Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өсiмдiктердi қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 584 Заңы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар, N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; 2004 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы" 2004 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      9-баптың 1-тармағында:
      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "53) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және қолдану жөнiндегi қызмет;";

      мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "53-1) тiркеу сынақтарына, өндiрiстiк сынақтарға және ғылыми зерттеулерге арналған тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, пестицидтердi (улы химикаттарды) және оларды өндiруге арналған бастапқы компоненттердi әкелу;".

      2. "Өсiмдiктердi қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 140-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесi;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесі;";

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "20-1) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау;";

      2) 6-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекiту;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және қолдану жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережелерiн әзiрлеу мен бекiту;";

      10) тармақша "пестицидтердi (улы химикаттарды)" деген сөздерден кейiн "өндiру (формуляциялау), өткiзу және" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) фитосанитариялық болжамның жасалуын;";

      4) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), әкелу, сақтау, өткiзу, тасымалдау және қолдану, сондай-ақ олардың тiркеу және өндiрiстiк сынақтарын жүргiзу мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жатады.";

      5) 14-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және қолдану жөнiндегi қызмет лицензиялануға тиiс.";

      3-тармақ "Пестицидтердi (улы химикаттарды)" деген сөздерден кейiн "өндiру (формуляциялау), өткiзу және" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 20-баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасы "ерекше қауiптi" деген сөздердiң алдынан "зиянды және" деген сөздермен толықтырылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті