1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):
1) 61-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшiн алым.";
2) мынадай мазмұндағы 73-1-тараумен толықтырылсын:
"73-1-тарау. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң
ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшін алым
415-1-бап. Жалпы ережелер
1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым (бұдан әрi - алым) кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеген кезде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеуді (бұдан әрі - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi көлiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - тiркеушi орган) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады.
415-2-бап. Алым төлеушілер
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотека шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
415-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды
қайтару тәртiбi
1. Алым сомасы Қазақстан Pecпубликасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледі және тiркеушi органға тиiстi құжаттар берiлгенге дейiн төленеді.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалардың тіркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларын қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның тiркеу әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенiн растайтын тиiстi тiркеу органы берген құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн жүргiзiледi.".
2. 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат):
46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым;".
3. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат):
1) 1-баптың 41) тармақшасындағы "тiркеу" деген сөз "кемелер мен оларға құқықты мемлекеттiк тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 1-тармағындағы "тiркелуге" деген сөз "мемлекеттiк тiркелуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың 3-тармағындағы "тiркелген" деген сөз "мемлекеттік тiркелген" деген сөздермен, 4-тармағындағы "тіркелгенге дейiн," деген сөздер "мемлекеттік тіркелгенге дейiн жарамды болатын," деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-баптың 2-тармағындағы "тiркелуге" деген сөз "мемлекеттiк тiркелуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiндегi "тiркеген" деген сөз "мемлекеттік тiркеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 18-баптың бiрiншi бөлiгiндегі "кемелерді тiркеу" деген сөздер "кемелердi мемлекеттiк тiркеу" деген сөздермен, "құқықтарды тiркеу" деген сөздер "құқықтарды мемлекеттік тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 20-баптағы "тiркеу" деген сөз "мемлекеттiк тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 209-баптың 1-тармағындағы "тіркелуге" деген сөз "мемлекеттік тiркелуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 211-баптың тақырыбындағы "тiркеу" деген сөз "мемлекеттiк тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 212-бапта:
тақырыбындағы, 1-тармақтағы, 2-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлігінің бiрiншi абзацындағы, 4 және 8-тармақтардағы "тiркеудiң", "тiркегеннен", "тiркеу", "тіркелген", "тiркеген" деген сөздер "мемлекеттік тіркеудiң", "мемлекеттiк тiркегеннен", "мемлекеттік тiркеу", "мемлекеттiк тiркелген", "мемлекеттiк тiркеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "тiркеу талаптарына", "оны тiркеуден" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк тiркеу талаптарына", "оны мемлекеттiк тiркеуден" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "тiркеу туралы" деген сөздер "мемлекеттiк тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен алым алынады.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
11) 214-баптың мәтiнiндегi "тiркелген" деген сөз "мемлекеттік тіркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 217-баптың тақырыбындағы "тіркеудің" деген сөз "мемлекеттік тіркеудің" деген сөздермен ауыстырылсын және 1-тармағындағы "тiркеу" деген сөз "мемлекеттiк тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын.