"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 1 желтоқсандағы N 93-IV Заңы

Қолданыстағы

       1-бап. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 366-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 782-құжат; 2001 ж., N 10, 121-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 15, 131-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат; N 17, 139-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-бапта :
      "Халық қаһарманы" деген сөздерден кейін ", "Қазақстанның Еңбек Ері" деген сөздермен толықтырылсын;
      "атағы" деген сөз "атақтары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 3-баптың екінші бөлігі "Халық қаһарманы" деген сөздерден кейін ", "Қазақстанның Еңбек Ері" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      "10-1-бап. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі.
      "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз және "Отан" ордені тапсырылады.".
       2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев