Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 11 маусымдағы N 561 Заңы

Қолданыстағы

       1-бап.  Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:

      1) актiнің нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) бүкiл мәтiн бойынша "Жарлықпен", "Жарлығымен", "Жарлықтың", "Жарлық", "Жарлықта" деген сөздер "Заңмен", "Заңымен", "Заңның", "Заң", "Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 1-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      4) 9-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "шаруашылық қызметiнің ағымдағы және перспективалық жоспарларын" деген сөздер "қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "есептiлiгi" деген сөз "қызметi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Кәсiпорын басшысы меншiк иесiнiң (уәкiлеттi органның) және мемлекеттiк басқару органының алдында кәсiпорындағы iстiң жай- күйі үшін тiкелей жауапты болады.";
      5) 18-бапта:
      бiрiншi бөлікте:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногы инфрақұрылымының бiр бөлігі болып табылатын;";
      9) тармақшадағы "мәдениет" деген сөзден кейiн ", туризм" деген сөзбен толықтырылсын;
      12) тармақша "кадастрларын" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Pecпубликасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.";
      екiншi бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлiк қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру мақсатында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар құруға тыйым салынады.";
      6) 21-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі "құрамында қалған пайданың" деген сөздер "өз билігінде қалған таза кiрiстің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 32-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) мемлекеттік органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлік қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру;";
      8) 35-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      9) 38-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "мемлекеттiк басқару органының" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған мемлекеттік кәсiпорындардың құрылтай құжаттары ол қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде осы Заңға сәйкес келтiрiлуге тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті