Жеке кәсiпкерлiк туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

     Осы Заң жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар мен кепiлдiктердi айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бизнес-инкубатор - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингілік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға;
      2) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі;
      3) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман;
      4) дара кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелі үшін және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;
      5) жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;
      6) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені;
      8) жеке кәсіпкерліктің инфрақұрылымы - өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететін, құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені;
      9) жеке кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
      10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі - жеке кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, заңды мүдделерін білдіру және қорғау қорғау үшін құратын коммерциялық емес ұйым;
      11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу - кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген критерийлерге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы;
      11-1) жылдық орташа табыс – соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық табыстардың немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектілері табыстарының үшке бөлінген сомасы;
      12) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер;
      13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган - жеке кәсіпкерлікті дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанынан:
      жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу;
      жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдап-әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
      15) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      16) коммерциялық құпия - жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат;
      17) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк
              туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      3. Жеке кәсiпкерлiктiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
      4. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      3-бап. Жеке кәсiпкерлiктi құқықтық реттеу шектерi

      1. Жеке кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген негiздер бойынша ғана шектелуi мүмкiн.
      2. Жеке кәсiпкерлiктi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк органдардың жекелеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң артықшылық жағдайын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауына тыйым салынады.     

      4-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi
              мақсаты мен принциптерi

      1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
      2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi:
      жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнің кепiлдiгі (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
      кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi;
      жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi;
      Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
      жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы;
      жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.
       Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      5-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін
              қозғайтын нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу
              және қабылдау ерекшеліктерi

      1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ол келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптың нәтижелері міндетті түрде қамтылуға тиіс.
      3. Сараптамалық қорытындыларды мемлекеттiк органдар белгiлеген мерзiмдерде мыналар:
      1) республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері;
      2) облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері;
      3) қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері табыс етеді.
      4. Сараптамалық қорытындылар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтiк құқықтық акт қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.
      Сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
      5. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
      Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар сараптамалық қорытынды ұсынған және сарапшылық кеңес мүшесі сарапшылық кеңес отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады.
      Бұл ретте сарапшылық кеңестің отырысы сарапшылық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы жүргізілуі мүмкін.
      6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс.
      Нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілу тәртібі мен мерзімі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.
      7. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.
      8. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары тиісті органда немесе сарапшылық кеңестiң отырысында қаралғанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.
      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРI ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС
IСТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi

      1. Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға жатқызылады:
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлері;
      орта кәсiпкерлiк субъектiлері;
      iрi кәсiпкерлiк субъектiлері.
      3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийлері:
      жұмыскерлердің жылдық орташа саны;
      жылдық орташа табысы.
      4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн санаттарға жатқызу:
      мемлекеттік статистика;
      мемлекеттік қолдау көрсету;
      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылады.
      Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа саны бойынша критерийлер ғана пайдаланылады.
      Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін: жылдық орташа саны және жылдық орташа табысы бойынша екі критерийі пайдаланылады.
      Бұл ретте, жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларында оны көрсету үшін өзге де критерийлер көзделуі мүмкін.
      5. Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің алпыс мың еселенген мөлшерінен аспайтын, заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
      6. Мемлекеттік қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін:
      1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;
      2) акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
      3) астық қабылдау пункттерiнде астық сақтау жөнiндегi қызметтi;
      4) лотереялар өткiзудi;
      5) ойын бизнесі саласындағы қызметтi;
      6) мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ өндiру, өңдеу және өткізу, электр және жылу энергиясын өткізу жөнiндегi қызметтi;
      7) радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi;
      8) банк қызметiн (не банк операцияларының жекелеген түрлерiн) және сақтандыру нарығындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа);
      9) аудиторлық қызметтi;
      10) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi;
      11) кредиттiк бюролардың қызметін;
      12) күзет қызметiн;
      13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.
      Осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ал осы баптың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сай келген жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатады.
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыскерлердің саны бойынша критерий пайдаланылады.
      7. Кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны аталған субъект филиалдарының, өкiлдiктерi мен басқа да оқшауланған бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескерiле отырып, айқындалады.
      8. Осы баптың 5 және 9-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
      9. Мынадай критерийлердің біреуіне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын және заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.10 № 36-V Заңымен (2013.12.01 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі

      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.
      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор.
      3. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға  жұмыста пайдалану үшін  электрондық анықтама нысанында беріледі.
      4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Ескерту. 2-тарау 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V Заңымен (2013.12.01 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7-бап. Дара кәсiпкерлiк

      1. Дара кәсiпкерлiк өзiндiк немесе бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асырылады.
      2. Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
      Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсiпкер ретiнде көрсетпей өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiмi талап етiлмейдi.
      Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлi-зайыптылардың арасындағы өзге келiсiмде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келiсiмi қажет.
      3. Бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
      Бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде жеке кәсiпкерлiкпен байланысты барлық мәмiлелер бiрлескен кәсiпкерлiктiң барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен мiндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.
      4. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары:
      1) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгi;
      2) шаруа немесе фермер қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
      3) жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк болып табылады.
      5. Ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде жұбайлардың бiрi екiншi жұбайдың келiсiмiмен iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылардың атынан әрекет етедi, келiсiм дара кәсiпкердi тiркеу кезiнде расталуы немесе дара кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетiлiп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкiн.
      Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет етуiне екiншiсiнiң келiсiмi болмаған кезде iскерлiк айналымда әрекет ететiн жұбай дара кәсiпкерлiктi өзiндiк кәсiпкерлiк түрінде жүзеге асыратындығы көзделедi.
      6. Жай серiктестiк нысанын пайдаланатын дара кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алынбайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.
      8. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде өзiне меншiк құқығымен тиесiлi барлық мүлкiмен, соның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады.
      Жеке тұлға жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне де қолданыла алады.
      Жұбайлардың жеке кәсiпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкi өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жұбайының бiреуiнiң борыштары бойынша өндiрiп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.
      9. Ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндiрiп алу олардың қайсының iскерлiк айналымда әрекет ететiнiне қарамастан, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне қолданыла алады.
      10. Дара кәсiпкер өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде iскерлiк құжаттаманың дербес бланкiлерiн, мөрдi, мөртабандарды пайдалануға құқылы.
      11. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен
              мiндеттерi

      1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:
      1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке кәсiпкерлiктiң кез келген түрiн жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбектi пайдалана отырып, жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен филиалдар мен өкiлдiктер құруға;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бағасын дербес белгiлеуге;
      5) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеулi негiзде қаражат (қарыз) беруге;
      6) өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға;
      7) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн құруға;
      8) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылық кеңестердiң жұмысына қатысуға;
      9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына және мемлекеттiк органдарға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзуға кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту мәселелерi бойынша жүгiнуге;
      10) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сот органдарына жүгiнуге;
      11) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына септiгiн тигiзетiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттiк органдардың қарауына енгізуге;
      12) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыру немесе оған қатысу жолымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларын өз қызметінде қолдануға құқылы.
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға;
      2) өндiрiлетiн өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
      3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялануға жататын жеке кәсiпкерлiк түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар алуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi.
       Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-бап. Жосықсыз бәсекенi жүзеге асыруға жол бермеу

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген еркiн бәсекелестiкке басқа жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзу жолымен бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға бағытталған iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) тыйым салынады.

      10-бап. Iшкi нарықты қорғау

      Ішкi нарықты қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларымен жүзеге асырылады.

      11-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi туралы ақпаратты
               қорғау

      1. Коммерциялық құпияны қорғау коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салудан тұрады.
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркiн қол жеткiзу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялылығын қорғауға шаралар қолданады.
      3. Ақпаратты қолжетiмдiлiк санатына жатқызу тәртiбiн, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайды.
      4. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдiстермен алған, жария еткен немесе пайдаланған адамдар келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге мiндеттi.
      5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi немесе ол уәкiлеттiк берген адам өз қызметкерлерiнен коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қол қоюын талап етуге, ал оны тексеруді жүзеге асыратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк туралы ескертуге құқылы.
      6. Мiндеттi түрде жариялануға не акционерлердiң, шаруашылық серiктестiк қатысушыларының немесе өзге де белгiлi бiр адамдар тобының назарына мiндеттi түрде жеткiзуге жататын ақпараттың тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
      7. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеу, бақылау функцияларын орындау кезiнде және басқа да iс-әрекеттер жасау кезiнде мемлекеттiк органдарға және лауазымды адамдарға оларға жүктелген функцияларды iске асыру үшiн қажеттi ақпараттан басқа, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты бермеуге құқылы.
      8. Алып тасталды - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      9. Құқық қорғау органдары прокурор санкциясы, тергеу органдарының қылмыстық iс қозғау туралы қаулысы негiзiнде не сот қаулысының негiзiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнен де, мұндай ақпаратқа ие мемлекеттiк органдардан да қажеттi ақпаратты, соның iшiнде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
      10. Заңды күшiне енген сот шешiмi бар ақпаратты қоспағанда, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң келiсiмiнсiз жария етуге болмайды.
      11. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясын құрайтын мәліметтерді ашпайтын, жинақталған ақпарат жалпыға қолжетiмдi болып табылады.
      12. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнің жалпыға қолжетімді ақпаратына:
      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы;
      2) заңды тұлғаның атауы және тіркелген жылы, айы, күні;
      3) сәйкестендіру нөмірі;
      4) заңды мекенжайы (орналасқан жері);
      5) қызмет түрі;
      6) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) жатады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-бап. Алғашқы статистикалық деректер

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң алғашқы статистикалық деректері Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес табыс етіледі.
      Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделмеген мәлiметтердi талап етуге құқылы емес.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      13-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бухгалтерлiк
               есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есептiлiк
               жасау тәртiбi

      1. Осы Заңның 27-бабына сәйкес мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiк жасауы Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есептiлiк жасаудың оңайлатылған нысанын қолдануға құқылы.

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIКТI ДАМЫТУ
МЕН ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

      14-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) жеке кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк жүйесiн қалыптастырады;
      2-1) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;
      3) Үкiмет жанынан жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органдар құрады және таратады;
      4) орталық мемлекеттiк жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзiрлейтiн, жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сарапшылық кеңестердiң қарауын ұйымдастырады;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) номенклатурасын және олардың көлемiн (проценттiк көрiнiстегi) бекiтедi;
      6) шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады;
      7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекітеді;
      8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен жетiлдiрудi, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуды және олар шығаратын өнiмнiң сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады;
      9) бәсекелестiктiң дамуына және инновацияларға, материалдық активтерге, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларға инвестициялар салуды ынталандыруға септiгiн тигiзетiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;
      10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;
      11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң дамуы үшiн кедергiлердi жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргiзедi;
      12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;
      13) жекелеген салаларда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, осы салаларды тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;
      14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа елдер орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар қабылдайды;
      15) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн келiсiмдi бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге ынталандырады;
      16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне iшкi және сыртқы нарықтардың жай-күйi туралы экономикалық ақпарат берудi ұйымдастырады;
      17) сапа менеджментiнiң жүйесiн ендiрудi ынталандыру жолымен ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;
      18) ұлттық экспорттаушылардың басқа елдердiң аумағындағы мүдделерiн қолдау жолымен сыртқы сұранысқа жағдай жасайды;
      19) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;
      20) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      21) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады;
      22) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      23) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiгiн жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      23-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекітеді;
      23-2) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын бекітеді;
      24) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
     Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 178, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыретi

      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын жүргiзудi жүзеге асырады;
      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi;
      4) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегi шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
      5) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсiпкерлiктi дамытудың инфрақұрылымына талдау жүргiзедi;
      6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      7) жеке кәсiпкерлiктi қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады;
      8) республика өңiрлерiнде шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға септiгiн тигiзедi;
      9) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      10) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады;
      11) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      12) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      13) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің инновациялық, инвестициялық және индустриялық даму саласындағы құжаттарын iске асыруға шағын кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдайлар жасайды;
      14) инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасайды;
      15) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастырады;
      16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар жасайды;
      17) жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      18) жеке кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттайды;
      19) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiн хабардар етедi;
      20) уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдерді бағалау критерийлерін, ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіруді жүзеге асырады;
      21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      21-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
      21-2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
      21-3) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын әзірлейді;
      22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-бап. Жергiлiктi өкiлеттi органдардың құзыретi

      Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi органдары:
      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының Қазақстан Республикасындағы шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту мәселелерi бойынша есептерiн қарайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi

      Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
      2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
      3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
      6) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
      7) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
      7-1) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
      7-2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ

      18-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi
               бағыттары

      1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      жеке кәсiпкерлiктi реттеу мәселелерi жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру;
      жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктердi, индустриялық аймақтарды және жеке кәсiпкерлiк инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн құру және дамыту;
      бюджет қаражаты есебiнен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету
      жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау.
      2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту:
      мемлекеттiк органдардың жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құру;
      орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
      жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;
      бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметiн ұйымдастыру;
      жер учаскелерiн, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
      2-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау:
      1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;
      2) екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беруді ұйымдастыру;
      3) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;
      6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер, лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
      7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
      8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.
      2-2. Мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі жүзеге асырылатын экономика саласын (салаларын) қаржылық қолдау тәртібін, нысанын, мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшері мен мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      3. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мыналарды:
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануы үшiн жағдайлар жасауды;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң және таратудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеудi;
      оңтайлы салық салу режимiн белгiлеудi;
      шағын кәсiпкерлiкке кредит берудiң бағдарламаларын қабылдауды;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетелдiк инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесiн жасауды;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алудың кепiлдендiрiлген көлемiн  қамтамасыз етудi;
      жұмыс iстеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтiк ұйымдар мен шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерiн дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруды;
      ұлттық даму институттарын құруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 № 178 Заңымен.
      5. Индустриялық аймақтар жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
      Индустриялық аймақтардың мiндеттерi:
      1) өнеркәсiп саласындағы жеке кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесу;
      2) жаңа өндiрiстер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
      3) өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру;
      4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
      6. Мемлекеттiк органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскелерiн, ғимараттарды, үй-жайларды сатады, не жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өзгертедi, не Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес сатып алу-сату шартына не рұқсатқа қажеттi инфрақұрылымға қосудың техникалық шарттарын мiндеттi түрде қоса отырып, тұрғын үйдi тұрғын емес үй-жай етiп қайта жабдықтауға рұқсат бередi. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн одан әрi инфрақұрылымға қосу сатып алу-сату шартына не рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады. 
      7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды, оның ішінде негізгі қызметінің мақсаты қаржылық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі арнайы қор жүзеге асырады.
      Арнайы қордың негізгі міндеттері:
      1) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      2) микроқаржы ұйымдарының қызметін дамыту;
      3) жеке кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден және өзге де заңды тұлғалардан кредиттер алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін жасау;
      4) қаржы лизингін дамыту;
      5) жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту және консалтингтеу;
      6) жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі операцияларды қоса қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;
      6-1) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету;
      6-2) қаражатты екiншi деңгейдегi банктерде және өзге де заңды тұлғаларда негізделген түрде орналастыру жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, арнаулы қордың ішкі нормативтік құжаттарында тікелей көзделген өзге де тәсілдермен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру;
      6-3) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық институттар беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
      7) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.
      Арнайы қордың міндеттерін іске асырудың тәртібі мен шарттарын ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.     
      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 178, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      19-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      19-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен 
             дамыту

      1. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
      Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
      шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi үшiн қолжетiмдiлiгi;
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
      2. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту:
      1) қаржылық қолдау көрсету;
      2) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының желiсiн ұйымдастыру;
      3) бизнес-инкубаторлардың қызметiн ұйымдастыру;
      4) бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру;
      5) өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.
      Осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы шарттар сауда-делдалдық қызметтi жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды.
      3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылық қолдау:
      1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;
      2) екiншi деңгейдегi банктер арқылы кредит берудi ұйымдастыру;
      3) экономика салаларында әлеуметтiк маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру;
      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) бюджет қаражаты есебiнен қарыздар беру;
      6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
      7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
      8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
      5. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары халықты жеке кәсiпкерлiкке тарту, жаңа шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн құру мақсатында құрылады.
      Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының мiндеттерi:
      1) кәсiпкерлiк ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау;
      2) маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенiн көрсету;
      3) инвестициялық және бизнес-жобаларды әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi, консультациялық және басқа да қызметтер көрсету;
      4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң инновациялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;
      5) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кәсiби өсуiне жәрдемдесу;
      6) ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
      7) семинарлар, тренингтер өткiзу;
      8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң деректер базасын қалыптастыру;
      9) шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерiн талдау мен қорыту болып табылады.
      6. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшiн құрылады.
      Бизнес-инкубатордың мiндеттерi:
      1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн iрiктеу;
      2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiлiм беру, маркетингтiк, консалтингтiк және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады.
      7. Сауда-делдалдық қызметтi қоспағанда, өндірістік қызметті және қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерi сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлуi мүмкiн.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiкпен басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 178, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      20-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
               мемлекеттiк, салалық (секторальдық) және өңiрлiк
               бағдарламалары

      Ескерту. 20-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқу-әдiснамалық,
               ғылыми-әдiстемелiк қолдау

      1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау олардың бәсекеге қабiлеттi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) шығаруға мүмкiндiк беретiн кәсiби деңгейiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Шағын кәсiпкерлiктi оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау:
      жеке кәсiпкерлiктi жүргiзу мәселелерi бойынша оқу семинар-тренингтер және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;
      жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдiстемелiк құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату;
      өңiрлерде ақпараттық, консалтингтiк орталықтар желiсiн құру;
      өңiрлерде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқытуды ұйымдастыру үшiн менеджерлер даярлау жолымен жүзеге асырылады.
      3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

      22-бап. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке
               кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау

      1. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау республикалық және өңiрлiк деңгейлерде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
      2. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау көрсетудiң мерзiмi, көлемi мен шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

      23-бап. Жеке кәсiпкерлiктi ақпараттық қамтамасыз ету

      Барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдар таратуға шек қойылмаған, оның iшiнде осы Заңның 5-бабында көзделген ақпарат пен материалдарды тегiн негiзде тарату үшiн интернет-ресурстар құруға және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және олардың жарнамасын, сондай-ақ осы ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты жаңартып отыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
       Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 178-IV, 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

5-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРIНІҢ БIРЛЕСТIКТЕРIН
ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НОРМАТИВТIК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТIЛЕРГЕ САРАПТАМА
ЖАСАУҒА ҚАТЫСУЫ

      24-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi

      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу үшін аккредиттелуге үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері:
      республикалық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектiлерiнiң республикалық бiрлестiктерi;
      облыстық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері;
      қалалық, аудандық деңгейлерде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері түрінде кәсіпкерлер бірлестіктерін құрады.
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн қаржыландыру жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ерiктi мүшелiк жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      25-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн
               аккредиттеу

      1. Жеке кәсiпкерлердiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына сараптама жасауға қатысуға үмiткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарда аккредиттелуге жатады.
      2. Аккредиттелуге:
      республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы - (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi;
      облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық, облыстық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық, облыстық бірлестіктер филиалдары;
      қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктерінің филиалдары жатады.
      3. Алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Егер аккредиттелуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк, бiр қызмет саласын бiлдiретiн екi және одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда азаматтардың неғұрлым көп санын бiрiктiрген коммерциялық емес ұйым аккредиттелуге жатады.
      5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеудi жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
       Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      26-бап. Сарапшылық кеңестер

      1. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестерге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң, коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.
      Сараптамалық кеңестің отырысы бір тоқсанда кемінде бір рет жүргізіледі.
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестiң құрамына ұжымдық мүше ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.
      Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң құрамы мемлекеттiк органдар басшыларының шешiмдерiмен бекiтiледi.
      3. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейтiн мемлекеттiк орган, мемлекеттiк құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актілерді қоспағанда, оны сарапшылық кеңестiң қарауына енгiзедi.
      3-1. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актілердің жобасын қарауы осы Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асырылуы мүмкін.
      3-2. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.
      4. Сарапшылық кеңестер туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      5. Сарапшылық кеңестердiң жұмысын талдау мен оның мониторингiн кәсіпкерлік жөніндегі уәкiлеттi органның жанынан құрылатын үйлестiру кеңесi жүзеге асырады.
     Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның басшысы үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады.
     Үйлестiру кеңесiнiң құрамын уәкiлеттi органның басшысы қалыптастырады.
       Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРIН ТIРКЕУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

      27-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк 
             тiркеу

      1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша салық органында (бұдан әрi – тiркеуші орган) дара кәсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады.
      2. Мына шарттардың бiреуiне сай келетiн:
      1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланатын;
      2) жеке кәсiпкерлiктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      Аталған дара кәсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік тіркеусіз тыйым салынады.
      2-1. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды:
      1) төлем көзінен салық салынатын;
      2) мүлік табыстарын;
      3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.
      3. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.
      Дара кәсiпкердi (бiрлескен дара кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      4. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш;
      2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
      3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады.
      Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тәртібімен ұсынылған кезде жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.
      Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.
      Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасы бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, электрондық түрде ұсынылған салықтық өтінішке сұрау салуда төлем құжатының деректемелерін көрсеткен кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы қоса беріледі.
      Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда аталған құжаттарға – заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде – неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәлiктiң көшiрмесі не қамқоршылық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмесі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен іс-әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмiнің көшірмесі қоса берiледi.
      Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
      4-1. Жеке тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап тіркеуші орган бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мұндай тіркеуден бас тартады.
      Салық органы, егер:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1) өтініш беруші әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және (немесе) хабарсыз кеттi деп танылған және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192216 және 217-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болған;
      2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
      3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүргізеді.
      Осы бапта көзделген мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
      5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
      6. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiште, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта (жай серiктестiк туралы шартта) көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) өзгерiстер туралы тiркеушi органға осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) қайта тiркеудi жүзеге асыруға және жаңа куәлiк алуға мiндеттi.
      6-1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті келу тәртібімен тіркеуші органға қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынуға құқылы.
      Кәмелет жасына толмаған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.
      7. Алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      8. Бiрлескен дара кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде өтiнiштi үшiншi тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен қатынастарда мүдделерiн бiлдiретiн уәкiлеттi тұлға бередi.
      Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бiрлескен дара кәсiпкерлiкке жазылады. Куәлiкке тiркеу органының басшысы куәландырған бiрлескен дара кәсiпкер мүшелерiнiң тiзiмi қоса берiледi.
      9. Алып тасталды - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 224 (2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 № 297-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      28-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң банкроттығы,
               оларды қайта ұйымдастыру және тарату

      1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi борышкердің немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiшi негiзiнде сот шешiмiмен банкрот деп танылады.
      Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсiмi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн қайта ұйымдастыру немесе тарату жеке кәсiпкерлiктiң нақты ұйымдық-құқықтық нысаны үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Дара кәсiпкердiң қызметi ерiктi немесе мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Заңда көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.
      Дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк кәсiпкерлiк кезiнде - дара кәсiпкер өз бетiмен, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде - барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде кез келген уақытта ерiктi түрде тоқтатылады.
      Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркейтін органға кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді.
      Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм, егер ол үшiн оған қатысушылардың жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады.
      4. Жеке кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:
      1) ол банкрот деп танылған;
      2) тiркеу кезiнде жiберiлген жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға байланысты дара кәсiпкердi тiркеу жарамсыз деп танылған;
      3) қызметiн күнтiзбелiк жыл iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
      4) ол қайтыс болды деп жарияланған;
      5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.
      5. Осы бапта көзделген негiздерден басқа, дара кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:
      1) өзiндiк кәсiпкерлiк - дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда;
       2) отбасылық кәсiпкерлiк және жай серiктестiк - егер осы тармақтың 1-тармақшасында аталған мән-жайлар болуы салдарынан бiрлескен кәсiпкерлiк қатысушысының бiреуi қалған немесе бiр де бiрi қалмаған жағдайда, сондай-ақ некенi бұзуға байланысты мүлiктi бөлу кезiнде тоқтатылады.
      6. Дара кәсіпкердің қызметі оның өтініші немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледі.
      Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеуші органға тапсырғаннан кейін және кәсіпкерлік қызметпен байланысты салық міндеттемелерін орындағаннан кейін жүргізіледі.
      Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күші жалған кәсіпкерліктің жасалу фактісін анықтаған, заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының не қылмыстық қудалау органының күші жойылмаған қаулысының негізінде жойылуға жатады.
      7. Белгiленген жағдайларда тiркеусiз дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыру кезiнде оны тоқтату ерiктi сипатта болса - нақты тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп тоқтату кезiнде тиiсiнше соттың шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап ол тоқтатылды деп есептеледi.
      8. Орындалмаған міндеттемелері жоқ және мемлекеттік органдар төмен немесе орташа дәрежедегі тәуекел санатына жатқызған жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қайта ұйымдастырудың және ерікті таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 188-IV (2010.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.08 № 225-IV қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      29-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің
               мақсаттары мен түрлері

      1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүліктік мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады.
      2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің түрлері:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне, сондай-ақ өнімдеріне, процестеріне талаптар белгілеу;
      2) сәйкестікті, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегі органдарды аккредиттеу;
      3) өнімнің, процестердің жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін міндетті растау;
      4) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау;
      5) лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу және рұқсаттардың өзге де түрлерін беру;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгілеу.
       Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      30-бап. Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке
               кәсiпкерлiк өнiмдерiне, процестерiне талаптар
               белгiлеу

      Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарымен өнiмдерге, процестерге жеке кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi үшiн орындауға мiндеттi талаптар белгiлейдi.

      31-бап. Сәйкестiктi, тексеру, калибрлеу және сынақ
               зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi
               органдарды аккредиттеу

      Сәйкестiктi, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      32-бап. Өнiмдердiң жекелеген түрлерiнiң, процестердiң
              сәйкестiгiн мiндеттi растау

      Өнiмдердiң жекелеген түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi растау, егер бұл Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi болса, белгiленедi.

      33-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және
              қадағалау

      1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау, егер өнімдерге, процестерге қойылатын, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар, сондай-ақ жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін растау жөніндегі қойылатын талаптар мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.
      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау мынадай:
      1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын тексеру нысанында;
      2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
      3. Салық есептілігінің жасалуы бойынша талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес жергілікті өкілді органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін талаптарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының деңгейінде ғана белгіленеді.
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      34-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      34-бап. Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін
               лицензиялау

      Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      35-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
               азаматтық-құқықтық жауаптылығын мiндеттi
               сақтандыру

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң азаматтық-құқықтық жауаптылығын мiндеттi сақтандыру, егер осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк реттеу түрлерiн қолдану мемлекеттiк реттеу мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз етпейтiн жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
       Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      36-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiк
               органдар мен олардың лауазымды адамдарының
               жауаптылығын белгiлеу

     Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

8-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

      Ескерту. 8-тарау алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУДЫ, ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      42-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары
               мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтың
               жалпы негiздерi мен нысандары

      1. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары осы Заңның 29-бабының 1-тармағында белгiленген мемлекеттiк реттеудің мақсатына қол жеткiзбеген мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды, лицензиялауды жүзеге асыру кезiнде өз қызметтiк  мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) жасағанда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
      2. Мемлекеттiк органдар мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуда кiнәлi лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне бiр ай iшiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      3. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жеке кәсiпкерлiк субъектiсi туралы ақпаратты таратқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады, ал жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң келiсiмiнсiз ақпаратты тарату нәтижесiнде оған келтiрiлген зиян өтелуге тиiс.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      43-бап. Жеке кәсiпкерлiкке кедергi келтiргенi үшiн
               жауаптылық

      1. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз кедергi жасайтын кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      2. Қызметiн мәжбүрлеп тоқтата тұру немесе тыйым салу солардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық ұйымдардың, кредиттiк бюролардың кәсiпкерлiк қызметiн қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтата тұруды немесе тыйым салуды бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.07.2014 № 236-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн сот шешiмiнсiз үш жұмыс күнінен аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, көрсетiлген мерзiмде талап-арызды сотқа табыс етудi мiндеттей отырып, ерекше жағдайларда жол берiледi.
      Бұл ретте бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы актісі соттың шешiмi шыққанға дейiн қолданыста болады.
      4. Кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз кедергi келтiру салдарынан жеке кәсiпкерлiк субъектiсi көтерген барлық шығындар мен жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрiлген өзге де зиян өтелуге жатады.
      Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      44-бап. Жеке кәсiпкерлiктi тексерудiң белгiленген
               тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық

      1. Мемлекеттiк орган немесе оның лауазымды адамы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған жағдайда (тексерудi негiзсiз тағайындау, актi шығармай және  оны құқықтық статистика органында тiркемей тексеру жүргiзу, құжаттарды заңсыз алып қою, материалдық құндылықтарды заңсыз түгендеу, өндiрiстi тоқтата тұру, артық анықтамалар толтыру, негiзсiз сұрау салуларды талап ету және өзге де жағдайларда) өтеулi талап етiлетiн шығындардың көлемiне тексеруге арналған материалдарды дайындағаны үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектi қызметкерлерiне төленген сыйақы сомалары, өндiрiстiң мәжбүрлi тоқтаған уақытына жалақы, өндiрiстi тоқтата тұру салдарынан шығарылмаған тиiстi тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу кезiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң алуы ықтимал жiберiп алған пайда енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңсыз деп танылған мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
      3. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiндегi заңсыз iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРІНІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

      45-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi жауаптылығының
               жалпы жағдайлары

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға мiндеттi.
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      46-бап. Сәйкестiктi тексеру, калибрлеу және сынақ
               зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi
               органдардың жауаптылығы

      Сәйкестiктi тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдар өз мiндеттерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

      47-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан
               Республикасының жосықсыз бәсеке туралы
               заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      48-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан
               Республикасының демпингке қарсы шаралар туралы
               заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      49-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан
               Республикасының тауарлар импорты кезiнде iшкi
               рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын
               бұзғаны үшiн жауаптылығы

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында жауаптылыққа әкеп соғады.

11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      50-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк
               туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы

      Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      51-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 5-бапты қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Осы Заңды қолданысқа енгiзу кезiнде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасы оған қайшы келмейтiн бөлiкте қолданылады және 2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн соған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
      3. Күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат, N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 51-құжат; N 19-20, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат);
       2) "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 150-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 19-20, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат);
       3) "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 185-құжат; N 22, 333-құжат; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат).

     Қазақстан Республикасының
     Президентi

"Жеке кәсiпкерлiк туралы"    
2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124-III
Қазақстан Республикасының Заңына 
ҚОСЫМША              

Мемлекеттiк бақылау және қадағалау
ТҮРЛЕРI

      Ескерту. Қосымша алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.