Женевада 1926 жылғы 25 қыркүйекте қол қойылған Құлдық туралы конвенция, Нью-Йоркте 1953 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылған Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттама және Женевада 1956 жылғы 7 қыркүйекте қол қойылған Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы қосымша конвенция ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Құлдық туралы Конвенция
(Женева, 1926 жылғы 25 қыркүйек)
(2008 жылғы 1-мамырда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2008 ж., N 4, 19-құжат)
Құлдық туралы конвенция Женевада 1926 жылғы 25 қыркүйекте қол қойылған, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамамен енгізілген өзгертулермен қоса беріліп отыр
1889-90 жылдары Брюссель Конференциясының Бас актісіне қол қойған мемлекеттер Африкада еріксіздерді сатуды жою ниеті туралы өздерінің мәлімдеме жасағанын ескере отырып;
1885 жылғы Берлин Бас актісін және 1890 жылғы Брюссель Бас актісі мен декларацияны қайта қарайтын 1919 жылғы Сен-Жермен конвенциясына қол қойған мемлекеттер құлдықты оның барлық нысандарында және құрлық пен теңізде еріксіздерді сатуды толығымен жою ниетін білдіргенін ескере отырып;
1924 жылы 12 маусымда Ұлттар Лигасының Кеңесі белгілеген Құлдық жөніндегі Уақытша Комиссияның баяндамасын назарға ала отырып;
Брюссель актісінің негізінде жүзеге асырылған істі аяқтауға және дамытуға, Сен-Жермен конвенциясына қол қойған мемлекеттердің еріксіздерді сату мен құлдыққа қатысты білдірген ниеттерін бүкіл әлемде практикада жүзеге асырудың тәсілін табуға ниет білдіре отырып және бұл үшін осы Конвенциядағы ережелерден гөрі одан да нақтырақ ережелерді қабылдау қажет екенін мойындай отырып;
Сонымен қатар мәжбүрлі еңбек құлдық жағдайларына ұқсас жағдайларға әкеп соғатынына кедергі келтіру қажет екенін ұйғара отырып;
Конвенция жасасуды шешті және бұл үшін өздерінің уәкілетті адамдары ретінде мыналарды тағайындады:
/уәкілетті адамдардың тегі жазылады/,
Өз құзыреттері бойынша,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Конвенцияның мақсаттарында:
1. Құлдық дегеніміз меншік құқығының атрибуттары немесе олардың кейбіреуі қолданылатын адамның жай-күйі мен жағдайы;
2. Еріксіздерді сатуға кез-келген басқыншылық актісі, иемдену немесе адамды құлдыққа сату мақсатында өткізу; еріксіздерді сату немесе айырбастау мақсатында кез-келген иемдену актілері; сату не айырбастау мақсатында алынған еріксізді сату немесе айырбастау жолымен кез-келген өткізу актілері, яғни еріксіздерді саудаға салу және тасымалдаудың басқа да кез-келген актісі жатады деп түсініледі.
2-бап
Жоғары Келісуші Тараптар әлі де қажетті шараларды қабылдамағандықтан және әрқайсысы өзінің егемендігіндегі, қарамағындағы, қамқорлығындағы, сюзеренитетіндегі және қорғауындағы аумаққа қатысты:
а) еріксіздерді саудаға салуды болдырмауға және жолын кесуге;
б) құлдықты оның барлық нысандарында бірте-бірте және мүмкіндігінше қысқа мерзімде толық жоюға қол жеткізуді жалғастыруға міндеттенеді.
3-бап
Жоғары Келісуші Тараптар өздерінің аумақтық суларында, яғни олардың ұлттық туларын тағатын барлық кемелерде еріксіздерді тиеуді, түсіруді және тасымалдауды болдырмау және тоқтату үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді.
Жоғары Келісуші Тараптар 1925 жылғы 17 маусымдағы халықаралық қару-жарақ саудасына қатысты Конвенцияда көзделгендерге ұқсас құқықтар беретін және міндеттемелер жүктейтін (12, 20, 21, 22, 23, 24-баптар және II Қосымшаның II тарауының 3, 4 және 5-параграфтары), қажетінше икемделген жағдайда және ортақ конвенция Жоғары Келісуші Тараптардың ешқайсысының да кемесін (тіпті шағын тоннажды) басқа Жоғары Келісуші Тараптардың кемесіне қатысты өзгеше жағдайға әкелмейтінін ойға ала отырып, мүмкіндігінше қысқа мерзімде еріксіздерді саудаға салу туралы ортақ конвенция жасауға міндеттенеді.
Жоғары Келісуші Тараптар сондай-ақ аталған ортақ конвенция күшіне енгенге дейін және кейін алдыңғы абзацта баяндалған қағидаттардан шегінбей, өздерінің ерекше жағдайына сәйкес еріксіздерді саудаға салуды мүмкіндігінше қысқа мерзімде түбірімен жоюға қол жеткізу ыңғайлы болып көрінетін осындай арнайы келісімдер жасау еркіндігін сақтайды деп келіседі.
4-бап
Жоғары Келісуші Тараптар құлдықты және еріксіздерді саудаға салуды жоюға қол жеткізу үшін бір-біріне өзара көмек көрсететін болады.
5-бап
Жоғары Келісуші Тараптар мәжбүрлі немесе міндетті еңбекке қатынас ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін мойындайды және егемендігіндегі, қарамағындағы, қамқорлығындағы, сюзеренитетіндегі және әрқайсысы қорғауындағы аумаққа қатысты мәжбүрлі немесе міндетті еңбек құлдыққа ұқсас жағдай туғызбас үшін тиісті шаралар қабылдауға міндеттенеді.
Тараптар:
1. төменде 2-параграфта баяндалған өтпелі қаулыларға сәйкес мәжбүрлі немесе міндетті еңбек тек қоғамдық мақсаттарда ғана қажет бола алады;
2. қоғамдық мақсаттардан өзге мәжбүрлі немесе міндетті еңбек қолданылатын аумақтарда Жоғары Келісуші Тараптар бірте-бірте және мүмкіндігінше қысқа мерзімде оны толық тоқтатуға тырысады; мәжбүрлі немесе міндетті еңбек бар болған кезде ол тек айрықша жағдайда, көлеміне сәйкес сыйақыға және әдеттегі тұрғылықты мекен жайын өзгертуді қажет етпеген жағдайда ғана қолданылады;
3. мүдделі аумақтың құзыретті орталық билігі мәжбүрлі немесе міндетті еңбекке жүгінгені үшін барлық жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алады деп келіседі.
6-бап
Заңнамалары осы Конвенцияның мақсаттарын жүзеге асыру үшін шығарылған заңдар мен ережелерді бұзуға қарсы күрес жөнінде жеткілікті шараларды көздемейтін Жоғары Келісуші Тараптар осы бұзушылықтар қатаң жазалануы үшін қажетті шаралар қабылдауға міндеттенеді.
7-бап
Жоғары Келісуші Тараптар осы Конвенцияның қаулыларын қолдану мақсатында шығарылған заңдары мен ережелері туралы бір-біріне және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына хабарлауға міндеттенеді.
8-бап
Жоғары Келісуші Тараптар осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты олардың арасында туындауы мүмкін келіспеушіліктердің тікелей келіссөздер арқылы реттелуі мүмкін болмаса, Халықаралық Соттың шешіміне берілетін болады деп келіседі. Араларында келіспеушілік туындаған мемлекеттер немесе олардың бірі Халықаралық Сот Статутына қатысушы болып табылатын, онда бұл келіспеушілік олардың шешуі бойынша және олардың әрқайсысының конституциялық рәсіміне сәйкес не Халықаралық Сотқа, не 1907 жылғы 18 қазандағы Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу туралы конвенцияға сәйкес құрылған аралық сотқа, болмаса кез-келген өзге аралық сотқа беріледі.
9-бап
Әрбір Жоғары Келісуші Тарап не қол қою сәтінде, не ратификациялау немесе қосылу сәтінде осы Конвенцияның ережелерін немесе олардың кейбіреуін қолдануға қатысты осы Конвенцияны қабылдау олардың егемендігіндегі, қарамағындағы, қамқорлығындағы, сюзеренитетіндегі немесе қарамағындағы аумақтардың барлық жиынтығына немесе олардың кейбіреуіне міндеттемелер жүктемейді деп мәлімдей алады және кейіннен осы аумақтардың бірінің атынан толықтай не ішінара қосыла алады.
10-бап
Егер Жоғары Келісуші Тараптардың бірі осы Конвенцияның күшін жойғысы келсе, күшін жою туралы акт Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жолданатын болады, ол дереу осы актінің расталған көшірмелерін тиісті түрде басқа Жоғары Келісуші Тараптарға жолдайды, оны алған күні туралы хабарлайды.
Күшін жою ол туралы мәлімдеген мемлекетке қатысты ғана және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы күшін жою туралы актіні алғаннан кейін бір жыл өткен соң ғана күшіне енеді.
Күшін жою туралы оның егемендігіндегі, қарамағындағы, қамқорлығындағы, сюзеренитетіндегі немесе қорғаншылығындағы әр аумаққа қатысты жеке-жеке тең түрде хабарлауы мүмкін.
11-бап
Бүгінгі күнмен датасы қойылатын әрі француз және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерінің күші бірдей болып табылатын осы Конвенция Ұлттар Лигасына мүше мемлекеттер қол қою үшін 1927 жылғы 1 сәуірге дейін ашық болады.
Осы Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болып табылатын барлық мемлекеттерді қоса алғанда Бас Хатшы Конвенцияның расталған көшірмелерін жіберген барлық мемлекеттердің қосылуы үшін ашық болады.
Қосылу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына ресми құжатты сақтау үшін беру арқылы жүзеге асырылатын болады, ол осы Конвенцияға қатысушы және осы бапта көзделген барлық мемлекеттерді қосылу туралы осындай әрбір құжатты сақтауға тапсыру күні туралы хабардар ете отырып, бұл туралы хабарлайды.
12-бап
Осы Конвенция ратификацияланатын болады және ратификациялау грамоталары Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға беріледі, ол бұл туралы Жоғары Келісуші Тараптарды дереу хабардар етеді.
Конвенция әр мемлекетке қатысты ратификациялау немесе қосылу туралы оның құжаты сақтауға берілген күнінен бастап күшіне енеді.
Осыны куәландыру үшін уәкілетті адамдар осы Конвенцияға қол қойды.
Женева қаласында, бір мың тоғыз жүз жиырма алтыншы жылы жиырма бесінші қыркүйекте жалғыз данада жасалған, ол Ұлттар Лигасының мұрағатында сақтауға қалдырылады және оның тиісті түрде расталған көшірмелері Конвенцияға қол қойған мемлекеттердің әрқайсысына жіберілетін болады.
Келісімнің қазақ тіліндегі осы мәтіні орыс тіліндегі нұсқасына сай келеді.
Қазақстан Республикасы | |
Ішкі істер министрлігінің | |
Штабтың Халықаралық | |
ынтымақтастық басқармасы | |
бастығының орынбасары | |
полиция капитаны |
Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас
институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы қосымша
Конвенция
(2008 жылғы 1-мамырда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2008 ж., N 4, 18-құжат)
Кіріспе
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер
бостандық әр адамның туа біткен құқығы деп есептей отырып,
Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда адамның жеке басының абыройы мен құндылығына өзінің сенімін растағанын ескере отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жария еткен Адам құқығының жалпы декларациясы, ортақ мақсат ретінде Барлық халықтар мен барлық мемлекеттер жетуге ұмтылуы қажет ешкім де құлдықта немесе еріксіз жағдайда болмауы керектігін және құлдық пен құл саудасының барлық түрлеріне тыйым салынатындығы белгіленгенін назарға ала отырып,
1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған, құлдық пен құл саудасын жоюды қамтамасыз етуге бағытталған Құлдық туралы Конвенция жасалған уақыттан бастап бұл мақсаттың жолында одан ары алға басуға қол жеткендігін мойындай отырып,
1930 жылғы Еріксіз еңбек туралы Конвенция мен еріксіз және міндетті еңбекке қатысты Халықаралық еңбек ұйымы кейін қабылдаған шараларға назар аудара отырып,
алайда, әлемнің барлық бөліктерінде әлі де құлдық пен құл саудасы, құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптардың жойылмағанын ескере отырып,
сондықтан күшінде қалатын 1962 жылғы Конвенция, ұлттық, сол сияқты халықаралық күштерді қарқындатуды құлдық пен құл саудасын, құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптарды жоюға бағытталған Қосымша Конвенция жасаумен толықтырылуы қажет екенін шеше отырып;
төмендегілер туралы келісті:
I тарау. Құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптар
1-бап
Осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттердің әрқайсысы, 1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған Құлдық туралы конвенцияның 1-бабындағы, құлдық анықтамасымен қамтылуына немесе қамтылмауына қарамастан олар әлі бар жерде төмендегі институттар мен әдет-ғұрыптарды біртіндеп және мүмкіндігінше қысқа мерзімде:
а) борыш кіріптарлығы, егер орындалатын жұмыстың белгіленетін тиісті құндылығы қарыздың өтелуіне есептелмесе немесе бұл жұмыстың ұзақтығы шектелмесе және оның сипаты анықталмаса, яғни борышкер өзінің жеке еңбегінің не оған тәуелді адамның еңбегінің борышын қамтамасыз ету үшін кепілге беру салдарынан туындайтын ахуал мен жағдайды;
b) жерді пайдаланудың мұндай түрі, яғни пайдаланушы заң, әдет-ғұрып немесе келісім бойынша басқа адамға тиесілі жерде өмір сүруге және жұмыс істеуге және осындай басқа адам үшін белгілі бір жұмысты сыйақы үшін немесе онсыз орындауға міндетті, өзінің осы жағдайды өзгерте алмайтын басыбайлы жағдайды;
с) мыналарды:
і) өз тарапынан бас тарту құқығы жоқ әйелді оның әке-шешесі, қамқоршысы, отбасы немесе кез-келген басқа адам немесе адамдар тобы ақшалай не табиғи болмысымен сыйақы төлеу үшін күйеуге беруге уәде беретін немесе күйеуге беретіні;
іі) әйелдің күйеуі, оның отбасы немесе оның рулық қауымы сыйақы төлеу үшін немесе өзге де амалмен оны басқа адамға беруге құқылы; немесе
ііі) ері қайтыс болған әйелді басқа адамға мұра бойынша беретін күші бар кез-келген институтты немесе әдет-ғұрыпты;
d) кез-келген институт пен әдет-ғұрыптардың күшіне сай он сегіз жастан кіші баланы немесе жасөспірімді өзінің әке-шешесінің біреуі не екеуі де немесе оның қамқоршысы осы баланы немесе жасөспірімді не оның еңбегін пайдалану мақсатында сыйақы үшін немесе онсыз басқа адамға бере алатын күші бар кез-келген институтты немесе әдет-ғұрыпты толық жоюды немесе таратуды қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін және қажетті заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.
2-бап
Осы Конвенцияның 1-бабының с) тармағында айтылған институттар мен әдет-ғұрыптарды түбірімен жою үшін Конвенцияға қатысушы мемлекеттер ең кіші некелік үйлесімді жасты анықтауды және өкілетті азаматтық лауазымды адамның немесе дін басының көзінше екі тараптың да некелесуге келісімдерін еркін айтуын қамтамасыз ететін тәртіптің орнатылуын көтермелеуге міндеттенеді.
II тарау. Құл саудасы 3-бап
1. Осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттердің заңдары бойынша, қандай да болмасын көлік құралдарымен бір елден екінші елге құлдарды тасымалдауға не құлдарды тасуға талпыныс жасау немесе мұндайға бірге қатысу қылмыс болып саналады және бұл қылмыстарға кінәлі деп танылған адамдар қатал жазаға тартуға жатады.
2. а) Осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттер олардың туларын заңды пайдаланатын кемелер мен ұшатын аппараттардың құлдарды тасымалдауына бөгет жасауға, мұндай әрекеттердегі немесе осындай мақсат үшін мемлекеттік жалауды пайдаланған кінәлі адамдарды жазалау үшін барлық тиімді шараларды қабылдайды.
b) Осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттер құлдарды тасу үшін олардың порттарын, аэродромдары мен жағалауларын пайдалануға бөгет жасау үшін барлық тиімді шараларды қабылдайды.
3. Осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттер құл саудасына қарсы күресте қолданылатын шаралардың практикалық үйлестірілуін қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алмасады және құл саудасының әрбір оқиғасы туралы және өздеріне белгілі болған мұндай қылмысты жасаудың әрбір әрекеті туралы бірін-біріне хабарлайды.
4-бап
Осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттің кемесінде баспана тапқан құл, ірsо fасtо еркіндік алады.
III тарау. Құлдық және құлдыққа
ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптар 5-бап
Осы Конвенцияның 1-бабында айтылған құлдық немесе институттар немесе әдет-ғұрыптар әлі де толық жойылмаған немесе тартылмаған елде, құлды не еріксіз жағдайдағы адамды оның мұндай жағдайын атап көрсету не болмаса жазалау мақсатында немесе қандай да болмасын өзге себеппен зақымдау, күйдіріп немесе өзге тәсілмен таңбалау, ал сондай-ақ мұндай әрекетке бірге қатысу осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттердің заңдары бойынша қылмыс болып саналады және мұндай қылмыстарда кінәлі деп танылған адамдар жазалауға жатады.
6-бап
1. Өзге адамды құлға айналдыру немесе басқа адамды немесе басқа адамнан тәуелді адамды құлдыққа берілуге көндіру немесе мұндай әрекеттерді жасауға ұмтылу; немесе оған бірге қатысу немесе мұндай әрекеттердің кез-келгенін жасау үшін жасырын келісімге қатысу осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттердің заңдары бойынша қылмыс болып саналады және мұндай қылмыстарда кінәлі деп танылған адамдар жазалауға жатады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері осы Конвенцияның 1-бабы кіріспе бөлімінің ережелерін сақтай отырып, сондай-ақ 1-бапта аталған институттардың немесе әдет-ғұрыптардың салдарлары болып табылатын адамды немесе басқа адамнан тәуелді адамды өзін еріксіз жағдайға берілуге көндіру оқиғаларына, мұндай қылмысты жасауға ұмтылудың кез-келгеніне, осы қылмыстарды жасауға бірге қатысуға немесе оның кез-келгенін жасау үшін жасырын келісімге қатысуға қолданылады.
IV тарау. Анықтамалар 7-бап
Осы Конвенцияда:
а) 1926 жылғы құлдық туралы Конвенцияда анықталғандай, "құлдық" деп оған қатысты меншік құқығына тиесілі кейбір немесе барлық құзыреттілікті жүзеге асырғандағы адамның жай-күйі немесе жағдайы, ал "құл" деп осы жағдайдағы немесе жай-күйдегі адам түсініледі;
b) "еріксіз жағдайдағы адам" деп бұл Конвенцияның 1-бабында аталған институттардың немесе әдет-ғұрыптардың нәтижесінде пайда болған жай-күйдегі немесе жағдайдағы адам түсініледі;
с) "құл саудасы" деп қандай да болмасын адамды ұстап алуға, сатып алуға немесе оны құлға айналдыру мақсатында пайдалануға байланысты барлық әрекеттер; сату немесе айырбастау мақсатында құлды сатып алуға байланысты барлық әрекеттер; осындай мақсатпен сатып алынған адамды сату немесе айырбастау жөніндегі барлық әрекеттер; тіпті қандай да болмасын көлік құралдарымен құлдарды сату әлде тасу жөніндегі кез-келген әрекет түсініледі және аталған әрекеттердің барлығы енеді.
V тарау. Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің
арасындағы ынтымақтастық және мәліметтерді хабарлау 8-бап
1. Осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттер жоғарыда аталған
қаулыларды жүзеге асыруда бір-бірімен және Біріккен Ұлттар Ұйымымен
ынтымақтастықта болуға міндеттенеді.
2. Конвенцияға қатысушылар осы Конвенцияның қаулыларын жүзеге асыру үшін шығарылатын және қолданысқа енгізілетін барлық заңдардың, ережелер мен әкімшілік өкімдердің көшірмелерін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберуді міндеттенеді.
3. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы баптың 2-тармағына сәйкес алынған ақпаратты Конвенцияның басқа қатысушылары мен Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеске бұл Конвенцияның тақырыбы болып отырған құлдықты, құл саудасы немесе институттар мен әдет-ғұрыптарды жоюға қатысты онан арғы ұсынымдарды әзірлеу үшін Кеңес көтеретін мәселелерді талқылау үшін Кеңеске жіберілген құжаттармен бірге хабарлайды.
VI тарау. Қорытынды қаулылар 9-бап
Осы Конвенцияға ескертпелерге жол берілмейді.
10-бап
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасындағы Келіссөз жолымен реттелмеген, оны түсіндіру және қолданылуына қатысты даулар, егер тараптар оларды реттеудің тек өзге тәсілі туралы келіспесе, даудағы кез-келген тараптың талаптары бойынша Халықаралық Сотқа тапсырылады.
11-бап
1. Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің немесе мамандандырылған мекемелердің бірі қол қою үшін 1957 жылғы 1 шілдеге дейін ашық. Қол қойған мемлекеттер Конвенцияны бекітуге тиіс және бекіту грамоталары Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға беріледі, ол Конвенцияға бұл туралы қол қойған немесе оған қосылған әрбір мемлекетке хабарлайды.
2. Конвенция 1957 жылғы 1 шілдеден кейін, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің немесе мамандандырылған мекемелердің бірінің немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қосылуға шақыру жіберген басқа да кез-келген мемлекеттердің қосылуына ашық болады. Қосылу ресми актіні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға беру жолмен іске асырылады, ол өз кезегінде Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылған әр мемлекетті бұл туралы хабардар етеді.
12-бап
1. Осы Конвенция барлық өзін-өзі басқармайтын, қамқорлықтағы, отарланған және басқа да метрополияға кірмейтін аймақтарға қолданылады, олардың халықаралық қатынастарына Конвенцияға қатысушы осы мемлекет жауапты болады; бұл мемлекет осы баптың 2-тармағының ережелерін сақтай отырып, метрополияға кірмейтін аймақтың қайсысына конвенцияның осы аймақтарының қайсысына ірsо facto қолданылатынын қол қою кезінде хабарлайды.
2. Конституциялық заңдарға немесе Конвенцияға қатысушы мемлекеттің немесе метрополияға кірмейтін аймақтың тәжірибесіне сәйкес осы аумақтың алдын ала келісімін алуды талап ететін әрбір жағдайда, бұл мемлекет метрополияға кірмейтін аумақтың келісімін алуды қамтамасыз ету үшін, метрополия-мемлекет Конвенцияға қол қойған күннен бастап он екі ай мерзім ішінде күш салады және келісімді алысымен ол туралы Бас хатшыға хабарлайды. Бұл Конвенция осы аймаққа немесе хабарламаны көрсетілген аймақтарға көрсетіледі Бас хатшы хабарлама алған күннен бастап қолданылады.
3. Алдыңғы тармақта аталған он екі ай мерзім өткеннен кейін Конвенцияға қатысушы тиісті мемлекеттер метрополиядан тыс орналасқан олардың халықаралық қатынастарына жауапты болатын және осы Конвенцияны қолдануға келісімдерін бермеген аумақтармен өткізілген кеңестердің нәтижелері туралы Бас хатшыға хабарлайды.
13-бап
1. Осы Конвенция оған екі мемлекет қатысушы болған күннен бастап күшіне енеді.
2. Сонан соң ол әр мемлекет пен аймаққа қатысты бекіту грамотасын немесе осы мемлекеттің қосылуы туралы грамотаны сақтауға берген немесе осы аймаққа Конвенцияны қолдану туралы хабарланған күннен бастап күшіне енеді.
14-бап
1. Осы Конвенция қолданылуы рет-ретімен үш жылдық кезеңге бөлінеді, оның біріншісі 13-баптың 1-тармағына сәйкес Конвенцияның күшіне енген күнінен басталады.
2. Осы Конвенцияға қатысушы кез-келген мемлекет ағымдағы үш жылдық кезең өткенге дейін алты ай бұрын Бас хатшыны бұл жөнінде хабарлау жолымен күшін жоюы мүмкін. Бас хатшы әрбір осындай хабарлама туралы және осындайды алған күні туралы Конвенцияға қатысушы барлық басқа мемлекеттерге хабарлайды.
3. Күшін жою ағымдағы үш жылдық кезең өткеннен кейін күшіне енеді.
4. 12-баптың қаулыларына сәйкес бұл конвенцияны, бұл Конвенцияға қатысушы мемлекеттің метрополияға кірмейтін аумағына қолдануға болатын жағдайларда, бұл мемлекет бұдан кейін тиісті аумақтың келісімімен кез-келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы Конвенцияның бұл аумаққа қатысты күші жойылғаны туралы хабарлама жібере алады. Бұл күшін жою Бас хатшы осындай хабарламаны алған күннен бастап бір жылдан соң күшіне енеді. Ол осы хабарлама туралы және оны алған күні туралы Конвенцияға барлық басқа қатысушыларға хабарлайды.
15-бап
Ағылшын, испан, орыс және француз тілдеріндегі мәтіндері бірдей сәйкес осы Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының мұрағатына сақтауға тапсырылады. Бас хатшы куәландырылған көшірмелерді осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттерге, сонымен бірге барлық басқа мемлекеттерге - Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері мен мамандандырылған мекемелерге одан әрі жолдау үшін дайындайды.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ үшін, төменде қол қойған, өз үкіметтері тиісті уәкілеттік берген адамдар өз қолдарының тұсында көрсетілген күндері осы Конвенцияға қол қойды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропа бөлімшесінде, Женева қаласында, бір мың тоғыз жүз елу алтыншы жылғы жетінші қыркүйекте ЖАСАЛДЫ.
Келісімнің қазақ тіліндегі осы мәтіні орыс тіліндегі нұсқасына сай келеді.
Қазақстан Республикасы | |
Ішкі істер министрлігінің | |
Штабтың Халықаралық | |
ынтымақтастық басқармасы | |
бастығының орынбасары | |
полиция капитаны |
1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған
Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы
Хаттама
(2008 жылғы 1-мамырда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2008 ж., N 4, 17-құжат)
Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер,
1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған Құлдық туралы конвенция (бұдан әрі "Конвенция" деп аталатын) бойынша, Ұлттар Лигасына кейбір міндеттер мен функциялар жүктелгенін назарға ала отырып, және
бұдан кейін бұл міндеттер мен функцияларды атқаруды Біріккен Ұлттар Ұйымы өзіне қабылдауын мақсатқа сай деп есептей отырып;
төмендегілер туралы келісті:
І-бап
Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер, өздерінің қарым-қатынастарында, осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес Конвенцияға енгізілген және осы Хаттамаға қосымшада баяндалған түзетулердің заңды күші мен мағынасын қабылдауға және тиісті түрде оларды қолдануға міндеттенеді.
ІІ-бап
1. Осы Хаттама Конвенцияға қатысушы кез-келген мемлекеттің қол қоюы және қабылдауы үшін ашық, осы мақсаттарда оған Бас хатшы осы Хаттаманың көшірмесін жолдайды.
