1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар):
1) 377-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"377-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке
басты куәландыратын құжаттарсыз тұру
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлiкпен, сондай-ақ тұрғылықты жерi бойынша немесе уақытша болатын жерi бойынша үш айдан астам мерзiмде тiркеусiз тұруы -
ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнсiз не жарамсыз тұруға ықтиярхатпен, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiмен үш айдан астам мерзiмде тұрақты тұруы -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 378-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"378-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке
басын куәландыратын құжаттарсыз тұруға жол беру
1. Құжаттау және халықты тiркеу ережелерiн сақтауға жауапты адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлiкпен не тұрғылықты жерi бойынша тiркеусiз Қазақстан Республикасында тұруға жол беруi, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Құжаттау және халықты тiркеу ережелерiн сақтауға жауапты адамдардың шетелдiктердiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiксiз не жарамсыз ықтиярхатпен немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгiмен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына жол беруi, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.".
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 ж., N 8, 50, 54-құжаттар; N 21-22, 285-құжат; 2006 ж., N 5-6, 31-құжат):
1) актiнiң нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
3) бүкiл мәтiн бойынша "Жарлықтан", "Жарлықта", "Жарлық", "Жарлықтың", "жарлықтың" деген сөздер тиiсiнше "Заңнан", "Заңда" "Заң", "Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) бүкiл мәтiн бойынша "шетел азаматтарының", "шетел азаматтары", "Шетел азаматтарының", "шетелдiк азаматтың", "шетелдiк азаматтар", "шетел азаматтарына", "шетел азаматына", "Шетел азаматтары", "шетелдiк азаматтардың", "шетел азаматтарын", "Шетел азаматының", "Шетел азаматы" деген сөздер тиiсiнше "шетелдiктердiң", "шетелдiктер", "Шетелдiктердiң", "шетелдiктiң", "шетелдiктерге", "шетелдiкке", "Шетелдiктер", "шетелдiктердi" "Шетелдiктiң", "Шетелдiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 1-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";
6) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және
уақытша жүрген шетелдiктер
Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдiктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
Оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудiң мiндеттi шарты мұндай рұқсатты алуға үмiткер адамның Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауы болып табылады.
Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негiзде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексiне
сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбiрленушi деп танылған шетелдiктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледi. Олар белгiленген тәртiппен тiркелуге және өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi.";
8) 6-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бола алады. Бұл ретте, заңды тұлға құрмай шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.";
9) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Әскери мiндеттiлiкке қатыстылығы
Әскери мiндеттiлiк Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге қолданылмайды.";
10) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Қазақстан Республикасына келу
Егер Қазақстан Республикасының тиiстi тараппен келiсiмiнде өзгеше тәртiп белгiленбесе, шетелдiктер жарамды паспорт пен оны алмастыратын құжаттармен Қазақстан Республикасының келу визасы болған жағдайда Қазақстан Республикасына келе алады.
Шетелдiкке Қазақстан Республикасына келуге:
а) мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделерiне орай;
б) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
в) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгiне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
г) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандырса;
д) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
e) егер ол террористiк әрекетi үшiн сотталған болса не сот оны аса қауiптi рецидивист деп таныса;
ж) егер ол, оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан шығып кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;
з) егер оның Қазақстан Республикасында бұрын болған кезiнде шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге де заңнамаларын бұзған фактiлерi анықталған болса;
и) егер ол келу туралы өтiнiш хатпен жолданған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе, тыйым салынуы мүмкін.
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген шетелдiктерге шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы шақырылған шетелдiктердiң сақтауын бұрын бiрнеше рет қамтамасыз етпеген жеке және заңды тұлғалар тарапынан шетелдiктердi Қазақстан Республикасына шақыру туралы берiлген өтiнiш хаттар қаралмайды.
Қазақстан Республикасына келу кезiнде шетелдiктерге Қазақстан Республикасының Үкiметi көздеген тәртiппен көшi-қон карточкалары берiледi.
Келу визаларын немесе оларға сәйкес келетiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi немесе жекелеген жағдайларда бұған арнайы уәкiлдiк берiлген Қазақстан Республикасының өкiлдерi бередi.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдаушы тараптардың шақыруы және Қазақстан Республикасының рұқсат беруге уәкiлеттi органдарының рұқсаты виза беру үшiн негiз болып табылады.";
12) 27-баптағы "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды" деген сөздер "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 28-баптың бiрiншi бөлiгiнiң в) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды" деген сөздер "шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат; N 21-22, 285-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 6, 76-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Көшi-қон субъектiлерi және оларды тiркеу
Басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшiп келушiлерге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оралмандар, босқындар мәртебесi не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген өзге де мәртебе берiледi.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге заңды негiздерде қоныс аударған адамдар көшiп кетушiлер мәртебесiн алады. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметкерлерi, шет елдерде уақытша еңбек қызметiн жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары, бiтiмгершiлiк борышын орындап жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ шет елдерде оқып, емделiп жүрген, туристiк сапарда, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша, қызметтiк iссапарда жүрген адамдар көшiп кетушілерге жатпайды.
Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен көшi-қон карточкалары берiледi.
Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбiр көшi-қон субъектiсi өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде тiркелуге мiндеттi. Көшi-қон субъектiлерiн тiркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Жеке басты куәландыратын құжаттар тiзбесiн және тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыруының шарттары
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бола алады.
Бұл ретте заңды тұлға құрмай шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
Шетелдiк жұмыс күшiн тартатын, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз қаражаты есебiнен қазақстандық азаматтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады.";
3) 11-баптың екiншi бөлiгiндегi "шетелдiк азаматтар" деген сөздер "шетелдiктер" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 14-баптың төртiншi бөлiгiндегi "Аумақтық қызметтердiң шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздер "Уәкiлеттi органның аумақтық қызметтерiнiң шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-баптың үшiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацындағы "аумақтық көшi-қон қызметтерiн" деген сөздер "уәкiлеттi органның аумақтық қызметтерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның
Қазақстан Республикасына келуiне бас тарту
негiздерi
Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына:
а) мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделерiне орай;
б) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
в) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгiне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
г) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандырса;
д) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
е) егер ол террористiк әрекетi үшiн сотталған болса не сот оны аса қауiптi рецидивист деп таныса;
ж) егер ол, оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан шығып кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды табыс етпесе;
з) егер оның Қазақстан Республикасында бұрын болған кезiнде шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге де заңнамаларын бұзған фактiлерi анықталса;
и) егер ол келу туралы өтiнiш жасаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарласа немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе, келуiне бас тартылуы мүмкiн.
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастан бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.";
7) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат
беруден бас тартудың не тұрақты тұруға рұқсатты
жоюдың негiзi
Шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға:
1) көрiнеу заңсыз көшiп-қонушыларға, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған адамдарға;
2) сотталғанға дейiн тұрақты тұратын жерi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға;
4) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауды Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде табыс етпеген адамдарға;
5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдарының қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында эпидемияның таралуына себепшi болуы мүмкiн сырқаты бар адамдарға;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органның, iшкi iстер органдары мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шешiмдерi негiзiнде шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған адамдарға;
7) мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандыратын адамдарға;
8) әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға;
9) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның бiрлiгi мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға;
10) террористiк әрекетi, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталғандығы бар адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берiлген рұқсат жойылуы мүмкiн. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, сотталғандығының болуы немесе болмауы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтiнiшхатпен жолданған кезiнде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде қажеттi құжаттарды дәлелсiз себептермен тапсырмаған адамдарға;
12) Қазақстан Республикасынан бұрын шығарып жiберiлген адамдарға;
13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берiлген рұқсат жойылуы мүмкiн.
Тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.";