Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 қазандағы N 79 Заңы

Қолданыстағы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:

      1. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат;  1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 1-бапта:
      1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;

      мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1) аффилиирленген тұлғалар - жер қойнауын пайдаланушының еншiлес ұйымдары және Қазақстан Pecпубликасында мұнай операцияларын жүргізуге мердiгер болып табылатын ұйымның жарғылық капиталында акциялар пакеті немесе қатысу үлесi бар ұйымдар;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "36) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi орган - геологиялық зерттеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) мердігердің құқықтары мен міндеттерін мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарт бойынша беруге рұқсат беру немесе одан бас тарту тәртiбін белгiлейдi.";

      3) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) мұнай-газ саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және бекiту енеді.";

      4) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-баптармен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi
                уәкілетті органның құзыреті

      Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органның құзыретіне:
      1) геологиялық және тау-кендік бөлуге дайындау және беру;
      2) барлауды немесе өндiрудi жүзеге асыру жұмыстарының бағдарламасын келісу;
      3) жылдық жұмыс бағдарламасына мердігер ұсынған өзгерістерді келiсу;
      4) жылдық жұмыс бағдарламаларын келісу кiредi.

      6-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi
               органның құзыреті

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретіне:
      1) жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      2) мұнай операцияларын жүргізу, мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезiнде аварияларды және өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөнiндегі іс-шаралар бағдарламаларын келісу;
      3) жер қойнауын пайдалану объектілерiн консервациялауды және жоюды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кiреді.";

      5) 26-1-баптың 5-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлетті орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 30-1-бапта:
      4-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздер "Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегi уәкілетті органның" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 30-2-баптың 2-тармағында:
      "бекiтуге" деген сөз "келiсуге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлетті органда" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 30-3-баптағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 30-5-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. 2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттары бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлерге, егер олар:
      2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiн мемлекеттiк органда бекiтiлген (келiсiлген болса);
      2006 жылғы 1 шiлдеге дейін әзiрленiп, құзыреттi органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органда келiсiлетiн болса, iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларды iске асыру мерзiмдерi аяқталғанға дейiн, осы баптың 1 және 2-тармақтарының күшi қолданылмайды.
      Бұл ретте, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша не авариялық жағдай орын алған және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiп төнген жағдайда жол берiледi.";

      3-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлетті органның", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздер тиiсiнше "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ілеспе және (немесе) табиғи газ жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті органның рұқсатынсыз және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз жағылған жағдайда, осы баптың 3-тармағына сәйкес мердiгер жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға мұндай жағу туралы он күн ішінде жазбаша хабарлауға мiндетті. Мұндай хабарлама iлеспе және (немесе) табиғи газды жағудың себептерi мен жағылған газдың көлемi туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.";

      10) 30-7-баптың 2-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 31-баптың 4-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 36-2-бапта:
      3-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлетті органның мұндай скважинаны бұрғылаудың жобасы жөнiнде тиiстi қорытындысы болғанда" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органның мұндай ұңғыманы бұрғылаудың жобасы бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша тиiстi қорытындысы болған кезде" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша берген мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 36-3-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 41-баптың 12) тармақшасындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 53-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-бап. Келiсiм-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi,
               акциялардың үлестерiн (пакеттерiн) беру

      1. Мердiгердiң келiсiм-шарт бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерінің барлығын немесе бiр бөлігін басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруі, сондай-ақ мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келiсiм-шарт бойынша мердігер болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетін) иелiктен айыруы құзыреттi органның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiлуi мүмкін. Құзыреттi орган мердiгерге келiсiм-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi беруге рұқсат беруден Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен бас тартуға, сондай-ақ мердiгер болып табылатын тұлғаның жарғылық капиталдағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) иелiктен айыруына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша рұқсат бермеуге құқылы.
      Аффилиирленген тұлғалармен мәмілелерге қатысты да осы шарттың сақталуы мiндеттi.".

      2. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 1-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жағалау жиегі - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (судың толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;";

      мынадай мазмұндағы 12-1), 19-1), 19-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12-1) тарихи шығындар - мемлекет келісім-шарттық аумақты геологиялық зерттеуге, кен орындарын iздестiруге, барлауға жұмсаған бұрынғы жиынтық шығындар;";

      "19-1) келiсiм-шарттың шеңберiнде құқықтарды шоғырландыру - Қазақстан Республикасымен жасалған келiсiм-шарттағы консорциумға қатысушылардың бiрiнiң осы қатысушыға келiсiм-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша дербес шешім қабылдауға мүмкiндiк беретiн үлесiнiң шамасы;
      19-2) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргiзуге құқықтарды шоғырландыру - бiр елден шыққан бiр тұлғаның немесе тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған келiсiм-шарттарда осындай үлестi иеленуі немесе Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қауiп төндiруі мүмкiн немесе қауiп төндiретiн Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталында осындай меншiк үлесін иеленуi;";

      29), 35), 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "29) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған iс-шаралар жүйесi;";

      "35) iздестiру-бағалау жұмыстары - табылған объектiнің жалпы ресурстарын анықтау, олардың өнеркәсiптiк маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;";

      "49) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешендi пайдалану саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";

      мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "49-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары;";

      2) 7-бапта:
      7) тармақша "конкурсқа шығарылуға тиіс" деген сөздерден кейін ", кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбiн айқындайды;
      15) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму және қалдық суларды ағызу тәртiбiн айқындайды.";

      3) 8-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшадағы "контрактiлiк" деген сөз "жер қойнауын мемлекеттiк зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, келiсiм-шарттық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "келiсiм-шарттардың орындалу талаптарын сақтаудың" деген сөздер "жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарттардың талаптарын орындауының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) мүдделi мемлекеттiк органдармен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының талаптарына енгiзу үшiн жер қойнауын пайдалану және iлеспе қызметте жоғары технологиялар, жаңа және өңдеу өндiрістерi, магистральдық және өзге де құбырлар, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану операцияларын жүргiзу кезінде қазақстандық мазмұн, дамыту және пайдалану жөнiнде конкурс қатысушыларына ұсыныстар әзiрлеу.";

      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) көмiрсутегi шикiзатын өндiру жөнiндегi кен орындарын игеру жобаларын әзiрлеу және бекiту тәртiбiн айқындау;
      11) жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi, нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және бекiту.";

      4) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi
                уәкiлеттi органның құзыретi

      Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      1) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) тау-кен жұмыстарын дамытудың жоспарларын (жобаларын) бекiтедi;
      3) көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру жөнiндегi кен орындарын игеру жобаларын бекiтедi;
      4) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын бередi;
      5) пайдалы қазбалар қорларының, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпараттың, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және мониторинг жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалардың қорларын бекiтедi;
      6) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiс белгілерiнiң, қауiпті геологиялық процестердiң мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізедi;
        7) тарихи шығындардың көлемiн, жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алудың құны мен шарттарын айқындайды;  
        8) жер қойнауының геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді;
      9) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      10) жер қойнауын зерттеу және пайдалану мониторингiн жүзеге асырады;
      11) жер қойнауының ұтымды және кешендi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
      12) жылдық жұмыс бағдарламаларын келiседi;
      13) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзiрлеудi жүзеге асырады.";

      5) мынадай мазмұндағы 8-2 және 8-3-баптармен толықтырылсын:

      "8-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
                уәкiлетті органның құзыретi

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) жер қойнауын қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың Мемлекеттік кадастрын жүргiзедi;  P961285
        3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындайды;
      4) келiсiм-шарттық аумақтағы немесе оның шегiнен тыс жерлердегi барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттар мен қалдық суларды көмуге арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға рұқсат берудi келiседi.

      8-3-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де
               уәкiлеттi органдардың құзыретi

      1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) қазақстандық өндiрушiлердiң және Қазақстанда өндiрiлген, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және мiндеттi түрде конкурстық негiзде сатып алынатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң мемлекеттiк тiзілімiн қалыптастырады және жүргiзедi;
      2) облыстық атқарушы органдардың облыста тiркелген, мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарлар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететiн ұйымдар бойынша деректер тiркелiмiн қалыптастыру жөнiндегi қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      3) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдiстемесiн құзыреттi органмен келiсiм бойынша әзiрлейдi және бекiтеді;
      4) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға қатысты қазақстандық мазмұн бөлiгіндегi келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
      5) Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстердiң тізбесiн құзыреттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.
      2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын үйлестiрушi уәкiлеттi орган:
      1) қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдiстемесiн құзыреттi органмен келiсiм бойынша әзiрлейдi және бекiтедi;
      2) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды тарту бөлiгінде қазақстандық мазмұн бойынша келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады.";

      6) 13-бапта:
      1-2-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілеттi органның" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органмен келiсiм бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 13-1-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті орган конкурс жеңiмпазының немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаның өтiнiш берген күнiнен бастап жиырма күн iшiнде оларға геологиялық бөлудi бередi.";

      4-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 14-бапта:
      1-тармақта:
      "(еншiлес ұйымнан және әмбебап құқықтық мирасқорлық шарттармен беру жағдайларынан басқа)" деген сөздер алып тасталсын;

      "он бес" деген сөздер "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлдi органмен" деген сөздер "Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-1-тармақта:
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құзыреттi орган:
      1) егер жер қойнауын пайдалану құқығын беру көзделген тұлға жер қойнауын пайдаланушыға келісім-шартпен жүктелетін мiндеттемелердi немесе міндеттемелердiң бiр бөлiгiн (жер қойнауын пайдалану құқығы iшiнара берiлген жағдайда) орындауға қабiлетсiз болған;
      2) жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органға көрiнеу жалған ақпарат берген;
      3) егер жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына әкелiп соққан жағдайларда, оның ішiнде құқықтар келiсiм-шарт шеңберiнде шоғырландырылған және (немесе) құқықтар жер қойнауын пайдалану саласында операциялар жүргiзуге шоғырландырылған жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бас тартуға құқылы.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дау айтылуы мүмкiн.";

      үшiншi бөлiк алып тасталсын;

      9) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге
               жер қойнауын пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың
               ерекшелiктерi

      1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудi осы Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар жүргiзе алады.
      2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргiзу кезiндегi жұмыстар (операциялар) өңiрлiк және геологиялық-түсіру жұмыстарын, геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргiзудi, iздестiру, iздестiру-бағалау, iздестiру-барлау және барлау жұмыстарын, мемлекеттік геологиялық карталар жасауды, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердi, өздiгiнен ағып шығатын гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жоюды және консервациялауды қамтуы мүмкiн.
      3. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу бюджет қаражаты есебiнен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылуы мүмкін.";

      10) 41-2-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "инвестициялық бағдарламалар конкурсы" деген сөздер "конкурс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 41-3-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған жер қойнауы учаскесiнiң атауы;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) өтiнiм берушiнiң конкурсқа қатысу үшін жарна төлегені туралы құжаттың көшiрмесi болуға тиіс.";

      12) 41-4-баптың 1-тармағының бiрiншi сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өтiнiм берушi осы Заңның 41-3-бабының талаптарын сақтаған жағдайда өтiнiм қарауға қабылданады.";

      13) 41-5-баптың 2-тармағында:
      1-1) тармақша "қаржылық" деген сөзден кейін ", техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-3) тармақшадағы "жұмыс iстейтiн қызметкерлердi олардың жалпы санының процентi есебiмен" деген сөздер "жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы санының процентi есебiмен қазақстандық кадрларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 41-6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) өтiнiм берушiнiң конкурстық ұсынысында көрсетiлген барлау мен (немесе) өндіру үшін қажеттi техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық мүмкіндіктерге ие екендiгiнiң немесе ие болатындығының құжаттамалық айғақтарының конкурстық ұсыныста болмауы.";

      15) 41-7-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi бөлігіндегі "айқындайды." деген сөз "айқындайды, ал кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткiзілген кезде комиссия құрамын облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар айқындайды." деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "Бiр" деген сөз "Бiр өтінім немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта:
      "келiсiм-шарттың жобасын" деген сөздер "келiсiм-шартты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "бiр жылдан артық мерзiмде" деген сөздер "конкурс жеңiмпазы деп тану туралы шешiм шығарылған күннен бастап он екi ай iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 42-бапта:
      2-3-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:
      "2-4. Тараптар келiсiм-шартты жасасқан кезде жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарт бойынша жұмыстарды орындауға тартылатын қазақстандық персоналға төлейтiн, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыруының ресми ставкасын негiзге ала отырып жыл сайын индекстелетiн жалақының деңгейiн келiседi.";

      17) 43-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер барлауды және (немесе) өндiрудi жүргiзген кезде кен орны географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңiзде орналасқанына қарамастан) көрсетілген геологиялық немесе тау-кендiк бөлудегi келісім-шарттық аумақ шегінен шығып кеткенi байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені құзыреттi орган конкурс өткiзбестен келісім-шарт талаптарын өзгерту арқылы шешуге тиіс.";

      18) 44-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
      "жер қойнауын қорғау," деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану," деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", сондай-ақ қазақстандық мазмұнның бар екендігі жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;

      4 және 6-тармақтар алып тасталсын;

      19) 45-1-бапта:
      2-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 45-2-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы "жағдайда бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы." деген сөздер "жағдайда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) осы Заңның 71-бабының мемлекеттiң басым құқығына қатысты үшiншi бөлігін орындамаған жағдайда бiржақты тәртіппен бұзуға құқылы.";

      21) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"6-тарау. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау,
жер қойнауын зерттеу мен пайдалану";

      22) 47-баптың тақырыбы мен бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғаудың,
               жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудың мiндеттерi

      Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану:";

      23) 49-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану
               мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар";

      1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесе отырып, жер қойнауын зерттеу және пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар айқындайды. Зиянды есептеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";

      24) 50-баптың 1-тармағындағы "мәселелерiмен шұғылданатын атқарушы органдардың" деген сөздер "саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау

      1. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылаудың мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргізген кезде жер қойнауының ластануын болғызбау және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайту бөлiгiнде сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау:
      1) жер қойнауын қорғаудың мемлекеттiк мониторингін;
      2) жер қойнауын қорғау саласына жататын лицензиялық-келiсiм-шарттық талаптардың сақталуын бақылауды;
      3) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудi және қалдық суларды ағызуды бақылауды;
      4) жер қойнауының кен орны мен қоршаған ортаның бүлiнуiне әкеп соғатын ластанудан, су басудан, өрттен және техногендiк процестерден сақталуын бақылауды;
      5) жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң консервациялануын және жойылуын бақылауды;
      6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiнде авариялар мен өзге де қауіптi жағдайларды болғызбау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтиды.";

      26) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:

      "51-1-бап. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды
                 мемлекеттiк бақылау

      1. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылау мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын iздестiру және бағалау, өндiру кезiнде минералды шикiзатты ұтымды және кешендi пайдалану, өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшiн геологиялық зерттеу және жер қойнауы учаскелерiн бағалау кезiнде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылaу:
      1) қорларды ашуды, дайындауды және қазып алуды қамтамасыз ететiн, кен орындарының бай учаскелерiн таңдап игерудi болғызбайтын жер қойнауын геологиялық зерттеу мен пайдалануды, кен орындарын игерудiң техникалық жобалары шешiмдерiнiң сақталуын бақылауды;
      2) пайдалы қазбалардың сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорлары мен оларды өндiру кезiндегi ысырапты есепке алудың дұрыстығын бақылауды қамтиды.";

      27) 52-1-баптың 2-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 53-бапта:
      1-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органының" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "пайдалану" деген сөз "зерттеу және пайдалану жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 58-бапта:
      1-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөнiндегi уәкілеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті орган мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы жөнiндегi ақпаратты табыс етедi.";

      30) 59-баптың 1-тармағында:
      "жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "республикалық" деген сөз "салалық (секторлық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 60-баптың 1-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 61-баптың 1-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 63-баптың 1-тармағында:
      12) тармақшадағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) тармақшадағы "сақтандыруға мiндеттi." деген сөздер "сақтандыруға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
      "19) келiсiм-шарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргiзуге мiндеттi.";

      34) 64-бапта:
      2-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Барлау, өндiру не бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзетiн жер қойнауын пайдаланушы жылдық жұмыс бағдарламасын жыл сайын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органмен, егер келiсiм-шартта мұндай келісу үшін өзгеше мерзiм белгiленбесе, бiрiншi жылы - келiсiм-шарт жасалған айдан кейінгі айдың 30-нан кешiктiрмей, ал одан кейiнгі жылдары жоспар жасалып отырған жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей келiсуге мiндеттi.
      Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті орган мердiгердiң техникалық жобаның шешімдерiн және кен орындарын игерудiң оң тәжiрибесiн қолдану жөніндегі мiндеттемелердi сақтамауынан басқа ешқандай өзге негiздер бойынша жылдық жұмыс бағдарламасымен келiспеуге құқылы емес. Жылдық жұмыс бағдарламасын қарау және келiсу мерзiмi жетi күннен аспауға тиіс.";

      4-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жылдық жұмыс бағдарламаларының келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн олардың келiсiлген күнінен бастап бір айдан кешiктiрмей құзыреттi органға табыс етеді.";

      35) 69-бапта:
      1-1-тармақта:
      "2-тармағына" деген сөздер "3-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген  сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Мемлекеттік меншiктегi геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігi ретiнде айқындалады.
       Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.";

      4-тармақтың бiрiншi бөлігінде:
      "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi өкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi өкiлеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі өкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 70-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн
                 мемлекеттік органдар тарапынан бақылау

      Жер қойнауын пайдаланушының қызметін бақылауды, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы құзыретті орган мен уәкiлетті органдардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.";

      37) 71-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiздерін сақтау және нығайту үшiн жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келiсiм-шарттарда, жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөнiндегi келiсiм-шарттарды қоспағанда, мемлекеттің келiсiм-шарттың басқа тарабының немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға қатысушыларының және басқа тұлғалардың алдында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) оларға әсер етуге мүмкiндiгi бар заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен айырылған құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлесiн (акциялар пакетін) басқа сатып алушылар ұсынғаннан төмен емес шарттармен сатып алуға басым құқығы бар.".

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 173-құжат; 2000 ж., N 5, 115-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 142-құжат):

      18-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының стратегиялық peсурстарын пайдалану жөнiндегi келiсiм-шарттар жасалған (өзгертiлген) кезде, осы келiсiм-шарттардың орындалуы мен олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ мемлекеттік органның жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға iшiнара немесе толық беруiне рұқсат беруi немесе рұқсат беруден бас тартуы туралы шешiм қабылдауы кезiнде және жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруға рұқсат беруi немесе рұқсат беруден бас тартуы кезiнде мiндеттi түрде ескерiледi.
      Бұл ретте мемлекеттiк орган, өтiнiм берушіге осы тармақта көзделген мәмiлелердi жасауға рұқсат беруден, егер бұл бір елден шыққан бір тұлғада немесе тұлғалар тобында мұнай операцияларын жүргізу құқықтарының шоғырлануына әкеп соғатын болса, бас тартуға құқылы.
      Аффилиирленген тұлғалармен мәмiлелерге қатысты да осы шарттың сақталуы мiндеттi.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының стратегиялық ресурстарына (объектiлерiне) меншiк құқығының ауысуына және туындауына шектеу қояды.".

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi