Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 21 наурыздағы N 142-IV Заңы

Қолданыстағы

      Мәскеуде 2008 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке
қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы
келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
      төмендегілер туралы келісті:

I. Жалпы ережелер

1-бап
Қолдану саласы

      1. Осы Келісім үшінші елдердің кеден аумағынан шығарылатын және Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына арналған тауарлардың импортына байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
      2. Осы Келісім зияткерлік меншік объектілеріне қызметтер көрсетумен, жұмыстарды орындаумен, айрықша құқықтарды берумен немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға арналған құқықты берумен, инвестицияларды және валюталық бақылауды жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттемейді.

2-бап
Негізгі ұғымдар

      Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      "ұқсас тауар" - тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толықтай сәйкес келетін, не мұндай тауар жоқ болғанда тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар;
      "демпингке қарсы шара" - демпингке қарсы баж енгізу, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы баж немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы құзыретті органның шешімі бойынша қолданылатын импорт демпингіне қарсы іс-қимыл шарасы;
      "демпингке қарсы баж" - демпингке қарсы шараны енгізу кезінде қолданылатын және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажын салатынына қарамастан алынатын баж;
      "демпингтік маржа" - оның экспорттық бағасына мұндай тауардың қалыпты құнына процентке шаққандағы қатысы не тауардың қалыпты құны мен абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген оның экспорттық бағасының арасындағы айырмашылық;
      "импорттық квота" - Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына тауардың импортын оның санына және (немесе) құнына қатысты шектеу;
      "өтемақы шарасы" - құзыретті органның шешімі бойынша өтемақы бажын, оның ішінде алдын ала өтемақы бажын жүргізу не субсидиялаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органы немесе экспорттаушы ерікті баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы шетел мемлекетінің ерекше субсидия әсерін бейтараптандыру шарасы;
      "өтемақы бажы" - өтемақы шарасын енгізу кезінде қолданылатын және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажын салатынына қарамастан алынатын баж;
      "құзыретті орган" - 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағы туралы шартпен бекітілген Кеден одағы комиссиясы;
      "Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал" - атап айтқанда Тараптар мемлекеттерінде ұқсас тауар өндірісі көлемінің және Тараптар мемлекеттерінің нарығында оны өткізу көлемінің қысқаруымен, мұндай тауар өндірісі рентабелділігінің төмендеуімен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттері экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақының деңгейіне және Тараптар мемлекеттері экономикасының осы саласына инвестициялардың деңгейіне келеңсіз әсер етумен көрінетін Тараптар мемлекеттері экономикасының дәлелдермен расталған нашарлауы;
      "ең төменгі рұқсат етілетін демпингтік маржа" - 2 процентті құрайтын демпингтік маржа;
      "тікелей бәсекелес тауар" - өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толық сай келетін, сондай-ақ басқа да негізгі қасиеттері бойынша тергеу объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде сатып алушы ауыстыратын не ауыстыруға дайын тауармен салыстырмалы тауар;
      "сауданың кәдімгі барысы" - өндірістің орташа өлшемді шығындарын және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығындарды ескере отырып, айқындалатын соған ұқсас тауардың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы соған ұқсас тауарды сатып алу-сату;
      "Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы" - Тараптар мемлекеттерінде соған тауардың (демпингке қарсы және өтемақы тергеу мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау тергеуі мақсаттары үшін) барлық өндірушілері не олардың Тараптар мемлекеттеріндегі өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі тиісінше ұқсас тауардың не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың елеулі бөлігін, бірақ кемінде 25 процентін құрайтын олардың кейбіреулері;
      "тергеу" - арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы тергеу;
      "байланысты тұлғалар" - төменде келтірілген, бір немесе бірнеше өлшемдерге сай келетін тұлғалар:
      осы тұлғалардың әрқайсысы басқа тұлғаның қатысуымен құрылған ұйымның қызметкері немесе басшысы болып табылады;
      тұлғалар іскер әріптестер болып табылады яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, кіріс алу мақсаттында іс-әрекет жасайды және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтереді;
      тұлғалар жұмыс беруші немесе жұмыскер болып табылады;
      қандай да бір тұлға дауыс беретін акциялардың 5 және одан да жоғары процентін немесе екі тұлғаның да үлестеріне тікелей немесе жанама иеленеді, бақылайды немесе атаулы ұстаушысы болып табылады;
      тұлғалардың біреуі екіншісін тікелей немесе жанама бақылайды;
      екі тұлғаны да үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақылайды;
      екі тұлға бірге үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақылайды;
      тұлғалар неке қатынастарында, туыстың немесе жегжаттық, бала асыраушы немесе асыралып алушы, сондай-ақ қамқоршы және қамқорланушы қатынастарында болады;
      "Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалы" - Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесуші тауарды өндірумен байланысты жағдайдың жалпы нашарлауынан көрініс беретін және әдетте, ол бойынша статистикалық деректері бар тергеудің басталуы алдындағы күнтізбелік 3 жыл ішінде айқындалатын Тараптар мемлекеттері экономикасының өндірістік, сауда және қаржы жағдайының елеулі нашарлауы;
      "арнайы баж" - арнайы қорғау шараларын енгізген кезде қолданылатын Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажының алынуына қарамастан алынатын баж;
      "арнайы қорғау шарасы" - импорттық квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы құзыретті органның шешімі бойынша қолданылатын Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына өспелі импортты шектеу жөніндегі шара;
      "субсидияланатын импорт" - өндірілуі, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына экспорттаушы шетел мемлекеттерінің ерекше субсидиясы қолданылған тауардың импорты;
      "субсидиялаушы орган" - экспорттаушы шетел мемлекетінің мемлекеттік органы (оның ішінде Тарап мемлекетінің президенті) не керісінше өзін өзі басқару органы не тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін өзі басқару органның тапсырмасы бойынша әрекет етеді немесе құқықтық актіге сәйкес немесе нақты жағдайларға орай тиісті мемлекеттік орган (оның ішінде Тарап мемлекетінің президенті) не жергілікті өзін өзі басқару органы өкілдік берген шаруашылық субъекті;
      "Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдың залал келтіру қатері" - Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру айғақтармен расталған болмай қоймаушылығы;
      "Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтіру қатері" - Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтірудің айғақтармен расталған болмай қоймаушылығы;
      "экспорттық баға" - Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына тауардың импорты кезінде байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушылар төлеген немесе төлеуге тиіс баға;
      "экспорттаушы шетел мемлекеті" — осы Келісімнің 10-бабының 5-тармағында көрсетілген транзит жағдайларынан басқа, Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауар экспортталатын осы Келісімге қатысушы болып табылмайтын шетел мемлекеті (шетел мемлекеттер бірлестігі);
      "үшінші елдер" - 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттер.

3-бап
Тергеу

      1. Тауарлардың импорты кезінде арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізуде осы Келісімге сәйкес жүргізілетін тергеу бұрын болуға тиіс.
      2. Тергеу нәтижелері бойынша құзыретті орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу, қайта қарау, жою не қолданбау туралы шешім қабылдайды.
      3. Тергеуге қатысты дәлелдер, мәліметтер мен хат алысулар құзыретті органға орыс тілінде ұсынылады, ал құжаттардың шет тілінде жасалған түпнұсқалары ұсынылған аударма растала отырып, орыс тіліндегі аудармасымен ілесе жүруге тиіс.

II. Арнайы қорғау шаралары

4-бап
Арнайы қорғау шараларын қолданудың жалпы принциптері

      1. Арнайы қорғау шаралары тауарға, егер құзыретті орган жүргізген тергеу нәтижесі бойынша импорттаушы Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына осы тауардың импорты осындай ұлғаймалы санда жүзеге асырылатыны (Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы көлеміне абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштердегі) белгіленетін жағдайда және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтіретін немесе мұндай залал келтіру қатерін тудыратын осындай жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
      2. Арнайы қорғау шаралары, егер мұндай елден бұл тауар импортының үлесі олардың әрқайсының үлесіне Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемнің кемінде 3 проценті келетін дамушы елдерден шығатын бұл тауар импортының жиынтық үлесі Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына бұл тауарлар импортының жалпы көлемінің 9 процентінен аспайтын жағдай кезінде, Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына бұл тауар импортының жалпы көлемінің 3 процентінен аспаса, Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы елдерден шығатын тауарларды қоспағанда, олардың шығарылатын еліне қарамастан экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына импортталатын тауарға қолданылады.

5-бап
Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі
залалды немесе өспелі импорттың салдарынан болатын
мұндай залалды келтіру қатерін белгілеу

      1. Тергеу барысында құзыретті орган Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына өспелі импорт салдарынан болған Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының елеулі залалын немесе мұндай залалды келтіру қатерін белгілеу мақсатында сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін объективті факторларды бағалайды және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының экономикалық жағдайына, оның ішінде:
      1) Тараптар мемлекеттерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне абсолюттік көрсеткіштердегі және салыстырмалы көрсеткіштердегі Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауар импорты өсуінің қарқыны мен көлеміне;
      2) Тараптар мемлекеттерінің осы тауарды және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды сатудың жалпы көлемінде тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауардың үлесіне;
      3) Тараптар мемлекеттерінде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың бағасымен салыстыру бойынша тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауарға баға деңгейіне;
      4) Тараптар мемлекеттерінде, Тараптар мемлекеттерінің нарығында өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды сату көлемін өзгерту;
      5) Тараптар мемлекеттерінің экономика саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісінің көлемін, өнімділігін, өндірістік қуаттардың жүктемесін, пайда мен зиянның мөлшерлерін, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейін өзгертуге әсер етеді.
      2. Өспелі импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалы немесе мұндай залалды келтіру қатері іске қатысты және құзыретті органның иелігінде бар барлық айғақтар мен мәліметтерді талдау нәтижелері негізінде белгіленуге тиіс.
      3. Құзыретті орган өспелі импорттан басқа осының салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына сол кезеңде елеулі залал келтірілетін немесе мұндай залал келтіру қатері жасалатын басқа да белгілі факторларды талдайды. Көрсетілген залалды құзыретті орган Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына өспелі импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалға жатқызбауға тиіс.

6-бап
Алдын ала арнайы бажды енгізу

      1. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласында сындарлы жағдай кезінде, егер тергеу аяқталғанға дейін арнайы қорғау шаралары қолданылған кідірту салдарын жою қиын болатын Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтіру мүмкіндігі белгіленген жағдайда құзыретті орган Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына өспелі импорт пен Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал арасындағы себеп-салдарлық байланысты белгілеу туралы алдын ала қорытынды негізінде бір мезгілде тергеуді жалғастыру жағдайы кезінде 200 күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы арнайы қорғау шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды.
      2. Құзыретті орган алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкіндігі туралы экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органын, сондай-ақ басқа да оған белгілі мүдделі тұлғаларды жазбаша нысанда хабардар етеді.
      3. Мұндай консультациялар алдын ала арнайы бажды енгізу мәселесі бойынша консультациялар өткізу туралы экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органының сұрау салуы бойынша алдын ала арнайы бажды енгізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдағаннан кейін басталуға тиіс.
      4. Егер тергеу нәтижелері бойынша арнайы қорғау шараларын енгізу үшін негіздер жоқ жағдайда, алдын ала арнайы баж сомасын алдын ала арнайы бажды ұстаған кеден органдары Тарап мемлекеттерінің заңнамасында кеден төлемдерді қайтару үшін белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтаруға тиіс.
      5. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж ставкасына қарағанда арнайы баждың неғұрлым төмен ставкасын енгізу орынды деп танылған жағдайда алдын ала арнайы баж ставкасы мен арнайы баж ставкасының арасындағы айырмашылықты алдын ала арнайы бажды өндіріп алған кеден органдары Тарап мемлекеттерінің заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтаруға тиіс, ал алдын ала арнайы баж сомасының қалдығы кеден баждарының сомасын, баждардың өзге де түрлерін, теңгермелі қолданысы бар салықтар мен алымдарды есептеу мен бөлуін реттейтін Тараптар арасындағы бөлек келісімге сәйкес бюджетке аударылады.
      6. Егер түпкілікті арнайы баж ставкасы алдын ала арнайы баж ставкасынан жоғары болған жағдайда олардың арасындағы айырмашылық төлеушіден алынбайды.
      7. Егер тергеу нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасының қолданылуының жалпы мерзіміне есептеледі, ал алдын ала арнайы баж сомасының кеден баждарының сомасын, баждардың өзге де түрлерін, теңгермелі қолданысы бар салықтар мен алымдарды есептеу мен бөлуін реттейтін Тараптар арасындағы бөлек келісімге сәйкес бюджетке аударылады.

7-бап
Арнайы қорғау шараларын қолдану

      1. Арнайы қорғау шарасы құзыретті органның шешімі бойынша Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалды немесе мұндай залалды келтіру қатерін жою үшін, сондай-ақ өзгермелі экономикалық жағдайға Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын бейімдеу процесін жеңілдету үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
      2. Егер арнайы қорғау шарасы импорттық квотаны белгілеу арқылы қолданылған жағдайда, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалды немесе мұндай залалды келтіру қаупін жою үшін импорттық квотаның аз деңгейін белгілеу қажеттілігі жағдайларын қоспағанда мұндай импорттық квотаның деңгейі статистикалық деректері бар өтінішті беру күнінің алдындағы 3 жыл үшін тергеу объектісі болып табылатын тауар импорты көлемінің (сандық немесе құндық көріністе) орташа жылдық деңгейінен төмен болмауға тиіс.
      3. Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауардың экспортына мүдделілігі бар экспорттаушы шетел мемлекеттерінің арасындағы импорттық квотаны бөлу кезінде олардың арасындағы импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу ұсынылуы мүмкін.
      4. Егер осы баптың 3-тармағында көзделген импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу мүмкін болмайтын немесе аталған консультациялар барысында мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда импорттық квота сандық немесе құндық көріністегі осы тауар импортының жалпы көлемі негізіндегі тергеу жүргізуге өтінішті беру күнін алдындағы күнтізбелік 3 жыл үшін экспорттаушы шетел мемлекетінен осы тауардың импорты кезінде қалыптасқан шамада тергеу объектісі болып табылатын тауарды Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына экспортқа мүдделігі бар экспорттаушы шетел мемлекеттерінің арасында бөлінеді.
      5. Егер жекелеген экспорттаушы мемлекеттерден шетел мемлекеттерінің тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының өсуіне қатысты процентте статистикалық деректері бар өтінішті беру күніне келетін 3 жыл үшін осы тауар импортының жалпы өсуіне қатысты тең еместей ұлғайған жағдайда құзыретті орган осындай мемлекеттерден Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына осы тауардың импорты өсуінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін ескере отырып, мұндай мемлекеттер арасындағы импорттық квотаны бөле алады.
      6. Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына арнайы қорғау шаралары ретінде импорттық квотаны белгілеу туралы шешім қабылданған тауардың импорты импортына сандық шектеулер белгіленген тауарлар үшін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.
      7. Ауыл шаруашылығы тауарларына тергеу жүргізілмей-ақ, егер осы тауар импорты көлемінің өсуі осы баптың 8-тармағы ережелерінің негізінде айқындалған базалық деңгейден артық болса, мұндай тауарға кеден бажының қолданыстағы ставкасының үштен бірінен аспайтын мөлшерде аталған баж енгізілген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі мерзімге ғана арнайы баж енгізілуі мүмкін.
      8. Базалық деңгей:
      1) егер тауар импортының мұндай үлесі 10 проценттен аз немесе тең болғанда, базалық деңгей 125 процентті құрайтын;
      2) егер тауар импортының мұндай үлесі 10 проценттен асатын, бірақ 30 проценттен аз немесе тең болғанда, базалық деңгей 110 процентті құрайтын;
      3) егер тауар импортының мұндай үлесі 30 проценттен асатын, базалық деңгей 105 процентті құрайтын статистикалық деректер бар алдағы 3 жыл үшін Тараптар мемлекеттерінде оның ішкі тұтыну көлеміндегі тауар импортының үлесін ескере отырып, айқындалады.
      9. Осы Баптың мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы тауарлары деп 3301, 3501-3505, 4101-4103, 4301, 5001-5003, 5101-5103, 5201-5203, 5301, 5302 позицияларында және 2905 43, 2905 44, 3809 10 және 3824 60 қосалқы позицияларындағы балық және балық өнімдерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Тауар номенклатурасының 1-24 топтарында жіктелген тауарлар түсініледі.

8-бап
Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және қайта қарау

      1. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес осындай шараның қолданылу мерзімін ұзарту жағдайын қоспағанда, 4 жылдан аспауға тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі, егер құзыретті орган жүргізген қайта тергеу нәтижесі бойынша Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалды немесе мұндай залал келтіру қаупі жою үшін арнайы қорғау шараларын қолдану мерзімі ұзартылуы қажет және өзгермелі экономикалық жағдайларға осы саланың бейімделуіне жәрдемдесетін Тараптар мемлекеттері экономика тиісті саласымен шаралар қолданылу туралы дәлелдемелер бар екендігін белгіленсе, құзыретті органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
      Тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қайта тергеу жүргізу кезінде тергеу жүргізуге қатысты ережелер қолданылады.
      3. Құзыретті органның арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдауы кезінде мұндай шара арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдау күніне қолданылатын арнайы қорғау шарасынан аса шектелмеуге тиіс.
      4. Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі бір жылдан асқан жағдайда, құзыретті орган осындай шараның қолданылу мерзімі ішіндегі тең уақыт аралығымен осындай арнайы қорғау шарасын біртіндеп жеңілдетеді.
      Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі 3 жылдан асқан жағдайда, мұндай шараның қолданылу мерзімінің жартысы аяқталғаннан кейін құзыретті орган нәтижесінде арнайы қорғау шарасы сақталуы, жеңілдетілуі немесе жойылуы мүмкін қайта тергеуді жүргізеді.
      Осы баптың мақсаттары үшін арнайы қорғау шарасын жеңілдету деп импорттық квотаның көлемін ұлғайту немесе арнайы баждың ставкасын төмендету түсініледі.
      5. Алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі мен арнайы қорғау шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзімді қоса алғанда, арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзімі 8 жылдан аспауға тиіс.
      6. Арнайы қорғау шарасы бұрынғы арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде оған бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылған тауарға қайта қолданылуы мүмкін емес. Бұл ретте, бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылмайтын мерзім 2 жылдан кем болуы мүмкін емес.
      7. Осы баптың 6-тармағында белгіленген ережелерге қарамастан қолданылу мерзімі 180 немесе одан аз күнді құрайтын арнайы қорғау шарасы, егер алдыңғы арнайы қорғау шарасын енгізген күннен бастап кемінде бір жыл өтсе және арнайы қорғау шарасы жаңа арнайы қорғау шарасын енгізген күннің тікелей алдындағы 5 жыл ішінде 2 реттен астам мұндай тауарға қолданылмаса, сол тауарға қайта қолданылуы мүмкін.

III. Демпингке қарсы шаралар

9-бап
Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы принциптері

      1. Егер құзыретті орган жүргізген тергеу нәтижелері бойынша Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына осындай тауардың импорты Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қаупін тудыратыны немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі түрде тежейтіндігі белгіленсе демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға демпингке қарсы шара қолданылуы мүмкін.
      2. Тауар, егер осындай тауардың экспорттық бағасы тауардың қалыпты құнынан төмен болса, демпингтік импорттың мәні болып табылады.
      3. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тергеу кезеңі, әдетте тергеу жүргізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 12 айға тең мерзімге белгіленеді, бірақ кез келген жағдайда 6 айдан кем болмауға тиіс.

10-бап
Демпингтік маржаны айқындау

      1. Құзыретті орган мыналарды:
      1) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың орташа өлшемді экспорттық бағасымен;
      2) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын сатып алушыларға, өңірлерге немесе тауарды жеткізу кезеңіне қарай тауар бағасындағы елеулі айырмашылықтар жағдайы кезінде жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық бағасымен;
      3) жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық қалыпты құнымен жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық бағаларымен салыстыру негізінде демпингтік маржаны айқындайды.
      2. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру сауда операциясының сол сатысында және бір уақытта мүмкіндігі бойынша орын алған тауарды сату жағдайына қатысты жүзеге асырылады.
      3. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру кезінде бағаның салыстырмалығына әсер ететін айырмашылықтарды, оның  ішінде, жеткізулердің, салық салудың жағдайлары мен сипаттамаларын, сауда операциялары кезеңдерінің, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалардың айырмашылықтарын, сондай-ақ оларға қатысты бағаның салыстырмалығына олардың әсер етуін айғақтауы берілетін басқа кез келген айырмашылықтарды ескере отырып, оларды түзету жүзеге асырылады.
      Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларда шығыстарды, оның ішінде, импорт пен тауарды қайта сату арасындағы кезеңде төленген баждар мен салықтарды, сондай-ақ алынған пайданы ескеру қажет.
      Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін, құзыретті орган қажетті ақпаратты мүдделі тұлғалардан сұратуға құқылы.
      4. Экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатып алу-сату мәмілесі болмаған жағдайда немесе, егер сауданың кәдімгі барысы кезінде ұқсас тауарды сатудың төменгі көлемінің күшіне немесе экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы ерекше жағдай күшіне экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сату кезінде тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісті салыстыру жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауардың экспорттық бағасы ұқсас тауардың бағасы репрезентативтік болып табылатын жағдайда, экспорттаушы шетел мемлекетінен үшінші елге импорталаттын ұқсас тауар бағасымен немесе қажетті әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды және экономиканың осы саласы үшін тән пайданы ескере отырып, оның шығу еліндегі тауар өндірісінің шығынымен салыстырылады.
      5. Егер тауар оның шығу елі болып табылмайтын шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына импортталған жағдайда, осындай тауардың экспорттық бағасы шетел мемлекеттің нарығындағы ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салыстырылады.
      Тауардың экспорттық бағасын салыстыру, егер осы тауар Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына экспортталып, шетел мемлекеті арқылы қайта жіберілсе ғана немесе мұндай тауарды өндіру осы шетел мемлекетінде жүзеге асырылмаса не онда ұқсас тауардың салыстырмалы бағасы жоқ болса, оның шығу елінде ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен жүргізілуі мүмкін.
      6. Егер, тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде олардың шамасын бір валютадан екіншісіне қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу валютаның тауарды сату күніндегі ресми бағамын пайдаланып, жүргізіледі.
      Егер шетелдік валютаны сату тауарды тиісті экспорттық жеткізумен тікелей байланысты болған және мерзімінде жүзеге асырылған жағдайда, мерзімде валютаны сату кезінде қолданылатын валюта бағамы қолданылады.
      Құзыретті орган валюта бағамының ауытқуын ескермейді және тергеу барысында экспорттаушыларға тергеу кезеңінде валюта бағамдарының тұрақты өзгерістерін ескере отырып, олардың экспорттық бағаларын түзету үшін кемінде күнтізбелік 60 күннен береді.
      7. Құзыретті орган, әдетте, жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындайды.
      8. Егер құзыретті орган тауарларды экспорттаушылардың, өндірушілердің немесе импорттаушылардың жалпы санының, тауардың әр түрлілігі немесе қандай да бір басқа себеп бойынша тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келген жағдайда, ол мүдделі тұлғалардың қолайлы санынан шығатын жеке демпингтік маржаны айқындау шектігін пайдалануы немесе статистикалық репрезентативтік және тергеу барысын бұзбай зерттелуі мүмкін болып табылатын құзыретті органның иелігіндегі бар ақпарат бойынша әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен тауарды таңдауға қатысты демпингтік маржаны айқындауы мүмкін.
      9. Егер құзыретті орган осы баптың 8-тармағында көзделген шектеуді пайдаланған жағдайда, жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалмаған, бірақ қажетті мәліметтерді тергеу барысында оларды беру үшін белгіленген мерзім ішінде берген демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты есептелген демпингтік маржаның мөлшері демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың таңдаған шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты орташа өлшемді демпингтік маржаның мөлшерінен аспауға тиіс.
      10. Егер тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші құзыретті органға талап ету түрінде және белгіленген мерзімде сұралған ақпаратты бермесе немесе олар берген ақпарат тексеріле алмайтын не шындыққа сәйкес келмейтін жағдайда, құзыретті орган оның иелігіндегі басқа кез келген қолда бар ақпараттың негізінде демпингтік маржаны айқындай алады.
      11. Жеке демлингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудан басқа, құзыретті орган тергеу барысында белгіленген ең жоғары демпингтік маржаның негізінде тергеу объектісі болып табылатын тауардың барлық басқа экспорттаушылар және (немесе) өндірушілер үшін бірыңғай демпингтік маржаны айқындай алады.

11-бап
Тауардың қалыпты құнын айқындау

      1. Тауардың қалыпты құнын құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетінің ішкі нарығында байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатушыларға сату кезінде, сауданың кәдімгі барысында бәсекелестік жағдайларда экспорттаушы шетел мемлекеттерінің кеден аумағында пайдалану үшін ұқсас тауардың бағалар негізінде айқындайды.
      Қалыпты құнды айқындау мақсаттары үшін байланысты тұлғалар болып табылатын сатып алушылардың сатуы кезінде, егер аталған байланыс шетелдік өндірушінің және (немесе) экспорттаушының баға саясатына әсер етпейтіндігі белгіленген жағдайда, ұқсас тауардың бағалар есепке алынуы мүмкін.
      2. Экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатудың көлемі, егер бұл көлем экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына тауарлар экспортының жалпы көлемінен кемінде 5 проценті құраса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін жеткілікті ретінде қаралады.
      Сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатудың барынша төменгі көлемі, егер мұндай көлем сауданың кәдімгі барысында тауардың экспорттық бағасын осындай тауардың бағасымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті деген айғақ бар тауардың қалыпты құнын айқындау үшін қолайлы деп саналады.
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде сатып алушының экпорттаушы шетел мемлекетінің ішкі нарығында сатуы кезіндегі тауардың бағасы тергеу кезеңі ішінде сатып алушыларға экспорттаушы сатқан ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы немесе осы кезең шеңберіндегі сатып алушының әрбір сатуы бойынша бағасы болып табылады.
      4. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен баға бойынша экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында немесе экспорттаушы шетел мемлекетінен үшінші елге ұқсас тауарды сату, егер құзыретті орган ұқсас тауарды мұндай сату осы кезеңде барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз етпейтін елеулі көлемде және бағалар бойынша тергеу кезеңінде жүзеге асырылатынын белгілейтін жағдайда ғана, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілмеуі мүмкін.
      5. Егер оны сату сәтінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен осындай тауардың бағасы, тергеу кезеңінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, тауар бірлігінің орташа өлшемді өзіндік құнынан асып кеткен жағдайда, мұндай баға тергеу кезеңі ішіндегі барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз ету ретінде қаралады.
      6. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауарды өндірудің өзіндік құнынан төмен баға бойынша ұқсас тауарды сату, егер тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, осындай тауардың бірлігін өндірушінің орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен және баға бойынша сату көлемі осындай өзіндік құнынан төмен жағдайда, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша сату көлемінің кемінде 20 процентін құрайды.
      7. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, тауар бірлігін өндірудің өзіндік құны мұндай деректердің экспорттаушы шетел мемлекетіндегі бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жалпы қабылданған принциптері мен ережелеріне сәйкес келуі және тауарды шығарумен және сатумен байланысты шығындарды толық көрсету шартымен тауарды экспорттаушы және өндіруші берген деректер негізінде есептеледі.
      8. Құзыретті орган, шығындарды мұндай бөлу әдетте, тергеу объектісі болып табылатын, атап айтқанда, амортизацияның тиісті кезеңін, өндірісті дамытуға басқа да шығындарды жабу мен капитал салуға аударымдар белгілеуге қатысты осындай тауарды экспорттаушыға немесе өндірушіге қолданылуы шартымен тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші берген деректерді қоса алғанда, өндіріс шығындарын әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды бөлу дұрыстығының оның иелігіндегі барлық айғағын ескереді.
      9. Өндіріс шығындары, әкімшілік, сауда және жалпы шығындар өндірісті дамытуға байланысты бір жолғы шығыстарды немесе өндірісті ұйымдастыру кезеңінде жүзеге асырылатын тергеу кезіндегі операциялардың әсер ететін шығындардың жағдайларын ескере отырып, түзетіледі.
      10. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындардың жиынтық сандық көрсеткіштері және экономиканың осы саласына тән пайда демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші беретін сауданың кәдімгі барысында осындай тауарды өндіру және сату туралы нақты деректер негізінде айқындалады.
      Егер мұндай жиынтық сандық көрсеткіштерді көрсетілген жолмен айқындауға болмайтын болса, олар мыналардың:
      1) экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында тауардың сол санатын өндіруіне және сатуына байланысты тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші алған және жұмсаған нақты сома;
      2) осындай тауарды басқа да экспорттаушы немесе өндіруші экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында ұқсас тауардың өндіруіне және сатуына байланысты алынған және жұмсалған орташа өлшемді нақты сома;
      3) осындай жолмен айқындалған пайда сомасы экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сол санаттағы оны сату кезінде әдетте басқа да экспорттаушылар немесе өндірушілер алатын пайдадан аспайтын жағдай кезінде өзге әдіс негізінде айқындалуы мүмкін.
      11. Демпингтік импорт нарықтағы бағаларды мемлекет тікелей реттейтін немесе сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясы бар экспорттаушы шетел мемлекетінен болған жағдайда, тауардың қалыпты құны бағаның немесе тиісті үшінші елде есептелген ұқсас тауар құнының (көрсетілген экспорттаушы шетел мемлекетімен тергеу мақсаттары үшін салыстырылатын) не мұндай үшінші елден басқа елдерге, оның ішінде Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына жеткізу кезіндегі ұқсас тауар бағасының негізінде белгіленуі мүмкін.
      Егер тауардың қалыпты құнын айқындау осы тармақтың ережелеріне сәйкес мүмкін болмаған жағдайда, тауардың қалыпты құны Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағындағы ұқсас тауарға төленген немесе төленуге жататын және табысты ескере отырып түзетілген бағаның негізінде айқындалуы мүмкін.

12-бап
Тауардың экспорттық бағасын айқындау

      1. Тауардың экспорттық бағасы тергеу кезеңінде оны сату туралы деректер негізінде айқындалады.
      2. Демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың экспорттық бағасы туралы деректер жоқ болған кезде не құзыретті органның осы тауардың экспорттық бағасы туралы мәліметтердің шынайылығына негізді күмәні пайда болып, осының салдарынан тауарды экспорттаушы мен импорттаушы тұлғалармен, оның ішінде олардың әрқайсысының үшінші тұлғамен байланысына орай не осы тауардың экспорттық бағасына қатысты ымыраласу нысанында шектеулі іскерлік тәжірибе болған кезде, оның экспорттық бағасы, егер импортталушы тауар тәуелсіз сатып алушыға қайта сатылмаса немесе импорттаушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағына қандай түрде импортталса, сондай түрде қайта сатылмаса құзыретті орган анықтайтын импортталушы тауар бірінші рет тәуелсіз сатып алушыға сатылатын баға негізінде есептелуі мүмкін.

13-бап
Демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің
экономика саласының залалын белгілеу

      1. Демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал демпингтік импорт көлемін талдау нәтижелері, Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауарлар бағасына және Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауар өндірушілеріне әсері негізінде белгіленеді.
      2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалы деп Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының материалдық залалы, осындай залалды келтіру қатері немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын құруды айтарлықтай кідіртуді түсініледі.
      3. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалы тергеу кезеңінде үшін айқындалады.
      Тергеу барысында тергеуді бастау туралы өтініш берілген күнінің алдындағы 3 жыл ішінде Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы үрдіс те ескеріледі.
      4. Демпингтік импорт көлемін талдау кезінде құзыретті орган тергеу объектісі болып табылатын (абсолюттік көрсеткіштерде не Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты) тауардың демпингтік импортының елеулі ұлғаюының болған, болмағанын айқындайды.
      5. Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауардың бағасына демпингтік импорттың әсер етуін талдау кезінде құзыретті орган:
      1) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауар бағалары Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауар бағаларынан елеулі төмен болды ма;
      2) демпингтік импорт Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі төмендеуіне алып келді ме;
      3) демпингтік импорт осындай импорт болмаған жағдайда орын алатын Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі өсуіне кедергі келтірді ме, белгілейді.
      6. Егер бір уақытта жүргізілген тергеудің мәні бір экспорттаушы шетел мемлекетінен көп Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына тауардың импорты болып табылатын жағдайда, құзыретті орган мұндай импорттың жиынтық әсер етуін, егер:
      1) тергеу объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты айқындалған демпингтік маржа әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржасынан асса, ал әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен осы тауар импортының көлемі осы Келісімнің 31-бабының 2-тармағының ережелерін ескере отырып, елеусіз болып табылмаса;
      2) тауар импортының жиынтық әсер етуін бағалау импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттарын және Тараптар мемлекеттерінде өндірілген импорттық тауар мен ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын ескере отырып, мүмкін болып табылса ғана бағалауы мүмкін.
      7. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуін талдау Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының жай-күйіне қатысы бар барлық экономикалық факторларды, қоса алғанда:
      оған бұрын орын алған демпингтік немесе субсидияланған импорттың әсер етуінен кейін Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының экономикалық жағдайын қалпына келтіру деңгейі;
      болған немесе болашақта болуы мүмкін өндірістің қысқаруы, тауарды сатуды, оның Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы үлесін, пайдасын, өнімділігін, тартылған инвестициялардан түсетін кірістерді немесе өндірістік әлеулеттілікті пайдалануды;
      Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;
      демпингтік маржаның мөлшері;
      болған немесе болашақта болуы мүмкін тауар өндірісі өсу қарқынына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, еңбекақына, инвестиияларды тарту мүмкіндігіне және қаржылық жай-күйіне жағымсыз әсерін, бағалаудан тұрады.
      Сонымен қатар, бір де бір фактор демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалды белгілеу мақсаты үшін шешуші мәнге ие бола алмайды.
      8. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласындағы демпингтік импорт пен залал арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы туралы қорытынды құзыретті органның қол астында іске қатысты барлық айғақтар мен мәліметтерді талдауында негізделуге тиіс.
      9. Құзыретті орган демпингтік импорттан басқа, оның салдары сол кезеңде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіретін кез келген басқа белгілі факторларды да талдайды.
      Іске қатысты ретінде қаралуы мүмкін факторлар атап айтқанда, демпингтік бағалар бойынша сатылмаған импортталатын тауардың көлемі мен бағасын, тұтыну құрылымындағы сұраныстың қысқаруын немесе өзгерісті, шектеулі сауда практикасын, технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының экспорттық көрсеткіштері мен өнімділігін қамтиды.
      Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының осы факторлары салдарынан келтірілген залал демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалға жатқызылуға тиіс емес.
      10. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, оны өндірушілердің ұқсас тауарды сатуы және пайда сияқты осындай өлшемдер негізінде ұқсас тауарды өндіруді бөліп көрсетуге мүмкіндік берсе, Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды өндіруге қатысты бағаланады.
      Егер қолда бар деректер ұқсас тауар өндірісін бөліп көрсетуге мүмкіндік бермеген жағдайда, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі ұқсас тауарды қамтитын және ол туралы қажетті деректер бар тауарлардың неғұрлым қысаң тобын немесе номенклатурасын шығаруға қатысты бағаланады.
      11. Демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерін анықтаған кезде құзыретті орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде:
      1) мұндай импорттың бұдан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын демпингтік импорттың өсу қарқынын;
      2) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, осы тауардың демпингтік импортын ұлғайтудың нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын оларды ұлғайтудың анық бұлтартпаушылығының болуын;
      3) егер мұндай баға деңгейі Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе оны ұстап тұруға және тергеу объектісі болып табылатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне алып келуі мүмкін болса, тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
      4) тергеу объектісі болып табылатын тауар қорының экспорттаушыда болуын ескереді.
      12. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерінің бар болуы туралы шешімі, егер осы баптың 11-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеу барысында құзыретті орган демпингтік импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импортқа демпингке қарсы шараларды қолданбаған жағдайда Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіргені туралы қорытындыға келген жағдайда қабылданады.

14-бап
Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу

      1. Егер тергеу аяқталғанға дейін алынған ақпарат демпингтік импорттың бар болуы туралы және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласында залалының байланыстығын куәландырған жағдайда, алдын ала қорытынды мазмұндалған баяндаманың негізінде құзыретті орган тергеу жүргізу кезеңінде демпингтік импорт келтірген Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалы болғызбау мақсатында алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданады.
      2. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеу басталған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен ерте енгізілуі мүмкін емес.
      3. Алдын ала демпингке қарсы баждың ставкасы Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті, бірақ, алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен жоғары болмауға тиіс.
      4. Егер алдын ала демпингтік баждың ставкасы алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшеріне тең болған жағдайда, алдын ала демпингтік баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тергеу объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде 6 айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, 4 айдан аспауға тиіс.
      5. Егер алдын ала демпингке қарсы баж ставкасы алдын ала есептелген демпингтік маржадан аз жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тергеу объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде 9 айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, 6 айдан аспауға тиіс.
      6. Егер тергеу нәтижелері бойынша құзыретті орган демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздер жоқ деп белгілеген жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың сомасы кеден органдары алдын ала демпингке қарсы бажды өндіріп алған Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында кеден төлемдерін қайтару үшін белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      7. Егер тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздер болуы белгіленген жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баж сомасы кеден баждарының сомасын, баждардың өзге де түрлерін, теңгермелі қолданысы бар салықтар мен алымдарды есептеу мен бөлуін реттейтін Тараптар арасындағы бөлек келісімге сәйкес бюджетке аударылады.
      8. Егер тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздер болуы белгіленген және алдын ала демпингке қарсы баждың ставкасына қарағанда, соңғы демпингке қарсы баждың неғұрлым төмен ставкасын енгізу орынды деп танылған жағдайда, олардың арасындағы айырма оның кеден органдары алдын ала демпингке қарсы баж өндіріліп алынып, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында кеден төлемдерін қайтару үшін белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады, ал алдын ала демпингке Қарсы баждың қалдық сомасы кеден баждарының сомасын, баждардың өзге де түрлерін, теңгермелі қолданысы бар салықтар мен алымдарды есептеу мен бөлуін реттейтін Тараптар арасындағы бөлек келісімге сәйкес бюджетке аударылады.
      9. Егер соңғы демпингке қарсы баждың ставкасы алдын ала демпингке қарсы баждың ставкасынан жоғары болған жағдайда төлеушіден оның арасындағы айырма алынбайды.

15-бап
Тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының
ерікті міндеттемелерді қабылдауы

      1. Тергеуді құзыретті орган тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыдан осындай тауарға бағаны қайта қарау немесе Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына оның қалыпты құнынан төмен баға бойынша экспорттауды тоқтату туралы жазбаша нысанда ерікті міндеттемелерді алған кезде (Тараптар мемлекеттерінде экспорттаушымен байланысты адамдар болған кезде бұл адамдардың осы міндеттемелерді қолдайтыны туралы өтініші де қажет), егер құзыретті орган осындай міндеттемелерді қабылдау демпингтік импортпен келтірілген залалды қалпына келтіреді деген қорытындыға келсе және оларды мақұлдау туралы шешім қабылдаса, тоқтатуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.
      Тауар бағасының деңгейі осы міндеттемелерге сәйкес демпингтік маржаны жою үшін бұл қажеттіге қарағанда жоғары болмауға тиіс.
      Тауар бағасының көтерілуі егер, мұндай көтерілу Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып  табылса демпингтік маржадан аз болмауы мүмкін.
      2. Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді демпингтік импорттың бар болуы мен онымен Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалдың болғандығы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін шығармайды.
      3. Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді, егер оны қабылдау тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша қабылдауға болмайтын болса, шығармайды.
      Құзыретті орган экспорттаушыларға олардың ерікті міндеттемелерін мақұлдау қолайсыз деп танылғанын хабарлайды және экспорттаушыларға олардың ерікті міндеттемелерін мақұлдаудан бас тартуымен байланысты өз түсініктемелерін беру мүмкіндіктерін ұсынады.
      4. Құзыретті орган экспорттаушыларға ерікті міндеттемелерді қабылдауды ұсына алады, бірақ оны талап ете алмайды.
      5. Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді мақұлдаған жағдайда, демпингке қарсы тергеу тауар экспорттаушының өтініші бойынша немесе құзыретті органның шешімі бойынша жалғастырылуы мүмкін.
      Егер тергеудің нәтижесі бойынша демпингтік импорттың немесе онымен Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалдың жоқтығы туралы қорытынды жасалса, егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелердің қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушы осындай міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелерді қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайда, құзыретті орган міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      6. Егер тергеудің нәтижесі бойынша құзыретті орган демпингтік импорттың бар екендігі және онымен Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалдың болғаны туралы қорытындыға келсе, экспорттаушы қабылдаған ерікті міндеттемелер олардың шарттарына сәйкес әрекет етуді жалғастырады.
      7. Құзыретті орган экспорттаушыдан экспорттаушының ерікті міндеттемелерді орындауына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осындай мәліметтерді тексеруге келісім сұрай алады.
      Сұрау салынған мәліметтерді құзыретті орган белгілеген мерзімде бермеу, сондай-ақ мәліметтерді тексеруге келіспеу экспорттаушының өзі қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзғаны болып есептеледі.
      8. Экспорттаушы ерікті міндеттемелерді бұзған немесе қайтарып алған жағдайда, құзыретті орган, егер тергеу әлі аяқталмаса, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе тергеудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы куәландырса, түпкілікті демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Экспорттаушы қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзған жағдайда, оған осындай бұзушылыққа байланысты өзінің түсіндірмесін беруге мүмкіншілік беріледі.

16-бап
Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану

      1. Демпингке қарсы баж ерікті міндеттемелері осы Келісімнің 15-бабының ережелеріне сәйкес құзыретті орган мақұлдаған экспорттаушылар жеткізетін тауарларды қоспағанда, барлық экспорттаушылар жеткізетін және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіретін демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға қатысты қолданылады.
      2. Демпингке қарсы баждың мөлшері Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болуға тиіс, бірақ есептелген демпингтік маржадан жоғары болмауға тиіс.
      Егер мұндай мөлшер Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса, құзыретті орган есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен аз мөлшерде демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      3. Құзыретті орган жеке демпингтік маржа есептелген демпингтік импорттың мәні болып табылатын әрбір экспорттаушы немесе тауар өндіруші үшін жеке демпингке қарсы бажды белгілейді.
      4. Құзыретті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген жеке демпингке қарсы бажды бегілеуден басқа, тергеу барысында есептелген ең жоғары демпингтік маржа негізінде экспорттаушы шетел мемлекетінен барлық басқа экспорттаушылар немесе тауарды өндірушілер үшін бірыңғай демпингке қарсы бажды белгілейді.

17-бап
Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі және қайта қаралуы

      1. Демпингке қарсы шара демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде құзыретті органның шешімі бойынша қолданылады.
      2. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі осындай шараны қолдану басталған күннен немесе өзгермелі жағдайларға байланысты бір мезгілде демпингтік импорттың талдауына қатысты және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келген залалмен байланысты өткізілген қайта тергеу аяқталған күннен бастап 5 жылдан аспауға тиіс.
      3. Демпингтік шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу Келісімнің 29-бабына сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтініштің негізінде немесе құзыретті органның өз бастамашылығы бойынша жүргізіледі.
      Демпингтік шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу өтініште демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және демпингтік шараның қолданысын тоқтату кезінде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болған кезде жүргізіледі.
      Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш демпингке қарсы шараның  қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін 6 айдан кешіктірілмей беріледі.
      Қайта тергеу демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға тиіс және ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.
      Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілген қайта тергеу аяқталғанға дейін демпингке қарсы шараны қолдану құзыретті органның шешімі бойынша ұзартылады.
      Егер демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты қайта тергеудің нәтижелері бойынша құзыретті орган демпингке қарсы шараны қолдану үшін негіз жоқ деп белгілеген болса, демпингке қарсы шараны қолданудың ұзартылған мерзімі ішінде алынған демпингке қарсы баждың сомасын Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында кеден баждарын қайтару үшін белгіленген тәртіппен демпингке қарсы бажды алған кеден органдары төлеушіге қайтаруға тиіс.
      Егер құзыретті орган демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты, қайта тергеу нәтижесі бойынша оларға демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігін белгілесе, демпингке қарсы шараның қолданылуы ұзартылады.
      4. Құзыретті органның бастамасы бойынша немесе мүдделі адамдардың өтініші бойынша, егер демпингке қарсы шараны енгізгеннен кейін кемінде бір жыл өткен жағдайда демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) оны қайта қарау, оның ішінде өзгерген жағдайларға байланысты жеке демпингке қарсы баждың ставкаларын қайта қарау мақсатында қайта тергеу жүргізілуі мүмкін.
      Көрсетілген қайта тергеуді жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына байланысты мұндай өтініш өзгерген жағдайларына байланысты:
      демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастыру демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтін; немесе
      демпингке қарсы шараның қолданыстағы мөлшері демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асатын; немесе
      қолданыстағы демпингке қарсы шара демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз деген дәлелдемелерді қамтуға тиіс.
      Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тергеу басталған күнінен бастап 12 екі ай ішінде аяқталуға тиіс.
      5. Қайта тергеу тергеу жүргізу кезеңінде демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асырмаған экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында да жүргізілуі мүмкін.
      Құзыретті орган мұндай қайта тергеуді аталған экспорттаушы немесе өндіруші оны жүргізу туралы, экспортаушы немесе тауар өндіруші демпингке қарсы шара қолданылатын экспорттаушы және өндірушімен байланысты еместігін және осы экспорттаушы немесе өндіруші тергеу объектісі болып табылатын тауарды Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына жеткізуді жүзеге асыратындығын немесе тоқтатылуы немесе кері қайтарылуы осы экспорттаушы немесе тауар өндіруші үшін едәуір шығынға немесе айтарлықтай айыппұл санкциясына әкеп соқтыратын Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағында мұндай тауардың елеулі көлемін жеткізу туралы шартты міндеттемелерімен байланысты екендігін дәлелдейтін дәлелдемелерін қамтитын өтініш берген жағдайда бастауы мүмкін.
      Экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында қайта тергеу жүргізу кезінде Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуге қатысты демпингке қарсы шара осы экспорттаушыға немесе өндірушіге қолданылмайды.
      Осы тармақта көзделген қайта тергеу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі және кез келген жағдайда бұл мерзім 12 айдан аспайтын болады.
      6. Дәлелдерді ұсыну мен демпингке қарсы тергеуді жүргізуге қатысты осы Келісімнің V-бөлімнің ережелері тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, осы бапта көзделген қайта тергеуге қолданылады.
      7. Осы баптың ережелері тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, осы Келісімнің 15-бабына сәйкес экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге қолданылады.

18-бап
Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу

      1. Осы баптың мақсаттары үшін демпингтік шарадан айналып өту деп демпингке қарсы бажды төлеуден не экспорттаушы қабылдаған ерікті міндеттемелерді орындаудан айналып өтуді үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.
      2. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу мүдделі тұлғаның өтінішінің негізінде не құзыретті органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініш мынадай дәлелдемелерді қамтуға тиіс:
      1) демпингке қарсы шарадан айналып өту;
      2) демпингке қарсы шараның әрекетін одан айналып өту және осы фактордың ұқсас тауар өндірісінің көлеміне және (немесе) оны сатуға және (немесе) оның бағасына әсер ететіндігінің салдарын бейтараптау;
      3) демпингке қарсы шарадан айналып өту нәтижесінде тауардың (осындай тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктерінің) демпингтік импортының болуы. Бұл ретте тауардың, оның құрамдас және туынды бөліктерінің қалыпты құны ретінде салыстыру мақсатында нәтижелері бойынша құзыретті орган тиісті түзетулерді ескере отырып, демпингке қарсы шара енгізген тергеу барысында есептелген олардың қалыпты құны қабылданады.
      4. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу ол басталған күнінен бастап 9 ай ішінде аяқталуға тиіс.
      5. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу кезеңінде құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағынан импортталатын, демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне, сондай-ақ басқа экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және оның құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне демпингке қарсы бажды енгізуі мүмкін.
      6. Егер осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеудің нәтижелері бойынша құзыретті орган демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілемеген болса, осы бапқа сәйкес төленген немесе алынған демпингке қарсы бажды Тарап мемлекетінің заңнамасымен кеден баждарды қайтару үшін белгіленген тәртіппен демпингке қарсы бажды алған кеден органдар төлеушіге қайтаруға тиіс.
      7. Демпингке қарсы шараны осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу нәтижесі бойынша осы Келісімге сәйкес қолданылған демпингке қарсы шарадан айналып өту белгіленген жағдайда құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің біртұтас кеден аумағынан импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне, сондай-ақ басқа экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және оның құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне таралуы мүмкін.

ІV-тарау
Өтемақы шаралары

19-бап
Өтемақы шараларын қолданудың жалпы принциптері

      Егер құзыретті орган жүргізген тергеу нәтижелері бойынша Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына осындай тауардың импорты Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қаупін тудыратындығы немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын құруды елеулі тежейтіндігі  белгіленсе, өтемақы шарасы өндіру, экспорттау немесе тасымалдау кезінде экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясы қолданылған  импортталған тауарға қолданылуы мүмкін.

20-бап
Субсидияны айқындау

      Мыналар:
      1) субсидия алушыға қосымша артықшылық беретін, тікелей немесе жанама нәтижесі тауардың экспорттаушы шетел мемлекетінен тауар экспортын ұлғайту немесе осындай экспорттаушы шетел мемлекетіне ұқсас тауар импортын қысқарту болып табылатын кірістерді немесе бағаларды қолдаудың кез келген нысаны;
      2) субсидиялаушы орган жүзеге асыратын, субсидия алушыға қосымша артықшылық беретін және экспорттаушы шетел мемлекетінің аумағы шегінде мынадай нысанда көрсетілетін қаржылық жәрдемдесу:
      ақша қаражатын (оның ішінде дотация, қарыздар және акцияларды сатып алу түрінде) немесе осындай қаражатты (оның ішінде қарыздар бойынша кепілдеме түріндегі) аудару бойынша міндеттемелерді тікелей аудару;
      экспортталатын тауарды ішкі тұтыну үшін арналған ұқсас тауардан алынатын салықтар мен баждан босату не осындай салықтардың немесе баждардың мөлшерін нақты төленген сомалардан аспайтын мөлшерде азайту немесе қайтару жағдайларын қоспағанда, экспорттаушы шетел мемлекетінің кірісіне түсуге тиіс болатын, оның ішінде салықтық кредиттерді ұсыну жолымен қаражатты есептен шығару немесе алып қоюдан толық немесе жартылай бас тарту;
      жалпы инфрақұрылымды, яғни нақты өндірушімен және (немесе) экспорттаушымен байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарларды немесе қызметтерді қоспағанда, тауарларды немесе қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз ұсыну;
      тауарларды жеңілдікпен сатып алу субсидия болып табылады.

21-бап
Экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидияларын ерекше
субсидияларға жатқызу принциптері

      1. Егер субсидияланатын органмен немесе экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасымен субсидияны пайдалануға тек жекелеген ұйымдар жіберілетін болса, экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидиясы ерекше болып табылады.
      2. Осы бапта жекелеген ұйымдар деп нақты өндірушіні және (немесе) экспорттаушыны не экспорттаушы шетел мемлекеті экономикасының нақты саласын не өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар тобын (одағын, бірлестігін) не экспорттаушы шетел мемлекетінің экономика салаларын білдіреді.
      3. Егер осы субсидияны пайдалануға жіберілген жекелеген ұйымдардың саны субсидиялаушы органның заңды иелігіндегі географиялық өңірде орналасқан ұйымдармен шектелсе, субсидия ерекше болып табылады.
      4. Егер экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасымен немесе субсидиялаушы орган жалпы объективті өлшемдерді немесе субсидияны алу құқығын және оның мөлшерін (оның ішінде өнімдер өндірумен айналысатын қызметкерлер санына немесе өнімдер шығару көлеміне тәуелді) алуға айқындайтын шарттарды белгілесе және ол қатаң сақталса, субсидия ерекше болып табылмайды.
      5. Кез келген жағдайда экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидиясы ерекше субсидия болып табылады, егер мұндай субсидияны ұсыну:
      1) субсидияны пайдалануға рұқсат берілген жекелеген ұйымдар санының шектелуімен;
      2) жекелеген ұйымдардың субсидияны артықша пайдалануымен;
      3) жекелеген ұйымдарға субсидияның мөлшерсіз үлкен сомасын ұсынуымен;
      4) субсидиялаушы органның жекелеген ұйымдарға субсидияны ұсынудың жеңілдік (преференциялдық) тәсілін таңдап алуымен қосталса.
      6. Экспорттаушы шетел мемлекетінің кез келген субсидиясы ерекше субсидия болып табылады, егер:
      1) субсидия экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес не жалғыз немесе бірнеше шарттың біреуі ретінде тауар экспортымен байланысты болса. Субсидия, егер оны беру экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес тауар экспортымен байланысты болмаса, іс жүзінде тауардың болған немесе болашақта мүмкін болатын экспортымен не экспорттан түсетін түсіммен байланысты болса, нақты тауар экспортымен байланысты болып есептеледі. Экспорттаушы кәсіпорындарға субсидияны ұсыну фактісінің өзі осы тармақтың мәнінде экспортты субсидияны ұсынуды білдірмейді;
      2) субсидия экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес не импортты тауарлардың орнына экспорттаушы шетел мемлекетінде шығарылған тауарларды пайдаланудың жалғыз шарты немесе бірнеше шарттары ретінде нақты байланысқан болса.
      7. Құзыретті органның экспорттаушы шетел мемлекетіндегі субсидияны ерекше субсидияға жатқызу туралы шешімі дәлелдемелерге негізделуге тиіс.

22-бап
Ерекше субсидиялардың мөлшерін айқындаудың принциптері

      1. Ерекше субсидия мөлшері мұндай субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері негізінде айқындалады.
      2. Ерекше субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері мынадай принциптер негізінде айқындалады:
      1) субсидиялаушы органның ұйымның капиталына қатысуы егер мұндай қатысу экспорттаушы шетел мемлекетінің аумағындағы қалыпты инвестициялық тәжірибеге (тәуекелдік капиталын ұсынуды қоса алғанда) жауап бермейтін ретінде бағалануы мүмкін болмаса пайданы беру ретінде қарастырылмайды;
      2) субсидиялайтын органға берілген кредит, егер кредит алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы шетел мемлекетінің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлейтін соманың арасындағы айырмашылық жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда, осы екі соманың арасындағы айырмашылық пайда болып саналады;
      3) субсидиялаушы органның кредитті кепілдендіруі, егер кепілдікті алушы ұйым субсидиялаушы орган кепілдендірген кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы шетел мемлекетінің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін мемлекеттік кепілдіксіз төлейтін соманың арасындағы айырмашылық жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда комиссиялық айырмашылықта осы екі соманың арасындағы түзетулері бар айырмашылық пайда болып саналады;
      4) субсидиялайтын органның тауарларды немесе қызметтерді жеткізуі, не тауарларды сатып алуы, егер тек қана тауарларды немесе қызметтерді баламалы төлемнен кем жеткізсе, не болмаса сатып алу кемінде баламалы төлемнен асырып жүзеге асырылмаса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Төлемнің баламалылығы осындай тауарлар мен қызметтерді экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында сатып алу және сатудың бағаны, сапаны, қолжетімділікті, жоюды, тасымалдауды және тауарды сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда, қолданыстағы нарықтық жағдайларға қатысты айқындалады.

23-бап
Субсидияланатын импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің
экономика саласының залалын белгілеу

      1. Субсидияланатын импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залал субсидияланатын импорттың көлемін және субсидияланатын импорттың Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауардың бағасы мен осындай импорттың Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауар өндірушілеріне әсерін талдау нәтижелерінің негізінде белгіленеді.
      2. Осы бөлімнің мақсаты үшін Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалы деп материалдық залал, осындай залалды келтіру қаупі немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеуді түсіндіреді.
      3. Субсидияланатын импорттың көлемін талдау кезінде құзыретті орган субсидияланатын импортта елеулі ұлғаю болғанын не болмағанын белгілейді (абсолютті көрсеткіштерде не өндіріске немесе Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарын тұтынуға қатысты).
      4. Егер бір уақытта жүргізілген тергеулердің мәні қандай да бір тауарды біреуден астам экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына субсидияланатын импорт болып табылса, құзыретті орган, осындай импорттың жиынтықты әсерін бағалай алады, егер:
      1) осы тауарға әрбір экспорттаушы шетел мемлекетіндегі субсидияның мөлшері оның құнынан бір процентінен астамын құрайды, ал әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен субсидияланатын импорт көлемі осы Келісімнің 32-бабының 2-тармағына сәйкес елеусіз болып табылмайды;
      2) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар импортының жиынтықты әсер етуінің бағасы импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттары мен импорттық тауар және Тараптар мемлекеттерінде шығарылған ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке алғанда мүмкін болып табылған жағдайда белгілесе.
      5. Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауар бағасына субсидияланатын импорттың әсерін талдау кезінде құзыретті орган:
      1) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар бағасы Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауардың бағасынан елеулі төмен болғандығын;
      2) субсидияланатын импорт Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі төмендеуіне алып келгендігін;
      3) субсидияланатын импорт мұндай импорт болмаған жағдайда орын алатын Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауарлардың бағасының елеулі өсуіне кедергі келтіргендігін белгілейді.
      6. Субсидияланатын импорттың Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтіретін әсерін талдау Тараптар мемлекеттерінің экономика саласынының жай-күйіне қатысы бар экономикалық факторларды, оның ішінде:
      1) болған немесе жақын арада болуы мүмкін өндірістің қысқартылуын, тауардың сатылуын, Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы тауар үлесін, тартылған инвестициялардан табыстарды, өнімділікті, кірістерді немесе өндірістік қуаттылықтарды пайдалануды;
      2) Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;
      3) болған немесе келешекте ақша ағыны қозғалысына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, еңбекақыға, өндірістің өсу қарқынына, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне теріс әсерін бағалауды білдіреді.
      7. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына субсидияланатын импорттың әсері, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы мен табысы сияқты өлшемдердің негізінде ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік берсе, Тараптар мемлекеттерінде ұқсас тауарды шығаруға қатысты бағаланады.
      Егер қолда бар деректер ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік бермесе, субсидияланатын импорттың Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына ықпалы өндіріске неғұрлым шағын топ немесе өзіне ұқсас тауарлар мен олар туралы қажетті деректерді қамтитын тауарлар номенклатурасын қолдана отырып бағаланады.
      8. Субсидияланатын импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін анықтау кезінде құзыретті орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:
      1) субсидияның сипатын, мөлшерін немесе субсидияларды және олардың саудаға мүмкін болатын әсерін;
      2) мұндай импорттың одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын субсидияланатын импорттың өсу қарқынын;
      3) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау қабілетін ескере отырып, осы тауардың субсидияланатын импортының ұлғаюының нақты мүмкіндіктері туралы куәландыратын олардың  ұлғаюының айқын бұлтартпастығының болуын;
      4) егер мұндай баға деңгейі ұқсас тауар бағасын төмендетуге немесе Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауар бағасының өсімін кідіртуге және субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарға сұраныстың бұдан әрі өсуіне алып келетін болса, субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
      5) субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушыдағы қорды ескереді.
      9. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің бар екендігін белгілеу туралы шешімді, егер осы баптың 8-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеу барысында құзыретті орган, бұл орган субсидияланатын импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импорттың өтемақы шараларды қабылдамаған жағдайда, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі туралы қорытындыға келген жағдайда қабылдайды.
      10. Мұндай импорттың салдарынан субсидияланатын импорт пен Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалы арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуын белгілеу іске қатысы бар барлық талдауға және құзыретті органның өкіміндегі дәлелдемелер мен мәліметтерге негізделуге тиіс.
      11. Құзыретті орган субсидияланатын импорттан басқа оның салдарынан дәл сол кезеңде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтірілетін басқа да белгілі факторларды талдайды.
      Құзыретті орган Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының көрсетілген залалын субсидияланатын импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалға жатқызбауға тиіс.

24-бап
Алдын ала өтемақы шараларын енгізу

      1. Егер тергеу аяқталғанға дейін құзыретті орган алған ақпарат субсидияланатын импорттың бар екендігі және осымен Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы залалының шарттасқаны туралы куәландырса, құзыретті орган алдын ала қорытындыда қамтылған баяндама негізінде тергеу жүргізілген кезеңде субсидияланатын импорт келтірген Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын болдырмау мақсатында 4 айға дейінгі мерзімде алдын ала өтемақы бажын енгізу арқылы өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды.
      2. Алдын ала өтемақы бажы тергеу басталған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен бұрын енгізілмеуге тиіс.
      3. Алдын ала өтемақы бажы субсидияланатын және экспортталатын тауардың бірлігіне есептелген экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясының алдын ала есептелген шамасына тең мөлшерде енгізіледі.
      4. Егер тергеу нәтижелері бойынша өтемақы шараларын енгізу үшін негіз жоқ екендігі анықталса, алдын ала өтемақы бажының сомасы кеден төлемдерді қайтару үшін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасымен, алдын ала өтемақы бажы алынған кеден органдар белгілеген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      5. Егер тергеу нәтижесі бойынша өтемақы шараларын енгізу үшін негіз бар екендігі анықталса, алдын ала өтемақы бажының сомасы кеден бажы, баждың өзге түрлерінің сомаларын баламалы әрекетке ие салықтар мен алымдарды аудару және тарату тетігі саласындағы кеден одағының келісіміне сәйкес бюджетке аударылады.
      6. Егер тергеу нәтижелері бойынша өтемақы шараларын енгізу үшін негіздер бар екендігі анықталған жағдайда және алдын ала өтемақы бажының ставкасына қарағанда түпкілікті өтемақы бажының неғұрлым төмен ставкасын енгізу орынды деп танылса, алдын ала өтемақы бажының ставкасы мен түпкілікті өтемақы бажының ставкасы арасындағы айырма импорттаушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады, ал алдын ала өтемақы бажының қалған сомасы кеден баждар, баждардың өзге түрлерінің сомаларын, баламалы әрекетке ие салықтар мен алымдарды аудару және тарату саласындағы кеден одағының келісіміне сәйкес бюджетке аударылады.
      7. Егер түпкілікті өтемақы бажының ставкасы алдын ала өтемақы бажының ставкасынан жоғары болған жағдайда, олардың арасындағы айырма алынбайды.
      8. Алдын ала өтемақы бажы бір уақытта тергеуді жалғастырған жағдайда қолданылады.
      9. Алдын ала өтемақы бажы осы Келісімнің 26-бабына сәйкес қолданылады.

25-бап
Тергеу объектісі болып табылатын субсидиялаушы шетел
мемлекетінің немесе тауар экспорттаушының ерікті
міндеттемелерді қабылдауы

      1. Тергеуді құзыретті орган олардың жазбаша нысандағы ерікті міндеттемелерді мақұлдағаны туралы шешім қабылдаған кезде өтемақы бажын енгізбей-ақ тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкін, оған сәйкес:
      экспорттаушы шетел мемлекеті субсидиялауды жоюға немесе қысқартуға не болмаса субсидиялау салдарын жою мақсатында тиісті шаралар қабылдауға келіседі;
      тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушы мұндай тауарға олар белгілеген бағаны қайта қарауға келіседі (Тараптар мемлекеттеріндегі экспорттаушымен тұлғамен байланысты болғанда, осы тұлғалардың экспорттаушының бағаларды қайта қарауы туралы міндеттемелерін қолдауын қамтамасыз етеді), осылайша экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерді талдау нәтижесінде құзыретті орган осындай ерікті міндеттемелерді қабылдау Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жояды деген қорытындыға келеді.
      Тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, мұндай ерікті міндеттемелерге сәйкес экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидияланатын немесе экспортталатын тауар бірлігіне қатысты есептелген ерекше субсидия мөлшерінен аспауға тиіс.
      Тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, егер мұндай арттыру Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидияланатын немесе экспортталатын тауар бірлігіне есептелген ерекше субсидия мөлшеріне қарағанда аз болуы мүмкін.
      2. Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді субсидияланатын импорт пен осымен шарттасқан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы залалының болуы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін қабылдамайды.
      3. Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді, егер ол тергеу объектісі болып табылатын тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша мұндай ерікті міндеттемелерді қабылдаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келсе қабылдамайды. Құзыретті орган экспорттаушыларға мұндай экспорттаушылардың ерікті міндеттерінің мақұлданбағаны жөніндегі себептерін хабарлайды және экспорттаушыларға осыған байланысты өз түсіндірмелерін беруге мүмкіндік береді.
      4. Құзыретті орган экспорттаушылардың әрқайсысына және ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органына оны мүдделі тұлғаларға беруге мүмкіндік алу үшін мұндай міндеттемелердің құпия емес болжамын ұсыну туралы сұрау жібереді.
      5. Құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетіне немесе тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушысына ерікті міндеттемелерді қабылдауды ұсына алады, бірақ оны қабылдауды талап ете алмайды.
      6. Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешім қабылдаған жағдайда субсидияланатын импорттың бар екендігі мен осымен шарттасқан Тараптар мемлекеттерінің экономика салаларының залалына қатысты тергеуді экспорттаушы мемлекеттің өтініші бойынша немесе құзыретті орган шешімінің негізінде жалғастыруы мүмкін.
      7. Егер құзыретті орган тергеудің нәтижелері бойынша субсидияланатын импорттың жоқтығы немесе осымен шарттасқан Тараптар мемлекеттерінің экономика салаларының залалы жоқ екендігі туралы қорытындыға келсе, егер көрсетілген қорытынды елеулі деңгейде мұндай міндеттемелердің бар болуының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, ерікті міндеттемелер қабылдаған экспорттаушы шетел мемлекеттер немесе экспорттаушылар осындай ерікті міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде ерікті міндеттемелердің қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайда құзыретті орган осы міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      8. Егер тергеудің нәтижесі бойынша құзыретті орган субсидияланған импорттың бар екендігі немесе осымен шарттасқан Тараптар мемлекеттерінің экономика салалары залалының бар екендігі туралы қорытындыға келсе, қабылданған ерікті міндеттемелер олардың шартына сәйкес іс-әрекетін жалғастырады.
      9. Құзыретті орган, егер олардың ерікті міндеттемелерін құзыретті орган мақұлдаған болса, экспорттаушы шетел мемлекетінен немесе экспорттаушыдан олардың орындауына қатысты мәліметті, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісімді сұратып ала алады.
      Сұрау салынған мәліметтерді құзыретті орган белгілеген мерзімде бермеу, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісім бермеу экспорттаушы шетел мемлекетінің немесе экспорттаушының қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзғаны болып саналады.
      10. Экспорттаушы шетел мемлекеті немесе экспорттаушы ерікті міндеттемелерді бұзған немесе мұндай міндеттемелерді қайтарып алған жағдайда құзыретті орган егер тергеу әлі аяқталмаса, алдын ала өтемақы бажын немесе егер тергеудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы куәландырса, түпкілікті өтемақы бажын енгізу арқылы өтемақы шараларын қолдану туралы шешім қабылдай алады.
      Экспорттаушы шетел мемлекеті немесе экспорттаушы өздері қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзған жағдайда, осындай бұзушылықтарға байланысты өзінің түсіндірмесін беруге мүмкіндік беріледі.
      11. Құзыретті органның ерікті міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімінде осы баптың 10-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін алдын ала өтемақы бажының немесе түпкілікті өтемақы бажының ставкасы айқындалуға тиіс.

26-бап
Өтемақы бажын енгізу және қолдану

      1. Өтемақы бажын енгізу туралы шешімді құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидияларының қолданылу мерзімі ішінде қабылдауы мүмкін.
      2. Өтемақы бажын енгізу туралы шешім айрықша субсидия беретін экспорттаушы шетел мемлекетіне консультациялар жүргізу ұсынылғаннан кейін және мемлекет ұсынылған консультациялардан бас тартқан немесе осындай консультациялар барысында өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген жағдайда қолданылады.
      3. Өтемақы бажын барлық экспорттаушылар жеткізетін тауарларға қатысты қолданылады және ерікті міндеттемелерін құзыретті орган мақұлдаған экспорттаушылар жеткізетін тауарларды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіретін субсидияланатын импорттың мәні болып табылады.
      Жекелеген экспорттаушылар үшін құзыретті орган жеке өтемақы бажын белгілеуі мүмкін.
      4. Өтемақы бажының ставкасы субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне есептелген экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясының мөлшерінен аспауға тиіс.
      Егер субсидия түрлі бағдарламаларға сәйкес берілген жағдайда, олардың жиынтық мөлшері ескеріледі.
      Өтемақы бажының ставкасы, егер мұндай ставка Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын қалпына келтіру үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясының мөлшерінен кем болуы мүмкін.
      5. Өтемақы бажының ставкаларын айқындау кезінде экономикалық мүдделеріне өтемақы бажын енгізу әсер етуі мүмкін Тараптар мемлекеттерінің тұтынушыларынан құзыретті органға жазбаша нысанда келіп түскен пікірлері ескеріледі.

27-бап
Өтемақы шараларын қолдану мерзімі және қайта қарау

      1. Өтемақы шарасы субсидияланған импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
      2. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі осындай шараны қолдану басталған күннен бастап немесе жағдайдың өзгеруіне байланысты жүргізілген және сонымен қатар субсидияланатын импорт пен онымен байланысты Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалына қатысты болған немесе өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайта тергеудің аяқталған күнінен бастап бес жылдан аспауға тиіс.
      3. Құзыретті орган өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеуді осы Келісімнің 29-бабына сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтінішінің негізінде не құзыретті органның өз бастамасымен жүргізеді.
      Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу өтінішінде субсидияланатын импортты жаңарту не жалғастыру және өтемақы шарасының күшін тоқтату кезінде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер бар болған кезде жүргізіледі.
      Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей беріледі.
      Қайта тергеу өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға және оның басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.
      Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тергеу аяқталғанға дейін өтемақы шарасын қолдану құзыретті органның шешімі бойынша ұзартылады.
      Егер құзыретті орган өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу нәтижелері бойынша өтемақы шарасын қолдану үшін негіз жоқтығын айқындаған жағдайда, өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзім ішінде алынған өтемақы бажының сомасы кеден органдар өтемақы бажын алған Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында кеден төлемдерді қайтару үшін белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      Құзыретті орган, егер өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеудің нәтижелері бойынша олар субсидияланатын импортты жаңарту не жалғастыру және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі белгіленген жағдайда, өтемақы шарасының қолданылу мерзімін ұзартады.
      4. Құзыретті органның бастамасы бойынша немесе мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша, егер өтемақы шарасын енгізгеннен кейін кемінде бір жыл өткен болса, өтемақы шарасын қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) оны қайта қарау, оның ішінде жағдайлардың өзгеруіне байланысты жеке өтемақы бажының ставкаларының мөлшерлерін қайта қарау мақсатында қайта тергеу жүргізілуі мүмкін.
      Жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш беру мақсатына байланысты мұндай өтініш мынадай нақты дәлелдерді қамтуға тиіс:
      өтемақы шарасын қолдануды жалғастыру субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін талап етілмейді; немесе
      өтемақы шарасының қолданыстағы мөлшері субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асады; немесе
      қолданыстағы өтемақы шарасының субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз.
      Жағдайдың өзгеруіне байланысты қайта тергеу ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.
      5. Осы Келісімнің V бөлімнің дәлелдемелер беруге және тергеу жүргізуге қатысты ережелері осы бапта көзделген, қайта тергеуге тиісті айырмашылықтарды ескере отырып қолданылады.
      6. Осы баптың ережелері осы Келісімнің 25-бабына сәйкес экспорттаушы шетел мемлекеті немесе экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қолданылады.

28-бап
Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу

      1. Өтемақы шарасын айналып өту деп өтемақы бажын төлеуден не қабылданған ерікті міндеттемелерді орындаудан айналып өту үшін тауарларды жеткізу тәсілінің өзгеруі түсініледі.
      2. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе құзыретті органның жеке бастамасы бойынша басталуы мүмкін.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініш мынадай:
      1) өтемақы шарасын айналып өту;
      2) өтемақы шарасының (оны айналып өту салдарын) Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауардың өндіріс көлеміне және (немесе) сатуға және (немесе) бағаға әсерін жою;
      3) тауар өндірушілердегі және (немесе) экспорттаушылардағы (мұндай тауардың оның құрамдас және (немесе) туынды бөліктері) ерекше субсидияларды беруден түсетін пайданы сақтаудың дәлелдемелерін қамтуға тиіс.
      4. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу жүргізу кезеңінде құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетінен шығарылатын субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне, сондай-ақ субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарға және (немесе) басқа да экспорттаушы шетел мемлекетінен импортталатын оның құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне өтемақы бажын енгізуі мүмкін.
      5. Егер құзыретті орган өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатында жүргізген қайта тергеудің нәтижелері бойынша өтемақы бажын айналып өтуді белгілемеген болса, осы бапқа сәйкес өтемақы бажының төленген немесе өндіріп алынған сомасы, кеден органдары өтемақы бажын өндіріп алған Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында кеден баждарды қайтару үшін белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      6. Егер осы Келісімге сәйкес қолданылатын өтемақы шарасын айналып өтуді қайта тергеу нәтижелері бойынша белгіленген, өтемақы шарасын құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетінен шығарылатын субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне, сондай-ақ басқа экспорттаушы шетел мемлекетінен шығарылатын субсидияланатын импорттың мәні және (немесе) оның құрамдас және (немесе) туынды бөліктері болып табылатын тауарға қолданылуы мүмкін.
      7. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатындағы қайта тергеу ол басталған күнінен бастап 9 ай ішінде аяқталуға тиіс.

V. Тергеу жүргізу

29-бап
Тергеу жүргізу үшін негіздер

      1. Өспелі импорттың және осымен шарттасылған Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының елеулі залалының немесе мұндай залал келтіру қаупінің бар екендігін белгілеу мақсатында, сондай-ақ демпингтік немесе субсидияланатын импортты және осымен шарттасылған материалдың залалды, мұндай материалдық залал келтіру қаупін немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеу қаупін белгілеу мақсатында тергеуді құзыретті орган жазбаша нысандағы өтініштің негізінде не құзыретті органның өз бастамасы бойынша жүргізеді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішті мыналар:
      1) Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) өндіруші немесе оның уәкілетті өкілі;
      2) Тараптар мемлекеттерінде көптеген қатысушылары ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) шығаратын өндірушілер бірлестігі немесе оның уәкілетті өкілдері береді.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішке Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін не ұқсас тауарды өндірушілердің осындай өтінішті қолдайтындықтарының дәлелдемесі қоса беріледі. Осындай өтінішті қолдаудың жеткілікті дәлелдемесі ретінде мыналар:
      1) өтінішке Тараптар мемлекеттерінде (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды өндірудің жалпы көлемінің көп бөлігін өтініш берушімен бірге шығаратын Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды басқа өндірушілердің қосылғаны туралы құжаттар;
      2) Тараптар мемлекеттерінде (оның ішінде өтініш берушілерге) өндірушілердің өтінішті қолдауда айтылған ұқсас тауарды өндіру үлесі Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауар өндірісінің жалпы көлемінің кемінде 25 процентін құрайтындығын, бұл ретте өтінішке қатысты өз пікірін (қолдау немесе келіспейтіндігін) Тараптар мемлекеттерінің өндірушілерінің (оның ішінде өтініш берушінің) өтінішті (демпингке қарсы шараларды немесе өтемақы шараларды қолдану туралы өтінішті беру кезінде) қолдауда айтылған ұқсас тауарды өндіру үлесі Тараптар мемлекеттерінде ұқсас тауар өндірісінің жалпы көлемінің кемінде 50 проценттен астамын құрайтындығын растайтын құжаттар танылады.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш мыналарды:
      1) өтініш беруші туралы, өтініш берген күннің алдындағы тікелей 3 жыл ішінде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде), ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) сандық және құндық көріністе өндіру көлемі туралы, сондай-ақ Тараптар мемлекеттері өндірушілерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) немесе ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) сандық және құндық көріністе өндіру көлемі туралы және Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) өндірудің жалпы көлеміндегі олардың үлесі туралы мәліметті;
      2) Тарап мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына импортталатын, оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауардың Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодын көрсете отырып сипаттамасын;
      3) экспорттаушы шетел мемлекеттерінің немесе кедендік статистика деректерінің негізінде осы тауарды шығарушы не жіберуші мемлекеттердің атауын;
      4) экспорттаушы шетел мемлекеттерінде осы тауарды белгілі өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар туралы және Тараптар мемлекеттеріндегі осы тауарды белгілі импорттаушылар мен тауарды негізгі белгілі тұтынушылар туралы мәліметті;
      5) оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауардың өтінішін берудің алдыңғы күніне тікелей сәйкес келетін 3 жыл үшін Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағындағы импорт көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметті;
      6) өтінішті берудің алдыңғы күніне тікелей сәйкес келетін 3 жыл үшін Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағынан ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) не ұқсас тауардың (демпингке қарсы шараларды немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) экспорты көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметті қамтуға тиіс.
      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген ережелермен қатар, өтініште сұралған шараларға қатысты өтініш беруші мыналарды:
      1) оған қатысты арнайы қорғау шарасын енгізу ұсынылатын тауардың өспелі импорты болуының дәлелдемесін, оған қатысты арнайы қорғау шарасын енгізу ұсынылатын тауардың өспелі импортының салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалдың немесе мұндай залал келтіру қаупінің болуының дәлелдемесі, мұндай шараның мөлшері мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, арнайы қорғау шарасын енгізу туралы ұсынысты және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының өтініш беруші ұсынған арнайы қорғау шарасының (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініште) қолданылу ішінде шетелдік бәсекелестік шарттары жұмысқа бейімделуі жөніндегі іс-шаралар жоспарын;
      2) оған қатысты демпингке қарсы шара енгізу ұсынылатын тауардың демпингтік импортының болуы туралы мәлімет, материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қаупінің немесе тауардың демпингтік импортының салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелдемесі, сондай-ақ мұндай (демпингке қарсы шара қолдану туралы өтініште) шараның мөлшері мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, демпингке қарсы шара енгізу туралы ұсынысты;
      3) экспорттаушы шетел мемлекеттердің ерекше субсидияларының болуы мен сипаттамасы туралы және егер де мүмкін болса оның мөлшері туралы мәліметті, материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қаупінің немесе тауардың субсидияланатын импортының салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелдемесін, сондай-ақ осындай шараның мөлшері мен қолданылу мерзімін көрсете отырып (өтемақы шарасын қолдану туралы өтініште) өтемақы шарасын енгізу туралы ұсынысты көрсетуге тиіс.
      6. Құзыретті органда мұндай өтінішті тіркеу күні өтініш беру күні болып саналады.
      7. Салыстыру мақсатында өтініште жазылған көрсеткіштерді көрсету кезінде бірыңғай ақшалай және сандық бірліктер пайдаланылуға тиіс.
      8. Өтініште жазылған мәліметтерді осындай мәліметтерді берген өндірушілердің басшылары, сондай-ақ осы өндірушілерге тікелей қатысты мәліметтер бөлігіндегі бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есептілікті жүргізуге жауапты қызметкерлер қол қойып куәландыруға тиіс.
      9. Оның құпия емес нұсқасы қоса берілген өтініш (егер де өтініште құпия ақпарат бар болса) құзыретті органға орыс тілінде беріледі және осы органға өтініш келіп түскен күні тіркеуге жатады.
      10. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш мынадай:
      өтінішті берген кезде осы баптың 3-5-тармақтарында көрсетілген материалдарды бермеу;
      өтініш берушінің осы баптың 3-5-тармақтарында берілген материалдардың сенімсіздігі негіздер бойынша кері қайтарылады.
      Өзге негіздер бойынша өтінішті кері қайтаруға жол берілмейді.
      11. Құзыретті орган тергеу басталғаны туралы шешім қабылдағанға дейін экспорттаушы шетел мемлекетінің демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініштің келіп түскені туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
      12. Құзыретті орган тергеу басталғандығы туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішті тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде осы өтініште жазылған дәлелдемелер мен мәліметтердің осы баптың 3-5-тармақтарына сәйкес жеткіліктілігін және дұрыстығын зерделейді. Мұндай мерзім құзыретті орган өтініш берушіден қосымша мәліметтерді алуы қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда күнтізбелік 60 күннен аспауға тиіс.
      13. Өтінішті өтініш беруші тергеу басталғанға дейін немесе оны жүргізу барысында қайтарып алуы мүмкін.
      Егер өтініш тергеу басталғанға дейін қайтарылып алынған жағдайда, берілмеген болып саналады.
      Егер өтініш тергеу жүргізу барысында қайтарылып алынған жағдайда, тергеу арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізусіз тоқтатылады.
      14. Тергеудің басталғаны туралы шешім қабылданғанға дейін өтініште жазылған мәлімет жұртшылыққа жариялауға жатпайды.

30-бап
Тергеуді бастау және оны жүргізу

      1. Құзыретті орган осы Келісімнің 29-бабының 12-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тергеуді бастау туралы немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      2. Тергеу жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде құзыретті орган жазбаша нысанда осындай шешім қабылдау күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіге тергеу жүргізуден бас тартудың себебі туралы хабарлайды.
      3. Тергеуді бастау туралы шешім қабылдау кезінде құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органына, сондай-ақ оған белгілі басқа да мүдделі тұлғаларға қабылдаған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды және тергеуді бастау туралы шешім қабылдау күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тергеуді бастау туралы хабарламаны ресми басылымдарда жариялауды қамтамасыз етеді.
      4. Құзыретті орган тергеуді бастау туралы шешімді, оның ішінде өз бастамасы бойынша, егер оның иелігінде өспелі импорттың және осыдан туындаған елеулі залалдың немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтіру қаупінің бар екендігінің не демпингтік немесе субсидияланған импорттың және осыдан туындаған материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелдемесі бар болған жағдайда қабылдай алады.
      Егер қолда бар дәлелдемелер жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай тергеу жүргізілмеуі мүмкін.
      5. Мүдделі тұлғалар өзінің тергеуге қатысу ниеттері туралы жазбаша нысанда өтініш білдіруге құқылы. Олар құзыретті органға тергеуге қатысу ниеті туралы өтініш берген күннен бастап тергеуге қатысушылар болып танылады.
      6. Мүдделі тұлғалар тергеу барысын бұзбайтын мерзімдерде тергеу жүргізу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде мұндай мәліметтерді алу көздерін көрсете отырып, құпия ақпаратты беруге құқылы.
      7. Құзыретті орган мүдделі тұлғалардан, егер құзыретті органның сұрау салуын алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң берілген жағдайда назарға алынбауы мүмкін қосымша мәліметті сұратуға құқылы.
      Құзыретті орган мүдделі тұлғалардың дәлелденген және жазбаша нысанда жазылған өтініші бойынша аталған мерзімді ұзартуы мүмкін.
      Сұрау салу сұрау салуды мүдделі тұлғаның өкіліне берген сәттен бастап не пошта арқылы жіберген күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде алынған болып саналады.
      8. Егер мүдделі тұлға құзыретті органға қажетті ақпаратты беруден бас тартқан немесе оны белгіленген мерзімде бермеген не тергеуді жүргізуге елеулі түрде кедергі келтірген жағдайда, мұндай мүдделі тұлға ынтымақтаспайтын болып танылады және құзыретті орган ондағы ақпараттар негізінде алдын ала немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін.
      9. Құзыретті орган тергеуге қатысушыларға өтініштің көшірмесін немесе, егер де өтініште құпия ақпарат болған жағдайда, оның құпия емес нұсқасын жібереді.
      Құзыретті орган құпия ақпаратты қорғаудың қажеттілігін ескере отырып, тергеуге қатысушыларға олардың өтініші бойынша кез келген мүдделі тұлғаларға осы мәліметтермен танысу үшін тергеудің мәніне қатысы бар дәлелдеме ретінде жазбаша нысанда берілген мәліметтерді береді.
      Құзыретті орган тергеуге қатысушыларға тергеуге қатысы бар және олар тергеу барысында қолданған, бірақ құпия емес ақпарат болып табылатын өзге мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді.
      10. Құзыретті орган мүдделі тұлғалардың сұрау салулары бойынша жүргізілген тергеу мәні бойынша консультациялар жүргізеді.
      11. Тергеу барысында барлық мүдделі тұлғаларға өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік беріледі. Осы мақсатта құзыретті орган олардың сұрау салулары бойынша барлық мүдделі тұлғаларға олар қарама-қайшы көзқарастарын білдіруі және теріске шығаруға ұсыныс жасауы үшін кездесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіншілік құпия ақпараттарды сақтау қажеттігін ескере отырып, беріледі. Кездесуде барлық мүдделі тұлғалар қатысуға міндетті емес және қандай да бір мүдделі тұлғаның қатыспауы оның мүддесіне залал келтіруге алып келмейді.
      12. Тергеу объектісі болып табылатын тауарды өнім өндірісінде пайдаланатын болса тұтынушылар, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік билік органдары (басқармалары), жергілікті өзін өзі басқару органдары, сондай-ақ өзге тұлғалар тергеуге қатысы бар мәліметті құзыретті органға беруге құқылы.
      13. Тергеу жүргізу мерзімі:
      1) арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініштің негізінде тергеудің басталуы күнінен бастап 9 айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді құзыретті орган ұзартуы мүмкін, бірақ 3 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады;
      2) демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініштің негізінде тергеудің басталу күнінен бастап 12 айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді құзыретті орган ұзартуы мүмкін, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
      14. Тергеуді жүргізу тергеу объектісі болып табылатын тауарды кедендік рәсімдеуге бөгет болмауға тиіс.

31-бап
Демпингке қарсы тергеу жүргізудің ерекшеліктері

      1. Егер құзыретті орган демпингтік маржа ең төменгі рұқсат етілген демпингтік маржадан аз екендігін не жасалған немесе мүмкін болатын демпингтік импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың не материалдық залал келтіру қауіптерінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің мөлшері елеусіз болып табылатындығын белгілеген болса, демпингке қарсы тергеу демпингке қарсы шараларын енгізусіз тоқтатылады.
      2. Белгілі бір экспорттаушы шетел мемлекетінің демпингтік импортының көлемі, егер демпингтік импортта әрбірінің жеке үлесі экспорттаушы шетелдік мемлекеттерге Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағындағы ұқсас тауар импортының жалпы көлемінен кемінде 3 процентін құрайтын, жиынтығында Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінен 7 процентінен астамына келетін кезде Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінен кемі 3 процентін құраған жағдайда, елеусіз болып табылады.
      3. Құзыретті орган демпингке қарсы тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылдағанға дейін тергеуге қатысушыларға түпкілікті қорытындының құпия емес нұсқасын жібереді және өз түсініктемесін беру мүмкіндігін ұсынады.

32-бап
Өтемақы тергеу жүргізудің ерекшеліктері

      1. Егер құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетінің айрықша субсидияларының мөлшері аз болып табылса не жүзеге асырылған немесе мүмкін болатын субсидияланған импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың не материалдық залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің мөлшері айтарлықтай болып табылмаған болса, тергеу шараларын енгізусіз өтемақы тергеу тоқтатылады.
      2. Айрықша субсидияның мөлшері, егер тергеу объектісі болып табылатын тауар құнының кемінде 1 процентін құрайтын болса ең аз деп танылады.
      Субсидияланатын импорттың көлемі, әдетте экспорттаушы шетел мемлекеттерінде олардың әрқайсының импорттағы жеке үлесі Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінен кемінде 1 процентін құрайтын, жиынтығында бірыңғай кеден аумағында ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің 3 процентінен аспайтыны сәйкес келетін жағдайда, егер ол Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің 1 процентін құраса, елеусіз деп танылады.
      3. Субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын және Тараптар мемлекеттерінің преференциялық бірыңғай жүйесін дамыған пайдаланушы елден шығарылған тауарға қатысты, егер құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетінің айрықша субсидияларының жалпы мөлшерін белгілесе, аталған тауарға қатысты ұсыныстар оның құнының тауар бірлігінің есебінде 2 проценттен асырмайды немесе осындай елден келген аталған тауар импортының үлесі Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағында жалпы көлемінен 4 процентінен аспайтын көлемді құраса, әрбіреуінің үлесі Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына аталған тауар импортының жалпы көлемін дамыған мемлекеттерден, Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағындағы аталған тауар импортының жиынтық үлесі 4 проценттен аспайтындай тиесілі жағдай кезінде, Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына аталған тауар импортының жалпы көлемін 9 проценттен аспаған жағдайда тауарға қатысты өтемақы тергеу тоқтатылады.
      4. Құзыретті орган өтемақы тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылданғанға дейін тергеуге қатысушыларға түпкілікті қорытындының құпия емес нұсқасын жібереді және өз түсініктемесін беру мүмкіндігін ұсынады.

33-бап
Демпингтік немесе субсидияланған импорт жағдайында Тараптар
мемлекеттерінің экономика саласын айқындау ерекшеліктері

      1. Демпингке қарсы немесе өтемақы тергеу жүргізу кезінде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімнің 2-бабында белгіленген мағынада түсіндіріледі.
      2. Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды өндірушілері бір уақытта тауарды импорттаушылар болып табылса, болжамды түрде демпингтік немесе субсидияланған импорттың мәні болып табылса Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауардың қалған өндірушілері ғана ретінде түсіндіріледі.
      Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы ретінде мынадай жағдайларда, егер:
      1) Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарды жекелеген өндірушілері тергеу объектісі болып табылатын тауардың экспорттаушыларды немесе импорттаушыларды тікелей не жанама бақылайтын;
      2) тергеу объектісі болып табылатын тауардың жекелеген экспорттаушылары немесе импорттаушылары Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды өндірушілерін тікелей немесе жанама бақылайтын;
      3) Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауардың жекелеген өндірушілерін және тергеу объектісі болып табылатын тауардың экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақылайтын;
      4) Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауардың жекелеген өндірушілері және тергеу объектісі болып табалатын тауарды экспорттаушылар немесе импорттаушылар үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақылайтын болса, Тараптар мемлекетіндегі ұқсас тауардың қалған өндірушілері ретінде түсіндірілуі де мүмкін.
      3. Айрықша жағдайларда Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын айқындау кезінде осы мемлекеттердің аумағы екі немесе бірнеше аумақтық оқшауланған бәсекелес рыногы жұмыс істейтін аумақ ретінде, ал Тараптар мемлекеттеріндегі өндірушілері көрсетілген рыногының біреуінің шегінде, егер мұндай өндірушілер осындай рынокта тұтыну немесе өздері өндіретін ұқсас тауардың кемінде 80 процентін қайта өңдеу мақсаттарында сататын және мұндай рынокта ұқсас тауар сұранысын Тараптар мемлекеттерінің қалған аумағында тұрған осы тауарды өндірушілер елеулі мөлшерде қанағаттандырмайтын болса, Тараптар мемлекеттерінің экономиканың жекелеген саласы ретінде қарастырылуы мүмкін.
      Мұндай жағдайларда материалдық залалдың осындай залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеу болған жағдайда демпингтік импорттың немесе субсидияланатын импорттың салдарынан егер Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының негізгі бөлігіне залал келтірілмеген болса да, демпингтік немесе субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарды сатуды шоғырландыру кезінде, көрсетілген бәсекелесетін нарықтардың бірінде белгіленуі мүмкін және демпингтік импорт немесе субсидияланған импорт барлығына немесе Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарды өндірушілерінің барлығына дерлік осындай бір рыноктың шегінде залал келтіреді.
      4. Егер Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы осы баптың 3-тармағында белгіленген мағынада түсіндірілетін жағдайда және тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданатын болса, мұндай шара тауардың барлық импортына қатысты Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағында қолданылатын болады.
      Бұл жағдайда демпингке қарсы немесе өтемақы бажы құзыретті орган тауарды экспорттаушыларға осы аумаққа осындай тауарды демпингтік баға бойынша (демпингтік импорт кезінде) немесе субсидияланған баға бойынша (субсидияланған импорт кезінде) экспортты тоқтату не Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына арналған экспорт шарттарына қатысты ерікті міндеттемелерді өзіне алу мүмкіндігін бергеннен кейін ғана, мұндай мүмкіндікті экспорттаушылар бұрын пайдаланбаған жағдайда енгізіледі.

34-бап
Жария тыңдаулар

      1. Тергеуге қатысушылардың кез келгені жазбаша нысанда ұсынған қолдау хатының және осы Келісімге сәйкес белгіленген мерзімінің негізінде құзыретті орган жария тыңдауларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
      2. Құзыретті орган тергеуге қатысушыларға жария тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны, сондай-ақ жария тыңдауды жүргізу барысында қарастырылатын мәселелердің тізбесін жіберуге міндетті.
      Жария тыңдауларды өткізу уақыты тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткеннен соң белгіленеді.
      3. Жария тыңдауларға тергеуге қатысушылар немесе олардың өкілдері, сондай-ақ тергеуге қатысты мәліметтерді беру мақсатында өздері тартқан тұлғалар қатысуға құқылы.
      Жария тыңдаулар барысында тергеуге қатысушылар өз пікірлерін білдіре алады және тергеуге қатысты дәлелдемелер бере алады. Құзыретті органның өкілі жария тыңдауларға қатысушыларға мәлімдеген фактілерінің нақтылығына қатысты сұрақтар қоюға құқылы. Тергеуге қатысушылар бір-біріне сұрақтар қоюға да құқылы және оларға жауап беруге міндетті. Жария тыңдауларға қатысушылар құпия деп танылған ақпаратты жарияламауға міндетті.
      4. Жария тыңдаулар барысында ауызша нысанда берілген мәліметтер, егер оларды тергеуге қатысушылар жария тыңдаулар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде құзыретті органға жазбаша нысанда ұсынылса, тергеу барысында ескеріледі.

35-бап
Тергеу жүргізу барысында ақпараттар жинау

      1. Демпингке қарсы немесе өтемақы тергеулерді бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін құзыретті орган өзіне белгілі экспорттаушыларға және (немесе) тергеу объектісі болып табылатын тауарды өндірушілерге жауап берулері тиіс сұрақтардың тізбесін жібереді.
      Сұрақтар тізбесі Тараптар мемлекеттерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау тергеуін жүргізу жағдайында) немесе ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеу жүргізу жағдайында) өндірушілеріне жіберіледі.
      2. Сұрақтар тізбесі жіберілген тауарды экспорттаушылар және (немесе) өндірушілер аталған тізбені алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде құзыретті органға өз жауаптарын беруге міндетті.
      Экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің дәлелденген және жазбаша нысанда жазылған өтініштері бойынша көрсетілген мерзімді құзыретті орган күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
      3. Сұрақтар тізбесі пошта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік 7 күннен кейін немесе экспорттаушының және (немесе) өндірушінің өкіліне тікелей тапсырылған күннен бастап алынды деп саналады.
      Тізбеге енгізілген сұрақтарға жауаптарды, егер олар құзыретті органға құпия және құпия емес нұсқаларда осы баптың 2-тармағында көрсетілген 30 күндік мерзім аяқталған күннен күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей немесе оны ұзартқан күн аяқталған күннен бастап келіп түскен болса, құзыретті орган алды деп саналады.
      4. Тергеу барысында құзыретті орган мүдделі тұлғалар берген ақпараттың анықтығы мен дәлдігіне көз жеткізеді. Құзыретті орган тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыларды, өндірушілерді және (немесе) импорттаушыларды және (немесе) Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды өндірушілерді тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
      Тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыларды және (немесе) өндірушілерді тексеру тергеу объектісі болып табылатын тиісті экспорттаушының және (немесе) тауарды өндірушілердің бұған келісімін алған жағдайда, сондай-ақ экспорттаушы шетел мемлекетін алдын ала хабарландыру және осы мемлекеттің аумағында тергеу жүргізуге қатысты келіспеушіліктері болмаған жағдайда жүргізілуі мүмкін.
      5. Тергеу барысында берілген мәліметтерді немесе жүргізілетін тергеумен байланысты алынған қосымша мәліметтерді тексеру мақсатында құзыретті орган өз өкілдерін мүдделі тұлғалардың тұратын жерлеріне жіберуге, ақпараттар жинауды, мүдделі тұлғалармен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, тауардың үлгілерімен танысуға және тергеу жүргізу үшін қажетті өзге әрекеттерді қолдануға құқылы.

36-бап
Мүдделі тұлғалар

      1. Тергеу жүргізу кезінде:
      1) Тараптар мемлекеттерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарын өндіруші және Тараптар мемлекеттерінің өндірушілер бірлестігі қатысушыларының көпшілігі ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды не ұқсас тауарды өндірушілер болып табылатын Тараптар мемлекеттерінің өндірушілерінің бірлестігі;
      2) тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы, өндіруші немесе импорттаушы және қатысушыларының көпшілігі экспорттаушы шетел мемлекетінің немесе тауарды шығарушы мемлекеттің осы тауарын өндірушілер, экспорттаушылар немесе импорттаушылар болып табылатын тұлғалар бірлестігі;
      3) экспорттаушы шетел мемлекетінің үкіметі немесе уәкілетті органы не тауарды шығарушы мемлекет;
      4) егер олар өнім өндірісінің кезінде тергеу объектісі болып табылатын тауарды тұтынушылар, осындай тауарды пайдаланса және Тараптар мемлекеттерінің тұтынушылар бірлестігі;
      5) егер тауар жеке тұлғалардың айрықша тұтынатын заты болып табылатын қоғамдық тұтынушылар бірлестігі мүдделі тұлғалар болып табылады.
      2. Мүдделі тұлғалар тергеу барысында дербес немесе тиісті түрде ресімделген өкілеттігі бар өз өкілдері арқылы әрекет етеді.
      Егер мүдделі тұлға тергеу барысында уәкілетті өкіл арқылы әрекет ететін болса, құзыретті орган мүдделі тұлғаға тек осы өкіл арқылы ғана тергеу мәні туралы барлық ақпаратты жеткізеді.

37-бап
Құпия ақпарат

      1. Құзыретті органға мүдделі тұлға беретін ақпарат осы тұлға, оның ішінде осындай ақпаратты жария ету үшінші тұлғаға бәсекелік артықшылық беретінін не осындай ақпаратты берген тұлға үшін немесе осындай ақпаратты алған тұлға үшін қолайсыз салдарға әкеліп соғатындығын куәландыратын негіздемелер берген кезде құпия ретінде қарастырылады.
      Құпия ақпарат, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны берген мүдделі тұлғаның рұқсатынсыз жарияланбайды.
      2. Құпия ақпаратты берген мүдделі тұлғалар онымен бірге осындай ақпараттың құпия емес нұсқасын беруге міндетті.
      Құпия емес нұсқа құпия түрде берілген ақпараттың маңызын оңтайлы түсіну үшін жеткілікті толық болуға тиіс.
      Айрықша жағдайларда мүдделі тұлғалар құпия емес нұсқадағы ақпаратты берудің мүмкін еместігі себептерін мазмұндап, құпия емес түрдегі құпия ақпаратты берудің мүмкін еместігін негіздеп, ұсына алады.
      3. Егер құзыретті орган мүдделі тұлға берген негіздемелер берілген ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызуға мүмкіндік бермейтіндігін белгілеген жағдайда, не мүдделі тұлға құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын бермеген болса, құпия ақпаратты құпия емес нұсқада жазу мүмкін еместігінің негіздемесін бермеген немесе құпия ақпаратты құпия емес түрде берудің мүмкін еместігінің негіздемесі болып табылмайтын мәліметті берген болса құзыретті орган бұл ақпаратты есепке алмауы мүмкін.
      4. Құзыретті орган және тергеу барысында құпия ақпаратқа қолы жеткен басқа тұлғалар құзыретті орган орналасқан мемлекеттің заңнамасында көзделгендей құпия ақпаратты жариялағандары үшін жауапты болады.

38-бап
Экспорттаушы шетел мемлекетінің болжамды ерекше субсидияларының
болуын белгілеуге арналған консультациялар

      1. Құзыретті орган өтінішті қарауға қабылдағаннан кейін және тергеуді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін оған қатысты өтемақы шарасын енгізуді ұсыну және тауар экспортталатын экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органына болжамды ерекше субсидияның болуына, мөлшері мен салдарына қатысты жағдайды нақтылау және өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында консультацияларды жүргізу ұсынылады.
      Мұндай консультациялар тергеу барысында да жалғасуы мүмкін.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген консультацияларды жүргізу құзыретті органға тергеудің басталғаны және өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдауға бөгет келтірмейді.

39-бап
Тергеуге байланысты қабылданатын шешімдер туралы хабарлама

      1. Тергеуді бастау туралы хабарлама мыналарды қамтуға тиіс:
      1) тергеу объектісі болып табылатын тауардың толық сипаты;
      2) экспорттаушы шетел мемлекетінің атауы;
      3) тергеуді бастау туралы шешім қабылдаудың орындылығын растайтын фактілердің қысқаша жазылуы;
      4) Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіруді растайтын фактілердің қысқаша жазылуы;
      5) мүдделі тұлғалар өз пікірлерін және тергеуге қатысты мәліметті жібере алатын мекен-жай;
      6) тергеуге қатысушылар жария тыңдауларды жүргізу туралы өтініш білдіретін мерзім;
      7) мүдделі тұлғалар жазбаша нысанда өз пікірін және тергеуге қатысты мәліметтерді жібере алатын мерзім.
      Тергеудің басталуы туралы хабарламада көрсетілген мерзімдерді құзыретті орган айқындайды және тергеудің басталуы туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап кемінде күнтізбелік 90 күн болуға тиіс.
      2. Құзыретті орган тергеуді тоқтата тұру және тоқтату туралы, сондай-ақ ресми басылымдарда арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізуге, қолдануға, қайта қарауға немесе жоюға қатысты кез келген шешім туралы хабарламаларды жариялауды қамтамасыз етеді.
      Мұндай хабарламалар экспорттаушы шетел мемлекеттерінің уәкілетті органына және құзыретті органға белгілі экспорттаушы шетел мемлекетінің басқа мүдделі тұлғаларына жіберіледі.
      3. Алдын ала арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізу туралы хабарлама құзыретті органның өспелі импорттың және осыдан туындаған елеулі залалды немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтірудің бар екендігі туралы, демпингтік импорттың немесе субсидияланған импорттың және осыдан туындаған материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің бар екендігі туралы алдын ала қорытындысының түсіндірмесінен, сондай-ақ олардың негізінде алдын ала арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждар енгізу туралы шешім қабылданған фактілерден тұруға тиіс.
      Алдын ала демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізу туралы хабарлама мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:
      1) тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының атауы не егер де бұл деректерді келтіру мүмкін болмаған болса, экспорттаушы шетел мемлекеттерінің атауы;
      2) кедендік рәсімдеу мақсаттары үшін жеткілікті тергеу объектісі болып табылатын тауардың сипаттамасы;
      3) демпингтік маржаның мөлшері және тауардың қалыпты бағасы мен экспорттық бағасын (алдын ала демпингке қарсы баж енгізу кезінде) есептеу және салыстыру әдістемесін таңдау үшін негіздердің егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      4) субсидияның тауар бірлігіне есептелген мөлшері және субсидияның болуын белгілеу үшін негіздер (алдын ала өтемақы бажын енгізу кезінде);
      5) Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалды белгілеу үшін негіздер;
      6) демпингтік немесе субсидияланған импорттың және осыдан туындаған Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалдың болуы туралы оң қорытындыға арналған негіздер.
      4. Құзыретті орган арнайы қорғау тергеуінің нәтижелері бойынша тергеуді аяқтау күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде өзінің иелігіндегі ақпаратты талдау негізінде жасаған негізгі қорытындылар туралы хабарламаны жариялауды қамтамасыз етеді.
      5. Демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізу туралы не ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешім қабылданған нәтижелер бойынша тергеудің аяқталғандығы туралы хабарлама:
      1) құзыретті органның тергеу нәтижелері туралы соңғы қорытындысының түсіндірмесі;
      2) олардың негізінде осындай шешім қабылданған фактілерге нұсқамаларды;
      3) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ақпаратты;
      4) тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушылардың және импорттаушылардың тергеу барысында айтылған уәждемелері мен талаптарын қабылдау немесе қабылдамау себептерін көрсетуді;
      5) осы Келісімнің 10-бабының 7-11-тармақтарына сәйкес шешімдер қабылдау себептерін көрсетуді қамтуға тиіс.
      6. Ерікті міндеттемелерді мақұлдауына байланысты тергеуді аяқтау немесе тоқтата тұру туралы хабарлама осындай міндеттемелердің құпия емес нұсқасын қамтуға тиіс.
      7. Осы баптың ережесі тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қайтадан тергеудің басталғаны және аяқталғаны туралы хабарламаларға қолданылады.

40-бап
Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданбау

      1. Тергеудің нәтижелері бойынша құзыретті орган, тіпті егер мұндай шараларды қолдану осы Келісімнің ережелерінде белгіленген өлшемдерге сәйкес келген жағдайда да, осы Келісімде көзделген арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолданбау туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Көрсетілген шешім, егер мұндай шараларды қолдану Тараптар мемлекеттерінің мүдделеріне залал келтіруі мүмкін болса және егер осындай шешім қабылдауға негіз болған себептер өзгерген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.
      2. Құзыретті орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолданбау туралы хабарламаның ресми басылымдарда жариялануын қамтамасыз етеді.

VІ-бөлім. Қорытынды ережелер

41-бап
Дауларды шешу

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндірумен немесе қолданумен байланысты даулар Тараптар арасында консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі, ал келісімге қол жетпеген жағдайда Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына беріледі.

42-бап
Өзгерістер енгізу

      Тараптардың уағдаластықтары бойынша осы Келісімге арнайы хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

43-бап
Күшіне ену, қосылу және шығу

      Осы Келісімнің күшіне енуі, оған қосылу және одан шығу тәртібін 2007 жылғы 6 қазанда Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы Хаттама айқындайды.

      Мәскеу қаласында 2008 жылғы 25 қаңтарда орыс тілінде бір түпнұсқада жасалды.

      Осы Келісімнің түпнұсқалық данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылатын және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады.

         Беларусь            Қазақстан            Ресей
    Республикасының      Республикасының     Федерациясының
      Үкіметі үшін        Үкіметі үшін        Үкіметі үшін

      Мәскеуде 2008 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім мәтінің түпнұсқасы орыс тіліндегі мәтінге дәлме дәл екенін растаймын.

       Қазақстан Республикасы
      Индустрия және сауда
      министрлігінің Вице-министрі                      Е. Мамытбеков