Техникалық реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

РҚАО-ның ескертпесі!
Заңға өзгерістер енгізу көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен
(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз).

      РҚАО-ның ескертуі: Осы Заңның күшіне ену тәртібін 47-баптың 1-тармағынан қараңыз.

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен, "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актіде", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiге", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң" деген сөздер тиiсiнше "техникалық регламенттерде", "техникалық регламенттер" "техникалық регламенттердiң", "техникалық регламенттердi", "техникалық регламент", "техникалық регламенттермен", "техникалық регламенттерге", "техникалық регламентте", "техникалық регламенттi", "техникалық регламентке", "техникалық регламенттерiн",  "техникалық регламенттiң" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
      бүкіл мәтін бойынша "мен қадағалау", "мен қадағалауды" деген сөздер алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу - аккредиттеу жөнiндегi орган өтініш берушінің белгiлi бiр салада техникалық реттеу объектiлерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсiм;
      2) (алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      3) (алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      4) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;
      4-1) алдын ала ұлттық стандарт – қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді, уақытша қолданылатын стандарт;
      5) аудит (сәйкестiктi растау саласындағы) - сәйкестiктi растау жөнiндегi аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiн жүйелi, тәуелсiз құжатталған талдау, сондай-ақ өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша жүргiзiлетiн сертификатталған өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң, сапа менеджментi жүйелерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бақылау;
      5-1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарт – белгіленген және арнайы пайдалану мақсатында әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық құжат.
      6) берушi - өнiм беретiн, қызмет көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
      7) дайындаушы (орындаушы) - өнiмдi кейiннен иелiктен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн өндiретiн, сондай-ақ өтеулi және (немесе) өтеусiз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалар;
      8) инспекциялық бақылау - сертификатталған өнiмнiң, процестiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi аккредиттелген органның уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асыратын тексеруi;
      9) (алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      9-1) консорциум стандарты – консорциум әзірлеген және бекіткен, оның мүшелері қолданатын стандарт;
      10) көрсетiлетiн қызмет - берушi мен тұтынушының тiкелей өзара iс-қимылының және берушiнiң тұтынушы қажеттiктерiн қанағаттандыру жөнiндегi iшкi қызметiнiң қорытындылары;
      11) қауiп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне зиян келтiру ықтималдығы;
      12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі – өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы;
      14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі – ұйымдар стандарттарын және консорциум стандарттарын қоспағанда, техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;
      15) мүдделi тараптар - қызметi техникалық регламенттердi әзiрлеумен тiкелей байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;
      16) мiндеттi сертификаттау – сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсімі;
      17) негiзге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудiң белгiлi бiр саласына арналған жалпы ережелерi бар стандарт;
      17-1) нормативтік техникалық құжат – техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;
      17-2) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры - мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы;
      18) өнiм - процестiң немесе қызметтiң нәтижесi;
      18-1) өнімді каталогтау жүйесі – өнімнің сипаттамасы мен дайындаушылары туралы ұйымдастырушылық-техникалық ақпараттық жүйе;
      19) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiру - белгiлi бiр өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi ерекшелейтiн белгiлерi бойынша бiржақты тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;
      20) өнiмнiң және процестердiң қауiпсiздiгi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) - қауiптi фактордың iске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейiнiң ұштасуын ескере отырып, адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне зиян келтiруiне байланысты жол берiлмейтiн қауiп-қатердiң болмауы;
      21) өнiмнiң өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;
      22) өңiрлiк стандарт - стандарттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт;
      23) өтiнiм берушi - сәйкестiгiн растау үшiн өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестiктi растау саласында) өтiнiм берген заңды тұлғалар;
      24) процесс - өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
      25) сәйкестiк белгiсi - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмiнен өткенi туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгi;
      26) сәйкестiк сертификаты - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiне сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
      27) (алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      28) сәйкестiк туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
      29) сәйкестiктi ерiктi растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргiзiлiп, өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтiнiм берушiнiң арнайы талаптарына сәйкестiгiн растау жүзеге асырылатын рәсiм; 
      30) сәйкестiктi мiндеттi растау - өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жүзеге асырылатын рәсiм;
      31) сәйкестiктi растау - нәтижесi объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн құжаттамалық куәландыру (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiнде) болып табылатын рәсім;
      31-1) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен аттестатталған жеке тұлғалар;
      32) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган - сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
      33) сәйкестiктi растау нысаны - нәтижелерi өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiнiң дәлелi ретiнде қаралатын iс-қимылдардың жиынтығы;
      34) сәйкестікті растау саласындағы құжат – сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы, беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация;
      35) сәйкестiктi растау схемасы - объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн осы жұмысты жүргiзудiң нақты кезеңдерiн (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, нормативтiк және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсiлдерi;
      36) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      37) сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм;
      38) стандарт - көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат;
      39) стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет;
      40) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжат - стандарттау жөнiндегi қызметтiң әр түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн құжат;
      41) стандарттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым - географиялық немесе экономикалық бiр ғана өңiрдiң стандарттау жөнiндегi тиiстi органдары қызметiне қатысу үшiн ашық болатын стандарттау жөнiндегi ұйым;
      42) стандарттау жөнiндегi техникалық комитет - бекiтiлген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзiрлеу және мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысу үшiн ерiктi негiзде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесшi орган;
      43) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) – зерттеулердi, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан жұмыс істейтін оның құрылымдық бөлiмшесi;
      44) техникалық кедергi - техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлiлiгi немесе өзгермелiлiгi салдарынан туындайтын кедергi;
      45) техникалық регламент - өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын нормативтiк құқықтық акт;
      46) техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу;
      47) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      48) техникалық сарапшы - сәйкестiгi расталатын объектiге қатысты арнаулы бiлiмi немесе тәжiрибесi бар жеке тұлға;
      49) техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiшi – техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын бiлдiретiн құжат;
      50) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      51) ұлттық стандарт – уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт;
      52) ұйым стандарты – ұйым дербес бекіткен стандарт;
      53) үйлестiрiлген стандарт - техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететiн стандарт;
      53-1) үкіметтік емес стандарт – Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымы әзірлеген және бекіткен стандарт;
      54) халықаралық стандарт - стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт.
      55) шет мемлекеттiң стандарты – шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетімді стандарт.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық
             реттеу саласындағы заңнамасы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

