Киевте 1999 жылғы 17 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН УКРАИНА КАБИНЕТ
МИНИСТРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАРДАБЫН ЖОЮ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Украина Министрлер Кабинеті, бұдан әрі Тараптар деп аталады,
Қазақстан Республикасы және Украина арасындағы ынтымақтастық және достық туралы 1994 жылғы 20 қаңтардағы Шарт ережелеріне сәйкес екі халықтың арасындағы дәстүрлі қарым-қатынасты нығайтуға ұмтыла отырып,
төтенше жағдайлардың екі мемлекетке де келтіретін қауіпін түсіне отырып,
төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы ынтымақтастық екі елдің қауіпсіздігі мен жақсы тұрмыс халін арттыруға көмегі тиетіндігін мойындай отырып,
төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласында ғылыми-техникалық ақпарат алмасу Тараптар үшін пайда әкелетіндігін ескере отырып,
ықтимал төтенше жағдайлар кезінде, олардың зардабын бір Тараптың күшімен және құралдарымен жою мүмкін еместігін және осыған орай, төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардабын жою мақсатында Тараптардың үйлестірілген іс-қимылдарының қажет екендігін ескере отырып,
төменде айтылғандармен келісілді:
Осы Келісімде қолданылатын терминдердің, мағыналары төмендегідей:
көмек сұраушы Тарап -
бір Тарап, екінші бір Тарапқа тиісті жабдықтарымен және қамтамасыз ету материалдарымен авариялық-құтқару құрамаларын жіберу туралы өтініш жасайды;
көмек беруші Тарап
- екінші бір Тараптың тиісті жабдықтарымен және қамтамасыз ету материалдарымен авариялық-құтқару құрамаларын жіберу туралы жасаған өтінішін қанағаттандырушы Тарап;
авариялық-құтқару құрамалары немесе құтқарушылар -
төтенше жағдайлардың алдын-алу және оны жою жөніндегі шараларға қатысушы мамандар тобы, оның ішінде азаматтық қорғаныс әскерінің әскери қызметкерлері, әскериленген және әскериленбеген құрамалар;
жабдықтау
- құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары үшін қажетті техника, көлік құралдары, арнайы жабдықтар, құрал-саймандар мен аспаптар;
қамтамасыз ету материалдары
- табиғи апат немесе авариядан зардап шеккен халыққа тегін бөліп берілетін материалдық қаражат;
төтенше жағдай -
авариядан, қауіпті табиғи құбылыстардан, опаттан, табиғи немесе басқа да апаттардың кесірінен, адам өлімі болған немесе болатын, адам өміріне немесе айналаны қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізетін нысандарға, зиянын тигізген, едәуір материалдық шығын келтірген және халықтың тіршілік тұрмысын бұзған белгілі бір аумақта болған жағдай;
төтенше жағдай аймағы
- төтенше жағдай болған (жарияланған) нақты бір аумақ;
төтенше жағдайларды алдын ала сақтандыру -
болуы ықтимал төтенше жағдайлардың қауіп-қатерін барынша азайтуға, сонымен қатар адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, айналаны қоршаған ортаға келтірілетін шығынның көлемін және ол пайда болған жағдайда материалдық шығынды азайтуға бағытталатын және алдын-ала өткізілетін кешенді шаралар;
төтенше жағдайларды: зардабын жою -
төтенше жағдайлар кезінде адамдардың денсаулығы мен олардың өмірін сақтауға, айналаны қоршаған ортаға келтірілген зиян мен материалдық шығынның көлемін азайтуға, сонымен қатар төтенше жағдайлар аймағын жоюға бағытталған, олар үшін қауіпті факторлардың іс-әрекетін тоқтатуға тиым салынатын, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл шаралар;
құзырлы органдар
- осы Келісімді жүзеге асыруға байланысты, жұмыстарды үйлестіру үшін Тараптардың тағайындаған органдары;
транзит мемлекеттер -
үшінші бір елді қамтамасыз ету үшін аумағы арқылы авариялық-құтқару құрамаларын, жабдықтар мен қамтамасыз ететін материалдар тасымалданатын мемлекет.
1. Тараптар осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру үшін құзырлы органдар тағайындайды:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі;
Украина Тарапынан - Украинаның Төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі және халықты Чернобыль апатының зардабынан қорғау істері жөніндегі министрлігі.
2. Бір Тарап тез арада, келесі Тарапты өзіне жүктелген функцияларды орындау жөніндегі құзырлы орган өкілдігінен айрылғандығы туралы жазбаша түрде қысқа мерзім ішінде ескертеді, бірақ ескертілген күннен бастап, 60 күннен кешіктірмей, екінші Тарапқа құзырлы органның мұрагері екендігін жазбаша түрде хабарлайды.
Тараптар өздерінің мемлекеттерінің заңдарына сәйкес тең құқықтық және өзара көмек принциптерінің негізінде ынтымақтастықты төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1/ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою жөніндегі бірлескен шаралар жүйесін даярлау;
2/ төтенше жағдайларды болжау;
3/ қауіпті техногендік және экологиялық процестердің, сонымен бірге табиғи құбылыстардың мониторингін ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру;
4/ төтенше жағдайлар туралы алдын ала бірлескен хабарландыру жүйелерін даярлау;
5/ өз мемлекеттерінің аумағында болған, төтенше жағдайлар кезінде өзара көмек сұрату мен Тараптардың ұсыныстары туралы жедел ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
6/ болған төтенше жағдайлардың зардабын жоюда өзара көмек көрсету;
7/ ақпарат және технологиямен алмасу;
8/ мамандар және ғалымдармен алмасу;
9/ бірлескен конференциялар, семинарлар және жұмысшы мәжілістерін ұйымдастыру;
10/ бірлесіп жоспарлау, даярлау және зерттеу жобаларын жүзеге асырумен, оларды көрсету;
11/ төтенше жағдайлардың кесірінен ластануға байланысты, айналаны қоршаған орта мен халықтың денсаулығына келтірілетін қауіп-қатерді бағалау;
12/ айналаны қоршаған ортаға төтенше жағдайдың тигізетін трансшектес әсерін бағалау;
13/ басылымдарды, баяндамаларды және тематикалық зерттеулерді даярлау;
14/ Тараптардың құзырлы органдары арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
15/ кадрлар даярлау;
16/ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жоюға байланысты Тараптардың құзырлы органдарымен келісілген, қандай да болмасын басқа да іс-әрекеттер.
4 Бап
Ұйымдар мен мекемелер арасындағы ынтымақтастық
Осы Келісімді жүзеге асыруға байланысты, мемлекеттік органдар, мекемелер, заңды және жеке тұлғалар арасындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын ынтымақтастықты Тараптар мадақтайтын болады.
Осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру үшін Тараптардың құзырлы органдары төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласында (бұдан әрі - Бірлескен комиссия деп аталады) ынтымақтастық мәселелері жөнінен Бірлескен комиссия құрады.
Бірлескен комиссия өзінің мәжілісін Қазақстан Республикасы мен Украинада, ереже бойынша, кезек-кезек, жылына бір рет, қажет болған жағдайда - Тараптардың құзырлы органдарының келісімі бойынша өткізеді.
1. Осы Келісімнің барлық іс-әрекетін жүзеге асыру, әр Тарап мемлекеттерінің заңдарына сәйкес және олардың әрқайсысының осы Келісімді жүзеге асыруға қажетті қаржысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Тараптар, өздерінің құзырлы органдары арқылы көмек көрсету туралы өтініштерін жүзеге асыра алады.
3. Көмек сұраушы Тарап, болған жағдай туралы қажетті көмектің түрлері мен көлемі көрсетілген, ақпараттың негізінде, көмек көрсету жүзеге асырылады.
4. Көмек беруші Тарап, көмек сұраушы Тараптың өтініші бойынша аз мерзім ішінде шешім қабылдайды және өзінің мүмкіндігі, көмектің көлемі мен шарты жайлы ақпарат береді.
5. Апат аймағында авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды орындауға басшылықты көмек сұраушы Тараптың құзырлы органдары жүзеге асырады, ал екі Тараптың мемлекет аумақтары кіретін апат аймағындағы авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүзеге асыруға басшылықты, екі Тараптың құзырлы органдары бірлесіп жүзеге асырады.
7 Бап
Көрсетілетін көмек түрлері
1. Төтенше жағдай болған кезде, көмек сұраушы Тараптар ресми түрде өтініш жасағаннан кейін, көмек беруші Тарап шешім қабылдап, тезарада төтенше жағдайлар аймағына авариялық-құтқару құрамаларын, жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдарын жедел жіберу арқылы көмек көрсетіледі.
2. Көмек сұраушы Тарап көмек беруші Тараптың авариялық-құтқару құрамаларының бастықтарына төтенше жағдай аймағындағы және негізгі жұмыс учаскелеріндегі жағдай туралы ақпарат береді, қажет болған жағдайда, бұл құрылымдарды аудармашылармен және авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға жалпы басшылық жасайтын, штабтың байланыс құралдарымен қамтамасыз етеді, сонымен қатар авариялық-құтқару құрамаларын күзетпен, жататын тегін орынмен, тамақпен, дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етіледі және олардың іс-қимылдарын үйлестіруді жүзеге асырады.
3. Авариялық-құтқару құрамаларын материалдық қамтамасыз ету және төтенше жағдай аймағында жекеленген іс-қимыл жүргізу үшін 72 сағат жеткілікті. Бұл құрамалардың одан әрі қызмет етуіне, көмек сұраушы Тарап мүмкіндігінше жататын орынмен, азық-түлікпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.
Транзит мемлекет Тарабы кеден заңына сәйкес, өзінің мемлекетінің аумағы арқылы көмек беруші Тараптың авариялық-құтқару құрамаларын, жабдықтарын және қамтамасыз ету материалдарын үшінші мемлекетте төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы бұл мемлекеттермен жасасқан ынтымақтастық туралы келісім негізінде кедергісіз тасымалдауға көмектеседі.
9 Бап
Авариялық-құтқару құрамаларының мемлекеттік
шекарадан өту шарттары және келу режимі
1. Көмек сұраушы Тарап көмек беруші Тараптың авариялық-құтқару құрамаларын транзит мемлекеттердің шекарасынан өткізуді ұйымдастыруды міндетіне алады.
2. Көмек беруші Тараптың авариялық-құтқару құрамаларының қызметкерлері көмек сұраушы Тарап мемлекетінің, заңын сол мемлекеттің аумағында болған мерзімдері бойынша қолданады.
3. Авариялық-құтқару құрамаларының құрамына кіретін әскери қызметкерлер, көмек сұраушы Тарап мемлекетінің аумағында болған барлық мерзімдері ішінде әскери қызметкерлер мәртебесі реттелетін, көмек беруші Тарап мемлекетінің заңын қолданады.
4. Шекарадан өту және киноға түсіру топтарының келу тәртібі қандай да болмасын нақты жағдайда көмек сұраушы Тараптың заңына сәйкес анықталады.
5. Авариялық-құтқару құрамаларының мемлекеттік шекарадан өтуі, мемлекеттік шекарадан өту пункттерінде құраманың әр мүшесін өзінің жеке басын растайтын куәлігі арқылы жүзеге асырылады.
Авариялық-құтқару құрамаларының басшысы шекараны тексеру органдарына өзінің төлқұжатымен қоса, көмек беруші Тараптың құзыретті органдары берген, құрылымның көмек көрсету мақсатында жіберілгендігін және құрылымдағы адам санының тізімін растайтын құжатын көрсетеді. Жедел қызмет атқаратын әскери қызметкерлерді мемлекеттік шекарадан өткізу, жеке басын куәландыратын құжатымен, әскери бөлімнің командирі қол қойған және елтаңба мөрімен куәландырылған тізім бойынша жүзеге асырылады.
6. Авариялық-құтқару құрамаларын, олардың жабдықтары мен қамтамасыз ету материалдарын орналастыру, автомобиль, темір жол, су және әуе қатынасы көліктерімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Көмек көрсету үшін бөлінген көлік түрлерін пайдалану тәртібін, тиісті атқарушы өкімет органдарының келісімі бойынша Тараптардың құзырлы органдары анықтайды.
10 Бап
Жабдықтарды және қамтамасыз ету материалдарын
шеттен әкелу және шетке шығару
1. Көмек сұраушы Тараптың аумағына шеттен әкелінетін және көмек беруші Тарап мемлекетінің аумағынан төтенше жағдайлардың зардабын жоюға көмек көрсету үшін шетке шығарылатын жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдарын және құрама мүшелерінің жеке басының заттарын кедендік ресімдеу, Тараптардың заңдарына сәйкес, авариялық-құтқару құрамаларының құрамы, шетке шығарылатын немесе шеттен әкелінетін жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдарының тізімі көрсетілген, құзырлы орган берген хабарландыру хаттық негізінде басымдық тәртіппен салық салынбай және басқа да жиылымсыз жүзеге асырылады.
2. Жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдары көмек көрсету операциясы кезінде пайдалануы және бөлініп берілуі, немесе бәрі біткен кезде көмек сұраушы Тараптың мемлекет аумағынан әкетілуі тиіс.
3. Егер бұл жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдарын алып кету мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар өзара келісіліп көмек сұраушы жақтың құзырлы органдарына берілуі тиіс.
4. Көмек сұраушы Тараптар мемлекетінің аумағында, зардап шеккендерге жедел көмек көрсету қажет болған жағдайда, құрамында есірткісі бар медициналық дәрі-дәрмектердің қажетті саны әкелінеді және бұл заттардың қолданатын орны әр Тараптың есірткіні тексеру жөніндегі тиісті мемлекеттік органдарының тізімімен міндетті түрде келісілуі тиіс. Мұндай медициналық дәрі-дәрмектерді беріп жіберуге болмайды және оларды көмек сұраушы Тарап өкілдерінің бақылауымен мамандандырылған медицина қызметкерлері қолданады.
5. Жұмыс аяқталған соң құрамында есірткісі бар қалған медициналық дәрі-дәрмектер көмек сұраушы Тараптың кеден бақылауымен олардың сипаты мен санын растайтын, тиісті ресімделген құжаттар үлгісінің негізінде қайта әкетіледі, ал көмек беруші Тараптың кеден органына, құрамында есірткісі бар дәрі-дәрмектердің пайдаланғандығы туралы авариялық-құтқару құрамасының басшысы және дәрігері, және көмек сұраушы Тараптың кеден органының өкілі мен құзырлы органның өкілі қол қойған акті тапсырылады.
Құрамында есірткісі бар дәрі-дәрмектерді шеттен әкелу мен шетке шығару мемлекеттердің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
11 Бап
Әуе кемелерін пайдалану
1. Әр Тарап көмек көрсетуге жіберілетін әуе кемелеріне, сол мемлекет аумағының тиісті пункттерінде ұшуына рұқсат береді.
2. Әуе кемелерін көмек көрсетуге пайдалану жөніндегі шешім, көмек сұраушы Тараптың тиісті органдарына маршруты, түрі және әуе кемелерінің тіркелу нөмірі, экипаж мүшелері мен жолаушылар саны, жүктің сипаты, ұшу және қону уақыты мен орны көрсетіліп тезарада хабарланады.
3. Ұшырылу әр Тарап бекіткен, әуе кемелерінің сол мемлекеттің аумағының үстінен ұшу навигациясы мен пайдалануын реттейтін ережелерге және халықаралық азаматтық авиация ұйымдары белгілеген ережелерге сәйкес (ИКАО) жүзеге асырылады.
4. Көмек беруші Тараптың әуе кемелері көмек сұраушы Тараптың аумағының үстімен ұшқанына, сонымен қатар радионавигациялық шығарып салу, қону, аэродромда тұру және одан ұшу төлемдерінен босатылады.
Жанар-жағар майлар құю тәртібін және басқа да материалдар шығынын қамтамасыз етуді, сонымен қатар техникалық қызмет көрсетуді, әр Тарап өз алдына бөлек шешеді.
1. Көмек сұраушы Тарап көмек беруші Тарапқа көмек көрсету барысында, медициналық көрсетілген көмек төлемін қосқанда, егер Тараптар, апаттың сипаты мен көлемін ескере отырып басқаша келіспесе, онда келтірілген шығынның орнын толтырады.
2. Көмек сұраушы Тарап көмек сұраған өтінішін өзгертіп қалған жағдайда, көмек беруші Тарап өзіне келтірілген шығынның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
3. Егер Тараптар басқаша келіспесе, онда көмек беруші Тараптың талабынан кейін, көмек сұраушы Тарап келтірілген барлық шығынның орнын тезарада толтырады.
4. Көмек көрсету жұмысы аяқталғаннан кейін көмек беруші Тараптың құзырлы органы, көмек сұраушы Тараптың құзырлы органына жүргізілген жұмыстар туралы жазбаша түрінде баяндама жібереді.
5. Көмек сұраушы Тараптың құзырлы органы көмек беруші Тараптың құзырлы органына болған оқиға, төтенше жағдайдың сипаты, алынған көмектің түрі мен көлемі және жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы хабарлайды.
6. Құзырлы органдар өздерінің Тараптарына көрсетілген және алынған көмектің көлемі мен жүргізілген жұмыстар туралы хабарлайды.
13 Бап
Келтірілген зиянның орнын толтыру
1. Көмек сұраушы Тарап көмек беруші Тарапқа мынадай жағдайда талап қоймайды, егер сол мемлекетте төтенше жағдайларды жою кезінде, құтқарушы қаза тапса немесе жарақат алса, мүліктері бүлінсе немесе шығынға ұшыраса немесе айналаны қоршаған ортаға зиян келтірсе, ондай жағдайда, егер авариялық-құтқару құрамалары зақымдану мен зиянды болдырмау мақсатында дұрыс шаралар қабылдаса және көмек беруші Тарапқа адам қаза болған жағдайда немесе жарақат алғанда, сонымен қатар жабдықтары мен басқа да мүлкін жоғалтса немесе зиян келтірсе, егер мұндай зиян осы Келісімді жүзеге асыруға байланысты, міндеттерді орындау кезінде болса, онда көмек беруші Тарапқа өтемақы төленеді.
2. Көмек беруші Тарап өзінің мемлекетінің заңына сәйкес, көмек көрсетуге қатысқан өзінің қызметкерін өз бетінше сақтандыруды қамтамасыз етеді. Сақтандыруды ресімдеуге жұмсалған шығын көмек көрсетуге жұмсалған жалпы шығынға қосылады және осы Келісімнің шартымен көмек сұраушы Тарап шығынның орнын толтырады.
3. Егер тапсырманы орындау кезінде көмек беруші Тараптың авариялық-құтқару құрамының мүшесі үшінші адамға осы Келісімді жүзеге асыруға байланысты көмек сұраушы мемлекет Тарабының аумағында шығын келтірсе, онда заң ережелеріне сәйкес көмек сұраушы Тарап бұл шығынның орнын толтырады.
4. Егер осы бапта атап өтілген шығын, көмек беруші Тараптың авариялық-құтқару құрамы мүшесінің кінәсінен келтірілсе, онда көмек сұраушы Тарап, көмек беруші Тарапқа төленген өтемақының мөлшерінде кері қайта талап (регресс) етуге құқылы.
Осы Келісім шегіндегі іс-қимыл нәтижесінде алынған ақпарат, Тараптардың ұлттық заңына сәйкес жария қылуға болмайтын, ақпаратты қоспағанда, егер басқасы құзырлы органдармен жазбаша түрде келісілмеген болса, онда Тараптардың іс-тәжірибесі және ережелері негізінде жарияланады.
15 Бап
Басқа да халықаралық шарттар мен келісімдерге көңіл бөлу
Егер Тараптар басқа да халықаралық шарттар мен келісімдерге қатысса, онда бұл Келісім олардың құқы мен міндетіне тиым салмайды.
Осы Келісімді түсіндіру мен қолдануда дау туып, ол құзырлы органдар арасында кеңес беру арқылы шешілмесе, Тараптар арасындағы дипломатиялық каналдар немесе келіссөз жүргізу арқылы тиісті хаттаманы ресімдеумен шешіледі.
17 Бап
Келісімге түзету енгізу
Екі жақтың өзара келісімі бойынша осы Келісімге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, олар тиісті хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 18 бабына сәйкес күшіне енеді және оның ажыратылмайтын бөлігі болып саналады.
Бұл Келісім белгісіз мерзімге жасалынады және Тараптар келісімнің күшіне енуіне қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдердің орындалғандығы туралы жазбаша түрінде хабарланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жазбаша түрде хабарлау арқылы әр Тарап келісімді бұзуына болады. Келісімнің Тараптың біреуінен Келісімді бұзу туралы жазбаша түрде хабарлау алғаннан кейін, алты айдан соң, күші жойылады.
Алдыңғы абзацта айтылған, келісім-шарт негізінде пайда болған, бірақ іс-әрекеті ол тоқтағанға дейін бітпей қалған, барлық шарттар мен міндеттемелер толық орындалып біткенге дейін осы Келісімнің ережелері қолданылады.
1999 жылы 17 қыркүйекте Киев қ. екі данада, қазақ, украин және орыс тілдерінде жасалынды, сондай-ақ барлық мәтіндері бірдей күшке ие. Осы Келісімге түсінік беруде келіспеушілік бола қалған жағдайда, орыс тіліндегі мәтіні қолданылады.
Қазақстан Республикасының Украинаның Министрлер
Үкіметі үшін Кабинеті үшін
РҚАО-ның ескертуі: Бұдан әрі Келісімнің мәтіні украин тілінде берілген.