Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негіздерінің мәртебесі, оларды әзірлеу, қабылдау және іске асыру тәртібі туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 20 мамырдағы N 53 Заңы

Қолданыстағы

      Астанада 2004 жылғы 18 маусымда жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негіздерінің мәртебесі, оларды әзірлеу, қабылдау және іске асыру тәртібі туралы шарт бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
Мемлекетаралық кеңесі
Шешім

2004 жылғы 18 маусым             N 173              Астана қаласы

  Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы
негiздерiнiң мәртебесi, оларды әзiрлеу, қабылдау
және iске асыру тәртiбi туралы шарт туралы

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесі (мемлекет басшыларының деңгейінде) 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартының 7-бабын дамыту үшін келісілген құқықтық саясатты жүргізу және Қоғамдастықтың құқықтық жүйесін жетілдіру мақсатында
       шешті:
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негiздерiнiң мәртебесi, оларды әзiрлеу, қабылдау және iске асыру тәртiбi туралы шарт (қоса беріліп отыр) қабылдансын.

ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің мүшелері:

       Беларусь
      Республикасынан
      Қазақстан
      Республикасынан
      Қырғыз
      Республикасынан
      Ресей
      Федерациясынан
      Тәжікстан
      Республикасынан

  Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы
негiздерiнiң мәртебесi, оларды әзiрлеу, қабылдау
және iске асыру тәртiбi туралы
ШАРТ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер,
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартты және 1999 жылғы 26 қазандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруды құқықтық қамтамасыз ету туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) шеңберiнде тиiмдi интеграциялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн келісілген құқықтық саясатты жүргiзуге ұмтыла отырып,
      ЕурАзЭҚ шеңберiндегi құқық қатынастарды реттеудiң бiрiздендiрiлген тәртiбiн әзiрлеу қажеттiлiгiн мойындай отырып,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

  1-бап. Реттеу мәнi

      Осы Шартпен Тараптар Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негiздерiнiң (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерi) мәртебесiн айқындайды, оларды әзiрлеудiң, қараудың, қабылдаудың, өзгертудiң, күшiн тоқтата тұрудың және тоқтатудың бiрiздендiрiлген тәртібiн белгiлейдi.
      ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерi ретiнде Тараптар үшiн құқық қатынастарының базалық салаларындағы бiрыңғай құқықтық реттеу нормаларын белгiлейтiн және Тараптардың тиiстi келiсiмдердi (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн қабылдау туралы келiсiмдер) жасасу жолымен қабылданатын ЕурАзЭҚ-тың құқықтық актiлерi түсiнiледi.

  2-бап. ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн
әзiрлеу қағидаттары

      ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiн әзiрлеу кезiнде мынадай қағидаттар сақталуы тиiс:
      а) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жалпыға танымал халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкестiгi;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн қолданудың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салдарларын жан-жақты пысықтау.

  3-бап. ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн әзiрлеу,
қарау, қабылдау, өзгерту, күшiн тоқтата тұру
және тоқтату

      ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiн әзiрлеу, қарау, қабылдау, өзгерту, күшiн тоқтата тұру және тоқтату қоса берiлiп отырған осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiн әзiрлеу, қарау, қабылдау, өзгерту, күшiн тоқтата тұру және тоқтату тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.

  4-бап. ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн қабылдау
туралы келiсiмдердiң күшiне ену тәртiбi

      ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн қабылдау туралы келiсiмдер Тараптардың олардың күшiне енуi үшiн қажет мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

  5-бап. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң
iске асырылуын бақылау

      Тараптардың мемлекеттік органдары өз құзыретi шегiнде заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiне сәйкестiгiн тексеру және Тараптардың парламенттерi мен үкiметтерiне тиісті aқпapaт ұсыну мақсатында құқықтық сараптама жүргiзу жолымен ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
      ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiн, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясын және ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiн ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң iске асырылуы туралы хабардар етедi.

  6-бап. Ақпарат алмасу

      Тараптар ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы арқылы ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң iске асырылуы туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

  7-бап. Күшiне енуi

      Осы Шарт бекiтiлуге жатады және соңғы бекiту грамотасы депозитарийге тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.

  8-бап. Қосылу

      Осы Шарт ЕурАзЭҚ-қа кiрген кез келген мемлекеттiң оған қосылуы үшiн ашық. Осы Шартқа қосылу туралы құжат депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      Қосылған мемлекет үшiн осы Шарт қосылу туралы құжат депозитарийге тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.

  9-бап. Басқа халықаралық шарттармен ара қатынасы

      Осы Шарт Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  10-бап. Өзгерiстер енгiзу

      Осы Шартқа өзгерiстер Тараптардың өзара келiсiмi бойынша енгізiледi және осы Шарттың ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi және осы Шарттың 7-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi.

  11-бап. Дауларды шешу

      Тараптардың арасында осы Шартты түсiндiру және/немесе қолдану туралы даулар туындаған жағдайда олар Тараптар арасындағы келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешiлетiн болады.

  12-бап. Қолданылу мерзiмi

      Осы Шарт белгiленбеген мерзiмге жасалады. Тараптардың әрқайсысының ЕурАзЭҚ шеңберiндегi өзi мiндеттемелерiн алдын ала реттей отырып, бұл туралы депозитарийге кемiнде он екi ай бұрын, жазбаша хабарлау жолымен осы Шарттан шығуға құқығы бар.

      2004 жылғы 18 маусымда Астана қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.

2004 жылғы 18 маусымдағы     
Еуразиялық экономикалық      
қоғамдастықтың заңнамасы     
негiздерiнiң мәртебесi, оларды  
әзiрлеу, қабылдау және iске асыру 
тәртiбi туралы шартқа қосымша  

  ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн әзiрлеу, қарау,
қабылдау, өзгерту, күшiн тоқтата тұру және тоқтату
ТӘРТIБI

  I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiп ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн әзiрлеудi, қарауды, қабылдауды, өзгертудi, қызметiн тоқтата тұруды және тоқтатуды ұйымдастыру жүйесiн белгілейдi.
      2. ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн әзiрлеу, қарау және қабылдау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi дайындық ұйымдастыру-құқықтық iс-шараларын жүргiзуi жұмыс топтарының ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеуi;
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын Тараптар үкiметтерiнiң қарауы;
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының қарауы;
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетiнiң қарауы;
      EуpAзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын қарау және оларды ЕурАзЭҚ-тың мемлекет басшылары деңгейiндегi Мемлекетаралық Кеңесiнiң қабылдауы.
      3. ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн өзгерту, күшiн тоқтата тұру және тоқтату осы Тәртiпте оларды әзiрлеу, қарау және қабылдау үшiн көзделген рәсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

  II. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын
әзiрлеу жөнiндегi дайындық ұйымдастыру-құқықтық
iс-шаралары

      4. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi дайындық ұйымдастыру-құқықтық iс-шараларына:
      а) ЕурАзЭҚ-тағы интеграциялық процестердi дамыту нәтижелерiн талдау және қорыту, құқықтық регламенттеу қажеттiлiгiн анықтау, тиiстi құқық қатынастар салаларындағы құқықтық реттеу тетiгiн оңтайландыру және бiріздендіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      б) ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы кеңестер мен комиссиялардың, сондай-ақ ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi тұрақты комиссияларының заң жобалау ұсыныстарын қарау;
      в) Тараптардың ұлттық заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн салыстырмалы-құқықтық талдау, құқық қолдану практикасын талдау;
      г) Тараптардың заң шығармашылық қызметiнiң жоспарларын зерделеу;
      д) ЕурАзЭҚ шеңберiнде жасалған халықаралық шарттар және ЕурАзЭҚ органдарының шешiмдерi бойынша мiндеттемелердiң орындалуын талдау;
      e) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы мен ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң шешiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн басқа да iс-шаралар кiредi.
      5. Осы Тәртiптiң 4-тармағында көрсетiлген iс-шараларды өз құзыретi шегiнде ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссиялары, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы, ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы, ЕурАзЭҚ-тың көмекшi органдары, сондай-ақ ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң жанындағы кеңестер мен комиссиялар жүзеге асырады.
      6. Iс-шараларды өткiзу нәтижелерi бойынша ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар жасайды.
      7. Құқық қатынастарының тиiстi саласында ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобасын әзiрлеу жөнiндегi ұсыныс жоба тұжырымдамасы мен ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн әзiрлеу қажеттiлiгiнiң негiздемесiн қамтиды.
      8. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстар Тараптардың үкiметтерiмен келiсiлуге тиiс, содан кейiн ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының қарауына енгiзiледi және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының заңшығармашылығы қызметінің бағдарламасына енгiзiледi.

  III. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын
әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобының ЕурАзЭҚ заңнамасы
негiздерiнiң жобаларын әзiрлеуi

      9. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеудi ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының заң шығармашылығы қызметiнің бағдарламасына сәйкес ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс топтары (бұдан әрi - жұмыс топтары) жүзеге асырады.
      10. Жұмыс топтарының құрамын Тараптардың және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының ұсыныстарын ескере отырып, ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетi қалыптастырады.
      11. Жұмыс топтарының құрамына:
      а) ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы тұрақты комиссияларының мүшелері;
      б) ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің жанындағы кеңестер мен комиссиялардың мүшелері;
      в) ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптама кеңестерiнiң мүшелерi;
      г) ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Бюросы Хатшылығының және ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi Хатшылығының қызметкерлерi;
      д) Тараптардың мемлекеттiк органдарының қызметкерлерi;
      е) қызметтерi заң шығармашылығы, құқық қолдану және ғылыми-зерттеу қызметiмен байланысты ғылыми және басқа да ұйымдардың қызметкерлерi кiре алады.
      12. Жұмыс топтарының басшылары және олардың орынбасарлары жұмыс топтары мүшелерiнiң арасынан сайланады.
      13. Жұмыс топтарының қызметiн ақпараттық, құқықтық, материалдық-техникалық және ұйымдық қамтамасыз етудi ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы жүзеге асырады.
      14. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеудi қаржыландыру ЕурАзЭҚ бюджетiнде ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Бюросы Хатшылығының қызметiн қамтамасыз етуге көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

  IV. Тараптар үкiметтерiнiң ЕурАзЭҚ заңнамасы
негіздерiнiң жобаларын қарауы

      15. Жұмыс топтары әзiрлеген ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблея Бюросының Хатшылығы ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы арқылы Тараптардың үкiметтерiне жiбередi.
      16. Тараптардың үкiметтерi ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобалары жөнiндегi қорытындыларды ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы арқылы ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығына жiбередi.

  V. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын
ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының қарауы

      17. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Регламентiнде белгiленген тәртiппен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы қарайды.
      18. ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларына қатысты мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      а) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобалары негiзiнен мақұлдансын және ол ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң қарауына жiберiлсiн;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобасы жұмыс тобына пысықтауға жіберілсін.

  VI. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң қарауы

      19. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетi рәсiмдерiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетi қарайды.
      20. ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетi ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларына қатысты мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      а) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобасы мақұлдансын және ол ЕурАзЭҚ-тың мемлекет басшылары деңгейiндегi Мемлекетаралық Кеңесiнiң қарауына енгiзiлсiн;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобасы ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясына пысықтауға жiберiлсiн.

  VII. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын
ЕурАзЭҚ-тың мемлекет басшылары деңгейiндегi
Мемлекетаралық Кеңесiнiң қарауы және
оларды қабылдауы

      21. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесi рәсiмдерiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ЕурАзЭҚ-тың мемлекет басшылары деңгейiндегi Мемлекетаралық Кеңесi қарайды.
      22. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын қараудың нәтижелерi бойынша ЕурАзЭҚ-тың мемлекет басшылары деңгейiндегi Мемлекетаралық Кеңесi мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      а) ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн қабылдау туралы келiсiм қабылдансын;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобасы ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiне пысықтауға жiберiлсiн.