Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 101-IV Заңы

Қолданыстағы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж,, N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат;  N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат;  N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат):

      1) 19-бапта :
      4-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "осы баптың 4-1-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы:
      1) төлем көзінен салық салынатын табыс;
      2) мүліктік табыс;
      3) өзге де табыстар.";

      2) 115-баптың 2-тармағындағы "құнды қағаздар" деген сөздер "қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-тарау мынадай мазмұндағы 1-1-параграфпен толықтырылсын:
      "§ 1-1. Қаржы құралдары

      128-1-бап. Қаржы құралдары

      1. Қаржы құралы — операциялар нәтижесінде бір ұйымның қаржылық активімен бір мезгілде басқа ұйымда қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды қоса алғанда, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары.
      2. Қаржылық актив — ақшасын, басқа ұйымның үлестік құралын білдіретін кез келген актив, басқа ұйымнан ақшасын немесе өзге де қаржылық активті алуға немесе өзі үшін ықтимал тиімді жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасуға шарттық құқық немесе есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын алатын немесе алуы міндетті болатын туынды құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтің белгіленген сомасын алмастыру жолынан гөрі есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының белгіленген санына кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт.
      3. Қаржылық міндеттеме — ақшасын немесе өзге де қаржылық активті басқа ұйымға беру немесе өзі үшін ықтимал тиімсіз жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелерімен алмасудың шартты міндеттемелерін білдіретін кез келген міндеттеме немесе есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын беретін және беруге міндетті болатын туынды емес құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтің тіркелген сомасын алмастыру жолынан гөрі есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының тіркелген санына кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт.
      4. Үлестік құрал — ұйымның барлық міндеттемелері шегерілгеннен кейін қалатын оның активтеріндегі қалдық үлесіне құқығын растайтын кез-келген шарт.

      128-2-бап. Туынды қаржы құралдары

      1. Туынды қаржы құралдары — болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүргізуді көздейтін, құны шарттың базалық активінің мөлшеріне (мөлшердің ауытқуын қоса алғанда) тәуелді шарт.
       2. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және осы белгілерге сай келетін басқа да туынды, оның ішінде жоғарыда аталған туынды қаржы құралдарының комбинациясы болып табылатын қаржы құралдары жатады.
      3. Тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстер, проценттік ставкалар және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақтағы оқиғалар немесе жағдайлар, туынды қаржы құралдары туынды қаржы құралдарының базалық активтері болып табылады.

      128-3-бап. Опцион

      1. Опцион — оған сәйкес бір тарап (опцион сатушысы) екінші тарапқа (опционды сатып алушы) болашақта келісілген жағдайларда пәтуаласқан баға бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын туынды қаржы құралы. Опционды сатушы өзіне міндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа ие болады.
      2. Опционды сатушы опционды сатып алушыға сыйлықақы деп аталатын сыйақыға опционды сатады. Опционның келісілген жағдайлары деп мынадай міндетті шарттарды келісу түсініледі: базалық активтің түрі, базалық активтің жалпы құны (опцион жасалатын сома), базалық активтің бағасы (страйк — опционды орындау бағасы), опционның сыйлығы, опционның мерзімі (опционның қолданылу кезеңі), опционның түрі.
      3. Егер опционды сатып алушы өзі сатып алған құқықты іске асырса, онда опцион орындалды деп есептеледі.

      128-4-бап. Своп

      Своп — оған сәйкес тараптар келісілген шарттармен базалық активтер немесе болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдерді айырбастау жөнінде пәтуаласатын туынды қаржы құралы.

      128-5-бап. Форвард

      1. Форвард — сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттарда базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттемені өзіне алатын туынды қаржы құралы.
      2. Форвард ұйымдастырылмаған нарықта жасалады.

      128-6-бап. Фьючерс

      Фьючерс — сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған нарықта белгіленген стандартты шарттарға сәйкес базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттемені өзіне алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетін туынды қаржы құралы.";

      4) 129-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Бағалы қағаздар борыштық және үлестік болуы мүмкін.
      Борыштық бағалы қағаз — эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаздар.
      Үлестік бағалы қағаз — Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлік иесінің мүлікке белгіленген үлесіне иелік ету құқығын куәландыратын бағалы қағаз.".

       2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      мынадай мазмұндағы 222-1-баппен толықтырылсын:

      "222-1-бап. Салық төлеушінің салық берешегі шотына билік ету
                  шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттері

      Билік етуге салық органдары шектеу қойған мүлікті ысырап етуі, иеліктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлкіне билік ету шектелген адамның осындай мүлікті беруден бас тартуы, кредит ұйымдары қызметшісінің салық органдары шығыс операцияларын тоқтатып қойған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

       3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 15-16, 62, 63-құжаттар):
       192-баптың үшінші бөлігіндегі "222-бабында (екінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "222-1," деген цифрлармен толықтырылсын.

       4. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; N 20, 152-құжат):
       178-2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) тұрғылықты жеріндегі салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында да және одан тыс жерлерде орналасқан мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті. Көрсетілген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлігі өткенге дейін тапсырылады.
      Бұл ретте, аталған тұлғалар ішкі істер органына салық органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын тапсырады.".

       5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; 2008 жылғы 25 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 69-баптың екінші бөлігінің мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жеке тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес, ал заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін, ал салық салу, Қазақстан Республикасының, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалар, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнама саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.";

      2) 88-бапта :
      үшінші бөлікте:
      үшінші абзац алып тасталсын;
      жетінші абзацтағы "(аудармауы) түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамау не тиісінше орындамауы, —" деген сөздер "(аудармауы);" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы, -";
      сегізінші абзац "орта кәсіпкерлік субъектілері" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөліктің екінші абзацы "орта кәсіпкерлік субъектілері" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "5. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша агенттердің — заңды тұлғалардың немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;
      міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органдарының міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұл сомаларын өндіріп алуы жөніндегі инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы —
      лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде агенттердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының — бес процент мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 88-1-бапта :
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Дара кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының:
      әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін салық органына ұсынбауы;
      әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы);
      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға — отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға — отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — аударылмаған (уақытында аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша төлеуші заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;
       әлеуметтік аударымдар мен өсімпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алу жөніндегі салық органдарының инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы -
      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде, заңды тұлғаларға төлеушілердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 205-бапта :
      тақырыбындағы "салық" деген сөз "тіркеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы "өтініш" деген сөз "салық өтінішін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта:
      "жеке тұлғаларға - екі," деген сөздер алып тасталсын;
      "және дара кәсіпкерлерге" деген сөздер ", дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы "өтініш" деген сөз "салық өтінішін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта:
      "жеке тұлғаларға - төрт," деген сөздер алып тасталсын;
      "және дара кәсіпкерлерге" деген сөздер ", дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "2-1. Дара кәсіпкердің дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, адвокатты мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген өзгерістерді енгізу үшін тұратын орнының өзгеруі туралы тіркеу деректерін өзгерту туралы салық өтінішін берудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімін бұзуы - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      үшінші бөлікте:
      бірінші абзацта:
      "өтініш" деген сөз "салық өтінішін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салығын төлеуші ретінде есепке" деген сөздер "салығы бойынша тіркеу есебіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта:
      "отыз" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "елу" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "әр айы" деген сөздер "кезең" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 205-1-баптың үшінші және төртінші бөліктеріндегі "кезекті патент алуға өтініш беру" деген сөздер "патент алуға есептеме беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 205-2-баппен толықтырылсын:

      "205-2-бап. Тұлғалардың қызметті тоқтата тұру туралы өтінішінің
                  қолданылуы кезеңінде қызметті жүзеге асыруы

      Қызметті тоқтата тұру туралы өтініштің қолданылуы кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметін тоқтата тұруға құқығы бар тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы, -
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      7) 206-бапта :
      тақырыбы "қажетті" деген сөзден кейін "не шартты банк салымына байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы ", осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
      екінші абзац "кәсіпкерлерге" деген сөзден кейін ", жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      үшінші бөлікте:
      бірінші абзацта:
      "электрондық мониторинг бойынша салық есептілігін" деген сөздер "мониторинг бойынша есептілікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салық төлеушінің" деген сөздердің алдынан "ірі" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші абзац "кәсіпкерлерге" деген сөзден кейін ", жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөліктің екінші абзацы "кәсіпкерлерге" деген сөзден кейін ", жеке нотариустарға, адвокаттарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      "5. Салық агентінің шартты банк салымы туралы шартты табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі -
      дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - он, заңды тұлғаларға, оның ішінде, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге - отыз, заңды тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Салық төлеушінің салық органына жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеуі, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге — бір жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      8) мынадай мазмұндағы 206-1-баппен толықтырылсын:

      "206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша трансферттік
                  баға белгілеу кезінде бақылау мақсатында берілетін
                  есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу
                  мәселелері бойынша тексеру жүргізу үшін қажетті
                  құжаттарды табыс етпеу

      1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде алшақтық анықталған жағдайда, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — елу, шағын немесе орта бизнес субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Салық төлеушінің трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрде), сондай-ақ мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не табыс етуден бас тартуы, —
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      9) 208-бапта :
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салық есебін
                жүргізуді бұзу";

      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есеп құжаттамасын жасау және сақтау жөніндегі талаптардың орындалмауы, —";
      екінші абзацтағы "есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті" деген сөздер "елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының он проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма проценті" деген сөздер "алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — тоқсан айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ескерту.
      Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салық нысандарының, салықтық есепке алу саясаты құжаттарының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.";

      10) 208-1-бапта :
      тақырыбындағы "(үстеп есептелген)" деген сөздер "(есептелген)" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бірінші абзацта:
      "(үстеп есептелген)" деген сөздер "(есептелген)" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген берешекті төлеу мерзімінен тоқсан күннен асқан берешегі" деген сөздер "Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің қолданысы кезеңіндегі салық берешегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 209-бапта :
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы:
      ", дара кәсіпкерлерге — елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде," деген сөздер "— жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үстеп есептелген" деген сөздер "есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      үшінші бөліктің бірінші абзацындағы "бюджетке төленетін ағымдағы төлемдер сомасын кемітіп" деген сөздер "ағымдағы төлемдер сомасын есепте кемітіп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктегі "немесе жеке табыс салығы" деген сөздер алып тасталсын;
      ескертулер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ескертулер.
      1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі мақсаттар үшін, егер қосылған құн салығына есептелген сома салық кезеңінде бюджетке енгізілуге жататын қосылған құн салығына әсер етпесе, тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы тиіс.
      2. Осы баптың төртінші бөлігіндегі мақсаттар үшін, салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есептерін ұсынбаған жағдайда да, тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы тиіс. Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі.";

      12) 210-бапта :
      бірінші бөліктің екінші абзацында және екінші бөліктің екінші абзацында:
      "лауазымды адамдарға" деген сөздерден кейін "— жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде," деген сөздермен толықтырылсын;
      "кәсіпкерлерге" деген сөзден кейін ", жеке нотариустарға, адвокаттарға," деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 212-бап алып тасталсын;

      14) 215-бапта :
      тақырыбындағы "Фискалдық жады бар" деген сөздер алып тасталсын;
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу —
      дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға және лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      екінші бөлігі алып тасталсын;
      үшінші бөліктегі:
      бірінші абзацтағы "бірінші немесе екінші бөліктерінде" деген сөздер "бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта:
      "кәсіпкерлерге" деген сөзден кейін ", жеке нотариустарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жиырма бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 216-баптың бірінші бөлігінде:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "салық төлеушінің банктік шоттарынан ақшаны есептен шығару жөніндегі операция жасалған күні банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына енгізілген қолма-қол ақшаны салық және басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;";
      жетінші абзац "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың және адвокаттардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      тоғызыншы абзацтағы "табыс етпеу түрінде орындамауы, -" деген сөздер "табыс етпеу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      "аталған банкте ашылған банк шоты бар, салық қызметі органдары инкассалық өкім немесе салық төлеушінің банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған клиентіне жаңа банк шотын ашу;
      әрекетсіз салық төлеушіге банк шотын ашу түрінде орындамауы, —";

      16) 217-баптың бірінші бөлігінде:
      үшінші абзацта:
      "үш жұмыс күні ішінде" деген сөздер алып тасталсын;
      "салық органдарына" деген сөздерден кейін "оны ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабарламаның кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ететін байланыстың электронды арналары арқылы не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде — үш жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзацтағы "шешімі" деген сөз "өкімі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын, өсімпұлдарды, айыппұлдарды аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;";
      жетінші абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
      "өз клиентіне оның осы банкте соңғы ашқан банк шотына салық қызметі органдарының салық төлеушінің банк шоттары бойынша инкассалық өкімдері немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдері қойылған немесе инкассалық өкімдері қойылған болса, жаңа банк шотын ашу;
      әрекетсіз салық төлеушіге банк шотын ашу;
      банк сыйақыларының есептелген сомалары туралы мәліметтерді салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде бермеу;
      есепті тоқсан ішінде шартты банк салымында орналастырылған ақшаның қозғалысы туралы есепті ақшаның осындай қозғалысы бар болған кезде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде ұсынбау түрінде орындамауы, —";
      тоғызыншы абзацтағы "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін "банктің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамаған кезеңі ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 359-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді осындай мәліметтер туралы өзіне белгілі болған адамдардың кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария етуі, —";

      18) 570-баптың бірінші бөлігіндегі "88-1 (екінші бөлігінде)," деген сөздер "(төртінші, бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 580-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда салық төлеушінің салықтық міндеттемелерді салық есептілігі нысанын электрондық түрде ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде орындамауына әкеліп соғуы;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.".

      6. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 15-16, 64-құжат):
       43-бапта :
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасу.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шарт жер учаскесін пайдалану құқығын беру туралы шешімнің қабылданған күнінен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей жасалады.".

       7. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 16, 140-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат):

      1) 12-баптың 9) тармақшасындағы "түбірімен босатылатын сүрек төлемақысының базалық ставкаларын бекітеді," деген сөздер алып тасталсын;

      2) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "17) орман пайдаланғаны үшін төлемдер ставкаларын есептеуге (түбірімен босатылатын сүрекке, өзге де орман пайдалануға) арналған әдістемелік нұсқауды бекітеді.";

      3) 36-баптың 3-тармағы "сүрек" деген сөзден кейін "(қабығымен іске жарамды және отындық), кесілген ағаштардың қалдықтары (ұшар басынан алынған отын)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 105-бапта :
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

       "105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін
                төлемақы";

      3-тармақтағы "орман ресурстарының сапасы мен қол жетімділігі, орман өнімдерінің нарықтық бағалары" деген сөздер "сапасы, жалпы пайдаланылатын жолдардан кеспе ағаштар аймағының қашықтығы, жер бедері және ағаш кесу түрлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "Мемлекеттік орман қорын пайдалану" деген сөздер "Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, төлем ставкалары орман пайдалану түрлеріне және олардың өзгеше ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді, олар ауданы бойынша — гектармен (га), көлемі бойынша — тығыздық текше метрімен (м 3 ) немесе қаланған текше метрмен (қал. м 3 ), саны бойынша — түйірлеп, салмағы бойынша — килограммен (кг), центнермен (ц), тоннамен (т) жас (табиғи өсу) күйімен өлшенеді.";

      5) 112-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "жанама орман пайдалану" деген сөздер "сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімдерін пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын.

       8. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 19, 147-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
       37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1), 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растайды;";
      "7-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер есебінің әдістемесін бекітеді;".

       9. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 1, 1-құжат; N 20, 152-құжат):

      1) 16-баптың 7) тармақшасында:
      төртінші абзацындағы "және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын" деген сөздер алып тасталсын;
      сегізінші абзац алып тасталсын;

      2) 17-бап мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "28-1) салық органына ұсынғанға дейін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем жөніндегі салық есептілігін растайды;";

      3) 19-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 101-бапта :
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ алып тасталсын;

      5) 103-бап алып тасталсын.

       10. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат):
       156-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелері шегінде қызметтік жол жүрулермен байланысты қызметкерлерге темір жол, өзен, теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, байланыстың магистральді желілер мен олардағы құрылыс, радиорелелік желі және олардағы құрылыс, электр берілісінің әуе желілері және олардағы құрылыс, байланыс объектілерінің қызметкерлері жатады.".

       11. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат):

      1) 6-1-баптың үшінші бөлігінде:
      "тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесін" деген сөздерден кейін ", құрылтай құжаттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "заңдастырылған құжатты" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ салық тіркеуінің, (немесе оның баламасының) нөмірін көрсете отырып, шетелдік заңды тұлға инкорпорациясы еліндегі салық тіркеуін растайтын құжатты" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 9-баптың бірінші бөлігі "олардың филиалдары мен өкілдіктерін" деген сөздерден кейін ", оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 14-бапта :
      алтыншы бөлігінде "қайта ұйымдастырылған" деген сөздер "қайта ұйымдастырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Заңды тұлға бөліну арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда тіркеуші органға салық органының қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтамасы да табыс етіледі.";
      жетінші бөліктегі "заңды тұлғаның" деген сөздерден кейін "басшысының өзгергені," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 16-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша осы баптың бірінші бөлігінде аталған құжаттарға қосымша салық төлеушінің салық берешегінің, Қазақстан Республикасы бойынша міндетті зейнетақы салымдары және әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екендігі (болуы) туралы анықтама беріледі.".

       12. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж,, N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 19, 148-құжат):
       25-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын.

       13. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат;  N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 25 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 30-баптың 12-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары "туынды бағалы қағаздармен" деген сөздерден кейін "және туынды қаржы құралдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 50-бапта :
      6-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "Заңды тұлғалардың банк шоттарының және" деген сөздер "Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жеке тұлғалардың" деген сөздер "жеке тұлғаның, жеке нотариустың, адвокаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "д) салық қызметі органдарына мыналарға:
      тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      тексерілетін дара кәсіпкерге қатысты салық салуға байланысты мәселелері бойынша — кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
      тексерілетін жеке нотариусқа қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша — нотариаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
      тексерілетін адвокатқа қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша — адвокаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын дара кәсіпкерге қатысты;
      тұрғылықты жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген, Қазақстан Республикасы салық заңнамасында көзделген осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа қатысты;
      әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа қатысты;";
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар салық қызметі органдарына мыналарға:
      заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мөслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      мемлекеттік қызметке не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты қызметке кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.
      Осы тармақта көзделген мәліметтер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық қызметі органының сауал салуы негізінде беріледі;";

      3) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
      "тұлғалардың" деген сөзден кейін ", оның құрылымдық бөлімшелерінің, дара кәсіпкердің, жеке нотариустың және адвокаттың" деген сөздермен толықтырылсын;
      "шешімдері" деген сөз "өкімдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      ", прокурордың санкция беруімен" деген сөздер алып тасталсын.

       14. "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 15-16, 63-құжат):
       21-баптың 1-тармағының 5-3) тармақшасындағы "мен жеке және заңды тұлғалардың банк (корреспонденттіктен басқа) шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтата тұруға" деген сөздер алып тасталсын.

       15. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 22, 170-құжат):
       42-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын.

       16. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2008 ж., N 13-14, 54-құжат):
       18-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым алынады.
      Жүргізуші куәлігін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізуші куәлігін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж алынады.".

       17. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж. N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 9, 67-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат):

      1) 41-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасы "сырттай байқау" деген сөздердің алдынан "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 70-бап мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-2) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін банкрот деп танылған кәсіпорынның банктік шоттарын жабуға, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің (олар бар болса) бланкілерін тапсыруға міндетті;";

      3) 87-бапта :
      тақырыбындағы "басқарушының" деген сөзден кейін "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші бөліктегі "өз қызметі туралы есепті" деген сөздер "өз қызметі туралы қорытынды есепті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "Есепті" деген сөз "Қорытынды есептің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші бөлік "басқарушының" деген сөзден кейін "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөлік "бекітілген" деген сөзден кейін "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын;

      4) 88-бапта :
      3-тармақтағы "заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне" деген сөздер "заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелімдеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ борышкердің тұрған жері бойынша салық органына" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 95-бапта :
      2-тармақта:
      бірінші бөлік "есепті сотқа" деген сөздердің алдынан "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөлік "басқарушының" деген сөзден кейін "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      "басқарушының" деген сөзден кейін "қорытынды" деген сөзбен толықтырылсын;
      "заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне" деген сөздер "заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелімдеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "заңды тұлға" деген сөздер "борышкер" деген сөзбен ауыстырылсын.

       18. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат;  N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 9-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28, 30-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 25 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 22-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа:
      1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, адвокаттар қызметкерлерге төленетін табыстардан — табыстарды төлейтін айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
      2) дара кәсіпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар мен адвокаттар өз пайдасына — есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
      3) арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары — Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде;
      4) оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері — Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
      5) патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер — патент құнын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
      6) біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар — біржолғы талон сатып алынған отыз күннен кейінгі он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
      7) Орталық - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей аударады.";

      2) 22-4-бапта :
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "тізімдерін;" деген сөз "тізімдерін табыс етуге міндетті." деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
      4-тармақта:
      "шешімі", "шешімінің", "шешім" деген сөздер тиісінше "өкімі", "өкімінің", "өкім" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөлікте:
      "банк шотындағы (шоттарындағы)" деген сөздер "банк шоттарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жарналары" деген сөзден кейін ", әлеуметтік аударымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі "банк шоты (шоттары)" деген сөздер "банк шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      "банк (банктер) шотында (шоттарында)" деген сөздер "банк шоттарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "агенттің қолма-қол ақшасынан өндіріп алады" деген сөздер "касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 24-баптың 1-тармағында:
      "тоқсаннан кейінгі" деген сөздерден кейін "екінші" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және аударылған" деген сөздер алып тасталсын;
      "мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган" деген сөздер "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

       19. "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат; N 21-22, 285-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 6, 76-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 3, 23-құжат; N 15, 106-құжат; N 20, 152-құжат):
       32-баптың 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының азаматына салықтық берешегі болған кезде басқа елге тұрақты тұру үшін одан тыс жерлерге шығуға рұқсат етілмеуі тиіс.".

       20. "Ақша төлемі мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжаттар; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат):
       6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Банкке:
      1) клиентіне оның осы банкте ашылған банк шотына салық қызметі органдарының салық төлеушінің банк шоты бойынша инкассалық әкімдері немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы әкімдері қойылған болса, жаңа банк шотын ашуға;
      2) әрекетсіз салық төлеушілерге банк шотын ашуға тыйым салынады.".

      21. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 744-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; 2007 ж., N 17, 140-құжат; N 19, 147-құжат):
       9-бапта :
      1-тармақта:
      екінші абзац алып тасталсын;
      үшінші абзацтағы "мүлік" деген сөз "табыстар және мүлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына:
      салық салу объектісі болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүліктің бағалау құны мен орналасқан жерін көрсете отырып, декларациялар тапсырады;
      мыналар:
      банк мекемесін көрсете отырып, банк мекемелеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бірлесіп билік етуге құқылы акта қаражаты туралы;
      заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де деректемелерін көрсете отырып, акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің тікелей немесе жанама қатысуы туралы;
      егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трасттардың бенефициары болса, тиісті банк шоттарының нөмірлерін көрсете отырып, сол трастар және олар тіркелген мемлекеттер туралы;
      адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесілі айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнінде онымен шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері (оның ішінде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелері туралы мәліметтерді табыс етеді.";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар табыс етіп отырады.";
      4-тармақтағы "3" деген цифр "3-1" деген цифрлармен ауыстырылсын.

       22. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат, N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат):
       6-баптың 5-тармағындағы "ортаға" деген сөзден кейін "жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орман пайдаланғаны үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін" деген сөздермен толықтырылсын.

       23. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдеден Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 246-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 14, 89-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 16, 129-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат):
       11-баптың 5) тармақшасындағы ", сондай-ақ жүріп өту үшін алым ставкаларын бекіту" деген сөздер алып тасталсын.

       24. "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 4-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат):

      1) 13-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 14-бапта :
      2-тармақтағы "және инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін бекітеді, бұл ретте инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган береді." деген сөздер "бекітеді." деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;

      3) 15-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 16-бап алып тасталсын;

      5) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

       "23-бап. Келісімшарттардың тұрақтылығы

      1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін инвестициялар бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған келісімшарттар негізінде берілген жеңілдіктер осы келісімшарттарда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өзінің қолданылуын сақтайды.
      2. Осы Заңның салықтар сомасын төлеу бөлігіндегі 21-1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасы үшінші абзацының және 2) тармақшасының, 22-бабының 3, 4 және 5-тармақтарының нормалары уәкілетті органмен жасалған келісім-шарттар бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылуын сақтайды.".

       25. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат; 2004 ж., N 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат):

      1) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін әлеуметтік аударымдардың ең үлкен мөлшері есептік кезең үшін әлеуметтік салықтың есептелген сомасынан асып кетпеуі тиіс.";

      2) 16-бапта :
      1-тармақта:
      "15" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде" деген сөздер "Осы бапта" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.";

      3) 17-бапта :
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

       "17-бап. Міндетті әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны
               үшін төлеушінің жауапкершілігі";

      2-тармақта:
      төртінші бөліктегі "банк шотында (шоттарында)" деген сөздер "банк шоттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Төлеушінің банк шоттарында ұлттық валютада ақшасы болмаған жағдайда міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өндіріп алу салық органдары ұлттық валютада қойған инкассалық өкімдердің негізінде төлеушінің банк шоттарындағы шетел валютасымен жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Салық органдарының өкімдері бойынша, егер төлеуші әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде ұсынбаса, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешектерін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
      Салық органының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерінің күші жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей күшін жояды.";
      4-тармақта "қолма-қол ақшасынан өндіріп алады" деген сөздер "касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 18-бапта :
      бірінші бөлікте:
      "кейінгі" деген сөзден кейін "екінші" деген сөзбен толықтырылсын;
      "өзі тіркелген" деген сөздер "орналасқан жері бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және аударылған" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктегі "мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган" деген сөздер "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

       26. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 139-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат, N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 25 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
       1-бапта :
      42), 60), 70), 80) тармақшалар алып тасталсын;
      81) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
      "81) хеджирлеу — хеджирлеу объектісі бағасының немесе өзге де көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесінде туындайтын ықтимал залалды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен операциялар. Бұл ретте хеджирлеу объектісі деп аталған активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ аталған активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтілетін мәмілелерге байланысты ақша легі танылады;".

       27. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 134-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005, N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 16, 129-құжат):
       19-8-баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі, 19-10-баптың 1-тармағындағы, 19-11-баптың 2-тармағындағы "Үкіметі" деген сөз "Салық кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

       28. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 33-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 25 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
       39-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы және 41-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасы "туынды бағалы қағаздармен" деген сөздерден кейін "және туынды қаржы құралдарымен" деген сөздермен толықтырылсын.

       29. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 18, 107-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат):
       8-баптың 14) тармақшасы алып тасталсын.

       30. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 11, 38-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат):
      1) 1-баптың 1) және 13) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 12-баптың 6-тармағы "құқық қорғау органдарымен" деген сөздерден кейін ", оның ішінде өзара ақпарат алмасу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын.

       31. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; 2008 ж., N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) дара кәсіпкердің орналасқан жері — қызметінің басым жүзеге асырылатын орны немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікте пошталық мекен-жайы толық жазылып көрсетілген дара кәсіпкердің тұрақты тұрып жатқан жері.";

      2) 27-бапта :
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "оның тұрғылықты жері" деген сөздер "дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу кезінде мәлімделген орналасқан жері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың екінші бөлігін "Қазақстан Республикасының салық заңнамасында" деген сөздердің алдынан "Осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген тұлғаларды, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды:
      1) төлем көзінен салық салынатын;
      2) мүлік табыстарын;
      3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.";
      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Егер өтініште өзгеше мерзім көзделмесе, дара" деген сөздер "Дара" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөлік 2) тармақшадағы "құжатын тіркеу органына ұсынады." деген сөздер "құжатын" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) түпнұсқасы ұсыныла отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      4) 3,5 х 4,5 сантиметр көлемдегі фотосуретін;
      5) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растау құжатын тіркеу органына ұсынады.";
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке жекеменшік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
      Егер өтініш беруші кәмелет жасына толмаса, жоғарыда аталған құжаттарға ата-анасының, асырап алушының немесе қамқоршының келісімі, ал мұндай келісу болмаса, кәмелет жасына толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі қоса беріледі.";
      үшінші бөліктегі "құжаттарды ұсынған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен" деген сөздер ", егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құжаттарды ұсынған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
       27-баптың 6-тармағы "тіркеу органына" деген сөздерден кейін "он жұмыс күнінің ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақ алып тасталсын;

      3) 28-бапта :
      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркейтін органға кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді.";
      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) ол қайтыс болды деп жарияланған;
      5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Дара кәсіпкердің қызметі оның өтініші немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледі.
      Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеуші органға тапсырғаннан кейін және кәсіпкерлік қызметпен байланысты салық міндеттемелерін орындағаннан кейін жүргізіледі.".

       32. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 16, 96-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат):

      1) 10-бапта :
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілейді;";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекітуге ұсынады.";

      2) 22-баптың 6-тармағы "Заңда белгіленген тәртіппен" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік табиғи қаумалдары мен мемлекеттік қорық аймақтарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 38-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізу;".

       33. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат):
       44-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленеді.".

      34. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 3, 19-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
       9-бапта :
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаттары болмаған жағдайда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі болып табылады.";
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;
      Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленуші;
      Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 191-бабының 8-тармағына сәйкес өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін — тіркеу куәлігі болып табылады;";
      6-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
       "3) азаматтығы жоқ адамдар үшін азаматтығы жоқ адамның куәлігін немесе көші-қон полициясы органдарында тіркеу кезінде берілетін тіркеу куәлігін беру кезінде жүзеге асырылады.";
      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;
      шетел мемлекетінің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 191-бабының 8-тармағына сәйкес өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын;
      филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын;
      Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленуші;
      резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент емес заңды тұлғаларды салық төлеуші ретінде салық органында тіркеу кезінде жүзеге асырылады.";
      10-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резиденттің немесе мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акцияларының, қатысу үлестерінің немесе активтерінің құнының 50 процентін және одан астамын құрайтын, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші консорциумның орналасқан жері бойынша;";
      6) тармақшадағы "объектілерге" деген сөз "объектілерді сатып алатын және (немесе) оларға" деген сөздермен ауыстырылсын.

       35. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 4, 32-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
       2-бапта :
      1-тармағының үшінші абзацындағы "филиалдары мен өкілдіктеріне" деген сөздер "филиалдарына, өкілдіктеріне және тұрақты мекемелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "филиалдары мен өкілдіктеріне" деген сөздер "филиалдарына, өкілдіктеріне және тұрақты мекемелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.

       36. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 18, 142-құжат):

      1) 6-баптың 2-тармағындағы "құқық иесіне жүктелмейді" деген сөздер "құқық иеленушіге жүктеле алмайды және өтеусіз жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 23-бапта :
      1-тармақтағы "2-тармағында" деген сөздер "2 және 3-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) және онымен мәмілелерді жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген алым сомасының бюджетке төленуі шартымен тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі күннен кешіктірмей жүргізіледі.".

       2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 13) тармақшасын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. НАЗАРБАЕВ