2. Мемлекеттер осы Хаттамаға:
а) қабылдауға қатысты ескертулерсіз қол қою;
b) одан кейін қабылдануға тиісті, қабылдауға қатысты ескертулермен қол қою;
с) қабылдау арқылы қатысушы бола алады.
3. Қабылдау Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына формальды актіні сақтауға беру арқылы жүргізіледі.
ІІІ-бап
1. Осы Хаттама кемінде екі мемлекет оған қатысушы болған күні күшіне енеді және бұдан кейін әр мемлекетке қатысты ол Хаттамаға қатысушы болған күні күшіне енеді.
2. Осы Хаттаманың Қосымшасында баяндалған түзетулер Хаттамаға жиырма үш мемлекет қатысушы болғаннан кейін күшіне енеді және одан кейін мұндай түзетулер күшіне енгеннен кейін Конвенцияға қатысушы болған әрбір мемлекет, тиісінше өзгертілген Конвенцияға қатысушы болады.
ІV-бап
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабының 1-тармағына сәйкес және оны орындау үшін Бас Ассамблея белгілеген ережелерге сәйкес, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Хаттаманы және осы Хаттамамен Конвенцияға енгізілген түзетулерді олардың күшіне ену күндеріне сәйкес тіркеуге және осы Хаттама мен Конвенцияның өзгертілген мәтінін олар тіркелгеннен кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде жариялауға уәкілетті.
V-бап
Ағылшын, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтіндері бірдей дұрыс болып табылатын осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының мұрағатында сақталады. Қосымшаға сәйкес өзгеріске жататын Конвенцияның тек ағылшын және француз тілдеріндегі мәтіндері түпнұсқаға барабар болғандықтан, Қосымшаның тек ағылшын және француз тілдеріндегі мәтіндері түпнұсқаға барабар болып табылады, ал оның испан, қытай және орыс тілдеріндегі мәтіндері аударма болып табылады. Бас хатшы Конвенцияға қатысушы мемлекеттерге, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше басқа да мемлекеттерге жіберу үшін Хаттама мен оның Қосымшасының расталған көшірмесін әзірлейді. Түзетулер күшіне енген кезде, ІІІ-бапта қарастырылғандай, ол Біріккен Ұлттар Ұйымына бірдей дәрежеде мүше емес мемлекеттерді қоса алғанда басқа да мемлекеттерге жіберу үшін өзгертілген Конвенцияның расталған көшірмелерін әзірлейді.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН, төменде қол қойған, өз үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген адамдар өз қолдарының тұсында көрсетілген күндері осы Хаттамаға қол қойды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде, Нью-Йоркте, бір мың тоғыз жүз елу үшінші жылғы жетінші желтоқсанда ЖАСАЛДЫ.
1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған
Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы
Хаттамаға Қосымша
7-баптағы "Ұлттар Лигасының Бас хатшысы" деген атау "Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы" деген атаумен ауыстырылады.
8-баптағы "Халықаралық сот төрелігінің тұрақты палатасы" деген атау "Халықаралық Сот" деген атаумен және "Халықаралық сот төрелігінің тұрақты палатасына қатысты 1920 жылғы 16 желтоқсандағы Хаттама" деген атау "Халықаралық Соттың Статуты" деген атаумен ауыстырылады.
10-баптың бірінші және екінші тармақтарындағы "Ұлттар Лигасы" деген атау "Біріккен Ұлттар Ұйымы" деген атаумен ауыстырылады.
11-баптың соңғы үш абзацы алынып тасталады және мынадай мәтінмен ауыстырылады:
"Осы Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Конвенцияның расталған көшірмесін жолдап отырған Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше емес мемлекеттерді қоса алғанда барлық мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
Қабылдау формальды актіні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға беру арқылы жүзеге асырылады, ол қосылу туралы мұндай әр актінің сақтауға алынған күні туралы хабарлай отырып, Конвенцияға қатысушы және осы бапта көрсетілген барлық мемлекеттерді бұл рәсім туралы хабардар етеді".
12-баптағы "Ұлттар Лигасы" деген атау "Біріккен Ұлттар Ұйымы" деген атаумен ауыстырылады.