     1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
     2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

     1. Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
     2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
     3. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.

      4-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары
            мен принциптерi

      1. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары:
      1) мiндеттi регламенттеу саласында:
      өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу;
      саудадағы техникалық кедергiлердi жою;
      2) стандарттау саласында:
      отандық өнiмнiң бәсекеге-қабiлеттiлiгiн арттыру;
      табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.
      2. Техникалық реттеу:
      1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;
      2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;
      3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;
      4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;
      5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;
      6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;
      7) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердiң, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
      8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;
      9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;
      10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөнiндегi өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;
      11) бiр мемлекеттiк органда мемлекеттiк бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;
      12) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;
      13) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-бап. Мемлекеттiк техникалық реттеу
            жүйесiнiң құрылымы

     Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын:
     1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
     2) уәкiлетті орган;
     3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар;
     3-1) аккредиттеу жөнiндегi орган;
     4) мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
     5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөнiндегi ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы);
     6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
     7) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, зертханалар;
     8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар;
     9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры құрайды.
     Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
             техникалық реттеу саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
      1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      2) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құру;
      3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;
      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      8-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      9) (алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      10-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      12) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау;
      13) кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті органды (ұйымды) белгілеу;
      14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      14-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      14-2) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау тәртібін бекіту, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын белгілеу;
      15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:
      Техникалық реттеу саласында:
      1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;
      2) техникалық реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;
      3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4-1) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды әзiрлейдi;
      5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
      6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
      7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
      8) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
      8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
      9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;
      10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді;
      11-1) алынып тасталды - ҚР 2009.07.11 № 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;
      13) алып тасталды.
      14) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымның қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және уәкілетті органның (ұйымның) қызметін ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына жыл сайынғы тексеруді жүргізу, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;
      15) техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитарийiн құру және жүргiзу қағидаларын бекітеді;
      16) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерінде консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
      17) техникалық регламенттерді бекітеді;
      18) әзірленген техникалық регламенттерді сараптауды, келісуді, техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұруды не күшін жоюды келісуді, оның ішінде салалық мемлекеттік органдардың техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұру не күшін жою мәселелеріне бастамашылық етуді жүзеге асырады;
      19) техникалық регламенттердi әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшiн жою тәртiбiн белгiлейді;
      20) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды;
      21) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды бекiтеді;
      22) тауардың шығарылған елін айқындау және тауардың шығарылуы туралы сертификат беру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
      23) өнiмдi таңбалау тәртiбiн белгiлейді.
      Стандарттау саласында:
      1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды;
      2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;
      3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;
      4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;
      6) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады;
      7) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді;
      8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды;
      10) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді.
      Сәйкестiктi растау саласында:
      1) алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      2) алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, тауардың шығарылған елiн айқындау жөнiндегі сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды дайындауды ұйымдастырады;
      3-1) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;
      5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;
      6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөнiндегi құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;
      7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салғастыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар еткен шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді.
      Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 № 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      8-бап. Мемлекеттiк органдардың техникалық реттеу
              саласындағы құзыретi

      Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:
      1) техникалық регламенттердiң және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;
      1-1) техникалық регламенттерді бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді;
      2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттердi әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгiзудi;
      3) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;
      4) техникалық регламенттердiң жобаларын әзiрлеу, мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;
      5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердiң, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк бақылау;
      6-1) техникалық регламенттерді, оның ішінде Кеден одағының техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды;
      7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарларды дайындауды және iске асыруды;
      8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм жөнiндегi зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды;
      9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды;
      10) үкіметтік емес стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасауды;
      11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       8-1-бап. Аккредиттеу жөнiндегi орган

