Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 26 наурыздағы N 144-IV Заңы

Қолданыстағы

      Нью-Йоркте 1999 жылғы 12 наурызда қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Біріккен Ұлттар Ұйымының
Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына
Киото хаттамасы

(2009 жылғы 17 қыркүйекте күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Осы Хаттаманың тараптары,
      бұдан әрі "Конвенция" деп аталатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Тараптары болып табыла отырып,
      Конвенцияның 2-бапта айтылғандай түбегейлі мақсатына кол жеткізу мақсатында,
      Конвенцияның ережелеріне сілтеме жасап,
      Конвенцияның 3-бабын басшылыққа ала отырып,
      Конвенция Тараптары Конференциясы бірінші сессиясының 1/СР.1 Шешімінде қабылданған Берлин мандатын атқару үшін,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Осы Хаттаманың мақсатына орай Конвенцияның 1-бабында қамтылған анықтамалар қолданылады. Бұған қоса:
      1. " Тараптардың Конференциясы " Конвенция Тараптарының Конференциясын білдіреді.
      2. " Конвенция " Нью-Йоркте 1992 жылғы 9 мамырда қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын білдіреді.
      3. " Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топ " 1988 жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы бірлесіп құрған Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобын білдіреді.
      4. " Монреаль хаттамасы " 1987 жылғы 16 қыркүйекте Монреальда қабылданған, өзіне кейіннен енгізілген өзгерістері мен түзетулері бар Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасын білдіреді.
      5. " Дауыс беруге келген және оған қатысқан Тараптар " келген және жақтап немесе қарсы дауыс берген Тараптарды білдіреді.
      6. " Тарап ", егер контексте басқаша болмаса, осы Хаттаманың Тарабын білдіреді.
      7. " I қосымшаға енгізілген Тарап " Конвенцияға I қосымшаға оған енгізілуі мүмкін түзетулермен енгізілген Тарапты немесе Конвенцияның 4-бабының 2 "g" тармағына сәйкес хабарлама ұсынған Тарапты білдіреді.

2-бап

      1. I қосымшаға енгізілген әрбір Тарап 3-бапқа сәйкес өзінің шығарындыларды шектеу және қысқарту жөніндегі белгілі бір сандық міндеттемелерін орындау кезінде тұрақты дамуды көтермелеу мақсатында:
      а) өзінің ұлттық жағдайларына сәйкес
      і) ұлттық экономиканың тиісті секторларында энергия пайдаланудың тиімділігін арттыру;
      іі) өзінің тиісті табиғат қорғау келісімдері бойынша міндеттемелерін ескере отырып, Монреаль хаттамасында реттелмеген парник газдар сіңіргіштері мен жинақтағыштарын қорғау және олардың сапасын арттыру; орман шаруашылығын жүргізудің ұтымды әдістеріне, тұрақты негізде ормандануға және орманды қалпына келтіруге жәрдемдесу;
      ііі) климаттың өзгеруіне байланысты пайымдаулар тұрғысынан ауыл шаруашылығының тұрақты нысандарын көтермелеу;
      іv) жаңа және қалпына келетін энергия түрлерін, көміртегі диоксидін сіңіру технологияларын және инновациялық экологиялық жағынан қауіпсіз технологияларды енгізуге жәрдемдесу, зерттеу жұмыстарын жүргізу, әзірлеу және барынша кеңінен пайдалану;
      v) парник газдарын шығару көздері барлық секторларда Конвенция мақсатына қайшы келетін нарықтық диспропорцияны, фискалдық ынталанлыруды, салық пен баждардан босатуларды және субсидияларды біртіндеп қысқарту немесе жою, нарықтық құралдарды қолдану;
      vі) Монреаль хаттамасында реттелмеген парник газдары шығарындыларын шектейтін немесе қысқартатын саясат пен шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында тиісті секторлардағы тиісті реформаларды көтермелеу;
      vіі) көлікте Монреаль хаттамасында реттелмеген парник газдары шығарындыларын шектеу және/немесе қысқарту;
      vііі) қалдықтарды жою кезінде, сондай-ақ энергияны өндіру, тасымалдау және бөлу кезінде метанның шығарындыларын рекуперациялау және пайдалану жолымен шектеу және/немесе қысқарту секілді саясат пен шараларды жүзеге асырады және/немесе одан әрі әзірлейді;
      b) Конвенцияның осы бабына, 4-бабының 2 "е""і" тармағына сәйкес қабылданатын саясаты мен шараларының жеке-дара және бірлескен тиімділігін арттыру мақсатында басқа осындай Тараптармен ынтымақтасады. Осы мақсатта осы Тараптар өз тәжірибесін тарату және осындай саясат пен шаралар, оған қоса олардың салыстырмалылығын, ашықтығы мен тиімділігін арттыру тәсілдерін әзірлеу туралы ақпарат алмасу үшін қадамдар жасайды. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы өзінің бірінші сессиясында немесе практикалық тұрғыдан мүмкін болуына орай кейіннен осындай ынтымақтастыққа барлық бар ақпаратты ескере отырып жәрдемдесу жолдарын қарастырады.
      2. I қосымшаға енгізілген Тараптар әуе және теңіз тасымалдарында бункер отының пайдалану нәтижесінде құралған, Монреаль хаттамасында реттелмеген парник газдары шығарындыларын шектеуге немесе қысқартуға Халықаралық азаматтық авиация Ұйымы және Халықаралық теңіз Ұйымы арқылы әрекет ете отырып ұмтылады.
      3. I қосымшаға енгізілген Тараптар осы бапқа сәйкес саясат пен шараларды Конвенцияның 3-бабын ескере отырып, қолайсыз салдарларды оның ішінде климаттың өзгеруінің қолайсыз салдарларын, халықаралық саудаға әсерді және басқа Тараптар үшін, әсіресе дамушы елдер болып табылатын Тараптар үшін, атап айтқанда, Конвенцияның 4-бабының 8 және 9-тармақтарында атап тізбеленгендер үшін барынша азайтатындай етіп, жүзеге асырады. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы қажет болған жағдайда, осы тармақтың ережелерін жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында одан әрі іс-әрекеттер жасауы мүмкін.
      4. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы, егер ол әртүрлі ұлттық жағдайлар мен әлеуетті салдарларды ескере отырып, жоғарыда 1-тармақта көзделген кез келген саясат пен шараларды үйлестірудің пайдалы екені туралы шешім қабылдаса, осындай саясат пен шараларды үйлестіру жолдары мен іске қосу құралдарын қарастырады.

3-бап

      1. I қосымшаға енгізілген Тараптар міндеттемелердің 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін қолданылуы кезеңінде олардың осындай газдарды жалпы шығаруын 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда кемінде бес процентке қысқарту мақсатында олардың А Қосымшада атап тізбеленген, көміртегі диоксиді баламасындағы бірлескен антропогендік парник газ шығаруының В Қосымшада тіркелген және осы бап ережелеріне сәйкес шығарындыларды шектеу және қысқарту жөніндегі белгілі бір сандық міндеттемелерді орындауы үшін есептеліп, оларға арнап белгіленген саннан асып кетпеуін жеке-дара немесе бірлесіп қамтамасыз етеді.
      2. I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап 2005 жылға дейін осы Хаттама бойынша өзінің міндеттемелерін орындауда айқын прогреске қол жеткізеді.
      3. I Қосымшаға енгізілген әрбір Тараптың осы бап бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жер пайдаланудағы және орман шаруашылығындағы өзгерістер саласындағы 1990 жылдан бастап орманданумен, орманды қалпына келтірумен және ормансызданумен шектелген адам қызметінің тікелей нәтижесі болып табылатын көздерден шығарындылар және парник газдарды сіңірушілер абсорбциясы шамасына міндеттемелер қолданылуының әрбір кезеңінде жинақтауыштарда тексеруге келетін өзгерістер ретінде өлшенетін таза өзгерістер пайдаланылады. Қызметтің осы түрлерімен байланысты көздерден шығарындылар және парник газдар сіңіргіштерінің абсорбциясы туралы баяндамалар ашық және тексеруге келетін түрде табыс етіліп, 7 және 8-баптарға сәйкес қаралады.
      4. I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясының бірінші сессиясына дейін Ғылыми және техникалық аспектілер бойынша консультация беруге арналған көмекші органының қарауына деректерді оның 1990 жылы көміртегінің жинақталу деңгейін белгілеу үшін және кейінгі жылдары оның көміртегі жинақталуында болған өзгерістерге бағалау жүргізу үшін табыс етеді. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы өзінің бірінші сессиясында немесе практикалық тұрғыдан мүмкін болуына қарай кейіннен, баяндамалар табыс етілген кездегі беймәлімділік, ашықтық факторларын, Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының ықтимал тексерулерін, әдістемелік жұмыстарын, Ғылыми және техникалық аспектілер бойынша консультация беруге арналған көмекші орган 5-бапқа сәйкес ұсынатын консультацияларды және Тараптар Конференциясының шешімдерін ескере отырып, парник газдар шығарындыларындағы және олардың абсорбциясындағы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану, жер пайдалану және орман шаруашылығы тұрғысындағы өзгерістер санаттарындағы өзгерістермен байланысты адам қызметінің қай және қандай қосымша түрлері I Қосымшаға енгізілген Тараптар үшін белгіленген санды толықтыратынына немесе одан шегеріп тасталатынына қатысы бар шарттарға, ережелер мен басшы принциптерге қатысты шешім қабылдайды. Тарап осы қызмет түрлері 1990 жылдан бастап орын алған жағдайда адам қызметінің осы қосымша түрлері туралы осындай шешімді өзінің міндеттемелер қолданылуының бірінші кезеңінде қолдануды шешуі мүмкін.
      5. I Қосымшаға енгізілген, нарықтық экономикаға көшу процесін жүзеге асыратын және өздеріне Тараптар Конференциясының екінші сессиясында 9/СР 2 Шешімін орындау тұрғысынан базалық жыл немесе кезең белгіленген Тараптар осы базалық жылды немесе кезеңді өздерінің осы бап бойынша міндеттемелерін жүзеге асыру үшін пайдаланады. I Қосымшаға енгізілген, нарықтық экономикаға көшу процесін жүзеге асыратын және өзінің Конвенцияның 12-бабына сәйкес бірінші ұлттық хабарламасын әлі табыс етпеген кез келген Тарап та осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясына өзінің осы бап бойынша міндеттемелерін жүзеге асыру үшін 1990 жылдан өзгеше базалық жылды немесе кезеңді пайдалану ниетін хабарлай алады. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы осындай хабарламаны қабылдау туралы мәселені шешеді.
      6. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы I Қосымшаға енгізілген, нарықтық экономикаға көшу процесін жүзеге асыратын Тарапқа олар осы бапта көзделген міндеттемелерден басқа өздерінің міндеттемелерін орындаған кезде Конвенцияның 4-бабының 6-тармағын ескере отырып, белгілі бір икемділік дәрежесін береді.
      7. Шығарындыларды шектеу және қысқарту жөніндегі белгілі бір сандық міндеттемелерді қолданудың 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі бірінші кезеңінде I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап үшін белгіленген сан ол үшін В Қосымшада тіркелген оның А Қосымшада тізіп санамаланған, 1990 жыл үшін немесе жоғарыда 5-тармаққа сәйкес айқындалған базалық жыл немесе кезең үшін көміртегі диоксиді баламасындағы парник газдардың таза жиынтық антропогендік шығарындыларының беске көбейтілген проценттік үлесіне тең. I Қосымшаға енгізілген, өздері үшін 1990 жыл жер пайдаланудағы және орман шаруашылығындағы өзгерістер парник газдары шығарындыларының таза көздері болған, өздерінің белгіленген сандарын есептеу үшін өзінің шығарындыларына базалық 1990 жыл үшін немесе базалық кезең үшін көміртегі диоксиді баламасындағы жиынтық антропогендік шығарындыларды 1990 жылғы жер пайдаланудағы өзгерістер нәтижесіндегі абсорбцияны шегере отырып қосады.
      8. I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап жоғарыда 7-тармақта айтылған есептеу мақсаты үшін 1995 жылды гидрофторкөміртегі, перфторкөміртегі және күкірт гексафториді үшін базалық жыл ретінде пайдалана алады.
      9. I Қосымшаға енгізілген Тараптар үшін келесі кезеңдердегі міндеттемелер осы Хаттамаға Қосымшаларға 21-баптың 7-тармағының ережелеріне сәйкес қабылданатын түзетулерде белгіленеді. Осы Хаттаманың Тараптары осындай міндеттемелерді қарастыруды жоғарыда 1-тармақта айтылған міндеттемелер қолданылуының бірінші кезеңі аяқталғанға дейін кемінде жеті жыл бұрын бастайды.
      10. Қандай да бір Тарап басқа Тараптан 6-бапқа және 16-бис бапқа сәйкес алатын шығарындыларды қысқартудың кез келген бірлігі немесе белгіленген бөліктің кез келген бөлігі алатын Тараптың белгіленген санына қосылады.
      11. Қандай да бір Тарап басқа Тарапқа 6-бапқа және 16-бис бапқа сәйкес беретін шығарындыларды қысқартудың кез келген бірлігі немесе белгіленген бөліктің кез келген бөлігі беретін Тараптың белгіленген санынан шегеріледі.
      12. Қандай да бір Тарап басқа Тараптан 13-бапқа сәйкес алатын шығарындыларды қысқартудың кез келген сертификатталған бірлігі алатын Тараптың белгіленген санына қосылады.
      13. I Қосымшаға енгізілген Тараптың міндеттемелер қолданылуының сол немесе өзге кезеңіндегі шығарындылары оған осы бапқа сәйкес белгіленген саннан аз болса, онда бұл айырма осы Тараптың өтініші бойынша осы Тараптың міндеттемелер қолданылуының келесі кезеңдеріндегі белгіленген санына қосылады.
      14. I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап жоғарыда 1-тармақта айтылған міндеттемелерді дамушы елдер болып табылатын Тараптар үшін, атап айтқанда, әсіресе Конвенцияның 4-бабының 8 және 9-тармақтарында атап тізбеленген Тараптар үшін қолайсыз әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салдарларды барынша азайтатындай етіп жүзеге асыруға ұмтылады. Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы осы тармақтарды жүзеге асыру туралы Тараптар Конференциясының тиісті шешімдеріне сәйкес бірінші сессияда жоғарыда айтылған тармақтарда атап тізбеленген Тараптар үшін климаттың өзгеруінің қолайсыз салдарларын және/немесе ден қою шараларының салдарларын барынша азайтуға қандай іс-шаралар қабылдау қажет екенін қарастырады. Қаралуға жататын мәселелер қатарына технологияларды қаржыландыруды, сақтандыруды және беруді қамтамасыз ету жатады.

4-бап

      1. I Қосымшаға енгізілген, өздерінің 3-бап бойынша міндеттемелерін бірлесіп орындау туралы келісімге қол жеткізген кез келген Тараптар олардың А Қосымшада атап тізбеленген, көміртегі диоксиді баламасындағы жиынтық антропогендік парник газдары шығарындыларының жалпы жинағы олардың В Қосымшада тіркелген және 3-баптың ережелеріне сәйкес шығарындыларды шектеу және қысқарту жөніндегі белгілі бір сандық міндеттемелерін орындау үшін есептелген белгіленген сандардан асып кетпеген жағдайда орындалды деп қарастырылады. Осындай келісімнің әрбір Тарабы үшін белгіленген шығарындылардың тиісті деңгейі осы келісімде айқындалады.
      2. Осындай кез келген келісімнің Тараптары өзінің осы Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу туралы құжаттарын сақтауға тапсырған күні хатшылықты келісімнің шарттары туралы хабардар етеді. Хатшылық өз кезегінде Конвенцияның Тараптары мен сигнатарийлеріне осы келісімнің шарттары туралы хабарлайды.
      3. Осындай кез келген келісім 3-баптың 7-тармағында көрсетілген міндеттемелер қолданылуының кезеңі бойында күшінде қалады.
      4. Егер жеке-дара әрекет ететін Тараптар оны өңірлік экономикалық интеграциялану ұйымы шеңберінде немесе онымен бірлесіп жасаса, осы Хаттама қабылданғанннан кейін осы ұйым құрамында болған ешбір өзгеріс осы Хаттама бойынша бар міндеттемелерге әсер етпейді. Ұйым құрамындағы кез келген өзгеріс осы өзгерістен кейін қабылданған, 3-бап бойынша міндеттемелер мақсатына орай ғана қолданылады.
      5. Егер осындай келісім Тараптары өздерінің шығарындылар деңгейінің жалпы жиынтық қысқаруына қол жеткізбесе, осындай келісімнің әрбір Тарабы осы келісімде белгіленген өзінің шығарындылар деңгейі үшін жауапты болады.
      6. Егер бірлесіп әрекет ететін Тараптар оны осы Хаттаманың Тарабы болып табылатын өңірлік экономикалық интеграциялау ұйымы шеңберінде немесе онымен бірлесіп жасаса, онда шығарындылар деңгейінің жалпы жиынтық қысқаруына қол жеткізілмеген жағдайда хабарламасы осы бапқа сәйкес табыс етілген шығарындылар деңгейі үшін осындай өңірлік экономикалық интеграциялау ұйымының мүшесі әрбір мемлекет жеке өзі және 24-бапқа сәйкес әрекет ететін өңірлік экономикалық интеграциялау ұйымымен бірлесіп жауапты болады.

5-бап

      1. I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап міндеттемелер қолданылуының бірінші кезеңі басталардан кемінде бір жыл бұрын Монреаль хаттамасында реттелмеген көздерден антропогендік шығарындыларды және парник газдар сіңіргіштерінің абсорбциясын бағалау үшін ұлттық жүйе құрады. Осындай ұлттық жүйелер үшін төменде 2-тармақта көрсетілген әдіснаманы қамтитын басшы принциптерді осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы өзінің бірінші сессиясында қабылдайды.
      2. Климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобы қабылдаған және Конвенция Тараптарының Конференциясы өзінің үшінші сессиясында мақұлдаған әдіснама Монреаль хаттамасында реттелмеген көздерден антропогендік шығарындыларды және парник газдар сіңіргіштерінің абсорбциясын бағалау үшін әдіснама болып табылады. Мұндай әдіснамалар пайдаланылмаған кезде осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы өзінің бірінші сессиясында мақұлдаған әдіснамаларға сәйкес тиісті түзетулер енгізіледі. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы жұмыстың, атап айтқанда Климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобы жұмысының және Ғылыми және  техникалық аспектілер бойынша консультация беруге арналған көмекші орган ұсынған консультациялардың негізінде осындай әдіснамалар мен түзетулерге ұдайы шолу жүргізеді және қажет болған кезде оларды Тараптар Конференциясының кез келген тиісті шешімдерін назарға ала отырып толықтай қайта қарайды. Әдіснамалар мен түзетулерді кез келген қайта қарау 3-бап бойынша міндеттемелердің міндеттемелер қолданылуының кез келген кезеңіне қатысты сақталуын белгілеу мақсатына орай ғана қолданылады.
      3. Климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобы қабылдаған және Конвенция Тараптарының Конференциясы өзінің үшінші сессиясында мақұлдаған әлеуеттер А Қосымшада атап тізбеленген, көздерден антропогендік шығарындыларды және парник газдар сіңіргіштерінің абсорбциясын көміртегі диоксиді баламасына қайта есептеу үшін пайдаланылатын жаһандық жылыну әлеуеттері болып табылады. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы жұмыстың, атап айтқанда Климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобы жұмысының және Ғылыми және техникалық аспектілер бойынша консультация беруге арналған көмекші орган ұсынған консультациялардың негізінде осындай парник газдың жаһандық жылыну әлеуеті шамасын ұдайы қарастырады және қажет болған кезде оларды Тараптар Конференциясының кез келген тиісті шешімдерін толықтай назарға ала отырып толықтай қайта қарайды. Жаһандық жылынудың сол немесе өзге әлеуеті шамасының кез келген өзгерісі 3-бап бойынша міндеттемелерге міндеттемелер қолданылуының айтылған қайта қараудан кейінгі кез келген кезеңіне қатысты ғана қолданылады.

6-бап

      1. I Қосымшаға енгізілген кез келген Тарап өзінің 3-бап бойынша міндеттемелерін орындау мақсатына орай экономиканың кез келген секторында көздерден антропогендік шығарындыларды қысқартуға немесе парник газдар сіңіргіштерінің абсорбциясын ұлғайтуға бағытталған жобалар нәтижесінде сатып алынған шығарындыларды қысқарту бірлігін:
      а) кез келген осындай жобаны қатысушы Тараптар бекіткен;
      b) кез келген осындай жоба өзге жағдайда орын алуы мүмкінге қосымша көздерден антропогендік шығарындыларды қысқартуды немесе парник газдар сіңіргіштерінің абсорбциясын ұлғайтуды көздеген;
      с) егер ол 5 және 7-баптар бойынша өз міндеттемелерін сақтамаса, шығарындыларды қысқартудың ешбір бірлігін алмаған; және
      d) шығарындыларды қысқартудың бірлігін сатып алу 3-бап бойынша міндеттемелерді орындау мақсатына орай ішкі іс-қимылды толықтырған жағдайда, кез келген осындай Тарапқа беруі немесе одан сатып алуы мүмкін.
      2. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы өзінің бірінші сессиясында немесе практикалық тұрғыдан мүмкін болуына орай кейіннен осы бапты жүзеге асыру үшін, оның ішінде баяндамаларды тексеру және табыс ету үшін одан әрі басшы принциптерді әзірлеп шығарады.
      3. I Қосымшаға енгізілген Тарап заңды тұлғаларды өзінің жауаптылығы аясында шығарындыларды қысқарту бірліктерін осы бапқа сәйкес алуға, беруге немесе сатып алуға бастайтын іс-әрекеттерге қатысуға уәкілетті етуі мүмкін.
      4. Егер I Қосымшаға енгізілген сол немесе өзге Тараптың осы бапта көрсетілген талаптарды орындауына қатысты мәселе 8-баптың ережелеріне сәйкес анықталса, шығарындыларды қысқарту бірліктерін беру және сатып алу Тараптардың ешбірі сақтау туралы мәселе шешілгенге дейін осындай бірліктің ешқайсысын 3-бап бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін пайдаланбаған жағдайда осы мәселе анықталғаннан кейін жалғаса береді.

7-бап

      1. I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап өзінің Монреаль хаттамасында реттелмеген көздерден антропогендік шығарындыларының және парник газдар сіңіргіштері абсорбциясының жыл сайынғы кадастрына 3-баптың сақталуын қамтамасыз ету мақсаты үшін төменде 4-тармаққа сәйкес айқындалатын, Конвенция Тараптары Конференциясының тиісті шешімдеріне сәйкес табыс етілетін қажетті қосымша ақпаратты енгізеді.
      2. I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап Конвенцияның 12-бабына сәйкес табыс етілетін өзінің ұлттық хабарламасына өзінің осы Хаттама бойынша, оның ішінде 2, 3, 5, 6, 7, 12 және 13-баптар бойынша міндеттемелерді сақтайтынын көрсету үшін қажетті, төменде 4-тармаққа сәйкес айқындалатын қосымша ақпаратты енгізеді.
      3. I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап жоғарыда 1-тармаққа сәйкес талап етілетін ақпаратты осы Хаттама осы Тарап үшін күшіне енгеннен кейін міндеттемелер қолданылу кезеңінің бірінші жылы үшін Конвенцияға сәйкес табыс етілуге жататын бірінші кадастрдан бастап жыл сайынғы негізде табыс етеді. Осындай әрбір Тарап жоғарыда 2-тармаққа сәйкес талап етілетін ақпаратты осы Хаттама өзі үшін күшіне енгеннен кейін және төменде 4-тармақта көзделгендей басшы принциптер қабылданғаннан кейін Конвенцияға сәйкес табыс етілуге жататын бірінші ұлттық хабарламаның бір бөлігі ретінде табыс етеді. Осы бапқа сәйкес талап етілетін ақпаратты одан әрі табыс етудің кезеңділігін осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы ұлттық хабарламаларды табыс ету үшін Тараптар Конференциясы қабылдаған кез келген кестені ескере отырып айқындайды.
      4. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы өзінің бірінші сессиясында осы бапқа сәйкес талап етілетін ақпаратты дайындау үшін басшы принциптерді қабылдайды және кейіннен оларды I Қосымшаға енгізілген Тараптың ұлттық хабарламасын дайындау үшін Тараптар Конференциясы қабылдаған басшы принциптерді ескере отырып, кезең-кезеңмен қайта қарайды. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы сондай-ақ міндеттемелер қолданылуының бірінші кезеңі басталғанға дейін белгіленген сандарды есепке алу тәртібі туралы шешім қабылдайды.

8-бап

      1. I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап Конвенцияның 7-бабына сәйкес табыс ететін ақпаратты қарау жөніндегі сарапшылар тобы Тараптар Конференциясының тиісті шешімдерін орындау үшін және осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы осы мақсат үшін төменде 4-тармаққа сәйкес қабылдаған басшы принциптерге сәйкес қарастырады. I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап 7-баптың 1-тармағына сәйкес табыс ететін ақпарат шығарындылар кадастрының және белгіленген сандардың жыл сайынғы компиляциясының және есепке алынуының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бұған қосымша ретінде I Қосымшаға енгізілген әрбір Тарап 7-баптың 2-тармағына сәйкес табыс ететін ақпарат хабарламаларды қарастырудың бір бөлігі ретінде қарастырылады.
      2. Қарау жөніндегі сарапшылар тобын хатшылық үйлестіреді және бұл топ Конвенция Тараптары және қажет болған жағдайда үкіметтік емес ұйымдар осы мақсат үшін Тараптар Конференциясы қабылдаған басшы нұсқауларға сәйкес ұсынатын кандидатуралардан іріктеп алынған сарапшылардың тұрады.
      3. Қарау процесі шеңберінде осы Хаттаманы сол немесе өзге Тараптың жүзеге асыруының барлық аспектілеріне егжей-тегжейлі және толық қамтитын техникалық бағалау жүргізіледі. Қарау жөніндегі сарапшылар тобы осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясына баяндама әзірлейді, онда Тараптың өз міндеттемелерін жүзеге асыруына бағалау жүргізіліп, міндеттемелердің орындалуына әсер ететін кез келген әлеуетті проблемалар мен факторлар анықталады. Хатшылық осындай баяндамаларды Конвенцияның барлық Тараптары арасында таратады. Хатшылық осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясының одан әрі қарауы үшін осындай баяндамаларда анықталған, жүзеге асыруға қатысты мәселелердің тізбесін жасайды.
      4. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы өзінің бірінші сессиясында қарау жөніндегі сарапшылар тобының осы Хаттаманың жүзеге асырылу барысын қарауы үшін басшы принциптерді қабылдайды және кейіннен оларды Тараптар Конференциясының тиісті шешімдерін ескере отырып, кезең-кезеңмен қайта қарайды.
      5. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы жағдайға қарай Жүзеге асыру жөніндегі көмекші органның және Ғылыми және техникалық аспектілер бойынша консультация беруге арналған көмекші органның жәрдеміне сүйеніп:
      а) Тараптар 7-бапқа сәйкес табыс еткен ақпаратты және сарапшылардың оны осы бапқа сәйкес жүргізілген қарау жөніндегі баяндамаларын, және
      b) хатшылық жоғарыда 3-тармаққа сәйкес тізбеге енгізген, жүзеге асыруға қатысты мәселелерді, сондай-ақ Тараптар көтерген кез келген мәселелерді қарастырады.
      6. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы жоғарыда 5-тармақта айтылған ақпаратты қарап шыққаннан кейін осы Хаттаманы жүзеге асыру үшін қажет кез келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

9-бап

      1. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы осы Хаттаманы қолда бар озық ғылыми ақпаратқа және климаттың өзгеруін және оның салдарларын бағалауға, сондай-ақ бұған қатысы бар техникалық, әлеуметтік және экономикалық ақпаратқа орай кезең-кезеңмен қайта қарайды. Мұндай қарастыру Конвенция шеңберіндегі тиісті қарастырулармен, атап айтқанда Конвенцияның 4-бабының 2 "d" тармағына және 7-бабының 2 "а" тармағына сәйкес көзделген қарастырулармен үйлестіріледі. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы осындай қарастырулар негізінде тиісті шешімдер қабылдайды.
      2. Бірінші қарастыру осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясының екінші сессиясында өткізіледі. Бұдан әрі қарастырулар ұдайы және уақтылы жүрде өткізіледі.

10-бап

      Барлық Тараптар өздерінің жалпы, бірақ сараланған жауаптылығын және өздерінің ерекше ұлттық және өңірлік басымдықтарын, даму саласындағы мақсаты мен шарттарын назарға алып, I Қосымшаға енгізілмеген Тараптар үшін жаңа міндеттемелерді қолданысқа енгізбей, бірақ Конвенцияның 4-бабының 1-тармағы бойынша бар міндеттемелерін қайтадан растай отырып және осы міндеттемелерді тұрақты дамуға қол жеткізу үшін жүзеге асыруды жалғастыра келіп, Конвенцияның 4-бабының 3, 5 және 7-тармақтарын назарға ала отырып:
      а) шығарындылардың жергілікті көрсеткіштері сапасын арттырудың орынды және қаншалықты мүмкін болған жағдайда шығын тұрғысынан тиімді ұлттық бағдарламаларын және тиісті жағдайларда өңірлік бағдарламаларын, Монреаль хаттамасында реттелмеген көздерден антропогендік шығарындылардың және парник газдары сіңіргіштері абсорбциясының ұлттық кадастрын жасау және кезең-кезеңмен жаңартып тұру мақсатында әрбір Тараптың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын көрсететін қызмет туралы деректерді және/немесе модельдерді Тараптар Конференциясы мақұлдайтын салыстырмалы әдіснамаларды пайдалана отырып және ұлттық хабарламаларды дайындау үшін Тараптар Конференциясы қабылдаған басшы принциптерге сәйкес қалыптастырады;
      b) климаттың өзгеру салдарларын жұмсарту жөніндегі шаралар және климаттың өзгеруіне бара-бар бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі шаралар көзделетін ұлттық бағдарламаларды және тиісті жағдайларда ұлттық бағдарламаларды қалыптастырады, жүзеге асырады және ұдайы жаңартып отырады.
      і) осындай бағдарламалар, атап айтқанда, энергетика, көлік және өнеркәсіп, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы секторларына және қалдықты жоюға қатысты. Бұдан басқа, бейімдеу технологиялары мен аумақтық-кеңістік жоспарлауды жетілдіру әдістерінің арқасында климатқа бейімделуді жетілдіруге болады;
      іі) I Қосымшаға енгізілген Тараптар ұлттық бағдарламаларды қоса алғанда, осы Хаттамаға сәйкес, 7-бапқа сәйкес іс-қимылдар туралы ақпарат береді, ал басқа Тараптар тиісті жағдайларда өздерінің ұлттық хабарламаларына тиісті Тараптың пікірінше, парник газдары шығарындыларының ұлғаюымен күресті, сондай-ақ сорғыштардың сапасы мен сорғыштардың жұтуы сапасын арттыруды, әлеуеті мен бейімдеу шараларын күшейтуді қоса алғанда, климаттың және оның қолайсыз салдарларының өзгеруі проблемаларын шешуге жәрдемдесетін шараларды қамтитын бағдарламалар туралы ақпаратты енгізуге тырысады;
      с) экологиялық қауіпсіз технологиялар, ноу-хау, климаттың өзгеруіне қатысы бар практика мен процестерді әзірлеу, қолдану және тарату үшін тиімді жағдайлар жасауға көмек көрсетуде ынтымақтастық жасайды және мемлекеттің меншігіндегі немесе қоғамдық игілік болып табылатын экологиялық қауіпсіз технологияларды тиімді берудің саясатын және бағдарламаларын әзірлеуді қоса алғанда, осындай технологияларды, ноу-хауды, практика мен процестерді беруді, осындай технологияларға, ноу-хауға, практика мен процестерге әсіресе дамушы елдердің қол жеткізуіне жағдайларға қарай көтермелеу, жеңілдету әрі қаржыландыру және экологиялық қауіпсіз технологиялар беру мен оларға қол жеткізуді көтермелеу әрі кеңейтуге қатысты жеке секторға қолайлы жағдай жасау үшін барлық практикалық түрде орындалатын қадамдар жасайды;
      d) климат жүйесімен, климаттың өзгеруінің қолайсыз салдарларымен және әртүрлі ден қою стратегияларының экономикалық және әлеуметтік салдарларымен байланысты белгісіз жағдайларды азайту үшін ғылыми-техникалық зерттеулерде әрі деректер мұрағатын жүйелі түрде қадағалау мен дамыту жүйелерін қолдау әрі дамытуда ынтымақтастық жасайды, сондай-ақ Конвенцияның 5-бабын назарға ала отырып, ғылыми зерттеулер мен жүйелі түрде қадағалау саласындағы бағдарламалар мен желілердегі халықаралық және үкіметаралық күш-жігер жұмсауға ішкі әлеует пен оларға қатысу мүмкіндіктерін ынталандырады және нығайтады;
      е) ұлттық әлеуетті, атап айтқанда адамдар мен ұйымдастырушылық ресурстарды нығайтуды жандандыруды және атап айтқанда дамушы елдерге арналған осы саладағы қызметкерлер алмасу немесе сарапшалыр даярлау үшін қызметкерлерді іс-сапарларға жіберуді қоса алғанда, оқу-ағарту мен кадрлар даярлау бағдарламаларын әзірлеу және оларды жүзеге асыру ісінде орынды болған кезде қазіргі бар органдарды пайдалана отырып, халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық жасау және көтермелеу жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ ұлттық деңгейде климаттың өзгеруі туралы ақпаратты жұртшылыққа жеткізу әрі ақпараттандыруға жәрдемдеседі. Конвенцияның тиісті органдары шеңберінде осы қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар Конвенцияның 6-бабы ескеріле отырып, әзірленуі тиіс;
      f) өздерінің ұлттық хабарламаларында Тараптар Конференцияларының тиісті шешімдеріне сәйкес осы бапты орындау үшін жүзеге асырылатын бағдарламалар мен қызмет туралы ақпаратты қамтиды; және
      g) осы бап бойынша міндеттемелерді жүзеге асыру кезінде Конвенцияның 4-бабының 8-тармағын толық назарға алады.

11-бап

      1. 10-бапты жүзеге асыру кезінде Тараптар Конвенцияның 4-бабының 4, 5, 7, 8 және 9-тармақтарының ережелерін назарға алады.
      2. Конвенцияның 4-бабының 3-тармағының және 11-бабының ережелеріне сәйкес Конвенцияның 4-бабының 1-тармағын жүзеге асыру тұрғысында және Конвенцияның қаржы тетігін басқару жүктелген жедел орган немесе органдар арқылы дамушы елдер болып табылатын Тараптар және Конвенцияның II Қосымшасына енгізілген өзге де дамушы елдер болып табылатын Тараптар:
      а) 10-баптың "а" тармақшасында қамтылатын, Конвенцияның 4-бабының 1 "а" тармағы бойынша міндеттемелерді орындау ісінде жылжыған кезде дамушы елдер болып табылатын Тараптар тартқан барлық келісілген шығындарды жабу үшін жаңа және қосымша қаржы ресурстарын береді; және
      b) осындай қаржы ресурстарын, оның ішінде сондай-ақ 10-бапта қамтылатын және дамушы ел болып табылатын Тарап пен осы бапқа сәйкес Конвенцияның 11-бабында аталатын халықаралық орган немесе органдар арасында келісілген, Конвенцияның 4-бабының 1-тармағы бойынша міндеттемелерді орындау ісінде жылжумен байланысты барлық келісілген қосымша шығындарды жабу үшін дамушы елдер болып табылатын Тараптарға қажетті технологиялар беруге арналған қаржы ресурстарын береді.
      Осы қазіргі міндеттемелерді орындау кезінде қаражат ағындары қажеттілігінің барабарлығы мен дамушы елдер болып табылатын Тараптар арасында ауыртпалықты тиісінше бөлісудің маңыздылығы назарға алынады. Тараптар Конференцияларының тиісті шешімдерінде қамтылған, оның ішінде осы Хаттама қабылданғанға дейін келісілген, Конвенцияның қаржы тетігін басқару жүктелген орган немесе органдарға арналған басшылыққа алынатын нұсқауларға осы тармақтың ережелері mutatis mutandis қолданылады.
      3. Дамушы елдер болып табылатын Тараптар және Конвенцияның II Қосымшасына енгізілген өзге де дамушы Тараптар да 10-бапты жүзеге асыру үшін екі жақты, өңірлік және басқа да көп жақты арналар бойынша қаржы қаражаттарын беруі мүмкін, ал дамушы елдер болып табылатын Тараптар оларды алуы мүмкін.

12-бап

      1. Осымен таза даму тетігі айқындалады.
      2. Таза даму тетігінің мақсаты I Қосымшаға енгізілмеген Тараптарға орнықты дамуды қамтамасыз етуде және Конвенцияның түпкі мақсаттарына жетуде көмек көрсету және 3-бапқа сәйкес I Қосымшаға енгізілген Тараптарға шығарындыларды шектеу әрі азайту жөніндегі міндеттемелердегі сандық мөлшерді олардың қамтамасыз етуінде жәрдемдесу.
      3. Таза даму тетігінің шеңберінде:
      а) I Қосымшаға енгізілмеген Тараптар шығарындылардың сертификатталған азаюына әкеп соғатын жобаларды жүзеге асырудың тиімділіктерін пайдаланады; және
      b) I Қосымшаға енгізілген Тараптар осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясында айқындалған ретінде 3-бапқа сәйкес шығарындыларды шектеу әрі азайту жөніндегі міндеттемелердегі сандық мөлшерді олардың сақтауы бөлігінде жәрдемдесу мақсатында жоба бойынша осындай қызметтің нәтижесінде азайтылған, сертификатталған шығарындыларды пайдалануы мүмкін.
      4. Таза даму тетігі осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясының шешімдеріне бағынады әрі оның нұсқауларын басшылыққа алады және таза даму тетігі атқарушы кеңесімен басқарылады.
      5. Жоба бойынша қызметтің әрбір түрінің нәтижесінде шығарындылардың азайтылуын осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясы тағайындайтын жедел органдар мыналардың:
      а) әрбір қатысушы тарап мақұлдаған ерікті қатысу;
      b) климат өзгеруінің салдарынан жұмсаруына байланысты нақты, өлшемді әрі ұзақ мерзімді артықшылықтар; және
      с) жоба бойынша сертификатталған қызмет түрінің болмауынан орын алуы ықтимал кез келген азайтуға қосымша шығарындылардың қысқартылуы негізінде сертификаттайды.
      6. Таза даму тетігі қажет болған жағдайда жоба бойынша сертификатталған қызмет түрін қаржыландыруды ұйымдастыруда көмек көрсетеді.
      7. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясы өзінің бірінші сессиясында ашықтығын, тиімділігі мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында жоба бойынша қызметті тәуелсіз салыстыра тексеру және тексеру жолымен оның шарттары мен рәсімдерін әзірлейді.
      8. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясы жоба бойынша сертификатталған қызмет түрінен түскен түсімдердің бір бөлігі әкімшілік шығыстарды жабуға, сондай-ақ дамушы елдер болып табылатын Тараптарға, әсіресе климаттың өзгеруінен қолайсыз әсерден әлсіреген осал, дамушы елдер болып табылатын Тараптарға көмек көрсету үшін пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
      9. Таза даму тетігінде, оның ішінде жоғарыдағы 3 "а" тармағында аталған қызметке жеке және/немесе мемлекеттік субъектілер де қатысуы мүмкін және осындай қатысу таза даму тетігінің атқарушы кеңесі беретін кез келген басшылық нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.
      10. Міндеттемелер қолданылуының бастапқы кезеңі басталғанға дейін 2000 жылдан баста қол жеткізілген шығарындылардың сертификатталған азаюы міндеттемелер қолданылуының бастапқы кезеңін сақтауда көмек көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.

13-бап

      1. Конвенцияның жоғары органы - Тараптар Конференциясы осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейді.
      2. Осы Хаттама Тараптары болып табылмайтын Конвенция Тараптары осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясының кез келген сессиясына қатыса алады. Тараптар Конференциясы осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін кезде осы Хаттамаға қатысты шешімдерді тек осы Хаттама Тараптары ғана қабылдай алады.
      3. Тараптар Конференциясы осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін кезде осы сәтте осы Хаттама Тарабы болып табылмайтын Конвенция Тарабының мүддесін білдіретін кез келген Конвенция Тарабы төралқасының мүшесі осы Хаттама Тараптары сайлайтын қосымша мүшемен алмастырылады.
      4. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясы осы Хаттаманың жүзеге асырылуын ұдайы қарайды және өз мандатының шеңберінде оның тиімді жүзеге асырылуына жәрдемдесу үшін қажетті шешімдер қабылдайды. Осы Хаттамаға сәйкес оған жүктелген функцияларды атқарады, және:
      а) осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес оған ұсынылған бүкіл ақпараттың негізінде Тараптардың осы Хаттаманың жүзеге асырылуының барысын, осы Хаттаманы орындау үшін қабылданған шаралардың жалпы тиімділігін, атап айтқанда, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін, сондай-ақ Конвенция мақсаттарына жетуге олардың жинақтаушы әсерін және ілгерілеу дәрежесін бағалайды;
      b) Конвенция мақсаттарына жету, оны жүзеге асыру барысында жинақталған тәжірибе, ғылыми және техникалық білімнің дамуы тұрғысында Конвенцияның 4-бабының 2 "d" тармағына және 7-бабының 2-тармағына сәйкес талап етілетін кез келген қарауды тиісті түрде ескере отырып, осы Хаттама Тараптарының міндеттемелерін дүркін-дүркін қарайды және осыған байланысты осы Хаттаманың жүзеге асырылуы туралы тұрақты баяндамаларды қарайды әрі қабылдайды;
      с) Тараптардың жағдайларындағы, жауапкершілігі мен мүмкіндіктеріндегі ерекшеліктерін және осы Хаттама бойынша олардың тиісті міндеттемелерін назарға ала отырып, климаттың өзгеруі мен оның салдарларының проблемаларын шешу үшін Тараптар қабылдайтын шаралар туралы ақпарат алмасуға жәрдемдеседі және көмек көрсетеді;
      d) бір немесе бірнеше Тараптың өтініші бойынша Тараптардың жағдайларындағы, жауапкершілігі мен мүмкіндіктеріндегі ерекшеліктерін және осы Хаттама бойынша олардың тиісті міндеттемелерін назарға ала отырып, климат өзгеруі мен оның салдарларының проблемаларын шешу үшін олар қабылдайтын шараларды үйлестіруге көмек көрсетеді;
      е) осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы мақұлдайтын, осы Хаттаманы тиімді жүзеге асыруға арналған салыстырмалы әдіснамаларды әзірлейтін әрі дүркін-дүркін нақтылайтын Конвенция Тараптары Конференциясының тиісті шешімдерін толық назарға ала отырып, Конвенцияның мақсаттарына және осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес көтермелейді және бағыттайды;
      f) осы Хаттаманы жүзеге асыру үшін қажетті кез келген мәселе бойынша ұсынымдар енгізеді;
      g) 11-баптың 2-тармағына сәйкес қосымша қаржы қаражатын шоғырландыру үшін шаралар қабылдайды;
      h) осы Хаттаманы жүзеге асыру үшін талап етілетін осындай көмекші органдар тағайындайды;
      і) қажет болған кезде құзыретті халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес органдардың қызметін әрі ынтымақтастығын және олар беретін ақпаратты сұратады әрі пайдаланады; және
      j) осы Хаттаманы жүзеге асыру үшін талап етілуі мүмкін осындай басқа да функцияларды атқарады және Тараптар Конференциясының шешімі болып табылатын кез келген міндеттерді қарайды.
      5. Тараптар Конференциясы осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін кезде консенсус негізінде өзге шешім қабылдай алатын жағдайларды қоспағанда, Тараптар Конференциясының рәсімдерінің ережелері және Конвенцияның қаржы рәсімдері осы Хаттамаға mutatis mutandis қолданылады.
      6. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясының бірінші сессиясын Хатшылық осы Хаттама күшіне енетін күннен кейін жоспарланған Тараптар Конференциясының бірінші сессиясымен бір мезгілде шақырады. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясының кезекті сессиялары жыл сайын және егер осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясы өзгеше шешім қабылдамаса, Тараптар Конференциясының кезекті сессияларымен бір мезгілде шақырылады.
      7. Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясы қажет деп тапқан кезде немесе хатшылық осы талапты Тараптарға жіберген кезде оны Тараптардың кемінде үштен бірі қолдаса, алты айдың ішінде Тараптардың кез келгенінің жазбаша талабы бойынша осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясының кезектен тыс сессиялары шақырылады.
      8. Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік, сондай-ақ Конвенцияның Тараптары болып табылмайтын кез келген мемлекет - осы ұйымдардың мүшелері немесе олардың байқаушылары, Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясының сессияларына байқаушылар ретінде өкілдерін жіберуі мүмкін. Осы Хаттама қолданылатын салаға жататын мәселелерде құзыреті бар және осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясының сессиясына өкілдерін жіберуге ниеті туралы хатшылықты хабардар еткен кез келген ұлттық немесе халықаралық органдар немесе мекемелер, бұған қатысушылардың кемінде үштен бірі қарсы болған жағдайларды қоспағанда, оған қатысуға жіберілуі мүмкін. Байқаушылардың қатысуына рұқсат ету және қатысуы жоғарыдағы 5-тармақта көрсетілгендей рәсімдер ережелерімен реттеледі.

14-бап

      1. Конвенцияның 8-бабына сәйкес құрылған хатшылық осы Хаттама хатшылығының функцияларын атқарады.
      2. Хатшылықтың функциялары туралы Конвенцияның 8-бабының 2-тармағы және хатшылықтың жұмыс істеуін ұйымдастыру туралы Конвенцияның 8-бабының 3-тармағы осы Хаттамаға mutatis mutandis қолданылады. Бұдан басқа, хатшылық осы Хаттамаға сәйкес оған жүктелген функцияларды атқарады.

15-бап

      1. Конвенцияның 9 және 10-баптарына сәйкес құрылған Ғылыми және техникалық аспектілер бойынша консультация беруге арналған көмекші орган және оларды жүзеге асыру жөніндегі көмекші орган тиісінше құрылған Ғылыми және техникалық аспектілер бойынша консультация беруге арналған көмекші орган және осы Хаттаманы жүзеге асыру жөніндегі көмекші орган ретінде жұмыс істейді. Осы Конвенцияға сәйкес осы екі органның жұмыс істеуіне қатысты ережелер осы Хаттамаға mutatis mutandis қолданылады. Ғылыми және техникалық аспектілер бойынша консультация беруге арналған көмекші орган және осы Хаттаманы жүзеге асыру жөніндегі көмекші орган сессияларының отырыстары тиісінше Ғылыми және техникалық аспектілер бойынша консультация беруге арналған көмекші органның және Конвенцияны жүзеге асыру жөніндегі көмекші органның отырыстарына байланысты жүргізіледі.
      2. Осы Хаттама Тараптары болып табылмайтын Конвенция Тараптары көмекші органдардың кез келген сессиясының жұмысына байқаушы ретінде қатыса алады. Көмекші органдар осы Хаттаманың көмекші органдары ретінде жұмыс істеген кезде осы Хаттамаға қатысты шешімдерді осы Хаттама Тараптары болып табылатын тараптар ғана қабылдайды.
      3. Конвенцияның 9 және 10-баптарына сәйкес құрылған көмекші органдар осы Хаттамаға қатысты өздерінің функцияларын атқарған кезде осы сәтте Конвенция Тарабынан өкілдік ететін көмекші органдардың кез келген бюро мүшесі осы Хаттама Тараптары олардың ішінен сайлайтын қосымша мүшемен алмастырылады.

16-бап

      Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясы Конвенцияның 13-бабында аталған көп жақты консультативтік процесті осы Хаттамаға қолдану туралы және осы процесті түрлендіру туралы мәселені Тараптар Конференциясы қабылдауы мүмкін кез келген тиісті шешімдер тұрғысында, егер бұл қажет болса, практикалық түрде мүмкін болған кезде қарайды. Осы Хаттамаға қолданылуы мүмкін кез келген көп жақты консультативтік процесс 18-бапқа сәйкес тағайындалған рәсімдер мен тетіктерге зиян тигізбей қолданылуы мүмкін.

17-бап

      Тараптар Конференциясы тиісті принциптерді, атап айтқанда, шығарындылардың саудасын тексеру, баяндамалар мен есепке алу шарттарын, ережелері мен басшылыққа алынатын принциптерді айқындайды. В қосымшасына енгізілген Тараптар 3-бап бойынша өз міндеттемелерін орындау мақсатында шығарындылардың саудасына қатысады. Кез келген осындай сауда осы бапқа сәйкес шығарындыларды шектеу және азайту жөніндегі белгіленген сандық міндеттемелерді орындау мақсатындағы ішкі іс-қимылды толықтырады.

18-бап

      Осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясы өзінің бірінші сессиясында осы Хаттама ережелерінің сақталмауы жағдайларын айқындау және осындай сақталмау жағдайларына ден қою үшін, оның ішінде сақталмаудың себебін, түрін, дәрежесін және жиілігін назарға ала отырып, салдарлардың бағдарлы тізбесін әзірлеу жолымен тиісті әрі тиімді рәсімдер мен тетіктерді бекітеді. Осы бапқа сәйкес міндетті сипатқа ие салдарларға әкеп соғатын кез келген рәсімдер мен тетіктер осы Хаттамаға түзету енгізу жолымен қабылданады.

19-бап

      Конвенцияның 14-бабының ережелері осы Хаттамаға mutatis mutandis қолданылады.

20-бап

      1. Кез келген тарап осы Хаттамаға түзетулер ұсына алады.
      2. Осы Хаттамаға түзетулер осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясының кезекті сессиясында қабылданады. Хатшылық оларды қабылдау ұсынылатын отырыстан кемінде алты ай бұрын осы Хаттамаға ұсынылып отырған кез келген түзетулердің мәтінін Тараптарға хабарлайды. Сондай-ақ, хатшылық ұсынылып отырған түзетулердің мәтінін Тараптарға және Конвенцияның сигнатарийлері мен ақпарат ретінде депозитарийге хабарлайды.
      3. Тараптар осы Хаттамаға ұсынылып отырған кез келген түзету бойынша консенсус негізінде келісімге қол жеткізу үшін мүмкін болғанның бәрін жасайды. Егер консенсусқа қол жеткізуге бағытталған барлық күш-жігер жасалса да, келісімге қол жеткізілмесе, онда түзету соңғы шара ретінде осы отырысқа қатысушы әрі дауыс беруге қатысушы Тараптар дауысының төрттен үш көпшілігімен қабылданады. Хатшылық қабылданған түзетудің мәтінін депозитарийге хабарлайды, ал ол оны қабылдау үшін барлық Тараптарға жібереді.
      4. Түзетудің қабылданғаны туралы құжаттар сақтауға депозитарийге тапсырылады. Жоғарыдағы 3-тармаққа сәйкес қабылданған түзету оны қабылдаған Тараптар үшін депозитарий қабылдау туралы құжатты осы Хаттама Тараптарының кемінде төрттен үшінен алған күннен бастап тоқсаныншы күні күшіне енеді.
      5. Кез келген басқа Тарап үшін түзету аталған түзетудің қабылданғаны туралы құжаттар сақтауға депозитарийге тапсырылғаннан күннен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.

21-бап

      1. Осы Хаттамаға Қосымшалар оның ажырамас бөлігін құрайды және егер тікелей өзгеше көзделмесе, осы Хаттамаға сілтеме сонымен бір мезгілде кез келген оған қосымшаға сілтеме болып табылады. Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін қабылданған кез келген Қосымшалар тізімдермен, нысандармен немесе ғылыми, техникалық, рәсімдік немесе әкімшілік мәселелерге қатысты сипаттамалық сипаттағы кез келген басқа да материалдармен шектеледі.
      2. Кез келген Тарап осы Хаттамаға Қосымшаларды қабылдау туралы ұсыныстар енгізе алады және осы Хаттамаға түзетулер ұсына алады.
      3. Осы Хаттамаға Қосымшалар және осы Хаттамаға Қосымшаларға түзетулер осы Хаттама Тараптарының кеңесі ретінде жұмыс істейтін Тараптар Конференциясының кезекті сессиясында қабылданады. Хатшылық кез келген ұсынылатын қосымша немесе қосымшаға түзетудің мәтінін оны қабылдау ұсынылатын отырыстан кемінде алты ай бұрын Тараптарға хабарлайды. Хатшылық, сондай-ақ кез келген ұсынылатын қосымша немесе қосымшаға түзетудің мәтінін Тараптарға және Конвенцияның сигнатарийлері мен ақпарат ретінде депозитарийге хабарлайды.
      4. Тараптар осы Хаттамаға ұсынылып отырған кез келген қосымша немесе қосымшаға түзету бойынша консенсус негізінде келісімге қол жеткізу үшін мүмкін болғанның бәрін жасайды. Егер консенсусқа қол жеткізуге бағытталған барлық күш-жігер жасалса да, келісімге қол жеткізілмесе, онда қосымша немесе қосымшаға түзету соңғы шара ретінде осы отырысқа қатысушы әрі дауыс беруге қатысушы Тараптар дауысының төрттен үш көпшілігімен қабылданады. Хатшылық қабылданған қосымша немесе қосымшаға түзетудің мәтінін депозитарийге хабарлайды, ал ол оны қабылдау үшін барлық Тараптарға жібереді.
      5. Осы кезең ішінде осы қосымшаны немесе осы қосымшаға түзетуді өздерінің қабылдамайтыны туралы депозитарийді жазбаша нысанда хабардар еткен Тараптарды қоспағанда, жоғарыдағы 3 және 4-тармақтарға сәйкес қабылданған немесе түзетулер енгізілген А және В Қосымшаларынан басқа, қосымша немесе қосымшаға түзету осы Хаттаманың барлық Тараптары үшін осындай Тараптарға осы қосымшаны немесе осы қосымшаға түзетудің қабылданғаны туралы депозитарий хабарлама жіберген күннен кейін алты айдан соң күшіне енеді. Өздерінің қабылдамайтыны туралы хабарламаның күшін жойған Тараптар үшін қосымша немесе қосымшаға түзету осындай хабардар етудің күші жойылғаны туралы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап тоқсаныншы күні күшіне енеді.
      6. Егер қосымшаны немесе қосымшаға түзетуді қабылдау осы Хаттамаға түзету енгізумен байланысты болса, онда осы Хаттамаға түзету күшіне енгенге дейін осындай қосымша немесе қосымшаға түзету күшіне енбейді.
      7. Осы Хаттаманың А және В Қосымшаларына түзетулер В қосымшасына кез келген түзету тек қозғалатын Тараптың жазбаша келісімімен ғана қабылдануы шартымен, 20-бапта жазылған рәсімдерге сәйкес қабылданады және күшіне енеді.

22-бап

      1. Төмендегі 2-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір Тарап бір дауысқа ие.
      2. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдары олардың құзыретінен енетін мәселелер бойынша осы Хаттама Тараптары болып табылатын мүше мемлекеттер санына тең дауыс санымен дауыс беруге қатысады. Егер өз құқығын оның мүше мемлекетінің өзі немесе керісінше пайдаланса, осындай ұйым дауыс беру құқығын иелене алмайды.

23-бап

       Осы Хаттаманың депозитарийі функциясын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы атқарады.

24-бап

      1. Осы Хаттама қол қою үшін ашық және Конвенция тараптары болып табылатын экономикалық интеграция мемлекеттері мен өңірлік ұйымдары ратификациялауға, қабылдауға немесе мақұлдауға жатады. Ол 1998 жылғы 16 наурыздан бастап 1999 жылғы наурызға дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі орталық мекемелерінде қол қою үшін ашық және қол қою үшін Хаттама жабылатын күннен кейінгі келесі күні қол қою үшін ашылады. Ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      2. Бұл ретте оның мүшесі болып табылатын, алайда Тарабы болмайтын бір де бір мемлекеттегі осы Хаттаманың Тарабына айналатын кез келген экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдары осы Хаттамадан туындайтын барлық міндеттемені қабылдайды. Бір немесе бірнеше мүше мемлекет осы Хаттаманың мүшесі болып табылатын осындай ұйымдар болған жағдайда, осы ұйым және оның мүше мемлекеттері осы Хаттама бойынша олар өздеріне қабылдаған міндеттемелерді сақтау жөнінде тиісті міндеттемелерге қатысты шешім қабылдайды. Осындай жағдайда осы ұйым мен оның мүше мемлекеттері осы Хаттамаға сәйкес құқықтарын бір мезгілде пайдалануға құқығы жоқ.
      3. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдары ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өздерінің құжаттарында осы Хаттамамен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыретінің шегі туралы жариялайды. Осы Ұйымдар депозитарийді хабардар етеді, ал ол өз кезегінде олардың құзыретінің шегіндегі кез келген елеулі өзгерістер туралы Тараптарды хабардар етеді.

25-бап

      1. Осы Хаттама Конвенция Тараптарының кемінде 55-і, оның ішінде I қосымшаға енгізілген Тараптардың 1990 жыл үшін көміртек диоксидінің жалпы шығарындылары жиынтығының кемінде 55 проценті үлесіне тиетін, I қосымшаға енгізілген Тараптар ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өздерінің құжаттарын депозитарийге сақтауға тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
      2. Осы баптың мақсаттары үшін "I қосымшаға енгізілген Тараптардың 1990 жыл үшін көміртек диоксидінің жалпы шығарындылары" деген сөздер I қосымшаға енгізілген Тараптар осы Хаттама қабылданған күні немесе Конвенцияның 12-бабына сәйкес өздерінің алғашқы хабарламаларында бұрын мәлімдеген мөлшерді білдіреді.
      3. Жоғарыдағы 1-тармаққа сәйкес оның күшіне енуіне арналған шарттарды орындағаннан кейін осы Хаттаманы ратификациялаған, қабылдаған немесе мақұлдаған экономикалық интеграцияның әрбір мемлекеті немесе өңірлік ұйымдары үшін осы Хаттама ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өздерінің құжаттарын сақтауға тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
      4. Осы баптың мақсаттары үшін экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдары сақтауға тапсырған бір де бір құжат осы ұйымның мүше мемлекеттері тапсырған қосымша құжат ретінде қаралмайды.

26-бап

      Осы Хаттамаға ескертулер енгізуге жол берілмейді.

27-бап

      1. Белгілі бір Тарап үшін Хаттама күшіне енген күннен бастап осы Тарап депозитарийге жазбаша хабарлама жіберіп, Хаттамадан шыға алады.
      2. Кез келген осындай шығу депозитарий шығу туралы хабарлама алған күннен бастап немесе шығу туралы хабарламада көрсетілуі мүмкін одан неғұрлым кеш мерзімде бір жыл өткенге дейін күшіне енеді.
      3. Конвенциядан шығатын кез келген Тарап осы Хаттамадан шықты деп есептеледі.

28-бап

       Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтіндері бірдей дәлме-дәл болып табылатын осы Хаттаманың түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылғы желтоқсан айының он бірінші күні Киотода ЖАСАЛДЫ. ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН оған тиісінше өкілеттік беріліп, төменде қол қойғандар көрсетілген күндері осы Хаттамаға өз қолдарын қойды.

(Қолдары)

А қосымшасы

Парник газдары
· Көміртек диоксиді (СО2)
· Метан (СН4)
· Азот тотығы (N2О)
· Гидрофтор көміртектері (ГФК)
· Перфтор көміртектері (ПФК)
· Күкірт гексафториді (SF6)

Көздер секторлары/санаттары
· Энергетика
   · Отын жағу
      · Энергетика өнеркәсібі
      · Өңдеуші өнеркәсіп және құрылыс
      · Көлік
      · Басқа секторлар
      · Өзге
· Отынды өндіру және тасымалдау кезіндегі ысырап
      · Қатты отын
      · Мұнай және табиғи газ
      · Өзге
· Өнеркәсіптік процестер
      · Тау-кен өнеркәсібінің өнімдері
      · Химия өнеркәсібі
      · Металлургия
      · Басқа өндірістер
      · Галогенді көміртекті қосылыстар мен күкірт гексафториді өндірісі
      · Галогенді көміртекті қосылыстар мен күкірт гексафторидін тұтыну
      · Өзге
· Ерітінділерді және басқа өнімдерді пайдалану
· Ауыл шаруашылығы
      · Интестиналдық ферментация
      · Көңді жинау, сақтау және пайдалану
      · Күріш өндірісі
      · Ауыл шаруашылығы жерлері
      · Басқарылатын пал саванн
      · Алқаптардағы ауыл шаруашылығы қалдықтарын өтеу
      · Өзге
· Қалдықтар
      · Топырақта қатты қалдықтарды жою
      · Сарқынды суларды өңдеу
      · Қалдықтарды өртеу
      · Өзге

В қосымшасы

Тарап

Шығарындыларды шектеу немесе азайту жөніндегі белгіленген сандық міндеттемелер (базалық жылға немесе кезеңге процентпен)

Австралия

108

Австрия

92

Бельгия

92

Болгария*

92

Венгрия*

92

Германия

92

Греция

92

Дания

92

Еуропалық қоғамдастық

92

Ирландия

92

Исландия

110

Испания

92

Италия

92

Канада

94

Латвия*

92

Литва*

92

Лихтенштейн

92

Люксембург

92

Монако

92

Нидерланды

92

Жаңа Зеландия

100

Норвегия

101

Польша*

94

Португалия

92

Ресей Федерациясы*

100

Румыния*

92

Словакия*

92

Словения

92

Ұлыбритания құрама Корольдігі және Солтүстік Ирландия

92

Америка Құрама Штаттары

93

Украина*

100

Финляндия

92

Франция

92

Хорватия*

95

Чех Республикасы*

92

Швейцария

92

Швеция

92

Эстония*

92

Жапония

94

*Нарық экономикасына өту процесін жүзеге асырушы тараптар

       Біріккен Ұлттар Ұйымының Климатының өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы мемлекеттік тілдегі мәтінін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен куәландырылған конвенцияның орыс тілдегі мәтінімен тең түпнұсқалы.

      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігінің жауапты хатшысы                        Р. Хамзин

      РҚАО-ның ескертуі: бұдан әрі Хаттаманың ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдеріндегі мәтіні берілген