Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 303-IV Заңы.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте жасалған Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


      Бейресми аударма

Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын
өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен
бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,

      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып,

      халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

      Тараптардың бюджеттеріне кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) уақтылы және толық түсуіне өзара мүдделілікке сүйене отырып,

      осы мақсатта бір-біріне жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты төлеу жөніндегі міндет осы Келісімде белгіленген кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу мен болу тәртібін қолдану басталған күннен бастап туындаған кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және Тараптар арасында болу тәртібін айқындайды.

      Осы кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және Тараптар арасында болу тәртібі кеден одағының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік әкелу баждарының сомасына есептелген өсімпұлдардың (проценттердің) сомасына қатысты да қолданылады.

2-бап

      Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:

      "кедендік әкелу бажы" - тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелуге байланысты Тараптардың кеден органдары алатын міндетті төлем;

      "уәкілетті орган" - Тарап бюджетінің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын осы Тараптың мемлекеттік органы;

      "уәкілетті органның бірыңғай шоты" - түсімдерді есепке жатқызу және осы Тараптың бюджеттері арасында бөлу үшін уәкілетті органға ұлттық (орталық) банкте не ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар уәкілетті органда ашылған шот;

      "шетел валютасындағы шот" - басқа Тараптардың кедендік әкелу баждарын бөлуден түсетін түсімдерді есепке жатқызу үшін осы мемлекеттің уәкілетті органына ұлттық (орталық) банкте екінші Тараптың валютасында ашылған шот;

      "мерзімін өткізіп алғаны үшін процент" - Тараптың кедендік әкелу баждарын бөлуден түсетін сомаларды аудару жөніндегі міндеттемелерді орындамауына, толық және (немесе) уақтылы орындамауына әкеп соқтырған, осы Келісімді бұзғаны үшін Тараптың басқа Тараптарға аударуына жататын сома;

      "есепті күн" - уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу жүзеге асырылатын Тараптың жұмыс күні;

      "ағымдағы күн" - есепті күнгі кедендік әкелу баждарының сомаларын болу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын Тараптың есепті күннен кейінгі жұмыс күні.

      Осы Келісімде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер кеден одағы шеңберінде жасалған келісімдерде не көрсетілген терминдер кеден одағы шеңберінде жасалған келісімдерде пайдаланылмаса, Тараптардың ұлттық заңнамасында қалай пайдаланылса, сол мағынада қолданылады.

3-бап

      1. Кедендік әкелу баждары кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес, оның ішінде кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік әкелу баждарын өндіріп алу кезінде оларды төлеуге тиіс Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотына ұлттық валютада есепке жатқызуға жатады.

      Кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне салықтар мен алымдар, сондай-ақ Тараптардың заңнамасына сәйкес төлеуге жататын, уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен өзге де төлемдер есепке жатқызылуы мүмкін.

      Кедендік әкелу баждары өзге де төлемдерді төлеу есебіне есепке жатқызылмайды. Кедендік әкелу баждарын төлеушілер уәкілетті органның бірыңғай шотына жекелеген есеп айырысу (төлем) құжаттарымен (нұсқаулықтарымен) төлейді.

      2. Уәкілетті органның бірыңғай шотындағы ақшалай қаражатқа сот актілерін орындау тәртібімен немесе қандай да бір өзге тәсілмен өндіріп алуға болмайды.

      3. Тараптардың әрқайсысының уәкілетті органдары мынадай түсімдерді:

      уәкілетті органның бірыңғай шотындағы кедендік әкелу баждары түсімдерінің (қайтаруларының) сомаларын;

      басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударылған бөлінген кедендік әкелу баждарының сомаларын;

      осы Тараптың кедендік әкелу баждары сомаларын бөлуден Тараптың бюджетіне есепке жатқызылған кіріс сомаларын;

      басқа Тараптардан Тараптың бюджетіне түскен кедендік әкелу баждарының сомаларын;

      осы Келісімде белгіленген мерзімін өткізіп алғаны үшін Тараптың бюджетіне түскен проценттердің сомаларын;

      басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аудару тоқтатыла тұрған, бөлінген кедендік әкелу баждарының сомаларын айрықша ескереді.

      Жоғарыда көрсетілген түсімдер Тараптардың әрқайсысының бюджеттің атқарылуы туралы есебінде айрықша көрсетіледі.

      4. Тараптың күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күнінде Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен кедендік әкелу баждарының сомалары есепті жыл бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.

      Тараптың күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күніндегі бөлінген кедендік әкелу баждарының сомалары Тараптың ағымдағы жылының екінші жұмыс күнінен кешіктірілмей, осы Тараптың бюджетіне және басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударылады, сондай-ақ есепті жыл бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.

      Басқа Тараптардың күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күніндегі Тараптың бюджетіне басқа Тараптардың уәкілетті органдарынан түскен кедендік әкелу баждарын бөлуден түсетін кірістер ағымдағы жыл бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.

4-бап

      1. Төлеушіге кедендік әкелу баждарының артық төленген (артық өндіріп алынған) сомаларын қайтару ұлттық (орталық) банк есепті күні орындауға қабылдамаған кедендік әкелу баждарының қайтару сомаларын ескере отырып, уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен және есепті күні есепке жатқызылған кедендік әкелу баждарының сомалары шегінде ағымдағы күні уәкілетті органның бірыңғай шотынан жүзеге асырылады.

      Кедендік әкелу баждарының артық төленген (артық өндіріп алынған) сомаларын Қазақстан Республикасы уәкілетті органының бірыңғай шотынан төлеушіге қайтару уәкілетті органның бірыңғай шотына қайтаруды жүзеге асырған күні түскен (есепке жатқызылған) кедендік әкелу баждарының сомалары шегінде есепті күні жүзеге асырылады.

      2. Ағымдағы күні қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарын қайтару сомаларын айқындау түскен кедендік әкелу баждарын Тараптардың бюджеттері арасында бөлгенге дейін жүзеге асырылады.

      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын қайтаруды жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған кезде Тарап көрсетілген қайтаруды келесі жұмыс күндері жүзеге асырады. Төлеушіге кедендік әкелу баждарын уақтылы қайтармағаны үшін өсімпұлдар (проценттер) төлеушіге осы Тараптың бюджетінен төленеді және кедендік әкелу баждарының құрамына енгізілмейді.

5-бап

      1. Тараптың уәкілетті органы кедендік әкелу баждарының сомаларын Тараптар арасында бөлуді уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу баждарының сомалары есепке жатқызылған есепті күннен кейін Тараптың келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының уәкілетті органы кедендік әкелу баждарының сомаларын Тараптар арасында бөлуді уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызған есепті күні жүзеге асырады.

      2. Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотынан осы Тараптың бюджетіне, сондай-ақ басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударуға жататын кедендік әкелу баждары сомаларының есеп-қисабы Тараптар арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының жалпы сомасын проценттермен белгіленетін бөлу нормативтеріне көбейту жолымен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, Тараптардың бюджеттеріне белуге жататын кедендік әкелу баждарының жалпы сомасы ұлттық (орталық) банк есепті күні орындауға қабылдамаған кедендік әкелу баждарын қайтару сомаларын аударуға есеп айырысу (төлем) құжаттарын (нұсқаулықтарын) ескере отырып, есепті күні түскен (уәкілетті орган орындаған есепке жатқызумен) кедендік әкелу баждарының сомаларынан ағымдағы күні төлеушілерге қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының сомаларын шегеру жолымен айқындалады.

      Егер төлеушіге ағымдағы күні орындауға жататын кедендік әкелу бажының сомаларын қайтаруға есеп айырысу (төлем) құжатын (нұсқаулығын) ұлттық (орталық) банк орындауға қабылдамаған жағдайда, осы сома Тараптың келесі жұмыс күнінде Тараптар арасында бөлінуге тиіс. Бұл ретте, осы тармаққа сәйкес басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударылмаған кедендік әкелу баждарының сомасы бір күнге кешіктірілген болып танылады.

      3. Әрбір Тарап үшін кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтері мынадай мөлшерде белгіленеді:

      Беларусь Республикасы - 4,70 %;

      Қазақстан Республикасы - 7,33 %;

      Ресей Федерациясы - 87,97 %.

      4. Тараптардың уәкілетті орган дары Тараптарға кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды уәкілетті органның бірыңғай шотына есепке алу күнінен кейін Тараптың келесі жұмыс күнінде басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына жүзеге асырады.

      Тараптарға кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға есеп айырысу (төлем) құжатын (нұсқаулығын) уәкілетті орган басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына одан әрі аудару үшін ұлттық (орталық) банкке күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 14-ке дейін жіберуге тиіс. Көрсетілген есеп айырысу (төлем) құжатында (нұсқаулығында) кедендік әкелу баждарын бөлу жүзеге асырылатын күн және Тараптардың бюджеттері арасында бөлуге жататын ұлттық валютадағы сома көрсетіледі.

      Егер осы тармақта көрсетілген есеп айырысу (төлем) құжаты (нұсқаулық) ағымдағы күні Тараптың ұлттық (орталық) банкіне жергілікті уақыт бойынша сағат 14-тен кешіктіріліп жіберілген жағдайда, тиісті төлем бір күнге кешіктірілді деп танылады.

      5. Осы Келісімге сәйкес Тараптардың уәкілетті органдарынан шетел валютасындағы шоттарға түскен кедендік әкелу баждарын бөлуден түсетін сомаларды Тарап бюджетінің кірісіне аудару тәртібі осы Келісімге 1-қосымшамен реттеледі.

      6. Кедендік әкелу баждарын бөлу және Тараптардың бюджеттеріне аудару сомаларын есепке алуды уәкілетті органдар жүзеге асырады.

6-бап

      1. Тараптардың уәкілетті органдары арасында осы Келісімді іске асыру үшін қажетті ақпарат алмасу үшжақты тәртіппен келісілген нысандар бойынша осы Келісімге 2-қосымшада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Ақпарат алмасу нысандарын Тараптардың уәкілетті органдары осы Келісімге қол қойылған күннен бастап екі ай ішінде және кез келген жағдайда осы Келісімде белгіленген кеден баждарын есепке жатқызу және бөлу тәртібін қолдану басталатын күннен кешіктірмей келіседі.

      2. Тараптың уәкілетті органы кезекті күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей басқа Тараптардың уәкілетті органдарын осы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс істемейтін күндер туралы хабардар етеді.

      Жұмыс істемейтін күндер өзгерген жағдайда осындай өзгерістер болатын Тараптың уәкілетті органы басқа Тараптардың уәкілетті органдарын көрсетілген өзгерістер туралы мұндай өзгерістер күшіне енгенге дейін күнтізбелік екі күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      3. Кедендік әкелу баждарының сомалары аударылуға жататын шетел валютасындағы шоттың деректемелері өзгерген жағдайда, осы Тараптың уәкілетті органы көрсетілген өзгерістер күшіне енген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей басқа Тараптардың уәкілетті органдарына шоттың нақтыланған деректемелерін жеткізеді.

      Келісімді іске асыру үшін қажетті өзге деректер өзгерген жағдайда уәкілетті орган көрсетілген өзгерістер күшіне енген күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей басқа Тараптардың уәкілетті органдарына көрсетілген өзгерістер туралы ақпаратты жеткізеді.

      4. Тараптар арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының сомалары болмаған кезде Тараптың уәкілетті органы осы Келісімде белгіленген мерзімде ақшалай қаражаттарды басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударуға есеп айырысу (төлем) құжатын (нұсқаулығын) ұлттық (орталық) банкке жіберу үшін тиісті ақпаратты электрондық байланыс арналары арқылы басқа Тараптардың уәкілетті органдарына осы ақпаратты қамтитын құжаттың графикалық электрондық көшірмесі түрінде жібереді.

      5. Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және Федералдық кеден қызметі есептеу әдісі бойынша кедендік әкелу баждарын есепке жатқызуды жүргізудің бірыңғай қағидаттарына негізделген келісілген ережелерді қолдануды қамтамасыз етеді.

7-бап

      1. Қандай да бір Тарап осы Келісімде белгіленген мерзімде ақшалай қаражаттарды шетел валютасындағы шотқа аудармаған немесе толық аудармаған және осы Тараптың уәкілетті органынан белуге жататын кедендік әкелу баждары сомаларының жоқ екендігі туралы ақпарат түспеген кезде шетел валютасындағы шотына ақшалай қаражат түспеген Тараптың уәкілетті органы ақшалай қаражаттардың аударылмағаны немесе толық аударылмағаны туралы Тараптардың уәкілетті органдарын және Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын хабардар етеді.

      2. Бөлінген кедендік әкелу баждарының сомасын осы Келісімге сәйкес бір немесе басқа да екі Тараптың бюджетіне аудармаған Тарап шетел валютасындағы шоттарына тиісті ақшалай қаражаттар түспеген осы басқа Тараптарға кедендік әкелу бажын бөлуден түсетін сома басқа Тарапқа (басқа да екі Тарапқа) аударылмаған күнді қоса алғанда, мерзімі өткен күнтізбелік әрбір күн үшін 0,1 % мөлшеріндегі ставка бойынша пайда болған берешектің барлық сомасына мерзімін өткізіп алғаны үшін проценттер төлейді.

      3. Тарап кедендік әкелу бажының сомалары іс жүзінде болған жағдайда бөлуге жататын көрсетілген сомалардың жоқ екендігі туралы ақпарат жіберген жағдайда, сондай-ақ уәкілетті органның бірыңғай шотынан басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына ақшалай қаражаттарды толық аудармаған кезде, осы Келісімді осылайша бұзуға жол берген Тарап Тараптың келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Келісімді бұзуға байланысты басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударылмаған соманы негізге ала отырып, осы Келісімге сәйкес басқа Тараптардың бюджеттеріне есепке жатқызуға жататын кедендік әкелу баждарын бөлуден түсетін сомаларды басқа Тараптарға аударуға міндетті.

      Бұл ретте осындай бұзушылыққа жол берген Тарап мерзімін өткізіп алғаны үшін осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшерде, осы тармаққа сәйкес Тараптарға ақшалай қаражаттарды аудару жүзеге асырылған күнді қоспағанда, осы Келісімнің ережелері бұзылған күннен басталатын уақыт кезеңі деп танылатын мерзімі өткен күнтізбелік әрбір күн үшін проценттер төлейді.

      4. Қандай да бір Тараптан ақшалай қаражаттар түспеген (толық түспеген) және осы Тараптың уәкілетті органынан Тараптар арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждары сомаларының жоқ екендігі туралы хабарлама болмаған кезде шетел валютасындағы шотына ақшалай қаражат түспеген Тараптың уәкілетті органы осындай түспеу (толық түспеу) болған күннен кейін Тараптың үшінші жұмыс күнінде өзінің бірыңғай шотынан бірінші Тараптың шетел валютасындағы шотына кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды тоқтата тұруға құқылы.

      5. Тарап кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда басқа Тараптың шетел валютасындағы шотына аударуға жататын ақшалай қаражаттар аударуды тоқтата тұру туралы шешім күшін жойғанға дейін бірінші Тарап бюджетінің кірісіне есепке жатқызуға жатады және осы Тараптың бюджетінде оқшау ескеріледі.

      6. Кедендік әкелу баждарының сомаларын басқа Тараптың шетел валютасындағы шотына аударуды тоқтата тұрған Тараптың уәкілетті органы осындай шешім қабылдағанға дейін Тараптардың уәкілетті органдарын және Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын қабылданатын шешім туралы хабардар етеді.

      7. Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы ақшалай қаражаттарды аударуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу тетігінің толық көлемде жұмыс істеуін жеделдете қалпына келтіру мақсатында Тараптардың атқарушы билік органдарымен консультациялар жүргізеді.

      8. Қандай да бір Тараптың кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуын қалпына келтіру туралы шешім қабылдауы мүмкін болмаған кезде осы мәселе бойынша Кеден одағы комиссиясының отырысы өткізіледі.

      Кеден одағы комиссиясының кедендік әкелу баждарының сомасын бөлу тетігінің жұмыс істеуін қалпына келтіру туралы шешім қабылдауы мүмкін болмаған жағдайда, осы мәселе Еуразия экономикалық қоғамдастығының Мемлекетаралық Кеңесінің (кеден одағының жоғары органы) отырысына шығарылады.

      9. Кеден одағының комиссиясы немесе Еуразия экономикалық қоғамдастығының Мемлекетаралық Кеңесі (кеден одағының жоғары органы) кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған кезде, осы баптың 5-тармағында көрсетілген сомалар қабылданған шешім туралы хабарлама алған күннен кейінгі Тараптың жұмыс күнінен кешіктірмей осы Келісімге сәйкес олар арналған Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударуға жатады, бұл ретте көрсетілген сомаға мерзімін өткізіп алғаны үшін проценттер есептелмейді.

      10. Қандай да бір Тарап шетел валютасындағы шоттарға аудармаған бөлінген кедендік әкелу баждарының сомалары, сондай-ақ АҚШ долларындағы ақшалай қаражаттарды аудару жөніндегі міндеттемелердің Тараптардың ұлттық (орталық) банктері орындамаған сомалары мемлекеттік борышқа жатқызылады.

8-бап

      1. Осы Келісімнің орындалуын бақылауды Кеден одағының комиссиясы жүзеге асырады.

      2. Кеден одағының комиссиясы Еуразия экономикалық қоғамдастығының үкіметтер басшылары деңгейіндегі Мемлекетаралық Кеңесіне (кеден одағының жоғары органы) осы Келісімнің орындалуы туралы жыл сайынғы есепті береді.

      3. Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша Тараптардың кедендік әкелу баждарының түскен сомаларын есепке жатқызу мен болу тәртібін сақтауын бақылау (аудит) үшін Тараптардың уәкілетті, кеден және өзге мемлекеттік органдарының қызметкерлерінен, өзге де тартылған мамандардан арнайы комитет құрылуы мүмкін.

      4. Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Ресей Федерациясының Есеп палатасы жыл сайын бірлескен бақылау іс-шаралары шеңберінде Тараптардың уәкілетті органдарының осы Келісімнің ережелерін сақтауын тексереді.

      5. Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және Федералдық кеден қызметі кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат алмасудың бірыңғай тәртібін анықтайды.

9-бап

      1. Осы Келісімге 1 және 2-қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамалармен рәсімделетін осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

10-бап

      Тараптар арасындағы осы Келісімді талқылауға және (немесе) қолдануға байланысты даулар мүдделі Тараптардың консультациялары және келіссөздері жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда, мүдделі Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сотына қарауға беріледі.

11-бап

      Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар бойынша осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, бірақ 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді.

12-бап

      1. Осы Келісімге қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Тараптардың уәкілетті органдары Тараптардан түсетін кедендік әкелу баждары аударылуға жататын шетел валютасындағы шоттар туралы ақпарат және осы Келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының сомасын аударуды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да ақпарат алмасуды жүргізеді.

      2. Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы осы Келісім күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде кедендік әкелу баждарын төлеушілердің Ресей Федерациясы уәкілетті органының бірыңғай шотына және Беларусь Республикасы уәкілетті органының бірыңғай шотына жекелеген есеп айырысу (төлем) құжаттарымен (нұсқаулықтарымен) төлеуін қамтамасыз етеді.

      2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.

      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

Беларусь

Қазақстан

Ресей

Республикасы үшін

Республикасы үшін

Федерациясы үшін


  Кеден одағында кедендік әкелу баждарын
(баламалы қолданылатын өзге де баждарды,
салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу
қолдану туралы келісімге
1-қосымша

      1. Бір (бірінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкі басқа (екінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкіне Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) сәйкес екінші Тараптың уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына аударылған бірінші Тараптың ұлттық валютасының сомасына тең бірінші Тараптың ұлттық валютасындағы сома үшін АҚШ долларындағы ақша қаражатын сатуға міндетті. Осы тармаққа сәйкес сатылатын АҚШ долларындағы сома екінші Тараптың уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына бірінші Тараптың ұлттық валютасында ақша қаражатын аударған күннен кейінгі жұмыс күніне бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі белгілеген бірінші Тараптың ұлттық валютасының АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша айқындалады.

      1-қосымшаның (бұдан әрі - Келісімге қосымша) осы тармағымен белгіленген АҚШ долларындағы ақша қаражатын сату міндетін бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі екінші Тараптың уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына бірінші Тараптың ұлттық валютасына баламалы соманы аударған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей орындауы тиіс.

      Бұл ретте осы тармақта белгіленген АҚШ долларындағы ақша қаражатын сату міндетін бірінші Тарап пен үшінші Тарап арасындағы не екінші Тарап пен үшінші Тарап арасындағы қатынастардағы ұқсас құқықтарды іске асыруға және міндеттемелерді орындауға қарамастан, әрбір Тараптың ұлттық (орталық) банкі орындауы тиіс.

      Екі Тараптың ұлттық (орталық) банктері шартта АҚШ долларындағы ақша қаражатын аудару бойынша қарсы міндеттемелерді, оның ішінде Келісімге осы қосымшаның 1-тармағының екінші абзацында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелерді және Келісімге осы қосымшаның 3-тармағына сәйкес өсімпұл төлеу бойынша міндеттемелерді орындау АҚШ долларындағы міндеттемелерінің шамасы басқа ұлттық (орталық) банктің АҚШ долларындағы қарсы міндеттемесінің шамасынан асатын ұлттық (орталық) банктің көрсетілген қарсы міндеттемелердің шамалары арасындағы айырмаға тең сомадағы ақша қаражатын басқа ұлттық (орталық) банкке аударуы жолымен жүзеге асырылады деп белгілей алады.

      Осы тармақта көрсетілген АҚШ долларындағы ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарды өтеу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

      - бірінші кезекте Келісімге осы қосымшаның 3-тармағына сәйкес өсімпұл төлеу туралы талаптар қанағаттандырылады;

      - екінші кезекте орындалу мерзімі басталған және мерзімі өткен болып табылмайтын міндеттемелер бойынша талаптар қанағаттандырылады;

      - үшінші кезекте Келісімге осы қосымшаның 1-тармағының екінші абзацында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелер бойынша талаптар қанағаттандырылады.

      Келісімге қосымшаның осы тармағында көрсетілген бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің АҚШ долларындағы ақша қаражатын екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкіне сату міндеттемесі бойынша бірінші Тарап екінші Тарап алдында бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкімен ортақ жауаптылықта болады.

      2. Бірінші Тарап пен екінші Тарап арасында одан әрі өзара есеп айырысуды жүргізу мақсаттары үшін Келісімге осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің АҚШ долларындағы ақша қаражатын екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкіне сату міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкіне қойылатын талаптар екінші Тараптың уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына бірінші Тараптың ұлттық валютасындағы ақша қаражатын аударған күннен кейінгі келесі жұмыс күні бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ долларында тіркеледі.

      3. Келісімге осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің АҚШ долларындағы ақша қаражатын екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкіне сату міндеттемесінің орындалмағаны не тиісінше орындалмағаны үшін бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі не бірінші Тарап мынадай формула бойынша есептелетін өсімпұл төлеуге міндетті:

      LIBORUSD,о/n + 2%

      Өсімпұл = СомаUSD х ___________________ x Күндeр, мұнда

      360

      СомаUSD = бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі

      аударуға жататын АҚШ долларындағы сома;

      LIBORUSD,o/n = Британия Банкирлер Қауымдастығы (British

      Bankers Association, BBA) орындамау не тиісінше

      орындамау басталған күн үшін белгілеген жылдық

      проценттерде АҚШ доллары бойынша бір күндік

      LIBOR ставкасы;

      Күндер = орындамау не тиісінше орындамау күнінен

      бастап (қоса алғанда) міндеттемені тиісінше

      орындау күніне дейін (міндеттемені тиісінше

      орындау күнін қоспағанда) есептелетін

      күнтізбелік күн саны.

      4. Келісімге осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген міндеттемені бірінші Тарап орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда өзіне қатысты орындамау немесе тиісінше орындамау болған екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі, Келісімге осы қосымшаның 3-тармағына сәйкес өсімпұл төлеу туралы талапты қоса алғанда, орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеме бойынша талапты екінші Тарапқа бірінші Тарап пен бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің келісімінсіз және оларға алдын ала хабарламастан өтеулі негізде беруге құқылы.

      5. Тараптың ұлттық (орталық) банкі басқа Тараптың міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, оның ішінде басқа Тараптың ұлттық (орталық) банкінің міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Үкіметтің не Тараптың уәкілетті органының алдында жауапты болмайды.

      6. Бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінде оның Келісімнің осы қосымшасында көзделген есеп айырысуларды жүзеге асыруына байланысты туындайтын шығындар мен зияндар, оның ішінде валюталар бағамының өзгеруі, басқа Тараптар мен басқа Тараптардың ұлттық (орталық) банктерінің міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны жағдайларының салдарынан туындайтын шығындар мен зияндар басқа Тараптардың өтеуіне жатпайды. Бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкіне осы тармақта көрсетілген шығындар мен зияндарды өтеу шарттары мен тәртібін бірінші Тарап белгілейді.

      7. Келісімге осы қосымшаның мақсаттары үшін екі Тарап арасындағы есеп айырысулар (оның ішінде екі Тараптың ұлттық (орталық) банктері арасындағы есеп айырысулар) жүзеге асырылуы тиіс жұмыс күні деп бір мезгілде осы екі Тарап үшін және Америка Құрама Штаттары үшін жұмыс күні болып табылатын күн түсініледі.

      8. Басқа (екінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкінде Келісімге сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ашылған бір (бірінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкінің корреспонденттік шотына, сондай-ақ осы корреспонденттік шоттағы ақша қаражатына екінші және үшінші Тараптардың сот және өзге де билік органдары осы корреспонденттік шоттағы ақша қаражатын пайдалану мүмкіндігін жоққа шығаратын тыйым салу, оқшаулау, өзге де қамтамасыз ету, тыйым салу немесе шектеу шараларын қолдана алмайды.

      9. Басқа (екінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкінде Келісімге сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ашылған бір (бірінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкінің корреспонденттік шотындағы ақша қаражатын есептен шығаруға, егер корреспонденттік шот шартының талаптарында өзгеше белгіленбесе, бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің келісімінсіз жол берілмейді.

      10. Келісімге осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген АҚШ долларындағы ақша қаражатын сату міндетін бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі күнтізбелік 30 күн ішінде толығымен немесе ішінара орындамаса, онда екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі көрсетілген міндеттемені бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің толық орындау сәтіне дейін Келісімге сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналып бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінде ашылған екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің корреспонденттік шотындағы бірінші Тараптың ұлттық валютадағы ақша қаражатын шектеусіз пайдалануға құқылы.

      11. Бір (бірінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкі осы Келісімді орындау үшін ол басқа (екінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкімен жасасқан шарттарда көзделген және оған сәйкес өтеусіз негізде құқықтарын іске асырады және міндеттемелерін орындайды.

  Кеден одағында кедендік әкелу баждарын
(баламалы қолданылатын өзге де баждарды,
салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу
мен бөлудің тәртібін белгілеу және
қолдану туралы келісімге
2-қосымша

      1. Тараптың уәкілетті органы күн сайын басқа Тараптардың екі уәкілетті органына ағымдағы күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 16-дан кешіктірмей (Беларусь Республикасы үшін - Минск қаласының уақыты, Қазақстан Республикасы үшін - Астана қаласының уақыты, Ресей Федерациясы үшін - Мәскеу қаласының уақыты) есепті күні үшін мынадай ақпаратты жібереді:

      Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотына есептелген кедендік әкелу баждарының сомасы;

      кедендік әкелу баждарын төлеу шотына уәкілетті органның есепті күн орындаған есептеу сомасы;

      кедендік әкелу баждарының есепті күні қайтарылған сомасы және ағымдағы күні қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының бөлек сомасы;

      кедендік әкелу баждарын қайтарудың есепті күні ұлттық (орталық) банк орындауға қабылдамаған сомасы;

      кедендік әкелу баждарының Тараптардың арасында бөлуге жататын сомасы;

      бөлінген кедендік әкелу баждарының басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударылған сомасы;

      кедендік әкелу баждарын бөлуден осы Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотынан осы Тараптың бюджетіне аударылған кіріс түсімдерінің сомасы;

      кедендік әкелу баждарын бөлуден уәкілетті органның шотына шетел валютасында түскен кірістердің осы Тараптың бюджетіне түсетін түсімдерінің сомасы;

      бөлінген кедендік әкелу баждарының басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аудару тоқтатып қойылған сомасы;

      Тарапқа Келісімнің орындалуы бұзылған кездегі мерзімін өткізіп алғаны үшін басқа Тараптардан түскен проценттердің сомасы.

      2. Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-ші жұмыс күніне Тараптың уәкілетті органы басқа Тараптардың екі уәкілетті органына, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығына осы Қосымшаның 1-тармағында белгіленген ақпаратты күнтізбелік жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен жібереді.

      3. Тараптардың уәкілетті органдары алынған ақпаратқа сәйкес деректерді жедел салыстыруды жүзеге асырады.

      Алшақтықтар айқындалған жағдайда хаттама ресімделеді және Тараптар алшақтықтарды реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

      4. Тараптың уәкілетті органы осы Келісімге сәйкес Тараптардың басқа екі уәкілетті органына және Кеден одағы комиссиясының Хатшылығына жіберетін ақпаратына, осы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

      Осы Келісімде көзделген ақпаратты Тараптың уәкілетті органы Тараптардың басқа екі уәкілетті органына және Кеден одағының комиссиясына осы құжаттардың графикалық электрондық көшірмелері түрінде байланыстың электрондық арналары арқылы жібереді.

      Осы мәтін 2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімнің толық және дәлме-дәл көшірмесі болып табылатынын растаймын:

      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін - Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С.Сидорский,

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - К.Қ.Мәсімов,

      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы - В.В.Путин.

      Түпнұсқа дана Кеден одағы комиссиясында сақталады

  Барлығы тігілген,
қолымен және мөрмен
бекітілген
16 парақ

      Кеден одағы комиссиясы

      Хатшылығының

      Құқық департаментінің бастығы Н.Б.Слюсарь

      Осымен 2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      Халықаралық құқық департаментінің

      Басқарма бастығы Б. Пискорский

      Санкт-Петербург қаласында 2010 жылғы 21 мамырда қол қойылған Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімнің қазақ тіліндегі аудармасы құжаттың орыс тіліндегі түпнұсқасына сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      Мемлекеттік тілді дамыту

      және аударма

      басқармасының бастығы Н. Шабанов