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      9-бап. Мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық
            реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер

     1. Мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық регламенттердiң жобаларын әзiрлеу, техникалық регламенттердi әзiрлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн құрылады.
     2. Мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердiң құрамын және олар туралы ереженi мемлекеттiк органдар бекiтедi.
     Сарапшылық кеңестiң құрамына мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және басқа да мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

      10-бап. Ақпарат орталығы

      1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:
      1) қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердің сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы халықаралық екiжақты және көпжақты сипаттағы шарттарға мүшелiгi немесе қатысуы;
      3) әзiрленiп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері жобаларының жариялану көздерi туралы немесе олар жөніндегі ақпарат туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат хабарлама түрінде уәкілетті органның ресми баспа басылымында және ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде орналастырылады. Хабарламаның нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-бап. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер

     1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.
     Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.
     2. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне:
     1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
     2) ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң стандарттарын және шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қатысу;
     3) техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.
     3. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар

     1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнімді (көрсетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілер мен тұтынушылардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бекiтiлiп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар.
     Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс.
     Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөнiндегi органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.
     2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті міндетті растау мақсаты үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс.
     3. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
     1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;
     2) сәйкестікті міндетті және ерікті түрде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
     3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;
     4) сәйкестiк туралы декларацияларды тiркейдi;
     5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзедi, оның белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда, берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданылуын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданылуын уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;
     6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
     4. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:
     1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;
     2) алып тасталды
     3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.
     5. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:
     1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
     2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;
     3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыруға;
     4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
     6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау қағидаларын бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды заңсыз тіркегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
     7. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес.
     8. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органның меншiк, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негiзiнде сәйкестiктi растау жөнiндегi органның аккредиттеу саласында көзделген объектiлерiне уәкілетті орган айқындайтын көлемде сынақ жүргiзудi қамтамасыз ететiн зертханасы болуға тиiс.
     Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07. № 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Зертханалар

     1. (Алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
     2. (Алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
     3. Зертханалар сәйкестiктi растау жөнiндегi органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында:
     1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;
     2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектiлiгiн қамтамасыз етедi;
     3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;
     4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
     3-1. (Алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
     4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      14-бап. Техникалық реттеу саласындағы жеке және
             заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

     1. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар:
     1) техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен стандарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзiрлеу, өзгерту, күшiн жою жөнiндегі ұсыныстарды дайындайды;
     2) қажет болған жағдайда осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда стандарттау жөніндегі тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады.
     2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмдi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес оның техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай
              мемлекеттік қоры

      1. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
      2. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры, ұйымдардың стандарттары мен консорциум стандарттарын қоспағанда, қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері және нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпаратты қамтиды. Пайдаланушыларды көрсетілген құжаттардың ресми басылымдарымен қамтамасыз ету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      3. Ұйымның стандарты мен консорциум стандарттарын қоспағанда, әрбір стандартты, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiшін және нормативтік техникалық құжатты қабылдау туралы ақпаратты және олардың бір данасын құжатты қабылдаған тұлға бірыңғай ақпараттық жүйені құру үшін Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына жібереді.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөніндегі
              сарапшы-аудиторлардың құзыретi

     1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөнiндегi органның құрамында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiлi бiр түрлерiнiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады.
     Жеке тұлғалардың сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудитор ретiндегi қызметiн сәйкестiктi растау жөнiндегi бiр органның немесе зертхананың құрамында ғана жүзеге асыруға құқығы бар.
     Егер сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өтiнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiрсе немесе онымен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда болса, олар нақтылы өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құқылы емес.
     2. алып тасталды - ҚР 2009.07.11. № 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
     3. (Алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
     4. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      5. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. № 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-1-бап. Сараптама ұйымы және тауардың шығарылған елiн,
                Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының
                мәртебесін айқындау жөнiндегi
                сарапшы-аудиторлар

      1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған тауардың шығарылуы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесі туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.
      2. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
      3. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың құзыретi тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құқық беретін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы біліктілік аттестатымен расталады.
      Бiлiктiлiк аттестаттарын алған тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың тізіліміне енгiзiледi.
      4. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
      Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
      5. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия кемiнде бес адамнан құралуға тиiс.
      Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгізіледі. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның төрағасы оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады.
      6. Аттестаттаудан өту үшiн тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияға мынадай құжаттар:
      1) өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесi;
      4) оқу орталығы куәлiгiнiң не жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын сертификаттың көшiрмесi;
      5) тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге өзінің қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы он есептiң көшiрмесi;
      6) кемiнде екi жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кiтапшасынан үзiндi көшiрме ұсынылуға тиiс.
      7. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
      8. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға, егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады.
      Ескерту. 1-тарау 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.11. № 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Техникалық регламенттер

      17-бап. Жалпы ережелер

     1. Техникалық регламенттер осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.
     2. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
     3. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.
     Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.
     4. Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.
     5. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.
     6. Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.
     7. Техникалық регламенттерде оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламенттердi қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.
     8. Өнiмдi өндiру кезiнде үйлестiрiлген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердiң талаптары орындалған болып саналады.
     Өнiмдi өндiру кезiнде техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.
     Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      18-бап. Техникалық регламенттердiң мазмұны

     1. Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.
     2. Техникалық регламентте:
     1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;
     2) техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.
     Техникалық регламенттерде өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.
     3. Техникалық регламенттерде, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.
     4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттердi әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.
     5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламенттерде тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.
     6. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:
     1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;
     2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;
     3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.
     7. Өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптар техникалық регламенттерде ғана белгiленедi.
     Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      19-бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау,
              қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою
              ерекшелiктерi

     1. Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.
      2. Техникалық регламенттерді әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды өздерінің құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкілетті органға береді.
     3. Уәкiлеттi орган техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiту үшiн ұсынады. Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi бекiтiлген жоспар бекiтiлген күннен бастап бiр ай iшiнде жариялануға тиiс.
     Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарда көзделмеген техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
     4. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.
     5. Егер техникалық регламенттерде белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламенттерде белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:
     1) техникалық регламент қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;
     2) техникалық регламент туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.
     6. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.
     7. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:
     1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;
     2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;
     3) техникалық регламенттiң жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.
     8. Техникалық регламенттiң жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.
     9. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.
     10. Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.
     11. Техникалық регламенттi қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.
     12. Техникалық регламенттi төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.
     Техникалық регламенттi қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. CTAHДАРТТАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      20-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау
             жөнiндегi нормативтiк құжаттары

      1. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға:
      1) халықаралық стандарттар;
      2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар;
      3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;
      4) ұйымдар стандарттары;
      5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi ұсынымдары;
      6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;
      7) үкіметтік емес стандарт;
      8) консорциум стандарты;
      9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.
      2. Ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, осы бапта көрсетілген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
     Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.     

      21-бап. Ұлттық стандарттар

      1. Ұлттық стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе техникалық регламенттерде бұл туралы нұсқаулар қамтылған болса, міндетті болып табылады.
      2. Ұлттық стандарттар:
      1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастырушылық-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;
      2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына және қажет болған жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;
      3) процестерге арналған стандарттар;
      4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;
      5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнiмге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттар болып бөлiнедi.
      3. Негiзге алынатын ұлттық стандарттарды өз құзыреттері шегінде уәкiлеттi орган және мемлекеттік органдар, сондай-ақ қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар әзірлейді.
      4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы стандарттар ұлттық стандарттарды әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылады.
      5. Ұлттық стандарттарда:
      1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгi жөнiндегi қажеттi талаптар;
      2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтердi жiктеуге қойылатын талаптар;
      3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;
      4) терминдер мен анықтамалар;
      5) өнiм, көрсетiлетiн қызметтер сапасының деңгейін айқындайтын олардың тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;
      6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою қағидалары;
      7) сапасы мен қауiпсiздiгін сынау әдiстерi;
      8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
      9) менеджмент жүйелерiн енгiзудi қамтамасыз ететiн өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
      10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен қағидалар белгiленуi мүмкiн.
      6. Ұлттық стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.
     Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-1-бап. Алдын ала ұлттық стандарттар

      1. Алдын ала ұлттық стандарттар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.
      2. Алдын ала ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.
      3. Алдын ала ұлттық стандарттарда белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық және өңірлік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.
      4. Алдын ала ұлттық стандарттар ұлттық және өңірлік стандарттарды қайталамауға тиіс.
      5. Алдын ала ұлттық стандарттар сәйкестікті растау мақсаттары үшін қабылданады.
      Ескерту. 3-тарау 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-2-бап. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум
                стандарттары

      1. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.
      2. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттарында белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.
      3. Үкіметтік емес стандарттар ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарды қайталамауға тиіс және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді болуға тиіс.
      4. Консорциум стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін консорциум айқындайды.
      5. Үкіметтік емес стандарттарды республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.
      Ескерту. 3-тарау 21-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      22-бап. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық
              жiктеуiштерi

      1. Экономика салаларында пайдаланылатын және есепке алынуға тиiс техникалық-экономикалық ақпарат жiктелуге және код қойылуға жатады.
      2. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін әзiрлеу ұлттық стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарларына сәйкес жүргiзiледi.
      3. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiн әзiрлеудi, жүргiзудi және өзектi етуді жүзеге асырады.
      Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiнiң тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      4. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және оған код қою жүйесiн құру мен оның жұмыс істеуін бақылау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      23-бап. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар
             стандарттары және стандарттау жөнiндегi
             ұсынымдар

      1. Ұйымдардың стандарттарын ұйымдардың ішінде қолданылатын техникалық реттеу объектілеріне, оның ішінде өнімнің құрамдас бөліктеріне, терминологияға, қабылдау және бақылау жүйесіне,  технологиялық жарақтауға, құралға, сондай-ақ менеджмент жүйесі, өндіріске әзірлеу және қою шеңберінде ұйымдардағы қызметті басқаруға ұйымдар дербес әзірлейді және бекітеді және олар уәкілетті органда есепке алуға және тіркеуге жатпайды.
      Ұйымдардың қауіпсіздік талаптарын белгілейтін стандарттары техникалық регламенттердің және олармен үйлестірілген стандарттардың талаптарына қайшы келмеуге тиіс.
      Ұйымдардың стандарттары өнімді нарыққа айналымға шығару үшін қолданылмайды.
      1-1. Ұйым нарыққа айналымға шығаратын өнімге қолданыста техникалық регламент болмаған кезде алдын ала ұлттық стандарт әзірленеді және бекітіледі.
     2. Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге қатысты, қолданылу үшiн ерiктi ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн қамтиды.
     Ұсынымдардың жасалуына, ресiмделуiне, мазмұнына, баяндалуына, оларды әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолдану тәртiбiне қойылатын талаптарды оларды бекiтетiн ұйым белгiлейдi.
     Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      24-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет
              мемлекеттердiң стандарттау жөніндегі нормативтік
              құжаттарын қолдану

      1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық, өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, қағидалар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң және ұйымдардың стандарттары қолданылуы мүмкiн.
      2. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын ұлттық стандарттар ретiнде қолдану үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүше болуы;
      2) Қазақстан Республикасының cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;
      3) стандарттау жөніндегі уәкілетті орган мен халықаралық немесе өңірлік ұйым арасында cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы қажетті талаптар болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарын қолдануы Қазақстан Республикасының шарттарында немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында көрсетілген стандарттарға немесе шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сiлтемелер болған жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестiрiлген стандарттарда белгiленген талаптарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмауға және мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша олармен келісілуге тиіс.
      5. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану түпнұсқаларды ұстаушы ұйымдардың осы құжаттарды қолдануға авторлық құқықтары сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
      6. Халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестірілген стандарттарда белгіленген талаптарға қайшы келмеген, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмаған жағдайда, осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты осындай халықаралық, өңірлік стандарттарға және шет мемлекеттердің стандарттарына қолданылмайды.
     Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      25-бап. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстарды
               жоспарлау

      1. Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiндегi стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi.
      2. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарларын әзiрлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының және ғылыми-зерттеу жұмыстардың жоспарлары ескерiледi.
      3. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген жоспарлары ресми баспасөз басылымдарында және ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде жарияланады.
      4. Мемлекеттiк стандарттау жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгілейді.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      25-1-бап. Өнімді каталогтау жүйесі

      1. Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субъектілерін отандық өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
      2. Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім каталогтау жүйесінде тіркелуге жатады.
      3. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге:
      1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары;
      2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.
      4. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркелуге жататын өнімді өндірушілер уәкілетті органға өндірілген (өндірілетін) өнім туралы мәліметтерді өнімнің каталог парағында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.
      5. Уәкілетті орган каталог парағын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
      каталог парағын толтырудың дұрыстығын және онда көрсетілген мәліметтердің анықтығын тексереді;
      бұзушылықтар болмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметтерді өнімді каталогтау жүйесіне енгізеді және өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына, берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, олардың өнімді каталогтау жүйесіне енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді;
      каталог парағында толық емес не анық емес мәліметтер ұсынылу фактісі анықталған жағдайда, тіркеуден дәлелді жазбаша бас тартуды жібереді.
      6. Өндіруші каталог парағындағы мәліметтер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді көрсете отырып, каталог парағын уәкілетті органға жібереді.
      7. Уәкілетті орган өнімді:
      1) өндіруші таратылған;
      2) өндіруші өтініш жасаған;
      3) өнімді каталогтау жүйесіне өнімнің енгізілуі (қосылуы) үшін негіз болған анық емес мәліметтер ұсыну фактілері анықталған жағдайларда өнімді каталогтау жүйесінен алып тастайды.
      8. Осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда уәкілетті орган өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына өнімнің каталогтау жүйесінен алып тасталғаны туралы хабарлама жібереді.
      Ескерту. 3-тарау 25-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. СӘЙКЕСТIКТI РАСТАУ

      26-бап. Өнiмнiң және процестердiң белгiленген
             талаптарға сәйкестігін растау

     1. Өнiм (дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникадан басқа), процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады.
     2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауды:
     1) өнiмдi өндiрушi (орындаушы) сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау нысанында;
     2) өнiмдi тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестiктi растау жөніндегі органның сертификаттау жүргiзуi нысанында;
     3) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган сертификаттау жүргiзу және сәйкестiк сертификатын беру нысанында жүргiзедi.
     3. Сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды басқару мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.
     4. Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi сәйкестiктi растау саласында бiртұтас саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың, жүйе тiзiлiмiн жүргiзудiң негiзгi ережелерi мен рәсiмдерiн және сәйкестiктi растау мақсаттарын iске асыруға қажетті өзге де талаптарды белгiлейдi.
     5. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау мiндеттi немесе ерiктi сипатта болады.
     6. Шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдiк және халықаралық ұйымдар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруға құқылы.
     Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      27-бап. Сәйкестiктi мiндеттi растау

     1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде айқындалады.
     2. Сәйкестiктi мiндеттi растау:
     1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;
     2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.
     3. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі және сәйкестiктi растау схемалары бойынша жүзеге асырылады.
     4. Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық бақылау) болады және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар мен (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдаған кезде қолданады.
     Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн.
     5. Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшiн және оны нысаналы пайдаланбау үшiн әкелiнген, сондай-ақ iзгiлiк көмек желiсi бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды.
     Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      28-бап. Өнiмдi дайындаушылардың (орындаушылардың),
             сатушылардың сәйкестiктi растау саласындағы
             құқықтары мен мiндеттерi

     1. Өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) мен сатушылар:
     1) осы өнiм үшiн техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау нысаны мен схемасын таңдауға;
     2) аккредиттеу саласы өтiнiм берiлген өнiмге қолданылатын сәйкестiктi растау жөнiндегi кез келген органға жүгiнуге;
     3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгі мiндетті растаудан өткен өнiмге сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң сәйкестiк белгiсiн қолдануға;
     4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар мен аккредиттелген зертханалардың заңсыз әрекеттерiне уәкiлеттi органға шағым жасауға;
     5) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа шағым жасауға құқылы.
     2. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға тиiс өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар), сатушылар:
     1) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
     2) өнiмнiң сәйкестiгi расталуын жүргiзудi қамтамасыз етуге;
     3) егер бұл сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгi расталудан өткен өнiмге, инспекциялық бақылау жүргiзуге арналған жағдайларды қамтамасыз етуге;
     4) өнiмдi сәйкестiгi расталғаннан кейiн ғана өткiзуге;
     5) мемлекеттiк бақылау жүргiзiлген кезде мүдделi тараптарға қажеттi ақпаратты, өнiмнiң сәйкестiк сертификаттарын (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерiн), сәйкестiк туралы декларацияларды (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерiн) табыс етуге;
     6) iлеспе құжаттамада сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы декларация жөнiндегi мәлiметтердi көрсетуге;
     7) егер сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталса, не сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданысы тоқтатыла тұрса, күшi жойылса немесе тоқтатылса, өнiмдi өткiзудi тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;
     8) сәйкестiктi растау жөнiндегi органды техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнiм өндiрiсiнiң технологиялық процестерiне енгiзiлетiн өзгерiстер туралы хабардар етуге;
     9) сәйкестiктi растау нәтижелерi бойынша техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмнiң өндiрiлуiн тоқтата тұруға мiндеттi.
      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      29-бап. Сәйкестiк сертификаты

     1. Сәйкестiк сертификатын өтiнiм берушiге сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасына сәйкес барлық рәсiмдердi орындаудың оң нәтижелерi болған жағдайда өнiмге сәйкестiктi растау жөнiндегi орган бередi.
     2. Сәйкестiк сертификатында:
     1) өтiнiм берушiнiң, өнiмдi дайындаушының (орындаушының), сәйкестiк сертификатын берген органның атауы және орналасқан жерi;
     2) сертификатталған өнiмнiң бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн атауы;
     3) оның талаптарына сәйкестiкке сертификаттау жүргiзiлген техникалық регламенттiң атауы;
     4) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер туралы ақпарат;
     5) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiне дәлел ретiнде өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау жөнiндегi органға ұсынған құжаттары туралы ақпарат;
     6) сертификаттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
     3. Сәйкестiк сертификаты бланкiде ресiмделедi, оның нысаны мен толтырылу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
     Сәйкестiк сертификаты оны берген сәйкестiктi растау жөнiндегi органда тiркелуге тиiс.
     4. Сериялы шығарылатын өнiмге сәйкестiк сертификаты сәйкестiктi растау схемасында белгiленген мерзiмге берiледi.
     Сәйкестiк сертификатының күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.

      30-бап. Сәйкестiк белгiсi

      1. Сәйкестiк белгiсi сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткен өнiмдi таңбалауға арналады.
      2. Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      3. Сәйкестiк сертификатын алған дайындаушы (орындаушы), сатушы сәйкестiк белгiсiн сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген өзi үшiн қолайлы кез келген тәсiлмен қолдануға құқылы.
      4. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын және техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі растаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгiсiн қоюға жол берiлмейдi.
      5. Сәйкестік белгісімен таңбаланған өнімге сәйкестік сертификатының көшірмелері қоса берілмеуі мүмкін.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      31-бап. Сәйкестiк туралы декларация

     1. Егер бұл техникалық регламенттерде көзделген жағдайда, сәйкестiк туралы декларацияны сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмдi дайындаушы (орындаушы) ресiмдейдi, сондай-ақ ол сәйкестiгі мiндеттi расталуға жатпайтын кез келген өнiмге қатысты ерiктi түрде ресiмделедi.
     2. алып тасталды
     3. Сәйкестiк туралы декларацияда:
     1) өтiнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi;
     2) сәйкестiктi растау объектiсiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн осы объект туралы ақпарат;
     3) оның талаптарына сәйкестiгiне өнiм расталатын техникалық регламенттiң атауы;
     4) өтiнiм берушiнiң өнiмдi нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланған кезде оның қауiпсiз екендiгi және өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдағаны туралы өтiнiшi;
     5) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты туралы, сондай-ақ өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болған құжаттар туралы мәлiметтер;
     6) сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi;
     7) техникалық регламенттерде көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
     Сәйкестiк туралы декларацияның нысанын, декларацияларды ресiмдеу және тiркеу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
     4. Сәйкестiк туралы декларация осы өнiмдi шығарудың жоспарланған мерзiмiне сүйене отырып өнiмдi дайындаушы (орындаушы) белгiлеген, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге қабылданады.
     5. Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларация аккредиттеу саласына осы өнiм кiретiн сәйкестiктi растау жөнiндегi органда тiркелуге тиiс.
     6. Сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген және тiркелген сәйкестiк туралы декларацияның Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сәйкестiк сертификатына тең заңдық күшi бар.
     7. Сәйкестiктi декларациялау:
     1) өз дәлелдерi негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау;
     2) сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
     Сәйкестiктi растау үшiн дәлел ретiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдардың тiзбесi техникалық регламентте айқындалады.
     Дәлел ретiнде техникалық құжаттама, өз зерттеулерi (сынақтары) мен өлшемдерiнiң нәтижелерiн және (немесе) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін растау үшiн негiз болған басқа да құжаттар пайдаланылады.
     Өз дәлелдерi және сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiктi декларациялау кезiнде өтiнiм берушi өз дәлелдерiне қосымша таңдауы бойынша зертханада жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификатын ұсынуға құқылы.
     Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларацияны қабылдаған кезде, осындай өнiм үшiн техникалық регламенттерде сәйкестiктi растаудың өзге де нысандары көзделген жағдайды қоспағанда, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты дәлелдердiң құрамында пайдаланылуы мүмкiн.
     8. Сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталған кезден бастап үш жыл бойы сәйкестiк туралы декларацияның бiрiншi данасы мен сәйкестiктi растаудың дәлелi ретiнде пайдаланылатын материалдар - өтiнiм берушiде, ал сәйкестiк туралы декларацияның екiншi данасы оны тiркеген сәйкестiктi растау жөнiндегi органда сақталады.
      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      32-бап. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын
             өнiмнiң нарықтағы айналыс шарттары

     1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға (сертификаттауға немесе декларациялауға) жататын өнiмнiң белгiленген тәртiппен расталған, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгі оның нарықтағы айналысының қажеттi шарты болып табылады.
     2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, сәйкестігі растаудан өтпеген өнiмдi әкелуге және өткiзуге тыйым салынады.
     Мiндеттi сертификатталуға жататын және Қазақстан Республикасында одан өтпеген өнiмдi жарнамалауға жол берiлмейдi.
     3. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын импортталатын өнiмдi жеткiзуге жасалған шарттарда сәйкестiктi растау жөнiндегi мiндеттеме көзделуге тиiс.
     4. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және саудаға арналған импортталатын өнiмдi жеткiзуге жасалған шарттарда өнiмнiң, елдiң және дайындаушы кәсiпорынның (орындаушының) атауын, сақталу (жарамдылық, пайдалану) мерзiмiн, сақтау шарттарын, қолдану тәсiлiн қамтитын мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi ақпараттың (егер аталған ақпараттың болуы техникалық регламенттерде регламенттелсе) өнiммен қоса жүруi көзделуге тиiс.
      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      33-бап. Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау
             нәтижелерiн тану

     1. Шет мемлекеттердiң сәйкестiк сертификаттары, өнiмдi сынау хаттамалары, сәйкестiк белгiлерi халықаралық шарттарға немесе аккредиттеу жөніндегі халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес танылады.
     2. Шетелдiк сәйкестiк сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн және сәйкестiктi растау саласындағы өзге де құжаттарды тану тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақ хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға қолданылмайды.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      34-бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң
             сәйкестiгін ерiктi растау

     1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар қолданылмайтын өнiмнiң, процестердiң сәйкестiгiн ерiктi растау өтiнiм берушiнiң бастамасы және талаптары бойынша жүргiзiледi.
     Сәйкестiктi ерiктi растау, егер бұл техникалық регламентте белгiленсе, өнiмнiң сәйкестiгін мiндеттi растауды алмастыра алмайды.
     2. Сәйкестiктi ерiктi растауды сәйкестiктi растау жөнiндегi орган шарт негiзiнде жүргiзедi.
     3. алып тасталды
     Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  5-тарау. СӘЙКЕСТIКТI РАСТАУ ЖӨНIНДЕГI ОРГАНДАРДЫ ЖӘНЕ
ЗЕРТХАНАЛАРДЫ АККРЕДИТТЕУ

      35-бап. Аккредиттеу

      Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      36-бап. Аккредиттеу аттестаты

      Ескерту. 36-бап алып тасталды - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

6-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРДЕ БЕЛГIЛЕНГЕН ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТIК
БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ

      37-бап. Техникалық регламенттерде белгiленген
              талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды
              жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар

     1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау) уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi өзге де мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.
     2. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi, олардың лауазымды адамдары өткiзу сатысындағы өнiмге қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
     3. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары:
     1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
     2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткiзудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөнiндегi ықпал ету шараларын қолданады;
      3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жеке, заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі органның хабарламалары бойынша ғана жүргізеді.
      Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      38-бап. Мемлекеттiк бақылау объектiлерi

     Техникалық регламенттiң күшi қолданылатын өнiм, процестер, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар және зертханалар техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау объектiлерi болып табылады.

      39-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
             адамдар

     1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
     1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы;
     2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;
     3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – аумақтық бөлімшелердің басшылары;
     4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары – аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары;
     5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары – аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мамандары жатады.
     2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында санамаланған мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыретi шегінде мемлекеттiк органдар белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.
     3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
     Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
     Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 225 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 № 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      40-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
               адамдардың құқықтары

      1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
      1) техникалық реттеу саласындағы объектілерге техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға;
      2) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуға;
      3) мемлекеттiк бақылау үшiн:
      өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгiлердiң құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргiзуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебiне жатқыза отырып;
      өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгiлердiң құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргiзуге жұмсалған шығындарды тексерiлушi тұлғалардың есебiне жатқыза отырып, өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуға;
      4) егер өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын сәйкестiк туралы декларацияны немесе сәйкестiк сертификатын қолдану техникалық регламенттерде көзделсе, өнiмдi өткiзу сатысында өнiмдi дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшiрмесiн көрсетуiн талап етуге;
      5) мынадай жағдайларда:
      өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмегенде;
      сәйкестiгi мiндеттi түрде расталуға жататын өнiмге сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялар (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерi) болмағанда;
      өнiмдi сәйкестiк белгісімен, оған құқығы болмай тұрып, таңбалағанда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы және (немесе) бұзылу сипаты ескерiле отырып айқындалған мерзiмде өнiмдi өткiзуге тыйым салу туралы нұсқама беруге;
      6) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес еместiгі анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк туралы декларациялар мен сәйкестiк сертификаттары тiркелуiнiң күшiн тоқтата тұруға және (немесе) жоюға;
      7) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдi өткiзушi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершілiкке тартуға;
      8) өнiм өткiзуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөнiндегi комиссияларға Қазақстан Республикасының Үкiметi  белгiлеген тәртiппен қатысуға;
      9) дайын өнiмнiң техникалық регламенттерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыруға;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      2. Бас мемлекеттiк инспекторлардың және олардың орынбасарларының нұсқамаға қол қою құқығы болады.
      Нұсқамалардың нысандары мен оларды беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамаларды барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
      Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      41-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
             адамдардың мiндеттерi

     Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
     1) мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзуге, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық регламенттер туралы хабардар етуге;
     2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
     3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн сақтауға;
     4) мемлекеттiк бақылау жүргiзу нәтижелерiнiң негізiнде анықталған қиғаштықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

      42-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
             адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)
             шағымдану

     Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдануға болады.

      43-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
             адамдарды қорғау шаралары

     Егер мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өмiрi мен денсаулығына қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты зиян келтiрiлген болса, осы лауазымды адамдардың немесе олардың жақын туыстарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеткiзуге құқығы бар.

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ, ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ
АДАМДАРЫНЫҢ, ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗAҢHАМАСЫН
САҚТАМАҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

      44-бап. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды
              адамдарының мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру
             кезiндегi жауаптылығы

     1. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
     2. Мемлекеттiк органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.

      45-бап. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
              Республикасының техникалық реттеу саласындағы
              заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы

     1. Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы):
     1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң қауiпсiздiгi үшін;
     2) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн;
     3) осы Заңның 40-бабында көзделген мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
     2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.
      Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      46-бап. Өтпелi ережелер

     1. Осы Заңға сәйкес техникалық регламенттер қолданысқа енгізілгенге дейін осы Заңның 4-бабының 1-тармағында белгіленген, қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған стандарттау жөніндегі тиісті нормативтік құжаттардың талаптары Қазақстан Республикасының аумағында міндетті болып табылады.
     2. Техникалық регламенттер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн сәйкестiктi растау саласында сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстар "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
     3. Техникалық регламенттердiң қолданысқа енгiзiлуiне қарай Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген, оларды қайталайтын немесе оларға сәйкес келмейтiн стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттардың күшi жойылуға тиіс.
     4. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарға және зертханаларға белгiленген тәртiппен берiлген аккредиттеу туралы құжаттар, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген сертификаттар оларда көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн жарамды болып есептеледi.
     5. Техникалық регламенттер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн нақты объектiлерге қатысты техникалық реттеу осы Заңға қайшы келмейтiн бөлігінде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
      Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      47-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

     1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
     2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күшi жойылды деп танылсын:
     1) "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 724-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат);
     2) "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 725-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 15-16, 231-құжат; N 23, 321-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат).
     3. Осы Заңның 46-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңдары күшін жояды.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті