы Келісімді іске асыруға қажетті ақпарат алмасу, ақпарат алмасу тәртібін, нысандарын және мерзімдерін айқындайтын Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.».
      28. 29-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «құзыретті органның» деген сөздер алып тасталсын;
      б) 2-тармақта:
      2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қатысушыларының қатарына өндірушілердің елеулі бөлігі, бірақ Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндірісінің жалпы көлемінен кемінде 25 пайыз кіретін өндірушілер бірлестігі немесе оның уәкілетті өкілі береді.»;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Осындай өндірушілер мен бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің өтінішпен бірге түпнұсқалары тергеу жүргізетін органға ұсынылатын құжаттармен расталған, тиісінше ресімделген өкілеттіктері болуы тиіс.»;
      в) 3-тармақта:
      бірінші абзацтағы «осындай» деген сөз алып тасталсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өтінішке Тараптар мемлекеттерінде (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берген кезде) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің жалпы көлемінің көп бөлігін, бірақ кемінде 25 пайызын өтініш берушімен бірге шығаратын Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе бәсекелес тауарды басқа өндірушілердің өтінішіне қосылғаны туралы құжаттар;»;
      г) 4-тармақта:
      2) тармақшадағы «Тарап мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын, «Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының» деген сөздер «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5 және 6-тармақшалардағы «өтінішін берудің алдыңғы күніне тікелей сәйкес келетін 3 жыл үшін Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берген күнге репрезентативті статистикалық деректер қол жетімді одан кейінгі кезеңдегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      д) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар өтініште ұсынылған шараларға байланысты өтініш беруші мыналарды:
      1) тауардың өспелі импортының дәлелін, Тараптар мемлекеттері экономикасының саласына келтірілген елеулі залалдың болуы немесе тауарлардың өспелі импортының салдарынан осындай залал келтіру қаупінің болу дәлелін, осындай іс-шараның мөлшері және қолдану мерзімін көрсете отырып, арнайы қорғау шараларын енгізу туралы ұсыныс және өтініш беруші ұсынатын арнайы қорғау шарасының қолдану мерзімі ішінде шетелдік бәсекелестік жағдайында Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласын бейімдеу бойынша іс-шаралар жоспарын (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініште);
      2) тауардың экспорттық бағасы және қалыпты құны туралы мәліметтерді, материалдық залал немесе осындай залал келтіру қаупінің не тауардың демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласын құруды елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелін, сондай-ақ шараның мөлшері мен қолдану мерзімін көрсете отырып, демпингке қарсы шараны енгізу туралы ұсынысты (демпингке қарсы шараны қолдану туралы өтініште);
      3) экспорттаушы шет мемлекеттің ерекше субсидиясының болуы және сипаттамасы, егер мүмкін болса, оның мөлшері туралы мәліметі, материалдық залал немесе мұндай залал келтірілу туралы тауардың субсидияланатын импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелі, сондай-ақ шараның мөлшері мен қолдану мерзімін көрсете отырып, өтемақы шарасын енгізу туралы ұсынысты (демпингке қарсы шараны қолдану туралы өтініште көрсетуге тиіс).
      Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына келтірілген елеулі залалдың немесе залал келтiру қаупi болуының дәлелін (арнайы қорғау шарасын қолдану алдында тергеу жүргізу туралы өтініш берген жағдайда және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал немесе материалдық залал келтiру қаупі болуының не демпингтік импорт немесе субсидияланатын импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын құруды елеулі тежеу (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініште) дәлелі Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының экономикалық жағдайын сипаттайтын объективті факторларға негізделуге және сандық және/немесе құндық көрсеткіштерде (оның ішінде тауар өндірісінің көлемі және оның сатылу көлемі, Тараптар мемлекеттері нарығындағы тауар үлесі, тауар өндірісінің өзіндік құны, тауар бағасы, өндірістік қуаттар жүктемесінің дәрежесі, еңбек өнімділігі, пайда мөлшері, өндірістің рентабельділігі, тауардың сатылу көлемі, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына инвестициялар көлемі) көрсетілуі тиіс.»;
      е) 6-тармақта «Құзыретті органда» деген сөздер «Тергеу жүргізетін органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      e) 8-тармақта «берген» деген сөз «ұсынған» деген сөзбен ауыстырылсын;
      ж) 9-тармақта «құзыретті органға орыс тілінде» деген сөздер «осы Келісімнің 3-бабы 8-тармағының ережелеріне сәйкес тергеу жүргізетін органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      з) 11-тармақта «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      и) 12-тармақта:
      «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мұндай мерзім құзыретті орган» деген сөздер «мұндай мерзімде тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен, «ұзартылуы» деген сөз «ұзартуға» деген сөзбен ауыстырылсын.
      29. 30-бапта:
      а) 1-тармақта «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақта «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 3-тармақта «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) мынадай мазмұндағы жаңа 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Тергеудің басталғаны туралы хабарламаның Кеден одағы комиссиясының ресми сайтында жарияланған күні тергеу басталған күн болып есептеледі.»;
      д) 4-тармақта «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      е) мынадай мазмұндағы жаңа 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданудың алдындағы тергеу кезеңін тергеуді жүргізетін орган белгілейді.»;
      e) 5-тармақта:
      бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүдделі тұлғалар өзінің тергеуге қатысу ниеті туралы жазбаша  нысанда және осы Келісімге сәйкес белгіленген мерзімде өтініш білдіруге құқылы.»;
      «құзыретті органға» деген сөздер «тергеу жүргізетін органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      ж) 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғадан тергеу мақсаттары үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
      Сұрау салуды мүдделі тұлғаның уәкілетті өкіліне табыс еткен  кезден бастап не пошта байланысымен жіберген күннен бастап 7 күнтізбелік күн өткеннен соң мүдделі тұлға сұрау салуды алған болып есептеледі.
      Мүдделі тұлғаның жауабы сұрау салуды алған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей тергеу жүргізетін органға ұсынуы тиіс. Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғаның көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған мәліметтеріне назарға алмауы мүмкін.
      Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғаның дәлелді және жазбаша нысандағы өтініші бойынша жауап ұсыну мерзімін ұзартуы мүмкін.
      8. Егер мүдделі тұлға тергеу жүргізетін органға қажетті ақпаратты беруден бас тартса, оны белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе тергеу жүргізуді елеулі қиындататын анық емес ақпаратты ұсынған жағдайда, мұндай мүдделі тұлға бірлесе жұмыс істемейтін болып танылады және тергеу жүргізетін орган қолда бар ақпараттар негізінде алдын ала немесе түпкілікті қорытынды жасай алады.
      Мүдделі тұлға тергеу жүргізетін органның сұрау салуында  айқындалған ақпаратты ұсыну өлшемдерін толық орындай алмайтынын немесе елеулі материалдық залалдарға байланысты екенін дәлелдей алса, сұратылған ақпараттың электрондық түрде немесе тергеу жүргізетін органның сұрау салуда айқындалған электрондық пішінде берілмеуін тергеу жүргізетін орган бірлесе жұмыс істеуден бас тарту деп қабылдамауы тиіс.
      Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғаның ұсынған ақпаратын осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілгендерден өзге себептер бойынша есепке алмаған жағдайда, бұл тұлға мұндай шешімнің қабылдануының себептері мен негіздемелері туралы хабардар етілуі тиіс және оған тергеу жүргізетін орган белгілейтін мерзімде өзінің түсініктемелерін ұсынуға мүмкіндік берілуге тиіс.
      Егер тергеу жүргізетін орган тауардың қалыпты құнын анықтауды  қоса алғанда, (демпингке қарсы тергеу жүргізу кезінде), алдын ала немесе түпкілікті қорытындысын дайындау кезінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген ереже қолданылса және ақпарат, оның ішінде өтініш беруші ұсынған ақпарат пайдаланылса, осындай қорытындылар дайындау кезінде пайдаланылған ақпарат үшінші көздерден немесе мүдделі тұлғалардан алынатын қол жетімді ақпаратты пайдалана отырып, тексерілуі тиіс, бұл ретте мұндай тексеру тергеу барысын қиындатпайтын және оның жүргізілу мерзімін бұзбауы тиіс.
      з) 9-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші және үшінші абзацтарда «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу барысында тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      и) 10, 11 және 12-тармақтарда «Құзыретті орган», «құзыретті орган», «құзыретті органға» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган», «тергеу жүргізетін орган», «тергеу жүргізетін органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      к) 13-тармақтың 1 және 2) тармақшаларындағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      л) мынадай мазмұндағы 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын:
      «15. Кеден одағы комиссиясының тергеу қорытындылары бойынша баяндамасын және осы Келісімнің 3-бабының 6-тармағында көрсетілген Кеден одағы комиссиясы шешімінің жобасын қарау күні тергеудің аяқталу күні болып табылады.
      Егер тергеу жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану, қайта қарастыру немесе күшін жою үшін негіздемелер жоқ екендігі туралы түпкілікті қорытынды жасаған жағдайда тергеу жүргізетін органның тиісті хабарлама жариялаған күні тергеудің аяқталу күні болып танылады.
      Алдын ала арнайы баж, алдын ала демпингке қарсы баж немесе алдын ала өтемақы баж енгізілген жағдайда тергеу тиісті алдын ала баждың мерзімі біткенге дейін аяқталуға тиіс.
      16. Егер тергеу басталған күннің алдындағы тiкелей екі жыл iшiнде осы Келісімнің 29-бабы 1-тармағында көрсетілген өтінішті қолдаған бір өндірушіге (оның 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестiктiң бiрыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келiсiм түсінігіндегі тұлғалар тобына енуін ескере отырып) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау шараларын қолданудан бұрын тергеу жүргізген кезде) немесе Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілетін бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесіне сәйкес Кеден одағының тиісті тауар нарығында осы өндірушінің (тұлғалар тобына енуін ескере отырып) жағдайы үстем жағдай деп танылуы мүмкін, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бірыңғай бәсекелестік қағидаттарының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті орган тергеу жүргізетін органның сұранымы бойынша Кеден одағының тиісті тауар нарығында бәсекелестікке арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларының ықпал етуі салдарларын бағалауды жүзеге асырады.».
      30. 31-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржа деп мөлшері 2 пайыздан аспайтын демпингтік маржа түсініледі.»;
      б) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Белгілі бір эскпорттаушы шет мемлекеттен демпингтік импортының көлемі, егер ол экспорттаушы шет мемлекеттің импорттың жалпы көлеміндегі әрбірінің жеке үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аз көлемін құраған жағдайда, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аз көлемін құраса жиынтығында Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінің 7 пайыздан аспайтын көлемін құрайды.»;
      в) 3-тармақта «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      31. 32-бапта:
      а) 1-тармақта «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақта «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 3-тармақта:
      «Тараптар мемлекеттерінің преференциялық бірыңғай жүйесін» деген сөздер «Кеден одағының тарифтік преференциялық жүйесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «осындай елден» деген сөздер «осындай шет мемлекеттен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Тараптар мемлекеттерiнiң» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 4-тармақта «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      32. 33-бапта:
      а) 2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарлардың  жекелеген өндірушілері және шетелдік өндірушілер, тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушыларын немесе импорттаушылар тергеу жүргізетін орган осындай байланыс өндірушілердің әрекетіне байланысты емес ерекше деп болжауға негізі болса, үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды.»;
      б) 4-тармақта:
      бірінші абзацтағы «бiрыңғай кеден аумағында» деген сөздердің алдындағы «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен, «ерікті» деген сөз «тиісті» деген сөзбен, «Тараптар мемлекеттерінің» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      33. 34-бапта:
      а) 1-тармақта «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақта «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 3-тармақтың екінші абзацында «Құзыретті органның» деген сөздер «Тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 4-тармақта «құзыретті органға» деген сөздер «тергеу жүргізетін органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      34. 35-бапта:
      а) 1-тармақта «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақта:
      бірінші абзацта «құзыретті органға» деген сөздер «тергеу жүргізетін органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 3-тармақтың екінші абзацында «құзыретті органға» деген сөздер «тергеу жүргізетін органға» деген сөздермен, «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тергеу жүргізетін орган тергеу барысында мүдделі тұлғалар ұсынған ақпараттың дәлдігіне және шынайы болуына көз жеткізеді.
      Тергеу барысында ұсынылған мәліметтерді тексеру немесе жүргізіліп жатқан тергеуге байланысты қосымша мәліметтер алу мақсатында тергеу жүргізетін орган қажет болған жағдайда;
      шет мемлекеттің аумағында тергеу объектісі болып табылатын  тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің келісімін алған жағдайда және алдағы тергеу туралы ресми түрде алдын ала хабардар етілген шет мемлекеттің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда;
      Тарап мемлекетінің аумағында тергеу объектісі болып табылатын тиісті тауар импорттаушыларының және (немесе) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің тиісті келісімін алған жағдайда және  алдағы тергеу туралы ресми түрде алдын ала хабардар етілген Тараптың уәкілетті органы тарапынан қарсылық болмаған жағдайда тексеріс жүргізуі мүмкін.
      Шетелдік өндіруші немесе экспорттаушы осындай жауаптарды жібергенге дейін тексеру жүргізуге өз еркімен келіскен жағдайларды қоспағанда және тиісті шет мемлекеттің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда, тексеріс осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес тергеу жүргізетін орган жіберген сұрақтар тізбесіне жауап алынғаннан кейін жүргізіледі.
      Тиісті тергеуге қатысушылардың келісімін алғаннан кейін және тексеріс басталғанға дейін оларға тексеруге жіберілген қызметкерге ұсынылуы тиіс құжаттар мен материалдардың тізімі жіберіледі. Тергеу жүргізетін орган шет мемлекетті тексеру жоспарланған шетел экспорттаушыларының немесе өндірушілерінің мекенжайлары және атаулары, сондай-ақ осындай тексерістерді жүргізу күндері туралы хабардар етеді.
      Тергеу барысында сауалдардың жауаптарында ұсынылған ақпараттың  шынайылылығын растау үшін қажетті басқа да құжаттар мен материалдар сұратылуы мүмкін.
      Тергеу жүргізу барысында тергеу жүргізетін органның осындай тергеу мақсаттары үшін аталған органның қызметкерлері болып табылмайтын сарапшыларды шақыру ниеті болса, оларға қатысты тексеру әрекеттерін жүзеге асыру көзделген тергеуге қатысушылар тергеу жүргізетін органның бұл шешімі туралы алдын ала хабардар етілуі тиіс. Осындай сарапшылар тергеуге байланысты алынған ақпараттың құпиялылығын бұзғаны үшін оларға санкция қолдануға мүмкіндік болған жағдайда ғана олардың тергеуге қатысуларына жол беріледі.»;
      д) 5-тармақта «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      е) мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік билік (басқару) органдары тиісті сұраулар бойынша тергеу жүргізетін органға тергеуді жүргізу мақсаттары үшін қажетті осы Келісімде көзделген ақпаратты ұсынуға міндетті.
      Тергеу жүргізу мақсаттары үшін банктік, салықтық, коммерциялық және мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) қоспағанда, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты не қызмет бабында пайдаланатын ақпаратты тергеу жүргізетін органға ұсынған кезде, тергеу жүргізетін орган осындай ақпаратты пайдаланудың құпиялылығының  және оны сақтау қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
      Алынған ақпаратты тергеу жүргізетін орган тергеу жүргізу барысында және оның нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеген кезде есепке алады.».
      35. 36-бапта:
      а) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тергеу жүргізу кезінде:
      1) Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) не ұқсас тауар өндіруші (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде);
      2) қатысушылардың көпшілігі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) немесе ұқсас тауар өндірушісі (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде) болып табылатын Тараптар мемлекеттеріндегі өндірушілердің бірлестігі;
      3) қатысушылары Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тергеуін жүргізетін кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде) өндірісінің жалпы көлемінің 25 пайызынан аса өндірісін жүзеге асыратын Тараптар мемлекеттері өндірушілерінің бірлестігі;
      4) экспорттаушы, шетелдік өндіруші немесе тергеу объектісі болып табылатын тауарды импорттаушы және қатысушылардың елеулі бөлігі аталған тауарды өндірушілер, экспорттаушылар немесе экспорттаушы шет мемлекеттен немесе тауар шығаратын мемлекеттен импорттаушылар болып табылатын шетелдік тауар өндірушілерінің, экспорттаушыларының немесе импорттаушыларының бірлестігі;
      5) экспорттаушы шет мемлекеттің не тауар шығарылатын мемлекеттің уәкілетті органы;
      6) егер олар өнімді өндірген кезде, осындай тауарды пайдаланса, тергеу объектісі болып табылатын тауардың тұтынушылары және тараптар мемлекеттеріндегі осындай тұтынушылардың бірлестіктері;
      7) егер тауар көбінесе жеке тұлғалардың тұтыну мәні болып табылса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мүдделі тұлғалар болып табылады;
      б) 2-тармақта «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      36. 37-бапта:
      а) 1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Құзыретті органға» деген сөздер «Тергеу жүргізетін органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын;
      б) 3-тармақтағы «құзыретті орган» деген сөздер «тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өтініш берушілердің, тергеуге қатысушылардың, мүдделі тұлғалар немесе Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары тергеу жүргізу мақсаты үшін тергеу жүргізетін органға ұсынған құпия ақпаратты жария еткені, жеке басының пайдасы үшін пайдаланғаны үшін, өзге мақсатты емес жағдайларда пайдаланғаны үшін тергеу жүргізетін органның лауазымды тұлғалары және органның қызметкерлері 2001 жылғы 31 мамырдағы Еуразия экономикалық қауымдастығының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерден айырылуы және Кеден одағының комиссиясы бекітетін тәртіппен және ережелер бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
      Осы баптың мақсаттары үшін тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары ретінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден ісі, статистика, салық салу, заңды тұлғаларды тіркеу және басқа салаларда уәкілетті  мемлекеттердің мемлекеттік билік (басқару) органдары және мемлекеттік биліктің (басқарудың) аумақтық (жергілікті) органдары, сондай-ақ шет мемлекеттерде тараптар мемлекеттерінің дипломатиялық және сауда өкілдіктері танылады.
      Тергеу жүргізетін органда құпия ақпаратты пайдалану және қорғау тәртібін Кеден одағының комиссиясы бекітеді.».
      37. 38-бапта:
      а) 1-тармақтағы «Құзыретті орган» деген сөздер «Тергеу жүргізетін орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақтағы «құзыретті органға» деген сөздер алып тасталсын.
      38. 39-бапта:
      а) атауындағы «хабарлама» деген сөз «хабарламалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) 1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тергеу жүргізетін орган тергеуге байланысты қабылданатын шешімдер туралы хабарламаларды Кеден одағы комиссиясының ресми сайтында жарияланады.
      Мұндай хабарламалар экспорттаушы шет мемлекеттің уәкілетті органына және тергеу жүргізетін органға белгілі басқа мүдделі тұлғаларға жіберіледі.
      2. Тергеу басталғаны туралы хабарламада:
      1) тергеу объектісі болып табылатын тауардың толық сипаттамасы;
      2) экспорттаушы шет мемлекеттің атауы;
      3) тергеуді бастау туралы шешімнің қабылдануының орындылығын растайтын фактілерді қысқаша баяндау;
      4) Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында импорттың өсуінің дәлелі (арнайы қорғау тергеуінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);
      5) Тараптар мемлекеттері экономика саласына келтірілген елеулі  залалдың немесе елеулі залал келтіру қаупінің болуын куәландыратын фактілердің қысқаша баяндалуы (арнайы қорғау тергеуінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);
      6) демпингтік немесе субсидияланатын импорттың болуы туралы оң қорытынды үшін негіздеменің қысқаша баяндалуы (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);
      7) Тараптар мемлекеттері экономика саласына материалдық залалдың немесе материалдық зала келтіру қаупінің не Тараптар мемлекеттері экономика саласын құруды баяулауының болуын куәландыратын фактілердің қысқаша баяндалуы (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеудің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);
      8) мүдделі тұлғалар пікірлерін және тергеуге қатысты мәліметтерді жібере алатын мекенжай;
      9) мүдделі тұлғалар өздерінің тергеуге қатысу ниеті туралы  мәлімдей алатын кемінде 30 күнтізбелік күнді құрайтын мерзім;
      10) тергеуге қатысушылар көпшілік алдында тыңдауды өткізу туралы өтініш жасай алатын кемінде 60 күнтізбелік күнді құрайтын мерзім;
      11) мүдделі тұлғалар жазбаша нысанда өздерінің түсініктемелерін және тергеуге қатысты мәліметтерді ұсына алатын кемінде 90 күнтізбелік күнді құрайтын мерзім қамтылуға тиіс.
      3. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы хабарламада тергеу жүргізетін органның өспелі импорттың және осыған байланысты Тараптар мемлекеттері экономика саласына елеулі залалдың немесе осындай залалды келтіру қаупінің болуы туралы, демпингтік немесе субсидияланатын импорттың және осыған байланысты материалдық залалдың, осындай залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттері экономика саласын құрудың елеулі баяулауының болуы туралы алдын ала қорытындысының түсіндірмесі, сондай-ақ негізінде алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы шешім қабылданған фактілер қамтылуға тиіс.
      Алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы хабарламада мынадай ақпарат:
      1) тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушының атауы не егер осындай деректерді келтіру мүмкін болмаса, экспорттаушы шет мемлекеттің атауын;
      2) тергеу объектісі болып табылатын тауардың кедендік ресімдеу мақсаттары үшін жеткілікті сипаттамасын;
      3) демпингтік маржаның көлемі көрсетілген және тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасын есептеу және салыстыру әдіснамасын таңдау негіздемесінің сипаттамасы бар демпингтік импорттың болуы туралы оң қорытындының негіздерін (алдын ала демпингке қарсы баж салығын енгізген кезде);
      4) субсидияның болу фактісінің сипаттамасы бар және тауар бірлігіне есептелген субсидия мөлшері көрсетілген субсидияланатын импорттың болуы туралы оң қорытындының негіздерін (алдын ала өтемақы бажын енгізген кезде);
      5) материалдық залалдың, осындай залалды келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттері экономика саласын құрудың елеулі баяулауының болуын анықтаудың негіздері;
      6) демпингтік немесе субсидияланатын импорт пен материалдық  залалдың, осындай залалды келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттері экономикасының саласын құрудың елеулі баяулауының   арасындағы себеп-тергеу байланысын анықтаудың негіздерін қамтуға тиіс.
      4. Арнайы қорғау тергеуінің нәтижелері бойынша хабарламада тергеу жүргізетін орган оның иелігіндегі ақпараты талдау негізінде жасаған негізгі қорытындылар қамтылуға тиіс және ол тергеу жүргізетін орган тергеу аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, бірақ осы Келісімнің 40-бабының ережелеріне сәйкес Кеден одағы комиссиясының арнайы қорғау шарасын енгізу мен қолдану немесе қайта қарастыру туралы не арнайы қорғау шарасының күшін жою туралы шешімі жарияланған күннен кешіктірмей жариялауы керек.»;
      в) 5-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Нәтижелері бойынша тергеу жүргізген орган демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізуге негіздің бар екендігі туралы не тиісті міндеттемелерді мақұлдаудың орындылығы туралы қорытынды жасалған тергеудің аяқталғаны туралы хабарлама тергеу аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, бірақ Кеден одағы комиссиясының тиісті шешімі жарияланған күннен кешіктірілмей жарияланады және ол:»;
      1-тармақшадағы «құзыретті органның» деген сөздер «тергеу жүргізетін органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақшадағы «осындай шешім қабылданған» деген сөздер «осындай қорытынды жасалған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 6-тармақтағы «Ерікті» деген сөз «Тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын.
      39. 40-бапта:
      а) 1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «құзыретті орган» деген сөздер «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «мұндай шараларды» деген сөздер «мұндай шараны» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды Тараптар мемлекеттері экономикасының саласы, егер олар осы тауарды өнімді өндірген кезде пайдаланса, тергеу объектісі болып табылатын тауар тұтынушыларының  және Тараптардың мемлекеттеріндегі осындай тұтынушылар бірлестіктерінің, егер тауар көбінесе жеке тұлғалардың және осы тауарды импорттаушылардың тұтыну мәні болса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, осы тауарлардың импорттаушылардың мүдделерін жиынтық бағалаудың нәтижелеріне негізделуге тиіс. Бұл ретте көрсетілген тұлғаларға осы баптың 3-тармағының ережелеріне сәйкес осы мәселе бойынша өзінің түсініктемелерін ұсыну мүмкіндігі берілгеннен кейін ғана осындай қорытынды жасалады.
      Осындай қорытынды дайындаған кезде өспелі, демпингтік немесе субсидияланатын импорттың сауданың әдеттегі барысына және Тараптар мемлекеттерінің тиісті тауар нарығындағы бәсекелестіктің және Тараптар мемлекеттері экономика саласының жағдайына бұрмалаушы әсерін жою қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінуі керек. Осы баптың 1-тармағының ережелерінде көзделген Кеден одағы комиссиясының түпкілікті шешімі тергеу жүргізетін органның мүдделі тұлғалар ұсынған барлық ақпаратты талдау нәтижелері бойынша дайындаған қорытындысы негізінде қабылданады.»;
      в) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану мақсаттары үшін Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде) өндірушілер, олардың бірлестіктері, тергеу объектісі болып табылатын тауарды импорттаушылар және импорттаушылар бірлестіктері, егер олар өнімді өндірген кезде мұндай тауарды пайдаланса, Тараптар мемлекеттеріндегі тергеу объектісі болып табылатын тауар тұтынушылар және мұндай тұтынушылардың бірлестіктері, егер тауарды көбінесе жеке тұлғалар тұтыну мәні болса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері осы Келісімнің 39-бабының 2-тармағына сәйкес жарияланатын хабарламада  белгіленген  мерзім ішінде осы мәселе бойынша өз түсініктемелері мен ақпаратын ұсынуға құқылы. Тиісті жағдайларда мұндай түсініктемелер мен ақпарат немесе олардың құпия емес нұсқасы осы тармақта көрсетілген өздерінің жауап түсініктемелерін ұсынуға құқылы басқа мүдделі тұлғаларға танысу үшін ұсынылуға тиіс.
      Осы тармақтың ережелеріне сәйкес ұсынылатын ақпарат оның  шынайы болуын растайтын объективті фактілер болған жағдайда алынған көзіне қарамастан, назарға алынуы тиіс.
      Кеден одағының комиссиясы осы бап 1-тармағының ережелерінде  көзделген шешімді қабылдаған жағдайда тергеу жүргізетін орган негізінде осы шешім қабылданған фактілер мен қорытындыларды көрсете отырып, Кеден одағы комиссиясының арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданбау туралы шешімін қабылдау себептерінің түсініктемелері қамтылған хабарламаның жариялануын қамтамасыз етеді.».
      40. 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«41-бап
Дауларды шешу

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар, бірінші кезекте келіссөздер мен консультациялар жүргізу жолымен шешіледі. Егер дау тараптар арасында келіссөздер мен консультациялар жолымен даудың бір тарапы екінші тарапына оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жолдаған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде реттелмесе, онда дау тараптары арасында оны шешу тәсіліне қатысты басқа уағдаластық болмаса, даудың кез келген тарапы Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының сотына жүгінуге құқылы.».
      41. 43-баптың бірінші қорытынды ережесі мынадай мазмұндағы жаңа екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Осы Келісімнің 30-бабының 16-тармағы Кеден одағының комиссиясына 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімге сәйкес бәсекелестіктің бірыңғай ережелерінің сақталуын бақылау бойынша өкілеттілік берілген күннен бастап қолданылады.».
      42. Келісімнің қорытынды ережелерінде «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетiнде» деген сөздер «Кеден одағы комиссиясында» деген сөздермен ауыстырылсын.

      Осы мәтін Санкт-Петербург қаласында 2011 жылғы 18 қазандағы қол қойылған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың толық және түпнұсқа көшірмесі болып табылатындығын растаймын:
      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін - Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары С.Н. Румас;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеев;
      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары И.И.Шувалов.
      Осы түпнұсқа Кеден одағының комиссиясында сақталады.

                                             Барлығы тігілгені,
                                     қол қойылғаны және мөр соғылғаны
                                                  55 парақ.

      Кеден одағының комиссиясы
      хатшылығының
      Құқық департаменті
      директорының орынбасары                       М.И. Халимов

      Санкт-Петербург қаласында 2011 жылғы 18 қазандағы жасалған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың орыс тіліндегі нұсқасы қазақ тіліне аударылған нұсқасымен сай келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық даму және сауда
           вице-министрі                              Т. Жақсылықов

      2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екенін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
       Халықаралық құқық
       департаментінің
       Басқарма бастығы                                 Д. Есентаев