Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты ұйымы арасындағы Қауіпсіздік туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 26 қазандағы N 86 Заңы

Қолданыстағы

      Брюссельде 1996 жылғы 31 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты ұйымы арасындағы Қауіпсіздік туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН СОЛТҮСТІК АТЛАНТ ШАРТЫ ҰЙЫМЫ
АРАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСIЗДIК ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ

(1996 жылғы 31 шілдеде күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан
      НАТО штаб-пәтерiндегi Тұрақты өкiл,
      Елшi Әуесхан Қырбасов

      Солтүстiк Атлант Шарты ұйымының атынан
      Солтүстiк Атлант Шарты ұйымының Бас хатшысы Хавьер Солана

      Қазақстан Республикасының Солтүстік Атлант Ынтымақтастық Кеңесiнде (САЫК)/Бейбiтшілiк үшiн әрiптестiкте (БҮӘ) әрiптес ел болып табылатынын тани отырып;
      Саяси мәселелер мен қауiпсiздiк проблемалары бойынша консультациялар өткiзуге, Еуропадағы саяси және әскери ынтымақтастықты кеңейтуге және күшейтуге келiсе отырып;
      Осы саладағы тиiмдi ынтымақтастық үшiн тараптар арасында елеулi және/немесе айрықша ақпараттармен алмасу қажеттiгiн түсiне отырып;
      Төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар:
      (i) екiншi Тараптың ақпараты мен мәлiметiн қорғайтын және сақтайтын;
      (іі) екiншi Тараптың ақпараты мен мәлiметiн ескере отырып, Тараптардың кез келгенi белгiлеген құпия ақпарат пен мәлiметте рұқсат беру шарттары болуын қамтамасыз ету үшiн қажеттiнiң барлығын жасайтын және осындай ақпарат пен мәлiметтi келiсiлген ортақ стандарттар бойынша қорғайтын;
      (ііі) алмасатын ақпарат пен мәлiметтi тиiстi бағдарламалар шеңберiнде, сондай-ақ осы бағдарламаларға қатысы бар шешiмдер мен қарарларда көзделмеген мақсаттар үшiн пайдаланбайтын;
      (iv) мұндай ақпарат пен мәлiметті ақпарат берушi тараптың келiсiмiнсiз үшiншi бiр тарапқа бермейтiн болады.

  2-бап

      (i) Қазақстан Республикасының Үкiметi өздерiнiң кәсiби мiндеттерi бойынша САЫК немесе БҮӘ шеңберiнде алынған ақпараттар мен мәлiметтерге рұқсаты бар барлық өз азаматтарына, олар мұндай ақпараттар мен мәлiметтерге рұқсат алғанға дейiн, рұқсат берудi тиiстi түрде ресiмдеуге мiндеттеме алады.
      (іi) Рұқсатты ресiмдеу рәсiмi адамның түзу ниеттiлiгі мен сенiмділігiн назарға ала отырып, оның мұндай ақпараттың құпиялылығына қауiп келтiрмейтiндiгiн анықтау түрiнде жүргiзiлуi тиiс.

  3-бап

      Қауiпсiздiк жөнiндегi HATO (NOS) кеңсесi, Бас Хатшының және Төрағаның, НАТО Әскери Комитетiнiң басқаруымен және олардың атынан, Солтүстiк Атлантикалық Кеңес пен HATO Әскери Комитетiнiң атынан және олардың нұсқауларына сәйкес iс-қимыл жасай отырып, САЫК/БҮӘ шеңберiнде алмасатын құпия ақпараттың қауiпсiздiгi мен қорғалуы мәселелерi үшiн жауапты болады.

  4-бап

      Қазақстан Республикасы функциялары ұқсас ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы NOS-ты хабардар етедi. Алмасатын ақпараттың қауiпсiздiгiн өзара қорғауды және Қазақстан Республикасының органдары мен NOS арасындағы байланыс стандартын қамтитын жекелеген Әкiмшiлiк Шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi мен НАТО арасында әзiрленетiн болады.

  5-бап

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен НАТО арасында кез келген құпия ақпаратты алмасқанға дейiн қауiпсiздiктiң жауапты органдары алушы тараптың алынған ақпараттың жiберушiнiң талаптарына сәйкес қорғалуын қамтамасыз етуге дайын екендiгiне өзара көз жеткiзулерi керек.
      Осыны куәландыру ретiнде жоғарыда аталған Өкiлдер осы Келiсiмге қол қойды.
      1996 жылғы 31 шiлдеде Брюссельде бiрдей күшi бар ағылшын және француз тiлдерiнде екi данада қол қойылды.

       Қазақстан Республикасының              Солтүстiк Атлант Шарты
      Yкіметi үшiн                           ұйымы үшiн

      Әуесхан Қырбасов                       Хавьер Солана

      Осымен 1996 жылғы 31 шілдеде Брюссель қаласында жасалған, Қазақстан Республикасы мен Солтүстiк Атлант Шарты ұйымы арасындағы Қауiпсiздiк туралы келiсiмнiң қазақ тiлiне бейресми аудармасының тең түпнұсқа екендiгiн куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Сыртқы iстер министрлiгiнiң
      Мемлекеттiк тiл және құжат
      айналымы басқармасының
      бастығы

  НАТО ҚАУIПСIЗДIК ОФИСI ӘРІПТЕСТIК YШIH ҚАУІПСIЗДIК ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫҚТАР

HATO
1110 Брюссель
телефон: (32 2) 728 41 11
телекс: 23 867
телефакс: (32 2) 728 52 27

1994 жылғы 20 мамыр 
НАТО қауiпсiздiк офисi (94) 10 

Солтүстiк Атлант ынтымақтастығы кеңесi/Бейбiтшiлiк
жолындағы әрiптестiк/ҚҰПИЯ ЕМЕС

      НАТО қауiпсiздiк офисi осы ақпаратты құжаттармен алмасу, рұқсатнамаларды әзiрлеу процесiне және басқа да әкiмшілiк шараларға дайындық үшiн көмек ретiнде ұсынады. Сұрақтар туындаған жағдайда қосымша 4001 нөмiрi бойынша тiкелей менiмен хабарласуыңызды сұраймын.

      (қолы)

      Питер Дж.Галлант

НҚО-не (94) 10  
1-қосымша  

  Әрiптес елдер тағайындаған өкiлдер үшiн рұқсатнамаларды
беру рәсiмi

      1. Осы рәсiмдер Солтүстiк Атлант ынтымақтастығы кеңесiне және/немесе БЖӘ қатысатын мемлекеттер тағайындаған әрiптес елдердiң ресми өкiлдерiне қолданылатын болады.

      I. Объектiлерге кiруге қатысты рұқсат

      2. Әрiптес елдердiң тағайындалған өкiлдерiне және қызмет көрсетуші персоналға белгiленген үлгiде рұқсатнамалар берiлетiн болады.
      3. Құжат иесi туралы ақпарат (Т.А.Ә., азаматтығы, рұқсатнаманың қолданыс мерзiмi және суретi) көрсетiлген рұқсатнама бiр жылға жарамды болады; тиiстi сұраныс жолданған жағдайда оның мерзiмi ұзартылуы мүмкiн. Рұқсатнама құпия емес объектiлер аймағына кiруге мүмкiндiк бередi. Күзетiлетiн аймақтарға кiру кезiнде рұқсатнама иесi келуші ретiнде қаралады. Күзетiлетiн аймақтарға келген кезде әрiптестердiң өкiлдерiмен мiндеттi түрде iлесiп жүру керек. Кезекші бөлмесiнен бастап iлесiп жүруге өзiне кетiп-келушi келген НАТО-ның тұрақты рұқсатнамасы бар өкiлi жауапты болады. Кезекшілердiң бөлмелерi негiзгі кiре берiс есiкте және солтүстiк кiре берiс есiкте "К" дәлiзiнде орналасқан. Әрiптестердiң өкiлдерiне берiлген рұқсатнамалардың иелерi келушілердi тек өз офисiне және белгiленген қызметтiк үй-жайларға ғана (Nа және Nb) өткізуге құқылы.

      II. Рәсiмдер

      4. Рұқсатнамаларды алу үшiн Атқарушы хатшылыққа өмiрбаянды тапсыру қажет. Осы ақпаратты ұсынбаған қызмет көрсетуші персонал Атқарушы хатшылықтан алуға болатын қоса берiлген нысанды толтыруы тиiс. Жоғарыда көрсетiлгендер түгел орындалғаннан кейiн, Атқарушы хатшылық әрiптестер өкiлдерiн суретке түсу және рұқсатнамаларды беру сияқты алдын ала белгiленген шарттылықтарды орындау үшiн HATO штабының негiзгi кiре берiс есiгiнiң вестибюлiндегi кезекшi бөлмесiне келу қажеттiлiгi туралы хабардар етедi. Байланыс офицерлерi қолда бар рұқсатнамаларын жаңа рұқсатнамаларға айырбастауы қажет.

  Әрiптестермен ынтымақтастық жөнiндегi НАТО қызметiне
өкiлдердi тағайындау және рұқсат беру

      Берiлдi:                   ________________________________
                                        (ел немесе ұйым)
      Берiлген күнi және орны:   ________________________________
      Дейiн жарамды:             ________________________________

                                           Осымен

      Тегi:                      ________________________________
      Аты:                       ________________________________
      Әкесiнiң аты:              ________________________________
      (егер қолданылса)
      Туған күнi:                ________________________________
                                        (күнi айы жылы)

      Туған жерi:                ________________________________
      Азаматтығы:                ________________________________
      Жұмыс орны:                ________________________________
      Төлқұжатының/ куәлiгiнiң N ________________________________
      Қандай орган берген:       ________________________________
      Күні:
      Әскери атағы және нөмiрi:  ________________________________
      (қайда қолданылса)

                                 ________________________________
                                 ________________________________
                                 ________________________________
                                 ________________________________
                                 ________________________________
                                 ________________________________

                    қатысу үшiн тағайындалғаны расталады.

      Ресми мөр

НҚО-не (94) 10  
2-қосымша  

  САЫК/БЖӘ байланысы тұрақты офицерлерiнiң өмiрбаяны мазмұнына
қойылатын талаптар

      1. Өз өкiлдерi мен қызмет көрсетушi персоналын тағайындайтын әрiптес елдер қарау және рұқсатнамаларды беру процесiн бастау мақсатында Атқарушы хатшылыққа олардың тектерi мен толық өмiрбаяндарын беруi тиiс. Әрiптес елдердiң ресми адамдарына НАТО-ға рұқсатнама алу үшiн өз өмiрбаяндарын егер олар оны бұрын жiберген болса, қайта жiберуiнiң қажеттігi жоқ.
      2. Өмiрбаянда мыналар көрсетiлуi қажет:
      (а) жеке ақпарат (жұбайы (күйеуi) мен балаларын қоса алғанда, егер болса): толық аты (әкесiнiң аты, егер қолданылса), туған күнi мен туған жерi;
      (б) бiлiмi;
      (в) әскери қызметтi өткеруi (егер ондай болса);
      (г) жұмыс орнын толық көрсету (бұрын атқарған лауазымдары/тағайындалуы, атақтары мен дәрежесi), тiлдердi бiлуiн қоса алғанда.

НҚО-не (94) 10  
3-қосымша  

  Тәртiп кодексi

      - Солтүстiк Атлант ынтымақтастығы кеңесi/Бейбiтшілік жолындағы әрiптестiк бағдарламасы шаралары шеңберiнде Солтүстiк Атлант Кеңесiнiң әрiптес-елдерге HATO штаб-пәтерi мен Монс қаласында орналасқан Әрiптестiктi үйлестiру жеке орталығы жанындағы саяси және әскери органдарға қатысу жөнiндегі ұсынысын; және
      - Солтүстiк Атлант Кеңесi әрiптес елдердi әрiптестiктiң негiзiн қалайтын ынтымақтастық қағидаттарына қайшы келетiн және/немесе Альянсқа қатысушы елдердiң ұлттық мүдделерiне залал келтiретiн қызмет үшін HATO-ның құралдары мен объектiлерiн пайдаланбау жөнiнде өздерiне мiндеттеме қабылдаулары жөнiнде сұрау салғанын ескере отырып,
      _______________ (әрiптес-елдiң)_________ үкiметi бұл ретте мiндеттеменi қабылдағаны туралы мәлiмдейдi.
      Осыны растау ретiнде, белгiленген тәртiпте уәкiлеттi бола отырып төменде қол қоюшы өз үкiметi атынан өзiнiң қолын қойды _________________________(күнi).

НҚО-не (94) 10  
4-қосымша  

  НАТО және Солтүстiк Атлант ынтымақтастығы кеңесiне
және/немесе "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасына
қатысушы елдер арасындағы Қауiпсiздiк туралы келiсiм

      Солтүстік Атлант шарты ұйымы (НАТО) және [Елдiң атауы] Солтүстiк Атлант ынтымақтастығы Кеңесiне (САЫК)/"Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" (БЖӘ) бағдарламасына әрiптес ел ретiнде,
      саяси мәселелер және қауiпсiздiк мәселелерi бойынша консультациялар өткiзуге әрi Еуропада саяси және әскери ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдетуге келiсе отырып,
      осы саладағы тиiмдi ынтымақтастық тараптар арасында елеулі әсерi бар ақпаратпен және/немесе шектеулi рұқсаты бар ақпаратпен алмасуға әкелетінiн пайымдай отырып,
      1. Төмендегiлер туралы:
      i) екiншi тараптың ақпараты мен материалдарын қорғауға және сенiмдi түрде сақтауға;
      іі) егер ақпараттардың немесе материалдардың құпия белгiсi болса, онда осы ақпараттар мен материалдар берушi тараптың ақпараты мен материалдарының құпиялылық белгiсiн ескере отырып, кез келген тарап белгiлеген құпиялылық белгiсiн сақтайтындығын және осындай ақпарат пен материалдардың қабылданған стандарттар бойынша сақталуын қамтамасыз ету үшiн барлық күш-жiгердi жұмсауға;
      iii) алмасылатын ақпарат пен материалдарды тиiстi бағдарламалар мен шешімдер шеңберiнде көзделмеген мақсаттар үшiн, сондай-ақ осы бағдарламаларға қатысы бар бұрыштамаларды пайдаланбауға;
      iv) бepуші тараптың келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа осындай ақпарат пен материалдарды жария етпеуге келiстi.
      2. а) [Елдiң атауы] САЫК немесе БЖӘ бағдарламалары шеңберiнде алмасылатын ақпарат пен материалдарға өз қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мүдделi немесе рұқсаты бар барлық өз азаматтарына қатысты осындай ақпарат пен материалдарға рұқсат беру алдында, олардың сенiмдiлігін тиiстi тексеруден өткiзудi өз мiндетiне алады.
      b) Сенiмдiлiктi тексеру рәсiмi адам ниетiнiң түзулiгі мен оған деген сенiм дәрежесiн ескере отырып, ақпарат қауiпсiздiгіне қауiп-қатерсiз адамның құпия ақпаратпен жұмыс iстей алатындығын анықтауы тиiс.
      3. HATO қауiпсiздiк офисi (НҚО) НАТО Бас хатшысы мен Әскери комитетi төрағасының басшылық етуiмен және олардың атынан, Солтүстiк Атлант кеңесi және НАТО Әскери комитетi атынан әрi оларға бағынысты сипатта iс-қимыл жасай отырып, САЫК/БЖӘ шеңберiндегi ынтымақтастық кезiнде тараптар алмасатын құпия ақпаратты қорғауға қатысты қауiпсiздiк шаралары үшiн жауапты орган болып табылады.
      4. [Елдiң атауы) HATO қауiпсiздiк офисiн ақпарат қауiпсiздігі саласында қандай ұлттық органның осындай өкiлеттiгi бары туралы хабардар етедi. [Елдiң атауы] және НАТО жеке әкiмшiлiк уағдаластықты әзiрлейдi, уағдаластық басқаларымен қатар тараптар алмасатын ақпарат қауiпсiздiгiн өзара қамтамасыз ету стандарттарын және HATO қауiпсiздiк офисi мен ақпарат қауiпсiздiгi жөнiндегi ұлттық уәкiлеттi орган арасындағы байланыс тәртiбiн қамтиды.
      5. Қауiпсiздiк жөнiндегі жауапты органдар [Елдiң атауы] және НАТО арасында кез келген құпия ақпаратпен алмасу алдында ақпаратты беруші тараптың талаптарына сәйкес қабылдаушы тараптың ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге әзiр екендiгiне өзара көз жеткiзуi тиiс.

НҚО-не (94) 10  
5-қосымша  

  САЫК және БЖӘ бағдарламалары шеңберiнде алмасылатын
ақпаратты өңдеу мен қорғау жөнiндегі ең аз стандарттар

       Жалпы ережелер.

      САЫК/БЖӘ бағдарламалары шеңберiнде тараптар алмасатын барлық ақпарат шектеулi рұқсат берiлетiн және тек қызмет бабында пайдаланылатын ақпарат болып табылады. Сондықтан ол, тек осы бағдарламаларға қатысатын және өзiнiң қызмет түрiне қарай осы ақпаратқа мүдделi ұйымдар мен адамдарға берiлетiн болады.

       Құпиялылық дәрежесi.

      2. Құпиялылық дәрежесi ақпараттың жабық болу дәрежесiн белгiлеу мақсатында, және сондықтан да оны қорғау үшiн қолданылатын рәсiмдер мен шараларды қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын болады. Құжаттың құпиялылық дәрежесiн белгiлеу, оның құпиялылық дәрежесiн төмендету немесе құпиялық белгiсiн алып тастау құжат авторының айрықша құзыретi болып табылады.
      3. Мынадай құпиялылық дәрежесi белгiлендi: ҚҰПИЯ ЕМЕС, ШЕКТЕУЛI РҰҚСАТ, ЖАСЫРЫН ЖӘНЕ ҚҰПИЯ. Құпиялылық белгiсiн көрсету кезiнде оның алдында ақпарат алмасылатын бағдарламаны көрсету үшiн САЫК және/немесе БЖӘ белгiлерi қойылады.
      4. Егер HATO немесе әрiптес ел белгiлi бiр ақпаратты таратуды шектеуге ниет бiлдiрсе, оны құпиялылық белгiсiн көрсеткеннен кейiн жеке төменгi жолда - "НАТО"/"тек [әрiптес елдiң атауы]" деп көрсетедi;
      мысалы:

  БЖӘ - ҚҰПИЯ
НАТО/ТЕК ПОЛЬША

       Ақпаратты өңдеуге, сақтау мен беруге қойылатын талаптар.

      5.  "ҚҰПИЯ ЕМЕС" белгiсi бар құжаттар (ақпарат) ресми ақпарат ретiнде өңделедi, бiрақ олар үшiн арнайы қорғау қажет емес. Олар әдеттегi пошта арқылы салынып жiберiлуi немесе кәдiмгi телекоммуникациялық жүйелер бойынша берiлуi мүмкiн. Алушы қажет болғанда, құжаттарды көбейте алады.
       "ШЕКТЕУЛI PҰҚCAT" белгiсi бар құжаттар (ақпарат) бөгде адамдардың кiруiне тыйым салынатын үй-жайларда өңделедi және сақталады. "ШЕКТЕУЛI PҰҚCAT" белгісi бар құжаттарды салып жiберу әдеттегi пошта бойынша тапсырыс хатымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Егер арнайы қорғау шараларын қолдану мүмкiн болмай, ал ақпаратты дереу жiберу қажет болса, оны кәдiмгi телефакс немесе телекс арқылы жөнелтуге болады.
       "ЖАСЫРЫН" белгiсi бар құжаттар (ақпарат) кiруi бақыланатын үй-жайларда өңделедi және сақталады. Ақпаратқа рұқсат арнайы тексеруi өткен және өзiнiң қызметтік мiндеттерiне байланысты осындай ақпаратқа және материалдарға тиiстi рұқсаты бар белгiлi бiр адамдар үшін ғана берiледi.  "ЖАСЫРЫН" белгiсi бар құжаттар сенiмдi құлпы бар контейнерлерде сақталады, олардың кiлттерi немесе кодтық комбинациялары қауiпсiздiк қызметiнiң арнайы тағайындалған адамдарында болады.  "ЖАСЫРЫН" белгісi бар құжаттарды жөнелту дипломатиялық пошта немесе фельдъегерлiк пошта арқылы жүзеге асырылады.  "ЖАСЫРЫН" белгiсi бар ақпаратты берудiң электрондық арналары тиiстi уәкiлеттi органның сертификаты бар криптографиялық жүйелермен жабдықталуы тиiс. Бұл құжаттарды ақпаратты алушы - ұйымда арнайы тағайындалған адам көбейте алады; есеп мәлiметтерiнде көшірмелер саны және олардың сақталуы көрсетiлуi тиiс.
       "ҚҰПИЯ" белгiсi бар құжаттар (ақпарат) кiруi бақыланатын үй-жайларда өңделедi және сақталады әрi арнайы тексеруден өткен арнайы тағайындалған адамдар тобымен шектеледi. Ақпаратқа рұқсат арнайы тексеруден өткен және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне байланысты осындай ақпаратқа және материалдарға тиiстi рұқсаты бар белгiлі бiр адамдар үшін ғана берiледi. "Құпия" белгiсi бар құжаттар сенiмдi құлпы бар сейфтерде сақталады, олардың кiлттерi немесе кодтық комбинациялары қауiпсiздiк қызметiнiң арнайы тағайындалған адамдарында болады. "ҚҰПИЯ" белгiсi бар құжаттарды жөнелту дипломатиялық пошта немесе фельдъегерлiк пошта арқылы жүзеге асырылады. "ҚҰПИЯ" белгiсi бар ақпаратты берудiң электрондық арналары тиiстi уәкiлеттi органның сертификаты бар криптографиялық жүйелермен жабдықталуы тиiс. Бұл құжаттарды арнайы тағайындалған қауiпсiздiк офицерiнiң жазбаша рұқсаты бойынша ғана көбейтуге болады, есеп мәлiметтерiнде көшірмелер саны және олардың сақталуы көрсетiлуi тиiс.

       Режимдiк бөлiм (кеңсе) және құжаттарды бақылау.

      6. Әрбiр ұйымда САЫК/БЖӘ бағдарламалары бойынша тараптар алмасатын құжаттар мен ақпараттарды қабылдау, беру, бақылау және сақтау үшiн режимдiк бөлiм (кеңсе) құрылуы тиiс. Yлкен ұйымдарда, қажет болғанда қосымша бағынысты режимдiк бөлiмдер құрылуы мүмкiн. Режимдiк бөлiм немесе бағынысты режимдiк бөлiм:
      - барлық құжаттардың кәртiшкелерiн тiркеуге;
      - ұйым iшiнде құжаттарды бөлуге;
      - осы ұйымда әзiрленген құжаттарды жөнелтуге;
      - САЫК/БЖӘ бағдарламаларына қатысы бар құжаттарды сақтауға;
      - жою туралы aкті жасауды қоса алғанда, құжаттарды жоюға жауап бередi.

       Сенiмдiлiктi тексеру және ақпаратқа рұқсат беру.

      7. Адамға "ЖАСЫРЫН" немесе "ҚҰПИЯ" белгiсi бар ақпараттарға рұқсат берер алдында оның ниетiнiң түзулiгi мен оған деген сенiм бiлдiру мүмкiндiгін анықтау мақсатында оның сенiмдi екендiгі тексерiлуi тиiс. Тексеру оң нәтиже берген кезде осы адамға тиiстi құзыреттi орган рұқсат беру нысанын ресiмдейдi.
      8. Құпия ақпаратқа рұқсат берер алдында осы адам тиiстi құпиялылық белгiсi бар ақпаратпен жұмыс iстеу ережелерiмен және осы ережелердi бұзғанда заңдық және тәртiптiк зардаптармен танысуы тиiс.
      9. Рұқсат нысаны бар адамға құпия ақпарат талқыланатын жиналысқа ұйым атынан қатысу тапсырылған кезде немесе жиналыс режимдiк үй-жайда өткiзiлетiн болса, ұйым жиналысты өткiзетiн ұйымға осы адамның рұқсат нысаны туралы анықтаманы алдын ала жiберуi қажет.

       Құпиялылық режимiн бұзу.

      10. "ЖАСЫРЫН" немесе "ҚҰПИЯ" белгiсi бар ақпараттың құпиялылығын бұзған кезде, тиiстi қауiпсiздiк органы құпияланған ақпараттың жария болу мүмкiндiгiн анықтау мақсатында құпиялылықты бұзу жағдаяттарын тергеуді жүргiзуi тиiс.
      11. Егер ақпараттың жария болуы орын алса, бұл жайлы құжатты әзiрлеушi хабардар етiледi және келтiрiлген залалды бағалау жүргiзiледi. Әзiрлеуші залалды кемiту жөнiнде шаралар ұсынуы немесе ниет бiлдiруi мүмкін.
      12. Құпиялылық режимiн бұзу орын алған ұйым кемшiлiктердi жою немесе құпиялылық режимiнiң бұзылуына себепші болуы мүмкiн рәсiмдердi немесе сақтауға арналған үй-жайларды жақсарту жөнiнде шаралар қабылдауы тиiс.

НҚО-не (94) 10  
6-қосымша  

  Солтүстiк Атлант Шарты Ұйымы және САЫК және БЖӘ қатысушы
елдер арасында Қауiпсiздiк туралы келiсiмдi іске асыру
жөнiндегі әкiмшiлiк уағдаластықтар

      1. Қауiпсiздiк туралы келiсiмнiң 5-параграфының ережелерiне сәйкес НАТО қауiпсiздiк офисi (НҚО) және әрiптес елдiң ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесiмен айналысатын жауапты ведомстволары жiберушi тараптың талаптарына сәйкес алушы тараптың алатын ақпаратты қорғауға әзiр екендiгіне екi жақты көз жеткiзуi тиiс.
      2. НАТО-ға кiрмейтiн әрбiр қатысушы мемлекет немесе ұйым қауiпсiздiк туралы уағдаластықты және Қауiпсiздiк туралы келiсiм жөнiндегі рәсiмдердi iске асыру үшiн жауапты ведомствоны белгiлейдi, және НАТО қауiпсiздiк офисiне осы құжатта көзделгенiндей НАТО-да ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоға балама болатын осы ведомствоны атап көрсетедi.
      3. НАТО қауiпсiздiк офисi, қажет болғанда қауiпсiздiк жөнiндегi ұлттық ведомстволардың немесе олардың НАТО-ға мүше елдердегi өкiлдерiнiң көмегiмен алмасылатын ақпаратты қорғауға бағытталған қауiпсiздiк шараларын екi жақты iске асыруға жәрдем көрсету мақсатында НАТО-ға кiрмейтiн мемлекеттер немесе ұйымдардың қауiпсiздiк ведомстволарының өзара iс-қимылын белгiлейдi.
      4. Қауiпсiздiк жөнiндегi НАТО epeжeлepiнен туындайтын 5-ші қосымшада көрсетiлген ең аз стандарттарға сәйкес әкiмшiлiк уағдаластықтар төмендегi мәселелерге қатысты болады:
      (а) САЫК/БЖӘ бағдарламалары шеңберiнде алмасылатын құпияланған ақпаратты қорғау жөнiндегi қауiпсiздiк шараларын iске асыратын және бақылайтын, ақпарат қауiпсiздігіне жауап беретiн әрiптес елдердiң ведомстволары;
      (b) құпияланған ақпаратты негiзгi алушы (Орталық кеңсе (режимдiк бөлiм) болып табылатын әрiптес елдiң ұйымы;
      (с) НАТО ұйымдарымен (бағынысты бөлiмдер (кеңселер) тiкелей хат-хабар алмасу құқығы бар әрiптес елдегi басқа да ұйымдар;
      (d) құпияланған немесе құпия емес құжаттарды беру арналары;
      (e) құжаттарды есепке алу және бақылау рәсiмдерi;
      (f) құпияланған құжаттарды сақтау үшiн пайдаланылатын сейфтердiң стандарттары;
      (g) персоналды тексеру рәсiмдерi, және
      (h) қауiпсiздiк нормаларын бұзуды тергеу.
      5. Қауiпсiздiк туралы келiсiмге қол қойылғаннан кейiн және жабық сипаттағы ақпаратпен алмасу iске асырылғанға дейiн алмасуға жататын құпия ақпаратпен дұрыс жұмыс iстеуге және сақтауға ұйымның немесе қабылдаушы елдiң немесе тиiсiнше НАТО-ның әзiрлiк дәрежесiн тексерудi HATO қауiпсiздiк офисi жүргiзедi, ал қабылдаушы ел немесе ұйым тексерудi жүргiзуi мүмкiн. Жүргiзiлген тексеру туралы НАТО қауiпсiздiк офисiнiң есептерi Бас хатшыға берiлетiн болады, ал ол өз кезегiнде және қажет болған жағдайда Солтүстiк Атлант кеңесiн хабардар етедi.
      6. НАТО және әрбiр ынтымақтастық жасаушы ел немесе ұйым құжаттарды жөнелту үшiн пайдаланылатын мекен-жайларымен, сондай-ақ құпия және құпия емес ақпаратты жiберу үшiн курьерлiк немесе фельдъегерлiк қызметi туралы ақпаратпен алмасады.

      Осымен Әрiптестiк үшiн қауiпсiздiк туралы уағдаластықтардың қазақ тiлiне бейресми аудармасының тең түпнұсқа екендiгiн куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Сыртқы iстер министрлiгiнiң
      Мемлекеттік тiл және құжат
      айналымы басқармасының
      бастығы