Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, контейнерлер мен теміржол жылжымалы құрамын кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау үшін пайдалану ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 324-IV Заңы

Жаңартылған

      2010 жылғы 18 маусымда Санкт-Петербургте жасалған Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді жене (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, контейнерлер мен теміржол жылжымалы құрамын кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау үшін пайдалану ерекшеліктері туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық
тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді және
(немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді,
жартылай тіркемелерді, контейнерлер мен темір жол жылжымалы
құрамын Кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау
үшін пайдалану ерекшеліктері туралы
КЕЛІСІМ

      Ескерту. Келісім ҚР 13.12.2017 № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатты (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).