Қазақстан Республикасы Рамсарда 1971 жылғы 2 ақпанда жасалған Ең алдымен суда жүзетін құстардың тіршілік ету орны ретінде халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияға (оған 1982 жылғы 3 желтоқсандағы Париж хаттамасымен енгізілген түзетулермен және 1987 жылғы 28 мамырда Режинде енгізілген түзетулермен) қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ЕҢ АЛДЫМЕН СУДА ЖҮЗЕТIН ҚҰСТАРДЫҢ ТIРШIЛIК ЕТУ
ОРНЫ РЕТIНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘНI БАР СУЛЫ-БАТПАҚТЫ
АЛҚАПТАР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ (2007 жылғы 2 мамырда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты) Рамсар, 1971 жылғы 2 ақпан
1982 жылғы 3 желтоқсандағы хаттамамен оған енгiзiлген
түзетулерiмен
және 1987 жылғы 28 мамырда енгiзiлген түзетулерiмен
Куәландырылған көшiрме
Париж
Халықаралық регламенттеу және құқықтық мәселелер
жөнiндегі бюро директоры
Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО)
Ең алдымен суда жүзетiн құстардың тiршiлiк ету
орны ретiнде халықаралық мәнi бар сулы-батпақты
алқаптар туралы конвенция
Рамсар, 1971 жылғы 2 ақпан
1982 жылғы 3 желтоқсандағы оған Париж хаттамасымен
енгізілген түзетулерімен
және 1987 жылғы 28 мамырда Режинде енгізілген түзетулерiмен
Уағдаласушы тараптар,
адам және оны қоршаған ортаның өзара байланысын мойындай отырып,
су режимiн реттеушi ретiнде және тиiстi флора мен фаунаның, әсiресе суда жүзетiн құстардың өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн тiршiлiк ету орны ретінде сулы-батпақты алқаптардың елеулi экологиялық функцияларын ескере отырып,
сулы-батпақты алқаптарды жоғалту қалпына келтiрiлмейтiн зор экономикалық, мәдени және рекреациялық мәнi бар ресурстарды бiлдiретiнiне сене отырып,
адамның сулы-батпақты алқаптарға күшейіп келе жатқан шабуылын және оларды осы уақытта және болашақта жоғалтуын тоқтатуға ниет білдiре отырып,
суда жүзетiн құстар өздерiнiң маусымдық аууы уақытында мемлекеттік шекараны кесiп өтуi мүмкін екенін және сондықтан, халықаралық pecуpc ретiнде қаралуы тиістігін мойындай отырып,
сулы-алқапты алқаптарды, олардың флорасы мен фаунасын қорғау үйлестiрiлген халықаралық күш-жігермен көрегендi ұлттық саясаттың ұштастырылуы нәтижесiнде қамтамасыз етілетiндiгiне сенiмдi бола отырып,
мынаған уағдаласты:
1-бап
1. Осы Конвенцияда сулы-батпақты алқаптар деп батпақтар, фендер, шымтезек жерлерi немесе табиғи не жасанды, тұрақты немесе уақытша, тұнып тұрған не ағынды, тұщы, сор немесе тұзды, тереңдігі судың қайтуы кезiнде алты метрден аспайтын теңiз айдынын қоса алғанда, сутоғанының аудандары түсініледі.
2. Осы Конвенцияда суда жүзетiн құстар деп сулы-батпақты алқаптармен экологиялық жағынан байланыстағы құстар түсiнiледi.
2-бап
1. Әрбiр Уағдаласушы тарап Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізiмiне енгізiлген және 8-Баппен белгiленген, бұдан әрi Сақтайтын бюро тiзiмi деп аталатын өз аумағында сулы-батпақты алқаптарға келетiндердi айқындайды. Әрбiр сулы-батпақты алқаптардың шекаралары дәл сипатталады және картаға түсіріледі және сулы-батпақты алқаптармен шектесетiн өзен жағалаулары мен теңiз аймақтарын әрi аралдар мен сулы-батпақты алқаптардың шегiнде орналасқан, әсiресе суда жүзетiн құстардың тiршілiк ету орны ретiнде маңызы бар, судың қайтуы уақытында тереңдігі алты метрден асатын су қоймаларын қамтиды.
2. Тiзiм үшiн Сулы-батпақты алқаптар экология, ботаника, зоология, лимнология немесе гидрология көзқарасынан олардың халықаралық маңызы бар негiзде iрiктелуi тиiс. Бiрiншi кезекте Тiзiмге кез-келген маусымда суда жүзетін құстардың тiршілiк ету орны ретiнде халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарды енгізу қажет.
3. Сулы-батпақты алқаптарды Тiзiмге енгiзу Уағдаласушы тараптардың, ол қай аумағында орналасса да, айрықша тәуелсiз құқықтарына зиян келтiрмейдi.
4. Әрбiр Уағдаласушы тарап 9-бапқа сәйкес Тiзiмге енгiзу үшiн бекiту немесе қосылу туралы осы Конвенцияға қол қою кезiнде не құжатты сақтауға тапсыру кезiнде кем дегенде бiр сулы-батпақты алқапты айқындайды.
5. Кез-келген Уағдаласушы тарап, Тiзiмге оның аумағында орналасқан қосымша сулы-батпақты алқаптарды қосуға, ол Тiзiмге енгізген сулы-батпақты алқаптардың шекарасын кеңейтуге немесе көкейтестi мемлекеттiк мүдделердiң салдарынан Тiзiмнен сызып тастауға не ол Тiзiмге енгiзген сулы-батпақты алқаптардың шекарасын қысқартуға құқылы және 8-бапта көрсетілгендей кез-келген мұндай өзгерiстер туралы тұрақты жұмыс iстейтiн Бюроның мiндеттерiн орындауы үшiн жауапты мемлекеттi немесе Үкiметтi жедел хабардар етеді.
6. Әрбiр Уағдаласушы тарап Тiзiм үшiн бастапқы тiзбенi айқындау кезiнде және өз аумағында орналасқан және Тiзiмге енгізiлген сулы-батпақты алқаптардың тiзбесiн өзгертуге өз құқығын пайдалану кезiнде келіп-қайтатын суда жүзетiн құстардың ресурстарын қорғау, басқару және ұтымды пайдалану үшін өз халықаралық жауапкершілігінiң танымын басшылыққа алады.
3-бап
1. Уағдаласушы тараптар өз жоспарлауын Тiзiмге енгізiлген сулы-батпақты алқаптарды қорғауға, сондай-ақ оны мүмкіндігінше, олардың аумағында орналасқан сулы-батпақты алқаптарды орынды пайдалануға жәрдемдесетіндей жолмен айқындайды және жүзеге асырады.
2. Әрбiр Уағдаласушы тарап мұндай жағдайды қамтамасыз етедi, бұл ретте, егер, Тiзiмге енгiзiлген оның аумағындағы кез-келген жердің экологиялық сипаттамасы техникалық дамудың, ластанудың не адамның қол сұғушылығының басқа да түрлерi нәтижесiнде өзгерген, өзгеретiн не өзгеруi мүмкiн жағдай сол жерден ақпаратты өз мүмкiндігінше қысқа мерзiмде алады. Мұндай өзгерiстер туралы ақпарат 8-бапта көрсетiлгендей тұрақты жұмыс iстейтiн Бюроның мiндеттерін орындау үшiн жауапты ұйымға не Үкiметке кешеуілдетпей берiледi.
4-бап
1. Әрбiр Уағдаласушы тарап олардың Тiзiмге енгізілгенiне немесе енгізілмегенiне қарамастан сулы-батпақты алқаптарда табиғи резерваттарды құру жолымен сулы-батпақты алқаптарды және суда жүзетiн құстарды қорғауға жәрдемдеседi және оларға тиiсiнше қадағалауды қамтамасыз етедi.
2. Уағдаласушы тарап көкейтесті мемлекеттiк мүдделерге байланысты жағдайларда, сулы-батпақты алқаптарды Тiзiмнен шығарады немесе оған енгізiлген сулы-батпақты алқаптардың көлемiн қысқартады, ол мүмкiндiгiнше, осының нәтижесiнде сулы-батпақты алқаптардың ресурстарын жоғалтуын өтеуi тиiс; және, атап айтқанда, суда жүзетiн құстар үшiн қосымша табиғи резерваттарды құруы, сондай-ақ осы аудандағы не басқа жердегi олардың бастапқы тiршiлiк орны аумағының жеткiлiктi бөлігін қорғауды қамтамасыз етуi тиiс.
3. Уағдаласушы тараптар сулы-батпақты алқаптарға, олардың флорасы мен фаунасына жататын зерттеулердi және деректермен және жарияланған материалдармен алмасуды ынталандырады.
4. Уағдаласушы тараптар тиiсті сулы-батпақты алқаптарды ұтымды пайдалану жолымен суда жүзетiн құстардың санын ұлғайтуға тырысады.
5. Уағдаласушы тараптар сулы-батпақты алқаптарды зерттеу, қадағалау және басқару үшiн құзыреттi мамандарды дайындауға жәрдемдеседi.
5-бап
Уағдаласушы тараптар осы Конвенциядан туындайтын, әсiресе сулы-батпақты алқаптар бiр Уағдаласушы тараптан артық аумағында орналасатын немесе су жүйесi бiр Уағдаласушы тараптың артық аумағы құрамына енетiн жағдайда мiндеттемелердi орындау жөнiнде бiр-бiрiмен кеңеседi. Сонымен бiрге олар сулы-батпақты алқаптарды, олардың флора және фаунасын қорғауға қатысты өзiнiң қазiргi және болашақтағы саясатын үйлестiруге және жүзеге асыруға тырысады.
6-бап
1. Осымен осы Конвенцияның орындалуын қарау және оған жәрдемдесу мақсатында Уағдаласушы тараптардың Конференциясы құрылады. 8-баптың 1-тармағында айтылатын Бюро Конференция өзге шешiм қабылдаған жағдайды қоспағанда, кемiнде үш жыл мерзiммен Уағдаласушы тараптар Конференциясының кезектi сессиясын, ал Уағдаласушы тараптардың кем дегенде үштен бiрiнiң жазбаша өтiнiші бойынша кезектен тыс сессияны шақырады. Уағдаласушы тараптар Конференциясының әрбiр кезектi сессиясында келесi кезектi сессияны өткiзу уақыты мен орны айқындалады.
2. Уағдаласушы тараптардың Конференциясы:
а) осы Конвенцияның орындалуын талқылауға;
b) Тiзiмдегi өзгерiстер мен толықтыруларды талқылауға;
с) 3-Баптың 2-тармағына сәйкес Тiзiмге енгізiлген, сулы-батпақты алқаптардың экологиялық сипаттағы өзгерiстерiне қатысты ақпаратты қарауға;
d) сулы-батпақты алқаптарды, олардың фаунасы мен флорасын қорғауға, басқару мен ұтымды пайдалануға қатысты Уағдаласушы тараптарға жалпы және арнайы нұсқамалар беруге;
e) негізiнен халықаралық сипаттағы және сулы-батпақты алқаптарға байланысты есептердi және статистикалық деректердi дайындауға қатысты тиісті халықаралық органдарға өтiнiш жасауға;
f) осы Конвенцияны жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен басқа нұсқамалар мен қарарлар қабылдауға құзыреттi.
3. Уағдаласушы тараптар сулы-батпақты алқаптарды басқару үшін жауапкершілікте болатын барлық деңгейдегiлердің, сол сулы-батпақты алқаптарды, олардың флорасы мен фаунасын қорғауға, басқару мен ұтымды пайдалануға қатысты осындай Конференциялардың нұсқамаларынан хабардар болуын және оның ескерiлуін қамтамасыз етедi.
4. Уағдаласушы тараптардың Конференциясы өзiнiң әрбiр сессиясы үшiн Рәсiмнiң ережесiн бекiтедi.
5. Уағдаласушы тараптардың Конференциясы осы Конвенцияның Қаржысы туралы ереженiң кезеңдік шолуын қабылдайды және жүзеге асырады. Ол оның кезектi сессиясының соңында Уағдаласушы тараптардың қатысушыларының үштен екi бөлігінің көпшілiк дауысымен келесi қаржы кезеңiне бюджеттi бекiтедi.
6. Әрбiр Уағдаласушы тарап Уағдаласушы тараптар Конференциясының кезектi сессиясында Уағдаласушы тараптар қатысушыларының бiр ауыздан дауыс беруімен қабылданған жарна шәкіліне сәйкес бюджетке жарна салуды жүзеге асырады.
7-бап
1. Әрбiр Уағдаласушы тарап осындай Конференцияларға, өз өкiлдерiнің қатарына ғылыми, әкiмшiлiк немесе басқа да тиiстi салалардан алған өз білiмi мен тәжiрибесiнің арқасында сулы-батпақты алқаптар немесе суда жүзетін құстар жөнiндегi сарапшы болып табылатын адамдарды енгізуі қажет.
2. Ұсынылған Уағдаласушы тараптардың әрқайсысы Конференцияда бiр дауысқа ие болады және нұсқамаларды, қарарлар мен шешiмдердi осы Конвенциямен келiсiлген ерекше жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы тараптардың қатысушыларының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
8-бап
1. Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi халықаралық одақ әзiрге Уағдаласушы тараптар үштен екiсінің көпшiлiк дауысымен басқа ұйымды немесе үкiметтi тағайындамаса, осы Конвенциямен салынған тұрақты жұмыс iстейтiн бюроның мiндеттемелерін орындайды.
2. Тұрақты жұмыс iстейтiн Бюроның мiндеттемелері:
(а) 6-Бапта аталған конференцияны шақыруға және ұйымдастыруға жәрдемдесу;
(б) Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тiзiмiн сақтау және Уағдаласушы тараптардан 2-баптың 5-тармағында көрсетілгендей Тiзiмге енгізiлген сулы-батпақты алқаптарға қатысты кез-келген толықтырулар, кеңейтулер, шығарулар немесе шектеулер туралы ақпаратты алу;
(с) 3-баптың 2-тармағында көрсетілген тiзiмге енгізiлген сулы-батпақты алқаптардың экологиялық сипаты туралы кез келген өзгерiстер туралы Уағдаласушы тараптан ақпарат алу;
(д) оған енгiзілген сулы-батпақты алқаптардың сипатындағы өзгерiстер немесе Тiзiмдегi кез-келген өзгерiстер туралы Уағдаласушы тараптарды хабарландыру және келесi конференцияда осы мәселелердi талқылауды қамтамасыз ету;
(е) Тiзiмдегi сулы-батпақты алқаптардың сипатындағы өзгерiстерге немесе тізiмдегі осындай өзгерiстерге қатысты Конференцияның нұсқамаларын тиiстi Уағдаласушы тараптардың назарына жеткiзу.
9-бап
1. Осы Конвенция уақыты бойынша шектеусiз, қол қою үшiн ашық.
2. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының кез-келген мүшесi немесе оның мамандырылған мекемелерiнiң бiрi не Атом энергиясы жөнiндегі халықаралық агенттiктiң қатысушы елi немесе Халықаралық сот мәртебесiндегi мыналар арқылы осы Конвенцияның қатысушысы болуы мүмкiн:
(а) бекiтуге қатысты ескертусіз қол қою;
(b) бекiтуге тиiстi, одан кейiн бекiтілетiн қол қою;
(с) қосылу.
3. Бекiту немесе қосылу ЮНЕСКО-ның (бұдан әрi - "Депозитарий" деп аталатын) Бас директорына бекіту немесе қосылу туралы құжаттарды сақтауға тапсыру арқылы қол жеткiзiледі.
10-бап
1. Осы Конвенция кемiнде жеті мемлекет 9-Баптың 2-тармағына сәйкес осы Конвенцияның қатысушылары болғаннан кейiн төрт ай өткен соң күшіне енедi.
2. Осы Конвенция бекiту немесе қосылу туралы құжатты бекiтуге немесе сақтауға тапсыруға қатысты ескертусіз қол қойылған күнiнен бастап төрт ай өткен соң әрбір Уағдаласушы тарап үшiн күшіне енедi.
10-бап bis
1. Осы Конвенцияға түзетулер осы бапқа сәйкес осы мақсатта шақырылған Уағдаласушы тараптардың кеңесiне енгiзiлуi мүмкiн.
2. Кез-келген Уағдаласушы тарап түзетулерi бар ұсыныстарды енгізуi мүмкiн.
3. Кез келген ұсынылатын түзетулердің мәтiнi және оның негіздемесi Конвенция мәтiнiнде айтылатын, бұдан әрi "Бюро" деп аталатын, тұрақты жұмыс iстейтiн Бюроның мiндеттерін орындайтын ұйымның немесе үкiметтің назарына жеткізіледi. Бюро кідірмей мәтiн бойынша өз ескертулерiн жiберетін түзетулер туралы хабарламаны Бюродан алу сәтiнен бастап үш айдың iшiнде барлық Уағдаласушы тараптарға ұсынатын түзетулердiң мәтiнiн хабарлайды. Ескертулердi беру үшiн белгiленген мерзiм өткен соң Бюро осы күнге берілген барлық ескертулердi Уағдаласушы тараптарға шұғыл түрде хабарлайды.
4. Бюро Уағдаласушы тараптардың үштен бiрiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде 3-тармаққа сәйкес түскен түзетулердi қарау үшін Уағдаласушы тараптардың кеңесiн шақырады. Бюро осы кеңестiң өтетін күнi мен орнына қатысты мүдделi тараптармен консультация өткiзедi.
5. Түзетулердi Уағдаласушы тараптар қатысушылардың үштен екi бөлігінің көпшілік дауысымен қабылданады.
6. Уағдаласушы тараптар қабылдаған түзету қабылдау туралы актіні Уағдаласушы тараптардың үштен екiсi депозитарийдi тапсыру күнiнен бастап төртіншi айдың бiрiншi күнi олар үшiн күшiне енедi. Қабылдау туралы актiнi Уағдаласушы тараптардың үштен екiсiн сақтау күнiнен кейiн қабылдау туралы актiнi сақтауға тапсыратын Уағдаласушы тараптар үшiн түзету қабылдау туралы оның актiсiн сақтауға тапсыру күнiнен бастап төртiншi айдың бiрiншi күнiнде күшiне енедi.
11-бап
1. Осы Конвенция шектеусiз мерзiмге жасалады.
2. Кез-келген Уағдаласушы тарап "Депозитарийдi" жазбаша хабардар ету арқылы осы Уағдаласушы тарапқа қатысты Конвенция күшiне енген күннен бастап бес жыл өткен соң осы Конвенцияны сақтайды. Сақтау "Депозитарий" хабарламаны алған күннен бастап төрт ай өткеннен соң күшiне енедi.
12-бап
1. "Депозитарий" мүмкiндiгiнше, осы Конвенцияға қосылған не қол қойған мемлекеттердiң бәрiн мыналар туралы хабарландырады:
(а) осы Конвенцияға қол қою;
(b) осы Конвенцияны бекiту туралы құжаттарды сақтауға тапсыру;
(с) осы Конвенцияға қосылу туралы құжаттарды сақтауға тапсыру;
(d) осы Конвенцияның күшiне ену күнi;
(e) осы Конвенцияның күшін жою туралы хабардар ету.
2. Осы Конвенцияның күшiне енуi бойынша "Депозитарий" оны БҰҰ Жарғысының 102-Бабына сәйкес БҰҰ-ның Хатшылығында тіркейді.
Оған тиiстi жолмен уәкілеттік берілген, төменде қол қойғандар осы Конвенцияға қол қойғанымызды КУӘЛАНДЫРАМЫЗ.
"Депозитарийге" сақтауға тапсырылатын, ағылшын, француз, немiс және орыс тiлдерiнде бiр данада 1971 жылдың 2 ақпанында Рамсарда ЖАСАЛҒАН. "Депозитарий" соңғысының куәландырылған көшiрмелерін тиiстi жолмен барлық Уағдаласушы тараптарға жiбередi. Барлық мәтiндер бiрдей ұқсас*.
* Хаттаманы қабылдаған Конвенцияның қорытынды бабына сәйкес Депозитарий Уағдаласушы тараптардың екiншi Конференциясында мүдделi үкiметтермен консультацияда және Бюроның жәрдемімен дайындалған Конвенцияның араб, испан және қытай тiлдерiндегі ресми нұсқаларын ұсынды.
Осы мәтін 1971 жылғы 2 ақпанда Рамсарда жасалған Ең алдымен суда жүзетін құстардың тіршілік ету орны ретінде халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияға (оған 1982 жылғы 3 желтоқсандағы Париж хаттамасымен енгізілген түзетулермен және 1987 жылғы 28 мамырда Режинде енгізілген түзетулермен) куәландырылған көшірмесімен расталған көшірме болып табылатынын куәландырамын.
Бірінші вице-министр