Доңғалақты көлік құралдарын мерзімді техникалық қарап-тексерулерге арналған бірыңғай шарттарды қабылдау туралы және осындай қарап-тексерулерді өзара мойындау туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 299-IV Заңы

Қолданыстағы

      1997 жылғы 13 қарашада Венада жасалған Доңғалақты көлік құралдарын мерзімді техникалық қарап-тексерулерге арналған бірыңғай шарттарды қабылдау туралы және осындай қарап-тексерулерді өзара мойындау туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Дөңгелекті көлік құралдарын мерзімді техникалық
байқауға арналған біркелкі талаптарды қабылдау туралы және
осындай байқауларды өзара мойындау туралы
келісім

(2011 жылғы 24 мамырда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Кіріспе

      Уағдаласушы тараптар,

      жол қозғалысы көлемінің өсуін және осының негізінде қауіп пен теріс зардаптар көлемінің өскенін, нәтижесінде барлық Уағдаласушы тараптар сипаты және маңыздылығы осындай қауіпсіздік проблемаларымен және экологиялық проблемалармен бетпе-бет келетінін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;

      Еуропада жол қозғалысын реттейтін ережелерде барынша бірыңғайлылыққа қол жеткізуді және қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қол жеткізуге НИЕТТЕНЕ ОТЫРЫП;

      осы мақсатта өз елдерінде сертификат алу үшін осы көлік құралдары жауап беруі тиіс дөңгелекті көлік құралдарын кезеңдік техникалық байқаудың бірыңғай шарттарын белгілеуге НИЕТТЕНЕ ОТЫРЫП;

      жекелеген көлік құралдарына осындай мерзімді техникалық байқау өткізу үшін қажет уақыт және оларға байланысты шығыстар Уағдаласушы тараптардың аумақтарындағы автокөлік операторлары арасындағы бәсекелестік жағдайларында көрінуі мүмкін факторлар болып табылатынын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП, түрлі аумақтардағы техникалық бақылаудың қазіргі жүйелерінің айырмашылығы бар екенін назарға ала отырып;

      осының салдарынан мүмкіндігінше техникалық бақылау өткізудің кезеңділігін және міндетті техникалық бақылауға жататын элементтерді келісу қажеттілігін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      осы Келісімде аталған шараларды қолдану мерзімдерін белгілеу кезінде техникалық бақылау жүргізу үшін қажетті әкімшілік және техникалық шарттарды құру немесе әрекет аясын кеңейту үшін қажет етілетін уақыт есептелуі қажет екенін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      төмендегілер туралы КЕЛІСТІ:

1-бап

      1. Уағдаласушы тараптар олардың аумақтарында тіркелген немесе пайдалануға рұқсат етілген дөңгелекті көлік құралдарын мерзімді техникалық байқауға арналған Ереже қабылдайды және осы Ережеге сәйкес өткізілетін байқауларды өзара негізде мойындайды. Бұл Ереже барлық Уағдаласушы тараптардан тұратын Әкімшілік комитет шеңберінде, 1-қосымшада баяндалған рәсімдер Ережесіне сәйкес және төмендегі тармақтар мен баптардың негізінде қабылданады.
      Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      «дөңгелекті көлік құралдары» терминіне кез келген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері кіреді;
      «техникалық байқау» терминіне дөңгелекті көлік құралдарында пайдаланылатын және сипаттамалары жол қозғалысы қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны қорғауға және энергияны үнемдеуге әсер ететін жабдықтар мен бөліктердің кез келген заттарын қарау кіреді;
      «дөңгелекті көлік құралдарын мерзімді техникалық байқауға арналған ережелер» термині мерзімді әкімшілік бірыңғай рәсімнің бар екенін дәлелдеуге арналған ережелерді қамтиды, сол арқылы Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдары қажетті тексерулерді өткізгеннен кейін дөңгелекті көлік құралы осы Ереженің ұйғарымдарына жауап беретінін мәлімдейді. Үлгісі осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген техникалық байқау сертификаты дәлелдеме бола алады.

2-бап

      1. 1-қосымшада көрсетілген рәсімге сәйкес қандай да бір Ереже қабылданғаннан кейін Әкімшілік комитет оны бұдан әрі «Бас хатшы» деп аталатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жібереді. Мұнан соң Бас хатшы мүмкіндігінше қысқа мерзімде бұл Ереже туралы Уағдаласушы тараптарға хабарлайды.
      Егер Бас хатшыға хабарлау сәтінен бастап алты ай ішінде Уағдаласушы тараптар болып табылатын олардың үштен бірінен астамы Бас хатшыны өзінің осы Ережемен келіспейтінін хабардар етпесе, Ереже қабылданған болып есептеледі.
      Ереже мынадай аспектілерді қамтиды:
      а) тиісті дөңгелекті көлік құралдарының санаттары және оларды байқау кезеңділігі;
      b) байқауға жататын жабдықтау заттары және/немесе бөліктер;
      c) олардың көмегімен пайдалану сипаттамаларына қойылатын талаптар расталуы тиіс сынау әдістері;
      d) байқау сертификатын беру шарттары және оны өзара тану;
      е) осы Ереженің күшіне ену күні (күндері).
      Ережеде қажет болғанда, құзыретті органдар уәкілеттілік берген және дөңгелекті көлік құралдарына байқау өткізілетін техникалық бақылау орталықтарына сілтеме келтіруі мүмкін.
      2. Ереже қабылданғаннан кейін Бас хатшы бұл туралы мүмкіндігінше қысқа мерзімде қандай Уағдаласушы тараптар өзінің келіспейтінін білдіргенін және олардың қайсысына қатысты осы Ереже күшіне өнбейтінін көрсете отырып, барлық Уағдаласушы тараптарға хабарлайды.
      3. Қабылданған Ереже осы Келісімге қоса берілетін Ереже ретінде өзінің келіспейтіні туралы хабарлама жібермеген барлық Уағдаласушы тараптар үшін онда көрсетілген күні (күндері) күшіне енеді.
      4. Қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған сәтте кез келген жаңа Уағдаласушы тарап осы Келісімге коса берілетін Ережелердің кейбіреуімен сол сәтте байланысты емес екенін немесе олардың бір де біреуімен байланысты емес екенін мәлімдей алады. Егер осы уақытта қандай да бір ереженің жобасына қатысты осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген рәсім жүргізілсе, Бас хатшы мұнда ереженің жобасын жаңа Уағдаласушы тарапқа жібереді және жоба осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда ғана жаңа Уағдаласушы тарап үшін Ереже ретінде күшіне енеді, әрі осыған бөлінген уақыт жобаны осы Тарапқа жіберген күннен бастап есептеледі. Бас хатшы барлық Уағдаласушы тараптарға осы ереженің күшіне ену күні туралы хабарлайды. Ол сондай-ақ кейбір Ережелерді қолданбау туралы барлық мәліметтермен оларды хабардар етеді, оны осы баптың ережелеріне сәйкес кез келген Уағдаласушы тарап жасай алады.
      5. Қандай да бір Ережені қолданатын кез келген Уағдаласушы тарап хабарланған сәттен бастап бір жыл өткеннен кейін оның әкімшілігі оны қолдануды тоқтату ниетін кез келген сәтте Бас хатшыға хабарлай алады. Бас хатшы мұндай хабарламаны одан әрі басқа Уағдаласушы тараптарға жібереді.
      6. Қандай да бір Ережені қолданбайтын кез келген Уағдаласушы тарап кез келген сәтте Бас хатшыға өзінің оны қолдану ниетінде екені туралы хабарлай алады және осы Ереже осы Тарап үшін осындай хабарламадан кейін алпысыншы күні күшіне енеді. Осы тармақтың қағидаларына сәйкес жаңа Уағдаласушы тарап үшін Ереже күшіне енудің әр жағдай туралы барлық Уағдаласушы тараптар Бас хатшыны хабардар етеді.
      7. Оларға қатысты қандай да бір Ереже қолданылатын Уағдаласушы тараптар одан әрі Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптар деп аталатын болады.
      8. Осы Келісімге қосымша ретінде осы Келісімге қоса берілетін Ереже оның ажырамас бөлігі болып табылады

3-бап

      Осы Келісімге қоса берілетін Ережеге түзетулер мынадай рәсімге сәйкес енгізілуі мүмкін:
      1. Ережеге түзетулерді 1-қосымшада көрсетілген рәсімге сәйкес, 1 және 2-баптарда көзделгендей, Әкімшілік комитет қабылдайды. Ережеге түзету қабылданғаннан кейін Әкімшілік комитет оны Бас хатшыға жібереді. Бұдан соң Бас хатшы мүмкіндігінше қысқа мерзімде бұл түзету туралы осы Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптарға хабарлайды.
      2. Егер Бас хатшы хабарланған сәттен бастап алты ай ішінде хабарлау сәтінде осы Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптардың үштен бірінен астамы осы түзетумен өзінің келіспейтіні туралы Бас хатшыға хабарламаса, Ережеге түзету қабылданды деп есептеледі. Егер осы уақыт кезеңі өткеннен кейін Бас хатшы Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптардың үштен бірінен астамы келіспеу туралы мәлімдеме алмаса, Бас хатшы мүмкіндігінше қысқа мерзімде түзету қабылданды және онымен өзінің келіспейтіні туралы мәлімдемеген Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптар үшін міндетті деп есептелетіні туралы жариялайды. Егер Ережеге түзету енгізілсе және енгізілген түзетусіз Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптардың кемінде бестен бірі кейіннен олар енгізілген түзетусіз ережені жөн көретінін және одан әрі қолдана беретінін мәлімдесе, онда енгізілген түзетусіз Ереже енгізілген түзетуімен Ережеге балама ретінде қаралатын болады және осындай Ережеге ресми енгізілетін болады әрі ол осы түзету қабылданған немесе түзету күшіне енген сәттен бастап күшіне енеді. Бұл жағдайда Ережені қолданушы Уағдаласушы тарапқа 1-тармақта баяндалған міндеттемелерге ұқсас міндеттемелер жүктеледі.
      3. Егер Ережеге түзету туралы хабарламаны Бас хатшы жіберген және оның күшіне ену кезеңінде қандай да бір жаңа Уағдаласушы тарап осы Келісімге қосылса, онда осы Ереже осы Уағдаласушы тарап үшін ол осы түзетуді ресми қабылданғаннан кейін тек екі айдан соң ғана немесе ұсынылған түзету туралы Бас хатшы осы Тарапты хабарландырған сәттен бастап алты ай кезең өткеннен кейін екі айдан соң күшіне енеді.

4-бап

      1. Еуропалық экономикалық комиссияға мүше елдер, Комиссияның Жүргізу шеңбері туралы ережесінің 8-тармағына сәйкес консультациялық мәртебесі бар Комиссияның жұмысына қатысуға рұқсат етілген елдер мен мүше мемлекеттері үшін міндетті күші бар шешімдер қабылдау өкілеттіктерін қоса алғанда, осы Келісім қамтитын мәселелер бойынша олардың мүше мемлекеттері өкілеттік берген Еуропалық экономикалық комиссияға мүше елдер құрған өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары осы Келісімнің Уағдаласушы тараптары бола алады.
      2-баптың 1-тармағында және 3-баптың 2-тармағында аталған дауыстар санын анықтау мақсатында өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары Еуропалық экономикалық комиссияға мүше болып табылатын өзіне мүше мемлекеттердің саны бойынша дауыстар санына ие бола отырып, дауыс беруге қатысады.
      2. Комиссияның жүргізу шеңбері туралы ереженің 11-тармағына сәйкес Еуропалық экономикалық комиссияның кейбір қызмет түрлеріне қатыса алатын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдер және мүше мемлекеттері үшін міндетті күші бар шешімдер қабылдау өкілеттіктерін қоса алғанда, осы Келісім қамтитын мәселелер бойынша олардың мүше мемлекеттері өкілеттік берген өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары осы Келісімнің Уағдаласушы тараптары бола алады.
      2-баптың 1-тармағында және 3-баптың 2-тармағында аталған дауыстар санын анықтау мақсатында өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып табылатын өзіне мүше мемлекеттердің саны бойынша дауыстар санына ие бола отырып, дауыс беруге қатысады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған елдер:
      a) түсіндірусіз ратификациялау туралы оған қол қою жолымен;
      b) түсіндірумен ратификациялау туралы қол қойғаннан кейін оны ратификациялау жолымен;
      c) оған қосылу жолымен Келісімнің Уағдаласушы тараптары бола алады.
      4. Ратификациялау немесе қосылу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тиісті құжатты сақтауға беру жолымен жүзеге асырылады.
      5. Келісім қол қою үшін 1997 жылғы 12 қарашадан бастап қоса алғанда 1998 жылғы 30 маусымға дейін ашық. Содан соң ол қосылу үшін ашық болады.

5-бап

      1. Осы Келісімнің 4-бабының 1-тармағында көрсетілген бес ел түсіндірусіз оны ратификациялау туралы қол қойғаннан кейін немесе ратификациялау немесе қосылу туралы өзінің құжаттарын сақтау үшін тапсырғаннан кейін алпысыншы күні осы Келісім күшіне енеді.
      2. Келісім күшіне енгеннен кейін оны ратификациялаған немесе оған қосылған кез келген ел үшін осы Келісім көрсетілген ел ратификациялау немесе қосылу туралы құжатты сақтау үшін тапсырғаннан кейін алпысыншы күні күшіне енеді.

6-бап

     1. Кез келген Уағдаласушы тарап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тиісті хабарлама жіберу жолымен осы Келісімнің күшін жоя алады.
      2. Күшін жою Бас хатшы мұндай хабарламаны алған күннен бастап он екі ай өткеннен кейін күшіне енеді.

7-бап

      1. Кез келген ел ратификациялау туралы түсіндірусіз осы Келісімге қол қою сәтінде немесе ратификациялау немесе қосылу туралы өзінің құжатын сақтау үшін тапсыру сәтінде немесе кез келген кейінгі сәтте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлама жіберу жолымен осы Келісімнің әрекеті сыртқы қатынас үшін ол жауапты болып табылатын барлық немесе кез келген аумаққа таралатыны туралы мәлімдей алады. Келісім хабарламада көрсетілген аумаққа немесе аумақтарға оны Бас хатшы алған сәттен соң алпысыншы күннен бастап немесе егер сол күні Келісім күшіне енбеген болса, оның күшіне енген сәтінен бастап қолданылады.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес сыртқы қатынас үшін жауапты болып табылатын кез келген аумақта осы Келісімнің әрекетін тарату туралы мәлімдеме жасаған кез келген ел 6-баптың ережелеріне сәйкес осы аумаққа қатысты жеке Келісімнің күшін жоя алады.

8-бап

      1. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты екі немесе одан көп Уағдаласушы тараптар арасындағы кез келген дау мүмкіндігінше олардың арасындағы келіссөздер жолымен шешілуі тиіс.
      2. Келіссөздер арқылы шешілмеген кез келген дау дауға қатысушы Уағдаласушы тараптардың бірінің талабы бойынша аралық талқылауға жіберіледі және тиісінше дауласушы Тараптардың ортақ келісімі бойынша таңдап алынған бір немесе бірнеше арбитрлардың қарауына беріледі. Егер аралық талқылау өткізу туралы талап келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде дауласушы Тараптар арбитрды немесе арбитрларды таңдауға қатысты келісімге келе алмаса, Тараптардың кез келгені Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына шешуге осы дау берілетін бірыңғай арбитр тағайындауға өтініш білдіре алады.
      3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес тағайындалған арбитр немесе арбитрлар шешімінің дауға қатысушы Уағдаласушы тараптар үшін міндетті күші болады.

9-бап

      1. Кез келген Уағдаласушы тарап осы Келісімге кол қою, ратификациялау немесе оған қосылу кезінде ол өзін Келісімнің 8-бабымен байланыстымын деп есептейтінін мәлімдей алады. Басқа Уағдаласушы тараптар осындай түсіндірме жасаған кез келген Уағдаласушы тарапқа қатысты 8-баппен байланысты емес.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес түсіндірме жасаған кез келген Уағдаласушы тарап кез келген сәтте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тиісті хабарлама жіберу арқылы мұндай түсіндірмені алып тастай алады.
      3. Осы Келісімге немесе оған қоса берілетін Ережеге өзге ешқандай түсіндірмеге рұқсат етілмейді, алайда кез келген Уағдаласушы тарап 1-баптың Ережелеріне сәйкес ол кейбір Ережелерді қолдануға ниет білдірмейтінін немесе олардың бір де біреуін қолдануға ниет білдірмейтінін мәлімдей алады.

10-бап

      Келісімнің өзінің және оған қосымшалардың мәтініне түзетулер мынадай рәсімге сәйкес енгізілуі мүмкін:
      1. Кез келген уағдаласушы тарап осы Келісімге және оған қосымшаларға бір немесе одан көп түзету ұсына алады. Келісімге және оған қосымшаларға ұсынылған кез келген түзетудің мәтіні Бас хатшыға жіберіледі, ол оны барлық Уағдаласушы тараптарға одан әрі жібереді және осы Келісімнің 4-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық басқа елдерге хабарлайды.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес одан әрі жіберілген кез келген ұсынылған түзету егер ұсынылған түзетуді Бас хатшы одан әрі жіберген күннен бастап алты ай кезеңі ішінде Уағдаласушы тараптардың бір де бірі қарсылық білдірмесе, қабылданған болып есептеледі.
      3. Бас хатшы, мүмкіндігінше қысқа мерзімде ұсынылған түзетуге қарсылық білдірілді ме деген мәселе туралы барлық Уағдаласушы тараптарға хабарлайды. Егер ұсынылған түзетуге қарсылық білдірсе, ол қабылданған жоқ деп есептеледі және ешқандай күші болмайды. Қарсылық болмаған жағдайда түзету осы баптың 2-тармағында көзделген алты ай кезең өткеннен кейін үш айдан соң барлық Уағдаласушы тараптар үшін күшіне енеді.

11-бап

      Осы Келісімнің 23 және 5-баптарында айтылған хабарламалардан басқа, Бас хатшы Уағдаласушы тараптарға:
      а) 4-бапқа сәйкес қол қою, ратификациялау және қосылу туралы;
      b) 5-бапқа сәйкес осы Келісімнің күшіне ену күні туралы;
      c) 6-бапқа сәйкес күшін жою туралы;
      d) 7-бапқа сәйкес алынған хабарламалар туралы;
      e) 9-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес алынған мәлімдемелер мен хабарламалар туралы;
      f) 3-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес кез келген түзетудің күшіне енуі туралы;
      g) 5-баптың 3-тармағына сәйкес кез келген түзетудің күшіне енуі туралы.

12-бап

      Уағдаласушы тарап белгілеген және оған тікелей бағынатын органдар немесе туралы мекемелер осы Келісімге сәйкес басқа Уағдаласушы тарап атынан мерзімді техникалық байқау өткізе алады.

13-бап

      1998 жылғы 30 маусымнан кейін осы Келісімнің түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады, ол осы Келісімнің 4-бабының 1 және 2-тармақтарында айтылған елдердің әрқайсысына расталған көшірмелерін тиісті түрде жібереді.

      Осыған қол қоюға тиісінше уәкілетті төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
      1997 жылғы 13 қарашада Венада бір данада ағылшын, орыс және француз тілдерінде жасалды, әрі барлық үш мәтін бірдей дәлме-дәл болып табылады.

1-қосымша

ӘКІМШІЛІК КОМИТЕТТІҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ РӘСІМДЕР ЕРЕЖЕСІ

1-бап

      Әкімшілік комитеттің құрамына Келісімнің барлық Уағдаласушы тараптары кіреді.

2-бап

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Комитетке хатшылық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

3-бап

      Жыл сайын өзінің бірінші сессиясында Комитет Төрағаны және Төрағаның орынбасарын сайлайды.

4-бап

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Еуропалық экономикалық комиссияның қолдауымен жаңа Ереже немесе Ережеге түзету қабылдау қажет болған барлық жағдайда Комитетті шақырады.

5-бап

      Ұсынылатын жаңа Ереже дауысқа салынады. Әрбір ел - Келісімнің Уағдаласушы тарапы бір дауысқа ие. Шешімдер қабылдау үшін Уағдаласушы тараптардың кемінде жартысы құрамында кворум қажет етіледі. Кворум белгілеу мақсатында Келісімнің Уағдаласушы тараптары болып табылатын өңірлік экономикалық интеграция Ұйымдары өзіне мүше мемлекеттердің саны бойынша дауыс сандарын орналастыра отырып, дауыс беруге қатысады. Өңірлік экономикалық интеграция ұйымының өкілі осы ұйымның құрамына кіретін егемен мемлекеттер үшін дауыс бере алады. Жаңа Ереже жобасы мүшелердің дауыс беруде болғандар мен қатысушылар санының үштен екісінің басым даусымен қабылданады.

6-бап

      Ережеге ұсынылатын түзетулер дауысқа салынады. Әрбір ел - осы Ережені қолданатын Келісімнің Уағдаласушы тарапы бір дауысқа ие. Шешім қабылдау үшін осы Ережені қолданатын Уағдаласушы тараптардың кемінде жартысы құрамында кворум қажет етіледі. Кворум белгілеу мақсатында Келісімнің Уағдаласушы тарапы болып табылатын өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары өзіне мүше мемлекеттердің саны бойынша дауыс сандарын орналастыра отырып, дауыс беруге қатысады. Өңірлік экономикалық интеграция ұйымының өкілі осы Ережені қолданатын ұйым құрамына кіретін егемен мемлекеттер үшін дауыс бере алады. Ережеге түзетулер жобасы мүшелердің дауыс беруде болғандар мен қатысушылар санының үштен екісінің басым дауысымен қабылданады.

2-қосымша

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ СЕРТИФИКАТЫ

      1. Техникалық байқаудың уәкілетті орталықтары бақылау байқауларын жүргізу, 1997 жылғы Вена келісіміне қоса берілген Ережеге (Ережелерге) сәйкес қамтылған байқаудың талаптарына сәйкестігі туралы куәлік беру үшін және үлгісі төменде көрсетілген Халықаралық техникалық байқау сертификатының № 12.5 позициясындағы келесі байқаудың соңғы күнінің көрсетілуіне жауап береді.
      2. Халықаралық техникалық байқау сертификаты төменде көрсетілген ақпаратты қамтиды. Ол жасыл түсті мұқабамен және ішінде ақ беттері бар А6 форматтағы (148 x 105 мм) немесе мемлекеттің немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының ерекше белгісі тұрған бөлім А6 форматқа дейін бүктелген Сертификаттың алдыңғы бетінде тұратындай етіп жасалған бір парақ жасыл немесе ақ түсті А4 форматындағы (210x197 мм) буклетті білдіреді.
      3. Сертификаттың тармақтары және онда қамтылған мәтіндер Сертификат беретін позициялардың нөмірлері сақтала отырып, Уағдаласушы тараптардың ұлттық тілінде басылады.
      4. Балама ретінде Келісімнің Уағдаласушы тараптары қолданатын мерзімді байқаулардың хаттамалары пайдаланылуы мүмкін. Олардың үлгісі Уағдаласушы тараптарды хабардар ету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберіледі.
      5. Халықаралық техникалық байқау сертификатындағы позицияларды қолмен жазу, машинка немесе компьютер көмегімен толтыруды тек құзыретті орган латын тілінде жүргізеді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ
МАЗМҰНЫ

___________________
| БҰҰ мемлекетінің |
| айырым белгісіне |
| арналған орны    |
___________________

______________________________________

(Техникалық байқау жүргізу үшін жауап беретін әкімшілік орган)

______________________________________ 1

«CERTIFICAT INTERNATIONAL DE CONTROLE TECHNIQUE» 2

__________________
1 «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ» ұлттық тілдегі атауы.
2 Француз тіліндегі атауы.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ СЕРТИФИКАТЫ

12. Нөмірлік белгі (тіркеу) № ________________________________
12. Автокөлік құралының сәйкестендіру нөмірі _________________
12. Дайындалғаннан кейін бірінші тіркеу (мемлекет, құзыретті орган)1
______________________________________________________
12. Дайындалғаннан кейін бірінші тіркеу күні _________________
12. Техникалық байқау жүргізу күні ___________________________

СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ

6. Осы сертификат дөңгелекті көлік құралдарын мерзімді техникалық байқау үшін
бірыңғай шарттарды қабылдау туралы және осындай байқауларды өзара мойындау
туралы 1997 жылғы Келісімге қоса берілген Ережеге (ережелерге) № 1 және № 2
позицияларында және № 5 позицияда көрсетілген күнге сәйкес келген автокөлік
құралына беріледі.
7. Автокөлік құралын келесі техникалық байқау № 6 позицияда көрсетілген Ережеге
(Ережелерге) сәйкес
Күні: (жыл/ай) _______________________кешіктірмей жүргізіледі.
8. Берілді ___________________________________________________
9. Орнына ____________________________________________________
10. Күні _____________________________________________________
11. Қолы _____________________________________________________

___________________
1 Автокөлік құралы дайындалғаннан кейін бірінші тіркелген құзыретті орган және мемлекет ,егер мұндай ақпарат бар болса.
2 Сертификат берген құзыретті органның мөрі немесе мөртаңбасы.

12. Келесі мерзімді техникалық байқау (Келесі мерзімді техникалық байқаулар)1

12.1 Жүргізілді (техникалық байқау орталығы) ______________________________
12.2 (мөр)
12.3 Күні _________________________________________________________________
12.4 Қолы _________________________________________________________________
12 5 Келесі байқау ___________________________________ (жыл/ай) кешіктірмей




_____________________
1 Егер Сертификатты келесі жыл сайынғы мерзімді техникалық байқаулар үшін пайдалану болжанып отырса, 12.1 - 12.5-тармақтар бірнеше рет жүргізіледі.
2 Уәкілетті құзыретті органның атауы, мекен-жайы, техникалық байқау орталығының мемлекеті.

      Түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға берілген, Венада 1997 жылғы 13 қарашада қол қою үшін ашылған Дөңгелекті көлік құралдарын мерзімді техникалық байқауға арналған біркелкі талаптарды қабылдау туралы және осындай байқауларды өзара мойындау туралы келісімнің растайтын көшірмесі болатындығын осымен куәландырамын.

      Бас Хатшы үшін
      Бас Консул
      (Бас Хатшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары)

      Ганс Корелл

      Нью-Йорк
      1997 жылы 31 қазан