Астанада 2003 жылғы 25 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi,
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 1997 жылғы 8 сәуiрдегi Мәңгiлiк достық туралы шартты басшылыққа ала отырып,
екi мемлекет арасындағы және олардың аумақтары бойынша транзитпен автомобиль жолаушы және жүк қатынасын өзара негiзде дамытуға тiлек бiлдiре отырып, сондай-ақ осы қатынасты жеңiлдетуге тiлек бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1. Осы Келiсiмге сәйкес Тараптар мемлекеттерi арасындағы және олардың аумақтары бойынша транзитпен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнде тiркелген автокөлiк құралдарымен үшiншi елге(ден) жолаушылар мен жүктердiң тасымалдары жүзеге асырылады.
2. Осы Келiсiм Тараптардың олар жасаған басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсатында төмендегi терминдер мыналарды бiлдiредi:
а) "құзыреттi органдар":
- Қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi,
6, 10 және 15-баптар қатысында - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп.
Қырғыз Тарабынан - Қырғыз Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi,
7, 8, 11 және 15-баптар қатысында - Қырғыз Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп.
Жоғарыда аталған құзыреттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабардар етiледi;
б) "тасымалдаушы" - Тараптардың бiрiнiң мемлекетi аумағында тiркелген және ұлттық заңнамаға сәйкес жолаушылар мен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын орындауға жiберiлген кез келген жеке немесе заңды тұлға;
в) "автокөлiк құралы":
- жолаушыларды тасымалдау кезiнде - автобус, яғни жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушi орнын қоса алғанда, 9-дан астам отыратын орны бар автокөлiк құралы;
- жүктердi тасымалдау кезiнде - жүк автомобилi, тiркемелi жүк автомобилi, автомобиль тартқышы немесе жартылай тiркемелi тартқыш;
г) "рұқсат" - бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген автокөлiк құралының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша жүрiп өтуiне құқық беретiн құжат;
д) "транзиттiк тасымал" - жөнелту және жеткiзу пункттерi осы мемлекеттiң аумағынан тыс орналасқан Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң аумағы бойынша жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдау;
e) "жолаушыларды тұрақты тасымалдау" - Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарымен келiсiлген бағыттар, кесте, тарифтер, тасымалдаушы жолаушыларды отырғызу мен түсiрудi жүргiзетiн аялдама пункттерi бойынша жүзеге асырылатын жолаушыларды автобуспен тасымалдау;
ж) "жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау" - "жолаушыларды тұрақты тасымалдау" анықтамасына кiрмейтiн жолаушыларды автобустармен тасымалдау.
Жолаушыларды екi жақты және транзиттiк қатынаста автобустармен тұрақты тасымалдау Тараптар мемлекеттерi құзыреттi органдарының келiсiмi бойынша (жазбаша нысанда) жүзеге асырылады. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары кестенi, тасымалдаушы жолаушыларды отырғызу мен түсiрудi жүзеге асыратын аялдама пункттерiн, соның iшiнде Мемлекеттiк шекара арқылы өтетiн өткiзу пункттерiн көрсетумен бағыттың схемасын келiседi (жазбаша нысанда).
1. Жолаушыларды екi жақты және транзиттiк қатынаста Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында тiркелген автобустармен тұрақты емес тасымалдау осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген тасымалдарды қоспағанда, рұқсаттар бойынша жүзеге асырылады.
2. Жолаушыларды екi жақты және транзиттiк қатынаста автобустармен тұрақты емес тасымалдау, бiр ғана құрамдағы жолаушылар тобы бiр автобуспен тасымалданғанда, рұқсаттарсыз жүзеге асырылады, бұл ретте:
а) сапар автобус тiркелген Тарап мемлекетiнiң аумағында басталады және аяқталады;
б) сапар автобус тiркелген Тарап мемлекетiнiң аумағында басталып, автобус осы аумақтан бос кетедi деген шартпен, екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында аяқталады.
3. Сондай-ақ, рұқсаттар:
а) сол тасымалдаушы жолаушылар тобын, осы топ бұрын жеткiзiлген екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы пункттен керi тасымалдау мақсатында (осы баптың 2-тармағының "б" тармақшасында көрсетiлген жағдайда) бастапқы жөнелту пунктiне бос автобустардың кiруi үшiн;
б) сынған автобусты басқа автобуспен ауыстырған кезде талап етiлмейдi.
4. Осы баптың 2 тармағында және 3 тармақтың "а" тармақшасында көрсетiлген жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауды орындау кезiнде автобустың жүргiзушiсiнде Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарымен келiсiлген арнайы нысан бойынша жасалған жолаушылардың тiзiмi болуы тиiс.
Екi мемлекеттiң арасында немесе олардың аумақтары бойынша транзитпен, екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан үшiншi мемлекеттiң аумағына, сондай-ақ үшiншi мемлекеттiң аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына жүктердi тасымалдау үшiн рұқсат талап етiлмейдi.
1. Осы Келiсiмде көзделген тасымалдарды, өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға жiберiлген тасымалдаушылар ғана орындауы мүмкiн.
2. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарында өз мемлекетiнiң тiркеу және айырмашылық белгiлерi болуы тиiс. Тiркемелерде және жартылай тiркемелерде басқа елдердiң, жүк автомобильдерiнде немесе автомобиль тартқыштарында тиiсiнше Қазақстан Республикасының немесе Қырғыз Республикасының тiркеу және айырмашылық белгiлерi болады деген шартпен тiркеу және айырмашылық белгiлерi болуы мүмкiн.
Егер автокөлiк құралының көлемдерi, жалпы салмағы немесе бiлiкке түсетiн жүктеме екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген нормалардан асып кетсе (ауыр салмақты және iрi көлемдi), тасымалдаушы екiншi Тарап мемлекетi құзыреттi органының арнайы рұқсатын алуы тиiс.
Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде Тараптар, қатысушылары Тараптар мемлекеттерi болып табылатын халықаралық шарттардың барлық талаптарының, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасының орындалуын қамтамасыз етуi тиiс.
Бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушылардың немесе жүктердiң тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
1. Жүргiзушiлерде өздерi басқаратын автокөлiк құралдарының санатына сәйкес келетiн ұлттық немесе халықаралық жүргiзушi куәлiктерi және автокөлiк құралының ұлттық тiркеу құжаттары болуы тиiс.
2. Осы Келiсiмге сәйкес талап етiлетiн рұқсат пен басқа құжаттар автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болуы және Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарының талабы бойынша көрсетiлуi тиiс.
Тараптардың бiрiнiң тасымалдаушылары осы Келiсiмнiң негiзiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша жүзеге асыратын жолаушылар мен жүктердiң тасымалдары, сондай-ақ осы тасымалдарды орындайтын автокөлiк құралдары ақылы жолдарды (көпiрлердi, жол өтпелерiн) пайдаланғаны үшiн алымдардан басқа, жолдарды пайдалануға немесе күтiп ұстауға, автокөлiк құралдарын иеленуге немесе пайдалануға байланысты алымдар мен салықтардан босатылады.
1. Осы Келiсiмнiң негiзiнде тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнетiн:
а) автокөлiк құралының тиiстi моделi үшiн көзделген, техникалық және конструкциялық жағынан қозғалтқыштың қоректену жүйесiмен байланысқан негiзгi сыйымдылықтардағы жанармай, сондай-ақ жүк автокөлiк құралындағы немесе арнайы контейнерлердегi рефрижераторлық немесе басқа құрылғының әрқайсысына екi жүз литр мөлшерiндегi қосымша жанармай;
б) тасымалдау кезiнде тұтынуға қажеттi мөлшердегi жағармай материалдары;
в) халықаралық тасымалды орындау кезiнде автокөлiк құралы бұзылған жағдайда оны жөндеу үшiн қажеттi уақытша әкелiнген агрегаттар, қосалқы бөлшектер және құрал-саймандар кедендiк алымдар мен баждардан өзара босатылады.
2. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандар елден қайта әкетiлуi тиiс, ал ауыстырылған қосалқы бөлшектер елден әкетiлуi немесе тиiстi Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес өзге кедендiк режимге көшiрiлуi тиiс.
Осы Келiсiмнiң негiзiнде орындалатын жолаушылар мен жүктер тасымалы автокөлiк құралдары иелерiнiң үшiншi тұлғаларға келтiрiлген залал үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартымен жүзеге асырылады.
Тасымалдаушы көрсетiлген тасымалдарды орындайтын әрбір автокөлiк құралын алдын ала сақтандыруға мiндеттi.
Жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды тасымалдау, жолаушыларды тұрақты тасымалдау кезiнде, сондай-ақ жануарлар мен тез бұзылатын жүктердi тасымалдау кезiнде шекаралық және санитарлық-бақылау мен кедендiк ресiмдеу жүргiзу кезектен тыс жүзеге асырылатын болады.
1. Тараптар мемлекеттерiнiң тасымалдаушылары осы Келiсiмнiң ережелерiн, сондай-ақ ұлттық заңнаманы, соның iшiнде аумағында автокөлiк құралы тұрған Тарап мемлекетiнiң жол қозғалысы ережелерiн сақтауға мiндеттi.
2. Тараптардың бiрiнiң мемлекетi аумағында жiберiлген осы Келiсiмнiң қандай да бiр ережесiн бұзу жағдайында, автокөлiк құралы тiркелген мемлекеттiң құзыреттi органы екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органының сұрауы бойынша осы Келiсiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар мен санкцияларды қабылдайды.
Қабылданған шаралар туралы ақпарат екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органына жiберiледi.
3. Осы баптың ережелерi, аумағында бұзушылық жасалған мемлекеттiң ұлттық заңнамасында көзделген санкцияларды Тараптар мемлекеттерiнiң тасымалдаушыларына қолдануды жоққа шығармайды.
Осы Келiсiммен, сондай-ақ Тараптардың екеуi де қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттармен реттелмеген мәселелер Тараптардың әрқайсысының мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес шешiлетiн болады.
1. Осы Келiсiмнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тарап мемлекеттерiнiң құзыретті органдары осы Келiсiмнiң iске асырылуына ықпал ететiн өздерiнiң мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларының барлық өзгерiстерi туралы ақпаратпен өзара алмасады.
2. Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар арқылы шешетiн болады.
Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру және халықаралық автомобиль тасымалдары саласында туындайтын мәселелердi шешу үшiн, Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары деңгейiнде кездесулер өткiзедi.
Кездесулер Тараптардың бiрiнiң алдын ала бiр ай бұрын дипломатиялық арналар арқылы жiберiлетiн ұсынысы бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында кезекпен өткiзiледi.
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге, оның ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 20-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi екiншi Тараптың оны қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде болады.
3. 1993 жылғы 26 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiм осы Келiсiм күшiне енген сәттен бастап өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында екi данада әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Осымен 2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келiсiмнiң түпнұсқасының осы көшiрмесiнің дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық құқық департаментiнiң
Бөлiм бастығы