Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 11-IV Заңы

Қолданыстағы

      Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат):

      1) 35-баптың екінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі "кеден шекарасы" деген сөздер "Мемлекеттік және кеден шекаралары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 302-баптың екінші бөлігі "Қазақстан Республикасының аумағына шығару" деген сөздерден кейін "немесе оларды Қазақстан Республикасының континенттік қайраңына төсеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 304-баптың бірінші бөлігі "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 306-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі "қайраңындағы" деген сөзден кейін ", аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 389-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      6) 390-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларының
                (теңізінің) және ішкі суларының режимін бұзу";

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "аумақтық" деген сөзден кейін "суларында (теңізінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацы:
      "аумақтық" деген сөзден кейін "суларында (теңізінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "рұқсатынсыз" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 575-бапта:
      бірінші бөліктегі ", 396 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөлікте:
      екінші абзацтағы "аймақтық басқармалардың," деген сөздер "арнайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "беске" деген сөз "онға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші абзац алып тасталсын;

      үшінші бөліктің 1) тармақшасында:
      екінші абзацтағы "аймақтық басқармалардың," деген сөздер "арнайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші абзац алып тасталсын;

      8) 619-бапта:
      бірінші бөліктің 4) тармақшасындағы "кеден режимі", "кеден шекарасы" деген сөздер тиісінше "шекара және кеден режимдері", "Мемлекеттік және кеден шекаралары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "қайраңында" деген сөзден кейін ", аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 620-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Мемлекеттік шекара режимі, шекара режимі, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылған, Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып өткен, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңының, аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының минералдық және тірі ресурстарын заңсыз берген, әскери қызметшінің Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өз міндетін орындауға байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбаған жағдайда - шекара қызметінің органдары;";

      10) тармақша "қайраңында", "қайраңын" деген сөздерден кейін тиісінше ", аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында", ", аумақтық суларын (теңізін) және ішкі суларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 622-бапта:
      екінші бөлікте:
      "кеден режимін", "кеден шекарасы" деген сөздер тиісінше "шекара және кеден режимдерін", "Мемлекеттік және кеден шекаралары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қайраңындағы" деген сөзден кейін ", аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының қырқыншы абзацы "306 (екінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "355, 388," деген цифрлармен толықтырылсын;

      12) 730-бапта:
      1) тармақша "391-бабының екінші бөлігінде" деген сөздерден кейін "және 391-1-бабының үшінші бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша "осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "102-3, 374 (алтыншы бөлігі), 375 (үшінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "394" деген цифрдан кейін "(екінші бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат):

      120-баптың 1-тармағындағы "ұйымдарын" деген сөзден кейін ", басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды," деген сөздермен толықтырылып, "басқа да әскерлердің объектілері мен ғимараттарын орналастыру және олардың" деген сөздер "олардың объектілері мен ғимараттарын орналастыру және" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 19, 147-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "46-1) аумақтық сулар (теңіз) - Қазақстан Республикасының иелігіндегі Қазақстан Республикасына тиесілі материкте де, аралдарда да судың ең көп қайтатын жиегінен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес анықталатын тиісті географиялық нүктелерді қосатын бастапқы түзу сызықтан есептелетін ені он екі теңіз милі болатын жағалаудағы теңіз сулары;";

      2) 36-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу тәртібін айқындайды;".

      4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 1, 1-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-баптың екінші бөлігіндегі "белгіленеді" деген сөз "белгіленеді және өзгертіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың үшінші және бесінші абзацтары алып тасталсын;

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
              күзету және қорғау

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қорғау мемлекеттік органдардың өз өкілеттіктері шегінде саяси, әскери, жедел-іздестіру, дипломатиялық, кедендік, экономикалық, экологиялық және өзге де шараларды қабылдау жөніндегі келісілген іс-қимылынан тұрады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде күзету ұлттық мүддені іске асыруға кедергі келтіретін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында оларға қауіп төндіретін жағдайларды, процестер мен факторларды ашу және олардың алдын алу жөніндегі тұрақты сипаттағы құқықтық, ұйымдық, әскери, жедел-іздестіру, кедендік, техникалық, ақпараттық шараларды жүзеге асырудан тұрады.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарға жүктеледі.
      Қазақстан Республикасының құрлықтағы, теңіздегі, өзендердегі (бұлақтардағы) және өзге де су қоймаларындағы, сондай-ақ континенттік қайраңындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі туралы халықаралық шарттарды және шекара мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын барлық жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде шетелдік тұлғалардың сақтауын шекара кеңістігінде бақылау жолымен жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
      Әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне жүктеледі.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құқықтары шеңберінде азаматтар мен мемлекеттік емес ұйымдар қатыса алады.";

      4) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

      "4-1-бап. Қазақстан Республикасының шекара кеңістігі және
                оны бақылау

      1. Қазақстан Республикасының шекара кеңістігі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара сызығы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара сызығынан шекаралық аймақтың немесе шекаралық белдеудің сыртқы шегіне дейінгі жер белдеуі, ал ол белгіленбесе - әкімшілік-аумақтық бірліктің сыртқы шегіне дейінгі жер өңірі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі), ішкі сулары, континенттік қайраңы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің аумағы.
      2. Шекара кеңістігіндегі бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзу белгілері мен шекара кеңістігіндегі белгіленген ережелерді бұзушыларды анықтау жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесін білдіреді.
      3. Шекара кеңістігіндегі бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.";

      5) 5-баптың үшінші бөлігінде:
      бірінші сөйлем "халықаралық шарттарға" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасы ратификациялаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші сөйлем алып тасталсын;

      6) 6-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      7) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының
              режимі

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту, қазақстандық және шетелдік әскери емес кемелер мен әскери корабльдердің шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлігінде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасы аумақтық суларына (теңізге), сондай-ақ ішкі суларына кіру және тұру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында әртүрлі жұмыстарды, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру және өзге де қызметті жүргізу тәртібі болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады.";

      8) 9-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін" деген сөздер алып тасталсын;

      9) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
                 арқылы өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау

      Шекаралық бақылау:
      Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіруге (шығуға) құқық берудің заңды негіздерін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуге құқық беретін құжаттарды тексеру;
      көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды қарап тексеру;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери, режимдік, жедел және әкімшілік әрекеттер жасау арқылы жүзеге асырылады.";

      10) 12-бапта:
      1-тармақта:
      "Үкіметі белгілеген" деген сөздер "заңнамасында белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "халықаралық шарттарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін адамдарды өткізуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімдері мен бөлімшелері жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасына келуі кезінде өткізу пунктіне келген және шекара арқылы өтуге негіздемесі жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілмейді және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өздері келген елге немесе өзі азаматтығын алған елге кері қайтарылады.
      Қазақстан Республикасынан кететін адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін құжаттары болған кезде шекара арқылы өткізілуге тиіс.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін құжаттары болмаса;
      егер бұрын осы адамға қатысты Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік шығарып жіберу шаралары қолданылса;
      осы адамға қатысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарынан тиісті шектеулер болған жағдайларда, шекарадан өткізуден бас тартылады.";

      11) 13-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      12) 15-баптың үшінші абзацындағы "құралдарға" деген сөз "көлік құралдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 18-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер алып тасталып, "белгілейді" деген сөз "белгіленеді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына
               тікелей жақын жерде шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеу,
               іздестіру және өзге де қызметті жүргізу, сондай-ақ
               бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени және басқа да
               іс-шараларды өткізу

      Мүдделі адамдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен Мемлекеттік шекараға жақын жердегі құрлықта, теңізде, шекаралық өзендерде (бұлақтарда), континенттік қайраңда, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда және өзге де су қоймаларында:
      жерді, ормандарды пайдалануға, тау-кен істерін, геологиялық іздестірулерді жүргізуге байланысты шаруашылық және өзге де жұмыстарды;
      су шаруашылығы құрылыстарын салу мен пайдалануға және су пайдаланудың басқа да түрлеріне байланысты жұмыстарды;
      аң аулауды, балық аулауды, басқа да кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру және өзге де қызметті;
      елді мекендерден тыс жерде қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу орнын, уақытын, қатысушылардың санын келіседі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мұндай жұмыстардың немесе іс-шаралардың өткізілуін хабарлау тәртібін әзірлейді.";

      15) 22-бапта:
      бірінші бөліктегі "пункттерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "пункттерінде," деген сөзбен, "белгілейді" деген сөз "белгіленеді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      16) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеп, іске асырады;
      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету саласындағы қызметіне басшылық жасайды;
      3) негізгі геодезиялық деректерді көрсете отырып, аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шегін айқындау үшін географиялық нүктелердің тізбесін бекітеді;
      4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шекара белгілерінің нысандары мен көлемін, олардың сипаттамасын және орнату тәртібін айқындайды;
      5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін, олардың ашылу, жұмыс істеу және жабылу тәртібін бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде режим орнатады, шекаралық, кедендік және басқа да бақылау түрлеріне жағдай жасау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеушілік, іздестіру және өзге де қызметтің барлық түрін жүргізу тәртібін белгілейді;
      8) шекаралық аймақ пен шекаралық белдеуді белгілейді;
      9) шекаралық режимді, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) және континенттік қайраңының режимін белгілейді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес карантиндік белдеуді белгілеп, карантиндік режимді енгізеді;
      11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құжаттық актілерді шығарады.";

      17) 24-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды және оларға жеке куәлік пен паспорт беруді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы азаматтарының ұрлатқан, жоғалтқан жеке куәліктері мен паспорттары бойынша деректер қорын қалыптастырады және олар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі бақылаушы органдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде жәрдемдеседі.";

      18) 27-баптың екінші бөлігіндегі "Республикасының Үкіметі" деген сөздер "Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 31-баптың бірінші бөлігінің жетінші абзацындағы "үшін
қолданылады." деген сөздер "үшін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "тоқтату не бағытты өзгерту жөніндегі талаптарды орындамаған жағдайда көлік құралдарын зақымдау арқылы оларды тоқтату үшін қолданады.";

      20) 35-бап алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 1, 3-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағында:
      "егемендігі мен" деген сөздер "егемендігіне," деген сөзбен ауыстырылсын;

      "тұтастығына қол сұғудың" деген сөздер "тұтастығына және қол сұғылмауына қастандық жасалуының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-бапта:
      бірінші бөлігінің екінші абзацы "тұтастығын және" деген сөздерден кейін "қол сұғылмауын," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мыналарды:
      егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе;
      Шекара қызметін қамтамасыз ететін жекелеген күштер мен құралдар Шекара қызметі Директорының шешімі бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін тартылуы мүмкін болған жағдайларды қоспағанда, Шекара қызметін басқа мақсатта пайдалануға тыйым салынады.";

      3) 8-бапта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шекара қызметінің шекара кеңістігі шегіндегі құқықтары мыналар:";

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "егер ту көтерілмесе, кемеге өз туын көрсету жөнінде ұсыныс жасау;
      егер кеме жүзуге тыйым салынған ауданға жүзіп бара жатса немесе басқа да жүзу режимін бұзушылықтарға әкеп соқтыруы мүмкін болса, кемеге бағытты өзгерту жөнінде ұсыныс жасау.";

      4) 3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Шекара қызметінде әскери қызмет өткеру, азаматтық
персоналдың (жұмысшылар мен азаматтық қызметшілердің)
жұмысы және әскери қызмет өткеру ерекшеліктері

      9-бап. Шекара қызметінің жеке құрамы және онда әскери
             қызмет өткеру ерекшеліктері

      Шекара қызметінің жеке құрамы әскери қызметшілерден және азаматтық персоналдан (жұмысшылар мен азаматтық қызметшілерден) тұрады. Шекара қызметінде әскери қызмет өткеру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Шекара қызметі әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне арналған бірыңғай әскери атақтары мен айырым белгілері болады. Шекара қызметі әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілерін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Шекара қызметінің офицерлері - белгіленген үлгідегі куәліктермен, солдаттар (матростар) мен сержанттар (старшиналар) әскери билеттермен қамтамасыз етіледі.
      Шекара қызметі шақыру бойынша әскери міндеттілік негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери қызметке ерікті түрде келу жолымен (келісімшарт бойынша) әскери қызметшілермен жасақталады.
      Шекара қызметі үшін кадрлар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының жоғары, орта кәсіптік және әскери оқу орындарында, оқу отрядтарында, орталықтарында (мектептерінде), сондай-ақ келісімдер (шарттар) бойынша басқа мемлекеттерде жүзеге асырылады.
      Шекара қызметіндегі қызмет мемлекеттік қызметтің ерекше түрі болып табылады.
      Шекара нарядтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау жөніндегі қызметті атқару жауынгерлік кезекшілік (жауынгерлік қызмет) болып табылады.
      Шекара қызметінің әскери қызметшілері қызметтік міндеттерін атқарған кезде билік өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады: заң бойынша уәкілетті лауазымды адамдардан басқа ешкімнің де Шекара қызметіне араласуға құқығы жоқ.

      10-бап. Шекара қызметіндегі азаматтық персоналдың
              (жұмысшылар мен азаматтық қызметшілердің) жұмысы

      Шекара қызметіндегі азаматтық персоналдың (жұмысшылар мен азаматтық қызметшілердің) еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.".

      2-бап . Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 4) тармақшасының он бірінші абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті