1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат; N 17, 101-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
14-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "табылса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді." деген сөздер "табылса;" деген сөзбен ауыстырылып, 2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйымдар болып табылса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.".