Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 414-IV Заңы

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2–3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 41-баптың 5-тармағында:
      бірінші бөліктегі «мен тоқтату» деген сөздер «және жою» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі «заңдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мекемелердің және қазыналық кәсiпорындардың құрылтайшысы қаржыландыратын арнайы қаржы компанияларынан басқа заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.
      Мекеме өзінің мiндеттемелері бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Ақша жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауаптылықта болады.
      Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi.
      Қазыналық кәсiпорында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлініс тиiстi бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
      Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жауап береді.»;

      3) 50-баптың 9-1-тармағы алып тасталсын;

      4) 102-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттiк кәсiпорынның органы уәкiлетті мемлекеттiк орган тағайындайтын және оған есеп беретiн басшы болып табылады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорын басшысынан басқа өзге де орган мемлекеттiк кәсiпорынның органы ретінде әрекет ете алады.»;

      5) 104-баптың 6-тармағындағы «мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң актiлерiнде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «105-бап. Мекеме

      1. Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшiн өзінің құрылтайшысы құрған және қаржыландыратын ұйым, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мекеме деп танылады.
      2. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес мемлекет құратын және егер қосымша қаржыландыру көздерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады.
      3. Мемлекеттiк мекеменiң шарттық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мекемелердің құқықтық жағдайы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалады.»;

      7) 111-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөлікте:
      «мемлекеттiк өкiмет билiгi мен басқару органдары» деген сөздер «мемлекеттік органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «заң құжаттарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «Заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 167-баптың 4-тармағындағы «қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi аппараты» деген сөздер «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село) әкімдері» деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 192-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі «, алтын валюта қоры және алмас қоры» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заңнамалық актiлерде айқындалған тәртiппен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Осы баптың ережелері, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде өзгеше көзделмесе немесе азаматтық құқықтардың мәніне қайшы келмесе, меншік құқығынан басқа, тиісінше мемлекеттік мүлікке өзге де азаматтық құқықтарға қолданылады.»;

      10) 193-1-бапта:
      3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Азамат немесе мемлекеттік емес заңды тұлға стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға ниет білдірген жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектіге өндіріп алу қолданылған не стратегиялық объектіні оңалтушы не конкурстық басқарушы иеліктен шығарған не кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) соттан тыс тәртіппен өткізген, не стратегиялық объект сот актісінің негізінде өндіріп алынған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалған шарттар бойынша Қазақстан Республикасы стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығына ие болады.
      Стратегиялық объектінің нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне сәйкес айқындалады.
      Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.
      5. Егер стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оны иеліктен шығару кезінде осы баптың 3 және 4-тармақтарындағы талаптар бұзылса, мұндай мәмілелер олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады.»;

      11) 196-бапта:
      «Шаруашылық» деген сөз «1. Шаруашылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «өзге де заң құжаттарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу құқықтарын жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.»;

      12) 197-баптағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 200-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы «және еншiлес кәсiпорындар» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 202-бапта:
      «Оралымды» деген сөз «1. Оралымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мемлекеттiк» деген сөз алып тасталсын;
      «заң құжаттарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді оралымды басқару құқығын жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.»;

      15) 203-баптағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 204-бапта:
      1-тармақта:
      «заң құжаттарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мемлекеттiк мекеме немесе» деген сөздер «мекеме,» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «мемлекеттiк мекеменің немесе» деген сөздер «мекеменің,» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «Мемлекеттiк мекемені» деген сөздер «Мекемені» деген сөзбен ауыстырылсын;

      17) 205-бапта:
      «Мемлекеттiк мекемеге» деген сөздер «Мекемеге» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «заң құжаттарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 206-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «206-бап. Мекеменің мүлкіне билік ету

      Мекеме өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi иелiктен өз бетінше шығаруға немесе оған өзгеше әдiспен билiк етуге құқылы емес.
      Мемлекеттік мекемелердің табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді.»;

      19) 207-бапта:
      тақырыптағы «, мекеменің және мемлекеттік мекеменің» деген сөздер «және мекеменің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      2-тармақтағы «Мекеме мен мемлекеттік мекеменің» деген сөздер «Мекеменің» деген сөзбен ауыстырылсын;

      20) 227-баптың бірінші бөлігіндегі «Жекешелендiру туралы заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік және тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 235-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен жер учаскесін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою кезінде, сондай-ақ жер учаскесін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару кезінде мүлікке меншік құқығына ие болады.»;

      22) 242-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын зат есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнеді.
      Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
      Осындай мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленетін азаматтардағы немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы иесі жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және коммуналдық меншікке берілмейді.
      Мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Осындай мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығы туындағанға дейін кез келген уақытта меншік иесі өзіне тиесілі жылжымайтын затты иесі жоқ зат ретінде есептен шығару туралы өтініш жасауға және оны өзінің іс жүзіндегі иелігіне қайта алуға құқылы.»;

      23) 244-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып табылады.»;
      «4. Мемлекетке тиесілі және жер пайдалануындағы емес жер учаскелерінде (жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде) тұлға өз бетінше тұрғызған құрылыс әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескерiле отырып, құрылыс шығындары сот айқындаған мөлшерде өтеліп, коммуналдық меншiкке берiледі.
      Мемлекеттік жер пайдаланушылардың жер пайдалануындағы жер учаскесінде өз бетінше құрылыс салуды жүзеге асырған кезде өз бетінше салынған құрылыс әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескерiле отырып, құрылыс шығындары сот айқындаған мөлшерде бюджет қаражатынан өтеліп, коммуналдық меншiкке берiледі.»;

      24) 245 және 246-баптардағы «қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi аппаратына», «қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппаратының», «қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты жүзеге асырады», «тиісті қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты» деген сөздер тиісінше «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына», «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының», «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады», «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 247-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      «заңдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «иесінің» деген сөз «меншік иесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      «жер учаскесін пайдаланушының» деген сөздерден кейін «(жер пайдаланушының)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «қозғалмайтын мүлікті» деген сөздер «жылжымайтын затты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «сол» деген сөз алып тасталсын;
      2-тармақта:
      «Тарих және мәдениет ескерткiштерiне» деген сөздер «Мәдени құндылықтарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жер учаскесiн пайдаланушы» деген сөздер «жер учаскесінің меншік иесі» деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 249-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы «ықтиярсыз алып қоюға» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «заң құжаттарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «иеліктен айырған» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды алып қойған;
      7) мемлекет меншігіне алып қойған реттер кірмейді.»;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) азаматтар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен;»;

      27) 253-баптың 1-тармағында:
      «iндеттер» деген сөзден кейін «, соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде немесе соғыс уақытында» деген сөздермен толықтырылсын;
      «заң құжаттарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 256-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «256-бап. Күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін,
                мәдени құндылықтарды алып қою»;
      бірінші бөлікте:
      «Заңдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мәдени және тарихи қазыналарға жатқызылған заттардың» деген сөздер «тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қазыналарды» деген сөздер «ескерткіштер мен құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «сатып алу» деген сөздерден кейін «арқылы алып қояды» деген сөздермен толықтырылсын;
      «жария саудаға салып сату арқылы алуы мүмкін» деген сөздер «жария сауда-саттықта сатылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «Мәдени қазыналар» деген сөздер «Тарих және мәдениет ескерткіштері, мәдени құндылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 257-бапта «кезде» деген сөзден кейін «, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;

      30) 267-бапта:
      тақырыптағы «өкімет, басқару органдары» деген сөздер «мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы «мемлекеттiк басқару органының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның,» деген сөздер «мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші бөліктегі «мемлекеттiк басқару органдарының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның» деген сөздер «мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «өкiмет немесе басқару органының» деген сөздер «мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):

      1) 493-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Кәсіпорын бірыңғай мүліктік кешен болған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорынды сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.»;

      2) 509-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сый тартуға жол берілмейді.»;

      3) 541-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде белгіленеді.»;

      4) 604-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартына Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктерге қоса осы Кодекстің ережелері қолданылады.»;

      5) 883-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленеді.»;

      6) 889-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «алғашқы мүмкiндiк туысымен» деген сөздер «дереу» деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 1071-баптың 3-тармағындағы «қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты» деген сөздер «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 1083-бапта:
      тақырыптағы «мұра» деген сөз «мүлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақ «иесiз қалған» деген сөздерден кейін «мүлік» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мұра» деген сөз «мүлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мұра ашылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн мұра ашылған жер бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші негiзiнде сот мұраны иесiз қалған мүлік деп таниды.»;
      екінші сөйлем «иесiз қалған» деген сөздерден кейін «мүлік» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Осы Кодекстің 1080 және 1081-баптарында көзделген қағидалар иесіз қалған мүлікке де қолданылады.».

      3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 30-баптың 1-4-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-4. Мамандандырылған қаржылық сот Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы лауазымды адамдарының және органдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының шағымдануы туралы азаматтық істерді, егер тараптардың бірі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болса, басқа да азаматтық істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарының және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.»;

      2) 158-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты олар қайта құрылымдау жүргізген кезінде талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.»;

      3) 163-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қаржы ұйымын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы істі қарайтын мамандандырылған қаржылық сот, қаржы ұйымын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған жағдайда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім қабылдағанға дейін соттар қабылдаған талап-арызын қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.»;

      4) 235-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Мамандандырылған қаржылық соттың қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімдері олар қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді және дереу орындалуға жатады.»;

      5) 237-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.»;

      6) 289-баптың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы;»;

      7) 34-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-1-тарау. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарау»;

      8) 312-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «312-1-бап. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк
                  конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып
                  табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы
                  істерді қарау

      Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді осы Кодексте көзделген жалпы ережелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктерімен мамандандырылған қаржылық сот қарайды.
      Осы тараудың ережелері бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.».

      4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2–3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 12-баптың 1) тармақшасы «осы Кодексте» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 14-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;

      3) 14-1-бапта:
      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;»;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;»;

      4) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу;»;

      5) 44-бапта:
      3-тармақтың үшінші бөлігіндегі «, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иелiктен шығару» деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақтың жетінші абзацындағы «, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иелiктен шығару» деген сөздер алып тасталсын;

      6) 64-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иелiктен шығарылған» деген сөздер алып тасталсын;

      7) 81-баптың 2-тармағында:
      бірінші абзацтағы «, сатып алуды қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшадағы «, оның iшiнде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иелiктен шығарылған» деген сөздер алып тасталсын;

      8) 82-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «немесе жер пайдаланушы» деген сөздер алып тасталсын;
      «өзiне тиесiлi құқықтарын» деген сөздер «өзiне тиесiлi құқығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «олардан» деген сөз «одан» деген сөзбен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      «немесе жер пайдалану құқығынан» деген сөздер алып тасталсын;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Меншік иесі жер учаскесіне меншік иесі құқығынан бас тартқан жағдайда, бұл жер учаскесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепке алынады.
      Мұндай жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепте болған кезінде басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.
      3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесi жоқ жылжымайтын зат ретiнде есепке алуға негiз болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Осы баптың қағидалары жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығынан бас тартқан жағдайларға да қолданылады.»;

      9) 84858687 және 88-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «84-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен
               шығарудың жалпы ережелері мен принциптері

      1. Жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн ерекше жағдайларда, бұл мұқтажды өзге де тәсiлмен қанағаттандыру мүмкiн болмаған және мүлiктi меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін.
      2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған шарттардан туындайтын халықаралық мiндеттемелер;
      2) қорғаныс, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мұқтажы, жер учаскесін сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер құрамына енгізу қажеттігі және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен жұмыс iстеуi;
      3) пайдалы қазба кен орындарының табылуы және оларды қазу;
      4) автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілері және авиатехникалық орталықтар, теміржол көлігі объектілері, көпірлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетика жүйесі мен электр тарату желілері, байланыс желiлерi объектілері, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілер, магистральдық құбырлар, инженерлiк-коммуникациялық желiлер, концессиялық жобаларды іске асыру, елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы объектiлердiң құрылысы (реконструкциясы);
      5) осы бапта белгiленген ерекше жағдайлардың тiзбесiне жатқызылатын объектiлердің құрылысы бойынша елдi мекендердiң бас жоспарларын орындау, сондай-ақ мемлекеттiк бағдарламаларда көзделген объектiлерді бюджет қаражаты есебінен салу ерекше жағдайлар болып табылады.
      3. Егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, жер пайдалануға берілген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару - жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады, ал егер ол жер пайдалану құқығын сатып алған болса, осы Кодекске және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер пайдаланушыға залалдар толық көлемінде өтеледі, оның қалауы бойынша басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
      4. Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға, мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшін қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол беріледі.
      5. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін кез келген иеліктен шығару не мемлекеттік функцияларды жүзеге асырудан туындамайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздемейтін өзге де иеліктен шығару жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару болып танылмауға тиіс.
      6. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару иеліктен шығару рәсімінің жариялылығы сақталған кезде жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулысы оны қабылдаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісінше республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
      7. Осы баптың ережелерін орындамау жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудан соттың бас тартуына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қабылдаған қаулысының күшін жоюға негіз болып табылады.
      8. Жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын тұлғалардың құқықтарын қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Кодекске сәйкес жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулы қабылданғаннан кейін «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген тәртіппен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.

      85-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен
              шығару

      1. Жер учаскесінің меншiк иесі немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген мерзімде және тәртіпте мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабардар етілуге тиіс.
      Жер учаскесінің меншiк иесі немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап мемлекет оны сатып алудың басым құқығына ие болады.
      2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Жер учаскесi меншiк иесiнің меншік құқығының және мемлекеттiк емес жер пайдаланушының жер пайдалану құқығының тоқтатылуы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттың немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сот шешімінің негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.

      86-бап. Меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер
              пайдаланушының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін
              мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі құқықтары

      1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің басталуы туралы хабарлама алған күннен бастап жер учаскесіне мемлекеттік меншік құқығы мемлекеттік тіркелгенге немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін жер учаскесiне және өзге де жылжымайтын мүлікке өзiне тиесiлi құқықты жүзеге асыруға, осы мүлікті оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығындарды жасауға құқылы. Бұл ретте меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы көрсетілген кезеңде осындай жер учаскесіндегі жаңа құрылысқа, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және өзге де жылжымайтын мүлік объектілерін кеңейтуге немесе реконструкциялауға байланысты шығындар мен залалдарды өзi көтеруге тәуекел жасайды.
      Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесінің бір бөлігі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылғаннан кейін қалған бөлігін бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкіл жер учаскесі сатып алынады.
      2. Жер учаскесіне және өзге де жылжымайтын мүлікке құқықтар осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақыт ішінде басқа тұлғаға иеліктен шығару жолымен немесе өзге де негіздер бойынша ауысқан кезде, сондай-ақ әмбебап құқықтық мирасқорлыққа байланысты құқық иеленуші ауысқан кезде жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі жаңа құқық иеленушіге де қатысты қолданылады (жалғасады).

      87-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен
              шығарған кезде оның құнын өтеу

      Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде оның құнын өтеу мөлшері, төлем нысандары және төлеу мерзімдері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленеді.

      88-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сот шешімі бойынша
              алып қою

      1. Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулымен келіспесе не алып қойылатын жер учаскесінің құны немесе басқа шарттар туралы онымен келісімге қол жеткізілмесе, жергілікті атқарушы орган жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
      2. Жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны алған сәттен бастап үш ай өткен соң, бірақ, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулыда көрсетілген мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру мерзімінен (күнінен) кешіктірілмей жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арыз келтірілуі мүмкін.
      3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арыз бойынша азаматтық істер істі сотта қарауға дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады және шешіледі.»;

      10) 96-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «96-бап. Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған
               жағдайда жер учаскесiн бағалау

      Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiнің немесе жер пайдалану құқығының құны мемлекетке төленген сома шегінде белгіленеді.
      Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жеке тұрғын үй орналасқан жерде жеке тұрғын үй салуы үшін, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (егістік телімдерін қоспағанда) берілген жер учаскесінің құны жер учаскесінің нарықтық құнынан аспайтын құны мөлшерінде белгіленеді.
      Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға азаматтық-құқықтық мәміле бойынша немесе сот шешімі бойынша ауысқан жер учаскесінің құны азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде көрсетілген құн мөлшерінде, бірақ нарықтық құннан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде жер учаскесінің бағасы көрсетілмеген жағдайда, жер учаскесінің құны оның кадастрлық (бағалау) құны бойынша бағаланады.»;

      11) 122-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «жекешелендіруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 123-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғалатын аймақтары шегiндегi жер учаскелерi осы аймақтарды қорғаудың белгiленген режимi сақтала отырып пайдаланылады.
      Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иелiктен шығару осы Кодексте және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шарттар мен тәртіпке сәйкес жүргізіледі.»;

      13) 125-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте көрсетілген учаскелер осы Кодексте және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылады.»;

      14) 133-баптың 2-тармағындағы «жекешелендiрiлген» деген сөз «мемлекет меншігінен иеліктен шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 165-баптың 1) тармақшасындағы «, соның iшiнде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған» деген сөздер алып тасталсын;

      16) 166-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны;».

      5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әр түрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      25-баптың 1-тармағындағы «жекешелендiруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әр түрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      285-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңнамасына» деген сөздер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «14-бап. Күтімсіз ұсталатын тарих және мәдениет ескерткіштерін
               алып қою

      Тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесі осы ескерткіштерді күтіп ұстамай, бұл олардың өз маңызын жоғалту қаупін төндіретін жағдайларда, мемлекет мұндай ескерткіштерді меншік иесінен сот шешімі бойынша сатып алу арқылы алып қояды немесе олар, осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жария сауда-саттықта сатылады.
      Меншік иесінен жеке меншігіндегі оның тұрғын үйі немесе тұрғын жайы болып табылатын тарих және мәдениет ескерткішін алып қою оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзге тұрғын жай берілмей және шарт бойынша тиісті өтемақы төленбей жүзеге асырылмайды.».

      8. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы

      Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, шлюздер, халықаралық мәртебесі бар теңіз порттары, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.
      Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының аэронавигациялық құрылғылары мемлекет меншігі болып табылады, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жеке меншiкте болуы мүмкiн.
      Магистральдық темiржол желiлерi мемлекет меншігі болып табылады, жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жағдайларда және тәртіппен ұлттық компанияға беріледі.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілгендерді қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлер, сондай-ақ автомобиль жолдары мемлекет меншiгінде де, жеке меншiкте де болуы мүмкiн.».

      9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 8-баптың н) тармақшасы «қатысуға» деген сөзден кейін «, оның ішінде Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамның құрылтайшысы болуға» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 9-баптың екінші бөлігінде:
      «Қазақстан Ұлттық банкі» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының атынан» деген сөздермен толықтырылсын;
      «өз балансындағы» деген сөздерден кейін «өзіне бекітіліп берілген» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 20-баптың үшінші бөлігінде:
      «және олардың қызметiн тоқтату» деген сөздер «, қайта ұйымдастыру және тарату» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «және аталған ұйымдардың» деген сөздерден кейін «, қызметін реттеу және» деген сөздермен толықтырылсын.

      10. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат):

      1) 3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктің қатысушылары және сенiм серiктестiгiнде салымшылар бола алады.
      Мемлекеттің шаруашылық серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;

      2) 8-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «ақпаратты беру» деген сөздерден кейін «, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын.

      11. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат):
      1) 17-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген, тізбесін уәкiлеттi орган белгілейтін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билiк ете алмайды.
      Көрсетілген шектеу Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар банктерге қолданылмайды.
      Рейтинг агенттіктерінің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті уәкілетті орган айқындайды.»;
      5-1-тармақта:
      бірінші бөліктегі «5-тармағы бірінші бөлігінің» деген сөздер «5-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі «5-тармағы бірінші бөлігі» деген сөздер «5-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 17-1-баптың 9-тармағының алтыншы абзацында:
      «оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе» деген сөздер алып тасталсын;
      «оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болған жағдайлар» деген сөздер «, оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлға болып табылатын жағдай» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 30-баптың 13-тармағының екінші бөлігінде:
      «мемлекетке» деген сөзден кейін «және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке» деген сөздермен толықтырылсын;
      «тиесiлi» деген сөздің алдынан «тікелей немесе жанама» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 59-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тараудың ережелері бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және банк болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.».

      12. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23; 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 13-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi іс-шараларды, оның ішінде мүлікті реквизициялау жөніндегі іс-шараларды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйымдастырады;»;

      2) 20-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жеке және заңды тұлғалардың мүлкін реквизициялау жөніндегі іс-шаралар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бiрiншi кезектегі iс-қимыл туралы жоспарда көзделеді.»;

      3) 5-тарау мынадай мазмұндағы 24-2-баппен толықтырылсын: 

      «24-2-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
                 кезінде мүлікті реквизициялау

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстардың халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшiн құрылған мемлекеттік резерв болмаған немесе жеткіліксіз болған кездегі ерекше жағдайларда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.».

      13. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 10-1-баптың 1) тармақшасы «әсер ете алатын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде оңалтуды басқарушы тағайындалып, оған заңды тұлғаның барлық органдарының оның мүлкі мен iстерін басқару жөнiндегi өкiлеттiгi ауысады. Оңалтуды басқарушының борышкердi оңалту мақсатына жетуге бағытталған оңалту жоспарына сәйкес iс-әрекеттер жасауға (қызметкерлердi жұмыстан босату, iшкi қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру: iшкi бөлiмшелердi тарату және өзге де шараларды қолдану) құқығы бар.
      Оңалту жоспарында көзделген мүлiктi (активтердi) сату сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
      Оңалтуды басқарушы стратегиялық объектіні иеліктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті сатып алудың басым құқығына ие болады.
      Оңалтуды басқарушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуды немесе оларды иеліктен шығаруды жүзеге асырады.»;

      3) 84-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «84-бап. Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату

      1. Талап ету құқығын қоса алғанда, борышкердiң мүлкiн сатуды уәкiлеттi органмен келiсiлген және кредиторлар комитетi бекiткен мүлiктi сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргiзу арқылы конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
      Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiндегi сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Конкурстық басқарушы стратегиялық объектіні сату кезінде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті сатып алудың басым құқығына ие болады.
      Конкурстық басқарушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін оны сатуды жүзеге асырады.
      3. Борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ мүлiктi сату жоспарына сәйкес сатылмай қалған мүлкi өз талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған тиiстi кезектегi кредиторларға сату жоспарында көрсетiлген ең төменгi баға бойынша олардың келiсiмiмен ортақ үлестiк меншiкке берiлуге тиiс.».

      14. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат, 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-баптың 3-тармағындағы «мәжбүр етіп алуына» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығаруына» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 15-баптың тақырыбы мен 1-тармағындағы «алынуына (сатып алынуына)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 29-бапта:
      1-тармақта:
      4) тармақшадағы «алу (сатып алу)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығару» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы «жағдайларында жол беріледі» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) құлау (қирау) қаупі бар авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзу жағдайларында жол беріледі.»;
      2-тармақтың бірінші абзацындағы «2) және 4) тармақшаларда» деген сөздер «2), 4) және 5) тармақшаларда» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 30-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «2) және 4) тармақшаларда» деген сөздер «2), 4) және 5) тармақшаларда» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 31-баптың 7-тармағындағы «алынған (сатып алынған)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 51-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «алынған (сатып алынған)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 105-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «алынуына (сатып алынуына)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 116-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «бөлiнуiне» деген сөз «мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 119-1-бапта:
      тақырыптағы «алып қоюға (сатып алуға)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөлікте:
      «алып қойған (сатып алған)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «алып қойылатын (сатып алынатын)» деген сөздер «иеліктен шығарылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «алып қойылатын (сатып алынатын)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын» деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әр түрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      26-баптың 3-тармағындағы «жекешелендіруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат):
      7-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) жеке және заңды тұлғалардың реквизицияланған, сондай-ақ қорғаныс мұқтажы үшiн берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу тәртібін белгілейді;».

      17. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;

      2) 30-баптың 3-тармағындағы «жекешелендіру туралы заңдарға» деген сөздер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 142-құжат):

      1) 2-1-бап алып тасталсын;

      2) 3-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісуге құқылы.»;

      3) 4-бапта:
      3) тармақшада:
      «Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн» деген сөздер «республикалық меншікке жатқызылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «шаруашылық серіктестіктері акцияларының» деген сөздер «акционерлік қоғамдардың акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мемлекеттік пакетін» деген сөздер «мемлекеттік пакеттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-тарауында белгiленген тәртiппен коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм шығарады;»;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады.».

      19. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;».

      20. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      12-баптың 2-тармағындағы «жекешелендіруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын.

      21. «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 17-18, 108-құжат):
      мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:

      «16-1-бап. Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын
                 мемлекеттік мүлікті есепке алу

      Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мемлекеттік мүлікті есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.».

      22. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы
              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Мемлекеттік мүлікті бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері, ол мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пайдалануына берген, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарған кездегі мүлікті бағалау жағдайлары мен ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңының 16-тарауында белгіленеді.
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.»;

      2) 6-баптың 2-1 және 2-2-тармақтары алып тасталсын.

      23. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      9-бап алып тасталсын.

      24. «Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 226-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат):
      27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «27-бап. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарды иеліктен шығару

      Іргелі зерттеулер жүргізетін мемлекеттік ғылыми ұйымдар иеліктен шығаруға жатпайды.».

      25. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      4-бапта:
      2-тармақтағы «жекешелендіруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы «Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңдарына» деген сөздер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.

      26. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      5-баптың 1-тармағында:
      орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      «темір жол көлігінің объектісі» деген сөздерден кейін «мемлекет меншігі» деген сөздермен толықтырылсын.

      27. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      32-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «меншiкте болады» деген сөздерден кейін «және иеліктен шығаруға жатпайды» деген сөздермен толықтырылсын.

      28. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
      12-баптың 4-тармағындағы «мемлекет иелігінен алу мен жекешелендiру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектiсi етуге,» деген сөздер «иеліктен шығаруға,» деген сөздермен ауыстырылсын.

      29. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат):
      16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мән-жайлар болған кезде төтенше жағдай енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай енгiзiлетін жерде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылған материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстардың мемлекеттік резерві болмаған немесе жеткіліксіз болған кездегі ерекше жағдайларда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.».

      30. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағыҚазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.
      Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.
      Мемлекеттiк кәсiпорын осы кәсiпорынға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттiк басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның келiсiмiмен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.»;

      2) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «34-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару
               ерекшеліктері

      Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;

      3) 36-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердің жалғыз акционерi құзыретiнің ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.»;

      4) 53-баптың 3-1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі құзыретiнің ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.».

      31. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат):

      1) 13-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.»;

      2) 14-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.»;

      3) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. «Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.»;

      4) 22-1-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 1-тармағы 1) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.»;

      5) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.».

      32. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      11-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
      «кеме қатынасы үшiн» деген сөздер «кеме қатынасы және шлюздер үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «болады» деген сөзден кейін «және иеліктен шығаруға жатпайды» деген сөздермен толықтырылсын.

      33. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-баптың 27) тармақшасындағы «жекешелендіруге және оның алдындағы сатыларға жатпайтын» деген сөздер алып тасталып, «желілерінің жиынтығы» деген сөздерден кейін «, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттармен ұлттық компанияға беріледі» деген сөздермен толықтырылсын.

      34. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әр түрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 15-баптың 1-тармақшасындағы «жекешелендiрiлуге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және
               басқа да мүлiктi қорғаныс мұқтажы үшiн беру

      1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн берiлген жер учаскелерi олардың иелiгiнде және пайдалануында болады.
      2. Жер учаскесін қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару және меншік иелері мен жер пайдаланушыларға олардың құнын өтеу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қорғаныс мұқтажы үшiн ғимараттар, құрылыстар, объектiлер мен басқа да мүлiк берiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оларды керi қайтарып алу жүргiзiлуi мүмкiн.
      4. Қорғаныс мұқтажы үшін мүлікті реквизициялау соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      5. Мүлiктi иеленуге және пайдалануға беру тәртiбi, сондай-ақ басқа мемлекеттер әскери құралымдарының жердi уақытша өтеулі пайдалану (жалға алу) тәртiбi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.».

      35. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-бап. Мамандандырылған қаржылық сот

      Мамандандырылған қаржылық сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы орталығына қатысушылардың дауларын шешеді және қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарайды.».

      36. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 22-баптың 5-тармағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексiне» деген сөздерден кейін «және Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 23-баптың 1-тармағындағы «жекешелендiруге» деген сөз «иеліктен шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын.

      37. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      21-баптың 3-тармағындағы және 34-баптың 6-тармағындағы «жекешелендiруге жатпайды» деген сөздер «иеліктен шығаруға жатпайды» деген сөздермен ауыстырылсын.

      38. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келіседі.»;

      2) 9-бапта:
      тақырыптағы «Астана әкімдігінің» деген сөздер «Астананың жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші абзацтағы «әкімдігі» деген сөз «жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада:
      «мемлекеттік кәсіпорындарға» деген сөздер «заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «акционерлік қоғамдар (заңды тұлғалар) акцияларының (үлестерінің) мемлекеттік пакеттерін» деген сөздер «заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «акционерлік қоғамдар (заңды тұлғалар) акцияларының (үлестерінің)» деген сөздер «акционерлік қоғамдар акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;
      28) астана аумағында мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап-арыз береді.»;

      3) 11-баптың 2) тармақшасындағы «заңды тұлғалардағы үлестерге» деген сөздер «жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-тарау. Қорытынды ережелер»;

      5) 14-бап алып тасталсын.

      39. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат):

      1) 21-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
      «3-2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайда, алып қойылатын мүліктің меншік иесінің құқықтарын тоқтатуды және мемлекет құқықтарының туындауын тіркеу өтініш беруші тіркеуші органға өтемнің төлегенін растайтын құжатты ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.»;

       2) 54-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тiркеушi орган құқық иеленушінiң немесе аумағында жылжымайтын мүлiк анықталған жергiлiктi атқарушы органның өтiнiшi бойынша, егер өтініште осындай мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленетін жеке тұлғаларда немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларда осындай мүліктің жоқ екені туралы мәліметтер болса, жылжымайтын мүлiкті иесi жоқ мүлік ретiнде есепке қояды;».

       40. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 44-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Осы бап қадағалау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.»;

      2) 64-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.

      41. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат; № 24, 133-құжат):

      1) 10-баптың 3-тармағында:
      11) тармақша алып тасталсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) Қордың жылдық бюджетiн әзірлеу тәртібін бекіту, жылдық бюджетін бекіту және даму жоспарын бекiту;»;

      2) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «12-бап. Қордың даму стратегиясы және даму жоспары

      1. Қордың даму стратегиясы Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде он жылға әзiрленедi.
      Даму стратегиясын іске асыру мақсатында Қордың даму жоспары бес жылға әзірленеді.
      2. Қордың даму стратегиясы мен даму жоспарын әзірлеу, бекіту, оған мониторинг жүргізу және оны бағалау «Мемлекетті мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;

      3) 15-баптың 1-тармағындағы «Акцияларының» деген сөз «Дауыс беретін акцияларының» деген сөздермен ауыстырылсын.

      42. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқарушылық құжаттарды орындау, республикалық меншiкке айналған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметi және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 42-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) сот бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған;»;

      2) 44-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10-1) тармақшасында көзделген жағдайда, – бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;».

      43. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      16-баптың 5-тармағындағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» деген сөздер «Мемлекеттік мүлік туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.».

      2-бап. Осы Заң, 1-баптың 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3113135 және 42-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев