"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 маусымдағы N 566 Заңы

Қолданыстағы

       1-бап.  "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-баптың 9) тармақшасы "кодекс -" деген сөзден кейiн "осы Заңның 3-1-бабында көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 2-баптың 4-тармағының бiрiншi абзацындағы "2)" деген цифр "1)" деген цифрмен ауыстырылсын;
      3) 3-баптың 2-тармағында:
      6) тармақша "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;";
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;";
      4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
      "3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен реттелетiн қоғамдық қатынастар
      Қазақстан Республикасының кодекстерi:
      1) бюджеттiк;
      2) азаматтық;
      3) азаматтық iс жүргізу;
      4) неке-отбасы;
      5) экологиялық;
      6) су;
      7) жер;
      8) орман;
      9) салық;
      10) кеден;
      11) көлiк;
      12) еңбек;
      13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
      14) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
      15) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
      16) қылмыстық iс жүргiзу сияқты бiртектес қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.";
      5) 4-бапта:
      2-тармақта:
      4), 5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
      5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары;";
      "7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;";
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;";
      4-тармақтағы "және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақ "мәслихаттарының нормативтiк" деген сөздерден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
      6) 16-бапта:
      2) тармақшадағы "Мемлекеттiк комитеттің қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда немесе өзге де заңдарда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң басқа бiр атауы" деген сөздер "орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; орталық мемлекеттiк орган ведомствосы басшысының бұйрығы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң өзге де нысаны" деген сөздермен ауыстырылсын; заңның мемлекеттiк тiлдегi бүкiл мәтiнi бойынша "әкiмият" деген сөз тиiстi жалғаулары ескерiле отырып "әкiмдiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы "Республикасы Әдiлет министрлiгiнде" деген сөздер "Республикасының әдiлет органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 21-баптың 1-тармағы "енгiзiледi." деген сөздiң алдынан ", қағазға түсiрiлiп және электронды жеткiзушiлер арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң реттейтiн құқық қатынастарына қарай осы актiлердiң жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргiзiлуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзiлетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргiзiлуi міндетті.";
      9) 25-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заң актiлерiмен;";
      "8-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволарының нормативтiк құқықтық актiлерi үшiн - осы органдардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен;";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөнiндегi құзыретi Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол берiледi.";
      10) 27-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      "5. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi жойылды деп танылған кезде, сонымен бiр мезгiлде осы актiге өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлген барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң не олардың бөлiктерiнiң күшi жойылды деп танылады.
      6. Күшiне енгiзiлмеген нормативтiк құқықтық актiлердi күшi жойылды деп тануға болмайды. Қажет болған кезде мұндай нормативтiк құқықтық актiлер жойылуы мүмкiн.";
      11) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "36-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi күшiне енгiзу және қолданысқа енгізу уақыты
      1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
      Осы Заңның 38-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
      2. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:
      1) Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң;
      2) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашқы ресми жарияланған күннен бастап;
      3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап;
      4) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар қабылданған күннен бастап, ал әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстiлерi - мемлекеттiк тiркеуден кейiн;
      5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      3. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, тарауларын, баптарын, бөлiктерiн, тармақтарын, тармақшаларын және баптарының абзацтарын қолданысқа енгiзудiң тұтас алғанда бүкiл акт үшiн белгiленгеннен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.
      4. Бұрын жауапкершiлiкке әкеп соқпаған iс-әрекеттер үшiн заңдық жауапкершiлiк көзделетiн не бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершiлiк белгіленетiн нормативтiк құқықтық актiнi, бұл акт ресми жарияланғаннан кейiн он күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.
      5. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң едәуiр көлемдi болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күн болып есептеледi.
      Нормативтiк құқықтық актiлер мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бiр мезгiлде жариялануға тиiс.
      6. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.
      7. Республиканың мемлекеттiк құпияларын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген мерзiмдерде қолданысқа енгiзiледi.";
      12) 38-баптың 1-тармағындағы "1" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын; "Әдiлет министрлiгiнде" деген сөздер "әдiлет органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 40-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "құқықтық актiнiң" деген сөздердiң алдынан "нормативтiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      14) 47-баптың 2-тармағындағы ", мемлекеттiк комитеттер мен" деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті