2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге Хаттаманы ратификациялау туралы Yкiметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге Хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы N 192 Заңы

Қолданыстағы

      Астанада 2005 жылғы 24 наурызда қол қойылған 2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге Хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
       Президентi

  2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Yкiметi,
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының
Yкiметi, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан
Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз
сапарлары туралы келiсiмге Хаттама туралы

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесі (үкімет басшыларының деңгейінде)
      шешті:

      2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге Хаттама қабылдансын (қоса тiркеледi).

ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық Кеңесiнiң мүшелерi:

       Беларусь              Қазақстан             Қырғыз
  Республикасынан        Республикасынан      Республикасынан

      Ресей                 Тәжiкстан
  Федерациясынан         Республикасынан

      Осымен 2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесiнiң N 210 Шешiмiнiң бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.

       Қазақстан Республикасының
      Сыртқы iстер министрлiгi
      Басқарма бастығы

  2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының  Үкіметі, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге хаттама

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi, Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң барлығы үшiн азаматтардың Қоғамдастық аумағы бойынша жүрiп-тұруы үшiн бiрыңғай құжаттар тiзбесiн әзiрлеу мақсатында,
      2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмнiң 7-бабына сәйкес, төмендегiлер туралы осы Хаттаманы жасасты:

  1-бап

      Жеке басын куәландыратын және олардың иелерiнiң азаматтығын растайтын, Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда жүрiп-тұруға және болуға құқық беретiн құжаттарға осы Хаттамаға NN 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетiлген құжаттар жатады.
      Осы Хаттаманың уақытша қолданылатын күнiнен бастап осы Хаттамаға NN 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар жоғарыда аталған Келiсiмге NN 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларды алмастырады.

  2-бап

      Осы Хаттама оған қол қойылған соң 60 күннен кейiн уақытша қолданыла бастайды және депозитарий Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Тараптар осы Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн осы Хаттамаға NN 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетiлген құжаттардың үлгiлерiмен дипломатиялық арналар арқылы тез арада алмасатын болады.

      2006 жылғы 24 наурызда Астана қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiнде сақталады, ол оның куәландырылған көшiрмесiн осы Хаттамаға қол қойған мемлекеттерге жiбередi.

     Беларусь                Қазақстан                Қырғыз
 Республикасының        Республикасының          Республикасының 
 Үкiметi атынан          Үкiметi атынан           Үкiметi атынан

   Ресей Федерациясының              Тәжiкстан Республикасының 
     Yкiметi атынан                        Үкiметi атынан

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь  
Республикасының Үкiметi, Қазақстан  
Республикасының Үкiметi, Қырғыз   
Республикасының Үкiметi, Ресей   
Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Үкiметi арасындағы 
азаматтардың өзара визасыз сапарлары 
туралы келiсiмге хаттамаға     
1-қосымша             

  Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда жүрiп-тұруға және болуға арналған Беларусь Республикасының азаматтары құжаттарының тiзбесi

      1. Беларусь Республикасы азаматының паспорты.
      2. Қызметтiк паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшiнiң ұлттық жеке куәлiгi (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      5. Беларусь Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь 
Республикасының Үкiметi, Қазақстан 
Республикасының Үкiметi, Қырғыз   
Республикасының Үкiметi, Ресей   
Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Үкiметi арасындағы 
азаматтардың өзара визасыз сапарлары
туралы келiсiмге хаттамаға      
2-қосымша             

  Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда жүрiп-тұруға және болуға арналған Қазақстан Республикасының азаматтары құжаттарының тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
      2. Қызметтiк паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшiнiң ұлттық жеке куәлiгi (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      5. Қазақстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь 
Республикасының Үкiметi, Қазақстан 
Республикасының Үкiметi, Қырғыз  
Республикасының Үкiметi, Ресей   
Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Үкiметi арасындағы
азаматтардың өзара визасыз сапарлары
туралы келiсiмге хаттамаға    
3-қосымша            

  Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда жүрiп-тұруға және болуға арналған Қырғыз Республикасының азаматтары құжаттарының тiзбесi

      1. Қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн Қырғыз Республикасы азаматының 1994 жылғы үлгiдегi (толтырылған шетелдiк парағы болған жағдайда) паспорты және Қырғыз Республикасы азаматының 2004 жылғы үлгiдегi жалпы азаматтық паспорты.
      2. Қызметтiк паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшiнiң паспорты (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      5. Қырғыз Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь  
Республикасының Үкiметi, Қазақстан  
Республикасының Үкiметi, Қырғыз   
Республикасының Үкiметi, Ресей   
Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Үкiметi арасындағы 
азаматтардың өзара визасыз сапарлары
туралы келiсiмге хаттамаға     
4-қосымша             

  Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда жүрiп-тұруға және болуға арналған Ресей Федерациясының азаматтары құжаттарының тiзбесi:

      1. Ресей Федерациясынан тысқары жерлерде Ресей Федерациясы азаматының жеке басын куәландыратын Ресей Федерациясы азаматының паспорты.*
      2. Қызметтiк паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшiнiң паспорты (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      5. Ресей Федерациясына қайта оралуға арналған куәлiк.
      _________________________________________________________
      * Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Одақтық мемлекет құру туралы шарттың 14-бабының 9-тармағын орындау үшiн Ресей Федерациясы азаматтарының және Беларусь Республикасы азаматтарының бiр-бiрiнiң аумағына келуi, онда болуы және одан кетуi, оның iшiнде iшкi паспорттар бойынша да жүзеге асырылады.

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь  
Республикасының Үкiметi, Қазақстан 
Республикасының Үкiметi, Қырғыз   
Республикасының Yкiметi, Ресей   
Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Yкiметi арасындағы 
азаматтардың өзара визасыз сапарлары
туралы келiсiмге хаттамаға    
5-қосымша             

  Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда жүрiп-тұруға және болуға арналған Тәжiкстан Республикасының азаматтары құжаттарының тiзбесi

      1. Шетелдiк паспорт.
      2. Қызметтiк паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшiнiң паспорты (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      5. Тәжiкстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.

      Осымен 2005 жылғы 24 наурызда қол қойылған Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы Келiсiмге 2000 жылғы 30 қарашадағы Хаттаманың бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.

       Қазақстан Республикасының
      Сыртқы iстер министрлiгi
      Басқарма бастығы