Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 323-IV Заңы

Жаңартылған

      2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте жасалған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар
көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы
және алмасу туралы
КЕЛІСІМ

      Ескерту. Келісім ҚР 13.12.2017 № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатты (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).