Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 311-IV Заңы

Жаңартылған

      2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте жасалған Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара
әкімшілік көмегі туралы
КЕЛІСІМ

      Ескерту. Келісім ҚР 13.12.2017 № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатты (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).