1-бап. »"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 20, 257-құжат; N 24, 336-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 155-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2) бүкіл мәтін бойынша:
"ішкі әскерлері",»"ішкі әскерлер",»"ішкі әскерлерді",»"ішкі әскерлердегі",»"ішкі әскерлерінің",»"ішкі әскерлердің",»"ішкі әскерлерге" деген сөздер тиісінше»"Ішкі әскерлері", "Ішкі әскерлер",»"Ішкі әскерлерді",»"Ішкі әскерлердегі",»"Ішкі әскерлерінің",»"Ішкі әскерлердің",»"Ішкі әскерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
", прапорщиктерге", ", прапорщиктер", ", прапорщиктерді", ", прапоршиктердің",»",прапорщиктерін" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түрлі септіктердегі»"әскери қызмет"»деген сөздерге қатысты түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"әскери-оқу орындарында" деген сөздер тиісінше»"әскери оқу орындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 9-бапта:
екінші абзацта»"келісім-шарт бойынша" деген сөздер "келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"- келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі.";
6) 10-бапта:
алтыншы абзацта:
"бекітеді" деген сөз»"айқындайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
"белгілейді" деген сөз алып тасталсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі әскерлердің мерзімді әскери қызметшілерді шақыруды және Ішкі әскерлер қатарынан босатуды ұйымдастыруға қатысуын қамтамасыз етеді;";
тоғызыншы абзацтағы»", жұмысшылары мен қызметшілерін" деген сөздер»"және қызметкерлерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 10-1-бапта:
төртінші абзац»"әзірлейді" деген сөзден кейін»"және бекітеді" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бұйрықтар, директивалар және өкімдер шығарады;";
жетінші абзацтағы»", қызметшілерін" деген сөз»"және қызметкерлерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы»"әскерлерді қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және өзге де техника мен басқа да мүлікті қабылдайды" деген сөздер»"әскерлерді қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және өзге де техника мен басқа да мүліктің қабылдануын қамтамасыз етеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне Ішкі әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын, құрамалардың командирлері мен әскери оқу орындарының бастықтарын қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы ұсыныс жасайды.";
8) 13-бапта:
үшінші абзацтағы»"түзеу мекемелерін күзету жөніндегі және"» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші абзацтағы»"түзеу мекемелерін күзететін" деген сөздер алып тасталсын;
бесінші абзацтағы»"түзеу мекемелерін күзететін әскери бөлімдер мен бөлімшелердің тіршілігіне, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталып,»"IIМ-інің ішкі әскерлері бөлімдеріне" деген сөздер "ішкі әскерлер әскери бөлімдерінің тіршілігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын;
9) 14-бапта:
бірінші бөлігіндегі»"Президенті" деген сөз»"Ішкі істер министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери кеңестің құрамын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Қолбасшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.";
10) 15-бапта:
тақырыбындағы»"Бас штабы" деген сөздер»"комитеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөлігіндегі»"Ішкі әскерлердің Бас штабы ішкі әскерлерді әскери басқарудың негізгі органы болып табылады" деген сөздер»"Ішкі әскерлер комитеті бейбіт уақытта және соғыс уақытында Ішкі әскерлерді әскери басқару органы болып табылады" деген
сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігіндегі»"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабымен" деген сөздер "Штабтар бастықтары комитетімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 16-бапта:
бірінші бөлігіндегі»", қызметшілерден және жұмысшылардан" деген сөздер»"және қызметкерлерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігіндегі "жалпы әскери жарғылардың" деген сөздер "әскери жарғылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлігіндегі:
"және қызмет бабындағы" деген сөздер алып тасталсын;
"жұмысшылары мен қызметшілерінің" деген сөздер "қызметкерлерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін»"еңбек"» деген сөзбен толықтырылсын;
12) 17-бапта:
бірінші бөлігіндегі»"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" және»"Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер»"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігінде:
"атқару туралы ережемен" деген сөздер»"өткеру ережелерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жалпы әскерлік" деген сөздер»"әскери" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөлігіндегі "Ант" деген сөз "ант" деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 18-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерге жеке басын, қызмет жағдайын және әскери қызметте жүргенін куәландыратын жеке бастың куәлігі беріледі.";
14) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Ішкі әскерлер кадрларын даярлау және
кәсіптік деңгейін көтеру
Сарбаздар мен сержанттарды (старшиналарды) даярлау Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің және Қарулы Күштерінің оқу бөлімдерінде (орталықтарында) жүзеге асырылады.
Ішкі әскерлер үшін офицерлерді даярлау республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, әскери училищелерде, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің әскери оқу орындарында шарттық негіздерде жүзеге асырылады.
Ішкі әскерлердің офицер құрамының және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің кәсіптік деңгейін көтеру әскери оқу орындарында, офицер құрамының біліктілігін жетілдіру (қайта даярлау) курстарында жүзеге асырылады.";
15) 21-бапта:
екінші абзацтағы»"сенімді" деген сөз алып тасталсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"- ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзушылықтардың, түзеу мекемелеріндегі жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге, әскери қарауылдардың күзетінен қашқан адамдарды іздеуге қатысу және қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүрген не аса ауыр қылмыстар жасаған
адамдарды іздеуге ішкі істер органдарына көмек көрсету;";
16) 23-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Ішкі әскерлердің қару-жарағына кіретін қарулар, әскери техника мен олардың оқ-дәрілері, арнайы құралдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
17) 25-бапта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы»"адамды" деген сөзден кейін»"табу және" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші және төртінші бөліктері алып тасталсын;
18) 26-бапта:
тақырыбындағы»"ұрыс техникасын" деген сөздер»"әскери техниканы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы»"ұрыс техникасын"» деген сөздер»"әскери техниканы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бірінші бөліктің 6) тармақшасында»"қамауға алынған" деген сөздер»"тұтқынға алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарулы не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға және олардың жасы белгілі немесе айқын болса, кәмелетке толмағандарға қатысты атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.";
бесінші бөлік алып тасталсын;
19) 29-баптың екінші бөлігіндегі»"Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде" деген сөздер»"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 31-баптағы»", мерзімінен тыс қызметтегі әскери қызметшілер" деген сөздер алып тасталып, "контракт" деген сөз "келісімшарт" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 33-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілерге тұрғын үй»"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.";