"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 38 Заңы

Қолданыстағы

      1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 59 және 60-тармақтармен толықтырылсын:
      "59. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатымен құрылыстың әзірлігін және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін қызметтер кешенін көрсету.
      60. Техникалық қадағалау - жобаны іске асырудың барлық сатысында орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, құрылысты қадағалау.";

      2) 3-баптың 2-тармағы 9) тармақшасындағы "жүзеге асыру болып табылады." деген сөздер "жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) инжинирингтік қызметтерді тарту және көрсету болып табылады.";

      3) 6-баптың 4-тармағы 3) тармақшасындағы "ғимараттар жатады." деген сөздер "ғимараттар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мүгедектердің тұруына, келіп-кетуіне және жұмыс істеуіне арналған үй-жайлар мен ғимараттар жатады.";

      4) 19-бап мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету ережесін бекітеді;
      17) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тарту тәртібін белгілейді.";

      5) 20-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) объектілер құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру ережелерін әзірлеу және бекіту;";

      6) 6-тарау мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

      "34-1-бап. Техникалық қадағалау

      1. Мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдануына жататын объектілердің құрылысы кезінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылуға тиіс.
      2. Техникалық қадағалауды тапсырысшы объектілер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебінен шарт негізінде инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырысшылар) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін нарықта әрекет ететін инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тартуға құқылы.".

      2. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті